«Қазақстан биоресурстары» пәнінен емтихан сұрақтары А


Батыс-Алтай қорығы және оның ресурстық түрлерді қалпына келтірудегі және сақтаудағы маңызы



бет4/69
Дата22.05.2022
өлшемі200,65 Kb.
#35318
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69
Батыс-Алтай қорығы және оның ресурстық түрлерді қалпына келтірудегі және сақтаудағы маңызы.
Батыс-Алтай қорығы және оның ресурстық түрлерді қалпына келтірудегі және сақтаудағы маңызы?
Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы – бірегей табиғат туындысы және оны қорғау ұлттық және жалпымемлекеттік міндет. Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының аумағы табиғатты пайдаланудан алып қойылған жерлерде орналасқан. Бұрын бұл жерлер қорғауға алынып қойылғанға дейін қатты тозып кеткен еді: осы жерлерде басты мақсатқа пайдалану үшін ағаш кесулер және аң терісін дайындау кәсіпшілігі жүргізілген болатын. Қорық аумағы арқылы Ресей мен Қазақстанды байланыстыратын орман тасуға арналған жол өтеді. Осы жолмен кесілген ағаш тиелген машшиналар тізбегі жүреді. ҚР Үкіметі 2002 жылдан 2004 жылға дейін «Риддер - Алтай Республикасының шекарасы» жолын салу туралы шешім шығарды. Қорық жерінің 87 га алынып қойылды. Және де қорық аумағы екіге бөлініп қалды. Қорық аумағын кесіп өтетін 22 км жолды жүріп өткенше бірталай көз қызықтырып еліктіретін нәрселерді көруге болады.
Бір кездері қорық беткейлері мүлдем жалаңаштанып қалған болатын, ал оларды қалпына келтіру - табиғи қалпына келуіне жағдай жасау жаңа-жаңа қолға алынуда. Қорық аумағындағы тау беткейлерінің тым тік болуы, сондай-ақ өте алмайтын бақпақты болуы, қорық ормандарын мүлдем құрып кетуден сақтап қалды.
Белокқа бай өсімдіктер Асбұршақ (Горох- Pisum), Үрмебұршақ (Фасоль- Phaseolus), Ноқат (Нут- Cicer).
‎ Дәнді бұршақ дақылдары – бұршақ тұқымдасына жататын өсімдіктер; белокқа бай, көбінесе дәні (тұқымы) үшін өсіріледі. Дүние жүзінде 17 туысқа бірігетін 60-тан астам түрі бар. Қазақстанда көп тарағаны: асбұршақ, қытайбұршақ (соя), сүмбілбұршақ (лобия), жасымық, ноғатық, сиыржоңышқа, бөрібұршақ (люпин), атбасбұршақ, майбұршақ, ноқат, үрмебұршақ, т.б. Дәнді бұршақ дақылдарының сабақтары тіп-тік (нұт), шырмалып (үрмебұршақ), өрмеленіп (сиыржоңышқа), төселіп (маш) өседі. Жапырақтары күрделі (бірнеше жапырақшалардан құралады), олар қауырсынды, үш бөлікті және саусақ тәрізді болып бөлінеді. Көбінесе кіндік тамырлы, жемісі бұршақ, онда 2 – 9 ұрық болады. Тұқымы ұсақ (жасымық), ірі (бұршақ), пішіні дөңгелек, қабысқан, бүйрек тәріздес болуы мүмкін. Дәнді бұршақ дақылдары тамырларында түйнек бактериялары болғандықтан, олар ауадан әр га-ға 100 – 400 кг бос азот жинап, топырақты азотпен байытады.Бұршақ тұқымдасы (лат. Fabceae, немес лат. Fabaceae s.l., немесе лат. Leguminsae, немесе лат. Papilionaceae) – қос жарнақтылар класына жататын бұта, шала бұта, шырмауық, кейде ағаш, көп жылдық және бір жылдық шөптесін өсімдіктер тұқымдасы. Жер шарында кең тараған: 730 туысы, 19,400 түрі белгілі. Қазақстанда 42 туысы мен 650-дей түрі бар.
Бұршақ тұқымдас өсімдіктердің бір тобының сабағы мықты емес, жер бауырлап өседі. Ал екінші бір тобының сабағы мықты, тік өседі. Енді бірінің сабағы мұртшаға айналып, өрмелеп өсуге бейімделген.
Бұршақ тұқымдас өсімдіктердің жапырағы бірнеше кішкене жапырақтардан құралатын қауырсын тәрізді, күрделі жапырақ; қатар салалы, үшқұлақты, саусақ салалы болып келеді. Гүлі дұрыс құрылмаған – зигоморфты, гүл қоршауы, күлтежапырақшасының мөлшері, пішіні де бірдей емес. Гүлсерігі қосарланған, біріккен тостағанша жапырақтардан – 5 тостағанша, күлтежапырақшадан – 5 күлте түзіледі. Күлтежапырақшалардың пішініне қарай аттары бар. Ең ірі жоғарғы күлтежапырақша – желкен, бүйіріндегісі – ескек, төменгі біріккен екі күлте жапырақша – қайықша деп аталады.
Қайықша күлтесінің ішінде 10 аталық, бір аналық болады. Аналықтың бір ғана ұялы түйіні және бірнеше тұқым бүрлері болады. Андроцейіндегі аталық құрылысы туыстарында әртүрлі болады. Ақмия (софора), тентекмия (термопсис) туыстарында андроцейдегі 10 аталығы да бірікпеген бос болады, ал бөрібұршақ (люпин), бекіш (дрок) туыстарында андроцейдегі 10 аталықтары да аталық жіпшелері арқылы бірігіп кетеді. Бұршақ, жоңышқа, сиыржоңышқа (вика), әйкен (чина) туыстарының түрлерінде 10 аталықтың 9 бірігіп, 1 бос болады. Күлтенің түсі әр түрлі: ақ түстен қызыл және күлгін түске дейін өзгереді. Бұршақ тұқымдас өсімдіктердің гүл шоғырлары шашақ гүл, шатыршагүл және жұмыргүл т.б. болады. Жемісі – бұршаққап. Бұршақтың дәні екі қабыршақ болып ашылады және ішінде бірнеше ұрық болады. Ұрықтарының түсі, пішіні және мөлшері әр түрлі болып келеді. Дәнінің негізгі ерекшелігі – оларда ақуыздың көп болуында.
Бұршақ тұқымдас өсімдіктердің тамыр жүйесі кіндік тамырлы болады. Топыраққа терең бойлап жататын негізгі тамырдан жіңішке тамырлар тарайды, бұл жіңішке тамырлардың көпшілігі топырақ бетінен 20-25 см тереңдікте жатқан қабатқа таралады. Барлық бұршақ тұқымдас өсімдіктердің тамырынан жуандаған жерін, яғни тамыр түйнектерін көруге болады, бұл жерлерге ауадағы бос азотты бойына сіңіретін бактериялар жиналады. Оны түйнек бактериялары деп атайды.
Түйнек бактерияларымен бұлар селбесіп (симбиоздық) тіршілік етеді. Түйнек бактериялары ауадағы бос азотты сіңіріп, оны ақуыз заттарына айналдырады. өсімдік тамыры қурағаннан кейін осы ақуызды заттардың есебінен топырақ азотты қосылыстарға байиды.
Гүлдері шашақ гүл шоғырына жиналған, симметриясы зигоморфты. Гүлсерігі қосарланған: біріккен 5 тостағаншасы, пішіні әр түрлі жоғарыда сипатталғандай 5 күлтесі болады, күлтесінің түсі көк. Андроцейі 10 аталықтан тұрады. Аналығы біреу, үстіңгі жатын, бір ұялы, бірнеше тұқым бүрлері болады. Гүл формуласы: Са(5) Со 1+2+(2)А(81+1)G1
Жемісі – спираль тәрізді бұратылған бұршақ қап.
Бұршақтар тұқымдасының түйінді тамырында ауадан азот жинайтын бактериялар орналасады. Олар ауадағы бос азотты сіңіріп, топырақты азотпен тыңайтып, құнарландырады. Бұлар бағалы мал азығы (беде, жоңышқа, бұршақ, таспа, т.б.) болып табылады. Ал бұршақ, кестежапырақ сияқты түрлері жасыл тыңайтқыш ретінде өсіріледі. Бұршақ тұқымдасының тех. дақыл ретінде де маңызы зор (мыс., арахис, соя, т.б. майы). Ағаштарының сүрегі құрылыста және жиһаздар жасауға пайдаланылады. Кейбір түрлерінің қабығынан бальзам, шайыр, сапонин, түрлі түсті бояуыш заттар алынады. Олардың ішінде мыс., мия, әйбәтмия, түйежоңышқа, жыланбұршақ сияқты түрлері – дәрілік өсімдіктер. Бұршақ тұқымдасының кейбір түрлері улы, олардың құрамында алкалоидтар, сапониндер, гликозидтер бар (ақмия, бойдана, таспа, кекіре, т.б.).Бұршақ тұқымдасының 120 мыңдай түрі бар (490 туысы бар, олардың көпшілігі өзгергіш полиморфты).[4]




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет