|
|
бет | 34/80 | Дата | 27.11.2023 | өлшемі | 0,62 Mb. | | #128961 |
| Байланысты: ÒÐ°Ð·Ð°Ò ÑÑлÑнÑÒ£ ÑÑÒÑ ÑаÑиÑ
Ñ ÑÑÑÐ°Ð»Ñ ÑÒ¯ÑÐºÑ ÑÑлдеÑÑ ÑÑл ÑÑÑÑÑÑÒÑна-emirsaba.orgҚойылатын орны
|
Мысалы
|
1
|
Сөйлемде бір сөзге қосымша түсінік беру үшін алынған қыстырма сөз жақшаға алынады.
|
Ол кезде Жарқын (әкемнің кіші інісі) ауыл әкімі еді.
|
2
|
Цитатаның авторы жақшаға алынады.
|
Болмасаң да ұқсап бақ
Бір ғалымды көрсеңіз.
(Абай).
|
3
|
Драмалық шығармада автор түсіндірмелері жақшаға алынады.
|
Нұрхан (көзінің жасын сілкіп). Қой, шырағым, сескеніп қаларсың.
|
ТЫРНАҚША
|
Қойылатын орны
|
Мысалы
|
1
|
Дәйексөз тырнақшаға алынады.
|
"Абай – қазақтың бас ақыны" деген Ахметтер де өмірден өтті.
|
2
|
Төл сөз тырнақшаға алынады.
|
Шешесі қызынан сұрады: "Ақшаны қайда қойдың?"
|
3
|
Мақал-мәтел, афоризм сөйлемде қолданылғанда тырнақшаға алынады.
|
“Ақыл - жастан” демекші, Арманның бұл айтқаны табылған ақыл екен.
|
4
|
Дәйексөз ретінде келтірілген сөздер тырнақшаға алынады.
|
Қазақта "құлақтан кіріп бойды алар" қаншама әдемі әндер бар.
|
5
|
Біреудің айтқанынан алынған жеке-жеке сөздер тырнақшаға алынады.
|
Әжемнің маған айтқан "алтыным", "қошақаным" деген сөздері әлі күнге дейін есімнен кетпейді.
|
6
|
“Де” дәнекерінсіз айтылып, заттанып тұрған төл сөздер тырнақшаға алынады.
|
“Сабаққа бармаймын”-ды қой.
|
7
|
Қалжыңмен айтылған астарлы мәндегі сөздер тырнақшаға алынады.
|
“Жаны тәттілердің” жағдайын жасап жүре береміз бе?
|
8
|
Объект етіп алынған сөйлем (сөз тіркесі, сөз, буын, әріп) тырнақшаға алынады.
|
«А» - жуан дауысты дыбыс.
|
9
|
ұйым, ұжым, газет, журнал, кітап т.б. атаулары тырнақшаға алынып жазылады.
|
“Шың-кітап” баспасы. “Ана тілі” газеті. “Абай жолы” романы.
|
ТЫНЫС БЕЛГІЛЕРІНІҢ ҚАБАТТАСА ҚОЛДАНЫЛУЫ
|
Қойылатын орны
|
Мысалы
|
1
|
Егер сұраулы сөйлем лептік интонациямен айтылса, сұрау мен леп белгілері қабат қойылады.
|
Айналайын Ақ Жайық,
Ат салмай өтер күн қайда?!
Еңсесі биік боз орда
Еңкейе кірер күн қайда?!
|
2
|
Жалғаулықсыз қарсылықты салалас құрмалас құрамындағы жай сөйлемдері арасына үтір, сызықша қойылады.
|
Ол өтініп сұрады, – бермедім.
|
3
|
Төл сөз бен автор сөзі арасына сызықша үтірмен, леп белгісімен; тырнақша мен үтір, нүкте, сұрау, леп белгілері, көп нүкте қабаттаса қойыла береді.
|
– Онда... – не дерін біле алмады.
– Солай, солай, шырағым, – деді.
– Неге? – деді Сағит тұрған үйінен кемдік көрді ме деген оймен.
|
4
|
Сұраулы және лепті сөйлемнен кейін ой аяқталмаса, сұрау мен леп белгілерінен кейін көп нүкте қойылады.
|
Алған сыйлығың құтты болсын!.. Болсын!.. Біз қашан алады екенбіз, ә?..
|
СТИЛЬ
Стильдердің қолданылу аясы:
Ғылыми стиль ғылыми еңбектерде, ғылыми баяндамаларда, лекцияларда қолданылады.
Ресми іс-қағаздар стилі іс-қағаздарда, нұсқау хаттар мен кеңсе құжаттарында қолданылады.
Публицистикалық стиль газет-журналда, жиналыстар мен митингілердегі сөздерде қолданылады.
Көркем әдебиет стилі көркем әдеби шығармаларда қолданылады.
Ауызекі сөйлеу стилі адамдармен еркін әңгіме кезінде қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|