Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы


ОҚО  Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылы



Pdf көрінісі
бет8/13
Дата03.03.2017
өлшемі2,7 Mb.
#7537
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

ОҚО  Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылы 
№89 «Қайнарбұлақ» жалпы 
          орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі 
Имомалиева Хуморой
Сабақтың атауы
Т. Молдағалиев. Мамандық таңдау.   
Қ. Аманжолов. Ұшқыш болғым келедi.
Мақсаты
Күтілетін нәтиже
Т. Молдағалиевтың, Қ. Аманжоловтың  
шығармасымен таныстыру; оқушыны 
көркем шығарманың мазмұнын түсінуге 
жетелеу,
1.Білімділік: түсініп оқу, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру;
2.Дамытушылық:   өлеңдіі,  
  талдау   қабілеттерін   дамыту;
белсенділіктерін дамыту;
 
3.Тәрбиелік:   ізгілікті-елжанды   дара   тұлға   төрбиелеу;   кәсіпкерлікке
тәрбиелеу.
Сабақ түрі
: жаңа тақырыпты таныстыру сабағы
Көрнекіліктер:         мамандық   иелерінін   суреттері,   ұшақ   түрлері
суреттері.
Әдіс-тәсілдер: жұптық , талдау, сипаттау
Психологиялық ахуал
Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
Қызығушылықты ояту
Суретте қандай мамандық иелері бейнеленген? 
Сенің ата-анаң қандай маман иесі?
БүгінТұманбай Молдағалиевтың   «Мамандық таңдау» өлеңімен 
танысамыз.
Оқулық бойынша жұмыс 40-41 бет «Мамандық таңдау»

үлгі оқу (мұғалімнің оқуы)

тізбек бойынша оқу

шұмақтап  оқу

өлеңдеде не туралы айтылған?

қандай мамандықтар туралы айтылған?
Сергіту сәті
Орманда кірпі келеді,
Саңырауқұлақ тереді.
Кездесті, міне, керегі:
Екеуі қайың астынан.
Біреуі терек қасынан.
Қанша олар болмақ есепте,
Тоқылған салса себетке?
Ой толғаныс

Жаңа білімді бекіту: Кестемен жұмыс: тізбек бойынша шығып  жазу басқалары 
дәптерде орындайды.
Өлеңде аталған мамандықтың аты
Сол мамандықтарды сипаттап жаз
Қасым Аманжолов «Ұшқыш болғым келеді» өлеңді оқу, талдау.
Үйге тапсырма
Өлеңді жатқа оқу.
Мамандықтар туралы біліп келу.
Бағалау
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
Кері байланыс
56

Оңтүстік Қазақстан облысы, Қаратау ауданы,Таскен тұрғын алабы
№103 ЖОМ   бастауыш сынып мұғалімі Мирзахметова Гаухар 
 Сабақ тақырыбы: Өнерлі бала сүйкімді. 
Мақсаты:  “Өнер” ұғымының құндылық ретіндегі мәнін ашу.                  
Міндеттері: 
-өнердің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндірү;
-өнерге қызығушылықтарын, сүйіспеншіліктерін арттыру;
-өнерпаздыққа, өнерді, сұлулықты сүюге тәрбиелеу
                     Көрнекі құралдар:
Үнтаспа, дәптер, оқулық, суреттер, ақ бота, қоржын, домбыра. 
Сабақ барысы:
1   Ұйымдастыру кезеңі
2   Оқушыларды түгелдеү
3   Шаттық шеңбері
4   Әңгімелесу
5   Мәтінмен жұмыс
6   Сергітү сәті
7   Дәйексөз
8   Жаңа ақпарат
9   Дәптермен жұмыс
10 Тапсырма
11 Қортындылау
12 Жүректен жүрекке 
Шаттық шеңбері: Мұғалім балалармен бірге шеңбер құрып тұрады, сәлемдеседі. Д.Әлімжановтың өлеңін оқиды. 
Өмір таны, өнер қу,           Өнер сүйсең жиренбе,
Өнер табу-ол да оқу,        Дамыта бер, үйрен де!
Талаптансаң тартынба,    “Өнер алды кең”,- деп біл
Өз күшінде жол табу!        Қалсын үлгі кейінге!
Әңгімелесу: Мұғалім оқушыларға сұрақ қойып әңгімеге тартады.

“Өнерлі өрге жүзер” дегенді қалай түсінесіңдер?

Адам өнерді не үшін үйренеді?
Мұғалім: -балалар бізге ақбота өз қоржынымен қонаққа келіпті. Қане
қоржынында не барын көрейік
Мәтінмен жұмыс: Өнердің адам өміріндегі маңыздылығын
түсіндірү мақсатында әңгімелесү жұмысы ұйымдастырылады.
23
Әбілханның өнерге құштарлығы қалай көрінді?
24
Әбілхан Қастеевтің атақты суретші болуына кімдер
көмектесті?
25
Өз өнерлеріңді қалай шыңдап жүресіңдер?
Балалардың жауаптары тыңдалады.
Сергітү сәті:
Домбырам күмбірлеп,( қолын көтеріп домбыра тартады) 
Күй шерте аламын.
Бұрала би билеп, (қолдарымен би қимылдарын жасайды) 
Сурет те саламын (сурет салу қимылын көрсетеді) 
Кесте де тігемін.
Актерше рөлде (актер қимылын еөрсетеді) 
Ойнай да білемін.
Жалықпай талай күн
Жасаймын мүсін де (қолдарын бір-біріне ұрады) 
Өнер көп бойымда (өзін көрсетеді) 
Мақтану маған жат.
Дәйексөз:
“Адамның сәні-   өнер,білім ақылы”  
  деп текке айтылмаған 
Жаңа ақпарат:
    Оқушыларға өнер, өнерпаздық сөздерінің мағынасын түсіндіреді.
“Қоршаған әлемді көркемдеп бейнелеу көрінісі өнер деп аталады
Адамның өнерпаздығы оның қабілеті, шеберлігі, іскерлігінен көрінеді” 
Дәптермен жұмыс:Балалар дәптердегі тапсырманы орындау барысында өнерлі бала туралы ойларын жинақтайды.
Тапсырма:Дәптердегі ребусты дұрыс шешсеңдер, өнер туралы халық даналығын оқи аласыңдар.
Балалар тапсырманы орындап болған соң жария етеді. 
Қортындылау: Сабақты мұғалім қортындылайды.
- Ия балалар өнерлі деп тек қана бір өнер түрін игерген адамды айтпаймыз. Сол өнерін, білімін, ақылын өмірде сай 
қолдана алатын адамды өнерлі адам дейміз. Өнер барлық адамға артық болмас. Өнерлі болуға талпынайық. 
Жүректен жүрекке: Балалар шеңбер құрып қол ұстатып тұрады. Баяу сазды күй ойнап тұрады.
Өтебай Тұрманжановтың “Бәрі жақсы өнердің” өлеңін айтады
 ******
57

МЕНІҢ ТУҒАН ЖЕРІМ- ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы
№28 Ақбай жалпы орта мектебінің 3 «Ә» сынып оқушысы  Наленов Есімхан
Біз тәуелсіздікті ақылмен, ата-баба жолымен алдық деп ойлаймын. Н.Ә. Назарбаев
     Менің туған жерім- Қазақстан Республикасы. Бұл бай тарихты, көне мәдениетпен және ерекше табиғаты бар тәуелсіз
мемлекет. Қазақтың елі мен жері ұлан байтақ.Жер көлемі жағынан дүние жүзі бойынша тоғызыншы орында екені бәрімізге
мәлім.Пайдалы қазбалары да көп, бүгінгі күнде дамыған, әлемге әйгілі мемлекет.
  Міне, еліміздің Тәуелсіз мемлекет атанғанына 24 жыл толып отыр.Осы кезге дейін көптеген жетістіктерге жетіп, қазақ елін
көркейтіп,   дүние   жүзіне   таныта   білдік.   Бұл-  үлкен   жетістік.   Әрине,   бұның   барлығы   елбасымыз   Нұрсұлтан   атамыздың
арқасында.  Әрине,  бұл күн бізге оңайлықпен  келген жоқ.  Осы азат күніміз  үшін ата- бабамыздың, аға- әпкелеріміздің
қаншама көз жастары төгілді, қиыншылықтар болды. Бұл бостандықты, тәуелсіздікті халқымыз бұрыннан тілеген. Біздің
халқымыз осы тәуелсіздікке қол жеткізу үшін аштықты да бастан кешірді, жоңғарлар сияқты жаулармен де соғысты, Ұлы
Отан соғысын да бастан кешірді, сол соғыста қаншама аталарымыз еліміз үшңн қан төкті, тәуелсіздік жолында Қайрат,
Ләззат,   Сәбира   сынды   аға-   әпкелеріміз   ерлік   көрсетті.   Осы   аға-   әпкелеріміздің   арқасында   1991   жылы   16   желтоқсан
Қазақстан Республикасының Тәуелсіз күні болып жарияланды. Осы жылы 1желтоқсан күні Президентіміз сайланды. 
  Ата- бабамыз сан ғасырлар армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік. Тәуелсіздігімізді алғаннан кейін қазақ халқының басын
біріктіріп, ел қылуға, аяғынан нық тұруға Елбасымыздың еңбегі зор. Ол кісі біздің тұңғыш Президентіміз. Атамыздың 
арқасында еліміз әлемге танылды. Еліміз көркейіп, Қазақстанды бүкіл дүние жүзі таныды.
   Міне, бүгінгі күнде еліміз бақытты күн кешуде. «Отан үшін отқа түс, күймейсің» дегендей, Отан үшін өмірін қиған аға-
әпкелеріміз бен ата-апаларымыздың есімдері,  әрқашан халықтың  жүрегінде сақталады. Мен Отанымды  жақсы көремін.
Мұқағали атамыз айтқандай Отан- біздің бақытымыз, біз Отанның болашағымыз. Елімізді одан әрі көркейтетін мына біз
боламыз. Мен мектеп оқушысымын, теледидардан Елбасымыз Нұрсұлтан атамыз айтқандай, елдің болашағының көркейіп,
гүлденіп одан әрі дамып, өркендеуі біздің қолымызда. Яғни, еліміздің болашағы мына біздер, бүгінгі бүлдіршіндер мен жас
ұрпақтар. Елімізді әлемге танытып,  Нұрсұлтан атамыздың жолдауындағы жұмыстарды атқару үшін, жақсы білім алып,
тәрбиелі болып өсуіміз керек. Әрбір баланың алдына қойған мақсаты, арманы болады. Менің алдыма қойған мақсатым
мектептен жақсы білім алып, елімнің өркендеуіне үлесімді қосу.Біздің тәуелсіздік еліміздің мүмкіндіктері мен болашағы өте
зор. Менің ойымша, Қазақстан Республикасының әрбір азаматы мемлекетінің тілін білу, барлық халықтардың дәстүрлерін
құрметтеу, өз Отанына пайдасын тигізуге міндетті.
 ******
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы
№115 Оразбай атындағы  негізгі орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі  Ауелова Роза Спабековна
Сабақтың тақырыбы: Сөйлем
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың сөйлем туралы  алған білімдерін пысықтау, тиянақтау. Сөйлем, сөйлемнің түрлері, 
сөйлемнен кейін келетін  тыныс белгілері туралы жалпы түсінік беру. Сауатты дұрыс оқуға,жазуға жаттықтыру  арқылы  
тілін дамыту. Әдемі, көркем жазуға  тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап     Сабақтың көрнекілігі: Сызба, сөзжұмбақ
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі.   Оқушыларды түгелдеу,назарларын   сабаққа аудару. 
ІІ Үй тапсырмасы. Ауызша талдау, қосымша сұрақтар қою.
 22 – жаттығу.
Сын есім + зат есім  Зат есім + зат есім       Зат есім +  етістік          
Жас сұңқар                 елімнің елтаңбасы          елді ойлайды
әсем ән                        тұлпардың шабысы        талым өсіп келеді арайлы таң                 әжеміздің самаурыны     қабағын түю
ыстық нан                    малшының үйі                қуанышқа бөлену                                                                                                        
ІІІ Жаңа сабақ
  Сөзжұмбақ

Қыстың алғашқы айы (желтоқсан)

 Тілден ұшып, құлаққа қонады.(сөз)

Түйістіреді көзіңді көзіне

Жолықтырады өзіңді - өзіңе.(айна)

Таудан биік, баудан аласа.(жол)

Көзге көрінбейді,қолға ілінбейді.
        Кейде сипап өтер,кейде желпіп өтер.(жел)
    6.Суға батпайды ,отқа жанбайды.(мұз)
    І топ                       ІІ топ                           ІІІ топ       Хабарлы сөйлем      Сұраулы сөйлем    Лепті сөйлем
Ережелерін айту, мысал келтіру.
Сөйлем
Туралы не білеміз?    Айтылу мақсатына     құрамына қарай
                                    қарай қандай              нешеге бөлінеді?
                                     түрлері бар?                1.Жалаң      
                                      1.Хабарлы                   2.Жайылма                           
                                      2.Сұраулы
                                      3.Лепті
Мысалдар: Оқушылар саяхатқа шықты.
                    Сенің жасың нешеде?
58

                    Алақай Әсел ұялы телефон алды!
Оқулықпен жұмыс.
1 – жаттығу
 Берілген сөз – моншақтардан сөйлем құрап хазу.
 Ауызша: Апта жеті деген сөзді білдіреді.
2 – жаттығуСөздерді мағыналық жағынан байланыстырып жаз.
 Жарас бригадамен жұмысқа кірісті.
3 – жаттығу Ертегіні тисті дауыс ырғағы мен оқы.Сөйлемдердің айтылу мақсатына қарай түрлерін анықта.Қара мен 
жазылған сөйлемдерді көшіріп жазып, тыныс белгілерінің қойылу себебін түсіндір.                 
Аю мен Еліктің  лағы
   Еліктің лағы орман ішінде келе жатты,оның алдынан Аю кездесті.
Бұл жолмен сен неге жүресің?
Жол жүруге арналған емес пе?
Бұл жолмен мен ғана жүруге тиіспін. Бұл менің жолым!
4 – жаттығу.Өлеңді оқып,тиісті тыныс белгісін қойып жатқа жаз.
 Не көрдің, қара ат,не көрдің?
   Бектер құрған шатыр ма?
   Алдыңда жолбарыс жатыр ма?
   Келгендер бізден батыр ма?
5 – жаттығу. Сөйлемдерді оқы. Жақша ішіндегі ма,ме,па,пе болымсыз етістік жұрнағы немесе сұраулы мағына беретін сөз 
екенін анықта.
 Хабарлы сөйлемдер: Сен бізді күтпе. Сен бүгінгі кезектен қалма.  Жолыңнан қалма.
Сұраулы сөйлемдер: Үйде нан бар ма? Ертайда мұндай өшіргіш жоқ па? Оларға осының бәрі керек пе? Күн бүгін кешегіден 
суық па ?
Шығармашылық жұмыс
Сабақ оқуға ерінбе.          Сабағыңды оқыдың ба?
Үстіңе су тамызба.           Бүгін ауа райы суық па?
Үйде секіріп ойнама.        Қоңырау соғылды ма?
«Адасқан сөздер» ойыны .Қай топ бірінші құрастырады?
 Ағам     Құдықтан   Балапандарға жарды
 Су          Балтамен   Айнаш            әкелді
 Шашты    Дулат     отын                жем
6.
Ағам балтамен отын жарды.
7.
Айнаш балапандарға жем шашты.
8.
Дулат құдықтан су әкелді.
Шығармашылық жұмыс
Күз,қыс,көктем мезгілдеріне әңгіме құрау.
Үйге тапсырма.   6 – жаттығу.
Сабақты қорыту. Бағалау. Әр топтың , әр баланың жинаған ұпайын есептеу.
 ******
Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы
№33 Н.Шойынбаев жалпы орта мектебінің
химия пәні мұғалімі  Бектұрғанова Дамира Мизамқызы
Сабақтың тақырыбы: Су және сулы ерітінділердің өндірістегі және тұрмыстағы маңызы. 
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың су туралы білімдерін тереңдетіп, танымдылық және  шығармашылық қабілеттерін 
дамыту. 
Сабақтың тәрбиелік мәні: Оқушылардың білім мен білік дағдысын  дамыту.
Сабақтың көрнекілігі:   Д.И.Менделеев  жасаған химиялық элементтердің  периодтық кестесі, кеспе, тест,  сызбанұсқа т.б. 
Сабақтың барысы:
І.   Ұйымдастыру кезеңі.      Оқушылардың сабаққа қатысын, дайындығын білу.
ІІ.  Негізгі бөлім.      Оқушылардың әрқайсысына   үлестірмелі тапсырмалар беріледі.
1.
Ауыз су қалай тазаланады?
2.
Судың ластануының қандай түрлері бар?
3.
Дистилденген суды қалай алады?
4.
Ерітінді деген не?
Агрегаттық күйіне б-ты ерітінділер нешеге  бөлінеді?
5.
Іс жүзінде суда ерімейтін:
а) қатты заттар
б) сұйықтықтар
в) газ тәрізді заттарды атаңдар.
Жаңа сабақ.                 Судың маңызы.
Судың өндірістегі , ауыл шаруашылығындағы және күнделікті тұрмыстағы маңызы өте зор. Су химия 
өнеркәсібінің негізгі шикізат көзі болып табылады. Мысалы, сутекті және кейбір оксидтерді, негіздерді және қышқылдарды 
алу үшін қолданады.
Су және сулы ерітінділерді қолдану.
1.
Өсімдіктер мен жануарлар тіршілігінде.
2.
Халық шаруашылығының әр түрлі салаларында еріткіш ретінде.
3.
Органикалық зат алу үшін.
4.
Тұрмыста.
59

5.
Сутек алу үшін
6.
Негіздер алу үшін
Су ерітінділерінің адам өмірінде, жалпы тіршілікте алатын маңызы орасан зор. Адамның және жануарлардың тамақты 
сіңіру процесі тағамдардың сулы ерітіндіге айналуына байланысты іске асады.
Физиологиялық сұйықтардың (қан, лимфа және т.б.) барлығы сулы ерітінділерден тұрады.
Қорыта келгенде, барлық өндіріс салаларының химиялық процестерге байланысты жерлерінде түрлі сулы 
ерітінділер кеңінен қолданылады. Мысалы, күкірт қышқылының сулы ерітіндісі, лабораторияда сутек алу үшін, сонымен 
бірге автокөліктердің аккумуляторына құю үшін қолданылады. Сірке қышқылының ерітіндісі тұрмыста және тамақ 
өнеркәсібінде кеңінен пайдаланылады. Ас тұзының және қаныттың, лимон қышқылының, сабанның ерітінділері өте көп 
қолданылады.
Судың ағзаға қажетті мөлшері  жетпесе, адамның жұмыс істеу қабілеті төмендеп,  сыртқы ортамен жылу алмасуы 
бұзылады. Егер адамдене салмағының 20-25% -ға тең су мөлшерін жоғалтса, өлімге әкеп соқтырады. Ағзаға қажет судың 
мөлшері қолданған тамақ өнімдерінің (су, шай, әр түрлі сусындар, майлы тағамдар, жеміс-жидектер т.б.) жасушада тотығу 
нәтижесінде түзіледі. Ағза үнемі сумен жаңаланып, толықтырылып тұрады. Адам сусыз үш күн, ал тамақсыз бір ай тіршілік 
ете алады. Судың едәуір мөлшері тұрмыстық, гигиеналар және өнеркәсіптік қажеттіліктерге жұмсалады. Су адам 
тазалығына, жуынуға, кір жууға, тамақ пісіруге және ыдыс-аяқ жууға, тұрғын үй, қоғамдық ғимараттардың тазалығын 
сақтауға және т.б. жұмсалады.
Қорытынды.
Су негізгі еріткіш болып саналады. «Аққан суда тоқтау жоқ», «Тіршілікте талас жоқ».
1.
Табиғатта ең көп тараған зат.
(су)
2.
Судың формуласы.

2
О)
3.
Судың салыстырмалы молекулалық массасы. 
(18)
4.
Судың газ күйі.
(бу)
5.
Судың тығыздығы.
()
6.
Судың қайнау температурасы. 
(100°С)
7.
Адамның денесіндегі судың үлесі. 
(65-70%)
8.
Судың қатты күйі. 
(мұз)
Сөзжұмбақты шешу:
Х
 
И
М
И
1.
Жасыл сары түсті галоген. 
(хлор)
2.
Химиялық элемент.
(йод)
3.
Металл.
(мыс)
4.
Біреуі оттек болып келетін күрделі зат.
(оксид)
5.
Элементтердің түр өзгерісі.
(аллотропия)
Сонымен бүгінгі сабағымыздың тобықтай түйіні:
«Су жүргізер тіршіліктің тамырын,
Су жоқ болса, тіршілік бітер бауырын,
Судың біздер біле тұра маңызын,
Көп болған соң ұмытармыз қадірін».
ІV. Үйге тапсырма § 41, №3 есеп.
V. Оқушылар білімін бағалау.
 ******
Дастанова Алма Айтбайқызы
                               Созақ ауданы Сарыжаз ауылы
“Саржаз” негізгі орта мектебі
ІІ-санатты бастауыш сынып мұғалімі
   
Сабақтың тақырыбы:. “ Отан туралы” М.Мақатаев
Білімділік мақсаты: М.Мақатаевтың өмір жолымен және шығармаларымен таныстыру. Балаларға өлеңдегі негізгі ойды 
ұғындыру.
Дамытушылық мақсаты: оқушылардың ой-өрісін , сөздік қорын, мәнерлеп оқу  дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік мақсаты:  өз елін ,жерін қорғауға ,Отанын ,тілін сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру,баяндау,сұрақ-жауап, топпен жұмыс .
Сабақтың көрнекілігі: ақынның өміріне, шығармашылығына дайындалған слайд, кітаптар, тақырыптық суреттер, 
парақшалар
Жабдығы:Қазақстан Республикасының картасы, доп .
Пәнаралық байланысы: қазақ тілі, дүниетану, музыка , дене шынықтыру, орыс тілі бейнелеу,әдеп.
Сабақтың барысы:  1.Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық. 
Бір,екі,үш    Сынып іші тып-тыныш.
Жалқаулықты тастаймыз,
Сабақты біз бастаймыз.
60

    Қазақстанда бірнеше ұлттар тұрады. Біз олармен тату тұрамыз. Өйткені,  біз қонақжай халықпыз. Балалар , бүгін біздің 
сыныпқа да қонақтар келіпті. Келген қонақты күтіп алу біздің қазақ та бар үлкен қасиет. 
-Сәлемдесейік.
Біздің Қазақстанда мақтанарлықтай қандай байлықтарымыз бар?   ------  ----------    --------
    Бірде , орыс баласы Вася хайуанаттар бағына барыпты.Сонда біздің төрт түлігіміз қатарласып алдынан кездесіпті. Қалада 
тұратын орыс баласы олардың бірін таны-са,бірін танымайды екен.Ол бірінші болып тұрған түйеге келіп:
- Сен кімсің? деп сұрайды.
Сонда түйе: - Сен нешінші сыныпта оқисың ?Үйге берілген тапсырманы орындадың ба? Соны айт содан кейін кім екенімді 
айтамын депті.
-Васяға көмектесеміз бе?  Олай болса “Доп қағар” ойыны арқылы үй тапсырмасына жауап берейік.
Үй тапсырмасы. 
1. Жақан Смақов кім?(Балалар әдебиетінің көрнекті тұлғасы,ақын,жазушы) “Отан” өлеңін жатқа айту.
2. Жақан Смақов қандай өлеңдер жазған?(“Сылдырмақ”,”Сәбилерге сәлемдеме”,”Ақ бұзау”т.б.) “Отан”өлеңін жатқа айту.
3. Жақан Смақов қай жерде туған? (Жезқазған обл. Жаңаарқа ауд. Ынталы деген жерде) “Отан” өлеңін  жатқа айту.
4. Қазақстан Республикасының рәміздерін ата. (Ту,Елтаңба,Әнұран)“ Отан”өлеңін жатқа айту.
5. Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік  Туының авторы кім?  (Шәкен Оңласынұлы Ниязбеков.) “Отан” өлеңін жатқа 
айту.
6. Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік Елтаңбасының авторы кім? ( Шот-Аман Уалиханов, Жандарбек 
Мәлібеков)“Отан” өлеңін жатқа айту.
Бағалау. 1-тапсырма.
Сонда түйе: -Өзің Қазақстанда тұрасың менің төрт түліктің төресі түйе екенімді білмейсің бе?- дейді.  
Жаңа сабақ.  Топтастыру.
Екінші тұрған жылқыға барады да:- Сені қазақша қалай атайды?-дейді.
Сонда жылқы:  -Жеті қазынаның бірі  жылқымын.
Отанымыз  Қазақстан туралы не айта аласың?-дейді.
Васяға көмек.   (Оқушылар ойын тыңдау)
Бағалау. 2-тапсырма.
“Біліп ал да, ұғып ал” 
Біздің Қазақстанда туған жер, ел, Отан туралы жырламаған ақындар кемде кем. Солардың бірі Мұқағали Мақатаев атамыз 
қара өлеңнің шебері.
 Автор туралы мәлімет.
Мұқағали Мақатаев
Алматы облысы.Райымбек ауданы. Қарасаз ауылы.
1931жылы 9-ақпанда дүниеге келген
Әкесі–Сүлеймен,  Шешесі-Нағима
Балалары:Жұлдыз,Майгүл,Шолпан,Айбар
Шығармалары : “Күрең күз”,,“Фариза”, “Сарыжайлау”, “ Тоқта , балам , атаң келеді артыңда,”Дариға домбырамды берші 
маған”,”Қариялар азайып бара жатыр”,”Есіңе мені алғайсың” ,”Аққулар ұйықтағанда”,”Шеше сен бақыттысың”т.б. 
Содан  Вася сиырға барады. 
-Сен кімсің? 
Сонда сиыр: -Мені  сиыр саудагер ,–дейді.
Сондықтан да мен сенімен саудаласамын.
Топқа бөлу. 
1-топ.  - Отан деген сөзді қалай түсінесің? (тақтамен жұмыс)
2-топ.  - Отан, туған жер, ел, тіл туралы қандай мақал –мәтел білесің?
Бағалау. 3-тапсырма.
Оқулықпен жұмыс. 
Мақал-мәтелдерді түсініп оқу , түсіндіру.
Осы мақалдардың мағынасын түсінуге белгілі ақын М.Мақатаевтың өлеңі көмектеседі.Өлеңді бір оқу.
Осы кезде : -Мен жеті қазынаның бірімін.Сендер қайда болсаңдар да қорғап қастарыңнан табылатын достарыңмын а-а-а-ф 
деп ит келіп , сергіту сәтін жасатады. 
Аспанға қарап ай көрдім,
Төменге қарап жер көрдім.
Оңға,солға бұрылып,
Егеменді ел көрдім.
 Вася енді қойға барады.  
Ол қойға не айтты деп ойлайсыңдар  ??? 
Сонда қой:  -Мал өсірсең қой өсір,
                      Өнімі оның көл көсір -  деген сөз бар.
Менің тапсырмам мынау: 
1-топ. Өлеңді оқып ,түсіндір. 
2-топ. Дәптерге тапсырма орында.
Бағалау. 4-тапсырма.
Ең соңында ешкіге барады да: -Сені орысша коза дейді. Ал қазақша қалай атайды,?- дейді.
Сонда ешкі: Мен қой бастаған ешкімін. Менің де басқа малдар сияқты пайдам баршылық. Бірақ, мені шошақай,бақырауық 
деп жақтыра бермейді . Мына тапсырмаларды орындасаңдар ,менің көңілім көтеріліп қалар еді ,-дейді .
1-топ    “Менің Отаным” тақырыбына әңгіме жаз.  
2-топ. .”Менің Отаным” тақырыбына сурет сал. 
Бағалау.5-тапсырма.
Бекіту:  Екі өлеңдегі ұқсастықтарды табу.
61

