қызметкері.
өмірлері жайлы сыр шертетін. Ба ла
дей жетілген заман емес. Әрбір жан
кезеңдер ғой. Таң атысымен ты ным-
ша руа болғаны белгілі. Өйткені, сол
ным тапқан емес. Үйреніп қалған сол
баяғы тірлік. Жас күндерінде қалауы
таусылмайтын баланың жайы. Бірі-
лау жұмысы. Одан қалды, түскі ас
пен кешкі астың қамы. Міне, осы
сек, орынды шығар. Себебі, таңның
халқымыз. Бала күнімде атама қара-
ке кет ті. Тек бізге айтып қал дыр ған
талып қалыпты. Бала күнімде
өтінуші едім. Сондай әңгімелерінің
туралы айтқаны есімде.
қарбаласып жүретін уақыт қой. Ата-
жұмысы болған кейде. Ол уақыттарда
тым көп болған деседі. Лек-легімен
рінген. Ата-әжелеріміздің басынан
кен. Сол киіктердің арасынан үйдегі
ге реді екен. Оларды сойып, қазанға
тас тайды. Оларды да далаға тастауға
келеді. Сонда әлгі киіктің етін аспай,
жаңадан қой сояды екен. Міне, қа-
гінде бұл дүниеден көшті. Олардың
еліктей алып жүрміз бе?! Ай, қайдам...
орталықтарында көрсетіледі.
1. Орта және шағын кәсіпкерлікті, кәсібін жаңадан
2. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін
3. Орта және шағын кәсіпкерлік, жаңадан бас-
4. Қаржылай емес көмекті алу үшін шағын және орта
келетін тұрғындардың арызын жинау.
6. Қаржылық институттарымен жұмыс жасау та-
лаптары түсіндіріледі.
ҚЫЗМЕТТЕР АҚЫСЫЗ ТҮРДЕ КӨРСЕТІЛЕДІ.
Кәсіпкерлікті қолдау орталығының мекен-жайы:
Арал ауданы – Арал қаласы, Бактыбай батыр
көшесі, 46 үй, тел.:8/72433/79199
ілескен еді. Отбасының тірегі, бала ла ры ның
біздер үшін орны бөлек еді. Ендігі жерде,
ортамызда болмайтыны өкінішті. Аяулы
Болған жағдайға амалсыз көндігудеміз. Өзіне
өнеге. Ендігі жерде, әріптес болған қадірлі
жанның арты қуаныш болсын. Оның көрмей
Има ның жолдас болсын.
«Казаэронавигация»
Арал учаскесі ұжымы.
жал ғас тырылатынын хабарлаймыз.
жеңіл автокөліктер. Нақты оқу ақысы-35 000
(Бор ты бар Газель, УАЗ, ГАЗ-53, ГАЗ-66). Нақ-
ты оқу ақысы-55 000 теңге. Жеңілдетілген түр-
де-40 000 теңге. 1 оқу тобы (30 оқушы), оқу мер-
(ЗИЛ-130, КамАЗ, т.б.). Нақты оқу ақысы-30 000
теңге. Жеңілдетілген түрде-25 000 теңге. 1 оқу
4
260
5919
Бейбарыс Сұлтан көшесі, 4.
Тел: 8(7242) 40-06-68
Газет Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінде 19. 06.
2014 ж. қайта тіркеліп, №14405-Г куәлігі берілген.
«Толқын» аудандық газеті ҚР СТ ИСО 9001-2009 «Сапа менеджменті
жүйесі» талаптарына сәйкес сертификатталған.
ей
Газет редакцияның компьютер орталығында
теріліп, беттеліп, «Сыр медиа» ЖШС баспаха-
насында басылды. Тел: 8 (7242) 40-06-68.
Газеттің таралымы бойынша 8(72433) 2-18-42
немесе 8 (7242) 70-14-08 телефонына хабар-
ласуға болады. Қызылорда қаласы, Бейбарыс
Сұлтан көшесі, 4. А.
Кезекші редактор
Құндыз ДӘУІТОВА
Түсім бе, әлде... Өңім де секілді.
Толқыны тайдай тулаған көк теңіз
арнасына толыпты. Көкжиегі ас пан-
мен астасып жатқандай. Ақ шағалалар
шаңқылдап, айдын төсіне еркелей
құл
дырайды. Алып кемелер ерсілі-
қар сылы теңіз бетінде жүйткуде. Те-
ңіз етегіндегі ақ шағыл құмда аунап,
күн ге қыздырынған адамдардың кө-
ңіл деріне шаттық ұялаған. Бейне бір
шабыт шақыратындай тамаша кө рі-
ніс.
Күмістей жарқыраған теңізге көз
тастап қойып, сұлу табиғатқа сүй сі-
ніп, жағалауда мен де отыр екенмін.
Қо лымдағы қаламымды қайта-қайта
қармап, бірдеңе жазғым келетіндей
ме, қалай? Көзімді күн сәулесінен
ала қаныммен көлегейлеп, жан-жа ғы-
ма алақтаймын. Кімді іздеймін? Жү -
ре гім аласұрып, бір тылсым күш бо й-
ым ды билеп алғандай. Кенет, кө зім өр
кеуделі, қара торы жігіт ағасына түсті.
Көзіне киген көзәйнегі бір жағына
қарай сәл қисайып ке тіп ті. Өзі оны
еле местен қалың қара кітапқа төніп
отыр. Қасына жайлап жақындадым.
Аяқ астында бірдеңе жалт-жұлт етеді.
Ал
тындай жалтылдаған қаламсап
екен. Қызығып кеттім. Дереу ең кей-
іп, қаламды қолыма ұстаған күйі ой-
ла
нып кетіппін. «Әдемі ме?»- деді
гүрілдеген дауыс. Жалт қарадым.
Мі не, ғажап! Зейнолла Шүкіров! Иә,
иә, шынымен дәл өзі. Аяқ ас тын да
аузыма сөз түспей, күмілжи бер дім.
«Бұл саған сыйым болсын! Қа ла мың
қарымды болсын!»-деп, маң
дайым-
дағы кекіл шашымнан сипады. Қуан-
ға ным сондай, рақмет айтуды да ұмы-
тып, қаламды қалтама сүңгітіп жібер-
дім...
-Әй, тұр, тұр, кешіктің!-деген
әкем нің ащы дауысы құлақ түбінен
ес тілді. Шошып кеттім. Көзімді әрең
аш
тым. Қатты ұйықтап қалыппын.
Жа ңа ғының бәрі түсім екен. Қап, әт-
те гене-ай!
Таң бозарып атып қалыпты. Те-
ре зе ден түскен жарық бөлме ішіне
сәулесін шашып үлгеріпті. Атып тұ-
рып, сағатқа қарадым... Жүрегім
зу етті. Сағат 8.30-ды көрсетіп тұр.
«Өл дім!» дедім іштей. Бірінші сабақ-
әде биет сабағы. Сыныпта Зейнолла
ата ның туған күніне орай сайыс өтіп
жат қан. Ал керек болса?! Галстугты
жү ре байлап, мектепке қарай зулай
жө нел дім.
Кеш бата қыламықтап жауған қар
та ңер теңге дейін жауып, айналаны ақ
ма мыққа орап тастағандай. Көңілім
сер гігендей болды.
Жолай енді кешіккенімнің себе-
бін қалай жеткіземін деген оймен
әлек болдым. «Ұйықтап қалыппын»
де ген сөзді қалай айтпақшымын. Ұят
емес пе? Ал, өтірік айту ше, ол бұ-
дан да сорақы ғой! Басым қатты. Жә,
тәуекел! Түрлі оймен алысқан мен
мектепке қалай жеткенімді бай
қа-
май да қалыппын. Тышқан аңдыған
мы сық ша ұрлана көз тастап, сынып
бөл ме сінің алдына жеттім. Тың тың-
да дым. Жым-жырт. Бұлар қайда кет-
кен? Есіктің саңылауынан ішке көз
тастадым. Көзім сыныптағы сөзшең
Диасқа түсті. Қаламын құлағына қыс-
ты рып, қысық көзін сығырайтып
үл кен бір ойдың үстінде отыр. Таң
қал дым. Әншейінде орнында отыра
ал майтын, аузы жабылмайтын Диас
неге үнсіз? Есікті қақтым.
-Кіре ғой!-деді таныс дауыс іштен.
Есікті ашып, ішке басымды си-
па ған күйі кібіртіктеп әрең кірдім.
Ұстазым жаныма келіп:
-Кел, отыра ғой, шығарма жазып
жатырмыз. Кейін сөйлесеміз, енді
ке шік пеуге тырыс!-деп аялы ала қа-
ны мен арқамнан қақты. Маңдайым-
нан суық тер бұрқ ете қалды. Ұял ға-
ным ды-ай! Көзім тақтадағы әріптері
мар жандай тізілген сөзге түсті. «Қу-
ат алдым, қаламгер қаламынан...».
Зей нол ла ақын жайлы екенін бірден
ұқ тым. Е, енді білдім, әншейінде езуі
жыйыл майтын Диастың неге қалың
ойға шомғанын. Енді ше, қаламы қа-
рымды, абзал жүректі алыбымыз
Зе кең жайлы сөз қозғау оңай шаруа
емес-ақ!
Айналамдағы достарымның бәрі
үнсіз. Бар ықыластарымен қағаз бе-
ті не үңіліп, жазып жатыр. Әр жерден
мұрындарын тартып, «пыс-пыс» ет-
кен дыбыстар естіледі. Мен де жа зу ға
кірістім. Әрине, түсімде сыйға ал ған
алтын түстес қаламым жайлы жаз-
бақ шы мын.
Махмұт РАЙЫМБЕК,
З. Шүкіров атындағы №20 орта
мектептің оқушысы.
Сахна төрінде ән шырқап, баянын сызылта
ойнатқан жігіт ағасының жағымды қоңыр даусы
көрер мен дерді бір сәтке баурап алғандай. Зал іші
сілтідей тын ған, тым-тырыс. Тек тыңдаушысын
еліткен жа ңа ғы әсем ән баяу барып үзілгенде ғана,
зал толы жұрт шылық ду ете қалды. Қол соғу ұзаққа
созылды. Көрерменнің тілегі белгілі «Шіркін-ай,
тағы бір ән салса екен» дейді. Әдемі ән мен әншіні
жібергісі келмейді.
Бұл №81 орта мектебінің әуез пәнінің мұғалімі
Мұхтар Омаров еді. Әке туралы осы бір әнді Мұх-
тар ерекше ықыласпен орындайды. Өйткені,
Мұх тар да кезінде әке арманын дөп басып, сезе
алмаған. Онда ол жас болатын. Есімі аудан, облыс
көлеміне кеңінен танымал ұжымшар төраға сы,
жыршы Берекет Омаров ағамыз дүние ден ерте
кеткен. Өнер десе ішкен асын жерге қоятын ауыл
басшысы өндіріс пен өмірді қатар алып жүріп, со-
нау 80 жылдардың бас кезінде рес пуб ликалық
термешілер сайысына қатысып, жыр құдіретін
барша Қазақстан жұртына паш етті.
Әке арманы көп еді. Нұртуған мұрасын жинап,
қалың жұртшылыққа кеңінен таратқан дейтін!
Ол мұратына жетіп, Нұртуған жырларын тұңғыш
күйтабаққа жаздыртқан да әкесі еді. Әке арма-
нын бүгінде Омаровтар әулеті асқақтатып келеді.
Себебі, ағасы марқұм Сәбит те, інілері Байқазақ,
Бүркіт, Байназарлар да өнерден құр алақан қалған
емес. Әкесінің ешкімге ұқсамайтын бөлек, қоңыр
дауысын кішкентайынан тыңдап өскен Мұхтар да
ән-жырға бір табан жақын болды. Сол себепті, ол
Қызылорда педагогикалық институтының сту ден-
ті атанды. Домбыра мен баянда ән айтудың небір
сырларын ұқты. Институт қабырғасында жүріп,
ғылыми конференцияларға қатысып, жүлдегер
атан ды.
Тектінің тұяғы Мұхтардың да бүгінде мақсаты
айқын. Ол-мектеп қабырғасындағы шәкірттерді
өнер ге дайындап, үлкен өмірге қанат қақтыру.
Ұзақ жылғы еңбегі босқа кеткен жоқ. Өзі де озды,
шәкірттері де озды. Өзі болса республикалық
«Жігіт сұлтанына» қатысты. Аудан әкімінің ше-
ші мімен «Жылдың үздік әуез пәнінің мұғалімі»
деген аталымға ие болды. Бұл оның еңбегіне бе-
ріл ген әділ баға еді. «Ұстаздан шәкірт озар» де мек-
ші, шәкірттері де аудан, облыс көлемінде үне мі
жүлделердің алдын бермей келеді. Екі жыл көле-
мін де шәкірті Әлімжан Ернар Абай, Шәкәрім ән-
де рінің Семейде өткен республикалық байқауына
қа
ты
сып, жүлделі II орынды жеңіп алды.
Шәкіртімен бірге Семейге Мұхтардың өзі де бар-
ды. Биылғы жыл Мұхтар үшін тіпті мерейлі болды.
Мамыр айының соңында Алматыға шәкірті Аль-
бина Сембаева екеуі облыстан бас жүлдені жеңіп
алып, халықаралық «Бозторғай» ән байқауына
қа ты сып қайтты. Нәтижесінде, шәкірті II орын-
ды жеңіп алып, атақты өнер майталмандарының
қо лы нан марапат қағаздарын алып, аудан, облыс
мерейін биікке жеткізді. Қарапайым №81 орта
мектебінің мұғалімі Мұхтар Омаровтың есімі
бүгінде барша жұртқа танымал болды.Бір кездегі
әке арманының орындалғанын Мұхтар да іштей
сез ді. Мектепте өзіндік орны бар, I санатты әуез
пәнінің мұғалімі Мұхтар Омаров туралы қалай
айтсақ та, қалай жазсақ та аз емес. Әдемі де жи-
нақ ты жабдықталған әуез пәні кабинетінде бая-
нын құшақтап, ойға шомған Мұхтарды көргенде,
жақ сы істердің ұйытқысы болып жүрген осы бір
жанға өзің де сүйсіне қарайсың.
Әке туралы әлгі бір әуен құлағымда әлі тұр ған-
дай. Дауыс ырғағынан бейне бір сағыныш сезімін
сезгендей болдым. Мүмкін, әке арманының орын-
дал ғаны да осы болар . . .
Жақсыбай МУСАЕВ,
Қызылжар елді мекені,
Арал ауданы.
·
Оқушы шығармасы
·
ÓÀÒ ÀËÄÛÌ,
»
Әскери-патриоттық тәрбие
жас өспірімдерді
еліне
деген
сүйіс пен шілікке, ұлттық армия са-
пын да адал қызмет атқаруға, аза-
мат тық-адамгершілік қасиеттерді
бойына сіңіруге баулиды. Бала-
әрдайым өмірге қызыға қарайды,
бәрін үйренгісі келеді, еліне қа-
жет азамат болып өскісі келеді.
Жас тарды қазіргі экономикалық
өмір салтының талаптарына лай-
ық ты етіп тәрбиелеу және олар-
ды жан-жақты дамыған азамат
ре тінде өсіру мектептің және мұ-
ға лімнің, сонымен бірге әскери
же тек шілердің міндеті.
Қазақстан Президентінің
«Қа зақстан-2050» стратегиялық
бағ дар ламасының
«Қазақстан
Рес пуб ликасының Білім және
ғылым Министрінің 2015 жылғы
тәрбиелеудің тұжырымдамалық
негіздеріне сәйкес «...ба
ланың
жеке қалыптасуында саяси мә-
де ниеттілігі қазіргі жа ңа қо-
ғам мен нарықтық эко но ми ка
құру жолында өзін ер
кін се-
зінуіне көмектеседі...» де лін ген.
Жалпы, бүгінде ел би
лігі жас-
өспірімдердің елінің пат рио ты
мен азаматы болып қалып та суы-
на аса көңіл бөліп отыр.
Әскери тәрбие жастардың
Отан алдындағы азаматтық бо ры-
шы мен жауапкершілігін терең
тү сіндіруге негіздейді. Олардың
аза
маттық қасиетін шыңдау
үшін тарихи орындарға саяхатқа
шы ғуды ұйымдастыру, белгілі
жер лер мен тарихи қалаларды
көр сету, әскери бөлімшелердің
тұр мыстық жағдайларымен та-
ныс тыру, еңбек және майдан ар-
да гер лерімен кездесулер өт кізу
керек. Бұндай шаралар оқу шы-
лар санасына терең ой са
лып,
көзқарасына әсер етіп, ой түюге
көмектесетіні сөзсіз. Жас
өс-
пірімдердің өздерінің жер
лес,
атақты адамдар туралы дерек-
тер жинауы туған жерге деген
мақ
таныш сезімін туғызады,
олар дың ісін құрмет тұтып,
үлгі алуына көмектеседі. Жас-
өс
пірімдерді қыры мен сыры
мол әскери мамандыққа мек-
теп қабырғасынан бастап даяр-
лау-қоғам мен ұлттық ар мия ал-
дындағы әлеуметтік мін дет жә не
азаматтық бо
рыш. Ол оқу
шы-
ның саналы көз қа ра сын қа лып-
тас
тыру деген сөз. Мектепке
бас
тауыш әскери даярлықтың
ен гізілуі, оған байланысты әс-
ке ри-патриоттық тәрбиенің те-
рең деуі, Отанымыздың саналы
және белсенді күрескерлерін
тәр биелеуге, оларды еліміздің
игі лігіне жанқиярлықпен еңбек
ету ге, республикамыздың мүд-
десін қорғауға, талантты әс ке ри
кадрлар даярлауға жаңа мүм-
кін діктер туғызады. Жас тар ды
Отанды қорғауға, жас аза мат тар-
дың патриоттық тәрбиелік та-
ным дары мен мінездерін қа лып-
тас
тыру-ауыр және сан қырлы
процесс.
ХХ ғасырдағы елім, жерім,
ұлтым деп еңіреген ұлтжанды
аза маттарымызды нағыз пат-
риот ерлер қатарына жатқыза
ала мыз. Олар тар жол тайғақ ке-
шу лі тарихи өмірде өз бас та рын
бәйгеге тігіп, елдің қамын жеп,
мұңын жоқтау асыл атала
ры-
мыз дың ғана қолынан келген.
Демек, арғы ата-тегімізде бар
ұлтшылдық, елжандылық, на-
мыс шыл дық, қайсарлық қа сиет-
тер ұрпақтарының өн бой
ын-
да болуға тиіс. Біздер бола шақ
ұрпақты ұлтжандылық мақ сат та
тәрбиелеуге тиіспіз. Хал қы мыз-
дың патриот ұлы Б. Момышұлы:
«Біздің тарихымыз-батырға бай
тарих, халқымыз батырлықты
биік дәріптеп, азамат пен кісі-
лік тің үлгісі санаған. Батырлық,
ерлік ұрпақтан-ұрпаққа ата-дәс-
түр болып қала бермек»,-деген
еді.
Бүгінде «Мен патриотпын»
де ген замандастарымыздың бой-
ы нан нағыз ұлтжандылық сезім-
нен гөрі, мендік патриотизм өріс
алғанын байқаймыз. Яғни, олар
өзінің бас мүддесін бірінші орын-
ға қояды, ұлттық, елдік мақсат
ке лесі орынға қалады. Сон дық-
тан, әр адамның бойынан өзім-
шілдік, менмендік, тек өз пай-
дасын көздейтін пиғылдан арылу
үшін, ұлтжандылық тәр
бие
сіне
баулу керек. Ол ата-баба
ла
ры-
мыздың ерлік істерінен, аңыз
әңгімелерінен, батырлар жыры-
нан мысал келтіре отырып, со-
лар дан үлгі алу, өздерін солардың
ұрпағы екендігіне көз жеткізе
отырып, еліктету арқылы іске
асы руға болады. Сондықтан, әр
адамның бойына Отанға, хал қы-
на шын берілгендіктен, ата-сал-
тына, ел тарихына деген құрмет,
ерлік рухы қалыптасуы керек деп
білеміз.
Ш. ШАМҰРАТОВ,
№74 орта мектептің мұғалімі.
Жуырда №69 орта мектептің тәлімгері Таңшолпан Жұ ма-
баева ның ұйымдастыруымен «Шаңырағым-шаттығым» ат ты ап-
та лық болып өтті.
Апталықтың негізгі мақсаты-бала тәрбиесінде мектеп пен от-
ба сының өзара іс-қимыл әрекеттерін жетілдіру және отбасы құн-
дылығы туралы түсініктерін кеңейтіп, отбасы игілігі үшін тал май
еңбек етуге үйрету. Апталықтың алғашқы күні 5-8-сы нып оқу-
шы ларының қатысуымен «Біз-бақытты отбасы» тақы ры бын дағы
байқаумен ашылды. Бұл байқауда өзінің тіл шеберлігімен, ойы-
ның ұшқырлығымен 5-сынып оқушысы Үмбет Талапбай І орынды
же ңіп алды. Ал, ІІ орынды Бекарыс Жаңабаев иеленсе, ІІІ орынды
Ай дархан Тілеуімбетов еншіледі.
Сондай-ақ, келесі күні «Мен және менің отбасым» атты 1-4-сы-
ныптар аралығында жанұялық фотосуреттер сайысы болып, оқу -
шылар өз ойларынан туындаған шығармаларын ортаға салды.
Онда түрлі альбом, бүктемелер және плакаттар дайындалып, әр
сы ныптар өз шеберліктерінің нәтижесінде орындарға ие болды.
Одан әрі өз жалғасын тапқан апталықта «Тәрбиенің ең та ма-
ша мектебі–Отбасы» тақырыбында диалогтік алаң болып өтті.
Оған мектебіміздегі отбасылы мұғалімдер мен оқушылар қа тыс-
ты. Сонымен қатар, оларға отбасы жөніндегі тәрбиелік маңы зы
зор ұлағатты сөздер айтылып, бағыт-бағдар берілді. Тәлім-тәр-
бие
лік маңызы зор, жоғары дәрежеде ұйымдастырылған пән
апталығында жанұялық эстафеталық ойындар да өткізілді. Сол
сияқ ты «Отбасым-жан шуағым» тақырыбында отбасылық ән бай-
қауында өнерпаздар өз өнерлерін көрсетіп, көпшіліктің көзайы-
мы на айналды.
Сайыс қорытындысында, мектеп директорының тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары Гүлзат Маханова сайысқа қатысқан отбасы
мүшелеріне алғысын білдірді. Нәтижесінде, Алдақияровтар «Үз-
дік отбасы», Дәрібаевтар «Мерейлі отбасы», Аманбаевтар «Тату
отбасы» және Асановтар жанұялары «Өнерлі отбасы» номи на-
ция ларымен марапатталды.
Иә, «Отан отбасынан басталады» дегендей, бұл байқаудың
бала тәрбиесінде алар орны ерекше. Балғындардың адамгершілік
қасиеттері отбасынан қалыптасқаны секілді, мектеп мұғалімдерінің
де сол бағытта берер бағдары шәкірт үшін келешекке апарар тура
жол болмақ. Ендеше, аталмыш жарыстың отбасы құндылықтарын
бала санасына сіңіруде ықпал етері сөзсіз.
Достарыңызбен бөлісу: