ҚазаҚстан мұсылмандары діни басҚармасы АллАғА мАдАқ (таңдаулы діни өлеңдер) алматы, 2010



Pdf көрінісі
бет63/124
Дата13.05.2022
өлшемі2,13 Mb.
#34309
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   124
Байланысты:
Allaga madak

Шеберді шебер дегенше, Алланы 
шебер десейші!
Уа, жас ұрпақ, жас адам, 
Жар болсын саған жасаған! 
Бір Алланы ұмытпа
Жүргеніңде бас аман.


147
Таңдаулы діни өлеңдер
Иманды біліп есейші, 
Бақидың қамын жесейші. 
Шеберді шебер дегенше, 
Алланы шебер десейші!
Насихат: -Қайтсең ұқ!-демес, 
Айтамын саған нық қеңес. 
Он сегіз мың ғаламда
Алладан ешкім мықты емес!
Әлемнің жалғыз данасы, 
Имандының панасы. 
Алла ғана екенін, 
Біледі Мүмин санасы.
Шыққанында ел шектен
Түбіне от пен сел жеткен. 
Құлдарын жөнге салуға, 
Пайғамбарды Алла елші еткен,
Алла әмірін жайғандар –  
Жүз жиырма төрт мың пайғамбар. 
Мәңгі жатпақ тозақта, 
Исламнан тайғандар.
Діннен асар ілім жоқ
Құраннан биік білім жоқ. 
Ақырзаман болғанша, 
Оған жетер ғылым жоқ.
Болсаң да күшті тау атқан, 
Құранды оқып сауаттан. 
Опаны пенде табады
Жақсы мен жиған сауаптан.


148
Аллаға мадақ
Баю мен мансап- бас қайғы, 
Сарыңды надан қостайды. 
Сенімі кәміл мұсылман, 
Аллаға серік қоспайды.
Ақылмен барлап әр ізді
Орында бес парызды. 
Төрт құбылаң түгелде, 
Болма өлмейтін тәрізді.
Фәни Алла сынағы,
Туғандар өліп тынады. 
Сынса бұтақ Алланың, 
Қалауымен сынады.
Алладан басқа бәрі кем,
Құдайдың қорық кәрінен. 
Жан азыған сайлап ал, 
Ақиқаттың нәрінен.
Кәпірді құдай ұрады, 
Жаһаннам болар тұрағы. 
Алланың «Әл-хай» есімі, 
Зердемді билеп тұрады.
Ақылың болса ұғарсың
Күпірліктен ығарсын. 
Сәбидің тілін мұсылман, 
Дегізіп «Алла» шығарсын.
      


149


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет