Жемшөп — малды азықтандыру үшін пайдаланатын өнімдер.Жемшөп — малды азықтандыру үшін пайдаланатын өнімдер.
Олар өсімдіктекті, жануартекті және минералдық болады. Жемшөп құрамында сіңімді қоректік заттар көп. Жемшөпті түсіне, исіне, дайындау әдісіне, т.б. қарап бағалайды. Егіншіліктің негізгі міндеті – мал шаруашылығын әр түрлі жемшөппен қамтамасыз ету. Мұны шешудің негізгі жолы жемшөп дақылдарынан және табиғи жайылымдардан алатын өнімді арттыру үшін кешенді түрде тыңайтқыш қолдану, мелиорация жұмысын жүргізу болып табылады.
Жемшөп сапасын жақсартуда, ең алдымен белок қорын толықтырудың маңызды резерві – құнды жемшөптік дақылдарды өсіру технологиясын жетілдіру, оларды дер кезінде жинау, жаңа сорттарды, тыңайтқыштарды және басқа да тиімді шараларды қолдану жатады.
Көпжылдық бұршақты шөптер
Көпжылдық шөптердің өркендеп келе жатқан мал шаруашылығына берік жемдік қор жасаудағы маңызы зор. Оларды көк азық, пішен, пішендеме түрінде және мал жаюға да пайдаланады. Көпжылдық шөптердің пішенінен жоғары сапалы пішен ұнтағы дайындалады.Біздің елімізде және шетелдерде өсірілетін барлық малазықтық дақылдардың ішінде малазықтық құндылығы мен өнімділігі жоғары болатыны көпжылдық бұршақты шөптер.
Көпжылдық бұршақты шөптердің біржылдықтардан маңызды биологиялық ерекшелігі – бірнеше ұрпақ өркен құрау қабілеті. Көпжылдық бұршақты шөптер – топырақтың жел және су эрозиясына қарсы күресетін маңызды құрал. Көпжылдық шөптерді танаптық, малазықтық және арнайы ауыспалы егістерде пайдаланады.Көпжылдық шөптердің бұршақ тұқымдасынан Қазақстанда таралғаны жоңышқа, түйежоңышқа, қызылбас беде, эспарцет, ал қоңырбас тұқымдасынан – шалғындық бетеге, қылтықсыз арпабас, бидайықтар және т.с.с.
Көпжылдық астық тұқымдас шөптер- пішен, пішендеме, көк балауса дайындауға өсіріледі. Бұл топқа жататын негізгі дақылдар еркекшөп, қылтықсыз арпабас, көген тамырсыз бидайық, шалғындық бетеге және т.б. Біржылдық шөптер пішен - пішендеме, жем азық дайындауға өсіріледі. Бұл топқа жататын дақылдар жасыл конвейердің маңызды шикізат көзі болып табылады. Қазақстанда өсірілетін негізгі біржылдық шөптерге судан шөбі, итқонақ, қонақтары, малазықтық шай жүгері, сұлы, арпа, сиыржоңышқа, асбұршақ т.б. жатады. Көпжылдық астық тұқымдас шөптер- пішен, пішендеме, көк балауса дайындауға өсіріледі. Бұл топқа жататын негізгі дақылдар еркекшөп, қылтықсыз арпабас, көген тамырсыз бидайық, шалғындық бетеге және т.б. Біржылдық шөптер пішен - пішендеме, жем азық дайындауға өсіріледі. Бұл топқа жататын дақылдар жасыл конвейердің маңызды шикізат көзі болып табылады. Қазақстанда өсірілетін негізгі біржылдық шөптерге судан шөбі, итқонақ, қонақтары, малазықтық шай жүгері, сұлы, арпа, сиыржоңышқа, асбұршақ т.б. жатады.