Ақындар
Отанды неге теңейді?
Ұқсастықтары
Ерекшеліктері
Жақан Смақов
Мұқағали Мақатаев
Қорытындылау:   Көрініс: “Отан деген”
Тілек:  Мен саған ризамын…..
Үйге тапсырма беру. Өлеңді жаттау, дәптермен жұмыс. (Васямен қоштасу,қонаққа шақыру)
Бағалау парағы.  (“5” болсын алар бағамыз….)
******
ОҚО Созақ ауданы, Саржаз ауылы
«Саржаз» негізгі орта мектебі КММ
бастауыш сынып мұғалімі Еркінбекова Қаламқас Сұлтанбекқызы
 Сабақтың  тақырыбы:     Х   дыбысы  мен  әріпі
Сабақтың мақсаты: 
1) Білімділігі.Оқушыларды х дыбысы мен әрпімен таныстыру,дыбысты ести  білуге, оны сөз ішінде басқа дыбыстан 
ажырату, әріптің баспа және жазба  түрлерін танытып , оны дұрыс дыбыстату.
2) Дамытушылығы. Х дыбысына қатысты жаңа сөздерді білдіру арқылы ой-өрісін, тіл байлықтарын, тапқырлық 
ізденімпаздық қасиеттерін, сөздік қорларын дамыту.
3)Тәрбиелілігі. Оқушылардың оқуға , білімге деген қызығушылығын қалыптасты-рып, ұқыптылыққа 
тәрбиелеу,сауатты,қатесіз таза каллиграфиясын сақтап жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : жаңа сабақ
Қолданылған  әдістер : түсіндіру, топтастыру,сұрақ – жауап,ойын т.б.
Көрнекі-құралдар: әріптер , суреттер, кеспе әріптер т.б.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.
Сабаққа сегізде келеміз.
Сабақтан қалмаймыз дегенбіз.
Әліппені 4-5 ке оқып,
Білімді оқушы боламыз дегенбіз.
(сабақтын мақсатын айту)
ІІ. Ой шақыру стратегиясы.
- Кеше қандай әріппен таныстық?
- Ю дыбысы мен әрпі
- Қане сол ю дыбысына сөздер ойлап жіберіңдерші?
- аю,ою,қою,сүю.
-Ю дыбысы дауысты ма, әлде дауыссыз ба?
- Дауысты
- Дыбыс дегеніміз не?
 - Дыбысты естиміз,айтамыз.
- Әріп дегеніміз не?
- Әріпті көреміз, оқимыз,жазамыз.
- Дыбыстар айтылуына қарай нешеге бөлінеді?
- Дауысты және дауыссыз болып екіге бөлінеді.
- Қазақ тілінеде қанша дыбыс ,қанша әріп бар?
- 42 әріп,40 дыбыс
ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
а) «Жарыс» мәтінін рөлге бөліп оқыту.
ә) Сұрақ арқылы оқушылардың түсінігін тексеру.
- Мәтін не туралы? 
- Жарыс туралы
- Жарысқа нелер қатысты?
-Аңдар
-Қасқыр аңдарға не айтты?
-Қатар тұрыңдар.
-Аю қалай жүгірді?
-Аю қорбандап жүгірді.
- Арадан қашқан аю мәреге нешінші болып келді?
- Бірінші болып мәреге келді. 
ІV. Жаңа сабақ 
Жаңа сабаққа байланысты салынған суретпен жұмыс.Оқушылар суретті көре отырып,мәтін құрайды.Оқушылардың құраған 
мәтінін тыңдау.
          Марат қалада тұрады. Ал оның атасы ауылда тұрады.
 Марат ауылда тұратын атасына хат жазды. Атасы хатын
 алып қуанды.
V. Өтілетін жаңа дыбысқа байланысты жұмбақ шешу.
Сөздің сыры – көп жұмбақ,
Шешуін кім табады?
62

Кімдер шешсе тез ойлап 
Сол жеңімпаз болады.
                       1) Аяғы жоқ жүреді,
                      Аузы жоқ –сөйлейді.(хат)
     2) Сәлем алып, алыстан,
  Туысыңнан , таныстан,
  Келетұғын ,хат-хабар
  Қай әріптен басталар? ( х әріпі)
 - Хат деген сөзде бірінші қай әріп естіледі? (х)
Хор деген сөзде бірінші қай әріп естіледі? (х)
-Олай болса,балаалр бүгін біз Х дыбысы мен әрпін өтеміз.
Х х – баспа түрі,             -  жазба түрі.
  Х-тіл арты, ызың, қатаң дауыссыз дыбысты белгілейтін әріп.Қазақ тілінде байырғы сөздердің құрамында 
кездеспейді.Араб,парсы,орыс тілдерінен енген сөздер мен ха-лықаралық терминдерге тән. 
Х –дыбысын хормен айту.
Хат-3 әріп, 3  дыбыс
Х-дауыссыз,қатаң
а-дауысты,жуан
т- дауыссыз,қатаң
Х-дан  басталатын  сөздер айту.
(хабар,хор халат)
VІ.Оқулықпен жұмыс.
Хат -  біреуге немесе бір мекемеге хабар жіберу үшін жазылып қойылған не жөнелтілген текст.
Хор -  вокалдық музыканы қосылып орындайтын әншілер тобы.
Хабар - болған іс,оқиға,сондай-ақ біреулердің хал-жайы жөнінде білдірілген ауызекі немесе жазбаша түріндегі қысқаша 
мәлімет.
Халат – жеңілдеу матадан тігілген,ұзынша сырт киім.
Дәріхана - дәрі –дәрмек даярлап және оны сататын орын.
Асхана – ас даярлап және оны ішетін орын
Шахмат – ақ және қара фигуралармен тақта бетіндегі алпыс төрт тор көзде 
өзіне тән ережелері бойынша ойналатын ойын.
Саяхат – зерттеу не танысу мақсатымен алыс бір жерге ел аралауға шыққан сапар. 
VІІ.Пікір алысу стратегиясы.
- Балалар біздің мектепте кітапхана бар ма?
- Кітапханада нелер бар?
-  Кітапханада газет –журнал,қызықты кітаптар бар.
- Сенің үйінде кітап бар ма?
- Саған қандай кітап ұнайды ?
- Кітапханада кітапты кім береді?
- Ендеше, біз қазір «Кітапхана» мәтінін оқиық.
1) Мәтінді мәнерлеп оқу.
2) –Мәтінде неше сөйлем бар?
-Бірінші сөйлемде неше сөз бар?
-Екінші сөйлемде неше сөз бар?
-Соңғы сөйлемде неше сөз бар?
VІІ.Тірек-сызбадағы жазылған сөздерді оқытып ,мағыналарын сұрау.
Мына дәрі,ем, ас,дәм,шебер,кітап,ұста деген сөздерге  хана деген қосымшаны жалғап,сөздерді оқу
                     дәрі                         ем                           ас
      ұста                                 хана                                  дәм
                           кітап                             шебер   
VІІІ. 1)«Сиқырлы сандар» ойыны    
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
А
т
х
н
м
я
с
и
р
қ
 х а т     а с х а н а        қ и я р   т а қ и я     м а с а
2) Сөз жұмбақ шешу.
                   Ә    ж   е
                   Л     а      қ
                    І     н
                   П   і    л
               а  П  т   а
              к   Е   с  е
1.Әкеңнің анасы.
2.Ешкінің төлі.
3.Тышқанның үйін ата.
4.Ірі жануарды ата
5. «Жеті күн» тағы қалай аталады.
6. Ыдыс түрі
63

ХІ. Дәптерімізді ашайық 
     Қолға қалам , алайық
    Бүгінгі өтілген әріпті
   Әдемі етіп жазайық.
Кане бәріміз Х х әрпін әдемілеп дәптерімізге жазайық. Хх әріпінің жазылу ережесімен емлесімен таныстыру 
1) Ауада жазу
2) Үзік сызықтарды басу
3) Х х әріптерін жазу.
(Оқушыларға жеке көмек көрсету)
Х.Суретті диктант
Оқушыларға 5-6 сурет көрсетіледі , олар солардың аттарын жазады.
ХІ. «Сөз құра» ойыны
 1. а, н , я, ш (шаян)
2. а, з, я (аяз)
3. ю. т,  о (тою)
4. т,а,п к,і  (кітап)
5. р,а,б,а,х  (Хабар)
6. м,а,т, х,а,ш (шахмат)
ХІІ. «Орнына қойып жаз» ойыны
Мақсаты: Оқушылар сөздердің айтылуы мен жазылуы туралы білімдерін тереңдете түседі.
Ойын тәртібі: Плакатқа 2 қатар  сөздер дайындалады.
Әрқатардан шыққан  оқушы тақтаға сөздерді дұрыс жазып шығады.Әрі тез, әрі дұрыс орындаған топ жеңімпаз атанады.
Құл ұ/ы н                                  түлк ү/і
Жұлд ұ/ы з                              гүл д/т ер     
Ше к/г  ара                             тақи а/я  
Шығармашылық жұмыс. Хат жазу үлгісі
- Хат алып көрдіңдер ме?
- Хат қалай басталады?
- Өз өмірің жайлы хатқа не жазар едің?
- Хатты қалай аяқтайсың?
ХІІІ. Қорытынды. «Аққала құрастыру» ойыны
- Бүгін қандай әріп өттік?
- Х  қандай дыбысы?
- Х әріпінен басталатын сөздерді  айт?
- Хат, хор, халат деген сөздер қандай әріптен басталып тұр?
- Кітапхана сөзінде неше буын бар?
-  Шахмат сөзіне дыбыстық талдау жаса?
-Хат сөзіне дыбыстық талдау жаса?
ХІV.Үйге тапсырма
99-беттегі сөздерді оқу . «Кітапхана» мәтінін оқып келу.
ХV. Бағалау
Мұғалімнің айтқаның,
Мықтап миға тоқимыз.
Бар ынтамен тындасақ,
Кілең 5-ке оқимыз,- сабаққа жақсы ,белсенді қатысқан оқушыларды бағалау
******
ЖЕТКІНШЕКТЕРДІҢ  ДЕВИАНТТЫ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ 
ЕРЕКШІЛІКТЕРІНІҢ КӨРІНІС БЕРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, Ақсүмбе ауылы
                                               С. Қожанов мектебінің  директордың тәрбие ісі жөніндегі 
 орынбасары Ізбалаева Бидаш Сәтбайқызы
Қоғамдық  жаңарту кезеңінде, Қазақстандағы әлеуметтік  саяси, экономикалық қатынастардың  сипатының  өзгеруі өз
кезегінде  қоғамдық  білім,  тәрбие  институттарының   да  жұмыс   бағыты  мен  мазмұнына  жаңа  талаптар  қойып  отыр.   Бұл
дегеніміз қоғамдағы мектеп, отбасы орны,оның басты міндеті – бала тәрбиесінде болған көзқарасты өзгертіп жаңа тұрғыдан
тану мәселесін туындатты.
Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан бастап мемлекеттік саясатта келер ұрпақтың денсаулығы, тәрбиесі
басты назарда болып келеді. Қазақстан Республикасы Ата заңының 27 бап,2 - тармағында” Балаларына қамқорлық жасау
жане   оларды  тәрбиелеу  ата-ананың   табиғи  құқығы   әрі   парызы  ”   делінсе.   [1.1]  ”   Қазақстан  -  2030  ”   бағдарламасында.
”Әкелер мен аналар аталар мен әжелердің өз балалары  мен немерелері  алдындағы жауапкершілігін күнделікті есте ұстауы
” туралы ескертілген. [2.1] Бұдан әрбір ата-ана өз перзентінің әдепті , саналы , иманды да ибалы, Отанының  сүйікті жане
кішіпейіл азаматы болып жетілуіне қоғам алдында өз жауаптылығын түсінуі керек . Яғни, басты  мақсаты психологиялық,
физиологиялық   денсаулығын қалыптастыру болу керек. Өйткені   Қазақстанның болашағы келер ұрпақта болғандықтан
жастардың психологиялық , физиологиялық  денсаулығы халықтың өсімі мен сапасын анықтайды. Осы тұста келер ұрпақ
тәрбиесінің салауаттылығын қамтамасыз ету ең алдымен отбасы, мектеп тәрбиесі жайында қолға алынуы тиіс.
Бұдан шығатын қорытынды, мектеп мұғалімдері  мен оқушылар, балалар мен ата-аналар арасындағы қарым - қатынас
және   оқу   еңбегінің   мөлшерден   тыс   көптігі   бала   денсаулығының   бұзылуына     әкелетінін   көрсетеді.   Қазақстан
64

Республикасының   Конституциасында,   “Адам   мен   адамзат”   заңында,   ”Білім     туралы   заңында”   тәлім   -   тәрбие
тұжырымдамасында да салауатты өмір сүруге ерекше басымдық  беріледі.
            Қазіргі кезде жеткіншек  тәрбиесін қадағалау  педагогикалық  мәселе болып отыр. Отбасында өз баласын қандай етіп
тәрбиелеуді   өздері   алдын-ала   белгілейді.   Отбасы   тәрбиесінде   қолданатын   әдістер   де   өзгеше   екені   белгілі.   Онда
жеткіншектің аз да болса өзіндік өмірлік тәжірбиесі, әдет , дағдылары, құмарлығы мен қызығулары қалыптасады және
ескертіледі. Ақпарат алмасудың әлемдік ауқымда дамуы,   қоғамдық мәдениеттің жаңа деңгейге көтерілуі, өмір салтының
өзгеруі тағы басқа отбасы тәрбиесіне оның құрылымы, қарым-қатынасының сипатына әсерін тигізіп отыр .
 Девиантты мінез-құлық  және оның пайда болу себептері . 
         Жеткіншек  шақ – балалық шақтағы ең қиын және ең күрделі кезең. Бұл кезеңді өтпелі кезең деп те атайды. Себебі, бұл
кезде   жеткіншектер   балалық   шақтан   ересек   шаққа   өтеді.   Бұл   кезде   бала   бойында   көптеген   өзгерістер   болады.   Ол
анатомиялық , физиологиялық , интеллектуалдық , адамгершілік дамуында және оның әрекет түрлерінде өзгерістер болады .
           Өтпелі кезеңде балалар сабағы өзгереді, жақсы оқып жүрген балалар сабағы нашарлайды. Балаларда өзімдік “ мен
”сезімі пайда болады . Олар еркін жасауға құмар келеді .Тым еліктегіш болады .Жасөспірімдік шақта оларда өзін - өзі
тануға күшті болады . Олардың өз көзқарастары мен пікірлері әрекеттері барысында айқын байқалады. Сонымен қатар бұл
кезеңде балалар отбасымен , мектептен оқшауланып , өз құрбыларының ықпалында болады .Олар әсіресе өздерін еркін
сезінетін ортаға орналасуға бейім болып келеді .Олар спорт секциялары , техникалық үйірмелер болуы мүмкін , тіпті ,темекі
шегетін ,арақ  ішетін орын ретінде үйлердің подвалдары болуы мүмкін. Бұл кезеңде балаларды ересектермен, әсіресе ата-
аналармен көбірек ерегіске барып, ортақ тіл табыса  алмайды. Балалар ата-аналарының тең құрдастай қарым - қатынас
жасауын қалайды. Бұл кезде балалар көбірек өз бетінше өмір сүруге тырысады. Олар өзіне кумир (пір) сайлап алады да,
соған еліктейді. Басқа балалардан ерекшеленуге тырысады.
          Ауытқудың пайда болуына жеткіншектің дене құрылуының күрт өсуі, тәрбиенің шарттарына және әлеуметтік орта да
әсер етуі мүмкін.
            Көңіл күйдің тұрақсыздығы ер балаларды 11 - 13 жас,  қыздарда13-15 жаста ерекше көрініс береді. Сонымен қатар,
бұл жаста қырсықтық ,  өзбеттілік көрсетеді. 
        Отбасы жағдайы және оның ахуалы бүтін емес отбасы : отбасының материалды жағдайы (кедейлік және байлық) , ата -
ананың төменгі әлеуметтік - мәдени деңгейі : отбасында тәрбие стилінің болмауы (ата - ана қаталдығы , балаға жүйелі
талаптың қойылмауы , жазалаудың әділ болмауы): балада өзіндік құндылықтың болмауы : баланың мүмкіндік қажеттілігін
өтеуде асыра сілтеушілік немесе жеткізбей бағалау : ата - ананың ішімдік және нашақор пайдалануы ; ата - ананың шектен
тыс мейірімінен балаға  психобелсенділік туғызатын заттарды пайдалануға шек қойылмау. 
 Сонымен қатар,отбасында тәрбиенің дұрыс ұйымдастырылмауынан балаға теріс әсер ететін жағдайлар:
 Сондай - ақ тәуекел әсер ететін ішкі факторлар бар . Педагогтар оны білуі қажет ; бала өзін керексіз және қажетсіз сезіну ,
төменгі   өзін-өзі   бағалауы,   өзіне     сенімсіздігі,   өзін  бақылау   және   тәртіпке   әкелу  жеткіліксіздігі   ,түрлі   жағдайды   сынай
қарауы , өзінің ойын еркін жеткізе алмауы ,өзіндік ашылуы сезілмейді. Ресейлік ғалым   Курен Н.С екі типті отбасында
аддиктивті мінез- құлықтың пайда болатынын көрсетеді.
             1. Ата - анасы мен балалары арасындағы қарым - қатынастың қатты бұзылған отбасында 
             2. Ата - анасының бірі делинквентті мінез - құлық көрсететін отбасы               
                  - сыртқы және ішкі белсенділікті шығаруға шынайы жағдайдың қарастырылмауы : пайдалы іс - әрекет түрімен
шұғылданбау,балада әлеуметтік маңыздылықтың , жеке мақсат пен жоспардың болмауы .
  әлеуметтік-психологиялық бейімделмеу негізгі бақылаусыздық , онда әлеуметтік және жекелік құндылықтың жағымсыз
жағы қарастырылады,қоршаган ортаның кері әсері.
            - Психологиялық факторлар – бұл , балалардың жүйке жүйелерінің ауру болуымен байланысты . Мұндай балаларға
психотерапевттің көмегі қажет болады . Баланың өсу барысында психологиялық дамуында жаңа қасиеттер пайда болып
отырады . Бала екі түрлі қасиетке дағдыланады : бала өзі өмір сүретін ортадан біртіндеп аулақтап , бөлектенеді немесе бала
біртіндеп қарым - қатынас арқылы өзі өмір сүретін ортаға сіңіп кетеді.
            - Әлеуметтік - экономикалық фактор – бұл ,әлеуметтік теңсіздік арқылы анықталады . Бұл қоғамдағы бай мен кедей
болып адамдардың бөлінуіне байланысты .
            - Моральдық - этикалық фактор. Бұл ,бүгінгі таңдағы адамдардың құндылықтарының материалдық бағытқа ауысуы
арқылы , рухани құндылықтардың бағынбауының әсер етуі арқылы анықталады.
               Меніңше бұл жерде , жетекші рольде әлеуметтік - психологиялық бақылаусыздық , себебі тәрбиеде немқұрайлылық
, қарым - қатынаста назардан тыс қалу балада жалғыздық сезімін тудырады , өзін керексіз санайды .Осындай әлеуметтік
жағымды   тәжірибенің   жоқтығы   ,   әлеуметтану   мен   құндылық   бағытын   ,   этикалық   нормаларды   ,   эстетикалық   сезімді
дамытпайды . Осыдан барып балада үлкенді сыйламау, шеттелу, қажетсіз сезіну байқалады. Қазіргі жеткіншек микроортасы
жағымды деп қарастыра алмаймыз себебі : қоршаған ортада, аулада және үйде түрлі мінез - құлықтың бұзылу түрлерімен
кездеседі , оған әлеуметтік , мәдени , экономикалық факторлар әсер ететіні белгілі. Тұрмыстық идеология негізі қоғамды
ырықтандыру процесіне әкелуде. Күнделікті әңгімеде беделге жету жеке құндылықтар негізінде емес заңсыздық және құқық
бұзу   деңгейінде   жеткені   туралы   көп   қозғалады   ,   ол   тек   материалды   тұрғыда   табысқа   жетумен   қатар   қоршаған   орта
құрылымына енуі және қоғамдық   лауазымды   қошеметіне   жетіп отырғаны баяндалады . Жас жеткіншектің   идеалды
әлеуметтік және жекелік құндылық бағыттарына    кері әсерін тигізетіні сөзсіз . Кейде адам әлеуметтенудің құрбаны да
болып кетеді. Ол әлеуметтену нәтижесі адамның ішкі сезімдері мен жан дүниесіне қайшы келгенде орындалады .Өз ойымды
білдіре кетсем,мысалы,бала жеткіншек жасқа дейін сабақты бестікпен оқып жүрген .Ал жоғарғы сыныпқа өткенде,ол белгілі
жағдайларға   байланысты   басқа   сыныпқа   немесе   мектепке   ауысты   делік.Ал   оның   жаңа   сыныбында   қиын
жеткіншектер.Бәрімізге белгілі жеткіншек жаста бәрінен бұрын құрбыларының көзқарасы маңызды рөл атқарады .Сонда
бала “беделді” сыныптастарының көзқарасы маңызды болғандықтан,ол сабақты,қызығатын үйірмелерін тастап, “беделді”
топқа қосылуға мәжбүр болады.Ал қосылмаса құрбы , сыныптастарының “оқымысты”, “ботаник”, “ақылды” т.б мазақ ,
күлкі сөздерге қалады.Ал жеткіншек үшін бұл топтан шығарып тастау деген сөз . Яғни , ол аутсайдер болады . Сондықтан
бала өз қызығушылықтарынан бас тартуға мәжбүр болады . Яғни , әлеуметтің құрбаны.
             Сондай - ақ , ата - аналардың ажырасуы , мұғалімнің қатал қарым-қатынасы  бала дамуына , яғни әлеуметтенуінде
үлкен роль ойнайды.
65

            2.Жеткіншек жастағы балалардың девиантты мінез-құлықтарының белгілері. 
             Жеткіншектік кезең – адамның қалыптасуындағы ең күрделі кезең. Әсіресе осы жаста адамның мінез - құлкы және
басқа   да   жеке   басының   негіздері   қалыптасады.   Міне   ,   осы   кезеңде   жеткіншектермен   жасалатын   тәрбие   жұмысында
кемшіліктер айқын көріне бастайды .Соңғы кездері жеткіншектер тәртібінің төмендегенін байқауға болады
.            - Ата - анамен келіспеушілік жағдайда болу
             - Мектептегі қиындық пен сәтсіздік
             - Тәртібі қиын құрбы-достарымен байланыс орнату .
 Отбасындағы жақсы қарым - қатынасты жоғалту , мектептегі сәтсіздік , келеңсіз топтағы құрбыларымен жақындық әр түрлі
жолдарға итермелейді. Ендеше осы үш элемент : отбасы , мектеп , құрбы - құрдастар тобы – барлық жеткіншектердің нағыз
табиғи ортасы. Олар кәмелеттік жасқа толмағандардың ең маңызды қоғамдық факторы болып табылады.
 Демек , жас баланың мінез - құлқының қалыптасуына отбасы ерекше әсер етеді , солай болғандықтан оның көп қырлы , жан
- жақты болуы отбасына байланысты. Ал педагогикалық әлеуметтік жағынан жіберілетін әлсіздік оқу жүйесіндегі сәтсіздің ,
аномалді мінез - құлықтың қайнар көзі болып табылады.
            Жеткіншектің мінез - құлығындағы ауытқулар көбіне туа пайда болмайды , олар физиологиялық ауытқулардан емес ,
отбасындағы және мектептегі дұрыс тәрбие бермеуден пайда болады . Осы аталып көрсетілген ауытқу девиантты мінез -
құлық деп аталады.
             Девиантты мінез - құлықта жеткіншек агрессивтілікпен көзге түседі. Жеткіншек мінез-құлығындағы агрессивтілік
ішімділікпен тікелей байланысты. Ішімділікке бейімділікпен нашақорлыққа құмарлық жеткіншектің девиантты түрдегі өмір
құрылымына сіңіп кетеді . Жеткіншек тәртібі агрессивті күйде болса , онда ол “ қиын ”балалар қатарына жатады.     
             Қандай қоғамда болмасын , тіпті дамудың қандай сатысында болса да өзіне ерекше назар аударуды қажет ететін
адамдар   кездеседі.   Олар   дене   жағынан   немесе   психологиялық   ,   әлеуметтік   жағынан   ауытқулары   бар   адамдар   болып
табылады . Ондай адамдар қашан да басқада адамдар тобынан ерекшеленіп тұрады . Бүгінгі таңда  кейбір адамдардың
қасиеттері мен мүмкіндіктері қалыпты жағдайға сәйкес келмейді деп айтуға болады.
     Өзін - өзі жоғары бағалайтын балалар жаңа ұжымға келгенде айналасындағылар жағынан ерекше көңіл бөлуді талап
етеді , көш бастаушылық позицияны алуға ұмтылады , сондықтан да құрдастарымен әрдайым дауласып , келіспей қалады.
Басқа   жеткіншектерде   де   көбіне   оларды   қабылдамайды   және   өзінің   жағдайына   қанағаттанбаушылық   оларда   жағымсыз
эмоциялардың , сыныптастарына деген қарым - қатынастың агрессивтілігінің пайда болуына әкеледі . Бұл жеткіншектер
әлеуметтік жоспарда ұзақ уақыт бейімделе алмай , ұжыммен қарым - қатынас бекітуде қиындықтар сезінеді . 
    Отбасы . Бала . Мектеп .                                                
                   Бала                 Бұл бір-бірінен ажыраусыз үш ұғым.Отбасы 
                                                   жерде бала бар,бала бар жерде отбасы бар.Ата-                                                        
                                                   ана тарапына, мекпеп  қабырғасынан жылылық  
                                                   сезінбеген жасөспірімдер өмірде өзін ешкімге
                                                   қажетсізбін деп есептеп,уайымға шалдығады.
                                                          Ұзаққа созылған қайғыру, ренжу, жүйке                            
Отбасы                          Мектеп                   ауруларына шалдықтырады.
                Мекпеп пен отбасы бала тәрбиелеудегі негізгі мақсатты қолданатын әдіс - тәсілдерді бірге ойлап , іске асырмау
салдарынан , яғни әр түрлі талаптардан оқушы отбасының , мектептің ықпалынан шығып кетеді .
                         Ата - ана баласын еркелеткенде күнге , айға теңейді .Бала жүрегі ,бала қиялы бір әлем . Бала жүрегіне жол
табылғанда ғана жұмбақ әлемінің сыры ашылады.Сонымен қатар , бала жүрегі сезімтал және нәзік . Кез - келген нәрсені тез
қабылдайды , бірақ ақ пен қараны ажырата алмайды .Сондықтан әдептілікке жатпайтын әдептерден,лас ақпарат көздерінен
сақтандыру қажет.                               
    Меніңше , мектеп жасындағы баланың адам болып қалыптасуы үшін мектеп пен отбасының таразы басын тең ұстау қажет
.
               Бала үшін ата - анасынан артық адам жоқ . Баланың бас ұстазы ата -анасы. Ендеше , әрбір ата - ана өз перзентін
мәдениетті , адамгершілігі мол , білімді , ата -салтын , ана тілін қастерлейтін ұлтжанды адам етіп тәрбиелеу ата - аналық
міндеті деп түсінуі керек.
             Қорыта айтсам , мынау мектептің жұмысы , анау ата – ананың міндеті етіп бөліп жармай-ақ ,  жас  ұрпақты келешек
өмір , елдігіміз үшін бірігіп тәрбиелегенге не жетсін.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Қ.Р.Ата заңы .Алматы,1995.Толтарауларымен 21.05.2007 ж.
2. Қ.Р. Президентің жыл сайынғы дәстүрлі Қазақстан халқына жолдауы ; 
3. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан-2030.Алматы.Білім.1998ж.
4. Қ.Р Білім беру заңы 7.06.1999 ж.
5. Қ.Р Білім туралы заңы ( толықтыру,өзгерту енгізілген) 15.08.2007 ж.
6. Төлеубекова.Р  Бала тәрбиесіндегі халықтық педагогика : әдістемелік құрал. – Алматы : РБК , 1994 . - 140 бет.
7. Р.Қыпшақбаева .Бала тәрбиесі бір күндік іс емес. // Бала тәрбиесі  №4, 2005,35-бет.
8. Г.Аязбекова. “Қиын ”баланы тәрбиелеу жолдары .// Білімдегі жаңалықтар №1, 2005, 30-бет.
9. Қалиева Г. “Қиын” оқушы тәрбиесі // Қазақстан мектебі 2007, № 1 ,61-62 бет
10. Юсупова И. “Қиын” оқушы қайдан шығады  // Қазақстан мұғалімі 2006 қараша,5-бет.
11. Қалиева Г .Тәрбиесі қиын баламен жұмыс // Қазақстан мектебі 2006,№ 11. 
12. Қазбеков Ж . “ Қиын ” бала тәрбиесі   // Валеология  2007 № 3 ,18  
13. Өтеген Қ. “Қиын” оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу // Бастауыш мектебі 2007 № 3, 3-6 бет  .
14. Дүйсенбиева С .“Қиын” баланы қайта тәрбиелеу жолдары.// Болашақ 2007 наурыз.
15. Сұлтанбекова А . , Малдыбаева А.  Агрессивті мінез-құлық //Қазақстан мектебі 2005 №5-6 мамыр-маусым , 27 бет.
16. Қойжігітов А. Девиантты іс-әрекетті балалар мәселесі. // Ұстаздар пайымы 2007 № 3 , 2-9 бет 
66

Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, Қаратау ауылы
«Қарлығаш» балалар бақшасы
Әбілдаева Әсем Әлиасқарқызы
Образовательная область: Коммуникация
Раздел: Русский язык   Группа: Средняя


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет