Есімше мен тұйық етістік атау септігінде тұрып, бастауыш болады.
Ізденген жетер мұратқа.
Оқу-білім бұлағы.
Баян-дауыш
Етістіктер жіктеліп келіп, баяндауыш болады.
Мен биыл мектепті бітіремін. Мен қалаға баратынмын.
Толық-тауыш
Есімше және тұйық етістік атау және ілік септіктерінен басқа септіктерде тұрып, толықтауыш болады.
Білгенге маржан, білмеске арзан.
Біз енді жарысуға кірістік.
Пысық-тауыш
Қимылдың әр түрлі қасиетін білдіріп,пысық-тауыш болады.
Ол күлімсіреп қарады.
Оны жеңу үшін күш керек.
Анық-тауыш
Есімшелер және ілік септігіндегі тұйық етістік анықтауыш болады.
Оқудың шегі жоқ.
Ақыл- тозбайтын тон, білім- таусылмайтын кен.
ҮСТЕУ Үстеу – қимылдың түрлі белгісін (мезгілін, мекенін, себебін, мақсатын) білдіретін сөз табы.
Үстеудің құрамына және тұлғасына қарай түрлері мынадай:
Құрамына қарай
Тұлғасына қарай
Дара үстеу
Күрделі үстеу
Негізгі үстеу
Туынды үстеу
Бір ғана түбірден
(негізгі / туынды) тұрады.
Кемінде екі түбірден тұрады.
Бөлшектеуге келмейтін төл үстеулер.
Түбірге жұрнақ жалғануы арқылы немесе кейбір септік жалғаула-рының көнеленуі арқылы жасалған үстеу.
кеше, былтыр
бүгін, қыс бойы
ең, ертең, бұрын
бірге, зорға, балаша
Ескерту: оқулықта үстеудің құрамына қарай 3 түрі бар деп берілген: негізгі үстеу, туынды үстеу және күрделі үстеу.
Үстеудің мағынасына қарай 7 түрі бар. Олар төмендегідей:
түр
ереже
сұрақ
мысал
Мекен
Қимылдың болу
орны мен бағытын білдіреді.
қайда? қалай қарай? қайдан?
ілгері, осында,
бері т.б.
Мезгіл
Қимылдың мезгілін білдіреді.
қашан? қашаннан бері?
бүгін, таңертең,
түнде, т.б.
Себеп-салдар
Қимылдың болу
себебін, салдарын білдіреді.
неге? не себепті? неліктен?
амалсыздан, лажсыздан, босқа, бекерге т.б.
Қимыл-сын
Қимылдың жүзеге асу амалын білдіреді.
қалай? қайтіп? қалайша?
емін-еркін, әрең т.б.
Мөлшер
Қимылдың мөлшерін, көлемін білдіреді.
қанша? қаншама? қаншалық?
қаншалап?
неғұрлым,
әжептәуір,
біршама соншалық,
Күшейт-кіш
Қимылдың белгісі мен сапасын тым күшейтіп не солғындатып көрсетеді.