«Қазақстан биоресурстары» пәнінен емтихан сұрақтары А



бет5/69
Дата22.05.2022
өлшемі200,65 Kb.
#35318
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69
Белокқа бай өсімдіктер.
Белоктар – тағамның негізгі құрамдас бөлігі. Онсыз тірі организм тіршілік ете алмайды. Олар тканьді құрау үшін, өлі клеткаларды қалпына келтіру үшін, фермент, витаминдер, гориондар және имунды денелерді түзу үшін қажет; құрылыс материалы сияқты пластикалық және энергетикалық материал (1 г белок 4,1 ккал (16,7 кДж) энергия береді). Тамақтануда белок жетіспесе балалардың бойының өсуі тежеледі, ересек адамдардың организмінде бірқатар растройств болады. Ересек адамдардың белокқа тәуелділік қажеттілігі 80-1000г болуы керек, оның ішінде жартысы жануар белогы болуы керек.
Белоктар амин қышқылдарынан тұрды. Кейбір амин қышқылдары организмде синтезделеді, бірақ организмде синтезделмейтін он амин қышқылы бар, олар ауыстырылмайтын деп аталады. Барлық ауыстырылмайтын амин қышқылдарынан тұратын белоктар толық құрамды (ет, балық, жұмыртқа, сүт белоктары) деп аталады. Ең болмағанда бір ауыстырылмайтын амин қышқылы болмайтын белок толық құрамсыз деп аталады (тары, жүгері және т.б белоктар). Сондықтан организмнің амин қышқылға деген қажетілігін қанағаттандыру үшін өнімдердің әр түрлі қатынасын қолдану керек. Мысалы, ұндәнді өнімдерлар белоктардың сүт, ет, балық белоктарымен бірге қолдану керек.

Құрамы бойынша белоктар жай (протеиндер) және күрделі (протеидтер) болып бөлінеді. Жай белоктарға альбуминдер, глобулиндер, глютеиндер, проламинлер жатады; ал күрделі белоктарға фосфоропротеидтер, хромопротеидтер, глюкопротеидтер жатады.


Жануар организміндегі, өсімдіктегі және тамақ өнімдеріндегі белоктар сұйық күйде (сүт, қан), жартылай сұйық күйде (жұмыртқа), және қатты күйде (сіңір, шаш, тырнақ) болады.


Белоктардың бірқатар жалпы қасите болады: 50-600С жоғары температурада қыздырғанда денатураттанады (жұмыртқаны пісіргенде, сыр және сүт қышқылды алғанда қоюланады); барлық белоктар суда ісініп көлемі ұлғаяды (нан өндірісінде, макарон өнімдері, жарманы пісіргенде); ферменттер, қышқылдар, сілтілер әсерінен гидролизденеді (сырлар жетілгенде, ет, балық бүлінгенде).




 Дәнді бұршақ дақылдары – бұршақ тұқымдасына жататын өсімдіктер; белокқа бай, көбінесе дәні (тұқымы) үшін өсіріледі. Дүние жүзінде 17 туысқа бірігетін 60-тан астам түрі бар. Қазақстанда көп тарағаны: асбұршақ, қытайбұршақ (соя), сүмбілбұршақ (лобия), жасымық, ноғатық, сиыржоңышқа, бөрібұршақ (люпин), атбасбұршақ, майбұршақ, ноқат, үрмебұршақ, т.б. Дәнді бұршақ дақылдарының сабақтары тіп-тік (нұт), шырмалып (үрмебұршақ), өрмеленіп (сиыржоңышқа), төселіп (маш) өседі. Жапырақтары күрделі (бірнеше жапырақшалардан құралады), олар қауырсынды, үш бөлікті және саусақ тәрізді болып бөлінеді. Көбінесе кіндік тамырлы, жемісі бұршақ, онда 2 – 9 ұрық болады. Тұқымы ұсақ (жасымық), ірі (бұршақ), пішіні дөңгелек, қабысқан, бүйрек тәріздес болуы мүмкін. Дәнді бұршақ дақылдары тамырларында түйнек бактериялары болғандықтан, олар ауадан әр га-ға 100 – 400 кг бос азот жинап, топырақты азотпен байытады.Бұршақ тұқымдасы (лат. Fabceae, немес лат. Fabaceae s.l., немесе лат. Leguminsae, немесе лат. Papilionaceae) – қос жарнақтылар класына жататын бұта, шала бұта, шырмауық, кейде ағаш, көп жылдық және бір жылдық шөптесін өсімдіктер тұқымдасы. Жер шарында кең тараған: 730 туысы, 19,400 түрі белгілі. Қазақстанда 42 туысы мен 650-дей түрі бар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет