Қазақстанның тоқымалық өсімдіктері (тұқымдасы, морфологиялық сипаттамасы, ареал, экология, химиялық құрамы, қолданылуы).
Қазақстанның улы өсімдіктері (тұқымдасы, морфологиялық сипаттамасы, ареал, экология, химиялық құрамы, қолданылуы).
Көктемнің алғашқы күні нұры төге бастасымен-ақ айналадағы бар табиғат қымтанған қысқы тыныштықтан босап шығып, біртіндеп ояна бастайды.
Улы өсімдік деп құрамындағы заттарының бір түйірі немесе ұсақ бөлшегі адам немесе хайуан организміне түссе, оның қалыпты жұмысын бүлдіріп, ауру туғызатын өсімдіктерді айтады. Мұндай өзгерісті улану деп атайды. Уланудың зардабы ауыр болуы мүмкін, кейде ол өлімге әкеп соғады. Алғашқы адамдардың өзі өсімдіктердің әр түрлі қасиеттерін біле бастаған. Себебі, табиғатпен жекпе-жекке шыққан алғашқы адамның көзіне алғаш көрінген өсімдік. Бір өсімдік жеуге жараса, екіншісі жарамайды, ал үшінші біреулері уландырып өлтіріп жібереді. Осылай көп жыл бойы өмірін құрбандыққа шалу арқылы адам улы өсімдіктерді өз пайдасына жұмсауды үйрене берді.
Өсімдікте удың жиналуына топырақтың құрамы мен ауа райының жағдайы үлкен әсер етеді. Өсімдік өскен жерінде оңтүстікке қаншалықты жақындаған сайын, соншалықты улылығыда арта түседі. У өсімдіктің барлық бөлігіне бі р келкі жинақталмайды. Бір өсімдікте у тамырына көп жиналса, екінші өсімдікте тұқымында, ал үшінші біреулері сабағында, жапырағында,гүлінде және жемісінде көп болады. Өсімдіктің даму фазасының әр түрлі кезеңінде у әр түрлі мөлшерде жиналатыны да болады. Бір түрде у гүлдеу кезінде көп жиналса, басқаларыда гүлдегенге дейін немесе жемісі піскенн кезде молайады. Кептірілген өсімдіктерден гөрі жас, жаңа жұлынған өсімдіктер қауіптілеу. Кептірілген өсімдік жас кезіндегіге қарағанда улылығын әжептеуір жоғалтады. Бірақ кейбір өсімдіктерді кептіргеннің өзінде улылығы баяу тарайды. Мұндай өсімдік кепкеннен кейінде қауіпті.
Өсімдіктің улылығы құрамындағы әртүрлі химиялық заттарға байланысты. Ол заттар алкоголойдтар, гликозиттер, органикалық қышқылдар жатады. Алкоголойдтар өсімдікте тұз түрінде кездеседі. Гликозиттер құрамында қант, аглркон болады. Бұл заттар негізінен жүрекке әсер етеді. Сондай — ақ гликозиттерде су мен қосылып сабын көпіршігі сияқты көпіршігі сияқты көпіршік жасайтын сапонин, ауыжды уылдыратын илік заттар, ауыздағы дәм жүйкелерін қоздыратын ащы заттар да болады. Органикалық қышқылдардан Өсімдік құрамында синиль, қымыздық филик, т . б .қышқылдар бар. Кейде улы қасиеті өте күшті сүт шырындары және шайыр сияқты әлі толық зертелмеген күрделі қосылыстар да табылады.
Улы өсімдіктер мен уланып қалу негізінде оны пайдалы және зиянсыз өсімдіктерден айыра алмаудан шығады. Жеуге жарамды өсімдік орнына шатастырып улы өсімдіктің тамырын жеп уланып қалған оқиғалар кездесіп тұрады. Улы өсімдіктерді өздігінен емделуге немесе балгерлердің айтуымен пайдаланып бақытсыздық жағдайға ұшырайтында бар. Бадам, лало, көкнәр сияқты кейбір өсімдіктердің ауамен бөліп шығаратын заттары да адамғаулы әсер етеді.
Енді өзі улы, әрі өте әсем шипалық қасиеті өте күшті және азайып кетуінебайланысты кейбір түрлері табиғат қорғаудың одақтық “Қызыл кітабына”жазылған өсімдіктің бір туысына тоқталйық. Ол сарғалдақтар (лютиковые) тұқымдасына жататын бәрпі (борец). Бұл туысқа жататын түрлер табиғатта СССР – дің Европалық бөлігінде, Сібірде, Орта Азияда, және Қазақстанда кездеседі. Қазақстанда 14 –түрі өседі. Туыс ішіндегі түрлерінң тік немесе оралып өсетін сабақтары бар шөптесін өсімдіктер. Бір гүлдегі күрделі күлтелерінің пішіндері мен көлемдері бір – бірімен ұқсамайды, гүл арқылы ойша сызық жүргізгенде теңдейбөлікке бөлінбейді. Сондықтан Бәрпі гүлін дұрыс емес немесе зигоморфты гүлдер тобына жатқызады. Жеке күлтелері түрін өзгертіп балшырын жинайтын шырындыққа (нектаринк) айналып кеткен.
Бәрпінің латынша аты аконит. Ертедегі Грециядағы Геркаль қаласындағы кеме тоқтайтын айлақтың атымен қойылыпты. Ол жерде ашық әдемі гүлді өсімдіктер өскен көрінеді. Улылық қасиетіне байланысты орыстар бәрпіні қасқыр өлімі (вольчя смерт), қасқыр тамыр (волчий корень), темір дулыға (железный шлем), улы патша (царь – зелье) деп те атайды. Ал қазақта халы қ арасында бәрпіні “уқорғасын” дейді. Оның мәні өлім әкелетін мылтықтың қорғасын оғына теңегені болса керек.
Бәрпіні түйнегі, тұқымдары арқылы көбйтуге болады. Жер аты түйнегін күзде бөліп алып бірден өсіретін жерге отырғызады. Бұл әдіспен көктемде көбейту көбіне жақсы нәтиже бермейді. Жаңадан жиналған тұқымдарын жартылай көлеңкелеген жерге себу керек. Өркендерінің биіктігі 100 – 150 сантиметрге жетеді. Жапырақтары ірі бес бөлімді, немесе бес тілімді, пішіні көбіне қаздың табанына ұқсайды. Бұл суыққа төзімді, күй таңдамайтын өсімдік, қандай топырақ болсада өсе береді. Тек суы аса көп топырақта өсе алмайды. Әсемдік мақсатында жалғызданда топтанда өсіруге болады.
Медицинада бәрпі шипалық өсімдік ретінде жоғары бағаланады. Бәрпінің түйнегінде 0,18-3 процент жер үсті бөлімінде 0,2 процент алколойдтар бар. Бұл алколойдтар екі топқа бөлінеді. Бірінші топқа — құрамында меллйкаконлтин бар аконитин жатады. Бұл улылығы өте күшті топ. Екінші – улылығы одан әлсіздеу — атизиндер алколойдтары. Барлық улы түрлеріндегі негізгі алколойд аконитин заты. Бәрпінің кейбір түрлері балшырынды өсі мдік ретінде пайлалы (С. Г. Минков, 1974.) бұл мақсатта ақезу бәрпі (борец белоустный) деген түрі қолданылады. Бұл биіктігі 70 — 200 сантиметірге жететін көп жылдық өсімдік. Гүлі қара көк күлтесінің ішкі жағы ақ. Орталық Қазақстанда, Алтайда, Тянь – Шянь тауларындағы ориандарда, оман алаңдарында өседі. Гүлдеріне бал жинаған аралар жаздың ыстық кезінде келеді, қалған жағдайда олардың уланып, өліп қалатыны бай қалады.
Достарыңызбен бөлісу: |