«Қазақстан биоресурстары» пәнінен емтихан сұрақтары А


Ботаникалық ресурстану ғылымының



бет8/69
Дата22.05.2022
өлшемі200,65 Kb.
#35318
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   69
Ботаникалық ресурстану ғылымының қалыптасуы.
Өсімдік ресурстары өсімдіктердің практикалық қолданылуын қарастыратын ботаниканың бөлімі.Ол ең алғаш Ресейде ХІХ ғасырда тұрмыстық ботаника деген атпен белгілі бола бастады (Сукков,1804).
М.М.Ильин (1948,1949) ботаникалық ресурстануды жаратылыстану бағытындағы, биология ғылымының профиліндегі өзіндік бөлімі ретінде қарастырылуы керек ғылым екендігін айтты. Ботаникалық ресурстану, ботаниканың арнайы бөлімі ретінде сөзсіз 1946 жылы, А.А.Гроссгеймнің «Кавказдың өсімдік ресуртары» деген еңбегінен кейін белгіленді.
Ботаникалық ресурстанудың пәні – объектінің эмпирикалық зерттелуі. Ботаникалық ресурстанудың зерттеу аймағы:
1)Тұрмыстық қолданыста маңызы зор және перспективті өсімдіктер түрлері және олардың түрлері мен формалары;
2)Әртүрлі дәрежеде өзгеріске ұшыраған өсімдіктер түрлері;
3)Өсімдіктерден өндіретін дара заттар және қосылыстар;
Практикалық қолданыста маңызды тұтас өсімдіктер топтары;
Яғни, басқаша айтқанда, ол өнеркәсіптің әртүрлі салаларында қолданылатын шикізат, немесе медицинада, ауыл шаруашылығында қолданылатын өсімдіктер және орман шаруашылығында маңызы бар тірі өсімдіктер. Ботаникалық ресурстанудың зерттеу пәні бір жағынан өсімдік-шикізат көзі ретінде болса, екінші жағынан тұтас өсімдік ресурстары болып табылады.
Фактілердің жүйеленуі. Басқа ғылымдар сияқты ботаникалық ресурстану біріншілік фактылардың жиналу периодынан өтті. Өсімдіктерді пайдасына байланысты топтастыру ертеден бері белгілі (Кедров,1961). Ең алғашқы ғылыми классификацияның авторы кім екені белгісіз. Ең алғашқы жүйелеу әрекеттері ботаниканың қалыптасу кезеңдерінен белгілі. Фактілерді жүйелеуге деген қажеттілік ғылыми білімнің басты ерекшелігі ретінде ерте кезден бастап пайда болған. Ресейдегі пайдалы өсімдіктердің классификациясының шығуы Щегловтың атымен тікелей байланысты. Ол екі томдық « Адамға пайдалы және зиянды өсімдіктерді қосатын тұрмыстық ботаника» еңбегін жазған болатын. Бірақ классификацияның толық түрі ботаниктердің пайдалы өсімдіктерді және жалпы өсімдік ресурстарын зерттей бастакымен біршама кейін пайда болды. Пайдалы және зиянды өсімдіктердің біршама шынайы да, тиянақты үлгісін Н.П.Паратанский (1894) ұсынды. Сонымен қатар, Кремер, Винзер,иГ.Боссэ және Н.Прилуцкий, Хиллдің классификацияларының да маңызы зол болды.
Классификацияның түрлері жүйеленетін объектінің әртүрлі қызметтеріне сәйкес жасалуы мүмкін. Келесі жүйелеу типтері қарастырылады: 1)каузальды; 2) генетикалық (филогенез жүйесі); 3)аралас, яғни объектіні себебі бойынша және генетикалық тұрғыдын бірге қарастыра отырып, топтастыру.
Ботаникалық ресурстанудың зерттеу тәсілінің спецификасы. Олар келесі топтарға біріктіріледі: 1)өсімдік құрамындағы жеке заттарды зерттеу тәсілі; 2)өсімдіктің жеке органын немесе бөлімін зерттеу тәсілі; 3)өсімдік шикізатын зерттеу тәсілі; 4) шикізатты біріншілік және екіншілік өңдеу тәсілдері; 5) түсімді және қорды есептеу тәсілі; 6)интродукция (біршама перспективті формаларын таңдау) тәсілі; 7)өсімдік шикізатының және оның қосылыстарының экономикалық тұрғыдан перспективтісін анықтау тәсілі; Сонымен қатар, тәсілдерді екі топқа топтастыруға болады: арнайы құралды қажет етпейтін және ететін ботаникалық ресурстану тәсілдері. Біріншіге сұрастырушылық, органолептикалық, лингвистикалық, этнографиялық, экономикалық; ал екіншіге ботанико-систематикалық, ботанико-географиялық, ботанико-экологиялық, марфолого-анатомиялық, цито-эмбриологиялық, биохимиялық жіне химиялық, химия-технологиялық, физико-механикалық, статистико-математикалық және т.б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет