Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен «атом» жобасының құрметті елшісі, суретші Кәріпбек



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата15.03.2017
өлшемі3,84 Mb.
#9446
1   2   3   4

Шымкентбай  ЖЫЛМАҒАНБЕТОВ,

Арал аудандық «Толқын» 

газетінің бас редакторы, 

Қазақстанның құрметті журналисі.

Қызылорда облысы 

(«Айқын» газетінен).

Баршамызға  белгілі,  Қазақстан  Рес пуб ли-

ка сының  Президенті  үстіміздегі  жылдың  25 

қаңтарында билік тармақтары арасындағы 

өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жө нін-

дегі Үндеуін жариялаған болатын.

Жүзеге асырылғалы отырған Конс ти ту-

циялық реформа біздің мемлекет пен қоғам 

үшін өте маңызды. 

Елбасы өзінің Үндеуінде Президенттің 

әлеу меттік-экономикалық  процестерді  рет-

теудегі біршама өкілеттіктерін Парламентке 

және Үкіметке берілетінін мәлімдеді. 

Бұл реформалардың халықтық талқыға са-

лынуы негізінен биліктің ашықтық прин ци-

пін, әрбір бастаманы халықпен бірлесіп тал-

қы лауға дайындығын көрсетеді. Яғни, әрбір 

топ бұл талқылауға белсенді қатысып, өзінің 

пікірін білдірсе, бұл қоғамдағы азаматтық 

сезімнің артқандығын көрсетеді.

Бүгінде құрамында Парламент, Үкі 

мет, 


Жо ғарғы  сот,  өзге  де  мемлекеттік  орган дар-

дың өкілдері, сондай-ақ, заң герлер мен ғы лы-

ми-сараптамалық қауымдастықтың өкілдері 

ен гізілген жұмыс тобы құрылып, жұмыс жа-

сауда. 

Конституциялық реформалардың құ-



қық тық-нормативтік  негіздерін  әзір леу мен 

шұғылданған бұл жұмысшы тобы қол да ныс-

тағы заңға сараптама жасап, Консти ту ция-

мызға өзгерістер мен толықтырулар енгізу 

мүмкіндігін зерттеді. Шамамен қолданыстағы 

300-ге жуық құқықтық-нормативтік актілер, 

оның ішінде 11 конституциялық заң, 20 кодек-

ске талдау жасалған.

Реформалар бұрын-соңды Президент бе-

кіт кен  мемлекеттік  бағдарламаларды,  сон-

дай-ақ, белгілі бір кезеңге арналған әлеумет-

тік-экономикалық бағдарламаларды енді Мә-

жі ліспен келісе отырып Үкіметтің бекі туін 

қарастырады. Бұл-мемлекеттік бағдар 

ла 

ма-


лар дың іске асуына жауап беретін Үкімет пен 

Парламенттің жауапкершілігін арттыруға 

бағытталған үлкен қадам.

Енді Мәжілістің рөлі де арта түсетін бо ла-

ды. Бұл жерде Үкімет мүшелерін, минис тр-

лер ді  енді  Үкімет  Мәжіліспен  келісе  отырып 

тағайындайтынын атап өткен жөн. Яғ 

ни, 


палатаның салалық комитеттері ми 

нис 


тр-

лердің кандидатурасын талқылап, ұсы 

ныс-

тарын береді. Мәжіліс келісімін бергеннен 



кейін министрдің тағайындалуы Үкімет оты-

ры сында  бекітіледі.  Мемлекет  басшысы 

Үкімет құрамына кіретін екі министрдің кан-

ди датурасын ғана бекіте алады, олар сыртқы 

істер және қорғаныс министрлері.

Ендігі  уақытта  Президент билік  тармақ-

тары арасындағы жоғары арбитр болады. Бұл 

жұ мы сын  ол  қажетті  өкілеттіктерге  ие  бола 

отырып, Конституцияға сәйкес атқарады. 

Алай да, ішкі саясат, ұлттық қауіпсіздік және 

елдің қорғанысы мәселелері тек қана Мем-

ле кет  басшысының  айрықша  құзіреті  болып 

қала береді.

Өкілеттіктерді беру тиісті Заңдарды өз-

гер ту арқылы іске асады. Осыған орай, Әділет 

министрлігі қазірде мүдделі мемлекеттік ор-

ган дармен бірлесіп заң жобаларын әзірлеуде.

Қазақстан Республикасында қазіргі за-

ман ғы  құқықтық  жүйенің  қалыптасуы  елі-

міз де  қабылданып  жатқан  заңнамалар  сапа-

сы ның қарқынды дамуымен,   орталық және 

жер гілікті  мемлекеттік  органдардың  нор ма-

тив тік-құқықтық  актілерінің  санының  және 

норма шығармашылық қызметтің артуымен 

тығыз байланысты.

Ал, қолданыстағы нормативтік-құқықтық 

актілердің санының артуы әртүрлі құқық тық 

ақауларға, атап айтқанда, қарама-қайшы лық-

тар, қайталанулар, құқықтық сызаттардың 

орын алуына әкеп соғуы әбден ықтимал. 

Мұндай жағдай құқықтық реттеудің тиімділігі 

мен тұтастылығын әлсіретеді және жекелеген 

нормативтік-құқықтық актілердің сыбайлас 

жемқорлық көріністеріне жағдай туғызуына 

ықпал етуі мүмкін.

Сондықтан, норма шығармашылық қыз-

мет нәтижелерінің бірыңғай, тұрақ ты мо ни-

торингінің  кешенді  үрдісін  ұйым дас ты ру-

қолданыстағы нормативтік-құқықтық ак 

ті-


лердің сапасын арттырудағы туындап отыр-

ған басты қажеттілік.

Норма шығырмашылық қызметтің сапа-

сын арттыру үшін нормативтік-құқықтық 

ак ті лер ге  үнемі  мониторинг  жүргізіп  отыру 

қажет. 


Жергілікті мемлекеттік басқару органда -

рының нормативтік-құқықтық актілері ең ал-

ды мен  Қазақстан  Республикасының  Кон сти-

ту ция сына және Заңдарына сай болуы керек.

Нормативтік-құқықтық актілерді тұ 

рақ-


ты талдау ондағы қайшылықтарды анық тап, 

заңдарға сәйкестендіру шараларын қол дану 

Қазақстан Республикасы Әділет минис 

тр-


лігінің және оның аумақтық органдары қыз-

ме тінің  басым  бағыттарының  бірі  болып 

табылады.

Қазақстан Респубикасының «Құқықтық 

ак тілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі За-

ңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес  мем-

лекеттік органдар өздерi қабылдаған және 

(немесе) әзiрлеушiлері болған не өздерінің 

құзіретіне жататын нормативтiк-құқықтық 

ак тiлердiң  мониторингiн  жүзеге  асырады 

жә не  оларға  өзгерiстер  және  толықтырулар 

енгiзу немесе олардың күшi жойылды деп 

тану жөнiндегi шараларды уақытылы қа был-

дайды. 


Құқықтық мониторинг Қазақстан Рес-

пуб ликасының  заңнамасына  қайшы  келетін, 

ескірген, сыбайлас жемқорлық және тиімді 

іске асырылмайтын құқық нормаларын анық-

тау, сондай-ақ, оны жетілдіру жөнінде ұсы-

ныстар әзірлеу арқылы заңнаманың тиім-

ділігін бағалау мен болжау мақсатында жүр-

гізіледі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 

жылғы 29 тамыздағы №486 қаулысымен бе кі-

тілген  құқықтық  мониторинг  жүргізу  қа ғи да-

ларының (бұдан әрі – Қағидалар) талаптарына 

сәйкес нормативтік-құқықтық актілерге 2016 

жылда жүргізілген мониторинг нәтижелері 

бойынша жергілікті мемлекеттік басқару 

ор 


гандарымен  ұсынылған ақпараттарына 

талдау жүргізілді.

Құқықтық мониторинг Қазақстан Рес-

пуб ликасының  заңнамасына  қайшы  келетін, 

ескірген, сыбайлас жемқорлық және тиімді 

іске асырылмайтын құқық нормаларын анық-

тау, сондай-ақ, оны жетілдіру жөнінде ұсы-

ныстар әзірлеу арқылы заңнаманың тиім ді-

лігін бағалау мен болжау мақсатында жүр гі-

зі леді.


Аталған Қағидаларға сәйкес, құқықтық 

мониторингті мемлекеттік органдардың құ-

ры лымдық  бөлімшелері  өздері  қабылдаған 

және әзірлеушілері болған не олардың құ зі-

ретіне жататын құқықтық-нормативтік ак ті-

лерге қатысты жүргізеді.

2016 жылдың мониторинг нәтижесімен 

облыс бойынша қолданыста 550 нормативтік-

құқықтық акті бар. Оның ішінде, заңнамаға 

қайшы келетін 118 нормативтік-құқықтық 

акті анықталып, 115 нормативтік-құқықтық 

акті заңнамаға сәйкес келтірілген.

Тиімсіз іске асырылатын нормалардан 5, 

құ қық  нормаларының  олқылықтарынан  1, 

өзге нормалардан 3 нормативтік-құқықтық 

акті анықталып, барлығы заңнамаға сәй-

кес тендірілген.  Ескірген  нормалардан  153 

нормативтік-құқықтық акті анықталып,  147-сі 

қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтірілген.  

Әділет департаментімен нормативтік-құ-

қық тық актілердің заңдылығын қамтамасыз 

ету мақсатында тіркеуден өткен актілерге үне -

мі қайталама сараптама жүргізіліп оты рады.

Нәтижесінде, 2016 жылы Департаментпен 

13 актіге қатысты 4 заң бұзушылықты жою 

туралы ұсыныс, 4 актіге қатысты қол да ныс-

тағы заңнаманы бұзуды жою туралы 2 хат 

енгізіліп, 10 акті қолданыстағы заң 

на 

ма 


ға 

сәйкестендірілді, 7 акті қаралу ба ры сын да. 

Енгізілген  ұсыныстардың  нә ти же сін де  жер-

гі лікті  мемлекеттік  басқару  орган дары ның  2 

лауазымды тұлғаларына тәртіптік шара кө-

рілді. 


Қорыта келгенде, норма шығармашылық 

кез келген мемлекеттік органға берілмеген 

қызмет, оны қабылдауға тек заң шеңберінде 

ғана мемлекеттік басқару органдары құ-

қылы. Ал, нормативтік-құқықтық актілерді 

қабылдап, оны тиімді қолдану жеке мүдденің 

мәселесі емес, сондықтан барлық қабылданған 

нор ма тив тік-құқықтық  актілер  Қазақстан 

Рес пуб ликасының  Конституциясына,  өзге  де 

заңнамалық актілерге негізделуі тиіс және ең 

бастысы, адам мен азаматқа және қоғам игілігі 

үшін қалтқысыз қызмет етуі қажет. Ол үшін 

нор мативтiк-құқықтық  актiлердің  тұрақты 

әрі сапалы мониторингінің атқаратын рөлі 

ерекше.

Сондықтан, нормативтік-құқықтық акті-



лер дің  құқықтық  мониторингіне  оң  көз қа рас-

пен қарап, заң талаптарын тиісті дәре же де 

орындасақ, біздің Тәуелсіз еліміздің нор ма-

шы ғармашылық қызметімен құқық қолдану 

практикасы  нығая  түседі  деп  тұжы рым дай-

мын.


Нұрсұлу АРЗЫҚҰЛОВА, 

Қызылорда облысы әділет департаменті  

бөлім басшысының міндетін атқарушы, 

«Қазақстан Заңгерлер Одағы» 

республикалық қоғамдық бірлестігінің 

мүшесі. 


·

·

Аймақ

АЙДЫНДЫ  АРАЛДЫ   АЖАРЫ  АЙШЫ ТЫ

Аралдықтардың жадында 2005 жылдың 27 сәуірі естен кетпестей 

жатталып қалды. Ауданға арнайы жұмыс сапарымен келген Елбасы 

Н.Ә.Назарбаев ха лықаралық Кувейт қоры арқылы жүргізіліп, халықтың 

асыға күткен таза суының құбырын өз қолымен іске қосып берді. 

Президент судың дәмін татып «Ең таза ауыз су аралдықтарда» деп 

ағы нан  ақтарылып,  «Аралға  көмектессем  деген  арманыма  жеткеніме 

қуаныштымын!» деп тебіренген. Қазір осы сөз қаланың көрнекті же -

рінен көрініс тапқан. Арал халқы бүгінде таза судың рақатын көріп 

отыр. Елбасы таза судың тұсауын кескен күнді есте қалдыру мақ са-

тында аудан әкімдігі қаладағы С.Сейфуллин көшесінің бойына стел-

ла орнатты. Мемлекет басшысы сол сапарында Ұлы Жеңістің 60 

жылдығына орай, соғыстан оралмаған 6 мың аралдық боздаққа арналып 

са лын ған «Тағзым» алаңының лентасын қиып, алғашқы гүл дестесін 

қойды.

Арал ауданы әкімінің 2017 

жылғы  17 ақпандағы № 48-

ж/ө санды өкімімен Сек сеуіл 

кенті әкімінің лауазы 

мына 

Сәкен Мақсатұлы МЫР-

ЗАҒАЗИЕВ тағайын дал ды.

Сәкен Мырзағазиев  1979 

жылы 21 наурызда Арал қала-

сында дүниеге кел ген. Білімі 

жоғары,  1998  жы лы  Қы зыл-

орда аграрлы-тех ни калық кол-

леджін  бух гал  тер  ма ман дығы 

бой ын  ша,  2005  жылы  Ал   ма ты 

эко но ми ка  және  статис  ти ка-

лық ака 


де 

мия 


сын эконо 

мист 


мамандығы бой ын ша бі тірген. 

Еңбек жолын 1999 жылы Арал ауданы 

бой ынша  са лық  комитетінде 

са лық  тө леу ші лермен  жұмыс 

жүр гізу  бөлі мі нің  инспекторы 

бо лып  бастаған. 

2001-2008 жылдары Арал 

ау   даны бойынша салық ко ми-

те тінің жетекші маманы, 2008-

2012 жылдары Арал ауданы 

бойынша са 

лық комитетінің 

бөлім бас 

шы 


сы, 2012 жылы 

Аты рау  қа ла лық  қаржы  бөлім-

нің сек тор меңгерушісі, 2013-

2017 жыл 

дары Арал ауданы 

бо йынша  мемлекеттік  кірістер 

бас  қар масы 

бас шысының 

орын      ба  сары  қыз ме тін  атқарып  кел ді. 

Жанұялы, 3 бала тәрбиелеп отыр.

ТА АЙЫНДАУ


3

«Білім  туралы»  Қазақстан  Рес пуб ликасының  2007 

жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңының 6-бабының 4-тар ма -

ғы ның 8-1) тармақшасына сәйкес Арал ауданының әкім-

дігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қосымшаға сәйкес 2017 жылға мектепке дейінгі 

тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, 

жан  басына  шаққандағы  қар жы лан ды ру  және  ата-ананың 

ақы төлеу мөл шері бекітілсін.

2. Осы қаулының орындалуын ба қы лау Арал ауданы 

әкімінің орын ба са ры Ж.Әлішеваға жүктелсін.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жа рияланған күнінен 

бастап қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі   М. ОРАЗБАЕВ.

АРАЛ   АУДАНЫ   ӘКІМДІГІНІҢ  ҚАУЛЫСЫ

Арал қаласы                                            №21-қ                   3  ақпан, 2017 жыл

Мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2017 жылғы 17 ақпандағы  №5731 санды нөмірімен тіркелген



2017 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан 

басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы    

Аудан әкімдігінің 2017 жылғы  3 ақпандағы №21-қ қаулысына қосымша



2017 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан 

басына шаққандағы  қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері

1

1908



26295

19929


13614

22690


В соответствии с подпунктом 8-1) пункта 4 статьи 

6 Закона Республики Казахстан от 27 июля 2007 года 

№319 «Об образовании» акимат Аральского района 

ПОСТАНОВЛЯЕТ:

1. Утвердить государственный образовательный за каз 

на дошкольное воспитание и обучение, размер поду ше-

вого финансирования и родительской платы на 2017 год 

согласно приложению.                        

2.  Контроль  за  исполнением  настоящего  пос та нов ле-

ния возложить на заместителя акима Аральского района 

Алишевой Ж.   

3. Настоящее постановление вводится в действие со 

дня первого официального опубликования.



Аким района  М. ОРАЗБАЕВ.

ПОСТАНОВЛЕНИЕ  АКИМАТА   АРАЛЬСКОГО   РАЙОНА

город Аральск            №21-қ         3  февраля 2017 года

Зарегистрировано в Реестре государственной регистрации 17 февраля 2017 года за №5731



Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и 

обучение, размера подушевого финансирования и родительской платы на 2017 год

Приложение к постановлению акимата района № 21-қ от  3  февраля 2017 года



Государственный образовательный заказ на дошкольное воспитание и обучение, размер 

подушевого финансирования и родительской платы на 2017 год

1

1908



26295

19929


13614

22690


“Халықты жұмыспен қамту туралы” 2016 жылғы 6 

сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 

6) тармақшасына және “Мүгедектер үшін жұмыс орын-

да рын  квоталау  қағидаларын  бекіту  туралы”  Қазақстан 

Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму 

министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы №498 бұйры-

ғына сәйкес, Арал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 

1. Ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиян ды, 

қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есеп те мегенде, 

мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұ 

мыс-

керлердің мынадай тізімдік саны бар ұйымдарға жұмыс 



орындарына квота белгіленсін:

1) елуден жүз адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік 

санының екі пайызы мөлшерінде;

2) жүз бірден екі жүз елу адамға дейін – жұмыс кер-

лер дің тізімдік санының үш пайызы мөлшерінде;

3) екі жүз елу бірден артық адам – жұмыскерлердің 

ті зімдік санының төрт пайызы мөлшерінде.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау Арал ауданы 

әкі мінің орынбасары      Ж. Әлішеваға жүктелсін.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен 

бас тап қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі   М. ОРАЗБАЕВ.

Жоба


АРАЛ   АУДАНЫ   ӘКІМДІГІНІҢ   ҚАУЛЫСЫ

Арал қаласы            №         «___» ____ 2017 жыл

Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

В соответствии с подпунктом 6) статьи 9 Закона 

Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года «О занятости 

населения» и приказом Министра здравоохранения и 

социального развития Республики Казахстан от 13 июня 

2016 года №498 «Об утверждении Правил квотирования 

рабочих мест для инвалидов» акимат Аральского района 

ПОСТАНОВЛЯЕТ:

1. Установить квоту рабочих мест для трудоустройства 

инвалидов без учета рабочих мест на тяжелых работах, 

работах с вредными, опасными условиями труда ор га ни-

за циям со списочной численностью работников:

1) от пятидесяти до ста человек – в размере двух 

процентов списочной численности работников;

2) от ста одного до двухсот пятидесяти человек-в 

размере трех процентов списочной численности 

работников; 

3) свыше двухсот пятидесяти одного человека – в 

размере четырех процентов списочной численности 

работников. 

2. Контроль за исполнением настоящего постановления 

возложить на заместителя акима Аральского района 

Алишевой Ж.

3. Настоящее постановление вводится в действие со 

дня первого официального опубликования.



Аким района  М. ОРАЗБАЕВ.

Проект


ПОСТАНОВЛЕНИЕ АКИМАТА   АРАЛЬСКОГО   РАЙОНА

город  Аральск                  №       «___» ___   2017 года

Об установлении квоты рабочих  мест для трудоустройства инвалидов

Арал ауданы әкімінің 2017 жылғы 25 қаңтардағы №25-ж/ө өкі мі не 

сәйкес Атанши ауылдық  округі әкімінің 2017 жылдың 26 қаң та ры нан 

бастап  өкілеттігі  тоқтатылуына  байланысты,  «Қазақстан  Рес пуб ли ка-

сы ның аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық 

округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сай-

лауын өткізудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы 

Пре зидентінің  2013  жылғы  24  сәуірдегі  №555  Жарлығымен  бекітілген 

Қағи да ларының  45,  15-тармақтарын  басшылыққа  ала  отырып,  аудандық 

сай лау  комиссиясы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Атанши ауылдық округі әкімінің сайлауы 2017 жылдың 29 нау-

рызына  (сәрсенбі)  тағайындалсын.

2. Әкімдікке кандидаттарды ұсыну сайлау күніне 30 күн бұрын (27 

ақпанда) басталып, сайлау  күніне  25 (04 наурызда) күн қалғанда аяқ та-

латын болып және кандидаттарды тіркеу барлық қажетті құжаттар алын-

ған нан кейін басталып, дауыс беру күніне 15 (14 наурызда) күн қал ғанда 

аяқталатын болып белгіленсін.

3. Осы қаулы аудандық «Толқын» газетінде  жариялансын.



Б. ДАБЫЛОВ,

аудандық сайлау комиссиясының төрағасы.



Ш. БИСЕНАЛИЕВА,

аудандық сайлау комиссиясының хатшысы.



АУДАНДЫҚ  САЙЛАУ  

КОМИССИЯСЫНЫҢ  ҚАУЛЫСЫ

Арал қаласы    №АСК-37    23 ақпан 2017 жыл



Атанши   ауылдық   округі  әкімінің 

сайлауын   тағайындау  туралы

Өзім ұзақ жылдар қызмет еткен 

қаламыздағы білім ордаларының қара 

шаңырағы атанған №13 Т.Г.Шевченко 

атындағы мектептен білім алған 

шәкірттеріміз ұланғайыр еліміздің түкпір-

түкпірінде абыройлы еңбек етіп жатыр. 

Нағыз гуманист, академик Шалва 

Аманошвили: «Мұғалім-дүниеге жарық 

беріп, өмір, махаббат сыйлайтын, білім, 

даналық    нұрын шашатын рухани 

күш» деген екен. Осы бір ұлағатты сөз 

ойымызға түссе болды, өзіміз тәрбиелеп, 

білім берген шәкірттеріміздің қоғамдағы 

орны қандай деңгейде екенін жиі еске 

алып отырамыз. 

Қашыққа бармай-ақ, өзіміз өмір 

сүріп жатырған киелі топырағымызда 

ауданымыздың өркендеп-өсуіне үлкен 

үлес қосып жүрген шәкірттеріміз қаншама 

деп ауыз толтырып айта аламыз. 

Мұзафар Әлімбаев: «Ұстазы парасатты 

болса, шәкірттерінің қадамы сәтті 

болады» демекші, аудан әкімі Мұхтар 

Оразбаев, аудандық мәслихат хатшысы 

Дәуренбек Мадинов, «Нұр Отан» 

партиясы аудандық филиалы төрағасының 

бірінші орынбасары Алдаберген 

Жоланов, Қазақстан Республикасының 

құрметті журналисі, аудандық «Толқын» 

газетінің бас редакторы Шымкентбай 

Жылмағанбетов, қала әкімінің 

орынбасары Пазылбек Берсүгіров, 

аудандық құрылыс бөлімінің басшысы 

Тойбазар Ұзақов, аталмыш мектептің 

директоры Хадиша Орынбасарова 

және бірнеше жұмыс көздерін ашып, 

жұртшылыққа қамқоршы атанған 

кәсіпкерлеріміз, облыстық мәслихат 

депутаты, «Тоғыс Аралотын» ЖШС-

нің директоры Мейрамбек Жұмашев, 

«Камбала балық» ЖШС-нің директоры 

Шүкірбай Әбдуәлиев, қайыр-қомы мол 

кәсіпкер Айсәуле Байтұрғановалармен 

қатар басқа салаларда да абыройлы еңбек 

етіп жүрген шәкірттерімізбен мақтанамыз. 

Міне, бүгін кезінде осындай 

шәкірттерді тәрбиелеп, білім берудің бел 

ортасында жүрген, қазір сексен жастың 

төріне шыққан ұстаздардың ұстазы 

атанған ұлағатты ұстаз Әмір Берсүгіров 

ағамыз туралы айтпақпыз.

Ол кісіні математика пәнінің жүйрігі 

десе әбден жарасады.  Сабақ беру 

барысында оқушыларға қарапайым 

тілмен ұғынықты етіп жеткізе білетін. 

Педагогикалық тәлім-тәрбие тәжірибесін 

кейінгі жас буын ұстаздарға үйретуден 

жалыққан емес. Мен өзім де осы Әмір 

ағадан педагогиканың қыр-сырын 

үйрендім деп айта аламын.

«Кеудесі жақсылардың алтын сандық» 

деп даналар сөздерінде айтылғандай, 

сабақтың үзіліс немесе бос кездерінде 

өзінің өмір жолын, ағалық ақыл-кеңесін 

айтып, қамқорымызды соғып отыратын.

«Математика дегеніміз-ақыл-ойдың 

динамикасы» деп ғұламаларымыз 

айтқандай, техникадан хабардар, тіпті 

өнертапқыштығы да бар. Өзінің жеке 

қожалығындағы «Урал» мотоциклінің 

дөңгелегінің айналысын беріліс күшіне 

сәйкестендіріп, шөп шабатын шағын 

қондырғы жасағаны да есімізде. Мектепте 

жүрген кезде-ақ,  араб әріптерінің 

айтылуы, жазылуы, оның үлгілерін оқып 

отырып, Құран сөздерін оқып, бізге де 

түсіндіретін. 

«Атасы тектілердің тұғыры асыл, 

ұрпағы бір тартады қалыбына» деп 

айтқандай, Әмір ағаның әкесі Берсүгір 

ата да діни сауатты, Құранды қари 

оқитын, тақуа адам болған көрінеді. Сол 

әкеден үйренген, сабақ алған Әбекең 

де «қойнында Құраны, аузында иманы 

бар» дегендей, діни сауатты, шежірешіл, 

хадистерден жақсы хабардар, намазхан 

екенін үлкен жиын, садақаларда 

кездескенде аңғарып отырамыз. 

Шығыс ғұламасы Фердоуси: «Бірде бал, 

бірде у беріп өтеді өмір, бақты да, қайғыны 

да көтере біл» демекші, Әбекеңнің 

адал жары, ұлағатты ұстаз ана болған 

Сәрсенкүл өмірден өтті. Бауыр еті баласы 

Сапа қайтыс болғанда да шүкірлік етіп, 

ауыр қайғыны көтере білген Әмір аға еді. 

Қалғандарға береке, жүрім берсін 

деген халықтың ақ пейілі шығар, №13 

мектепті «алтын медальмен» бітірген қызы 

Зейнеп Қорқыт ата атындағы мемлекеттік 

университеттің шет тілі факультетін 

бітіріп, ағылшын тілі пәнінің үздік мұғалімі 

атануда. Ұлы Мұхан ғылым жолын 

қуған. Астанадағы Гумилев атындағы 

Еуразия университетінде дәріс беретін 

ғылым кандидаты, ал келіні Майра да сол 

университетте дәріс береді. 

Әмір аға зейнетке шықтым деп пештің 

қуысында отырып қалған жоқ. Ақбай 

алқабында егіншілік кәсібімен айналысып, 

оның нәпақасын көрді. «Елде болса, 

ерніңе тиеді» дегендей, Әбекеңнің алған 

өнімінен жұртшылық та ауыз тигенін 

білеміз. Жер-Анадан қол үзбеген Әбекең 

әлі де болса қол қусырып қарап отырмай, 

диқаншылықпен айналысады. Біз де 

үйімізде егетін майда-шүйде көкөнісімізді 

және жеміс ағаштарын күтіп-баптау 

сияқты кеңестерді сұрап, біліп отыруды 

дағдыға айналдырдық. 

Әмір ағаның бір ерекшелігі, ретсіз 

мақтау мен мадақтауға жаны қас. Айтайын 

деген сөзін бүгіп қалмайтын, қайсар 

мінезіне тәнті боламыз. «Балаларым мен 

шәкірттерімнің алған биік асулары мен 

қоғамдағы алатын жақсы орны-менің 

жетістігім деп ойлаймын» дейді Әмір 

ақсақал ағынан жарылып.

Әмір ағаның жағасын кірлетпей, 

төсегін қалың салып, сүйікті асын 

уақытылы дайындап беріп отырған келіні 

Балжанға ризашылығын да аяған емес. Бір 

сөзбен Әмір ағаның туыстар арасындағы 

беделі мен көшбасшылығы және 

немерелерінің ортасында қартаюдың 

өнегелі үлгісін көрсетіп отырған қадірлі 

ақсақал десе жарасады.

Осындайда бір тәмсіл ойға келеді. 

Баяғыда бір қария жеміс ағашын егіп 

жатыпты. Өзі белі еңкіш тартып, әбден 

қартайған кәрі адам екен. Оны көргендер: 

«Ата, өзіңіз болса қартайдыңыз, бұл 

ағаш қашан жеміс береді, оны сіз көре 

алмайтын да шығарсыз, несіне әуре болып 

жатырсыз?»-дегенде, белін бір сәтке 

жазған қария: «Мен жемісін жемесем де, 

оны кейінгі ұрпағым жейді ғой, сол үшін 

отырғызып жатырмын» деген екен. Сол 

секілді, Әмір Берсүгіров ағаның өнегелі 

өмір жолы, алған асулары кейінгі ұрпаққа 

мұра болып қала береді және осындай 

асыл қазыналы ақсақалдарымызға Құдай 

қуат беріп, әдемі қартаюдың үлгі өнегесін 

жалғастыра беріңіздер деп тілегімді 

айтқым келеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет