діннің бір міндеті секілді сипат ала бастады.
О баста көзделген жымысқы ниет ақырында «жемісін» бермей қоймады.
Уақыт өте келе
халықтың сенімі шайқалды. Əсіресе көзін ашқалы ескерткіштер мен мүсіндерді көріп өскен
кейінгі ұрпақ ескерткіштерді құдай санауға көшті. Мүсіндердің алдында құрақ ұшып,
«Тілегімізді Құдайға жеткізе гөр» деп табына бастады. Алғашында
бұған халықтан бірді-екілі
адам қарсылық танытқанмен, көпшілік оларды «ғұлама-құдайларымызға тіл тигізді» деп
кінəлап, елден қуды. Жер бетінде пұттарға табыну дəстүрі міне осылай басталды.
Қоғам пұтқа табынып қана қоймады, бірте-бірте халықтың
мінез-құлықтары та бұзыла
бастады. Зинақорлық, ұрлық, біреудің ақысын жеу секілді күнəларға пысқырған жан болмады.
Азғындық барған сайын асқына берді.
Достарыңызбен бөлісу: