Сөз тіркесі
|
Сөйлем
|
бала бөленген бесік, бесіктің үсті, жеті нәрсе, үстіне жабылады
|
Бала бөленген бесіктің үстіне жеті нәрсе жабылады.
|
сол қол, қолына ұстаған,
үлкен шортан, отырғандарға көрсетті, мақтана көрсетті,
ұстаған шортанды
|
Дәмеш кемпір сол қолына ұстаған үлкен шортанды отырғандарға мақтана көрсетті.
|
Сөз тіркесінің түрлері
Сөз тіркесінің екі түрі бар: есімді сөз тіркесі және етістікті сөз тіркесі.
түрі
|
Есімді сөз тіркесі
|
|
Етістікті сөз тіркесі
|
ереже
|
Басыңқы сыңары
есім сөзден болған сөз тіркесі.
|
|
Басыңқы сыңары
етістіктен болған сөз тіркесі.
|
мысал
|
бағыныңқы
|
басыңқы
|
|
бағыныңқы
|
Басыңқы
|
жаңа
айтуға
|
киім
құмар
|
|
жел
соғыс
|
соқты
аяқталды
|
Сөз тіркесіне ұқсағанмен, сөз тіркесі бола алмайтындар
|
Тұрақты тіркес
|
Күрделі сөз
|
Ереже
|
Тұрақты тіркестер кемінде екі сөзден тұрғанмен, бір мағынаны білдіреді. Ал сөз тіркесі болу үшін әрқайсысы дербес мағыналы екі сөз керек.
Тұрақты тіркестер сөз тіркесінің бір сыңары ғана бола алады.
|
Күрделі сөздер екі сөзден тұрғанмен, бір мағынаны білдіреді. Ал сөз тіркесі болу үшін дербес мағыналы екі сөз керек.
Күрделі сөздер сөз тіркесінің бір сыңары болады.
|
Мысал
|
қоян жүрек (қорқақ)
көзді ашып-жұмғанша (тез)
|
келе жатыр, қара торы,
он бес
|
Сөз тіркесі және тұрақты тіркес пен күрделі сөздің
айырмашылығы
Сөз тіркесі
|
1. Сөз тіркесінің құрамындағы сөздердің әрқайсысы толық мағыналы болады.
2. Бағыныңқы сыңары мен басыңқы сыңарлары болады.
3. Әрбір сыңары жеке сұраққа жауап береді.
|
Мысалы:
қандай? не?
кең бөлме
оған мұрнын шүйірді
он үш күн
ол бара жатыр
|
Тұрақты тіркес
|
1. Сөз тіркесіне ұқсас болған-мен, өздігінен сөз тіркесі бола алмайды.
2. Тұрақты тіркестер бірнеше сөзден тұрғанмен, бір ғана мағынаны білдіріп, бір сұраққа жауап береді.
3. Тұрақты тіркестер сөз тіркесінің тек бір сыңары болады.
|
Мысалы:
кімнің? несі?
Су жүректің амалы
су жүрек (қорқақ)
ит өлген жер (алыс)
жүрек жұтқан (батыр)
|
Күрделі сөз
|
1. Сөз тіркесіне ұқсас болған-мен, өздігінен сөз тіркесі бола алмайды.
2. Екі немесе одан да көп сөз-ден тұрып, бір ғана сұраққа жауап береді.
3. Күрделі сөздер сөз тіркесі-нің тек бір сыңары болады.
|
Мысалы:
қандай? кім?
қара торы бала
күрделі сын есім: ақ ала
күрделі сан есім: он үш
күрделі етістік: бара жатыр
|
Сөз тіркесінің лексика-грамматикалық қатынасы
анықтауыштық қатынас
|
1. Матаса, қабыса байланыс-қан есімді тіркестерге тән.
2. Басыңқы сөзден бағыныңқы сөзге кімнің? ненің? қандай? қай? қанша? неше? қайдағы? қашанғы? деген сұрақтар қою арқылы анықталады.
|
Мысалы:
Аянның (кімнің) добы
үйдің (ненің?) есігі
алыс (қандай?) жер
бес (қанша?) қағаз
|
| |
толықтауыштық қатынас
|
1. Меңгеру байланысындағы есімді және етістікті тіркес-терге тән.
2. Басыңқы сөзден бағыныңқы сөзге кімге? неге? кімді? нені? кімде? неде? кімнен? неден? кіммен? немен? деген сұрақтар қою арқылы анықталады.
| |
Мысалы:
сөзге (неге?) шебер
гүлді (нені?) суару
терезеде (неде?) тұр
сенен (кімнен?) алды
көзбен (немен?) көру
| | |
пысықтауыштық қатынас
|
1. Меңгеру, қабысу, жанасу байланысындағы етістікті тіркестерге тән.
2. Басыңқы сөзден бағыныңқы сөзге қайда? қашан? қайтіп? қалай? неліктен? т.б. деген сұрақтар қою арқылы анықталады.
|
Мысалы:
ауылда (қайда? ашылды
биыл (қашан?) ашылды
зорға (қалай?) ашылды
|
СӨЙЛЕМ
Сөйлем –тиянақты бір ойды білдіретін сөздер тобы.
Айтылу мақсатына қарай:
1.Хабарлы сөйлем (ойды хабарлап жеткізеді) Соңында нүкте . тұрады.
2.Сұраулы сөйлем (сұраулы мағынада айтылады) Соңында сұрау белгісі ? тұрады. 3.Бұйрықты сөйлем Лепті_сөйлем_(адамның_эмоциясына_байланысты_айтылады)_Соңында_леп_белгісі_!_тұрады.'>(бұйыру мағынасында айтылады) Соңында нүкте немесе леп белгісі ! тұрады. 4.Лепті сөйлем (адамның эмоциясына байланысты айтылады) Соңында леп белгісі ! тұрады.
түрі
|
Жасалу жолдары
|
Хабарлы
сөйлем
|
Хабарлау, мақсатында айтылған жай сөйлем арқылы жасалады. Мысалы,
Ертеңіне ол ақсақалмен ұзақ әңгімелесті. Ақырын соққан самал шалқар көлдің ақша бетін аймалап сүйгендей болады.
|
| |
Сұраулы
сөйлем
| |
1. Сұрау есімдіктері: (кім? не? қанша? қандай? т.б.)
2. Сұраулық шылаулар: (ма, ме, па, пе, ба, бе, ше)
3. Оқшау, көмекші сөз: ә, сірә, қайтеді, шығар т.б.)
Мысалы,
Сен оны танисың ба? / Сен оны танимысың?
Енді арманың жоқ шығар? Сен ауылға бардың ғой, иә? Қазір ол келіп қалса ше? Оған өлең ұнады білем, сірә?
| |
Бұйрықты
сөйлем
|
Баяндауышы бұйрық рай арқылы жасалады.
Мысалы,
Сөйлемді жазып шық. Бұны оған айтпа.Жүр, тез аяғыңды бас! Тыныш отыр! Кел, балалар, оқылық! Кел, жүгірейік! Жылқыны тез қайырыңдар! Дауысыңды тым болмаса бір шығаршы!
|
Лепті
Сөйлем
|
Одағай сөздер: (қап, әттеген-ай, пай-пай т.б.)
Күшейткіш мәнді сөздер: (не деген, не еткен, қандай, шіркін, ғажап т.б.)
Демеулік шылаулар: (-ау, -ақ, -ай т.б.)
Интонация арқылы: Қап, мынау жығылды-ау! Пай-пай, мынаның шабысын-ай! Ә, сені ме, бәлем! Бейшара-ай, мынаның тарта алмай келе жатқанынын-ай!
|
СӨЙЛЕМНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫНА ҚАРАЙ ТҮРЛЕРІ
1.Жақты сөйлем
|
Бастауышы бар сөйлем.
|
Мен ауылға бардым.
|
2.Жақсыз сөйлем
|
Бастауышы мүлдем жоқ сөйлем.
|
Менің оқығым келеді.
|
| |
Жалаң сөйлем
|
Тек тұрлаулы мүшеден тұратын сөйлем.
| |
Ол келді.
| | |
Жайылма сөйлем
|
Тұрлаусыз мүше қатысқан сөйлем.
|
Ол ерте келді.
|
Толымды сөйлем
|
Ойға қажетті мүшелердің бәрі қатысқан сөйлем.
|
Қыста ауа райы өте суық болды.
|
Толымсыз сөйлем
|
Айтылуға тиісті мүшелердің бірі түсіп қалған сөйлем.
|
-Балам, қайдан келдің?
- Астанадан.
Толымды түрі:
-Балам, (сен) қайдан келдің?
- (Мен) Астанадан (келдім).
|
Атаулы сөйлем
|
Іс-оқиғаның, құбылыстың атауын ғана көрсететін сөйлем.
|
Жаз.
|
Ескерту:
1) Бастауышы айтылмаған жағдайда баяндауышқа сұрақ қою арқылы табуға болады: Ертең мұнда кел. (Сен ертең мұнда кел)
2) Кейбір құрмалас сөйлемде екі жай сөйлемнің бастауышы ортақ болады. Ондай сөйлемді жалпылама жақты сөйлем дейді. Мысалы, Аз сөйле, көп тыңда. (Сен аз сөйле, көп тыңда.)
Жақсыз сөйлемнің жасалу жолдары
Жақсыз сөйлемнің баяндауышы күрделі болып келеді және мынадай жолдармен жаслады:
Қалау рай арқылы: Менің оқығым келеді.
Барыс септігіндегі тұйық етістіктің бол, жара, тура кел деген көмекші етістіктермен тіркесуі арқылы: Ауылға баруға тура келді.
Атау және барыс септіктеріндегі тұйық етістіктің керек, жөн, мүмкін деген бейтарап сөздермен тіркесуі арқылы: Менің сабақ оқуым керек.
-ып, -іп, -п тұлғалы көсемшенің болымсыз түрдегі бол етістігімен тіркесуі арқылы: Оның не айтып отырғанын түсініп болмайды.
Құрамында бастауышы бар тұрақты тіркестер арқылы: Оның үрейден төбе шашы тік тұрды.
Ілік септігіндегі тұйық етістіктің керегі жоқ, қажеті жоқ, қажеті не деген бейтарап сөздермен тіркесуі арқылы: Оны айтудың қажеті жоқ.
СӨЙЛЕМ МҮШЕЛЕРІ
Сөйлем мүшелері – сөйлем құрауға қатысқан толық мағыналы, белгілі бір сұраққа жауап беретін және сөйлемдегі басқа сөздермен байланысып тұратын сөздер.
Сөйлем мүшелері құрамына (құрылысына) қарай 3 топқа бөлінеді: дара мүше, күрделі мүше және үйірлі мүше.
Дара мүше – толық мағыналы бір сөзден болған мүше. (Дала қараңғы. сөйлемінде бастауыш та, баяндауыш та бір сөзден тұр.)
Күрделі мүше – күрделі сөзден, тұрақты тіркестен және шылаулы тіркестен болған мүше. (Мұғалім келе жатыр. сөйлемінде баяндауыш күрделі сөзден болып, күрделі баяндауыш болып тұр.)
Үйірлі мүше – бірнеше сөзден құралып, бастауыштық-баяндауыштық қатынастан тұратын, бір сөйлем мүшесінің қызметін атқаратын сөздер тобы. (Жаны сау адам – бақытты адам. сөйлемінде анықтауыш үйірлі мүшеден болып тұр, себебі бастауышқа (жаны), баяндауышқа (сау) ажыратылады, бір сұраққа (қандай) жауап беріп тұр.)
Сөйлем мүшелері атқаратын қызметіне қарай 2 топқа бөлінеді: тұрлаулы мүше және тұрлаусыз мүше.
Достарыңызбен бөлісу: |