Жалпы ресурстану – ботаника ғылымының жас бір саласы. 1917 жылға дейін Қаз-да өсімдіктер ресурстарын зерттеу жұмыстары жүргізілген жоқ деп айтуға болады. Қазақстанда ботаника саласындағы зерттеу жұмыстарын 2 кезеңге бөлуге болады:
1. Бірінші кезеңге ресейдің Еуропа бөлігінен келген ғалымдардың ұйымдастырып жүргізген жұмстарын жатқызуға болады.
2. Екінші кезең 1920 жылдан басталады деуге болады.
Ботаникалық ресурстану:
1)халық шаруашылығында және медицинада маңызы бар әртүрлі өсімдіктерді тауып айқындайды;
2) өсімдік құрамындағы әртүрлі заттарды,қосылыстарды зерттейді;
3)пайдалы өсімдіктердің табиғаттағы алабын зерттейді;
4)мәденилендірудің биологиялық негізін жасайды.
«Ботаникалық ресурстану» өзінің зерттеулерін әртүрлі деңгейде жүргізеді. Мысалы,молекулалық,ұлпалық,мүшелік,организмдік,популяциялық,түрлік,ценотикалық,биогеографиялық. Молекула деңгейінде ботаникалық ресурстану мәселелері химия және биохимия жәрдемімен шешіледі. Клетка және ұлпа деңгейінде анатомия,гистохимия және эмбриология көмегімен шешіледі. Мүшелер деңгейінде-морфология көмегімен,организм деңгейінде-физиологиялық және өсімдік шаруашылығы туралы ғылымдар көмегімен, популяция деңгейінде-тәжірибелік систематика көмегімен, түрлік деңгейде-систематика және филогения көмегімен, цитогенетикалық деңгейде-фитоценология көмегімен зерттеп шешіледі. Бұл жоғарыда айтылғандардан «Ботаникалық ресурстануда» өте кең спектрде өте нәзік химиялық анализден жер шары өсімдіктері жамылғысын жинақтап қорытуға дейінгі әдістер және тәсілдер пайдаланатынын айқын көруге болады.
Қазақстан ботаниктері ресурстанушылардың алдына қойған міндеттері:
Қазақстандағы ресурстану ғылымының негізін қалаушылардың бірі, профессор Кукенов ойынша, Қазақстандағы ботаник ресурстанушылардың алдында болашақта мынадай міндет тұр:
Қазақстан және оның жеке региондарының флорасындағы пайдалы өсімдіктердің биологиялық алуан түрлілігін зерттеуді жалғастыра беру;
Әрбір жеке шикізаттық өсімдіктің ресурстық сипатамасын жасау, оның ішінде міндетті түрде болу керек:
1. Экологиялық-фитоценотикалық;
2. Фитохимиялық ерекшеліктері;
3. Ресурстық көрсеткіштері;
4. Экономикалық бағасы;
5. Пайдасының тиімділігі;
Жоғарыда келтірілген көрсеткіштердің бәріне талдау жасаудың негізінде республикамызда бар өсімдіктің ресурстарын тиімді пайдаланудың жүйесін жасау.
Республикамызда бар шикізаттар негізінде ұзақ жылдарға арналған бағдарлама жасау
Бірыңғай ғылыми өндірістік орталық құру;
Шикізатты жинау кептіру және сапасына қойылатын талаптар туралы жасалған барлық инструкцияның қатал орындалуын тұрақты бақылауда ұстау керек.
Жергілікті халық пайдаланатын жеке өсімдіктердің пайдалы қасиеттері туралы мәліметтер жиілеу және бқрын зерттелген өсімдіктерді сын көзбен қарау.
Шаруашылық үшін бағалы қасиеттрі және емдік қасиеттері бар перспективті өсімдіктердің тереңірек зерттелуі.
Табиғатта тапшы және сирек кездесетін пайдалы өсімдіктерді терең жетілдіру жұмысын күшейту.