Талшықты өсімдіктер Мақта (Хлопчатник- Gossypium), Зығыр (Лен-Linum), Кенеп немесе кенепшөп (Конопля- Cannabis).
Талшықты өсімдіктер — тоқыма фабрикасында мата тоқу үшін және сонымен қатар арқан, жіп, тор т. б. заттар жасау үшін талшық беретін өсімдіктер. Түрліше тұқымдастардың ішіндегі талшық беретін өсімдіктердің түрлері — 200-ге жуық. Олардың ішіндегі негізгі тұқымдастары:
1. Мальвалар (мақта, кенеп, бұйда кендір)
2. Зығыр
3. Жөкелер (жұт, жөке)
4. Тұттықтар
5. Қалақайлықтар (қалақай, рами)
6. Бұршақтар (кроталярия) және басқалар.
Мақта — Мақта шаруашылығының негізгі өнімі, халық шаруашылығының әр саласында түрлі мақсатта пайдаланылатын, құлқайырлар тұқымдасына жататын көпжылдық бағалы талшықты дақылдан жасалатын маңызды шикізат. Мақта өздігінен, кейде айқас тозаңданады. Сабағы 90–130 см-ге жетеді, жапырағы жүрек тәріздес. Жемісі 3–5 ұялы қауашақ, оның ішінде талшық, оның ортасында 20–40 мақта тұқымы болады. Мақтаның 35 түрі бар, оның 5 түрі қолдан өсіріледі. Мақта – жарық, жылу, ылғалды көп керек етеді. Тұқымы 10–12C-та өне бастайды, 25–30C-та жақсы өседі, 0C-та үсікке шалдығады. Гүлдеу және пісу кезінде ылғалды көп керек ететіндіктен, суармалы жерлерде жоғары өнім береді. Жылына 2 рет суарады
Зығыр (лат. Lіnum) – зығыр тұқымдасына жататын бір жылдық және көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы; тінді, талшықты, майлы дақылдар.
Кәдімгі зығыр
Зығырдың 230-ға жуық түрі белгілі. Қазақстанда 13 түрі кездеседі. Республиканың солтүстік-шығыс және оңтүстік-шығыс облыстарындағы қара және қоңыр топырақты жерлерде өсіріледі. Сабағының биіктігі 50 – 100 см., жапырағы қандауыр пішіндес, қондырмалы, гүлшоғыры – шатыр тәрізді шашақ. Гүлдері ұсақ, басым бөлігі көкшіл түсті, өсімдіктің жоғарғы жағында шоғырланып өседі. Жемісі – қауашақ. Зығырдың талшығын және тұқымын алу үшін, негізінен, дақылдық зығыр (L. usіtatіssіmum) өсіріледі. Ол 5 түр тармағына бөлінеді. Олардың ішінде кең тарағаны: салалы (талшықты) зығыр, майлы (шашақты) зығыр, жатаған зығыр, т.б. Салалы зығыр – бір жылдық өсімдік. Қоңыр салқын ауа райында жақсы өседі. Салалы зығыр салқынға шыдайды. Вегетациялық өсу мерзімі 75 – 90 тәулік. Өздігінен тозаңданады, кейде айқас тозаңдануы да мүмкін.
[18.05, 11:45] Меруерт 1 Пг: Талшықты өсімдіктер — тоқыма фабрикасында мата тоқу үшін және сонымен қатар арқан, жіп, тор т. б. заттар жасау үшін талшық беретін өсімдіктер. Түрліше тұқымдастардың ішіндегі талшық беретін өсімдіктердің түрлері — 200-ге жуық. Олардың ішіндегі негізгі тұқымдастары:
1. Мальвалар (мақта, кенеп, бұйда кендір)
2. Зығыр
3. Жөкелер (жұт, жөке)
4. Тұттықтар
5. Қалақайлықтар (қалақай, рами)
6. Бұршақтар (кроталярия) және басқалар.
1972 жылы Қазақстанда Техникалық өсімдік Шииді (Achnaterum -Ши) комплексті зерттеу жұмыстары аяқталды. Шии өсімдігі құрлыс материалы ретінде, малазықтық, тоқыма өсімдігі ретінде және жихаз толтыруға пайдаланады. Алматы, Шығыс )азақстан, Талдықорған және Семей облыстары территориясында шиидің популяцияларының аудандары шикізаттың қоры, түсімділігі анықталған.
Достарыңызбен бөлісу: |