«Қазақстан биоресурстары» пәнінен емтихан сұрақтары А


Т Табиғи мемлекеттік резерваттар және олардың ресурстық түрлерді қалпына келтірудегі және сақтаудағы



бет66/69
Дата22.05.2022
өлшемі200,65 Kb.
#35318
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   69
Байланысты:
толық емес биоресурс (копия)

Т
Табиғи мемлекеттік резерваттар және олардың ресурстық түрлерді қалпына келтірудегі және сақтаудағы маңызы.
Мемлекеттiк табиғи резерват — табиғи кешендердiң биологиялық саналуандығын және олармен байланысты табиғи және тарихи-мәдени объектiлердi күзетуге, қорғауға, қалпына келтiруге және сақтауға арналған жердегi және судағы экологиялық жүйелердi қамтитын табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ.
Қазақстанда қазіргі уақытта 5 резерват ұйымдастырылған. Олар:«Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты, «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты, Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты, «Алтын дала» мемлекеттік табиғи резерваты, «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты.
Қазақстан Республикасының “Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы” Заңының (2006 ж.) 50-бабында мемлекеттік табиғи резерваттар табиғат қорғау және ғылыми мекемелер қатарына жататындығы және олар өз аумағындағы сулы алқаптардың және құрлықтағы экожүйелерді қорғау мақсатында ұйымдастырылатыны айрықша атап көрсетілген.

«Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты — Атырау облысының Махамбет ауданында және Атырау қаласына қарасты жерлерінде орналасқан. Соңғы зерттеулерге сәйкес, өсімдікер тізіміне 33 тұқымдастыққа жататын 130 түр кіреді, бұл Солтүстік Каспий аймағының қазақстандық бөлігінің флорасының шамамен 54% құрайды. Мұнда сирек кездесетін және Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген өсімдіктерді табуға болады.


Су немесе сулы экожүйелердің өсімдіктері екі негізгі түрге бөлінеді: фитобентостар - су бағанының түбіне бекінген үлкен балдырлар қауымдастықтары және жоғары сатылы су өсімдіктері; - үстіңгі, беткі қабаттардағы гигрофиттер (қамыс, қоға т.б.), оның ішінде су бетінде жүзетін (ақ тұңғиықгүл, су жаңғағы т.б.) және су асты қабаты (мүйізжапырақ, егеушөп т. б.) өсімдіктері басымдылыққа ие қауымдастықтар.
Құстардың ішінде сирек кездесетін түрлер: қарабай, жалбағай, кіші аққұтан, мысыр құтаны, султанка. Ұшу кезінде мыңдаған қоқиқаздар, бұйра бірқазандар, қарабастар, аққулар, сондай-ақ жойылып кету қаупі бар қаздар да осында тоқтайды.
Қорықта сүтқоректілердің 78 түрі бар. Аймақтағы құрып кету қаупі төнген түрлердің тізіміне құстардың 20 түрі, жәндіктердің 24 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 2 түрі және сүтқоректілердің 2 түрі кіреді. Бекіре тұқымдас балықтар мен Каспий итбалықтары жойылу қарсаңында.

«Алтын дала» мемлекеттік табиғи резерваты — Қостанай облысының Амангелді және Жангелді аудандарының аумағында орналасқан резерват. 2012 жылы 27 қарашада Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы №1496 қаулысымен жаңадан «Алтын дала» мемлекеттік табиғи резерваты ұйымдастырылды.


«Алтын дала» мемлекеттік табиғи резерватының жер көлемі – 489 766 га алқапты қамтиды.
Бұл табиғи резерват Қостанай облысының Амангелді және Жангелді аудандарының аумағында орналасқан далалы, шөлейтті, шөлді, шалғынды және сулы батпақты алқаптардың табиғи экожүйелері мен ландшафтылық ерекшеліктерін және еліміздегі ақбөкендердің бетпақдала популяциясын қорғауды көздейді.
«Алтын дала» мемлекеттік табиғи резерватының аумағы 3 кластрлі телімге бөлінген:
1. Сарықопа – 52 115 га (Сарықопа көлдер жүйесі).
2. Тосынқұм – 95 881 га (Тосынқұм құмы, Торғай өзенінің сол жағалауы).
3. Ұлы Жыланшық – 341 670 га (шөлейттенген далалы алқап, Ұлы Жыланшық өзенінің жағалауы).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет