Негізгі және туынды үстеулер көбінесе айтылуынша жазылады және кейбір туынды үстеулер морфологиялық принцип бойынша жазылады. (ертең, төмен, лажсыздан т.б.)
Сөздердің тіркесуі арқылы жасалған күрделі үстеулердің әрбір сыңары бөлек жазылады. (құр әншейін, ала жаздай, күн ұзаққа, күн ілгері т.б.)
Сөздердің қосарлануы арқылы жасалған күрделі үстеулер сызықша арқылы жазылады. (көзбе-көз, олай-бұлай, тұс-тұстан)
Сөздердің кірігуі арқылы жасалған күрделі үстеулердің көпшілігі сыңарларының дыбысталуынша, өзгеріске түскен күйінде жазылады. (бүгін (бұл+күн), биыл (бұл+жыл), қыстыгүні (қысты ң+күні) т.б.)
ЕЛІКТЕУ СӨЗ Еліктеу сөз – әр түрлі дыбысқа, құбылысқа еліктеуден және олардың бейнесін елестетуден туындаған сөз.
Құрамына және тұлғасына қарай мынадай түрлері бар:
зу-зу етіп өте шығады. Ол қираң етіп қайта құлады.
Анық-тауыш
Еліктеу сөз көмекші
етістікпен тіркесіп, зат есім алдында тұрып оны анықтайды.
Сол кезде тура
алдынан бұрқ еткен шаң шықты. Мылтық атылғандай шаңқ еткен оқыс үн қатты. естілді.
ШЫЛАУ Шылау - сөз және сөйлемді байланыстырады және сөзге қосымша мағына береді.
Оның 3 түрі бар: септеулік шылау, жалғаулық шылау, демеулік шылау
1. Септеулік шылау :атау, барыс, шығыс және көмектес септіктерінде тұрған сөзбен тіркесіп қолданылады. Сөздің септігіне қарай оның 4 түрі бар:
септік
Шылау
мысал
Атау септігіне қатысты
туралы, жайында, сияқты, тәрізді, секілді, үшін, сайын т.б.
Отан үшінотқа түс – күймейсің.
Барыс септігіне қатысты
дейін, қарай, тарта, таман, жуық т.б.
Түске дейінжүзге жуықхат жібердік.
Шығыс септігіне қатысты
кейін, соң, әрі, гөрі, бері
Бұдан әріоның сөзін ести алмадым.
Көмектес септігіне қатысты
бірге, қабат, қатар
Мен әкеммен біргежұмыс істедім.
1. Жалғаулық шылау Жалғаулық шылау сөздер мен сөйлемдерді салаластыра (тең дәрежеде) байланыстырады. Оның 6 түрі бар:
түрі
Шылауы
мысал
Ыңғайластық жалғаулық
мен, бен, пен, және, әрі, да, де, та, те
Қыста жәнекөктемде күн суық болады.
Қарсылықты жалғаулық
бірақ, дегенмен,
алайда, сонда да, сөйтсе де, сөйткенмен
т.б.
Оның ойлағаны болды, бірақмәселенің басы шешіле қоймады.
Себеп-салдар жалғаулық
өйткені, себебі,
сондықтан, сол үшін, неге десеңіз т.б.
Біз ауылға бара алмаймыз, өйткенідемалыс бітіп қалды.
Талғаулықты жалғаулық
не, немесе, я, я (не) болмаса,
яки, әлде т.б.
Бұл істі ямен бітіремін, ясен бітіресің.
Кезектес жалғаулық
кейде, бірде, біресе.
Көктемде біресежаңбыр жауады, біресекүн ысып кетеді.
Шартты жалғаулық
егер, егер, де.
Егерол келмесе, жоспар өзгереді.
3. Демеулік шылау Демеулік шылау тіркескен сөзге қосымша мағына береді. Мысалы, ма, ме демеулігі өзі тіркескен сөзге сұраулық мағына береді (Бұл кітап па?). Оның 6 түрі бар:
ОДАҒАЙ Одағай – дербес мағынасы жоқ, адамның көңіл-күйін білдіретін немесе жануарларға қаратылып айтылатын сөз.
Одағайдың ерекшеліктері:
Одағайда дербес лексикалық мағына болмайды. (пәлі, әттең, ойпырмай т.б.)
Одағай сөйлемде басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспейді. (Қап, соныкүшік кезіндеатып тастау керек еді.)
Одағай сөйлем мүшесі бола алмайды, яғни сөйлем мүшесіне талданбайды. (Әттең, қазір жанымдаәкемболғанда ғой.)
Одағай мағынасына қарай 3-ке бөлінеді:
1. Көңіл-күй одағайы
2. Жекіру, бұйыру
одағайы
3. Шақыру одағайы
Адамның түрлі көңіл-күйін білдіретін сөз
Жекіру, тыйым салу мәнін білдіретін сөз
Мал, ит-құсты шақыру не қууға байланысты айтылатын сөз
алақай (қуану),
әттең (өкіну), шіркін (таңдану) т.б.
тәйт, жә, тек т.б.
шөре-шөре,
құрау-құрау,
моһ-моһ т.б.
СИНТАКСИС Синтаксис (грек. "құрау, біріктіру, рет") – сөз тіркесі мен сөйлемнің құрылысын қарастыратын грамматиканың бір саласы. Оны төмендегі кестеден көруге болады:
СӨЗДЕРДІҢ БАЙЛАНЫСУ ТӘСІЛДЕРІ 4 түрлі тәсілмен байланысады: