Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының cараптау комиссиясы мақұлдаған



Pdf көрінісі
бет44/96
Дата25.11.2023
өлшемі1,76 Mb.
#126971
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   96
Əйюб пайғамбардың дұғасы
Хақ пайғамбардың науқастанып жатқанына көп жылдар болды. Бағзы деректерде оның он
үш яки он сегіз жыл науқастанғаны айтылады. Осы дерт бір күні қатты асқынып жүрегі мен
тіліне шапты. Ол ауру азабын қаншама тартса да Хақтан үмітін үзбеген еді. Сол себепті ол
Аллаһқа жақындай түсіп, Оның «Шафи» есімін терең түсініп, тынбай зікір етіп келген. Ал қазір
сол дерт меңдеп жүрегі мен тіліне жеткен кезде, оны Хақ тағалаға деген құлшылығыма залал
тимесе екен деген ой мазалай бастады. Ақырында бір байламға келіп, Хақ тағалаға: 
«Я, Раббым!
Бұл дерт маған залалын тигізе бастады. Саған лайықты терең құлшылық ете алмайтын
түрім бар. Сен рақымдылардың ең Рақымдысысың»
?">[213]
, – деп дұға етті. Хақ тағала оның
дұғасын қабыл етіп: 
«Аяғыңмен жерді теп. Міне саған шомылатын əрі ішетін суық су»
?">[214]
?">, –
дейді. Хақ пайғамбар осы бұйрықты алғаннан кейін, дереу жерді теуіп қалып еді, жер астынан
мөп-мөлдір су бұрқылдап шыға бастады. Ол сол суға шомылып, қанғанша ішіп мейірін
қандырды. Сонда Хақ тағала шипасын беріп, қанша жылдық науқасынан бірден айығып бұрынғы
қалпына келді. Қаншама жылдан бері тартқан азабы көрген түстей өте шықты. Əйюб
пайғамбардың осы суға түсіп емделуі кейінгі ұрпаққа дəстүр болып қалды. Халықтың қазіргі
жылы су, шипалы су деген сықылды суларға емделуі осы Əйюб пайғамбардан басталған ба
дерсіз.
Науқастан айыққан Хақ пайғамбар есін жиып, көңілі көншіген соң, ауырып орнынан тұра
алмай жатқан кезіндегі əйеліне жүз дүре соғу антын есіне алды. Бірақ оған соншама жыл
қасынан бір елі айырылмаған сүйген жан жарына дүре соғу оңайға соқпады. Мұншама жыл опа
көрсетіп, жанына серік болған əйеліне қайтарған жақсылығы осы ма еді?! Егер ұрмаса берген
уағдасынан қайтіп танбақ? Сол сəтте Аллаһ тағала пайғамбарына рақым етіп уахи жіберіп:
«Қолыңа бір топ шөптің сабағын алып, сонымен бір ұр. Сертіңнен қайтпа!»
?">[215]
?">, – дейді. Хақ
тағаланың осы əміріне Əйюб пайғамбар қатты қуанды. Дереу қолына бір топ шөптің сабағын
алып сонымен əйелін бір рет ұрды. Сөйтіп, ол жүз дүре соғамын деген сертін орындады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет