Ұн өндірісінің азықтық қалдығы. Кебек ұндық дақылдар дәнінің қабығынан, ұсақ қалдығынан тұрады. Дәнменсалыстырғанда құрамында клечаткасы көп болғандықган 1 кг жалпы қоректілігі 0,7-0,8 азық өлшемінен аспағанымен, протеинініңаминқышқылдық құрамы мен әсіресе витаминдері бойынша өте кұнды, жеңіл қорытылатын мал азығы. Кебектің диетикалық қасиеттеріне сүйене отырып, бидай кебегін жаңа төлдеп, әлсіреп шөлдеген малға жылы сумен араластырып ішкізеді.
Қазақстанныңнегізгісу омыртқасыздары, шаянтәрізділер. Қорын тиімді пайдалану олардан алынатын өнімдер және оларды қалпынакелтіру. Шаянтәрізділер (лат. Crustacea) — буынаяқтылардың бір класы. Зерттеушілердің бір тобы шаянтәрізділер трилобиттерден, екіншілері буылтық құрттардан шыққан деген болжам жасайды. Бұлардың қазба қалдықтары кембрийден белгілі. Жер шарында кең тараған, негізінен тұщы су қоймаларында, теңіздерде кездеседі. 30 мыңнан астам түрі белгілі. Олардың арасында бентосты, планктонды, паразитті және құрлықта тіршілік ететін түрлері бар. Құрлықта тіршілік ететін шаянтәрізділер ылғалды жерлерде, дымқыл ортада мекендейді және желбезекпен тыныс алады, осы белгілері олардың суда тіршілік ететін түрлерден шыққанын дәлелдейді. Шаянтәрізділер Жер шарында кең тараған Тұщы су қоймаларында, теңіздерде, барлық мұхиттарда кездеседі. 30 мыңнан астам түрі бар. Құрлықта тіршілік ететін шаяндар ""құршаян"" деп аталады . Олар ылғалды, дымқыл жерде мекен етеді. Бұршақ таңқышаян - таңқышаяндардың ең майдасы. Ең ірісі - жапон таңқышаяны. Оның аяқтарымен қосқанда көлемі екі метрге жетеді. Денесінің ұзындығы 1 — 2 мм-ден (ең майдасы су бүргесі Alonella, ұзындығы 0,25 мм) 80 см-ге жетеді. Ең ірісі — жапон шаяны (Macrocheіra kaempferі), оның құлашы 4 м болады. Ең ауыр шаян — Солтүстік Атлант омары (Homarus amerіcanus), оның салмағы 20 кг. Шаянтәрізділер денесін жауып тұратын кутикулада сыртқы қаңқаның қызметін атқаратын хитин көп. Ол қорғаныш қызметін атқарады, бірақ екінші жағынан — үздіксіз өсуіне кедергі жасайды. Сондықтан шаянтәріздер түлеу арқылы өседі. Бұлардың денесі жеке бунақтардан құралған, әр бунағында жұп бунақ аяқтары болады (бірақ эвол. даму барысында кейбір аяқтарының жойылып кетуі мүмкін). Денесі 3 бөлімнен тұрады: бас, кеуде және құрсақ. Жынысты деформизм айқын байқалады. Көпшілік тобына партеногенез тән, жұмыртқаларын суға тастайды. Шаянтәрізділер метаморфтық жолмен дамиды. Шаянтәрізділердің ұсақ түрлері негізгі зоопланктон массасын құрайтын болғандықтан, олар судағы организмдердің қоректік тізбегінде буын болып табылады. Шаянтәрізділер майшабақтардың қорегі, суды өлекселерден тазартады. Көпшілік түрлері (омар, лангуста, креветкалар, т.б.) Дүние жүзінің көптеген елдерінде жоғарғы сапалы тағам ретінде пайдаланылады.