Қазақстанның флора мен фаунасына адам факторының әсері және оның қатерлері.
Қоғамның әлеуметтік гүлденуіне ықпал ететін ғылыми-техникалық прогресс, өндіргіш күштердің бұрын-соңды болмаған ауқымда дамуы адамның табиғатқа араласуын күшейте түседі. Соңғы онжылдықтарда өндіріс пен ауыл шаруашылығының қарқынды дамуына, қалалардың жедел бой көтеруіне байланысты табиғи кешендердің өзгеруі өсімдіктер мен жануарлар әлемінің азаюына, олардың өспей кеміп кетуіне әкеліп соқтыруда. Жаңа елді мекендер мен ірі қалалардың, мұнай және газ өткізу жолдарының, электр тасымалдау жолдарының, автомагистральдар мен теміржолдардың тез қарқынмен салынып, бой көтеруі, өзендер ағысын артық реттеу, тың және тыңайған жерлерді игеру табиғи шөп өсетін өңірдің азая түсуіне жол ашты. Осының барлығы ең соңында биологиялық түрлердің жоғалуына әкеледі. Сондықтан, дәл қазір табиғатты қорғау қажеттілігі ерекше шиеленісе түседі.Антропогендік әсердің салдарынан көптеген жануар түрлерінің саны азайды және олардың тіршілік ету ортасы қысқара бастады. Қазақстан Республикасының Үкіметі 1978 жылы бекіткен Қазақстанның қызыл кітабы осы құбылысты өте көрнекі көрсетеді. 1998 жылдың 1 қаңтарындағы деректер бойынша оған омыртқалы жануарлардың 125 түрі (15 %) және омыртқасыздардың 96 түрі (олардың 85 түрі буынаяқтылар) осы кітапқа енгізілген.Қазақстан су флорасы мен фаунасының күйіне ауыл және коммуналдық шаруашылықпен, өнеркәсіппен, транспортпен байланыстысу қоймаларының ластану және эвтрофикация үрдістері кері әсер жасауда. Тұрғындар санының өсуі өзендер мен өзен алаптарын антропогендік түрлендіріп, су жүйелерінің қирауына соқтырады. Сулық ортаның химиялық заттармен ластануы су флорасы мен фаунасының маңызды топтары өкілдерінің қырылуына және тіршілігі бұзылуына әкеліп соғуда.Адам әрекетінен болған тіршілік орнының аздап өзгеруі, ортаның жергілікті және жаһандық ластануымен, түрлерді іріктеп алумен, ылғалдану тәртібінің өзгеруімен, өртенумен, продуценттердің биомассасы азаюымен, түрлердің шеттен кіруімен байланысты.
Қазақстанның техникалық өсімдіктері (тұқымдасы, морфологиялық сипаттамасы, ареал, экология, химиялық құрамы, қолданылуы).
Техникалық дақылдар дегеніміз - кез-келген мүшелерінен өндіріске қажетті шикізат алуға болатын өсімдіктер. Талшықты өсімдіктер де техникалық дақылға жатады. Техникалық дақылдардан қант, крахмал, май,илік заттар, өзге де қажетті заттар алынады. Алайда техникалық дақылдарды өзге мәдени дақылдардан ерекше шектеп қарауға болмайды. Өйткені техникалық дақылдардың тағамдық, сәндік, азық-түліктік қасиеттері де болуы мүмкін. Қазақстанда өсетіін техникалық өсімдіктер: Бұйдакендір, жалбызтікен,темекі, дермен , меңдуана,үпілмәлік, т.б көптеген өсімдіктер.
Үпілмәлік (клещевина) - көпжылдық сүттіген тұқымдас қосжарнақтылар класына жататын техникалық дақыл. Ол - биіктігі 10 метрге дейін жететін бір үйлі өсімдік. Бірінші жылы сабағының биіктігі 60-500 сантиметрге жетелі де күзгі салқында тіршілігін тоқтатады. Сабағының іші қуыс, буын-буынды, көп бұтақты болып келеді. Жапырақтары үлкен, ұзын сағақты. Гүлшоғыры - бұтақтар ұшында болатын шашақгул. Оның астыңғы бөлігінде аталық гүлдер, үстіңгі бөлігінде аналық гүлдер орналасады. Жемісі - қауашақ. Қауашағы домаланған немесе сопақтау, үш ұялы болады. Әрбір ұнда бір-бірден тұқымы бар. Қауашақ сыртын тікенектер қаптайды. Үпілмәліктің тұқымында 40-58%-ға дейін өте тұтқыр, кеуіп кетпейтін май болады. Оның майы төмен температурада да қатпайды және бензинде нашар ериді. Үпілмәлік майы авиациялық моторларды майлауға, металлургияда, тері, мата, сабын алу өнеркәсіптерінде пайдаланылады. Үпілмәлік майы жеуге жарамсыз, медицинада іш жүргізуге қолданады. Үндістанда, басқа да елдерде түтіндемейтін болғандықтан, майшам ретінде пайдаланылады. Сабағының талшықтарынан арқан есіп, қап тоқылады. Оның отаны - Шығыс Африка. Қазақстанда бір түрі - кәдімгі үпілмәлік Іле, Күнгей Алатауларында, Батыс Тәңіртауда таралған біржылдық өсімдік. Оның биіктігі 60-400 сантиметрге дейін жетелі. Үпілмәлік жылуды, жарықты, ылғалды, қара топырақты жерлерде өседі. Тұқымы 12-14С- де өнеді. Өсімді кезеңі 110-150 күн. Үпілмәлікті екпе дақылдар тәрізді жыртылған жерге кең қатарлап себеді. Себу нормасы - 1 гектарға 25-30 килограмм тұқым шашылады.
66. Қазақстан территориясында соңғы 30-40 жылдары жоғалған өсімдіктер түрлері.
Қазақстанның 1981 жылы баспадан шыққан Қызыл кітабына жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің 279 түрі кіргізілген болса, соңғы жылдары баспаға тапсырылған Қызыл кітаптың екінші басылымына өсімдіктердің 400 сирек кездесетін түрі енгізілген.
Қазақстан территориясында соңғы 10 жылдықта бірқатар өсімдіктер түрлері көрінбейді. Ол түрлер жойылып кетті деген болжамдар бар. Ол түрлердің Оңтүстік Қазақстан регионында кездесетіндері: усасыр мыңжылқы, шымыр строгиновая, прангос, Қаратау сасыққурайы, мыңжылқы кемпіршөп,тарақша шолмасақ,Қаратау сұңғыласы, Культисов гүл кекіресі.Орталық Қазақстанда: Қарқаралы бөріқарақаты,кәдімгі қарға көз, жабысқақ қандыағаш,масалы көкекшөп, таспажапырақ күймесгүлі. Шығыс қазақстанда: Потанин құмдақ шөбі, Резниченко рияны.
Достарыңызбен бөлісу: |