Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы



Pdf көрінісі
бет9/32
Дата24.12.2016
өлшемі1,22 Mb.
#355
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   32

Дарынды баланың басты ерекшелігі:
1)  Жоғары танымдық қызығушылығы, білімге құштарлығы, белгілі білім және қызмет саласында танып-білуге деген 
бейімділігі;
2)  Жетістікке жетуге ұмтылуы;
3) Кез келген жұмысты жоғары талаптарға жеткізуге жан-жақты ұмтылуы. Ойының ұшқырлығы, нәтижеге көрегендік 
жасауы, қоршаған ортаны өз әрекетінің дұрыстығына сендіруге ұмтылысы;
4) Жоғары танымдық мүмкіндігі, зерттеушілік дағдыларының жоғарылығы.
(Өз бетімен ізденіп, білімдерін және шығармашылық қабілеттерін дамытуға тырысып бағуы, пән негіздерінен алған 
білімін дамытып, алғырлыққа, шапшаңдыққа үйренуі.)
Қазіргі   таңда   оқушылардың   сабаққа   деген  қызығушылығынын,   белсенділігін  арттыруда,   олардың   білімін   жетілдіре, 
тереңдете түсуде халық педагогикасымен байланыстырыла өткізілетін дәстүрлі емес сабақтардың маңызы зор. Мұндай 
сабақтарды өткізу нәтижесінде оқушылардың сабаққа қызығушылығы артып қана қоймайды, берілген материалды жан-
жақты игеріп, ой-өрістері  кеңіп, алған білімдерін күнделікті өмірмен байланыстыра алады.
Өзіндік орындалатын жұмыстар мынадай белгілермен сипатталады:
Өзіндік   жұмыстар   оқушылардың   білім,   білік,   дағды,   шығармашылық   қабілеттерін   дамытып,   ғылыми-танымдық 
әдістерді меңгереді. Өзіндік жұмыстар әртүрлі   формада өтуі мүмкін. Қалай болғанда да жоғары деңгейде өз бетінше  
жұмыс   істеу  ізденушілік   сипатта   жүзеге   асады.   Әрбір   оқушы   тапсырманы   алғаннан   кейін,   оқу   мақсатын   анықтап,  
ойланып, өз бетінше орындау жолдарын белгілейді, оны шешудің тиімді әдісін таңдап алады. Мұндай жол оқушының  
шығармашылық қабілетінің артуына әкеледі. 
Мектептегі өзіндік жұмыстарға эссе, шығарма, баяндама, буклеттер, мәнжазба (реферат), әртүрлі тақырыптағы ұқсас  
есептер құрастыру, ғылыми жоба жұмыстары т.б. жатады.
Эссе - кез келген мәселені оқушының  өз бетімен шығармашылық тұрғыда талдауы.
Баяндама - мұнда хабарламаның негізі болып табылатын " орталық идея мен сүйенетін деректер" айтылуы керек. Ол  
қысқа жазылып, тақырып жалпы қарастырылады. Баяндаманы оқи тұра, ауызша жеткізілген деректердің қажетті жерде 
пайдаланылуы тыңдаушы сенімін арттырады. Осылайша баяндама тезисі 5-7 пункттен, 1-2 беттен тұрады.
Мәнжазба (реферат) сөзі латын тілінен аударғанда (referre) "хабарлаймын" деген мағына береді. Мұнда оқушы ғылыми  
және арнайы әдебиеттерді пайдалана отырып, белгілі бір мәселені шешуге ұмтылады.
Әртүрлі конференцияларда ғылыми жобалар қорғау оқушыларды өз пікірін еркін, ашық жеткізуге үйретеді әрі пәнге 
қызығушылығын арттырады.
Оқушы білімі мен біліктілігін тексерудің, бағалаудың тиімді түріне жататын бақылау - нәтижелі жұмыстың көзі.
Мектепте   химия   пәнін   оқыту   практикасында   жаттығулар   мен   есептер   шығаруға   көп   көңіл   бөлінеді.   Олардың 
нәтижесінде   білім   сапасы   артады,   ұғымның   мазмұны   нақтыланады   және   оқушылардың   игерген   білімін   өз   бетінше 
қолдана білуіне жағдай жасалады.
Химия оқулықтарындағы жаттығуларды орындау кезінде игерілген білім білікке ұштасады.
Есептер   шығару   барысында   оқушы   химиялық   шаманы   есептейді   және   заңдар   мен   заңдылықтарды   тағайындайды. 
Оқушыларды олимпиадаға дайындау мақсатында эксперименттік есеп беріп отырамын.
Кей уақытта оқушыларға сөзжұмбақ әкелуді тапсырамын. Мұндай тапсырманы оқушылар бар ынтасымен орындайды.
Мұндағы ең басты жетістіктер:
49

- оқушылар сөзжұмбақты құрастыруда өз бетінше ізденеді;
- әртүрлі ғылыми-техникалық басылым мен анықтамаларды қарайды, олармен өздігімен жұмыс істеуді үйренеді;
- сыныптағы барлық оқушы жұмыспен қамтамасыз етіледі;
- оқушы өз білімінің деңгейіне сай еңбектенеді;
- оқушының өз бетімен жұмыс істеуі тиянақтылыққа, ұстамдылыққа тәрбиелейді.
---------------------------------------------------------------------------------------------------------
Тұрғынбаева Айжан Абайқызы
Мұражай меңгерушісі
Б.Соқпақбаев атындағы жалпы орта мектебі
ОҚО , Шардара қаласы
Бүгінгі ғаламдану процесінде ұлттық құндылықтарды сақтау мен өзінің бет-бейнесін, ізгі дәстүрлерін сақтау жолындағы 
күрес – ұлттық сананы сақтау күресі.
Ұлттық тәрбие деп жеке тұлғаның ұлттық сана сезімі мен мінез-құлқының ана тілін, ата тарихын, төл мәдениетін және 
ұлттық салт-дәстүрлерді меңгеруі негізінде қалыптасуын айтамыз.
Ұлттық мәдени құндылықтар дегеніміз не? Қарапайым тілмен айтқанда, ұлттық мәдени құндылықтар – белгілі бір ұлтқа, 
ұлт азаматына тән зат, адами қадір-қасиет, яғни халық ғасырлар бойы жинақтаған ұлттық рухани және материалдық 
құндылықтар.
Қазақ халқының осындай дәріптеуге, қастерлеуге, дамытуға тұрарлық ұлттық рухани және материалдық құндылықтары 
туралы ұлағатты, құнды ойларын халық игілігіне, келешек ұрпақты, ел-жұртқа ие болар азаматтарды тәрбиелеуге неге 
қолданбасқа?
Қайсібір халықтың немесе ұлттар мен ұлыстардың жаратылыстан алатын өз тарихы мен орны бар. Қазақ халқының 
тарихында айрықша атауға тұратын қасиетті жердің бірі – Қазалы. Қазалы топырағы тарихи-мәдени ескерткіштерге бай 
өлке. Өлкеміздің қай түкпіріне барсаңыз да алдыңыздан мойнын көкке созып тұрған мұнаралар, сырын қойнына тығып 
бүк түсіп жатқан бұзылған қорғандар мен ескі қалалардың орнын кездестіресіз. Бұлардың бәрі де кезінде мәдени және 
тарихи ескерткіштерді қорғау қоғамы арқылы есепке алынған, кейбірі қайта жөндеуден өткізілген. Аудандағы 
ескерткіштердің жалпы саны жүзден асады. Бабалардың көзіндей атам заманнан бүгінгі күнге дейін жеткен сол 
ескерткіштердің әрқайсысының өз тарихы бар.
Қазалы жерінен шыққан небір даналар мен батырлар туралы аңыздар да көп. Солардың бірі — елін басқыншы 
жаулардан қорғап, халқына қорған болған Жанқожа батырдың есімі ел есінде, ел жүрегінде ерекше орын алады. 
Бабамызға арнап тұрғызылған ескерткіш – қазірде Қазалыдағы сәні бөлек сәулеттердің ең шоқтығы.
Осындай тарихи-мәдени ескерткіштерді сыныптан тыс тәрбие жұмысында пайдалану арқылы оқушыларға ұлттық 
тәрбие берудің маңызы зор.
Жанқожа батыр кесенесі 1992 жылы бой көтерді. Осы ескерткішті сыныптан тыс тәрбие жұмыстарында оқушыларға 
ұлттық тәрбие беруде былай жүргізуге болады.
1.Жеке
2.Топтық
3.Ұжымдық
