«Қазақстан биоресурстары» пәнінен емтихан сұрақтары А


Өсімдіктердің биосфера мен адам өміріндегі



бет62/69
Дата22.05.2022
өлшемі200,65 Kb.
#35318
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   69
Байланысты:
толық емес биоресурс (копия)

Өсімдіктердің биосфера мен адам өміріндегі маңызы.
Өсімдіктердің суда өсетін, топырақта өсетін, жер астында өсетін, жер бетінде өсетін деп бірнеше топқа бөлуге болады.
Топырақ, өсімдіктері — бактериялар, балдырлар, кейбірі саңырауқұлақтар. Бұлар топырақ кұнарлылығын көтеруде маңызды роль аткарады.
Жер асты өсімдіктері бактериялар түрінде кездеседі және 3 км тереңдікте болады.
Жер бетінде өсімдіктердің 500 мыңдай түрі кездеседі. Олардьң көпшілігін адам баласы пайдаланады.. Жеке өсіп, молая беруіне жағдай жасап отырады. Олар біздің экологиямыздың сақталуы үшін ғана емес, экономикамыздың дамуында да зор роль аткарады. Сондықтан да, жер үсті өсімдіктерін қорғау — басты міндеттің бірі. Өсімдіктер жердегі өмірдің бірінші кезі.Өсімдіктер табиғатта фотосинтез жүргізу үшін керек. Фотосинтез — күрделі биологиялык процесс, яғни өсімдіктер өздерінің көгілдір пигменті — хлорофилдің көмегімен күн көзінің энергиясын жинап алады да, оның күшімен көміртегі газын және суды өзгертеді. Осынын, нәтижесінде мол органикалық косылыстар түзеді. Мұның өзі күн көзінің энергиясын химиялык байланыстар энергиясына айналдырады.
Бүл құралған органикалық қосылыстар тікелей немесе басқа нәрселердің көмегімен басқа организмдерге тамақ болады. Дәлірек айтқанда, жасыл өсімдіктер фотосинтез процесін атқара отырып, жерде өмірдің дамуы, гүлденуі үшін маңызды роль атқарады, өмір сүрудің бірінші көзі болып табылады. Сол себепті өсімдіктерді қорғау жердегі өмірді қорғаумен пара-пар.
Шамамен алғанда кұрылықтьң өсімдіктер қабаты жыл сайын 20—30 млрд т. көміртегін пайдаланады.Өсімдік ресурстарының бастысы – орман. Ол жер шарындағы биологиялық активті оттегінің 60 процентін береді. Оның көмегімен (т.б. экологиялық жүйелердің қатысуымен) атмосферада оттегі тұрақты болады, осының арқасында 2 млрд. жылдай біздің планетамызда өмір жалғасып келе жатыр. Орта дәрежеде бір ағаш 24 сағат ішінде үш адамның бір тәулікте демалуына жететін оттегі бөліп шығарады. Орман адамға керекті шикізат – ағаш береді. Ол үй тұрғызуда, кеме, ауыл шаруашылығында, машина жасау өнеркәсібінде, темір жол транспортында (шпал, вагон), ағаш ыдыстар жасауда пайдаланылады. Ағашты басқа синтетикалық материалдармен ешқашан алмастыруға болмайды. Орманда өсетін ағаштар қағаз, спирт, скипидар, канифоли, глицерин, кір жуғыш нәрселер, смола, жидек ашытқыштар, эфирлы майлар алатын шикізат болып табылады. Ағаштан 20 мыңнан аса әр түрлі бағалы нәрселер өндіруге болады. Ормандарда ауыл шаруашылғы аңшылық ұйымдастырылады, көптеген бағалы шипалы өптер жиналады, жеміс-жидектер дайындалады. Орманның ауасында адам денсаулығына қажетті жеңіл иондар болады. Соның арқасында орманда демалған адам салкынға көп берілмейді, олардың кан құрамы жаксарады, канның қысымы төмендейді, шаршағаны басылады, дәлірек айтқанда орманда дем алғаннан кейін енбек өнімділігі артады. Орманның төбесінен өткен су сүзіліп, тазарып шығады, ол лабораторияда сүзгіштен өткен судан артық болады. Орманның далада қар ұстау үшін де манызы зор. Орманның көмегімен жел және су эрозиясының орын алуына жол берілмейді, осының аркасында топырақтың тұзданып кетуіне тойтарыс беріледі. Ормандарда қар еру процесі ақырын және біркелкі жүретіндіктен қар суымен тасқынның болуына мүмкіндік жоқ, еріген су жерге ақырын сіңіп үлгереді, оның қүнарлылығын көтереді, одан асқан су өзендер мен көлдердін деңгейін толтырады. Осыдан көріп отырғанымыздай, орман адам өмірінде, экономикада сан қилы роль атқарады.
Қазақстан жануарлар әлемінде 835 омыртқалылар түрлері, оның ішінде 178 түрлер сүтқоректілер, оның 48 түрі (27) кәсіптік ауланатын түрлерге жатады. Тұяқтылардың 12 түрінің 7 түрі (ақбөкен -киік, сайган, бұлан-лось, елік- косуля, қабан, тау теке, құдыр-қабырға, марал) кәсіптік аулатындар. Республикамыз терісі үшін ауланатын аңдарға бай. Мысалы, Кәмшат - Соболь, түлкі -лисица, ондатр, суыр-сурок), сарышунақ-суслик және т.б. Соңғы жылдары экологиялық жағдайдың өзгеруіне байланысты жабайы аңдардың мекен жайлары жаңарып қайта құрылуда деуге болады. Олардың саныда өзгерді. Кейбір жануарлардың жалпы саны азайды ал кейбіреулері көбейді. 1996 жылғы мәліметтер бойынша (Байтулин, 1996). Ақбөкендер саны 850-900 мың, елік-30мың, қабандар-10мың, тау теке-20мың, марал-15мың шамасында. Қасқырлар және шиебөрілердің саны көбейді. Қасқырлар-100мың, ал шиебөрілер-50мың шамасында. Бұл жыртқыштардың санын азайту республикамызда мал шаруашылығын дамытып, кәсіптік аңдарды сақтауда маңызы зор.
Табиғатта жануарлардың белгілі бір түрінің жойылып кетуі немесі екінші түрдің пайда болуы табиғи заңдылық. Адам осы жануарлардың көптеген түрлерінің жойылып кетуіне себепкер болған. Әсіресе, ірі жануарлар орман күкіртті газ бен кермийдің қос тотығының әсерінен өзгеріске ұшырағаны анықталған.
Міне, осы зерттеулердің көрсеткіштері қладғы ауаның, судың ластануының және әр түрлі шудың адам денсаулығына қалай әсер ететіндігін көрсетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет