«Қазақстан биоресурстары» пәнінен емтихан сұрақтары А


Бунақденелілер. Таралу аудандары, алынатын өнімдер, тиімді пайдалану және



бет9/69
Дата22.05.2022
өлшемі200,65 Kb.
#35318
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   69
Байланысты:
толық емес биоресурс (копия)

Бунақденелілер. Таралу аудандары, алынатын өнімдер, тиімді пайдалану және қорғау.
Бунақденелілер. Таралу аудандары, алынатын өнімдер, тиімді пайдалану және қорғау?
Бунақденелілерді зерттейтін ғылым – энтомология (гректің «ентома – бунақдене + логос – ғылым»). Ол – зоология ғылымының бір саласы.
Бунақденелілер – буынаяқтылар типіне жататын көпжасушалы, омыртқасыз жәндіктер класы. Бұлар – ғаламшардың кез келген түкпірінде таралған жануарлардың ең үлкен тобы. Олардың 700 000 (миллионға жуық) түрлері бар деп есептеледі. Бунақденелілер класы негізгі екі класс тармағына жіктеледі. Олар туақанатсыздар және қанаттылар класс тармағы деп аталады. Бунақденелілер класында 35 отряд бар. Бұлардың басқа буынаяқтылардан негізгі ерекшелігі – денесі айқын үш бөліктен құралады. Олар: бас, көкірек және құрсақ бөлімдері деп аталады.Бунақденелілердің барлығы 6 аяқты. Басым бөлігінде қанаттары болады.Жер бетінде олардың кең таралуына құрылыс және даму ерекшеліктері әсер еткен.
Д
Дәмдік және хош иісті өсімдіктер (пряноароматические растения).
Татымды-хош иісті өсімдіктер – дүние жүзінің әр түрлі континентінде кездесетін 200-ден аса түрі бар өсімдіктердің бай тобы, әдетте тропикалық елдердің классикалық өсімдіктер (ваниль, лавр, қалампыр, мускат жаңғағы, хош иісті бұрыш және басқалары) осы топқа жатады. Біздің елде бай татымды тұздықтармен Кавказ бен Орта Азияның ұлттық тағамдары ерекше көзге түседі, олар тағамды көптеген иісті шөптермен байытты – кинза (кориандр), тархун (эстрагон), көк пияз және сарымсақтың жас гүлді сабағы, тағы басқалар.Татымдылар ретінде әртүрлі мүшелерді: тамырларды (ақжелкек, ақжелкен, балдыркөк), жуашықтарды (пияз, сарымсақ), көктерді (аскөк, ақжелкен, балдыркөк, жиек жалбыз, пияз, сарымсақ, эстрагон, настурция), аналықтар мен аналық ауызды (бұрыш, зире, әшкөк, анис, фенхель, настурция) пайдаланады.Тамаққа татымды өсімдіктерді қосу астағы тұздың дәмдік нормасын азайтады, мұның өзі тұзы аз диетаға (жүрек, бүйрек ауырғанда, аллергия болғанда) өте қажет. Кулинарияға бірін-бірі өзара толықтырып тұратын, асқа қышқылдау дәм беретін татымдылардың белгілі бір үйлесімділігін табудың маңызы зор.
Аскөк. Татымды көк біздің ерте көктемде организмге көктемгі дәм беруші ретінде келіп, оны қысқы витамин тапшылығынан құтқарады, солардың ішіндегі алғашқысы – иісті бақша аскөгі.Емдік мақсатқа шөптің тұндырмасы несеп айдайтын дәру ретінде гипертония ауруының бастапқы сатысында, ал жапырағы мен мәуесінің қайнатпасы – ұйқы қашқанда қолданылады. Мәуелерін тұндырма және қайнатпа түрінде ас қорыту үшін бауыр мен өт жолдары ауруына, жел шығаратын деру ретінде пайдаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет