Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының cараптау комиссиясы мақұлдаған



Pdf көрінісі
бет66/96
Дата25.11.2023
өлшемі1,76 Mb.
#126971
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   96
Байланысты:
Пайғамбарлар тарихы (Қалмақан Сейтұлы)

СҮЛЕЙМЕН ПАЙҒАМБАР (А.С.)
Дəуіт пайғамбардың (а.с.) он тоғыз ұлы бар болатын. Солардың бірі хазірет Сүлеймен еді.
Дəуіт пайғамбар қайтыс болғанда, Сүлеймен не бары он екі жаста болатын. Оның қалған
бауырлары жиналып, патшалықты қаршадай жасына қарамастан Сүлейменге берді. Ол жас болса
да, ел арасында парасаттылығы, зеректігі жəне дінді өте терең білгендігімен танымал болды.
Сондай-ақ хазірет Сүлейменге сиқыршылардың сиқырын бұзатын əрі құстың тілін білетін ілім
берілген еді.
Сүлеймен патша таққа отырған сəттен бастап, Ақса мешітін тұрғызуды қолға алды.
Құрылысқа адам мен жындардан мықты шеберлер мен ұсталарды жинады. Бұлардың арасында
шайтандар да, əрі олардан дəріс алған адамдар да бар болатын. Осы адамдар күндердің бірінде
адам мен жынның шайтандарын хазірет Сүлейменге қарсы айдап салып, ел ішінде бүлік
шығарды. Тіпті Сүлеймен патшаның тағына дейін тартып алды. Əйтсе да хазірет Сүлеймен
бұған ешқандай қамықпай, қайта өзінен қателік кеткенін сезінді. Бір күні Хақ тағалаға: 
«Ей,
Раббым! Менен өзге ешбір жанға нəсіп болмайтын дүние-мүлік пен патшалық бер»
[325]
, – деп
дұға етеді. Хақ тағала оның дұғасын қабыл етіп, өз қалауынан да артық несібе берді. Сүлеймен
пайғамбарға желдің өзі бағынып, оны тағымен қоса қалаған жеріне апаратын болды. Желдің
жылдамдығы таң атқаннан күн батқанға дейін екі айшылық жол еді. Сүлеймен шеберлерін
жинап елінде балқыған мыстан бұлақ ағызды. Оған берілген тағы бір нығмет болатын. Өзіне
қарсы шыққан адам мен жындардың аяқ-қолдарын шынжырлап, оларды теңіз астынан інжу-
маржан шығаруға, қалалар салуға пайдаланды. Олардың ешбірі сол тұтқыннан қашып құтыла
алмады. Кез келген жын яки адам сол жерден қашатын болса оны дереу жалындаған от күйдіріп
азаптайтын
[326]
. Жын мен адамнан құралған мықты шеберлер Сүлейменнің бұйрығымен
сəулетті құрылыстар, мүсіндер, көлдей ыдыстар мен тай қазандар жасады.
Хақ пайғамбар тағына қайта отырған соң үш бөлек əскер жасақтады. Бұлар жын, адам жəне
құстардан құралған жер қайыстырған қалың қол еді. Ол осы қалың қолын бастап, желге мініп,
қалаған жеріне барды
[327]
. Бірде ол Ақса мешітін бітірген соң, қажылық үшін Меккеге барды.
Қайтарда Тайыфтан өтіп бара жатып бір қойнауға кезікті. Сол жерде құмырсқаның илеуі бар еді.
Олар өз ризықтарын жинау үшін, қойнауға жайылып кеткен болатын. Сүлейменнің қалың қолын
көрген құмырсқа патшайымы: «Уа құмырсқалар! Тезірек илеуге қайтыңдар. Мына жақтан


Сүлеймен патшаның жер қайыстырған қалың қолы келе жатыр. Егер сендер тезірек
жасырынбасаңдар, олар езіп жаншып өте шығады. Қанеки, тездетіңдер!» – деп дауыстайды.
Хазірет Сүлеймен жан-жануарлардың тілін түсіне алатын. Ол құмырсқаның сөзін есітіп
күлімсіреді де: 
«Раббым, маған жəне əке-шешеме рақым еткен нығметтеріңе шүкір етуімді
əрі өзің разы болатын іс істеуімді нəсіп ет те өз рақымыңмен салихалы құлдарыңның арасына
қоса гөр!»
[328]
 деп дұға етіп шүкіршілік білдіреді.
Əрі қарай сапарын жалғастырған Сүлеймен патша түске қарай Санға деген жерге келді. Ол
жер қатты ұнағандықтан, сонда түстенбекші болды. Алайда су таба алмады. Сүлеймен патшаның
əскерінің ішіндегі Һұдһұд деген құсқа шөл далада су табу міндеті жүктелді. Ол су тапқан кезде,
сол жерді айналып ұшып жүріп алатын. Осы жолы ол ұшып жүріп өзіне ұқсас бір құсты көріп
қасына қона кетеді. Екеуі бір сəт шықылықтап тұрды да, жұптасып бір жаққа ұша жөнеледі. Сол
уақытта Сүлеймен патша Һұдһұдқа тапсырма бермек болып жан-жағына қарайды да, көзіне
түспеген соң: «Əлгі һұдһұд қайда кеткен? Егер ол жоқ болса, əскер сусыз қалады. Ол рұқсатсыз
кетіп əскери тəртіпті бұзғаны үшін қатаң жазаланады. Егер өзінің іс-əрекеті дұрыс деп
ойлайтын болса, маған айқын дəлелдерін алып келсін. Əйтпесе оны менің қолымнан ешкім
құтқара алмайды!» – деп ашу шақырады. Көп кешікпей Һұдһұд та келіп: «Уа, патшам! Мен сен
білмеген бір нəрсені біліп келіп отырмын. Пəлен деген жерде Сəбə деген ел бар екен. Олардың
падишасы əйел екен. Онда дүниенің түр-түрі бар. Тіпті өзінің үлкен тағы да бар көрінеді. Сөйте
тұра өзінің де, халқының да, күнге табынып жатқандарын өз көзіммен көрдім. Əзəзіл оларды
осал жерлерінен ұстап, шірк істердің барлығын керемет қып көрсетіп, жолдан тайдырыпты.
Олар осы бетімен кете берсе, тура жолды мүлде таба алмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет