Зертханалық жұмыс
65
1.
2014жылы сәуір айында бірінші рет сүлікті салдым. Көктемде салынған сүлік басқа мезгілдерде салынған
сүліктен ерекше, емі көп болады. Алғашқы қабылдауымда өзімнің әжем Сатан болды. Әжемнің аяғы көп ауыратын,
соның салдарынан кейде тізе тұсы ісіп, жүруі қиындайтын. Баста айтқанымдай отадан соң әжем тез шаршайтын болды.
Қан айналымының ақауларының себебінен басы да жиі мазалайтын. Әжеме ем жасау үшін және де өзіме тәжірибе
жинақтау үшін әкеме сүлік алып келуін өтініш жасадым. Әкелген сүліктерді филтірленген суға салып қойдым.
Сүлік салар алдында, әжемнің аяғын жуып, арнайы жамылғы жабылған кереуетке жатқыздық. Сүлік салуға керекті
құралдарды (стақан,мақта,қысқыш,зеленка,тұзды су құйылған банка) дайындап, жылу суға қантты ерітіп, аяғына
жақтым. Атамның көмегімен сүлікті қысқышпен алып стақанға салып, тізесіне қойдық(стақанға бір-екі сүліктен
салдық). 30-45 сек. сүлік теріні тістеді. Әрбір аяққа он сүліктен қойдық. 10-15минут өткен соң сүліктер семіріп, теріден
түсіп қалды. Сүлікті жылдам тұзды су құйылған банкаға салып(сүлікті қолмен ұстау керек), тістелген орынды зеленкаға
малынған мақтамен жауып қойдық(жай мақтамен қан тоқтамайды,жылдамырақ тоқтатпаса, керекті нәруыздар да ағып
кетеді). Тұзды суға салған кезде төменге түсіп, жұтқан қандарды түгелдей құсады(керемет көрініс, бірақ, осыдан соң
көптеген сүліктер өліп кетеді). Сүліктердің барлығы түскеннен соң әжем бөлмесіне барып дем алды, ал мен банкадағы
сүліктерді сыртқа шығарып, үлкен табаққа төктім. Өкінішке орай, сүліктің барлығы өліп қалды. 1-2 сағат өткен соң
әжемнен қал-жағдайын сұрап, көңіл-күйіне қатты мән бердім, аз уақыттың ішінде өзін жақсы сезініп, денесінің жеңілдеп
қалғанын білгенімде ғана оқығандарымның барлығы рас екендігіне көзім жетті.
Сол күні екінші қабылдау жасаймыз деген ой болған, бірақ, бұл қабылдау ағзаны әлсірететін болғандықтан ертеңгі күнге
қалдырдық.
Алғашқы сүліктерім өліп қалды. Сол уақытқа дейін өзімді «сүліктер жайлы көп нәрсе білемін, барлығы жақсы болады»
деп ойлағанмын. Бірақ, осылай болып қалды, мен қатты қынжылған жоқпын, бір ғана практикадан өтіп, білмейтін,
оқымаған дүниелерді үйрендім. Тағы да ғаламтордан керекті білім алып, ертеңгі күнгі қабылдауымның жақсы боларына
сендім.
Келесі күні тек әжеме ғана емес, атама да сүлік салатын болдым. Өзім салатын болған соң ба, көңіл-күйім көтеріліп,
жауапкершілікті сезіндім. Бүгін әжемнің жағдайы кешегі күнге қарағанда керемет. Сүлік салудың алдын ала жасау керек
ережелерін бұзбай, әжемнің оң жақ маңдайына, ал атамның оң жақ жамбасына салдым салдым. Дәл алғашқы рет
салғандай барлығын рет-ретімен жасадым. Бұл жолы қателіктерге бой бермей сүліктердің көпшілігін сақтап қалдым.
Дәл сол жылы атама сүлік салғызуға науқастар жиілеп келді(олар сүлікті өздері алып келетін). Қабылдау кезінде атама
жәрдем беріп, көп тәжірибе жинақтадым.
Әр қабылдаудан соң, өзім түрлі жаңалықтармен танысып(науқастар сүлікті ежелде ата-бабаларымыз қалай қолданғаны
жайлы ,т.б айтып беретін), денесі кішкентай ғана бойында мың сантүрлі сыр сақтаған сүлікті зерттеуге қызығушылығым
арта түсті.
2. Сүлікті өсіру, бағу өте қиын дейді. Осы сөздің рас – өтірігін білгім келіп, сүлікті өз үйімде өсірдім.
Жаңадан әкелінген сүліктерді филтірленген суға салып, банканың аузын марлімен жауып қойдым. Әр екі күн сайын
суды ауыстырып тұрдым(кішкентай банка немесе сүліктер 10-15тен көп болса күніне де ауыстыру қажет).
Қоректенбеседе сүліктер апталап, айлап өсіп жатты. Кішкентай сүліктер әр дайым судың беткі қабатында, ал
ортаншылар ортаңғы қабатта, үлкендері төменгі бөлігінде жататын.
Сүлікті салынған банканы қара матамен жауып немесе қараңғы бөлмеге қою керек. Сүлік салынған удың температурасы
бөлме температурасымен тең болмауы тиіс. Міне, сол себепті оны матамен немесе суық бөлмеге қою керек.
Сүліктің суын ауыстырғанда сүліктің денесін де тазартып, қолменен жуып(сабынсыз) таза суға салу керек. Міндетті
түрде сүлік салынған банканы сабындап, далада кептіріп(иісі кету үшін), таза ұстау қажет.
Сүліктің өсу кестесі:
№
Сүліктер
Бастапқы ұзындығы
2 аптадан соң
1 айдан соң
2 айдан соң
Қорытынды 2
айда_ өсті
1
1 айлық
1,3см
1,4см
1,6см
2см
0,7см
2
3 айлық
2см
2,2см
2,5см
3см
1см
3
7 айлық
4-5см
4,1-5,1см
4,3-5,4см
4,8-6см
0,8-1см
Алғаш қолыма ұстағанда сүліктер жылдам қимылдап, қолымнан түсіп кетіп, байыз таппай қашатын. Кейіннен маған
үйреніп қалып, қолыма жасбысып та қалатын кездер болды. Барлық жәндіктер, жануарлар, құстар секілді сүлік те адам
баласына тез үйреніп кетеді. Тек өзіңіз сүліктен қорықпасаңыз болды.
Қорытынды. Өсімдіктерге жақсы-жақсы сөз айтып, жаныңа жақын тұтсаң, ол өседі гүлдейді, ажарланады;
Жануарлармен сыр бөлісіп, жақын досың ретінде қарасаң, олар да сізді қуантады, сізге көмегін береді; Адаммен де дәл
солай ,тек, жақсы қарым-қатынас болу керек. Тіпті, көзіңізге қорқынышты, жейіркенішті сүлікті бағып-баптап көрсеңіз,
жаныңызға серік етсеңіз, сол бір қара құрт сізге сүп-сүйкімді, көңіліңізге қуаныш сыйлайтын жақын досыңызға
айналады.
Тілдесу
Сүліктің медицинада алар орны бірегей. Адамдар бұл тәсілмен 30 ғасырдан бері емделіп келеді. Соңғы жылдары
жүргізілген зерттеулер нәтижесінде бұл жәндіктің құрамында 150-ге тарта биологиялық белсенді қоспалардың бары
анықталған. Бір мезгілде бірнеше аурудан айықтыратын құдіреті де бар. Бүгінгі таңда зор сұранысқа ие болып отырған
әулие құрттың қыр-сыры туралы сыр тартпақ болдық. Менің бұл сұрақтарыма хирург-врач Агажанов Қуанышбай ата
толықтай жауап берді.
-Қуанышбай Ағажанұлы, сүлікпен емдеуді кімдер жүргізуі керек?
-Сүлікпен тек арнайы сертификаты бар адамдар ғана ем жасай алады. Қалада мұндай дәрігерлер саусақпен санарлық. Бір
сүлікті тек бір-ақ рет салу керек. Оны салған кезде адам ағзасына дәрі-дәрмек жіберіледі. Яғни, сүлік қан сорып қана
қоймайды. Бас-тысы, өзінің құрамындағы биологиялық белсенді заттарды ағзаға жібереді. Сүліктің құрамында қанды
сұйылтатын, иммунитетті күшейтетін, көңіл-күйді көтеретін түрлі құрамдар болады.
66
-Сүліктің қандай түрлерін қолданған жөн?
-Сүліктің медициналық үш түрі бар. Табиғатта оның 600-ден астам түрі кездеседі. Кейбір адамдар сүлікті тек қан
шығару үшін ғана пайдаланады. Бір сүлікті құстыру арқылы бірнеше рет қолданатындар бар. Ол өте қауіпті. Біріншіден,
әр түрлі жұқпалы аурулар тасымалданады. Адамдар жаз айларында өзен, көлдің суларынан әкеліп салып жатады.
Олардан тек зиян келмесе, пайда жоқ. Өйткені, олар жан-жануарларға жабысады. Брюцелезбен ауыратын малға
жабысса, оның сырқатын адамға тасымалдайды. Екіншіден, мұндай сүліктердің дәрілік қасиеті қалмайды.
-Сүлікпен қандай ауруларды емдеуге болады?
-Халық қазір сүліктің пайдасы оның дәрісінде екенін біледі. Қабынуға қарсы дәрілері бар. Мұның құрамында табиғи
антибиотиктер бар. Әйел адамдар гинекеологиялық қиындықтармен келеді. Ер адамдар урологиялық мәселелерімен
сүліктің көмегіне жүгініп жатады. Сүлік ағзадағы қанды сұйылта отырып, іштегі бітеліп тұрған, тамырлардағы қақты
түсіреді. Қант диабетімен ауыратын адамдарда қандағы қант мөлшері төмендейді. Қан сұйылу арқылы ағзада қан жүру
процесі жақсарады. Жүріп жақсарған қан әр түрлі органдарға барады да, ол енді пайдалы заттарды жақсы
тасымалдайды. Басы жиі ауыратын адамдар сүлікті басқа қою керек деп есептейді. Ол дұрыс емес. Ағзаның бүкіл
мүшелері бір-бірімен тығыз байланысты. Біз, негізінде қытай медицинасына көп сүйенеміз. Белсенді нүктелерге инемен
саламыз. Бауыр мен құйымшақ нағыз маңызды жерлер. Бұлар әмбебап нүкте. Сүлік салдырғанда адам түгелдей
жеңілдеп қалады. Зат алмасу реттеліп, қан қысымын жақсартады. Сүліктен кейін толық адамдар арықтап, арық адамдар
толықтайды. Бідің тәжірибеде сүлік салдырғаннан кейін операциядан қалған тігістің кетіп қалған кездер болды.
-Сүлікті қандай мөлшерде салдыру керек?
-Бір адамға толық ем курсынан өту үшін 10 күнде 50 сүлік қойылады. Ем адамның қан құрамына байланысты
жүргізіледі. Қанды аз алу керек болса, сүлік те аз қойылады. Емді күнбе-күн үзбестен қабылдауға болады. Бірақ
пациенттің көңіл-күйіне және емді қалай көтеруіне байланыс-ты, арасына уақыт салып үзіліс те жасауға болады. Себебі,
сүліктің дәрісі адам денесінде 1,5 айға дейін сақталалады.
-Сүлікпен емделудің құны қанша?
Сүлікпен емделу адамдарға экономикалық жағынан тиімді. Өйткені, ол бүкіл ағзаға қойылатындықтан, бір ғана ауруды
емдемейді. Барлық сырқаттан айығып, әрі қаражат жағынан ұтады. Тиімді. Сүліктің құрамында теңіз балықтарынан
алынатын гиалуранидаза қышқылы болады. Ол қышқыл алплутоп деген дәріде бар. Бұл дәрімен тек бір ғана сырқатты
емдеуге болады. Ал сүліктің бұдан өзге 150 шақты биологиялық белсенді қоспалары бар. Сүлік әлі зерттеліп жатыр.
1988 жылға дейін ол бір ғана герудин делініп келген еді. Соңғы жылдары медицинада сүлікпен емделуге оң көзқарас
қалыптасып келеді. Бүгінде денсаулық сақтау саласында сүлік кардиологияда, офтальмологияда, дерматологияда,
хирургияда, гинекологияда, урологияда, неврологияда, герентологияда кеңінен қолданылып, күретамыр жөне қан тамыр
ауруларына, тері ауруларына, өкпе, бас сақинасы, инфаркт, инсульт, глаукома секілді ауруларға таптырмас ем болып
отыр. Тіпті, адамдар сүлікті жасартатын қасиетіне байланысты да кеңінен қолдануда. Қанның ұюына тосқауыл қоятын
гирудин және көптеген биологиялық пайдалы заттар сүлік сілекейінің негізгі құндылығы. Бала көтере алмай жүрген
әйелдердегі қабыну процестерін емдеп, бітеліп қалған түтікшені ашады. Ер адамдардың ұрығының төмендеуіне,
белсіздікті емдеуге көмегі көп. Сүліктің ағзаға кері әсері жоқ.
-Бұл емнің қарсы көрсетілімдері бар ма?
-Сүлікті гемофилия кезінде, яғни қан ұйымайтын адамдарға салмайды. Бұл абсолютті қарсы көрсеткіш. Жүкті әйелдерге,
қан қысымы төмендерге, сондай-ақ обыр ауыруымен ауыратын сырқаттарға болмайды. Қан аз немесе өте жоғары кезде,
есеңгіреп, талықсып кететін адамдарға қоюға болмайды.
-Сүлік салғаннан кейін қандай да бір шектеулер бола ма?
-Монша мен саунаға баруға, бассейнге түсуге болмайды. Жылы гигиеналық душ қабылдау керек. Ағзаға аса қатты күш
түспейтін болса, спорттың жеңіл түрлерімен, күнделікті гимнастикалық жаттығулармен айналыса беруге болады.
Сүлікпен ем алуға келгенде, иіссудан аулақ болу керек. Иісі бар сусабынның өзімен жуынуға болмайды. Себебі, сүлік
иісшіл, өте сезімтал болып келеді. Кейбір науқастарға ол салынбай да қалатын кездер болады.
-Кішкентай балаларға салуға бола ма?
-Болады. Бірақ, балалар одан қорқады. Сондықтан, сәбилермен жұмыс жасау қиын.
-Медициналық сүлікті қалай сақтаған дұрыс?
- Олар + 8, +10 градус температурада мұздатқышта, суда сақталуы керек. Теория бойынша, сүліктер тамақсыз екі жылға
дейін өмір сүре алады. Емге тек аш сүліктер пайдаланылады. Суды күн сайын ауыстырып тұру керек. Сүлік өте сезімтал,
әрі таза. Белсендендірілген көмір (активированный уголь) дәрісін ерітіп салып сол суда ғана күтіп ұсталуы тиіс.
Қорытынды
Қорыта айтқанда, қазақ халқының көптеген жасы 60-70жастан асқан халқы түгел дерлік халық емін қолдануда.
Адамның ауруын емдеп қана қоймай денеңізді шынықтырып, күш-қуат беретін халық емін дұрыс деп ойлайтын адам
саны арта түсті.
---------------------------------------------------------------------------------------------------------
Жолдасова Баян
№28 «Ақбай» жалпы орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
ОҚО Сайрам ауданы
Қазақ тілі пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы Мен (бен, пен), және шылаулары
Сабақтың жалпы
мақсаты
Мен (бен, пен), және шылауларының сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді
байланыстыратындығы туралы оқушылардың түсініктерін қалыптастыру, бұл шылауларды
орынды қолдана білуге жаттықтыру, оқушылардың ойлау және талдау, бірін-бірі, өзін-өзі дұрыс
бағалау қабілеттерін жетілдіруге ықпал ету, топта жұмыс істей білуге, ұйымшылдыққа,
ізденімпаздыққа баулу.
Оқытуда
қолданылатын әдіс-
«Миға шабуыл» әдісі, «Сәйкесін тап» ойыны, диалогтық әдіс, «Фишбоун» әдісі, «Пирамида»
әдісі, «Сиқырлы әріптер» әдісі, топтық зерттеу, «Көбелектерге көмектес» ойыны, тест.
67
тәсілдер
Оқытуда күтілетін
нәтиже
Оқушылардың мен (бен, пен), және шылауларының сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді
байланыстыратындығы туралы түсініктері, ойлау және талдау қабілеттері қалыптасады,
шылауларды орынды қолдана білуге үйренеді, бірін-бірі, өзін-өзі дұрыс бағалау дағдыларын
қалыптастырады, топта жұмыс істеуге, ұйымшыл болуға үйренеді.
Көрнекі құралдар,
дереккөздер
Үш түрлі конфет, бағалау парағы, сөзжұмбақ,
сызба сызылған плакаттар, тест парағы,
ноутбук, «Даму» ағашы, плакат, маркерлер,
стикер
Қазақ тілі 4 сынып Атамұра 2011 ж. Қазақ
тілінен 55 сабақ, ғаламтор көзі, көмекші
құралдар, тест жинағы
Түйінді идея
Нақты ойлау арқылы ой қорыту
№
Уақыт
ы
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
1.
2.
3.
4.
5.
6.
7.
8.
1 мин.
1 мин.
1 мин.
5 мин.
12 мин.
12 мин.
Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын
қалыптастыру
Топқа бөлу
1-топ «Өнер» тобы (қызыл)
2-топ «Білім» тобы (жасыл)
3-топ «Еңбек» тобы (сары)
Сабақтың бағалау критерийімен таныстыру.
Бағалау парақтарын әр топқа тарату.
Ат
ыж
өні
Біл
у
Тү
сін
у
Қо
л
дан
у
Та
л
дау
Жи
нақ
тау
Бағалау
2
4
4
3
2
І. Білу
«Миға шабуыл» әдісі
- Балалар, шылау туралы не білеміз?
«Сәйкесін тап» ойыны
Әр сөз табы бойынша мысал сөздерін сәйкестендіріп сызу.
ІІ.Түсіну
Оқулықпен жұмыс
7- жаттығу
Мақалдарды оқып, көшіріп жаз. Мағынасын түсіндір.
Шылауларды тауып, астын сыз. Олардың сөйлемде қандай
қызмет атқарып тұрғанын айт.
8- жаттығу
Өлеңді оқып, шылауларды тап. Олардың не үшін
қолданылып тұрғанын түсіндір.
Өлеңнің аты қандай? Авторы кім?
Ережемен таныстыру
Мен (бен, пен), және шылаулары сөз бен сөзді
байланыстырады. Мысалы: атам мен әжем, сен және мен.
ІІІ. Қолдану
Сөзжұмбақ шешу
Қалың сызықпен сызылған торкөздегі сөзді табу. Ол сөздің
сөйлемдегі қызметін айту.
Жасырынған сөз: және
Топтық жұмыс
•
«Фишбоун» әдісі
•
«Пирамида» әдісі
•
«Сиқырлы әріптер»
Сергіту сәті
ІV. Талдау
Топтық зерттеу
Шылау сөздері бар мақал-мәтелдердің мағынасын ашу.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Сәлем бердік сіздерге,
Құрметпенен біз!
Оқушылар конфеттерді түсіне
қарай таңдап, топқа бөлінеді.
Оқушылар бағалау критерийімен
танысады.
«5» - 12-15
«4» - 9-11
«3» - 5-8
Жеке жұмыс
Оқушылар шылау туралы
ізденгендері бойынша жауап
береді.
Оқушылар сызба бойынша
сәйкесін көрсетеді.
Жеке жұмыс
Оқушылар мақалды оқып,
көшіріп жазады. Шылауларды
тауып, сөйлемде қандай қызмет
атқарып тұрғанын айтады.
Жеке жұмыс
Оқушылар өлеңді оқып, жатқа
жазады. Шылауларды табады,
олардың қандай қызмет атқарып
тұрғанын айтады. Сұрақтарға
жауап береді.
Оқушылар ережемен танысады.
Жұптық жұмыс
Оқушылар сөзжұмбақтағы
жасырынған сөзді табады. Бұл
шылаудың сөйлемдегі қызметін
айтады, мысалдар келтіреді.
Топтық жұмыс
Топ мүшелері өздеріне
тапсырылған
тапсырманы орындайды.
Оқушылар бейнероликтегі
қимылдарды қайталайды.
Оқушылар шылау сөздері бар
68
9.
10.
11.
2 мин.
5 мин.
2 мин.
2 мин.
2 мин.
«Көбелектерге көмектес» ойыны
V. Жинақтау
«Нақты жауап айдары»
Шылау сөздер туралы түйінді идея
Тест сұрақтарына жауап алу
VІ. Бағалау
Формативті бағалау
Жиынтық бағалау
Рефлексия
Не үйрендім? Не үйренгім келеді?
Үйге: 12-жаттығу 166-бет
Келесі тақырыпқа дайындалу
мақал-мәтелдер айтады,
мағынасын ашады. Шылау
сөздердің не үшін қолданылып
тұрғанын айтады.
Оқушылар шылау сөздердің
сөздермен дұрыс тіркесін сызба
арқылы көрсетеді.
Топтық жұмыс
Оқушылар тест сұрақтарына
жауап беру арқылы өз ойларын
жинақтайды.
Әр топ басшылары өз топ
мүшелерін бағалау критерйиі
бойынша ұпай санымен
бағалайды.
Оқушылар өз ойларын стикерге
жазып, «Даму» ағашына
жапсырады
Тапсырманы күнделіктеріне
жазады.
Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы
«№25 Г.Титов атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
тарих пәні мұғалімі Жұманова Дина Азимхановна
ізденуші 8 «Ә» сынып оқушысы Қалмет Ақмарал
Тақырыбы: «Оңтүстік Қазақстан облысындағы орта ғасырлық қалаларды туризм бағытында зерттеу»
№ 25 Г.Титов атындағы жалпы орта мектебі
мемлекеттік мекемесінің тарих пәні мұғалімі
Жұманова Динаның жетекшілігімен ізденуші
8 «Ә» сынып оқушысы Қалмет Ақмаралдың
«Оңтүстік Қазақстан облысындағы орта
ғасырлардағы көне қалаларды туризм
бағытында зерттеу» тақырыбында жазған
ғылыми зерттеу жұмысына
Пікір
Жоғарыда аты аталған тақырып бойынша ғылыми жетекші Жұманова Дина ізденуші Қалмет Ақмаралмен бірлесе
отырып, ауқымды жұмыстар жүргізілген бұл ғылыми еңбекке яғни «Оңтүстік Қазақстан облысындағы орта
ғасырлардағы көне қалаларды туризм бағытында зерттеу» ізденуші ізшілдік, табандылық танытып, шығармашылық
ойлау қабілетін, нәтижелерді талдай алу қабілетінен алынған деректерді түсінікті баяндай білу шеберлігін көрсете білді.
Ғылыми- зерттеу жұмыс оқушыға білімдерін тереңдетіп, молайтуға мүмкіндік береді.
Ғылыми- зерттеу жұмыс міндеттері орындалған, ізденуші өзі қосқан үлестерін айқындап көрсете берген. Оқушы
Қалмет Ақмарал ғылыми-зерттеу жұмысын орындау барысында қойылған мақсатқа жеткен және жақсы теориялық білім
практикалық дағдыларын көрсеткен.
Ғылыми- зерттеу жұмыс саналы әрі өз дәрежесінде жазылған.
«Сырдария –университетінің тарих және
география кафедрасының меңгерушісі: Т.Ғ.К. доцент Ғ.Искаков
Аннотация
Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы Абай ауыл әкімшілігінің
№ 25 Г.Титов атындағы жалпы орта мектебі мемлекеттік мекемесінің тарих пәнінің мұғалімі Жұманова Динаның
жетекшілігімен ізденуші 8 «Ә» сынып оқушысы Қалмет Ақмаралдың «Оңтүстік Қазақстан облысындағы» орта
ғасырлардағы көне қалаларды туризм бағытында зерттеу» тақырыбына жазған ғылыми-зерттеу жұмысы.
Ғылыми-зерттеу нысаны ретінде Оңтүстік Қазақстан облысындағы орта ғасырдағы көне қалаларымыздың туризм
бағытында келешегін ашып зерттеу.
Ізденіс жұмысының мақсаты:
зерттеудің басты мақсаты- «Оңтүстік Қазақстан облысындағы» орта ғасырлардағы көне қалаларды туризм бағытында
зерттеу» жайлы өзекті болған мәселелеріне сипаттама беру,
орындалу картографиялық статистикалық талдау, салыстырма, баяндама әдістері қолданылды. Жұмысты орындау үшін
ең маңызды статистикалық-талдау әдіс болды. Себебі туризм еліміздің ең негізгі мәселесі болып табылады, тарихи көне
ескерткіштер біздің негізгі байлығымыз.
Ізденіс жұмысының міндеттері:
69
Ғылыми –зерттеу жұмысының нәтижелерін ескі тарихи көне қалаларды туризмді дамыту үшін жоспарлауда, құруда,
мектеп тарихы мен географиясына қосымша материалдары ретінде, арнайы курстар оқытуда пайдалануға болады.
Оңтүстік Қазақстан облысындағы тарихи көне қалалардың көп болуы және туристік нысаналар салу облыс үшін
маңызды мәселенің бірі. Осы мәселені шешуде туризм маңызды орын алады.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы мен нәтижесі:
«Оңтүстік Қазақстан облысындағы орта ғасырлардағы көне қалаларды туризм бағытында зерттеу» тақырыбына
жазылған ғылыми –зерттеу жұмысының ерекшеліктерін зерттеу жұмысының басты нысаны еткендіктен, бұл тақырыпта
көне қалалардың туризм бағытында даму келешегі жайында оқушының өзіндік пікірлерінің ерекшелігін ғылыми
жаңалығы деп түсінеміз.
Ізденіс жұмысының әдістемелік және практикалық құндылығы:
Ғылыми –зерттеу жұмысының теориялық құндылығы Қалмет Ақмаралдың «Оңтүстік Қазақстан облысындағы орта
ғасырлардағы көне қалаларда туризм бағытында зерттеу» ғылыми жұмысында сан түрлі мәселелерді көрсеткенін айтуға
болады.
Аннотация
Научно –иссиедовательская работа на тему:
«Исследование средневековых городов Южно-Казахстанской области в сфере туризма» ученицы 8 «Ә» класса Калмет
Акмарал под руководством учительницы истории Жумановой Дины Государственного учреждения общей средней
школы №25 имени Г.Титова с/о Абая Мактаральского района Южно –Казахстанской области.
Основа научно –исследовательской работы: исследовать будущее средневековых городов Южно –Казахстанской
области в сфере туризма.
Цель исследовательской работы.
Задача исследований: выяснить актуальные проблемы будущего средневековых городов Южно –Казахстанской области
в сфере туризма. При выполнении были картографические, статистические, данные и сопостовительные методы.
Сделать туризм в нашей стране актуальной проблемой, так как он представляет наши исторические ценности.
Задача исследовательской работы:
Результат научно –исследовательской работы –обучение специальных курсов по истории дополнительного материала в
школах при планировании развития туризма в средневековых городах Южно –Казахстанской области.
В Южно –Казахстанской области много средневековых городов, которые могут являться основной целью развития
туризма.
Результат и научное открытие исследователькой работы.
Особенность исследовательской работы «Исследование средневековых городов Южно –Казахстанской области в сфере
туризма»
Ученица вскрывает разные проблемы в сфере развития туризма средневековых городов. Ученица представляет свое
особое мнение о будущем старых городов Южно –Казахстанской области.
Методика и практическая ценность исследовательской работы.
Научно – исследовательская работа Калмет Акмарал на тему: «Исследование средневековых городов Южно –
Казахстанской области в сфере туризма» поднимает различные актуальные вопросы.
Достарыңызбен бөлісу: |