Сабақтың тақырыбы: Музыка біздің өмірімізде
Сабақтың мақсаты: Әннің адам өмірінде алатын орны мен міндеттері жайында әңгімелеу.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Балалардың музыкалық әсерін кеңейту, шығармашылық белсенділіген арттыру. Музыка өнері мен адам
өмірінің байланысын түсіне білуге үйрету . Музыка өнері жайлы өз пікірлерін жеткізе білуге дағдыландыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ақпараттық – технология арқылы музыкалық қабілеттерін дамыту. Ән айту дағдысын
қалыптастыру..
Тәрбиелік: : Оқушыларды музыка өнеріне, мәдениетіне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
90
Оқушыларды топтық жұмыста өзара ынтымақтастыққа:
топ ішінде бірлесіп жұмыс жасау арқылы, бір - бірінен үйренеді;
ортада ойларын саралап жеткізуіне мүмкіндік болады;
жұмыс әрекетінде бір - бірін тыңдау, қолдау арқылы білім мазмұнын игеруге қол жеткізеді;
музыка тыңдау және ән айту ережелерін еске түсіреді;
Оқыту технологиясы:
1. Ақпараттық технология
2. Ұжымдық оқыту технологиясы.
3. Ойын технологиясы.
4. Сыни тұрғыдан ойлау технологиясы.
Сабақтың типі: жаңа білімді игерту
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ
Сабақтың әдістері: Сұрақ-жауап, үлестірмелі парақ, бағалау сұрақтары, музыкалық - дидактикалық ойындар;
Техникалық құралдар:
1. Құралдар: интерактивті тақта, электронды оқулық, компьютер, ән - күй таспа, маркерлік тақта, маркер, музыкалық
аспаптар;
2. Көрнекіліктер: Суреттер, слайдтар, тапсырмалар кестесі, түрлі-түсті қағаздар, стикерлер;
Пәнаралық байланыс: ана тілі жаратылыс тану, тарих, бейнелеу өнері;
Сабақ барысы:
І.Қызығушылығын ояту.
1.Әндетіп амандасу
2.Психологиялық тренинг
Қайырлы күн достым!
Қайырлы күн болсын !
Күлші кәне достым,
Күлші кәне достым.
Бүгінгі күн міне,
Сәттілікке толсын,
Біздің алар бағамыз
Кіл бестіктер болсын.
- Балалардың көңіл – күйін көтеру үшін мынадай сергіту сәті тренингін ойнаймыз.
- Алақан алақанға
- Арқа арқаға
- Иық иыққа
- Аяқ аяққа
- Бас басқа
- Құлақ құлаққа
Мұрын мұрынға
Мұғалім:
- Балалар, мен өнер әлемінің патшасымын. Әр періштенің өз аты болады. Мысалы мен Мектепова Жайнагул Ермековна
музыка пәні мұғалімі. Бүгінгі сабағымызда баспалдақ тәрізді шеберлік шыңына көтерілеміз.
- Мен сіздерге ғажайып музыка әлемінен келдім.
- Балалар, музыканы біз қай жерлерде кездесеміз?
1. «Адасқан әріптер» ойыны
- Сіздердің алдарыңызда ақ қағазға жазылған тапсырмалар бар. Ондағы әріптер адасқан, сіздер сол әріптерді дұрыс
орналастыру арқылы музыкамен қай жерде кездестіретінімізді айтып көрейік. Берілетін сөздер (кино, театр, көше,
мектеп, үй, мереке, мультфильм т.б.)
- Балалар, дұрыс таптыңдар. Музыка әр кезде тыныштықтан туады.
- Қане, бәріміз тыныштық сәтін тыңдайық. (Осы кезде мұғалім бірнеше дыбыстар береді. Есік ашылады, судың кранын
ашу, домбыра аспабында ойнау, тырсылдату, шапалақ, балалайкада ойнау.)
- Балалар, қандай дыбыстар естідіңдер? (Оқушылар жауабы)
- Демек, балалар, дыбыстар шулы және музыкалық болады екен.
2. Электрондық оқулықтағы тапсырмалар беріледі.
- Балалар, мен музыка әлеміндегі ең әдемі сарайда тұрамын. Ол сарайды көргілерің келе ме? Олай болса көзімізді
жұмайық, мен сіздерді ғажайып музыка әлеміне апарамын.
(Тақтадан музыка сарайы ашылады.)
- Балалар, мен сіздермен жақынырақ танысу үшін мынадай сұрақтар қойғым келіп отыр. Бұл сұрақтар жәй сұрақтар
емес, музыкалық сұрақтар. Яғни мен сіздерге сұрақтарды әндетіп қоямын, ал сендер әндетіп жауап бересіңдер.
Жарайма?.
3.Музыкалық сұрақтар
- Сенің атың кім?
-Жасың нешеде?
-Музыканы жақсы көресің бе?
- Билегенді ұнатасың ба?
- Ән айтқың келе ме?
- Көңілді ән ұнамай ма ?
- Рахмет балалар өте керемет.
- Балалар мына сарайдың терезелері ашылу үшін сіздерге бірнеше тапсырмалар дайындалған.
ІІ. Мағынаны тану.
91
1- тапсырма: Музыкалық аспаптар туралы жұмбақтар.
Тиіп кетсе жылаған,
Даусы көпке ұнаған. (домбыра)
Созылған үні,
Сүйкімді тілі.
Үрлесең ойнайтын,
Аспаптың бірі. (сыбызғы)
Бір нәрсе қараңғыда қаймалайды,
Азынаса көмейінде мал жылайды.
Құйрығын қара жерге тіреп алып,
Келеді баяғының әнін салып. (қобыз)
Ел қорғайтын ерлікке,
Батылдыққа ерлікке.
Әуенімен шақырған,
Қандай аспап балалар. (дабыл)
Қос қазақ екі жерден шынжыр арқан,
Сылдырап әр буыны үнін қосқан.
Он адам жолдас болып еңбек етсе,
Аралап он екі үйге қонақ болған. (домбыра)
Жеті шектен жеті түрлі үн шығар,
Әуезінен жеті тарау мұң шығар.
Ойнап кетсең, түрлі - түрлі жыр шығар,
Бұл қандай аспап? (жетіген)
Қос желі, үш жерінен қазығы бар,
Құбылған қоңыр желден азығы бар.
Желіні сабалайды дыңылдатып,
Байғұстың соншама не жазығы бар. (домбыра) (2 терезені ашу Уәрпі)
2- тапсырма: «Аспапты тап» ойыны
Мен әр түрлі музыкалық аспаптарда ойнаймын, ал сендер көздеріңді жұмып отырып бұл қай аспап екенін табуларың
керек. (домбыра, балалайка, гармонь, ағаш қасық, барабан, труба ) (4 әріп Ы)
3-тапсырма: «Кім неде ойнайды» Сөйлемді жалғастыру.
- Домбырада – домбырашы, сырнайда – сырнайшы, скрипкада – скрипкашы, сыбызғыда-сыбызғышы, қобызда –
қобызшы, гитарада – гитарашы, қылқобызда – қылқобызшы, дабылда-дабылшы. (6әріп А)
4-тапсырма: «Шулайды, әндетеді, ойнайды» Мысалы:
Орман?- Не істейді? – шулайды (аяқпен тырсылдату)
Оркестр? – Не істейді? – ойнайды (шапалақтау)
Хор? – Не істейді? - әндетеді (А дыбысына әндету)
Ойын кезінде берілетін сөздер: Поезд, қала, бұлбұл, жел, саксафон, найзағай, вокалдық ансамбль, жаңбыр, машина,
әнші. (1әріп М)
5-тапсырма: Функционалдық сауаттылық
Электрондық оқулықтағы тапсырмаларды орындау. (5әріп К)
6-тапсырма: «Дауысын тап»
Тақтаға бір оқушы шығып теріс қарап тұрады. Отырған оқушылардың біреуі әндетеді. Тақтаға шыққан бала әндеткен
адамның дауысын табу керек. ( 3 әріпті ашу)
- Балалар, біздер барлық тапсырмаларды орындап Музыка деген сөзді таптық.- Міне мен осы ғажайып сарайда тұрамын.
Бүгін сабақта сіздермен ән салып, би билеуге, аспаптарда ойнауға атсалысамыз.
- Балалар, музыканы кім жазады? (композитор)
- Оркестр дегеніміз не?
- Оркестрді кім басқарады?
Сергіту сәті «Оркестр ойнайық»
- Олай болса, біз қазір оркестр құрамыз. (Балалардың қолдарына түрлі музыкалық аспаптар беріледі, бір оқушы
дирижердің ролін атқарады.)
- Кәне, бәріміз бірігіп «Домбырасыз сән қайда» әнінің әуенін ойнайық. Рахмет.
- Әндету үшін ең алдымен даусымызға жаттығулар жасау керек. Ән айту ережелерімен танысайық. Ән айтқанда әдемі
тік, түзу отыру керек.
Тыныс алу жаттығуларын орындау.
- Мұрынмен терең ішке тыныс алып, аз уақытқа тынысты ұстап тұрамыз, сосын жай ғана сыртқа шығарамыз. (2-3 рет
қайталау)
- Мұрынмен тынысты шапшаң алып, жай ғана аузыңмен сыртқа шығару.
Артикуляциялық жаттығулар:
- Аузымызды жауып «Футбол» сөзін алма кезек ұртыңмен айту.
- «Аспан» «жұлдыз» «Ат»
- Ле, ли, ле, ли,ле, ли, ле, ли, ле
Дауыс жаттығуларын орындау.
- Енді міне ән айтуға дайынбыз.
- Балалар, әннің сөзін жазу үшін не қажет? - Әріптер
- Ал музыка жазу үшін нота қажет екен. Қандай ноталарды білеміз? (Жауаптар)
- Ноталар нешеу?
- Ия 7 саны киелі сан.
- Бір аптада неше күн?
- Кемпірқосақта неше түс?
- Әлемде неше керемет бар?
Ендеше міне ноталар
До, ре, ми, фа, соль, ля, си до
До, си, ля, соль, фа, ми, ре, до
- Олай болса 7 дыбысты әндетейік.
Ән айту. Олай болса «Қошақаным қайда екен» әнін орындайық.
92
- Балалар, музыка әрқашан да бізбен бірге.
- Міне, балалар бүгінгі сабағымыз да аяқталып қалды.
ІІІ. Ой толғаныс
Енді сіздер менің мына сарайымды әдемі гүлдермен безендіріңдер.
- Балалар, бүгінгі сабақта не ұнады, соны стикерлерге жазып жапсырыңдар.(Сабақтан алған әсерлерін жазып
жапсырады)
ІІІ. Бағалау «Бас бармақ» әдісімен.
Маған бүгінгі сабаққа атсалысқандарың ұнады. Сондықтан да сіздерді былай деп бағалаймын.
–
Сабағымыздың соңында бәріміз хормен «Көңілді күн» әнін орындайық
---------------------------------------------------------------------------------------------------------
Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы
№28 «Ақбай» жалпы орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Мурадова Умида
Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында жаңа технологиялық әдістерді тиімді пайдалану.
Елбасы Н.Ә. Назарбаев өз жолдауында «Білім беру реформасы Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттерін
қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі. Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару
қажеттіліктеріне сай келетін осы заманға білім беру жүйесі қажет»,-деп айқын атап көрсетті.
Еліміздің мәртебесі биік болуы қоғам мүшелерінің , келешек ел болашағы жас ұрпақтың барлық дәстүріне
де, әлем мәдениетіне де, қанық ел тізгінін ұстай білетін ұрпақ тәрбиелеу бізге сеніп тапсырып отыр. Қазіргі заманға
білім беруге қойылатын талап оның сапасын арттыру.
Мұғалім үшін оқыту мен тәрбиелеудің тұлғалық бағдарлық мәселелері оқушы деңгейіндегі ғылыми
жобаларды жасақтап, оны жүзеге асыру әдістері, оқушының жеке тұлғасын дамытуға бағытталған жаңа педагогикалық
технологияларды таңдау тәсілдері – оқытудың негізгі бөлімдері ретінде қарастырылуда. Білім берудің мақсаты –терең
білімнің кәсібі дағдылары негізінде, өз бағытын еркін анықтайтын өз мүмкіндіктерін іске асыра алатын, өзін-өзі дамыта
алатын және өз еркімен жауапкершілікті дербес келісім қабылдайтын жеке тұлғаны қалыптастыру.
Жеке тұлғаны қалыптасуын дамыту және оған жан-жақты терең білім беру мақсатында баланы оқыта отырып
оның еркіндігін, белсендігін қалыптастыра отырып, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру жолында неғұрлым
тиімді шараларын енгізу- бүгінгі ұстаздардың жауапты міндеті. Мұндай бағыттағы шараларды жүзеге асыру үшін
бүгінгі күн талабы –оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру , халықаралық ғылыми
коммуникациялық желілерге шығу екендігі Қазақстан Республикасының білім туралы» заңында белгіленген . Жаңа
технология дегеніміз – «техно» өнер, шеберлік, ой «логос» -ғылым . Өндіріс саласында өнімнің шығару тәсілін білдіре ,
педагогика саласында шеберліктің мәнін білдіреді.
Қазіргі кезде қолданылып жүрген жаңа педагогикалық технологияның негізіне мыналар жатады : әрбір оқушының жеке
және дара ерекшеліктерін ескеру; оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру; оқушылардың өз бетінше жұмыс
істеу , іздену дағдыларын қалыптастыру.
Оқу-тәрбие үрдісінде қолданылып нәтиже беріп жүрген жаңа технологиялар: дамыта отырып оқыту
технологиясы (Л.Занков, Д.Элконин, В.Давыдов, В.Репин, В.Левин); оза отырып оқыту((Л.Лысенкова); іс-әрекетті
бағалау(Ш.Аманашвили, И.Волков); тірек конспектілері арқылы оқыту (В.Шаталов); бағдарлап оқыту,
дифференциалдап оқыту, топтық және ұжымдық оқыту, ақпараттық технологиялар (Н.К.Гузик,Ж.Караев); модульдік
оқыту(М.Жанпейісова); оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы т.б. Бұл технологиялардың
негізгі қағидалары ізгілік тұрғысынан қарау, оқыту мен тәрбиенің бірлігі оқушының танымдық , шыгармашылық
қабілетін дамыту, әр оқушының қабілеті мен деңгейіне орай оқыту, оқушылардың жан-жақты дамуы үшін жүйелі
жұмыс істеу, оқу үрдісін оқушының сезінуі болып табылады.
Мен өз сабақтарымда сыни тұлрұсынан ойлау технологиясын ассоциация әдісін, Венн диограмасын басшылыққа ала
отырып өткіземін. Сабақ басталар алдында оқушылармен мына таблицаны таныстырып өтемін:
1.Ұсынылған ой талқыланбайды.
2. Әр ұсынылған ойды қозғауға, дамытуға болады
3.Барлық ойларды белгілеп отыру.
4.Ойлары ұқсас оқушыларды біріктіру.
5.Уақыттың шектелуі.
«Сын тұлғасынан ойлау» технологиясы негізінде өткен сабақтар оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға, өз
бетінше білім алуға жұптық және ұжымдық бірлесіп жұмыс жасауға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал етеді, ең
бастысы оқушы білімінің теңділігі мен тиянақтылығын арттырады.
Сонымен қатар тақырып бойынша жасалған деңгейлік тапсырмалар жүйесі дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға
мүмкіндік береді . Деңгейлік тапсырмалармен жұмыс жасау арқылы оқушының өзіндік жеке жолы, даму динамикасы ,
ынтасы, ойлауы, есте сақтауы , оқу сапасы арта түседі. Әр оқушының ой-өрісі кеңейеді және білім сапасының
дамуын қамтамасыз етеді. Деңгейлеп оқыту технологиясы 4-деңгейден тұрады.
1-деңгей. Оқушылық деңгей –оқушылар жаңа тақырыптан алған білімдерін бекіту, практикада қолдана білуге
жаттықтыру.
2-деңгей. Алгоритмдік деңгей- үйренушілік леңгейдегі білімін толықтыру күрделі материалдарды жүйелей алуы, алған
білімдерін басқа тапсырмаларды орындағанда пайдалана алуы сол тақырыпта , сол тақырыпты еркін меңгергені
байқалады.
3-деңгей. Эвристикалық деңгей-материалды саналы түрде меңгеру. Бұл деңгейде оқушылардың меңгерген
білімдерін тереңдету үшін танымдық ізденіс,әр түрлі логикалық тапсырмаларды талдап, жинақтай алуы және
салыстыра білуді қажет етеді.
93
4-деңгей.Шығармашылық деңгей- өз бетімен оқу материалдарын меңгеру.Деңгейлік тапсырмалардың өзі дамытпалы
түрде болады.Барлық оқушы өз қызметіне төменгі деңгейдегі тапсырмаларды орындаудан бастайды да, оларды міндетті
түрде толық орындап болғаннан кейін ғана келесі деңгейге көшіп отырады.
Бұл оқушылар арасында жарыса оқу жағдайын туғызады және әр оқушының мемлекеттік стандарт деңгейінде білім
алуына кепілдік береді. Деңгеймен оқытудың тиімділігі :класс оқушыларын жаппай жұмыс істеуге үйретеді,
қиындықтарды жеңе білуге дағдыландыруға пәнге деген қызығушылығын арттырады, ізденіс дағдысы қалыптасады.
Қорыта келе , жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді пайдалану білім сапасын арттырудың бірден-бір тиімді жолы, әрі
оқыту үрдісінде оқушылардың білім қорын молайтуға, белсенділігін арттыруға, шығармашылық қабілеттерін
жетілдіруге маңызы зор.
Қолданылған әдебиеттер:
1.Қ.Өстеміров, А.Айтбаева. Қазіргі білім беру технологиялары. Алматы , 2006ж, 220 б.
2.М. Байжанов. Педагогикалық инновация және оқытудың қазіргі технологиялары. Қызылорда 2000 ж.
«Қазақстан мектебі» журналы №9, 2007 жыл.
---------------------------------------------------------------------------------------------------------
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ
МАҚТАРАЛ АУДАНЫ
№8 Н. ОҢДАСЫНОВ АТЫНДАҒЫ
ЖАЛПЫ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ
ОҚУ-ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ
МУТАЛИЕВА МӨЛДІР АЗИМХАНҚЫЗЫ
Білім сапасы - м аліміні к сіби шеберлігіні негізгі кепілі
ұғ
ң ә
ң
Болашақтың бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп,адамзат қоғамын алға апаратын күш тек білімде ғана. Қай
елдің болмасын өсіп-өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму
бағытына байланысты. Балаларға ғылым негізін үйретіп,адамгершілікке тәрбиелейтін мектеп ішіндегі негізгі тұлға-
мұғалім. Өйткені ол мектеп есігін ашқан жеткіншекті мәдениетті, идеялы, қажырлы және табанды етіп қалыптастырады.
Қазіргі заманғы білім беру жүйесі,оқытудың инновациялық нысандары мен әдістерін енгізу педагог
кызметкерлердің тұлғасына және кәсіби құзыреттілігіне жоғары талаптар қоюда.
Мұндағы негізгі мақсат-жаһандану заманында білімнің бүкіләлемдік кеңістігіне енуі. Сондықтан жаңашылдық,
яғни инновациялық жүйе негізінде оқушылардың белсенділігін арттыру және терең білім беру.
Заман талабына сай әрбір ұстаз сабақтарында оқушылардың біліктілігін арттыру үшін оқытудың жаңа әдіс -
тәсілдерін кеңінен пайдалану керек деп ойлаймын. Өз біліктілігін көтеру мақсатында әрбір мұғалім кәсіби шеберлігін
шыңдап, білімін жетілдіріп отыруы керек.
Сондықтан мұғалім жаңашыл, жан-жақты болу керек.
К. Д. Ушинский: «Қызығушылығын туғызбайтын оқу бірте - бірте оқушының білімге деген құмарлығын жояды, ал тек
қызығушылыққа негізделген оқу оқушының еркін, күш - жігерін тәрбиелемесе мәнін жояды» деген екен.
Олай болса мұғалім өз сабағының жоғарғы мәнінде оқушының қызығушылығын оятатын, әсерлі болуын қадағалап
отыруды қажет етеді.
Білім сапасын көтеруде мектебімізде пән мұғалімдерінің сапалық құрылымы мен әлеуметтік жағдайларын білу
мен зерттеуді және қолдауды алдымыздағы бірінші кезекті мәселе етіп қойдық.
Алынған мәліметтер бойынша туындаған проблемаларды зерттей келе ұстаздарымызға :
- мұғалімдердің жоғары білім алуына және ғылыми ізденіспен шұғылдануына жағдай жасау;
- білім, біліктілігін арттыру;
- еңбектерін әділ бағалай отырып, құрметтеу;
- мұғалімнің әлеуметтік жағдайына көңіл бөлу, көмек көрсету шараларын қолға алып мұғалімдердің шығармашылықпен
жұмыс жасауына жағдай жасадық.
Мұғалім сынып оқушыларының толық үлгерімі жолында күш-жігерін салып еңбек еткендеғана, бұл
міндеттерді орындай алады.
Сонда ғана өзін - өзі дамыта алатын, өзін - өзі жетілдіре алатын қоғамның белсенді, білімді жеке тұлғасын
қалыптастыра алады.
Бәсекеге қабілетті ұрпақ дайындау білім бағдарламасының негізгі мәселесі болып отыр. Ең басты нәрсе - жеке
тұлғаның қабілетін ашу. Жеке тұлғаны жан - жақты дамыту арқылы олардың бойынан:
- адамгершілікті, ізгілікті, дүние танымды
- белсенділікті, қабілетті тұлғаны
- жоғары мәдениеттілікті көре аламыз.
Қазіргі күні мектебіміздегі мұғалімідердің сабақтарда жиі қолданылып жүрген әдістердің бірі – стратегиялар. Оларды
атап өтетін болсақ:
-«Түртіп алу» әдісі
-«Ұжымдық оқыту» әдісі
-«Ой толғау» әдісі
-«Кубизм» әдісі
-«Топтастыру» әдісі
- Өз ойын білдіреді
- Білмегенін сұрақ - жауап арқылы біледі
- Түсінгендерін өз сөздерімен жеткізіп, өз ойларын нақтылайды.
Осы әдістерді пайдалана отырып ұстаздарымыз жақсы нәжижелерге қол жеткізуде.
94
Әрине, сапалы білімді қамтамасыз етуде қазіргі қолданылып жатқан әдіс-амалдар өте мол, оқушылардың
қызығушылығын арттыруда жаңа технологиялар да артуда, тек әр ұстаз, өз оқушыларына ыңғайлысын қолдана білуден
ұтады.
Мектебіміздегі әр бір ұстаздың оқушыға қойған талабы:
- қоршаған ортаны сезе білу, құбылыс себептерін іздене білу;
- ақыл парасатты игеріп, ойлау, сезім қабілеттерін арттыру;
- алдына мақсат қоя білу және жетуге ұмтылу;
- өзін — өзі талдауды, өзін — өзі бағалай білуді меңгеру;
- басқа адамдармен қарым-қатынас жасай білу, осы заманға сай технологияларды пайдалана білу (интернет, электронды
пошта);
- қоршаған ортада өз орныңды, жеке рөліңді анықтай білу, демек басты назар оқушыға білімді түсіндіру арқылы беруге
емес, оның өзінің жаңа тақырыпты игеруіне әдістемелік қолдау көрсетуге аударылуы тиіс.
Әрине, артқарылған істер аз емес. Дегенмен, әлі де болса бізді ойландыратын, толғандыратын істер жетерлік. Атап
айтқанда, олар – білім сапасын арттыру, оқушылардың біліміне, ойлау қабілетіне сай деңгейлеп оқыту, ғылыми-ізденіс
қабілеттерін қалыптастыру, т.с.с. Өйткені, ХХІ ғасыр- білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған,
зерделі, жан-жақты парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн.
«Қанша білсең, ізден тағы, тағы да, білікті адам жетер тілек, бағына» деген ғұлама Баласағұнның сөздері менің өмірлік
қағидам.
Мектебіміздің мұғалімдерінің әрқайсысы өз пәні бойынша білім стандартында жоспарланған бағдарламаны бере алады.
Мектепте озық тәжірибелерімен көзге түсіп, оны баспасөз беттерінде жариялап жүрген мұғалімдер де баршылық.
Еліміздің маңдайалды жоғары оқу орындарына түскен түлектеріміздің үлгерімдері жақсы, Қазақ Ұлттық университеті,
Еуразиялық Ұлттық университеті, Астана медициналық академиясы ректорларынан Алғыс хаттар да аламыз. Бұл –
бізден барған балалардың білім деңгейлерінің жақсы екендігінің дәлелі. Мемлекет тарапынан қолдау бар. Біздің
мектепті терең білім беретін заманға сай жұмыс істейтін білім ошағы деп ұялмай айта аламын. ҰБТ-ның нәтижесі
мұғалімнің білім деңгейін көрсетеді. Бір пәннен екі мұғалім болса, олардың арасында бәсекелестік болуы керек.
Олардың әрқайсысы бәсекеге қабілетті болуы тиіс. Сонда ғана білім сапасын жақсарта аламыз, бәсекеге қабілетті елу
елдің қатарына кіретін шәкірт тәрбиелеу – біздің міндетіміз.
Ұлы ойшыл Плутарх кезінде былай депті: “…Көптеген табиғи талант дарынсыз ұстаздардың кесірінен жойылып
кетеді. Олар дарынның табиғи құбылысына терең бойлай алмай, тұлпарды есекке айналдырып құртып тынады”.
Міне, ұстаз осындай келеңсіздікке жол бермеуі керек.
---------------------------------------------------------------------------------------------------------
А тау аласы мектепке дейінгі ша ын орталы ы мен гимназия сыныптары бар
қ
қ
ғ
ғ
№9 жалпы білім беру орта мектебіні бастауыш сынып м алімі
ң
ұғ
Джанбирова То жанны ана тілі п ніне арнал ан жоспары
ғ
ң
ә
ғ
Саба ты атауы
қ
ң
Наурыз к же. Затты атын білдіретін с здер. 112-113
ө
ң
ө
жатты у
ғ
Сілтеме
Электронды о улы , кеспе ріптер, буындар,магнитті ріптер мен магнитті
қ
қ
ә
ә
планшеттер
Жалпы ма саттар
қ
АКТ, СТО технологиясыны стратегияларын ы палдастыра отырып,
ң
қ
о ушылар а
қ
ғ
затты имылын білдіретін с здер туралы ма л маттар беру,о
ң қ
ө
ғ ұ
лар а наурыз
ғ
мейрамыны ерекшелігі туралы ма л мат беру, наурыз к жені ма ызын т сіндіру.
ң
ғ ұ
ө
ң
ң
ү
Наурыз к жені жасалу жолын йрету.
ө
ң
ү
Тілдік былыстарды талдап, оларды м нін
құ
ң ә
ажырата білу да дыларын алыптастыру. О ушыларды сауатты, к ркем жазу
ғ
қ
қ
ң
ө
да дыларын жетілдіру. ле мазм нында ы м селені т сініп, о ан зіндік ба а беруге,
ғ
Ө ң
ұ
ғ
ә
ү
ғ ө
ғ
шы арманы ндылы ы мен негізгі ойы туралы пікір білдіруге жа дай ту ызу: зіндік
ғ
ң құ
ғ
ғ
ғ
ө
пікірлерін алыптастыру; с йлеу тілдерін жетілдіру.
қ
ө
Адамгершілікке, йымшылды а ,
ұ
ққ
салт- д ст рді д ріптеуге т рбиелеу
ә ү
ә
ә
О ыту н тиежесі
қ
ә
ле ді т сініп о и отырып, мазм нын з с здерімен т сіндіру да дылары
Ө ң
ү
қ
ұ
ө ө
ү
ғ
алыптастырады.
қ
2. Салыстыру, ортынды жасау, пікір айту ар ылы с здік орлары мен ойлау
қ
қ
ө
қ
абілеттерін дамиды. ле дегі негізгі идеяны т сінеді3. Салт- д ст рді д ріптейді..
қ
Ө ң
ү
ә ү
ә
Негізгі идеялар
Наурыз мерекесі – аза ша жа а жыл мерекесі.Наурыз к жеге 7 т рлі д м салынып
қ
қ
ң
ө
ү
ә
пісіріледі. Затты имылын білдіретін с здер не істеді, не ылды?, айтті ?деген
ң қ
ө
қ
қ
с ра тар а жауап береді.
ұ қ
ғ
Тапсырмалар
1- тапсырма
й тапсырмасын тексеру.Блиц-
Ү
с ра тар.
ұ қ
2- тапсырма:
Топтастыру «Наурыз к же»
ө
Бейне зік: «Наурыз к же»
ү
ө
3-тапсырма:
Шы армашылы ж мыс: «Жал асын
ғ
қ ұ
ғ
тап»(жазбаша)
4-тапсырма:
«Мейірімділік» бейне зік
ү
Жазба ж мысы
ұ
112-жатты у
ғ
5-тапсырма:
орытындылау :Диаграмма
Қ
6-тапсырма: Наурыз тілек
95
Кейінгі тапсырмалар
Кері байланыс: Тренинг. рмек
Ө
й тапсырмасы
Ү
113-жатты у ,
ғ
Ба алау
ғ
Формативті ба алау
ғ
С А Б А Б А Р Ы С Ы
Қ
М алімні жазбалары
ұғ
ң
О ушыны іс рекеті
қ
ң ә
І. йымдастыру кезе і
Ұ
ң
ІІ. Психологиялы дайынды :
қ
қ
Басы барлы ырысты ,
қ
ң
Басы барлы лы істі .
қ ұ
ң
тты болсын Наурыз,
Құ
лы к ні лысты !
Ұ
ү ұ
ң
1- тапсырма
й тапсырмасын тексеру. лысты лы к нінде.
Ү
Ұ
ң ұ
ү
М нерлеп о у,Жат а айту
ә
қ
қ
Блиц- с ра тар мен тапсырмалар:
ұ қ
1.Іс имылды білдіретін с здерге андай
қ
ө
қ
с ра тар ойылады?
ұ қ
қ
2.Планшетпен ж мыс. І
ұ
с- имылды білдіретін
қ
с здерге мысал келтіру.
ө
3.Наурыз с зі андай ма ынаны білдіреді?
ө қ
ғ
4.Наурыз мейрамы неліктен 22- наурызда
аталып теді?
ө
5.Наурыз мейрамына адамдар алай
қ
дайындалады?
6. Наурыз мерекесінде андай тілекте
қ
айылады?
7.Наурыз мерекесінде р йде пісірілетін ас
ә ү
алай аталады?
қ
ІІІ. Жа а саба
ң
қ
2- тапсырма:
1.Топтастыру «Наурыз к же»
ө
2.Бейне зік: «Наурыз к же».
ү
ө
3.О улы пен ж мыс. ле ді м нерлеп о у.
қ
қ
ұ
Ө ң
ә
қ
3-тапсырма:
Д птермен ж мыс.
ә
ұ
Шы армашылы ж мыс:
ғ
қ ұ
К ктем ........ . К н ........ . стар ..... . Жа быр .... «Жал асын
ө
ү
Құ
ң
ғ
тап»(жазбаша).
ІV .Сергіту с ті. « оша аным»
ә
Қ
қ
V. Жа а саба ты пысы тау:
ң
қ
қ
4-тапсырма:
«Мейірімділік» бейне зік
ү
Жазба ж мысы .
ұ
112-жатты у
ғ
VІ. Жа а саба ты орытындылау
ң
қ
қ
5-тапсырма:
С йкестендіру: Таби ат пен та ам арасында ы байланысты ашу ар ылы
ә
ғ
ғ
ғ
қ
Наурыз к жені асиеттерін к рсету шін, хал ымыз даналы пен та ам
ө
ң қ
ө
ү
қ
қ
ғ
т рлерін топтап, белгілі бір т стерге балап айтады екен. Олар:
ү
ү
Су-к к –
ө к ктемде тасы ан су жер-д ниені к к тол ын етеді.
ө
ғ
ү
ө
қ
Ет- ызыл
Қ
– арындары той анда азы- арта а да арамай алатын
қ
ғ
қ
қ
ғ
қ
қ
хал ымыз 3 к н ет жемесе тістері ышып, ызылсырайтыны та ы бар.
қ
ү
қ
қ
ғ
Ендеше барлы ет та амын ызыл а балайды.
қ
ғ
қ
ғ
Жасыл-б рша
ұ
қ
А – с т, рт
қ
ү құ
Сары – май зіні т сіні сарылы ымен бірге е асылын «сары майдай»
ө
ң ү
ң
ғ
ң
са та ан.
қ ғ
о ыр
Қ ң
– бидай,тары.
ара – т з. Т зды
Қ
ұ
ұ
асиетті ара д м, ара бас т з дейді.
қ
қ
ә қ
ұ
орытындылау :Диаграмма. «Мен нататын наурыз к же»
Қ
ұ
ө
6-тапсырма: Наурыз тілек
й тапсырмасы
Ү
Кері байланыс:- Біз не білдік?
- Біз нені біліп, йрендік?
ү
- Нені білуіміз керек?
Ба алау: Формативті ба алау
ғ
ғ
Г лдер ар ылы топ а б ліну.
ү
қ
қ ө
Психолгиялы дайынды
қ
қ
Наурыза ы к рісу. Рольдік ойын
ғ
ө
к рсету
ө
М нерлеп о у ж не жат а айту
ә
қ
ә
қ
Саба барысында диалогды
қ
қ
ж мыстар а атысып отырады.
ұ
ғ қ
Наурыз к жені 7 т рлі д мнен
ө
ң
ү
ә
пісірілетінмен
танысып,топтастырады.
Бейне зіктен наурыз к жені алай
ү
ө
ң қ
жасалатынымен танысады.
О улы пен ж мыс
қ
қ
ұ
Затты имылын білдіретін с здерді з
ң қ
ө
ө
бетінше жазу.
имыл оз алыс жасау ар ылы сергу.
Қ
қ ғ
қ
Бейне зік
ү
Саба бойынша з ойларын білдіреді,
қ
ө
орытынды жасайды.
қ
Наурыз к жедегі ас т рлерін т спен
ө
ү
ү
с йкестендіру.
ә
Диаграмма ру
құ
Наурыз тілек айту.
йге:113-жатты у, Наурыз к же .
Ү
ғ
ө
м нерлеп о у
ә
қ
Кері байланыс ж ргізеді
ү
мырада жинал ан г лдер ар ылы
Құ
ғ
ү
қ
ба алау
ғ
96
Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы
№28 «Ақбай» жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Омарова Гулжамал Оразовна
Құстар – біздің досымыз
Мақсаты: 1.Оқушыларға жалпы құстардың пайдасы туралы, олар жөнінде мағлұмат беру. Көктемде құстардың
оралуын, олардың азайып кетуі қаупінен хабардар ету.
2. Тіл байлықтарын, ойлау қабілеттерін, есте сақтау қабілеттерін дамыта түсіп, өз ойларын дұрыс байланыстырып
жеткізе білуге дағдыландыру.
3. Отанын, жерін, орманын, көлін, табиғатын сүюге баулу. Құстарға қамқор болуға, аялауға бейімдеу.
Көрнекілігі: ребус, құстардың мозайкасы, суреті т.б
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру.
- Армысыздар, құрметті қонақтар, жиналған көпшілік!
Табиғатты құрайтын бөліктердің бірі – құстар. Халық ежелден аң, құстарға әуес, оларға деген сүйіспеншілігін шексіз
дәріптеп, ең жақсы көретін адамды құсқа теңеу арқылы ол ықыласын көпке аян етеді. Сондықтан да халық өзінің
арасынан шыққан саңлақ ұлдарын сұңқарға теңесе, төгілте ән шырқайтын әншісін – бұлбұлға, ел үшін, Отан үшін
жанын қиятын батырларын қыранға, елден асқан сұлуды аққуға теңегені белгілі. Осыған байланысты 3 класс
оқушыларының қатысуымен «Құстар – біздің досымыз» атты сайысымызды бастаймыз.
Бұл сайысқа «Көгершін» және «Аққу» топтары қатысып отыр.
Сайысымыздың бағдарламасымен таныстырып өтейік:
1.
Таныстыру
2.
Құстарға арналған тақпақтар оқу.
3.
Құстарға мінездеме беру.
4.
Капитандар сайысы.
5.
Ребус шешу.
6.
Өнер.
7.
Мақал-мәтел сайысы.
8.
Жұмбақтар шешу. «Бұл қай құс?»
Өту барысы:
І. Таныстыру.
І топ: Біздің тобымыздың аты – «А у»
ққ
Біздің ұранымыз – «А уды атпа,
ққ
Досы ды сатпа».
ң
- оқушы: Құс патшасы аққуды
Атпаңдар, атпаңдар.
Ей, адамдар, әрқашан
Аққуларды сақтаңдар.
- оқушы: Көлдің көркі, сәні екен,
Ұшқанда сазды ән екен.
Ақындар оны мақтаған
Адамдар қорғап сақтаған.
Біз киелі аққумыз, сондықтан да аққу атын алғанбыз.
3 - оқушы: - Біз, құс төресі – аққулар, сендермен өткір сөзбен шайқасуға келдік. Біз тапқырмыз ба, әлде сендер
тапқырсыңдар ма, оны қазылар алқасы шешсін.
4-оқушы: - Біз эмблемамызға қамысты көлдің бетінде сылана жүзген қос аққудың суретін салдық. Өйткені халқымыз
аққуды айдын көлдің еркесі, құс патшасы, құстың төресі деп санаған. Сондықтан құстың басына тәж салдық. Қазақ
халқы аққуды сұлулықтың символы деп санап, сүйікті қыздарын аққуға теңеген. Оған мылтық кезеп, оқ атпаған.
ІІ топ: Біздің тобымыздың аты – «К гершін»
ө
Біздің ұранымыз – «К гершін биікте сам асын,
ө
ғ
лемде бейбітшілік орнасын!»
Ә
1-оқушы: - Біз «Көгершін» командасы қарсыласымыз сендерге жер шарының түкпір-түкпірінен бір ауыздан біздің
қанатты сәлемімізді жолдаймыз. Сендермен білім сынасуға әзірміз.
2-оқушы: Біз көгершін деген атауды
Бейбітшілік құсы - көгершін
Жер жүзінде бейбіт еңбек көгерсін
Аспан тұнық, шат көңілді болайық,
Ақ ниетті, адал жандар көбейсін,- деген мақсатта алып отырмыз.
3-оқушы: - Біз эмблемамызға жер бетінде бейбітшілік болсын деп шуағын шаша күлімдеген күн мен жер шарын айнала
ұшқан ақ көгершіннің суретін салдық. Өйткені барлық адамзат баласы үшін ақ көгершін – бейбітшіліктің символы,
әділет құсы, тыныштықтың белгісі. Сонымен қатар ол аузына хат тістеп ұшып барады. Яғни көгершін адамдарға қиын-
қыстау кезеңде хат тасуға да көмектескен.
ІІ. Құстарға арналған тақпақтар оқу. (Әр топтан үш оқушыдан шығып құстар туралы тақпақтар оқиды.)
ІІІ. Құстарға мінездеме беру. Бір топқа бүркіттің, екінші топқа үкінің суреті беріледі. Әр топ өзіне берілген құс туралы
толық сипаттама беруі керек.
ІV. Капитандар сайысы.
- Топ басшыларын ортаға шақырамыз. Әр топ басшысына 10 сұрақ қойылады, сол сұраққа көп ойланбай жылдам жауап
берулерің керек. Әр сұраққа 1 ұпай қосылады. Дайын болсақ бастаймыз.
«Көгершін» тобына:
97
1.Көктем айларын ата.
2.Киелі құсты ата.
3.Қандай жыртқыш құстарды білесің?
4.Қай құс жұмыртқасын басқа ұяға салады?
5.Дүниедегі ең кішкене құс қайсы?
6.Қарлығаш ұя жасау үшін не іздейді?
7.Қыстап қалатын құстарды ата.
8.Сөйлейтін қай құс?
9.Адам қай құсты аң аулауға пайдаланады?
10.Әнші құс деп қай құсты айтады?
«Аққу» тобына:
1.Наурыз, сәуір, мамыр қай мезгілдің айларына жатады?
2.Ең алғаш қай құс ұшып келеді?
3.Қай құс өсекші атанған?
4.Хат тасушы қай құс?
5.Ұя жасау үшін құстарға қандай материалдар керек?
6.Түнде ұшатын құсты ата.
7.Жыл құстарына қандай құстар жатады?
8.Қай құстың балапандары өз анасын білмейді?
9.Қай құстың құйрығы айыр?
10.Өз атын өзі шақыратын қай құс?
V. Ребус шешу. Екі топқа құстар жайында екі ребус беріледі.
VІ. Өнер. (Суретшілер конкурсы)
- Әр командадан бір адамнан қатысады. Кім қағазға кез келген құсты дұрыс және тез салып шықса, сол жеңіске жетеді.
VІІ. Мақал-мәтел сайысы. Екі команда бір-бірден кезекпен құстар жайлы мақал айтып жарысады.
VІІІ. «Бұл қай құс?» Жұмбақ шешуден сайыс.
Оқушыларға суреттер көрсетіледі, олар қандай құс екенін табуы тиіс. Одан соң жұмбақтар оқылады.
1.Тұмсығында суы бар,
Бұл қай құс, тауып ал. (Бірқазан)
2.Қашаудай мықты тұмсығым,
Бәсеке тігем,
Бұл шыным –
Құрт, қоңыз аулап жарысам,
Орман дәрігері болып табылам. (Тоқылдақ)
3.Бір құс бар, үлпілдеген жүні жұмсақ,
Тұяғы бейне болат алмас пышақ.
Тұмсығы имек, көрмейді күндіз көзі,
Шарықтап көкті кезіп, түнде ұшады. (Үкі)
4.Дүниеде бір молда,
Уағында азан оқиды.
Мезгілінде айқайлап,
Қайтып кеп жер шоқиды. (Қораз)
Қорытынды. «Ақ көгершін» әні.
---------------------------------------------------------------------------------------------------------
Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы
№28 «Ақбай» жалпы орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі
Омарова Сабира
7-сынып. Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы
Сабақтың тақырыбы:. 5-10 ғасырлардағы арабтар
Мақсаты:
1.
Білімділік: 5-10 ғасырларда өмір сүрген араб феодалдық мемлекетінің құрылуы, саяси жүйесі, шаруашылығы
және арабтардың бірігуі мен ислам дінінің таралуы туралы толық мағлұмат беру.
2.
Дамытушылық: Жаңа сабақты өткен сабақпен байланыстыра отырып, оқушылардың білімділігін арттыру,
дүниетанымын кеңейту, ойландыратын сұрақтар қою арқылы оқушының ойлау қабілетін дамыту.
3.
Тәрбиелік: Осы тақырыпты өте отырып, оқушыларды адамгершілікке, өткенге сыни тұрғыда талдау жасай
алатын иманды, білімді, мәдениетті азамат тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: Интерактивті
Сабақтан күтілетін болжам: Оқушылар топтық әрекетте болжау, ой шақыру, семантикалық кесте, джиксо, ойын,
тапсырмалары барысында бір-бірінің шығармашылық танымын арттыруға әрекеттесіп, жаңа білімді меңгереді,
дүниетанымы кеңейеді.
Сабақтың көрнекілігі:
1.
5-10 ғғ. Арабтардың саяси картасы,
2.
Слайд көріністері
•
Әулие София храмының бейнесі
•
5-10 ғғ. Арабтардың саяси картасы
98
•
Қағбаның бейнесі
•
Жаңа терминдар
3.
Бейнематериал
•
Бәдір соғысы
•
Қажылық
Сабақтың барысы: І Кіріспе бөлім
•
Ұйымдастыру кезеңі
•
Оқушыларды түгелдеу
•
Топқа бөлу
Ғасырлардағы Византия империясы
/семантикалық кесте/
Жылдар
1453
жыл
527-
565ж
443-
448ж
395
жыл
324
жыл
1
Константин астананы Рим қаласынан
Византияға қашан ауыстырды.
2
Рим империясы қай жылы ресми түрде
екіге бөлінді
3
Юстинианның билік құрған
кезеңін тап
4
Византияға қай жылдары Ғұндар
жорық жасады
5
Константинопольді осман түріктері
қашан басып алды.
Жаңа сабаққа көшу
Балалар слайдқа назар аударыңыздар. Сіздерге ұсынылып отырған мына терминдерді болжап көрелік?
1. Мекке
2. Халиф
3. Құм
бұл сөздерді неліктен ұсынып отырмын.
1
Әңгіме төркіні не туралы болмақ
2
Қандай мағыналар береді.
Сіздердің бірінші болжауларыңыз ақталды.
Бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы.
«5-10 ғасырлардағы арабтар»
Жаңа сабақтың жоспарымен танысыңыздар:
Жоспарды таныстырмас бұрын үш топқа ат қойып алайық.
Мекке, Халиф, Кордова
1.
Ежелгі арабтардың қоныстанған жері мен шаруашылығы, 6-7 ғасырлардағы арабтардың бірігуі және ислам
дінінің таралуы. /МЕККЕ/
2.
Араб халифатының құрылуы және феодалдық қатынастар./ХАЛИФ/
3.
Араб халифатының саяси басқару жүйесі. /КОРДОВА/
Сіздерге белгіленіп берілген материалды нақты түсіну үшін берілген бейнематериалға назар аударыңыздар.
•
Берілген бейнематериал сіздердің тақырыптарыңызға қатысы бар ма, жоқ па оны кейін пайымдай
жатарсыздар
Араб халифатының басқару жүйесі.
Барлық бағындырылған жерлер мемлекет меншігіне айналдырылды және де ислам дінін қабылдады.
Пайғамбарымыздың билігінен кейінгі 4 халифаттан кейін арабия әлемінде үлкен-үлкен екі ОМЕЙЯ және АББАС деген
әуеттер билік етті.
3. Араб халифатының саяси басқару жүйесі
Омейя әулеті.
1.
661-750 жылдары өмір сүрді.
2.
Жері жағынан ең көбі, үлкені болды.
3.
О.әулеті 5 жергілікті басқару аймағына бөлінді.
4.
Әр аймақты әмір басқарды
5.
Әмірдің 2 орынбасары. Бірі салық жинау мен қаржы мәселесімен айналысса, екіншісі діни істермен
айналысатын болды.
6.
О.әулеті қоғамдық мекемелер мен мешіттер салуға көптеп көңіл бөлді. Сауда мен қолөнер дамыды.
7.
Ұзаққа созылған бақталастықтан Омейя әулеті 750 жылы Әбу Мүслім бастаған көтерілісшілердің кесірінен
құлап оның орнына Аббас әулеті билігін оргнатты.
Аббас әулеті
1.
750-1258 жж.
2.
Мұхаммед пайғамбардың немере ағасы Аббастан тарадық дейтін әулет үстемдік еткен 100 жылда
халифаттағы феодалдық қатынастар күшейіп, сауда өрістеді.
99
3.
Халифат Азия, Африка, Еуропа құрлықтарын қамтыған әлемдік державаға айналды.
4.
Бұл құрлықтағы халықтардың өздеріне тән тарихи, мәдени, діни ерекшеліктері болды.
5.
Әртүрлі тілде сөйлеп, өз салт-дәстүрлерін ұстанды.
8-10 ғғ. Халифат бірнеше тәуелсіз мемлекеттерге ыдырап кетті. Олардың ішінде ірілері
1.
Бағдат халифаты 750-1258,
2.
Фатимилер халифаты 909-1071,
3.
Кордова халифаты 756-1031,
4.
Саманилер мемлекеті 875-999
Дін бүгінге дейін әрбір адамның бойындағы адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға қалай әсер етсе, бұдан былай да
дәл солай әсер ететін болады.
Дүние жүзіндегі беделді біндерді бірі, жер шарындағы халықтардың бестен бірі ( 5/1) сенетін ислам дінінің үлкен
тарихы бар
Сабақты бекіту.
1.
Бүгін біз 5-10 ғасырлардағы арабтардың тарихын таныдық.
2.
Жалпы алғанда арабтар ислам әлемінің орталығы екендігімен, мұнайымен, мәдениеттілігімен,
өркениеттілігімен дүниежүзінде ерекшеленеді.
Мыс: араб елдерінің көбісінде түрме жоқ, ғалам проблемасына айналып отырған арақ, наркотик, СПИД, дегенді мүлдем
білмейді.
Пайғамбарымыздан кейін 4 халиф /сахаба/өмір сүргендігін, одан кейін үлкен-үлкен Омейя және Аббас әулеттерінің
билігі туралы, 1258 жылы бұл әулеттің де билігі Шыңғыс ханның әскерлері
Үйге тапсырма: §4. Оқулықтағы карта бойынша контурлық картаға Араб халифатының жерін және жаулап алған
жерлерін түсті бояулар арқылы түсіріп келу.
Араб мемлекетінің дамуына үлес қосқан халифтардың тізімін жасау.
Мұхаммед пайғамбардың өмірі, Мекке қаласы туралы әңгіме жазып келу.
---------------------------------------------------------------------------------------------------------
Оңтүстік Қазақстан облысы. Ордабасы ауданы
«Достық»бастауыш мектебі
коммуналдық мемлекеттік мекемесі бастауыш сынып мұғалімі
Құдайберген Гүлзипа Еркінбекқызы
Cаба ты та ырыбы
қ
ң
қ
:Өтілген материалдарды бекіту
Саба ты ма саты:
қ
ң
қ
1.Оқушылардың өткен сабақтан алған білімдерін пысықтауға арналған қайталау есептерін шығару. Олардың білімдерін
тиянақтау.
2.Оқушылардың ақыл–ойын,ой–өрісі дамыту.
3.Тапқырлыққа,ізденімпаздыққа,алғырлыққы,ұқыптылыққа баулу.Пәнге қызығушылығын ,белсенділігін арттыру.
Т рі:
ү
қайталау,пысықтау сабағы.
дісі:
Ә
сұрақ–жауап,ойын.
Көрнекілігі: кестелер,үлестірмелі қағаз.
Саба ты барысы:
қ
ң
І.Ұйымдастыру кезеңі
1.Амандасу,оқушылар зейінін сабаққа аудару.
2.Психологиялық дайындық
Математика керек әр күнге,
Математиканы оқимыз.
Математика қажет өмірде
Миымызға тоқимыз.
ІІ. й тапсырмасын тексеру
Ү
№17
(Дәптерден оқыту арқылы тексеру)
–Балалар бүгінгі сабағымыз өтілген сабақты пысықтауға арналған,сондықтан біз бүгін бірнеше бөлімдерге байланысты
тапсырмалар орындаймыз.
Біліміңді байқа,
1–мысал. Тура теңдіктер мен теңсіздік құрастыр.
(Ауызша есептеу)
–Балалар алдымызда үлкен ел болып ел болып тойлайтын мерекеміз келе жатыр.
-Ол қандай мереке?
-Тәуелсіздік күні.
-Жарайсыңдар.
2–мысал. Теңдеу шешу
Қызығушылықты ояту.
3–мысал. Өрнектер .
Сергіту сәті.
Орнымыздан тұрамыз,
Қос бүйiрдi сығамыз
Оңға, солға бұрылып,
Бiр айналып шығамыз.
Бiр,екi, үш, төрт, бес
Қолды қолға ұрамыз.
100
4- мысал Есеп шартын оқып,шығару жолдарын талдау
а)Шарты:
Жинақта–24б.
Сурет салуға- 1
6
Нұржан неше бояу алды?
Шешуі: 24: 1 =4
6
Жауабы: 4 бояу алды.
ә)Т 1 Ш: 1
6 5 см–ге тең 6*5cм==30cм
Жалпы ұзындығы қанша? Жауабы:Таспаның ұзындығы 30см
5-есеп. 1
а)Көк–12 Ш:(12+18+15): 5 =9
Жасыл–18 Ж:Қалды 9 текше
Қызыл–15
Ойын үшін 1 пайдаланды.
5
Неше текше қалды?
ә)Шарты:
8тг 6 шар Ш:8тг*6 +9тг+45тг= 9
9 тг 5 шар қанша ақша төленді? Ж:Төленді 93 тг
Сабақты қорытындылау
білем?
Не білдім?
білгім келеді?
Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.
Үйге тапсырма: №6
Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан,
Математикаға орын берсең басыңнан.
Барлық ғылым саған үйір болады,
Досың солар табылатын қасыңнан.
-------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Западно Казахстанская область .Теректинский район
Подстепновская № 1 ОСОШ учитель музыки
Сахарнова Л.Т.
Достарыңызбен бөлісу: |