Тәрбие сағатын өткізуге дайындықтың өзінде де оқушыларды тәрбиелеу жүреді. Бұл жеке тұлғаның қалыптасып, 
дамуында тәрбиенің үздіксіз жүретіндігін көрсетеді. Тәрбие сағатына оқушылар күшімен Жанқожа батыр кесенесінің 
суреті, Ж.Айдарбекұлының «Жанқожа батыр» дастанынан үзінділер дайындалады. Тәрбие сағатының кіріспе бөлімінде 
Жанқожа батыр кесенесінің тарихы айтылады. Оқушыларға кесене туралы толық мәліметтер беріледі. Алғаш кесене 
тұрғызу туралы ұсынысты жасаған – Е. Көшербаев.
Тәрбие сағатының негізгі бөлімінде оқушылар топтық және ұжымдық дәрежеде жұмыс жасайды. Мәселен, бір оқушы 
батырдың өмірі туралы, екінші оқушы жасаған ерліктері туралы, үшіншісі батыр туралы жазылған зерттеу, мақалалар 
туралы кеңінен әңгімелейді. Бұл жерде тарихи хронологиялық кезең қатаң сақталынады. Тұлғаның тарихтағы алар 
орнына сипаттама беріледі.
Тарихи-мәдени ескерткіштерді сыныптан тыс тәрбие жұмысында пайдаланылғанда оқушылар мынадай мәселелерді 
біледі:
1. Кесененің қай кезеңде, қандай тарихи тұлғаға арналып тұрғызылғанын біледі.
2. Кесененің салыну әдісіне көңіл бөлінеді.
3. Тарихи тұлғаның еңбегін зерделейді.
Осының барлығы оқушылардың тарихи танымын қалыптастырып, оларға ұлттық тәрбие беруде маңызды орын алады.
Енді сол ескерткіштерді қастерлі, қасиетті мұра ретінде, оны дәріптеуге, бағалауға оқушыларды тәрбиелеуге өріс ашу 
қажет. Мәселен, алдын ала жасалған экскурсия маршруты бойынша тарихи ескерткіштің орнын, салыну кезеңін зерттеп 
біледі. Бұл жерде уақыт пен ұрпақтар сабақтастығына баса назар аударамыз.
Тарихи ескерткіштерді оқып-танудың қандай жолдары бар? Әрине, олар туралы сынып сағаттарында, тарихи 
конференцияларда, танымдық ойындарда кеңінен айтуға болады.
Мектеп мұғалімдерінің ең үлкен міндеттерінің бірі – таным мен рухты ұрпақтар санасына құя білу. Бұл жұмыс әрине 
жүйелі түрде жасалуы тиіс. Тарихи кесенелер тарихын, сәулет өнерінің сырларына жетелеу арқылы бала көкірегін 
имандылық нұрымен сәулелендіреміз. Оқушылар мұражайда және тарихи орындарда алған әсерлерін күнделікке түсіріп 
отырады. Сондай-ақ түрлі басылымдардан осы ескерткіштер жайында материалдар жинайды. Кесенелер маңында 
суретке түседі, бұдан фотоалъбом жасалады. Балалардың алған әсерлерінен, жинаған деректерінен арнайы қабырға 
газеті шығарылады. Қорытындысында оқу жылы бойындағы сынып өміріндегі елеулі оқиғалар «Сынып жылнамасына» 
жазылады. Мұндай іс-шаралардың әлеуметтік — мәдени салада да берері мол. Өйткені, оқушылардың танымы кеңейіп 
ұлағатты тербие алады. Әлгі саяхаттардан жиналған деректерді мектеп мұражайына да жинақтауға болады. Мұндай 
істерде ұстаз әр оқушының қасиетін, қабілетін танып біліп оларды нәтижелі іске жұмылдыра алады. Сонымен, тарихи-
мәдени ескерткіштердің оқушыларға тәрбие берудегі орны:
50

1.Ежелгі тарихи ескерткіштерді, киелі орындарды білу арқылы оқушыларда тарихи
таным қалыптасады. Тарихи танымға — өз ұлтының әдет-ғұрыпын, салт-дәстүрін, ән мен күйін, елге қасиетті 
тұлғаларды, дала аңыздарын білу жатады.
2.Тарихи таным оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа отансүйгіштікке тәрбиелейді.
3.Қазақ жеріндегі тарихи ескерткіштерді білу, оның тұрғызылуы себебін және тұрғызған адамдарды білу оқушыларға өз 
халқымен, өз Отанымен мақтануға және биік рухта тәрбиеленуге көмектеседі.
---------------------------------------------------------------------------------------------------------
Түршекова Мираш Мүсірәліқызы
Технология пәні мұғалімі
Б.Соқпақбаев атындағы жалпы орта мектебі
ОҚО, Шардара қаласы
Технология пәнінен жаңаша оқытудың әдіс-тәсілдері
Технология пәнін оқытуда –еңбек етудің алғышарттарын үйрену арқылы оқушыны жек тұлға ретінде тәрбиелеу мақсаты 
көзделеді. Осы мақсатты жүзеге асыру барысында, оқушыларға берілетін тәлім-тәрбие үрдісін жетілдіру, жұмыс 
мәдениетін, адамдар арасындағы адамгершілік қарым –қатынастарды жаңарту, еңбек біліктілігін қалыптастыру арқылы 
еңбекке өнімділігін арттыруға ынталандыру міндеттерін мұғалімге жіктейді. Жас ұрпақты қоғамдық өмірге, 
отбасындағы қызметке, кәсіпке даярлау, үнемі өзгеріп отыратын әлемде өмір сүретіні туралы түсінікті қалыптастыруды 
міндеттейді. Елбасы Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында: «Негізгі мақсатымыз –Қазақстанның әлемнің елу 
дамыған елдерінің қатарына енуі» делінген. Сол себепті, әр оқушыға оның қабілеттеріне сәйкес келетін білім беру өрісі 
қажет.
Адамға ең бірінші өмірлік қажеті - еңбек екенін уақыт дәлелдеуде .
Адам өмірі үшін аса қажетті, әрі өмір бойы тоқтаусыз білім беретін пән «Еңбекке баулу»бүгінгі технология оқу пәні 
үнемі жетілдіруде.
Біздің елімізде еңбекке үйрену –Ы. Алтынсарин 1887-1888 жылдары орыс –қазақ мектебін алғаш ашқанда басталған . 
Оқушыларды кәсіпкерлікке, қазіргі заман талабына сай басқару, білу, ұйымдастыру, іске асыру жұмыстарына бейімдеу 
басшылыққа негіз болады.
Болашақ кәсіпкер:
- өз өндірісінен түскен қаржыны жұмсай алатын жеке меншік иесі;
- азаматтық нарыққа қатыса алады;
- өз өндірісінде жұмыс беруші, ұйымдастырушы;
- жұмыстың сапасына жауап беруші.
Ұжымның жұмыс нәтижесінде өзіне пайда келтіретін әдіс-тәсілдерді қамтамасыз етуді шешу
- мектептің материалдық –технологиялық базасына, аймақ ерекшелігіне байланысты. Сонымен бірге оқушыларды кәсіби 
еңбекке баулу мүмкіншіліктерін зерттеу арқылы іске асыру технологиясын жасау.
Ата-ана, ауыл әкімшілігі мектеп ұжымымен бірігіп, жастарды кәсіпкерлікке баулуға бағытталған оқу-тәрбиелік 
шығармашылық орта құруы қажет.
Еңбек тәрбиесі - барлық тәрбиенің қайнар көзі.
Еңбек тәрбиесі арқылы киімді пішу, тігу қолөнер шеберлігін меңгерту арқылы ұрпақты адамгершілік рухында тәрбиелей 
аламыз. Өйткені, оқушы алған теориялық білімін іс жүзінде қолдана отырып, оны өмірімен, өзінің іс-әрекетімен 
байланыстыра білгенде ғана, өзіне де пайдасын тигізе алады. Технология сабағы арқылы оқушыны іскерлікке, 
ұқыптылыққа, әдемілікті сезініп, қабылдауға үйретеміз. Біздің негізгі ұстанымыз: «Сөзден - іске көшу».
Еңбек тәрбиесі арқылы киімді пішіп тігу, көркемдеу қол өнер шеберлігін меңгеру арқылы жас ұрпақты адамгершілік 
рухында тәрбиелеуді басшылыққа ала отырып жұмысты жүргіземіз. Оқушылар әр түрлі тігілген бұйымдарды зерттей 
отырып, баға берумен келешек кәсіби ісіне қажетті эстетикалық, ұлттық, этикалық және т. б. бағалы қасиеттерін өз 
бойларына қалыптастырады.
Еңбек сабағында оқушылардың іске икемділігі мен іскерлігіне, өнерге, шеберлікке деген бейімділігін дамыта отырып 
қалыптастырамыз. Оқушылар отбасында да тұрмыстың әр түрлі өнімді еңбегіне қатысады. Баланың бойындағы сапалық 
қасиеттері, еңбекке қызығушылығы, табиғатты қорғауы, ұқыптылығы арқылы еңбек адамын көру. Қазіргі кезде білім 
беру кеңістігінде инновациялық үрдістердің бағыттарының бірі - мектепке бағдарлау болып табылады. Оқушылардың 
қызығушылықтары, қабілеттері толық ескеріліп, сол қажеттілікке сай тиімді жағдайлар жасалып, білім беріледі.
Оқыту мәселелерін бастамас бұрын, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеуге ерекше мән беру керек.
Сабақ - оқыту мен тәрбиелеу үрдісінің негізгі формасы . Ендеше сабақтың мәнді өтуі мұғалімнің шеберлігіне 
байланысты. Инновация –оны жеке түсініп, оқу үрдісіне енгізу - оқушылардың саналы да сапалы білім алудың бірден 
бір шарты. Инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу жаңа білім берудің бірден бір шарты деп айттық. Саралап оқыту - 
оқушылардың туа біткен ақыл-ой қабілетінің жеке дамуының жан-жақтылығына негізделген білім беру жүйесі.
- оқытудың дәстүрлі емес сабақ түрлері мен жаңа әдіс-тәсілдерін қолдану
- сабақтарда пайдаланатын негізгі әдістер оқушылардың көңіл күйіне, ынтасына, қабілетіне қарай, топпен, жеке 
оқушылармен жұмыс істеу, ойын элементтерін пайдалану т. б.
Балаларды еңбекке тәрбиелеу - қол еңбегі сабағынан басталады. Адам баласы туа сала емес, көре-көре, жүре-жүре 
жетіледі. Бір адам еңбекке өте қабілетті болып өссе, енді бірі керісінше болады. Баланың жас шағында еңбек тәрбиесін 
дұрыс алуы немесе одан шет қалуы оның келешек өміріне үлкен әсер етеді.
Баланың еңбек тәрбиесін меңгеруі, қоғам үшін ғана емес, оның жеке басы, өз тіршілігі үшін де қажет. Еңбекке сүйетін 
адамның өмірінде реніш болмайды. Олар үнемі көтеріңкі көңіл-күйде жүреді.
Отбасына еңбек тәрбиесін жүргізгенде, баланы белгілі бір мамандыққа бейімдей даярлауды ескерген жөн .
51

Егер бала отбасында еңбек тәрбиесін дұрыс алып шықса, мектепке іскерлікке үйрену оңайға түседі. Өйткені, отбасында 
алған еңбек дағдылары балаға түрлі мамандықты үйренген кезде жәрдемдесіп, оны игеруді оңайлатып отырады.
Технология сабағында жобалау әдісін қолдану
Жоба - әр түрлі бөлімдерден арнайы сызбалардан, суреттерден, жасалатын бұйымның технологиялық картасынан 
құралуы мүмкін. Ол бұйымдарды жасаған кезде есеп, экономикалық немесе экологиялық дәлелді түсінік хаттар да 
пайдаланылады.
Жобаның бірнеше нұсқасы болуы мүмкін.
Мысалы, өте күрделі жобаны оқушының өзі ғана орындауы шарт емес. Сондықтан жобаның кейбір бөлігі дайын күйде 
берілсе, кейбір бөлімін оқушы мұғалімнің, ата-ананың көмегімен орындай алады. Егер бір күрделі жобаны бірнеше 
оқушы бірлесіп орындаса, әр оқушының үлесі алдын ала анықталуы қажет. Ол оқу жылының соңында өзінің орындаған 
шығармашылық жобасын оқушылардың және мұғалімнің алдында қорғайды .
Жобаны қорғау барысында қолданатын бұйымның ішінен қандай затты таңдап алу, ол бұйым қоғамға, өзіне достарына 
және ата-анасына қандай пайда келтіретіне ескеріледі.
Жобалау әдістемесінің талабы:
1. Міндетті түрде шешілетін мәселенің зерттемелік, ақпараттық, тәжірибелік болуы.
2. Жобаны орындау іс-әрекетті жобалаудан басталады
3. Әр жоба оқушыдан зерттеушілік жұмысы талап етеді. Сонымен, жобалау іс-әрекетінің ерекшелігі - ақпаратты іздеу 
болып табылады.
4. Жобаның шығуының ең соңғы сатысы - нәтиже:
5. Дайындалған жоба тапсырыс берушіге немесе қоғамдық өкілдікке көз жеткізуі керек.
Жобаның түрлері:
Шығармашылық жоба
Ақпараттық жоба
Рөлдік жоба
Тәжірибелі бағдарланған жоба
Зерттеу жобасы
Жобаның негізгі бөліктері:
1. Міндеттің қысқаша анықтамасы
а)берілген бұйым кімге арналған
б)арналған бұйымның қажеттілігі
2. Бұйымды дайындауға кіріспес бұрын
- нені міндетті түрде жобалау керек
- кімге арналған киім жобалау керек
3) Бұйымның дайындалуы. Кез-келген жағдайда жұмыстың мақсат, міндеттері оның басты бағытымен анықталады.
4) Бұйымды байқау және бағалау
Жобаның орындалу бірізділігі
1. Іздену кезеңі
2. Жобаның тақырыбын таңдау және жаңашылдыққа бет бұру
3. Жоба тақырыбы туралы ақпарат жинау
4. Жоба идеясы мен тақырыбы туралы сыныптастарымен және мұғалімдермен бірге талқылау
5. Жобаның тақырыбы мен идеясын бекіту
Еңбек тәрбиесінің мазмұны мен жүйесі
Жас өспірімдерді еңбекке тәрбиелеудің жалпы міндеттері бірнеше жеке міндеттерді орындау арқылы іске асырылады. 
Олар білім алушыларды еңбекке практикалық тұрғыдан даярлау.
Білім алушының ынтасын және қабілетін дамыту еңбек тәрбиесіндегі жеке міндеттердің бірі. Халық шаруашылығында 
автоматтарды, компьютерлерді, т. б қолдану барлық мамандардан жоғары техникалық сауаттылығы талап етеді. 
Сондықтан оқыту идеялар. Саралап оқыту - оқушылардың туа біткен ақыл-ой қабілетінің жеке дамуының жан-
жақтылығына негізделген білім беру жүйесі. Барлық педагогикалық жүйе құрам бөліктерінде инновация үрдісі іске асу 
үшін төмендегі дей жұмыстар істелу керек:
- Мұғалім мен оқушылар арасында тұлға аралық қатынас қалыптастыру
- Сабақ барысында сыйластық пен сенімнің жоғары деңгейімен ерекшеленетін бірлестік жұмыс әдісі қалыптасады.
- Оқушыларды ашық түрде пікір алысу мәдениетіне баулиды.
Жас ұрпақты еңбексүйгіштікке, іскерлікке баулу, әсіресе қазіргі кезде ауадай қажет. Оқушылардың қызығушылығын 
арттыру үшін сабақтарды түрлендіріп өткізу қажет. Ең бастысы оқушылардың сабақ үстінде шет қалмауы, берілген 
тапсырмамен айналысып отыруын қадағалау.
Жаңашыл әдістер мен жаңа технологияның білім берудегі жолдары мен әдіс-тәсілдері
Дамудың жаңа сатысында бағыт алған мектептің ең негізі өзегі мұғалімнің жеке басының ізденімпаздығы мен 
білімділігіне көп жағдай тәуелді. Жалпы пәндер бойынша В. Ф. Шаталовтың ұсынған әдісі бойынша трек-конспект, 
диаграмма, график, логикалық тірек-сызба арқылы теориялық материалдарды блокпен оқытып, дамыта оқыту 
52

технологиясы бойынша оқушылардың әр түрлі кезеңдерінде үздіксіз білім алуға жағдай жасап, оқыта отырып дамытуға, 
екіншіден өз бетінше білім жинақтауға шығармашылықпен жұмыс істеп өмірге бейімделуіне ықпал жасайды.
Жаңа технология жүйесінде проблемалық және іскерлік ойын арқылы оқытудың да маңызы зор. Оқушылар әр түрлі 
проблемаларды талдайды, оның шешу жолдарын іздестіреді. Мұндай сабақтар оқушылардың логикалық ойлау қабілетін 
дамытады, пәнге қызығуын арттырады, өмірде кездесетін түрлі қиындықтарды жеңуге тәрбиелейді. Іскерлік ойын 
сабақтарын өткізу технологиясы үш кезеңнен тұрады.
1-кезең: Дайындық (рөлдерді бөліп беру, оқушыларды топтарға бөлу, проблемаларын алдын-ала таныстыру, қажетті 
материалдарды жинау.
2-кезең:Ойын кезеңі
3-кезең:Қорытындылау
Іскерлік ойындардың дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық маңызы зор екенін ескерсек, ретіне қарай әр түрлі 
пәндерден дәстүрлі емес сабақ түрлерін көбірек өткізу қажет
Дәстүрлі емес сабақтардың психологиялық, педагогикалық ұйымдастыру және өткізу жолдарын жан-жақты зерттеп, 
оқушылармен өткізілетін сабақтар жүйесі жасалынуы қажет.
Модульдік оқыту технологиясы
Тігін бұйымдарын модельдеу
Модульдік оқыту технологиясы - балаларға жеңілдік жасап, оқушы мен мұғалім қарым-қатынасына теңдік жағдай 
жасап, оқушыларды қатты қыспай, еркін сөйлеп қызықтырушы көрнекілікпен баланы баулап, алып кету. Жас ұрпақты 
қоғамдық өмірге, отбасындағы қызметке, кәсіпке даярлау, үнемі өзгеріп отыратын әлемде өмір сүретіні туралы түсінікті 
қалыптастыруды міндеттейді. Бұған жету үшін басқаруды дамытуға бағытталған жаңа модельдерді көп қолданған жөн. 
Әр пән мұғалімі жаңа технологияларды меңгеріп, пәнаралық байланыс, кірістіру сабақтарын кеңінен қолдану қажет. 
Себебі оқушы алған теориялық білімін іс жүзінде қолдана отырып, оны өмірімен, өзінің іс-әрекетімен байланыстыра 
білгенде ғана өзіне де, қоғамға да пайдасын тигізе алады.
Қолданбалы экономикалық керемет бөлігінің бірі - оқушылардың жеке бизнесінде жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін 
«Мектеп компаниясында» практика жұмыстары зерттелді. Қорыта айтқанда, сабақты жоспарға негіздеп, жаңашыл 
әдістерімен жүргізу тиімді, яғни сабақты бір тип бойынша қалыптастыруға болмайды, оған заман талабына байланысты 
технологиялық әдістері пайдаланып қызықты және жан-жақты тәсілімен өткізе алсақ, болашақ ұрпақтың білімді 
болатынына сенемін.
---------------------------------------------------------------------------------------------------------
Тилеубердиева Забира Макулбековна
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Б. Соқпақбаев  атындағы  жалпы  орта  мектебі
ОҚО, ШАРДАРА қаласы 
8 «Ә» сынып   Қазақ әдебиеті
Сабақтың тақырыбы: «Қорқыт ата»  кітабы
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік.
Қорқыт ата туралы толық мәлімет беру. Оқушыларды жаңа білім беру талабына сай сусындатуға күш салу. Қорқыттың 
білімдар, ақылгөй, ойшыл, зиялы ірі тұлға екенін оқушыларға жеткізу. Көне мұраларымызды құрметтеуге үйрету.
2.Дамытушылық. 
Оқушылардың  шығармашылық белсенділіктерін шыңдау, өзіндік ізденіске бағыттау. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, 
ойларын еркін жеткізуге баулу.
3. Тәрбиелік.
Даналық сөздердің мәнін ұғындыру, адамгершілік қасиетке тәрбиелеу. Өнер адамына, еліне, тарихына, табиғатына, тілге 
деген сезімін ояту. 
Көрнекілігі:  Интерактивті  тақта, Қорқыт атаның портреті, ескерткіштерінің суреттері, қобыз, кеспелер, тест 
сұрақтары, кітаптар көрмесі, бүктемелер, аңыз-деректер.
Пайдаланылған әдебиеттер: Қазақ әдебиеті энциклопедиясы, «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы, оқулық хрестоматия, 
суреттер.
Сабақтың типі: Жаңа ұғымды қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Ізденіс сабақ.
Күтілетін   нәтиже:  Қорқыт   туралы   аңыздардағы   халық   мүддесін,   өсиет   сөздерінің   тәрбиелік   мәнін,   «Қорқыт 
ата»кітабындағы жырлар туралы білулері тиіс.
Пәнаралық байланыс: Тарих, ән- күй, орыс тілі.
Сабақтың
 
әдіс-тәсілдері: 
топтық,
 
сұрақ-жауап,
 
ізденушілік.
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі:
а)  оқушылармен сәлемдесу;
ә)  сыныпты түгендеп, сабаққа көіңілін аудару, топқа бөлу; 
б)   «Жылы сөз» арнау:
                          Мейірімді жүрекпен,
                          Ақпейілді тілекпен,
                          Амандасып алайық,
                          Бір жадырап қалайық!
Сабақтың ұраны: Жақсының үлгісі-жанып тұрған шамдай.       
2.Үй жұмысын тексеру

Орхон жәдігерліктері қай ғасырда табылған?

 Орхон-Енисей жазба ескерткіштерін оқудың  «кілтін» тапқан кім?
53


Түп нұсқадан қазақшаға аударған ғалымдарымызды атап бер?

 Орхон жазба ескерткіштерін жан- жақты зерттеген ғалымды атаңыз?

  Әкесі Елтеріс қайтыс болғанда Күлтегін неше жаста еді?

Мұрагерлері жас болғандықтан елді кім биледі? 
Күлтегіннің
 
жас 
шамасы
Мінген аты
Кімдермен соғысты
Нәтижесі
Ру-тайпалар атауы
Тест тапсырмалары арқылы қорытындылау
3.Жаңа тақырып.    Фқфофрфқфыфтф фафтфаф фкфіфтфафбфыф
 «Ф» әрпін  сызып тастасаң қандай сөз оқыдыңдар?
      «Қорқыт ата кітабы»
Сабақтың мақсатымен таныстырамын. 
Қорқыт атаға қатысты оқиғалар шежіресі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет