Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы



Pdf көрінісі
бет10/13
Дата03.03.2017
өлшемі2,7 Mb.
#7537
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

1.2. Ақбикеш  мұнарасы
Бұл   өңірге   жолыңыз      түсе   қалса, көзіңізге   ауылдан   бұрын   сонадайдан     мен
мұндалаған     мұнара     шалынады.   Бұл-Ақбикеш     мұнарасы.Тарихқа     көз   жүгіртсек,
Ақбикеш  мұнарасы   тұрған  жер  кезінде  әйгілі  қала  болған  көрінеді. Нағыз  қазақы
атауы     бар     Ақсүмбе     ауылы     тарихи     ескерткіштерімен       де     аты     мәлім.Мұнда
Қаратаудың   сілемдерін  жағалай  орналасқан  биік    төбенің   басында    12  ғасырда
салынған   Ақбикеш   мұнарасы   бар. Өзен   аңғарының   шығы   берісінде   орналасқан
мұнара    тау    етегінен   200 метр   жоғары    биік    жотаның    үстінде      тұрғызылған.
Жотаның  төменгі  қабатында  негізгі  бекініс  орындары  орналасқан.Мұнараның  ірге
тасы  текшетастан  қаланып, одан  жоғары   ұшар  төбесіне  дейін   қамкесектен   жатық
өрілген.Мұнараның   басына   бұрама   әдіспен     соғылған   басқышпен     ғана   шыға
аласыз.Қарауыл  қарайтын   арнайы  екі   терезенің   бірін  солтүстікке   қаратқан.Бұл   жауды, Шу  өзені  жатқан (Бұрынғы
Дешті   Қыпшақ   күткенін   көрсетеді.Екіншісі     оңтүстікке     қараған.Жергілікті   аңыздарға       сенсек, мұнараны     жоңғар
шабуылы  кезінде   салынғанға   жориды..Бірақ   тарихи  деректерде   мұнара  Ақсақ  Темір  дәуірінен   бастап   айтылады.
Әйгілі   мұнара   туралы   аңыздардың     бірнеше     нұсқасы     айтылады.   Тарихи   деректерде   Ақбикеш     мұнарасы   Әмір
Темірдің   Тоқтамысқа  қарсы  жорықтарында   Дешті   қыпшақ  даласын   бақылап   отыру   үшін     қарауыл  мұнарасы
ретінде  пайдаланылған  делінеді. Көнекөздердің   айтуынша, кезінде  мұнараның   көлемі  бойынша- ені 14метр, биіктігі 25
метр  болған   көрінеді. Жел  мен   жаңбырға  мүжіліп, бүгінде  оның  ені-7  метр,  биіктігі 11 метрге  жетер-жетпес  халде.
Сан   ғасырлар  сорабынан  мүжілмей   бүгінге  жеткен   мұнараның  сыртқы  кейпі   толық   сақталғанымен,  мамандардың
айтуынша, архитектуралық    талаптарға   сәйкес, реставрация   жұмыстарын  жүргізуді   қажет    етеді.   Қала   орнын  1946
жылы   академик     Әлкей   Марғұлан     басқарған     Оңтүстік   Қазақстан     археологиялық     экспедициясы, ал   1947   жылы
археологтар  Е.Агеева, Г.Пацевичтер   зерттеген.  Төрт  бұрышында   қарауыл   мұнаралардың   орны   байқалады. Мұнара
мен   ішкі   баспалдақтары   жартылай       бұзылған.осы   уақытқа   дейін құламай   жеткен   мұнараның сырын ауылдықтар
былайша     түсіндіреді:топырақты     сүтке     илеп,арасына     ту    биенің  құйрығын     салып     илеген  көрінеді.Алыстан     көзге
шалынатын   бұл   биік   мұнараны   жауды   бақылау   үшін   тұрғызылған   қарауылхана   деген   болжам   айтылады.Көне
тарихқа  көз жүгірткен  жан  бұл  мұнараның  Ақбикешпен  қатар,кейде  Ақсүмбе  деп  те  аталатына  таңданыс  білдіруі  
мүмкін.Бірінші  нұсқаға  ойыссақ,Ақсүмбе аталатын  ебебі  қазақ  найзаның  ұшын  «сүме»  деп  аталатыны  белгілі. Сондай-
ақ  үй  боғатына  біткен  мұз  қиыршықтарды  сүмбе  деп  те  атайды.Алыстан  көкке  жаншылып,сүйірленіп тұрған соң
солай   атауы     да   мүмкін. Ал   екінші   нұсқаға   мән   берсек ,мұнараның   Ақбикеш   атануы   туралы   сан   салалы   аңыз
көп.Қайсысына  құлақ  түрсең  де,шындыққа  жанасымды  сықылды.Ақсүмбе  деген  батыр  қалмақтың  Ақбикеш  деген
сұлуын  шапқыншылық  кезінде еліне олжалап  алып  келіп,өзіне   еріксіз  жар  етіпті-міс.Қатты  қапаланған қыз  құсадан
қайтыс болғанға  ұқсайды.Ақбикеш  сұлудың  ақтық  сөзі  «елімді  сағынып,құсадан  қайғырдым.Сүйегімді  сонау  биіктегі
мұнараға   жерле.Рухым   қарауылдың тесігінен   туған   еліме   қарап   жатсын»   болған   екен-міс.Батыр   сұлуын   сонда
жерлеген  екен  дейді.Содан  Ақбикеш  атанып  кетсе  керек...Ауыл  адамдарының  айтуынша,тағы  бір  аңызда  ертеректе
осы   өңірде   Ақбикеш   есімді   ержүрек   әрі   көріпкелдік   қасиеті   бар   бір   қыз   өмір сүрген   деседі.Ол қарауылханаға
шығып,көз жетер  жердің бәрін  барлап,жаудың  қай  жақтан  тап  беретінін  алдын - ала  біліп  отырыпты.Осындай  бір
жаугершілік     шақта   ел     шетіне     жау     тиіп,   Ақбикеш     дұшпанмен     шайқасып,мерт     болады.»Батыр     қызды     елі
ардақтап,мұнараға  жерлепті»  деседі.Енді  бір нұсқада  көріпкелдік қасиеті  бар  қыз  жау қолынан  мерт  болған соң,оны
жерлеген жерге осы   мұнараны   салыпты     деп   те   атайды.Бұл   екі нұсқаның негізі   бір   секілді.XIII   ғасырда   армян  
патшасы  Гетум  I  моңғол  қағаны  Мөңкее  бара  жатып,жолай  Ақсүмбеге  түнеген  екен,сонда  ол  қаруылхананы
көріп   таңғалыпты   деседі бір аңызда.Азияны   дүр сілкіндірген   Әмір   Темірдің   өзі   Ақбикешке   келіп   түнеп,   Құран
бағыштағанын  тарихшы  Шараф  ад-дин  Йаздидің  «Зафарнамасында»  жазылған.Ол  осы  арадан  Ақ  орданың  соңғы
ханы  Тоқтамысқа  қарсы  жорыққа  аттанған...Дешті  Қыпшақ  даласының  тарихында  Ақбикеш  мұнарасының  алар  орны
ерекше  екені  белгілі.
Қорытынды.
      Сырлы Созақ  жерінде  тарихтан  сыр  шертетін  сан  алуан  жәдігерлер жетерлік.Тіпті  сонау  ғасырлардың  сорабынан
аман  өтіп,бүгінге  жеткен  құнды  тарихымызды  құрметтей  алмай отырғанымыз  бармақ  шайнатады.Бір  қазақ  жерінде
ғана  емес,бүкіл   әлемге   мәшһүр  болған  сол  көненің  көзі –Созақ  ауданының Ақсүмбе ауылындағы  Ақбикеш  мұнарасы.
74

        Тарих  бедерінде  ойып  тұрып  орын  алатын  құнды  дүниемізді  қалай  да  сақтап  қалыиыз қажет-ақ,әрине.Өткеннің
өнегесі  бгінгіге  сабақ  болуы  тиісДешті  Қыпшақ   даласының  тарихында  Ақбикеш  мұнараның  алар  орны  ерекше  екені
белгілі.Иісі   қазақ жерінде   мұндай   тарихи   жәдігерлер   жоқтың   қасы   дейге   де   болады.Сондықтан да   сақтап   қала
алмасақ,бүгінгі  ұрпаққа  сын  болары  сөзсіз.Шынында  да,қайталап  айтсақ,Ұлы  дала  тарихының  бір  үзігіне  айналған
ескерткіш-мұнараның     жеті     ғасырдан     астам     сақталып     тұруы     кімді     болмасын   таңғалдыратыны     рас.Сонықтан
ақсүмбеліктер  өз  ауылындағы  тамаша сәулет  ескерткішін  сақтап  қалуды  билік  органдарына  құлаққағыс  жасағанына да
біраз  уақыт  өтіпті.Өйткені,мұнда  тарихта  аты  қалған  талай тұлғаның болғандығы, өмір сүргендігі мәлім. С.Қожановтай
қазақтың арда азаматының да кіндік қаны осы қасиетті жерге тамыпты. Дешті Қыпшақ  даласының тарихында бұл араның
салмақ үлесі айтарлықтай қомақты.Қазақ  топырағында мұндай тарихи жәдігерлер  көп  емес,  тіпті  жоқтың  қасы  десе де
болады.Сондықтан   болар,аңызын     есітіп,алыстан   ат     терлетіп     тәу     етіп     келушілер   көп-ақ.Бірі     Ақбикеш     атты
ару,батыр,ержүрек  анамызға  бағыштап  Құран  түсірсе,енді  бірі  ата-бабаларымыздың  әруағына арнап құрбандық  шалып
жатады.Киелі,қасиетті     орын     санайды.Осының     бәрінен     хабардар     ақсүмбелік   ғалым   ,ОҚМУ-дің     доценті   Нариман
Нүрпейісов   бірнеше жылдан   бері   Ақбикеш   мұнарасының мұңын мұңдап,жоғын   жоқтап   жүр.Ал   «Нұр   Отан»   ХДП
ОҚО  филиалы  төрағасының  орынбасы  Қалима  Жантөреқызының  тарихи ескерткішті  сақтап  қалып, келешек  ұрпаққа
аман жеткізсек   деген   шырылын   исі   қазақ   қолдауы керек-ақ.Бұдан   сәл   бұрынырақ   нақтылай   түссек     2006-2008
жылдарға   арналған     облыстың   «Мәдени   мұра»   өңірлік   бағдарламасына   Ақсүмбе     әскери   қорғаныстық   және   тәу
етушілік  сәулет  ескерткіші  ретінде  енгізіліп ,  оған  жөндеу және консервациялық жұмыстарын  жүргізу  үшін  бюджеттен
қаржы  да  бөлінген  көрінеді. Бірақ сол кездері  облыс 
аумағында бірнеше   елді   мекенді   су шайып   кетуіне   байланысты   қаражат   зәрулігі   туындап,бұл     іс   қолға   алынбай
қалып  қойыпты. Енді  міне, қайта  қозғау  салынып  жатыр.  Қалай  айтсақ  та елдік  және  тарихи  маңызы  орасан  ежелгі
Ақбикеш – Ақсүмбе  мұнарасын сақтап  қалу  елдігімізге  сын  екенін  ұмытпайық.  
Пайдаланылған  Әдебиеттер  тізімі:
1.Нүрпейісов  Н.  Әулиелі  Ақсүмбе –Періштелі  Ақбикеш. Шымкент 2006
2.Сәрсен Б.С . Тәңірлік  Топонимдер. Ордабасы  2010
3.Қазақстан   ұлттық  энциклопедисы. Қазақ  энциклопедиясының  бас  редакциясы. Алматы    1998.
 ******
Қабиев Ғиндулла Сиғуатұлы. тарих пәнінің мұғалімі
Бірік орта жалпы білім беретін мектебінің
Казталов ауданы, Батыс Қазақстан облысы
Сабақтың тақырыбы: Көшпелі мал шаруашылығы – тірішіліктің қайнар көзі 
Сабақтың мақсаты:А) Темір дәуірінде Қазақстанда мекендеген адамдар өмірінде, тұрмысында, шаруашылығында, 
мәдениетінде болған өзгерістерді меңгерту, өмірмен байланыстыра оқыту.
Ә)Оқушыларды еңбек сүйгіштікке және жануарлар дүниесіне қамқорлыққа тәрбиелеу.
Б)Темір дәуірінің өзіндік ерекшеліктерін білу. Қосымша деректермен жұмыс істеу қабілеттерін дамыту.
Күтілетін нәтиже:

Темір дәуірінде адамдар өмірінде болған өзгерістер туралы біледі. 

Темір дәуіріне сипаттама береді. 

Көшпелі мал шаруашылығының пайда болу себептерін анықтайды. 

Көшпелі мал шаруашылығының адам өміріндегі маңызын анықтайды. 

Картамен жұмыс жасайды.
Сабақтың әдісі: топтастыру, өзіндік – зерттеу жұмыс, «Ия-жоқ» стратегиясы
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, суреттер, карта
І. Ұйымдастыру бөлімі
Сынып 6 топқа бөлінеді.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Қызығушылықты ояту. «Таза тақта» әдісі
Тақырыбы: «Қола дәуіріндегі Қазақстан» тақырыбын қорытындылау
Үй тапсырмасының сұрақтары. 
І топ. 
1.  Қола металл қалай алынды?
2. Қола металдың ерекшелігі, қасиеттері
3. Қоладан қандай құралдар, қарулар жасалды?
ІІ топ. 
1.Қола дәуірінің кезеңдері және атаулары
2. Андрон мәдениеті туралы не білесің? (атының шығуы, таралу аймағы)
3. Андроновтықтардың қонысы, кәсібі. 
ІІІ топ. 
1. Андроновтықтардың баспаналары.
2. Қола дәуірінде климаттың өзгеруі.
3. Климаттың өзгерісінің шаруашылыққа  әсері.
ІV топ
1. Отырықшы және жартылай көшпелі мал шаруашылығына сипаттама.
2. Жартылай көшпелі мал шаруашылығына көшу себебі
3. Кетпенді – теселі егіншілікке сипаттама.
V топ. 
1. Қола дәуірінде егіншілікке қолданылған құрал – саймандар. 
75

2. Қола дәуіріндегі зергерлік өнер бұйымдары.
3. Беғазы – Дәндібай мәдениетінің ерекшелігі.
VІ топ
1. Жеке меншіктің пайда болуының себептері.
2. Қола дәуірінің қоғамдық құрылысының ерекшеліктері
3. Діни көзқарастары. 
ІІІ. Жаңа  сабақ. 
«Мағынаны тану»
Тақырыбы: Көшпелі мал шаруашылығы – тіршіліктің қайнар сөзі
1. Темір дәуірінің аталу себебі неліктен?
2. Темір қандай металл деп ойлайсыңдар?
3. Темір адамдар шаруашылық өміріне қандай өзгерістер әкелді?
Жаңа сабақты оқып, меңгеру үшін тақырыптың бөлімдері әр топқа бөлініп, 
7-8 минут оқып түсінуге беріледі. Жаңа тақырыпты меңгеру үшін «Топтастыру» стратегиясы қолданылады. 
ІV. Топтық тапсырмалар
І топ – «Темір дәуіріне сипаттама»
ІІ топ – «Көшпелі мал шаруашылығының пайда болуы»
ІІІ топ – «Көшпелі мал шаруашылығының пайда болу себептері»
ІV топ – «Тебіндік жайылым»
V топ – «Көшпелі мал шаруашылығы» кестесін жасау
VІ топ – «Төрт түлік мал»
Әр топ өздерінің жұмыстарын қорғайды. 
Қорытындылау. 
Бекіту сұрақтары:  «Иә - Жоқ» стратегиясы
1. Тебіндік мал – жылқы. (иә)
2. Тебіндік мал – сиыр (жоқ)
3. Б.з.б 8 ғ – б.з 6 ғ – темір дәуірі (иә)
4. б.з.б 3ғ – б.з 10 ғ – темір дәуірі (жоқ)
5. Қазақстан жерінің көбі егіншілікке жарамды. (жоқ)
6. Қазақстан жерінің мал шаруашылығына пайдалы. (иә)
7. Темір дәуірінде өмір сүрген тайпалар. 
Бағалау. 
Үйге тапсырма:Көшпелі  мал   шаруашылығы – тіршіліктің қайнар көзі. мазмұндау.
Кері  байланыс  «Шығу  парағы» 
 ******
 «ӨЗІН – ӨЗІ ТАНУ – ӨМІРДІ ТАНУ»
Улмесекова Қарлығаш Амангелдіқызы
БҚО Казталов ауданы Әбіш ауылы
                                                                 Әбіш негізгі жалпы білім беретін мектебінің өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі
                                         
Адамға ең әуелі білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз білім адамзаттың қас жауы. Әбу Насыр Әл-Фараби
       
     Әрбір адам білім нәріне сусындамас бұрын тәлім-тәрбиеден өтеді. Ұстаздың ұлағаты шәкіртіне білім нұрын төкпей 
тұрып санасына сан қырлы сәуле құюы да жоғарыдағы баба сөзінің салмағы болар. Білім беру үрдісінде адамның үйлесімді 
даму міндеті тек әлемдік және ұлттық мәдениеттің үлгілерін құндылықты меңгеру арқылы ғана шешілетіні анық, өйткені 
тұлғаның бойында дүние танымдық және мінез-құлықтық бағдарламалардың қалыптасуы білім беру сапалы болғандығын 
білдіреді.
       Қазіргі таңда осы мәселе, яғни келешек ұрпақтың адамгершілік рухани құндылықтарын дамыту арқылы білім беру 
мәселесі алға қойылып отыр. Жаңа ғасыр толқыны әкелген жаңалықтарға сәйкес қазіргі заманда адамның тұлғалық дамуына
баса назар аударылып, жас жеткіншектерге берілетін білім негіздері олардың жеке даралық қабілеттерін жетілдіруге қызмет
етеді. Әр баланың ішкі мүмкіндігі мен өзіндік қарымын дамытуға әсер ететін рухани адамгершілік қағидалары жеке 
тұлғаның өзін-өзі дамытуының, өзін-өзі жүзеге асыруының аса қажетті шарты болып табылады.
       Осындай жағдайларда Сара Алпысқызы Назарбаева жас ұрпақтың адамгершілік-рухани дамуы бойынша кең көлемде 
«Өзін-өзі тану» білім беру бағдарламасын ұсынды. Автордың ойынша, даналықтың шыңы, ол- махаббат, ол — бақыттың 
құпиясы, ол-адамның өзін-өзі тануы, бақыт пен өмірлік табысқа жету үшін өзінің шексіз мүмкіндіктерін аша алуы.
Осы орайда жас ұрпақтың рухани мәдениетін арттырып, көркемдік әлемін байытуда, дүниетанымын қалыптастырып, 
салауаттылыққа тәрбиелеуде «Өзін-өзі тану» пәнінің орны ерекше.
        Бұл пән жеке тұлғаның өзін-өзі тануына және рухани баюына әсер ете отырып, әрбір тұлғаның жақсы жаққа өзгеруіне 
мүмкіндік береді.Сонымен қатар ол жеке тұлға ретінде өзін-өзі тануға және өмірлік ұстанымын, дүние танымдық деңгейін 
анықтайтын құндылықтар сапасына ие болуға бағыт-бағдар береді. Адамгершілік-рухани тұрғыдан дәріс алған балалар 
өмірлік маңызды құндылықтар жүйесін зерделейді, рухани және материалдық арақатынас мәселесін пайымдай отырып 
өзіндік көзқарастарын шыңдай түседі.
Өзін-өзі тануды оқыту баланың өзіндік бейімділіктерін ашу және оның мінез-құлқын, қабілеттерін ескере отырып, оны 
тұлға ретінде, іс-әрекет субъектісі әрі жеке дара субъекті ретінде дамыту, балалардың қоршаған ортаға және бүкіл адамзатқа
деген қарым-қатынас айқындамасын, адамгершілік мінез-құлықтың, әлеуметтік маңызын ашу, сондай ақ шығармашылық 
шыңын көтеру тәрізді міндеттерді жүзеге асырады деп айтуға болады.
Сабақ барысындағы ойындар, жаттығулар, тренингтер, шаттық шеңбері, т.б. әдістер балалардың шығармашылықтарын 
шыңдауға септігін тигізеді.
76

       «Өзін-өзі тану: махаббат пен шығармашылық педагогикасы» себебі: өзін-өзі тану пәні баланы өзінің қадірін өзі білуге, 
өзін сыйлауға, өзін-өзі жетілдіруге, рухани өмірде және қоршаған өмір жағдайларында өзінің бағыт-бағдарының болуына, 
тәрбиелейді, яғни бала бойындағы махаббат сезімінің бастауын оятады; өз бетінше шешім қабылдай алуына және өз сөзі 
мен әрекеттері үшін жауапкершілікті сезіне білуге, ойын шыңдауға, яғни шығармашылық қабілетінің ұшқынын ұштайды.
        Махаббат пен шығармашылық білім беру – жас ұрпақтың бойына өмірдің мәні, сүйіспеншілік, бақыт, сыйластық, 
татулық, бірлік, төзімділік сынды құндылықтарды дарыту арқылы адамның қоғамда өз орнын табуына, қабілет-дарынының 
ашыла түсуіне, ақыл-парасатын дамытуына яғни сәнді де мәнді өмір сүруіне қызмет етеді.Ф.И.Достаевский «Өзіңнен өзіңді 
ізде, өзіңе-өзің бағын, өзіңді-өзің тани біл» — деп айтқан болатын.
        Қазақстан қоғамындағы өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік білімі мен тәрбиесі жалпыадамзаттық, жалпыұлттық 
және тұлғалық құндылықтардың үйлесімді жинақталуына бағытталған.
        Қазақ халқының ғұлама ғалымы әл-Фараби: «Адам мақсатына өзін-өзі жетілдіру арқылы жетеді және адамның басына 
қонған бақтың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты» деген екен.
       Ал өзіңді алға қарай жетілдіру және бойында жақсы мінез-құлық қалыптастыру ең алдымен өзін-өзі танудан басталады. 
Өйткені, өзіңнің кім екеніңді, қандай екеніңді білмесең, жетілдіру тәрбиесінің қай бағытта жүретінін және қандай мінез-
құлық қалыптастыру қажеттігін білу қиын.
Өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу мәселесі әрқашан өзекті болып отыр.
        Еліміздің бірінші ханымы Сара Алпысқызы Назарбаеваның бастамасымен білім беру үдерісіне енгізілген рухани-
адамгершілік тәрбиеге күш берген «Өзін-өзі тану» бағдарламасы осы-рухани-адамгершілік тәрбиеден бастау алып, жан-
жақты жетілген тұлғаны қалыптастыруды қолдайды. Біздің халқымыз үшін жан-жақты жетілген тұлға дегеніміз, ең алдымен
ұлттық тәрбиенің нәрінен сусындап, бала жастан бойында ұлттық тәрбиені қалыптастырған жан.
Яғни, жастарға нақты білім негіздерін меңгертіп, олардың бойына рухани-адамгершілік қайнарын сіңіріп, мінез-құлқын 
тәрбиелеуге, жалпы азаматтық құндылықтарды өмір бойы басшылыққа алып, өмір сүретін тұлға қалыптастыруымыз қажет.
        Қоғам дамуында біздің күнделікті қарапайым тіршілігімізде сүйіспеншілік пен ізгілік, мейірімділік пен 
қайырымдылық, шыдамдылық пен имандылық, адалдық пен ибалық сияқты асыл қасиеттер керек.Осы адами қасиеттерді 
жүзеге асыру біздің негізгі мақсатымыз екендігі сөзсіз.
      «Мұғалім өн бойына, өз ісіне, шәкіртіне деген сүйіспеншілікті жинақтаса ғана ол-нағыз ұстаз» (Л.Н.Толстой).
        «... Өзіңді - өзің танысаң - істің басы, Түзеген өз ғаламын болған дана» (А.Ә.Машани)
         Күн - тіршілік көзі, мұғалім – халық көзі. Күн болмаса тіршілікті, дүниеден қараңғылық басатыны секілді, мұғалім 
болмаса халық көрсоқыр, қара тобыр, һәм надан хайуани тіршілік кешері сөзсіз. Иә, мұғалім киелі мамандық. Патшалар, 
президенттер, академиктер, генералдар, дәрігерлер, өнерпаздар...- бәрі де мұғалімнен оқыған. Сондықтан да мұғалім 
мәртебесі, дәрежесі: биік, асқақ,ардақты,атақты.
        Мұғалімдік қызмет адам жанына нәр беретін игілікті жұмыс. Мұғалімнің сөзі – жан азығы. Ол жаныңды өсіреді, 
жалындатады, қанаттандырады, өмірге қызықтырады, шаттыққа бөлейді, өмір жолын нұрландырады, рухани биікке 
көтереді. Осы мәртебелі мамандықтың иесі мұғалімнің бірі менмін. Сірә, маңдайыма жазылғаны осы болса керек. Олай 
дейтініміз – ғалым Платонның айтуы бойынша, «Әлемнің жеті данагөйі» Дельфадағы Аполлонның сарайында бас қосып, 
ортақ бір ғана тұжырымға тоқталыпты. Латын тілі үлгісінде әрқайсысы «Өзіңді өзің таны» (nosce te ipsup) деп жазып 
қалдырған екен. Біз, кез - келген нәрсені өзімізден, өзімізді танудан бастауымыз керек. Яғни, өзімізді өзіміз танымасақ, 
өзгені қалай танимыз?! Ақжан атамыздың «Өзіңді өзің танысаң істің басы» деген сөзінің мағынасы осында жатса керек. 
Менің әлемнің ең басты құндылығы – адам және адамның өмір сүруі үшін бақыт үшін, қуаныш үшін жаралғандығына 
негізделген өзін - өзі тану пәнінен дәріс беріп жүргеніме көп уақыт өткен жоқ. Сол аз уақыттың ішінде осынау жауапты да 
күрделі міндет жүктелген «Өзін - өзі тану» пәнінің жас ұрпаққа рухани - адамгершілік тұрғысынан білім берудегі 
ұтымдылығына көз жеткіздім. Өзіммен өзім, тып - тыныш. Оңашада ішкі ойыңмен сырласу қандай ғанибет десеңші...
       Шәкірт қабілеттерін жан - жақты дамытып, шығармашылығын, ізденімпаздығын, ұштай білу үшін ұстаз өзі 
шығармашыл тұлға болуы тиіс. Бүгінгі заман мұғалімі қазіргі қоғамдық - әлеуметтік талаптарға жауап беретін, жан - жақты 
білімді жаңашыл ойлау дағдысын меңгерген, оқушының жан - жақты дамуын ұйымдастыра алатын икемді тұлға болуы 
керек.«Атадан бала тусайшы, ата жолын қусайшы» дегендей, атадан балаға мұра болып келе жатқан жақсы қасиеттерді 
келер ұрпақтың бойына сіңіріп, ізгілікке тәрбиелеуді арман етіп: «шыншыл, әділетті, иманды болу сонау ата-бабамыздан 
келе жатқан дәстүріміз», — дейді де, жұрт сол дәстүрді бұзғандарға ат-шапан айып тартқызып, кейінгі ұрпақтың ата салтын 
мықтап ұстауын талап еткен. Мәселен, атасы немересін, алдымен, елінің құтты қонысымен таныстырған. Жылдың әр 
мезгілінде елдің қайда, қалай көшетінін, суды қайдан ішетінін, жеті атасын, олардың зираттарын, елдегі даңқты 
адамдарының ерлік хикаяларын, ауыл-аймақтағы жер-су атауларын ерінбей-жалықпай баласының санасына сіңіре білген.
Бала атаулының айналаны қабылдағыш, зейінді кезі үш пен бес жас аралығы. Қазіргі педагогика мен психология 
ғылымдары бұл жайтқа айрықша назар аударып, бұларға «жүз мың сұрақ неліктен деп сауал қоятын кезең» деп айдар 
тағылып жүр. Осы ерекшелікті әлімсақтан аңғарған ата-бабаларымыз – төкпе ақындық пен сұңғыла жыршылық, айыр көмей
шешендік пен төгілдірген күйшілік секілді киелі өнерлеріміздің ірге тасы бала санасында сәби шақта қаланатынын ерекше 
ескеріп, осынау балдәурен балалық кезеңге айрықша мән берген. Сондықтан да бүлдіршін мен балдырғанға жоғарыда 
айтқанымыздай елі, жері, суы туралы, ата тегі, төрт түлік мал, жан-жануарлар мен өсімдіктер дүниесі, аспан денелері, 
табиғат құбылыстары, ауа райы т.б. жөнінде оның түсінігіне лайық, қысқа да нұсқа, жүйелі мағлұматтарды әр түрлі әдіспен 
жеткізіп отырған. «Бір бала бар – жақсы туады, бір бала бар — әкесінен асып туады» деп, халық «жасық туған» баланы да 
жұрт қатарлы азамат болуға, «асып туған» баланың іс-әрекетін қуаттап, оны үлгні ретінде уағыздайды. Қазақ дәстүрінде 
ата-анаға қызмет ету – борыш, ата салтын орындау – парыз, анасының ақ сүтін, әке еңбегін ақтау – қарыз.Жеке адамның 
адамгершілігі де, кісілік имандылығы да осы борыш, парыз, қарыз өтемімен айқындалады.
      Көшпенді ата-бабаларымыз ұрпақ тәрбиесіне қатысты жайттарды топтастырғанда да ғылым үшін аса маңызды жүйелік 
принципке ерекше мән берген. Осы айтылғанға орай жас буын тәрбиесін бесіктен (тіпті, құрсақта жатқан кезден) бастап 
бұларды ақыл-ой, имандылық, еңбек, көркемдік, сымбаттылық секілді сан салаға жұптастырған. М.Әуезовтың: «Ел олу 
үшін бесігіңді түзе» деген сөзінің мән-мағынасына ой салсақ, тәлім-тәрбие ісі жас ұрпақ дүниеге келгеннен басталады екен.
       ХХІ ғасырда көтеріліп отырған «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білімінің түп тамыры тереңде жатыр. Ол – 
халқымыздың ұлттық құндылықтарынан, рухани мұраларынан, ділінен, тағлымдық ой-толғауларынан бастау алады. «Өзін-
өзі таныған, өмірдің мәнін түсінген адам, өзін-өзі қадағалап, сынап, өзін-өзі тәрбиелеуге, өмірден өз орнын, өз бақытын 
77

табуға ұмтылады. Өзін-өзі тану – адамның шындықты өзінше түсіну жағынан қарастыратын ілім, ол өз бойындағы 
бірегейлікке сәйкес келетін өзінің жеке құндылықтары жүйесін жалпыадамзаттық құндылықтар жүйесімен ықпалдастыруға 
бағытталған. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білімі – ұлттық құндылықтарды іске асыру мен таратудың маңызды 
механизмі, өмірдің мәні мен өнегесі, тарихпен, ана тілімен, философиямен, әдебиетпен, дәстүрмен, психологиямен 
ұштасқан ұлттық-рухани білім мазмұны мен түрі.
        «Халықтан асқан ұлы ұстаз жоқ» дейтін болсақ, ұлттық рухани мұралар – ұрпақтың рухани-адамгершілік азығын 
жетілдіретін негізгі өзегі болмақ. Рухани байлыққа апаратын жолдың бірі – білім, екіншісі – сол білімді пайдаға асыру. 
Адам алғаш білімнің құндылығына сүйене отырып, өз ортасын жақсы жағынан өзгертуге әрекет жасайды. Өйткені рухани 
жетілудің шыңына көтерілген адам өмірдің мәні мен мағынасын жай ғана түсініп қоймай, жер бетінде ізгілік орнатуға күш 
салады. Қандай да болсын адамдықты, адамгершілікті бетке ұстаған қоғамның мақсаты- әр адамды рухани байлық 
деңгейіне жеткізу. Бүгінгі жас ұрпақты оқыьтып қана қою аз, оны жан-жақты дамыту, жаңаша дағдыларға тәрбиелеу қажет. 
Әлемдік даму, ғылыми технология адамның ұшқыр ойлы, терең білімді, озық тәрбиелі болуын талап етеді. Сондықтан 
рухани-адамгершілік тұрғысынан білім беру әр тұлғаның азаматтық келбетінің жоғары болып, олардың кез келген ортада 
белсенділік көрсете алатынын қабілеттерін жетілдіруді көздейді.
       Бүгінгі күні біздің елімізде ұлттық және азаматтық құндылықтардың негізінде жеке тұлғаны қалыптастыру және 
дамыту, жеке адамның рухани күш-қуат мүмкіндіктерін ашу, адамгершілік пен салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін 
қажетті жағдайлардың барлығы да жасалуда. Тәрбиенің басты мақсаты әр адамның ішкі құндылығын, тұлғалық қасиетін 
ашып, бағалауға үйрету.
      «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім бағдарламасы ізгілік педагогикасы бойынша, білім беруде жеке тұлғаны ең 
жоғары құндылық деп тану, оның еркіндігі мен жан-жақты дамуын қамтамасыз ету, оқу-тәрбие үдерісінде жеке тұлғаның 
танымдық және рухани қажеттіктерін қанағаттандыру, білім беру үдерісін жаңаша ұйымдастыру оның философиялық, 
психологиялық-педагогикалық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді.
        Жеке тұлғаның бағыттылығын, оның сенімін, дүниеге көзқарасын, идеалдарын, ұстанымын қалыптастыру; өмір салтын
еркін таңдай алуын, өз бетінше іске асыратын дербес ерекшеліктерін дамыту – педагогиканың басты мұраты. Ал оның 
негізгі бағыты – рухани-адамгершілік білім беру: жеке тұлғаның әлеуетін барынша ашуға, өзін-өзі тану процесінде АДАМ 
тәрбиелеуге бағдарланған.
       Адамның өмірлік өзін-өзі тану мәдениетін қалыптастыру – өмір талабы. Өмірлік өзіндік таным – өте кең ұғым, ол 
адамды өз бақытының және өз өмірінің субъектісі ретінде танытады.
      «Өзін өзі тану» пәні – қазіргі қоғамда өте керекті пән. Атынан көрініп тұрғандай, адам өзгені тану үшін біріншіден өзін 
жақсы танып білу шарт. Біздің негізгі бағытымыз осы болмақ.
«Өзін өзі тану» пәні – сан қырлы.
Айтар ойы, мақсаты оның мазмұнды.
Жеке тұлға қалыптасса жан-жақты,
Болашағы болар елдің таң нұрлы.
Өзін-өзі, өзгені де танитын,
Мейірімділік, адалдыққа баулитын.
Сездіретін жүректердің жылуын,
Шәкірттерге бұл жақсы пән тартымды.
Еліміздің ертеңі – ұрпақ тәрбиесіндегі ортақ мүддеміз үшін жасалып жатқан барша істерге сәттілік тілейміз.
 ******

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет