Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы



Pdf көрінісі
бет9/13
Дата03.03.2017
өлшемі2,7 Mb.
#7537
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Тема: Моя семья    Цель:  -   Учить детей называть на русском языке членов семьи.

Расширить представление детей о семье, пополнить их знания о родных им людях, прививать любовь к ним.

Закрепить представления детей отом, что такое семья, о родственных отношениях, об обязанностях членов семьи.
            -     Воспитывать умение правильно строить взаимоотношение с членами семьи, любовь и заботливое отношение к
ним.
Материалы к заниятию: Макет дерево семейными фотографиями.
Этапы      деятельности
Действия педагога
Деятельность  детей
Мотивационно- 
побудительный
Организационно-
    Поисковый
Приглашаю в круг радости:
Здраствуй солнце золотое!
Здраствуй небо голубое!
Здраствуйте мои друзья,
Очень рад вас видеть я.
Ребята, посмотрите, сколько гостей собралось, давайте 
поприветствуем их.
Сегодня я предлагаю вам совершить путешествие в 
телестудию на детскую передачу, «Моя семья».
Вы согласны быть участниками этой передачи.
А сейчас, потихоньку занимайте свои места
Участники телепередачи готовы?
Ну, тогда начали.
Добрый день, уважаемые телезрители.Начинаем нашу 
передачу – «Моя семья», и я, ее ведущая Асем Абилдаева, 
приветствую вас.Сегодня в нашей студии гости программы и 
участники, ребята детского сада «Карлыгаш», группы 
«Балдырган».Ребята пришли в нашу студию для того, чтобы 
рассказать о себе, о своей семье, о своих дорогих и близких 
людях. Сегодня я ввести программу буду не одна, мне будет 
помогать наш гость Незнайка. Давайте, ребята, пригласим 
Незнайку.
Незнайка: Здраствуйте, ребята!
Здраствуй, Незнайка! Сегодня, Незнайка, мы с ребятами 
хотим тебе рассказать о самом главном, что есть на земле-о 
семье.Что такое семья и зачем человеку нужна семья. Но с 
начала я предлагаю участникам вместе с Незнайкой подумать 
и ответить на вопрос: «Что есть у всех людей, но у каждого 
человека свое?»
Чем отличаются люди из разных семей?
Ребята, кто сможет представиться гостям?
Благодарю участников.
- Незнайка, а ты знаешь, как называют людей, живущих в 
одном доме?
- Нет,не знаю. А ваши дети, что ли знают?
- Конечно, знают. Ну-ка , дети, подскажите Незнайке, как 
называют людей живущих в одном доме?
- Правильно ребята.
Семья объединяет родных: родителей, детей, дедушек, 
бабушек, братьев, сестер. Это наши родственники, родня.
Ребята Родина начинается с семьи. Президентом, глава семьи 
который является – папа. Дарит всем тепло – мама. Помогает 
нам братья и сестры. Мы должны уважать и любить старших 
и младших.
 А сейчас ребята вместе с Незнайкой внимательно послушайте
стихотворение и отгадайте, о ком говорится в нем...
1. Кто встанет раным-рано, в доме  с ней добро и  тепло. 
Про кого это?
Конечно же догадались, это – мама.
Детей встанет в круг 
радости и повторяет вместе 
с учительям.
Здраствуйте
Да
Дети садятся на стульчики
Да готовы
Здраствуйте Незнайка
     
 
Имя
67

- Скажите самые хорошие слова про маму, какая она?
2.Он машину ловко водит, в стенку гвоздик  закалотит. Маме 
в доме помогает и с детишками играет.
Скажите самые хорошие слова о папе. Какой у вас папа?
3.
Кто , ребята, отвечайте, вкусно стряпает всегда? 
Вяжет нам носки и кофты, брюки, юбки, свитера?
А какими ласковыми словами вас называет бабушка?
4. Он трудился не от скуки,
У него в мозолях руки,
А теперь он стар и сед
Мой родной, любимый ...
А кем вы приходитесь  своему дедушке?
Молодцы ребята.
Сегодня у нас на телепередаче открыта выставка рисунков, 
многие из вас нарисовали вместе с родителями свои семьи, у 
вас получились замечательные рисунки. Нашим телезрителям 
и Незнайке интересно будет послушать рассказы о ваших 
семьях. 
«Беседа о семье»
- Как зовут твою маму?
- Кто ты маме?
- Как зовут твоего папу?
- У тебя есть бабушка?
- Как зовут твою бабушку?
- Кто ты бабушке?
-Как зовут твою дедушку?
- А вы помогаете своим родителям?
- Как?
Незнайка: Вот это да ... Ребята, вы столько выполняете 
поручений по дому, молодцы! Мне стоит у вас поучиться.
Ребята, а когда вы смотрите на свои рисунки, рассказываете о 
своих семьях. Какие чувства вы испытываете?   Почему?
Дом, семья – это то, место, где человек чувствует себя 
защищенными, нужным, любимым.Все члены семьи связаны 
друг с другом тесными узами и живут дружно и счастлив
Песня «Моя семья»
У меня есть семья
Это мама, папа, я.
Мы все очень дружны,
И друг другу нужны.
Я родных своих очень люблю
Скоро всем им подарки куплю.
Дети наклейте предметы, 
кому они принадлежать?
26
Ключ гаечный?
27
Газета?
28
Очки?
29
Сережки?
Молодцы ребята.
Разминка для пальчиков «Семья»
Раз, два, три, четыре, пять,
Первый пальчик он большой
Это будет папа мой
Быть поменьше что мама
Нам показываеть прямо
Фамилией
Меня зовут..., моя 
фамилия....
Семья, семейство
 мама
Заботливая, трудалюбивая, 
нежная, ласковая, 
внимательная ...
 папа
мужественный, 
отзывчивый, добрый, 
сильный, смелый, 
трудалюбивый ...
бабушки
Золотцо
Дед
внуком, внучкой
Мою маму зовут ..., 
Дочка, сын
68

Рефлексивно – 
корригирующий
Потом будет старший брат
Скоро будет он солдат
Четвертый пальчик это сестра
Она будет младше брат
Это маленький мои друзья
Дети, скажите, сколько у вас членов семьи?
Как хорошо ребята,что у вас всех есть семьи! Вы – самые 
счастливые дети на свете, потому, что в ваших семьях любят 
друг друга, дружно живут вместе.
Незнайка: Спасибо, вам ребята, вы мне сегодня так много 
нового расскзали о своих семьях, интересного, нужного.
Ребята!
Любите и цените счастье!
Оно рождается в семье,
Что может быть его дороже?
На этой сказочной земле.
Всегда будьте вместе, любовь                                              
берегите,
Обиды и ссоры подальше гоните,
Хочу, чтоб про вас говорили друзья,
Какая хорошая ваша семья!
На этом наша телепередача закончилась. Досвидания 
Незнайка! До новых встреч дорогие гости и участники 
телепередачи «Моя семья»
Папу зовут ...
Да
Мою бабушку зовут...
Внук, внучка
Дедушку зовут...
Да
Поливаю цветы, мою 
посуду, заправляю свою 
кровать, складываю свои 
вещи, убираю со стола
Радость, хорошее 
настроение, любовь
Потому, что люблю своих 
родителей, а родителей 
любят меня.
30
папа
31
дедушка
32
бабушка
33
мама
Ответы детей
Ожидаемый результат:
Знать: названия на русском языке членов своей семьи
Иметь: рассказывать о своей семье на русском языке
Уметь: любить и уважать свою семью
 ******
 «Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің  «Саржаз» негізгі орта мектебі»
                                                  коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  мектепалды даярлық тобының 
тәрбиешісі  Еркінбекова Ақмарал Қуанышбекқызы
Баяндаманың аты:  Математика сабақтарында ойын элементтерін пайдалану
Сабақтың тақырыбы: 7 санын қосу және азайту.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі:Оқушыларды 7 санын қосу және азайтудың тәсілдерімен таныстыру. Сандар құрамы туралы білімін кеңейту.
Дамытушылығы:  Оқушылардың білім, білік дағдыларын қалыптастыру. Есте сақтау қабілеттерін, қосу және азайту 
амалдарының өзара байланысы негізінде логикалық ойларын дамыту.
Тәрбиелігі: Оқушыларды ұқыпты, көркем жазуға жетелеу. Топпен жұмыс істеуге үйрету, елін, салт - дәстүрін құрметтеуге 
тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Кестелер, сандар жүйесі, интерактивті тақта.
Сабақ барысы: І.
Ұйымдастыру бөлімі.
А) Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Ә) Психологиялық дайындық.
«Өзін-өзі таныстыру»
Біз бақытты баламыз,
Ойнап күліп аламыз.
Жақсы оқып сабақты,
Кілең бестік баламыз.
Б) Үй тапсырмасын тексеру.  
Аппақ, аппақ дала,  Аппақ ауыл, қала.  Жапалақтап ақша қар,
Жауа берсін, жауа.  Көңіліміз  қаласа,  Сыртқа  шығып таласа
Шана теуіп ойнаймыз,  Қыс айлары тамаша.
Жұмбақ.
1.Шымшып алады қолсыз,
   Сырғанақ жоқ онсыз. (аяз)
2. Аппақ, аппақ  ақ  мамық,
    Жерде жатыр тапталып.(қар)
69

10-
Қазір қыс мезгілі. Бүгінгі ауа райы қандай? 
- Қыста қандай ойындар ойнайсыңдар? 
-Ендеше бүгін біз сабақта қыс ойындарын ойнайық.
Ауызша есептеу. «Қар лақтырысу»
Жентектелген ақ қағазды лақтыру арқылы мұғалім көрсеткен өрнекті мәнін табады.
А) 2+3= 5             5-5=0
     6-3=3               6-4 =2      
     7-4=3               4-1=3       
ә) «Кім жүйрік»  шаңғы тебу.
- Балалар, өткен сабақта біз қандай санмен таныстық?
Слайдтан 6 - санына байланысты қосу;  азайту амалдары беріледі.
Жұмбақ.
Табаныма байладым,
Қос таяқпен айдадым.(шаңғы)
Шаңғымен жарыс.
  
Сергіту сәті.
Боран соғар оң жақтан,
Боран соғар сол жақтан.
Қар лақтырып ойнасақ,
Суық өтер қолғаптан.
ІІ. Жаңа сабақ жаңа сабақтың мақсатымен таныстыру. 
Сөзжұмбақ шешу.               
1.Жыл мезгілі.
2.3 пен 1-дің айырмасы 
3.2 мен 2-нің қосындысы.
4. 8 бен 7-нің айырмасы. 
Ой шақыру.
- Ерекше торкөзде  қандай сөз шығады?
-7 қандай сан? –Тақ сан.
-7 санының көршілерін ата? - 6 және 8.
-7 саны жайлы  не білесіңдер?.
-7 саны туралы көрнекіліктермен жұмыс жасау.
«7 санын қосу және азайту»
Қазақта 7 санын киелі сан деп есептейді.
Мысалға: жеті ата, жеті күн, жеті қазына, жеті шелпек, т.б.
Жеті ата Жеті қазына Жеті күн
1.Әке 1.Ер жігіт 1.Дүйсенбі
2.Бала 2.Сұлу әйел 2.Сейсенбі
3.Немере 3.Ақыл-білім 3.Сәрсенбі
4.Шөбере 4.Жүйрік ат 4.Бейсенбі
5.Шөпшек 5.Қыран бүркіт 5.Жұма
70
Жыл мезгілдері
Жыл мезгілдері
Күз
Күз
Жаз
Жаз
Қыс
Қыс
Көктем
Көктем
6-2
6-2
6-3
6-3
6-4
6-4
2+4
3+3
5+2

6.Немене 6.Жүйрік тазы 6.Сенбі
7.Туажат 7.Берен мылтық 7.Жексенбі
                           керемет                ғалам                  жарғы
                    
                      күн                                                                 қазына
                          қарақшы                  нан                     ата
Суретпен жұмыс
  
  
  
  
  
  
1 – есеп           
6-5=1
4-2=2
5+2=7            5-3=2
6+1=7            2-1=3
2 - есеп
7 санын  қосу  және  азайту кестесін  жазу.
3-есеп
Барлығы- 6 кәмпит
Тәрелкеде-2 кәмпит
Сауытта  неше кәмпит ?
Шешуі:  6-2
4
Жауабы:  сауытта 4 кәмпит
-7 санын  қосқанда,  азайтқанда мәндері  қайтеді  екен? Қосқанда  артады,  азайтқанда  кемиді.
ІІІ. Сергіту сәті.
Жұмбақ есептер.
Буыршын мен атан бар,
Тайлағым мен ботам бар.
Үш інгенге иемін
Санын айтшы түйенің? (Жеті)
Аулада бес үйрек,
Қорада үш үйрек.
Бір үйрек тығылды,
Қалғаны неше үйрек? (Алтау)
Бесбайда бар бес іні,
Естайда бар пен екі іні,
Қоссаң бес пен екіні,
Неше екен шешуі? (Жетеу)
Жеті туралы қандай ұғымдар білетінін сұрау.жеті анаңды жатап
(Оқушылар өз білетіндерін айтады.)
ІV. Логикалық есептер.
1-топ:  Көлден  ұшты 7 қаз,
            Қайтып  қонды  2 қаз.
            Қонбады  оның  нешеуі,
            Қане, кім тез  шешеді? (5)
ІІ-топ: Он асықтың үшеуін,
            Досың  сұрап  алады.
            Айтшы  сонда  нешеуі
            Өз қолыңда  қалады7
6 сіріңкеден үй, 5сіріңкеден жалау, 2 шаршыны 7сіріңкеден , 
9 сіріңкеден шырша жасап шық.
Қоянның 4 сәбізі болды. Қоян сәбіздің екеуін жеп қойса, онда неше сәбіз қалды:
71
7
7

               
         
  
«Жеті лақ» ертегісі       
V. Сабақты бекіту.
-7 санын қосқанда қосындының мәні арта ма? Кемиді ме?
-7 санын қосқанда, азайтқанда мәндері қайтеді екен? Қосқанда артады,  азайтқанда кемиді?
Пікір
Еркінбекова   Ақмарал     МАД   тобы   мұғалімі   грамматиканы   суретші   сызба   әдісі   арқылы   іс   тәжірибесінде   жан   -   жақты
пайдалана білген сабақтарда  суретті сызба әдіс тәсілді тиымды пайдалана отырып, оқушылардың өздігінен ізденімпаздық
пен білім алуына айырықша көңіл бөлінген суретті сызба әдіс тәсілі балаға теориялық материалды жүйелі жеткізуде тиімді
әдістің   бірі   екндігін   дәлелдей   білген.   Баяндама   пән   әдіс   бірлестігінде   талқыланып,   аудандық   педагогикалық     оқуға
ұсынылды.
Бірлестік  жетекшісі:                            
Аннотация   
       Суретті сызба әдіс тәсілі арқылы алған білімдерін жаңғырата отырып, теориялық білімдерін  жүйелі түрде баяндау,есте
сақтауға,   сауатты   жазуға   жүйелі   сөйлеуге   баули     отырып,   математика   пәніне   қызығушылығын   ояту.   Ойлау   қабілетін
арттыра отырып ойын арқылы математика пәнін меңгерту. Сурет арқылы грамматиканы меңгерту есте  сақтау қабілетін, әр
пәнге деген қызығушылығын арттырады.
Кіріспе
     
Ұлы педагог Сухомлинский: «Ойсыз, музыкасыз, ертегісіз, шығармасыз, ойсыз толық мәндегі ақыл - ой тәрбиесі
болмайды» - деп санайды.
  
Демек ойын арқылы оқушыны білім алуға оқуға қызықтыра отырып, тұлғалы дамуын қалыптастыруға болады.
Мазмұны бойынша барлық дидактикалық ойындар оқушылардың ақыл–ой белсенділігін қалыптастырудың маңызды құралы
бола  отырып,  олардың бағдарлама  материалының  негізгі  тақырыптары  бойынша  алған білімдерін тереңдете  түсуді,  әрі
пысықтауды   көздейді.   Бұл   ойындар   балалардың   сабақ   үстіндегі   жұмысын   түрлендіре   түседі,   олардың   пәнге
қызығушылығын  оятып,  ынта-ықылас қоюуына  баулиды және оқушылардың зейінін, ойлау, зерде үрділерін дамытады.
Өмір тәжірибесін бір жүйеге келтіруге үйретіп, жүйке жүйесін демалдырады. Міне, сондықтан да ойын оқу әрекетінде
жетекші рөл атқарады.
Дидактикалық ойындардың оқыту мазмұнына сәйкес түрлері:
1.Ойын-тапсырмалар. Ойын міндеттері мен әрекеттері бір нәрсені болжауға негізделді.
2.Ойын болжамдар.  Бұл ойындар. «Не болар еді...?»
...Мен не істер едім, егер...? деген сұрақтарға негізделеді.
3.Ойын - жұмбақтар. Жұмбақтың негізгі ерекшелігі - логикалық астарының болуында. 
Педагогикалық ғылымында ойын әрекетінің оқу үрдісінде алатын орны туралы зерттеліп жүрген еңбектер аз емес.
 
Себебі, ойын –оқу, еңбек әрекеттерімен бірге адамның өмір сүруінің маңызды бір түрі. Оны мынандай кесте 
арқылы суреттесек те болады.
Ойын   ұғымына   түсініктеме   берсек   -   бұл   адамның   мінез-құлқын   өзі   басқарумен   анықталатын   қоғамдық   тәжірибені
қалыптастыруға   арналған   жаттығулар   негізіндегі   іс-әрекеттің   бір   түрі.   Адамзат   тәжірибесінде   ойын   әрекеті   мынандай
қызметтерді атқарады.
1.
Ойын – сауық; 
2.
коммуникативтік немесе қарым – қатынастық 
3.
диагностикалық ( ойын барысында өзін – өзі тану) 
4.
әлеуметтендіру 
Әлі де  болса ойынның адамның дамуына, қалыптасуына, тәрбиесіне байланысты функциялар анықталуда. Ойын – адамның
өмір танымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып білімін жетілдіреді.
Ойын түрлерін сабақта тиімді пайдалана білу мұғалімнің меңгертіп отырған білімін аса зор ықыласпен тыңдап білімді беріп
меңгеруге көмектесді. Ойын түрінде сабақтың өн бойында пайдалану өте тиімсіз. Себебі бала ойын ойнаудан жалығып
72
Оқу әрекеті
Еңбек әрекеті
Ойын әрекеті
Іс - әрекет

сабаққа деген қызығушылығы төмендеп кетуі мүмкін. Сол себепті ойын элементтерін қайталау сабақтарында жаңа сабақты
бекіту кезінде қолданған тиімді. Мысалы өз тәжірибемде МАД тобында математика сабағында қолданып жүрген мектепке
дейінгі оқу – тәрбие жүйесін жетілдіру мақсатында шынайы өмірде тиімді ету қабілеттерін дамыту үшін монтессори әдісін
қолдану тиімді деп білемін.
Монтессорин материялы арқылы бала затты түсінеді және оны қолдануға тырысады.монтессори материяоы қандайда бір іс-
әрекетке итермелейді. Біз сондықтанда монтессори педагогикасының әдіс-тәсілдерін қолдану тиімді деп білдім. Монтессори
элеметін пайдалана отырып құм терепиясын пайдаландым.
Дидактикалық  мақсаты: Балалардың көру мүшелері арқылы ойлау қабілеттерін арттыру. «Ұқсасын тап» ойыны.
Дидактикалық   мақсаты:   Балалардың  естерінде   геометриялық   фигураларды  қалыптастыруға   үйрету  керекті   цифрын   қой
ойыны.
Дидактикалық мақсаты:  Балалар сандарды  ұмытпау үшін жаттықтыру және ойлау қабілетін арттыру.
«Қандай сандар жетіспейді» ойыны.
Дидактикалық мақсаты: Балаларды тез ойлап, шапшаң  жауап беруге қалыптастыру. Осы жоғарыда аталған және басқа да
ойын   элементтерін жаңа сабақты   бекіту кезінде қолданып отырамын.  Ойын түрлерін сабақта   тиімді пайдалана білу
мұғалімнің меңгертіп отырған білімін аса зор ықыласпен  тыңдап, білімді берік меңгеруіне көмектеседі. Ойынның негізгі
мақсаты –баланы қызықтыра отырып білімді беріп меңгеру болса, менің міндетім - сол ойын түрлерін пайдалана отырып,
оқушыларды өздігінен жұмыс істей білуге, ой белсенділігі   мен тіл байлығын артыра түсуге түрлі дағды мен шеберлікті
меңгертуге  қол жеткізу.
Қорытынды
Оқу   үрдісіне   ойын   түрлерін   пайдалану   бағдарламада   анықталған   білім,   білік   және   дағдыларды   қалыптастыру,
тиянақтау,   бекіту   немесе   тексеру   болып   табылады.   Сондай-ақ   ойын   түрлерін   балалардың   жас   және   психологиялық
ерекшеліктеріне сәйкес түрлендіре отырып, өтілген материалды қайталағанда, білімді тиянақтау және тексеру кезінде оқыту
әдісінің құралы ретінде пайдалануға болады. Қорыта келгенде, мектепке дейінгі оқу үрдісінде ойымен түрлерін пайдалану,
біріншіден   оқушылардың   білімін  берік   меңгерту   құралы   болса,   екіншіден   балалардың   сабаққа   деген   қызығушылығын,
белсенділігін арттырып, білім сапасын көтеру болып табылады.
Пайдалаған әдебиеттер
1.
Алты жастағы оқушыларды тәрбиелеу әдістемесі Математика. 
2.
«Ойлан, тап!».    «Алматы» баспасы
3.
Мектепке дейінгі білім.    №3     2010 жыл.
4.
Балабақша және бала.       №6     2012 жыл.
5.
Бастауыш мектеп..            №11    2006 жыл. 
 ******
АҚБИКЕШ МҰНАРАСЫ
Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы,  Ақсүмбе ауылы
С. Қожанов атындағы жалпы орта мектебінің 
10- сынып оқушысы Әбдіхалық Үкіліай Мейрамқызы
Жетекшісі: Қошқарова Әлия
Кіріспе
Туған елін,кіндік қаны тамған жерін қай кезеңде де есіне алмайтын,алыста жүрсе де сағынбайтын адам жоқ шығар.
Ауыл қазақтың алтын бесігі тереңінен айтсақ,күре тамыры.Ақсүмбе өзінің бай тарихымен,Ақбикеш мұнарасымен белгілі
қазақ тарихында өзгеше өлке.туған жерімнің қойнауы тарихқа толы,олай деуімнің себебі Ақсүмбе орта ғасырлық  қала Ұлы
Жібек жолының гүлденген дәуірінде Созақ қаласы аса ауқымды орталық болғанға ұқсайды,ал Созақ қаласы пайда болғанда
сөз жоқ оның үйелменді орталықтары Ақсүмбенің (Хендокор) бой көтергені анық жайт.Қаланы 1947 жылы археологтар
Е.И.Агеева,Г.И.Пацевич зерттеген.Қазіргі кездегі көрінісі тік төрт бұрышты төбе,биіктігі 1м,солтүстіктен оңтүстікке қарай
75   м,шығыс-батысқа   қарай   60   м.Қара   топырақ   дуалмен   қоршалған.Төрт   бұрышында   қарауыл   мұнараларының   орны
байқалады.Оңтүстік шығыс жағында бұрышта орталық қорғаны сақталған.Қала орнынан жинастырылған қыш ыдыстардың
жасалуан қарап ғалымдар қала тұрғындарының Х-ХV ғасырда өмір сүргенін анықтады.
 Ақсүме тарихында ғана емес,ел тарихында аты-жөні алтын әріппен жазылған С.Қожанов кішкене ғана осы ауылда дүниеге
келген.
Әулиелі Ақсүмбенің көркін ашып,қадір қасиетін танытып тұрған періштелі Ақбикештің орны бөлек.  Мені қызықтырған
туған өлкемнің  тарихы соның ішінде «Ақбикеш мұнарасы»
1.1.Ақсүмбе орта ғасырлық қала
Ақсүмбе көне қала орны О.Қ.О,Созақ ауданы,Қаратаудың теріскей жағында орналасқан.Ауыл аудан орталығы 
Шолаққорғаннан (тарихта ұрасорған атымен белгілі) 190 шақырымдай шалғайда жатыр.Созақ өңірінің ең түпкіріндегі елді 
мекені.Ақсүмбеде қазір 75-тей отбасы түтін түтетеді.Жарты мыңнан астам тұрғыны бар.Ауыл деңгейінен салыстырғанда 
200 метрден астам биік жотаның төбесінде орналасқан мұнара туралы орта ғасыр тарихшылары Хафиз Таныш,Мір 
Мұхаммед әл-Бұхари,Низам ад-дин Шами мен Шараф ад-дин Йаздидің қолжазбаларынан кездестіре аламыз.Ал кейінірек 
В.Тизенгаузен,В.Бартольд,В.Воронина,Ә.Марғұлан,К.Байпақов сынды ғалым-жазбагерлер бірқатар зерттеу мақалалар 
жазған.Сол жазбаларға сүйенсек,сонау ХІІІ ғасырда Моңғол қағаны Мөңкеге бара жатып жлай Ақсүмбеге түнеген армян 
патшасы Гетум І қарауылхананы көріп таң қалған.Азияны дүр сілкіндірген Әмір Темірдің өзі Ақбикешке келіп 
түнеген.Құран бағыштаған тарихшы  Шараф ад-дин Йаздидің «Зафарнамасынан» оқи аламыз.Ол осы арадан Ақ Орданың 
соңғы ханы Тоқтамысқа қарсы жорыққа атанған.Не керек,тарихта аты қалған ұлылардың талайының табаны Ақсүмбеге 
тиген.
Жазба деректер мұнарада төрт терезе болғандығын айтады.Өкінішке қарай қазіргі екі терезе ғана сақталған.Қалғандары
табиғат   дүлейімен   жуылып-шайылған.Жеті   ғасырдан   астам   уақыт   жойылып   кетпей   тұрған   ескерткішті   қалай   құдірет
73

тұтпайсың.Зерттеушіліердің айтуына қарағанда,о баста мұнараның биіктігі жиырма бес метрден асқан.Тап қазір 12 метрден
сәл төмендеген.Жалпы іргетасының диаметрі 14 метр болса,бүгінде қалғаны 9 метрдей екен.
Ғұлама ғалым   Әлкей Марғұлан   мұнараны ХІІ-ХІІІ ғасырға жатқызады.Атышулы археологтың жазуына қарағанда,осы
арадағы Ақсүмбе кентінен кангюй-қаңлылардың өндірген керамикасына ұқсас қалдықтар табылған.Ал аңыздарда Ақбикеш
пен Ақсүмбенің  аты көбінде  қатар алады.Ақсүме тарихта «Хендахор»  атымен белгілі қамал.Сүмбе сөзінің төркіні бізге де
жат емес.Қыстың кезінде қар еріндісінен пайда болатын боғаттардағы үшкі мұздақты қазақ «сүмбе» -дейді.Найзаның үшкір
басында   осылай   атаған.Олкейін   өзгере   келе   «сүңгң»-деген   найзаға   ұқсас   қарудың   түріне   айналды.Мұнара   да   бұрынғы
жобасында алыстан қараған адамға басы сүйірленіп келген сүмбеге ұқсауы әбден мүмкін.Сондықтан да Ақбикеш-Ақсүмбе
аталуы қисынға келеді-ақ.Бұл 
ескерткіштің-әскери   қарауыл   мұнарасы   қызметін   атқарғандығын   байқау   қиын   емес.Өйткені,   оның   кірер   есігінен
бастап.бұрамалы –тапшекті баспалдағы алысты байқай алатын ойық –терезелерге алып барады.Ол арадан көз ұшындағы
жазықты әлі күнге көруге болады.Демек,бұл ескерткіштің негізгі қызметі қарауылдықмұнара болуында жатқан секілді.Осы
арады ертеректе өмір сүрген ата-бабаларымыз жаудың қимыл-әрекетін алыстан байқап отырған көрінеді.Сондықтан оның
қызметі   сол   кездерде   ұшан-теңіз   болғандығын   аңғару   қиын   емес.Тарихшылардың   жазуынша,орта   ғасырда   Қаратаудан
Ұлытауға дейін отпен белгі беретін тап осындай жеті мұнара тұрғызылған.Солардың арасынан уақыт пен қатал табиғаттың
дүлейіне шыдап,еңсесңн тіктеп тұрғаны осы ескерткіш қана екен.Соған қарап Ақбикешті қасиетті санамасқа негіз жоқ.Оның
ғажайып тарихи ескрткішке айналуының сыры да осында жатыр.Ол талай шапқыншылық пен жорықтардың куәсі.Моңғол-
татар шапқыншылығынан  кейін  бұл  мұнараны «Ақ  сағым» атапты.Моңғолша «Ақ  сүмэ».Жалпы   алғанда  бастапқы  атау
көп  өзгеріске  ұшырай  қоймаған.Соған  қарап аңыздардың  түбінде  шындық  жатқанын  сеземіз.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет