Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы


«Бастауыш мектеп» журнал №2,5 2012 ж



Pdf көрінісі
бет5/32
Дата24.12.2016
өлшемі1,22 Mb.
#355
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32

«Бастауыш мектеп» журнал №2,5 2012 ж.
---------------------------------------------------------------------------------------------------------
Атырау қаласы
№14 А.П.Чехов атындағы орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі
 Сапарова Гүлмира Тлепқалиқызы
Оқушыларды шығармашылыққа баулу
 «Шығармашылықтың гүлденуі мен тұлғаның өсуі
-барлық педагогиканың маңызды бағдарламалық
шешімі»
                                  Н.Ә.Назарбаев.
               Жаңа ғасырдың білікті, білімді, ақыл ойы дамыған азамат даярлау- бүгінгі күн талабы. Мемлекетіміздің білім 
беру   жүйесіне   ерекше   назар   аударып   отыруы   оқыту   мазмұнына   жаңа   бағыт   әкелді.  Н.Ә.   Назарбаевтың   Қазақстан 
халықтарына арнаған «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін, бәсекеге қабілетті ұлт үшін»  
атты Жолдауында  ерекше  аталып өтіліп, Қазақстанның бәсекеге  қабілеттілігін қамтамасыз етуге  мүмкіндік  беретін,  
экономикалық және қоғамдық жаңару қабілеттіліктеріне сай білім керектігіне назар аударылған болатын. Ал бәсекеге  
елдің әрбір азаматы бәсекеге қабілетті болуы тиіс деп есептеймін. Қазақстан бүгінде әлем таныған өркениетті елдер  
қатарына   қосылуға   бет   бұрған   жағдайда   демократиялық   жолмен   дамушы   мемлекетіміздің   қалыптасуы   жағдайында 
өскелең ұрпақтың рухани байлығы мен мәлдениетін, еркін ойлау қабілеті мен шығармашылығын, кәсіби біліктілігі мен  
білімдерін арттыру қажеттілігі туындап отыр.

       Шығармашылық — бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол  
табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет.
27


Бастауыш сынып сатысы -  оқушы тұлғасын қалыптастыру мен дамуының басты баспалдағы. Бүгінгі таңдағы  
бастауыш   мектептердің   алдында   тұрған   мәселе   -   оқушыларды   дамыта   оқыту,   яғни,   оқушыны   оқу   әрекетіне  
қалыптастыру,   олардың   оқуға   ынтасын   ояту,   қызығушылығын,   шығармашылық   қабілетін   дамыту.   Сондықтан, 
мұғалімнің алға қойған маңызды міндетінің  бірі-талабы таудай  жеке  тұлғаны іздеп табу,  оны өсіру.  Әр оқушының  
қабілетін танып біліп, дамытып адам дәрежесіне жеткізу үшін жаңашыл жұмысқа бет бұру керек.

      Баланы бастауыш сыныптардан бастап шығармашылық ойлауға, қалыптан тыс шешімдер қабылдай алуға,  
практикалық әрекеттерге дайын болуға әкелудің жолдарын көрсету керек.  Шығармашылық — бүкіл тірішіліктің көзі. 
Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі.

          Өз   іс-тәжірибемде   жас   ұрпақтың   дарындылығын   ашу,шығармашылық   қабілетін   оятып   жетілдіру,  
оқушылардың   өздеріне   деген   сенімін   нығайту,адамгершілік,имандылық,салауаттылық   қасиеттерін   қалыптастыру 
бағытында, оқу-тәрбие үрдісіне кеңінен енгіздім.Білімге ұмтылушы жастың нені білетіндігі емес,не істей алатындығы 
толғандыруы қажет. Бұл қазіргі құзіреттілікті оқу нәтижесі ретінде белгілеп отырған жаңа кезеңдегі ең негізгі мәселе 
болып саналады. Мұндай міндет білім мазмұнының жаңаруымен, оқыту үрдісіне білім мазмұнының қоғам талабымен 
ұштасуымен,   оқытудың   жаңа   технологияларымен   қолданылуымен   жүзеге   асырылуымен   байланысты   атқарылады. 
Сондықтан  әрбір оқушының   дара  тұлға   ретінде  жетілуіне,   оның  шығармашылық   қабілеттерінің   дамуына  мүмкіндік 
туғызып, пәндік білімнің мәнін өзгеру,оқушының өздік әрекетін ұйымдастыру, оны түрлі жағдаяттарда дұрыс шешім 
қабылдай білуге  үйрету қажет болып отыр.

Тәуелсіз   Қазақстанның   білім   жүйесінің   реформалануымен   байланысты   бастауыш   сыныптардағы   барлық  
пәндерді   игертудің   құралы   болып   саналатын   ана   тілін   оқыту   –   үрдісінде   оқушының   тілдік   дағдыларын  
қалыптастырудың  барлық мүмкіндіктері айқындалуда.Оның үстіне қазіргі таңдағы білім жүйесіне қойылып отырған 
қоғамдық – әлеуметтік сұранымда, елбасы жолдауында айтылған, қоғамдағы бәсекелестікке қабілетті адамның басты  
белгісі:   оның   білімділігі,   жасына   лайықты   түрлі   жағдаяттарда     жол   тауып   шыға   алатын,   өз   ой-пікірін   анық  
та,ашық,түсінікті жеткізе білетін жол болып отыр. Мұндай біліктілікті меңгерту үшін бастауыш сынып оқушысының  
әдеби   сауатын   ашуға   басымдылық   беріліп,тілдің  танымдық,көркемдік   сапарларын   тану  мен  еркін    сөйлеу  әрекетін  
игерту,яғни А.Байтұрсынов айтқандай, «Оқыту дегеніміз, асылында, баланы үйренуге үйрету» деген қағида тұрғысынан  
қарау.   Шығармашылық   қабілет   әр   баланың   табиғатында   болуы   мүмкін.   Біздің   міндетіміз-оқушыға   оның   бойында 
жасырынып   жатқан   мүмкіндіктерін   ашып   көрсету.   Кез-келген   оқушы   мұғалімнің   басшылығымен   орындаған 
шығармашылық жұмысының нәтижесінде өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады.Дамыта оқытудың ең басты мақсаты - 
баланы   оқыта   отырып,   оны   шығармашылық   бағытта   жан-жақты   дамыту.   Шығармашылық   дегеніміз-адамның   өмір 
шындығында   өзін-өзі   тануға   ұмтылуы,ізденуі.Оқушыларды   шығармашылық   жұмысқа   баулып,олардың 
белсенділіктерін,қызығушылықтарын   арттыра   түсу   үшін,шығармашылық   қабілеттерін   сабақта,сабақтан   тыс   уақытта 
дамытуда әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады.Олар мыналар:

1. Кез  келген ақын-жазушылардың шығармалары бойынша мақал құруға үйрету. 

2.Мақал-мәтелдерді басшылыққа алу арқылы әңгіме жазуға үйрету.

3.Жыл мезгілдері,қоршаған орта,табиғат заттарына байланысты жұмбақтар құра білуге үйрету.

4.Оқулық материалдарында берілген мәтін,әңгіме,ертегілерді қиялдап,өзь сөздерімен аяқтауға үйрету.

5.Өз ойларына шығарма жазуға,мәтін құрастыра білуге үйрету.

6.Дайын ұйқастар арқылы өлең құрастыруға үйрету.

7.Шығармадағы оқиғаға ұқсас құрастыруға үйрету.

8.Шығармадағы ұнатқан кейіпкеріне мінездеме беру жолдарын үйрету.

9. Қиялдау арқылы сурет салғызу,соған байланысты шығарма жазу, кітапша құрастыру.

  Осындай   әдіс-тәсілдерді   қолдана   отырып   оқушыларда   шығармашылық   ізденіс   пайда   бола   бастайды.   Бұл 
әдістің тиімділігі оқушылар өз тілінде таза сөйлеуге  баулыды, ана тілі пәніне қызығушылығы арта түсті, өз пікірін  
ортаға   салу   қабілеті   артып   ауызша   және   жазбаша   сөйлеу   тілі   дами   бастады.   Шығармашылыққа   үйреткен  
оқушыларымның   әр   түрлі   тақырыптарға   жазған   шығармалар   жинақтары,   шығарған   өлең   жолдары,   әңгімелері 
жинақталған.   Сонымен   қатар,шәкірттерім   мектепішілік,   қалалық   жарыстарға   қатысып   жүлделі   орындармен 
марапатталды. Әңгіме, құрастыруға ынталанып, шығармашылықпен жұмыстанып жүрген оқушыларымды айта кетсем, 
Құлымбетова.А,

Алмасов.Ә, Орынғали.Д, Нағидолла.Н, Жұмалиева.Г.

              Қазіргі таңда білім беру жүйесіне қойылатын талап тәуелсіз еліміздің азаматын тәрбиелеу жастардың  
ұлттық сана-сезімін ояту,ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілігін көзқарастарын қалыптастыру.

«Халық кемеліне келіп, өркендеуі үшін ең алдымен азаматтық пен білім керек»,- деп Елбасымыз  өте орынды  
айтқан.Оқыту үрдісі кезінде сабақтағы басты тұлға білім беретін мұғалім емес,осы білімді қызыға қабылдайтын оқушы 
болуы тиіс.Сонда ғана ұстаз еңбегі өз дәрежесіне ие болған мұғалім мұраты деуге болады.

         Ендеше, бір жерде тұрмай, «ізденген жетер мұратқа»  демекші үнемі өз білімімді көтеріп,дамытып, жаңа 
заман талабына сай мұғалім болып еңбектеніп келемін. Өзім тәрбиелеген шәкірттерімнің де сондай болатынына үлкен  
сенімдемін.
28

Атырау облысы, Жылыой ауданы,  Құлсары қаласы
№ 18 М. Сатыбалдиев атындағы орта мектептің
 қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Бейшева Ментай Идрисовна
Қазақ әдебиеті сабағында оқушыны мәнерлеп оқу шеберлігіне баулу
                                  Қазақстан Республикасындағы   білім  беруді   дамытудың  2011-2020 жылдарға  арналған мемлекеттік 
бағдарламасында «Қазақстандағы білім беру реформаларының ортақ мақсаты білім беру жүйесінің жаңа әлеуметтік-
экономикалық ортаға бейімделуі болып табылады» делінген. Жеке тұлғаның дамуының, мәдениаралық алмасулардың,  
пікірін еркін білдірудің, жаңашыл жобаларды, шығармашылық ойларды іске асырудың түпқазығы ретінде Қазақстанда 
қолайлы орта қалыптасқан. Бұл, өз кезегінде, жас ұлттың талаптары мен қызығушылығына барынша жауап беретін білім  
берудің прогрессивті жүйесін қалыптастырумен анықталады. Осылайша Қазақстанның қазіргі даму кезеңінде білім беру  
негізгі роль атқарады. 
                  Білім   берудегі   жаңа   тұжырымдамалық   көзқарастар,   әдіснамалық   ұстанымдар   әлемдік   білім   кеңістігіндегі  
жаңартулармен ықпалдасып,  еліміздің білім беру ісі 12 жылдық  білім беру жүйесіне  көшкелі отыр.  Бұл білім беру  
жүйесінің негізгі міндеті - оқыту үрдісін ұлттық құндылықтарға негіздей отырып, оқушыларға көп деңгейлі білім беруді 
ұйымдастыру.  Оқушының өз бетінше білім алуын ұйымдастырғанда, өзінің туған халқының ұлттық құндылықтарын 
қадірлеп,   туған   жері,   тарихы,   қоршаған   ортасы   туралы   түсінігі   болып,   ол   туралы   айтып   бере   алуына   мүмкіндік 
жасалғанда ғана аталған міндеттері шешімін табатыны сөзсіз. Сол себепті де жаңа білім беру жүйесінде әрбір азаматтың 
тұлғалық   дамуын   күшейту   басты   назарға   алынып   отыр.   Оқу   орындарындағы   негізгі   пән   ретінде   тіл   мен   әдебиет  
пәндерінің орны ерекше. Ал жаңаша оқыту үрдісінде бұл пәндердің маңызы бұрынғыдан арта түседі, әрі тіл мен әдебиет  
пәндері оқушылардың тілдік білімі мен қарым-қатынас біліктілігін жетілдіру арқылы дара тұлғаның сөз өнері негізіндегі 
сөйлеу шеберлігін, жұрт алдында сөйлеу мәдениетін арттыруды басты назарға алады.
                 Жалпы білім беретін мектептердің алдында өскелең ұрпаққа берілетін сапалы білім, саналы тәрбиені одан әрі  
жетілдірудің айрықша міндеттері қойылып отыр. Оқушылардың көркем сөйлеу мәнері мен мәдениетінің негізі мектепте  
басталады. Балалардың сөйлеу дағдысын, көркем сөйлеу мәнерін, тілдік тәсілдер мен сөз шеберлігін орнымен қолдану  
қабілеттерін қалыптастыру – бүгінгі күннің көкейкесті әңгімесі болып отыр. Айналаны қоршаған дүниедегі тіршілікті  
дұрыс түсіну, әдемілікті қабылдау, дұрыс сөйлеу – қоғамдағы қарым-қатынастан басталады. 
         Ең алдымен мәнерлеп, көркем оқудың не екеніне келетін болсақ, «Мәнерлеп оқу» атты оқулығында ғалым апамыз 
С.Желдербаева «Мәнерлеп оқу дегеніміз - қарапайым сөйлеу тіліне жақын, еркін оқу» деп анықтама берсе,  «Мәнерлеп  
оқу   –   оқу   шеберлігі,   олай   болса,   ол   жұмыс   ең   алдымен   оқушыларға   тіліміздегі   сөздерді   дұрыс   айтқызып,   жатық 
сөйлеттіруден,   көркем   тексті   нақышына   келтіріп   оқудан   басталады»   деген   С.Тілешованың   да   анықтамасы   көкейге 
қонымды.Шын мәнінде өзге білім дағдыларын игергендей көркемдеп, мәнерлеп оқу дағдылары да үнемі дайындалу,  
үздіксіз іздену, жаттығу әрі қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен жинақтаған білімін ұштастыра білу нәтижесінде ғана  
қалыптасады. Оқушының мәнерлеп оқи білу дәрежесіне қарап, оның талабы, талғамын, білім дәрежесі мен ой өрісін,  
дүниетанымы деңгейінің көрсеткіші ретінде мөлшерлеуге болады.
         Әдебиет сабағы – сөз өнері. Бағдарлама бойынша оқушыларға көркем шығарманы мәнерлеп оқу, тіл шеберлігіне  
көңіл бөліп отырып, терең тебірентіп, әсерлендіріп, оқушыларды сөз құдіретіне сезінуге баулимыз.   
                 Мәнерлеп оқуға  әдебиеттегі  көркем туындылары  жатады. Осы көркем шығарманы   мәнерлеп оқу жөнінде  
теориялық және практикалық білім беріледі. 
         Әр сабақтың үрдісінде практикалық, теориялық жоба жасалады.
         Мәнерлеп оқу – сөйлеу техникасын, дауыс сапасының даму жолдарын көрсету.
Автордың   ой-пайымымен   көркем   шығарманы   сөйлету   күрделі     әрекеттің   бірі.   Көркем   мәтіннің   болмысына   терең 
бойлап,  жете   меңгермейінше   оны сөйлету  қиын.  Өлеңдегі  әр сөз,  бунақ   белгілі  ой ағымын  ұсынады.   Оны  дәл  сол 
мәнінде тиісті ырғағымен оқу үлкен шеберлікті талап етеді.
           Мәнерлеп оқу – сөйлеу техникасын, дауыс сапасының даму жолдарын көрсету         Шәкірттерді көркем оқуға  
баулу үшін тапсырмалар арқылы оқушы қызығушылығын арттырамыз. Мұғалім одан – жазушылардың бір тақырыпқа 
жазылған шығармаларын оқытса, оқушылардың сұлулықты сезінуі, әсемдікті қабылдауы толыға түседі. Мәнерлеп оқу 
арқылы көпшілік алдына емін-еркін шығып этикалық оралымдарды шебер қолдана алады.
         Оқушылар алдында кез-келген мәтінді көркемдеп оқып беру үшін, мұғалім көркем шығармаға терең бойлап, оқу 
ерекшелігіне, тіліне талдау жасап, шығармашылық тұрғыда ізденеді. Мәтіндегі негізгі, астарлы ойларды, әрбір бөлшегін, 
керек болса әр сөз тіркесі мен сөзіне дейін іштей оқып дайындалады, мәтінді толық меңгеріп, оқу мақсатын белгілейді.  
Осылайша көркем шығарманы оқуға дайындық барысында творчестволық тұрғыда еңбек етеді, ізденеді. Мәнерлеп оқу  
пәні әдебиет, қазақ тілі пәндерінің негізгі құрамдас бөлігі. Әдебиет сабағының негізгі мақсаты мәтінмен жұмыс жасау  
болса, оның ерекшеліктері мұғалімнің басты қаруы – сөзі арқылы оқушы жүрегіне, сезіміне ықпал ету, әсерлендіру,  
пәнге қызықтыру,  толғандыру,  ойландыру.  Сол арқылы оқушының  эстетикалық талғамы артып, көркемдік әлемінен 
сусындауды   үйренеді.   Жазушы   Ғ.Мүсірепов   айтқандай   «Бір   сөздің   бір   сөзге   жарық   та   шашатынын,   көлеңкесін   де 
түсіретінін» жай сөзбен баяндап, хабарлап қана қойып, атүсті түсіндіру арқылы емес, білім алушының өзіне негізгі ой 
түйінін тапқызып, жаңа тақырып мазмұнын игеруде сөзбен жұмыс жасай білуге, өз ойын еркін әрі ашық, логикалық 
бірізділікпен айтуға, ауызша сөйлеу мәдениетін жетілдіру секілді жұмыстар жасап қызықтыруға болады.
          Сахналық қойылымдарда образдық бейнеге еніп, қимыл-әрекет, сөйлеу мәнері сақталғанда ғана мәдени шараны  
жүргізуге   жеңілдік   болады.   Мәнерлеп   оқуға   төселдіру   үшін   үздіксіз   шығармашылық   жұмыстар,   фонологиялық 
жаттығулар, мәтінмен жұмыстар жүргізіп отырсақ, шебер сөйлеушінің қалыптасуына жол ашамыз.
         Мәнерлеп оқу -  әдебиетті оқытудың басты әдістемелерінің бірі. Мәнерлеп оқудың мақсаты:
а) оқушыларға көркем туындының эмоциялық-эсстетикалық әсерін сензіндіру;
ә) көркем мәтінге жан беру, әр сөздің мәні мен мағынасын, сөз бояуларының нақышын сезе білу;
б)  көркем   мәтіндегі   айтар  ой  мен  поэтикалық   көркемдікті   өздеріне   болжату,   түсіндіру,   мәтінді   талдау  дағдыларын  
дамыту.
         Мәнерлеп оқу 3 сатыдан тұрады. Таным үш сатылы. I саты – сезімдік таным, оқушы нені болса да әуелі бес сезім 
арқылы қабылдайды. Мазмұнды оқып білу, игеру – алғашқы сезімдік танымға жатады. II саты – шығарманың өзіне тән 
29

көркемдік ерекшеліктерін танып оқу (талдап оқу) болмақ. Бұл тұста оқушы көркем сөздің заңдарын үйренеді (образ,  
композиция,   тіл,   сюжет,   өлең  өлшемі,   жанры,   тақырыбы,   идеясы).   Мұны   ақылдық   таным   дейміз.   Білім   мен  таным 
оқушыға осы екі оқу тұсында беріледі. Ақылды байытудың бір құралы – ес. Бірақ ол – психологиялық процесс.
          Бұл екі оқудан мәнерлеп оқудың жөні тіпті бөлек. Онда зор сапалық айырма бар. Ол неде? Мәтінді оқу, талдау  
тұсында оқушы төселіп білім алып, алға басады. Оны білім жинақтау сатысы дейміз. Бірақ танымның биік сатысы  
қиялдай білу болады. Оқушының қиялы, қиялдау қабілеті үшінші оқу тұсында дамиды. Енді ол озінің білгенін қиялдап 
жаңадан айта алады. Алғашқы лқу мен талдау тұсында бала білім алу сатысында болса, мәнерлеп оқу тұсында олар бізге  
алған   білімін   қайтарады,   сондықтан   оны   шығармашылық   саты   дейміз.   Оқу,   талдау  –   сандық   оқу,   мәнерлеп   оқу  – 
сапалық оқу. Оны қайтарма оқу дейміз. 
         Мәнерлеп оқудың түрлері. Мәнерлеп оқу V–VII сыныптардан басталады, ол үш түрлі формада үйретіледі. 
1.
Даралап   оқу.   Оқушы   өлең   жаттайды.   Оны   мәнерлеп   орындату   дейміз.   Кейде   бала   прозаны   да   жатқа  
орындайды. Мұнда сөйлеу мәнері басты орын алады. Өлеңді жаттап, ешқандай мақам, ырғақсыз айтса, оның берері жоқ. 
Бұ   л   оқу   көбіне   сезімдік   танымға   жатады.   Жаттауға   бүгінгі   ақындардың   шығармаларынан   бастап,   фольклор  
шығармаларын да ұсынамыз. Даралап оқу баланың лексикасын байытады, логикалық ойын дамытады. 
2.
Мәтінді рөлге бөліп оқыту. Мұны кейде кейіпкерге еліктеп оқу деп те атаймыз. Бұл көбіне талдау сабақтары 
тұсында қолданылады. Оған диалог сөз, драмалық шығарма үзінділері, мысал, айтыс жанры қолайлы. Мәтінді рөлге  
бөліп оқыған жерде кейіпкерлерге мінездеме берудің қажеті жоқ. Мысалдың аллегориясын ғана ескертеміз. 
3.
Әндетіп оқу. Эпостарды өткенде монологтарды домбыра (жыр) күйіне салып айтса, бұл да күшті есте қалады. 
Абай шығармаларын өткенде де әндерін мәтінге негіздеп орындату керек. Ән мен көркем шығарманың бірлесуі – зор  
үлес.
          Мәнерлеп оқу – көркем шығармаға терең бойлап оқудың, шығармашылық ізденістің жемісі. Көркем мәтінді оқу 
алдында оқушы ондағы әр көріністі, әр деталды, әр сөзді іштей қорытады, толық меңгереді, оқу мақсатын белгілейді.
          Мәнерлеп оқу – оқушының талабы мен талғамының, білім дәрежесінің, ой-өрісінің көрсеткіші. Оқушы көркем  
шығарманы   көп   оқыса,   оқығаннан   көңілге   тоқығаны   мол   болса,   оқу   техникасы   жетілген   болса,   оның   оқу,  
орындаушылық  шеберлігі де соғұрлым арта түседі. Мәнерлеп оқу материалын таңдаған кезде оның тартымдылығы,  
тәрбиелік   мәні,   шығарма   мазмұны   мен   тілінің   бала   ұғымына   ауыр   болмауы   ескеріледі.   Оқушыға   прозалық   және 
поэзиялық шығармалармен жұмыс жасауды қатар жүргізу қажет. Сонда ғана оқушы прозалық шығарманы мәнерлеп 
оқып, инсценировка жасалған кезде рөлдерді шебер орындай алады.
         Мәнерлеп оқу екпінді дұрыс қоя білу, оқу мәнерін меңгеру, тыныс белгілерін сақтап, дұрыс кідіріс жасау, дауысты 
сөйлемдегі ой мазмұнына сай баяу, жігерлі оқу немесе тілек, сұрақ, көңіл күйді көтеріңкі үнде оқу ескеріледі.
          Сонымен қатар, кино, радио, теледидар арқылы әртістердің, көркем сөз шеберлерінің, дикторлардың оқуына зер  
салып, қадағалап отырады. Бұл оқушылардың сөз мәнерін, сөйлеу тілін жетілдіруге көмектеседі.
                 Лирикалық шығармаларды ақын өз ойы, өз сезімі, өз күйін тікелей кейіптеу арқылы жеткізсе, лириканың сол 
өзіндік қасиеттерін түсіну үшін баланың да ақынжанды жүрегі, нәзік сезімі, ұшқыр ойы болу керек қой. Ал ондай 
сергектік,   нәзіктік   барлық   адамда   бола   бере   ме?!   Лирикалық   шығармаларды   құлақпен   емес,   жүрекпен,   сезіммен 
қабылдау керек десек, ол шығармаларды бала қалай меңгереді, нені сезді, неге тебіренді, қандай көңіл-күйде болды?..  
Оны тексеру де мұғалімге оңайға соқпайтын мәселелер. Міне, сондықтан да лириканы оқытудың күрделілігі осында  
жатыр. 
              Әсіресе, 5-8 сыныптарда сабақ басталмас бұрын көңілді, сазды, назды музыка тыңдату, мүмкіндігі келсе өтілгелі  
отырған лирикалық шығарманың әні болса, әнімен қоюдың, күйлерді тыңдаудың маңызы зор. Мысалы, Махамбеттің  
«Тарланым» өлеңін алайық.
         Көмек-нұсқау 
Өлеңді асықпай 2-3 рет оқып шық, түсінбеген сөздерің болса, белгілеп қой.
Исатай қалай бейнеленген, қалай жырланған, қандай сөздермен суреттелген? Өлеңнен табыңдар, 
Мәнерлеп оқуға дайындал. Қандай мәнермен оқыр едің? 
    Өлең қандай көңіл-күймен жазылған? Ең соңғы өлең жолына қарасаң, бәлкім, жауабын табарсың.  
          Лириканы оқытудың басты мақсаттарының бірі – оқушыларды поэзияны сүюге баулу, оның кестелі тілін сезіне 
білуге, эстетикалық ләззат ала білуге, әдемі, көркем  сөйлей білуге баулу болып табылады. 
а) өлеңді әуенмен, сазымен мәнерлеп оқуға, жатқа оқуға ерекше көңіл бөлу.
ә) өлеңдегі ақынның көңіл-күйін бағдарлату, оқушылардың өз сезімі, өлеңнің әсеріне де назар аудару.
б) тақырыпқа сай музыканы, бейнелеу өнерін, басқа да өнер туындыларын, көрнекілікті үйлесімді, тиімді пайдалану.
в) тиімді көңілді оқу жағдайын туғызу. Жағымды ахуал жасау (балаларға ұрыспау т,б,)
г)   қабілеттерін,   шабыттарын   ояту,   белсенділіктерін   арттыру   мақсатында   шығармашылық   сипаттағы   әдіс-тәсілдерді 
пайдалану.
           Лирикада ақын сезімі өмір сүреді, оқушы оны өз сезімімен қабылдайды. Екі сезім түйіскенде ғана, яғни ақын  
сезімі   мен   оқушы   сезімі   түйіскенде,   қабысқанда,   бір-бірін   тапқанда   ғана   ол   туралы   сөз   қозғау   тиімді   болмақ.  
Оқушыларды   лириканы   сүюге,   түсінуге,   оны   өз   еріктерімен   оқуға,   өмірлік   сырлас   досы   етуге   талаптандыру   оны 
оқытудың басты мақсаты болып табылады. Оқушылардың оған деген жағымды көзқарастарын қалыптастыру жүйелі 
жұмысты талап етеді. 
         Өлеңді мұғалімнің өзі мәнерлеп оқуы, күйтабақтарды пайдалану, сабаққа көркемсөз оқудың шеберлерін шақырып, 
кездесу өткізу, табиғатқа саяхат жасау, сол жерде табиғат лирикалары туралы өлеңдер оқып, оны бейнелейтін суреттер  
көрсету,   әндер   тыңдап,   алған   әсерлері   бойынша   әңгіме   өткізу   сияқты   лирикалық   шығармаларды   сүюге   баулу  
жұмыстарын жүргізу нәтижелі, тиімді болмақ. 
         Мәнерлеп оқу оқылып жатқан көркем туындының, яғни лирикалық өлеңнің мазмұны, мәніне байланысты болып 
келеді. Ерлік, патриотизмге негізделген өлеңдер көтеріңкі ырғақ, көтеріңкі леппен оқылса, табиғат, махаббат жайлы  
өлеңдер   нәзік   леппен,   терең   сезіммен   оқылады.   Лириканы   мәнерлеп   оқуда   әр   сөз,   әр   тыныс   белгісі   де   үлкен   рөл 
атқарады. 
         Өлеңнің тармағы, шумағы, тіпті дыбыс үндестіктеріне де назар аудару керек, Мысалы, Мағжанның «Толқын», т,б, 
өлеңдерінде   дыбыстардың   маңызы   ерекше.   Ақын   дыбыстан   сурет   жасайды,   дыбыс   арқылы   махаббаттың   лапылдап 
30

тұрған жалыны беріледі, дыбыс келісімдері арқылы табиғаттың бейнесі көз алдыңа елестейді. Сондықтан да, дыбысты 
өз нәшімен оқи білудің маңызы зор. 
         Мәнерлеп оқу көркем туындыны қабылдай білу, түсіне білу әрі талдай білуге жетелейтін маңызды бір тәсіл десек,  
артық айтпаймыз. Мәнерлеп оқу, ең алдымен, оқушыларды көркем туындыны барлық бітім-болмысымен толық түсіне 
білуге алып келеді. Көркем шығарма бойына «қан жүгіртіп, жан бітіретін» мәнерлеп оқу болып табылады. Әдеби талдау  
барысында   мұғалім   үнемі   мәнерлеп   оқуға   көңіл   бөліп   отыруы   керек.   Әсіресе,   кейіпкерлерге   мінездеме   бергенде,  
жазушы стилі, көркем тіл айналасында сөз болғанда, қорыта айтқанда, бір мәселеге ерекше көңіл бөле талдағанда, оны  
мәнерлеп оқусыз жүзеге асыру өз дәрежесінде болмайды. Мысалы, 5-сыныптағы М. Шахановтың «Отырар дастаны»  
өлеңін рөлге бөліп, мәнерлеп оқу сол шығарма негізінде жатқан автор ойын, нысананы аңғарта білуге көмек жасайды.  
Асқақ, паң Шыңғыстың сөзі ірі, әрі ашулы, 6 ай бойы қайдағы бір Отырарды ала алмау не сұмдық?! Оның сөзі құр айғай  
емес , зілді, мығым, паң, асқақ шығуы керек. Баласына зымиян айла үйретіп жатқан сөздерінде жымысқы, аярлық үн  
басым. Қайыр хан үнінде «жеңілгендік» сазы емес, қайта ерлік сазы, сенім сазы басым жатыр (оны солай оқу керек).  
Өкініш те, болашаққа сенім де бар. Көркем туындына мәнерлей оқудың көркем туындыны талдауда маңызы зор, ең 
бастысы, олар оқушының жан-жүрегін оятады, сезімін селт еткізеді. Ал бұл іс-әрекеттердің барлығы көркем туындыны 
түсіну, оны қабылдауда ерекше рөл атқарады.
          7-сыныптағы С. Торайғыровтың «Шәкірт ойы» өлеңі көтеріңкі дауыспен оқылады. Мәтіндегі тыныс белгілеріне  
байланысты   дауыстың   үлкенді-кішілі   үзілісі   мен  жоғары-төмен   екпіндік   өзгерістерін,   яғни   интонациялық   нақышты  
сақтап, бір сөзбен айтқанда, оқушылар леп белгісі мен сұрау белгісіне, үтір, нүкте, қаратпа, қыстырма, шылау сөздерге  
мән беріп, кідіріс жасап оқуға тиіс. Өлеңнің алғашқы екі жолынан басталған көтеріңкі екпін соңғы «күн болам» деген  
тіркесте үдей түседі де, сол қарқын «жылытуға  мен кірермін» деген жолға дейін сақталады. Жалпы, өлең тұтастай  
көтеріңкі екпінмен оқылады. 
               Білім беру үдерісінде қажетті білім, білік, дағдыларымен қаруланған, оқырмандық талғамы терең, жан-жақты 
дамыған дара тұлға қалыптастыру – таңдалған тақырыптың күтілетін нәтижесі.
Н.Назарбаевтың: «Қазақ тілін, әдебиетін дамыту дегеніміз - гуманитарлық тұрғыда қуатты қаруды шыңдау, қоршаған 
ортаны   парықтап,   бағалаудың   бір   құралын   жетілдіру»   деген   сөзі   тіл   мамандарына   бағыт   –   бағдар   іспеттес.   Ортақ 
мүддеміз де - осы.
         «Мұқағали оқуларының» аудандық сайысында «Жауқазын жыр жанымды жүр мазалап» ақын өлеңдерін жатқа оқу  
бөлімінде жаттау және мәнерлеп оқу шеберлігі үшін Сүлейменова Гүлнәз 2009-2010 оқу жылында 3-орын, 2010-2011 
оқу   жылында   2-орын   иегері   атанды.   2011-2012   оқу   жылында   10-сынып   оқушысы   Сүлейменова   Гүлнәз   Қазақтың 
көрнекті   ақыны   Ж.   Нәжімеденов   шығармаларын   насихаттауға   арналған   «Менің   топырағым»   атты   II   аудандық 
байқауында   1-орын,   облыстық   байқауда   ақын   шығармаларын   жадыға   оқып,   сахналау   шеберлігімен   танылған 
жетістіктері үшін 2-орын иеленді.  
2012-2013 оқу жылында Оралхан Бөкей атындағы аудандық «Көркемсөз оқу шеберлері» байқауына қатысқаны үшін 
Оразғұлова Сәнімгүл Алғыс хатпен марапатталды.              2014-2015 оқу жылында І аудандық жыршылар байқауының  
«Қайратты туған ер еді»  бөлімінде жырды мақаммен жатқа орындағаны үшін 10-сынып оқушысы Төлеуғалиев Ақылбек  
3-орын; Ұлы Жеңістің 70 жылдығына  орай «Жеңіс  оңайлықпен келген жоқ» атты аудандық  фестивальда көркемсөз  
оқудан шеберлік танытқан 10-сынып оқушысы Қайрат Ләззат 3-орынды иеленді.     
        Жас дарын Тұрдыбаев Медет 2013 жылы Мұқағали оқуының аудандық сайысында «Әр сөздің тасасында асылым  
бар» жас дарындар бөлімінде өз шығармаларын орындап, шығармашылық қабілетімен танылғаны үшін 3-орын; 2015  
жылы «Мағжан оқулары» аудандық байқауында «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» бөлімінде үздік төл шығармасын  
ұсынғаны үшін 2-орын иеленіп, дипломмен марапатталды.
                     2015 жылы І Республикалық «Ақбөкен – қазақ даласының символы» байқауына «Киігім–киелім» атты төл  
шығармасын   ұсынып,   белсенділікпен   қатысқаны   үшін   7-сынып   оқушысы   Тұрдыбаев   Медет   Алғыс   хатпен 
марапатталды.
            2015 жылы аудандық «Менің елім–менің тарихым» атты шығармасын көркем тілмен жеткізе білген 10-сынып 
оқушысы Багитова Айсұлу Бас жүлде алып, дипломмен марапатталды.
            2015 жылы 10-сынып оқушысы Багитова Айсұлу «Жарқын болашақ» аудандық олимпиадасында «Жазушылар»  
бөлімінде шығармашылық ізденісімен ерекшеленгені үшін 3-орын иеленді.
           Баяндамамды аяқтай келе, жеңіс атаулының бәрі өзіңді жеңуден басталады дегендей, кездескен қиындықтарды  
жеңіп,   кәсіби   деңгейімізді   дамытып,   Елбасы   Н.   Назарбаевтың:   «Біздің   міндетіміз   –   бәсекелестікке   лайық   ұрпақ 
тәрбиелеу», – деген пікіріне қосыла отырып, саналы, білімді ұрпақты тәрбиелеуде ұстаздық рух, дана да, батыр да бас 
иетін ұлылық тілеймін.   
---------------------------------------------------------------------------------------------------------
ОҚО, Мақтарал ауданы 
«Қаламқас әже» бөбекжай 
балабақшасының ІІ кіші топ  тәрбиешісі 
Бекенова Зульфия
Білім аумағы: “Қатынас”
Білім бөлімі: “Көркем әдебиет”
Тақырыбы: “Ғарышкерлер”
Mақсаты:   Балаларға ғарыш әлемі жайлы түсінік беру,Еліміздің ғарышкерлері Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мүсабаев 
жайлы әңгімелеу.Сурет бойынша әңгімелей отырып тілдік қорын жетілдіру.Ойлау, есте сақтау   қабілеттерін 
дамыту.Балаларды ептілікке,шыдамдылыққа,шығармашылыққа баулу.
Көрнекілігі:  Ғарышкерлердің суреттері,Байқоңырдың суретті.
Сөздік-жұмыс:  Космодром,скафандр.
Әдіс-тәсілдері:  көрсету ,түсіндіру,сұрақ -жауап,жұмбақ,жаңылтпаш,ойын, мадақтау.
 
Ұйымдастырылған оқу іс- ірекеттің барысы:
31

Тілек шеңбері:
 Армысың,асыл күн!
 Армысың,асыл жыр!
 Армысың, көк аспан!
 Армысың,жан досым!
 Жылуыма жылу қос,
 Міне,менің қолым.
 Шеңбер жасаған балалар бір-біріне ертеңгілік жылы лебіздерін білдіреді
 -Қазір жылдың қай мезгілі?
 -Көктем мезгілінде қандай табиғи құбылыстарды байқадыңдар?
 -Көктем мезгілінде неше ай бар?
 -Сәуір айында қандай мейрам бар?
 -Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын.
 Күміс қанат сұңқары,
 Көкке еркін сүңгиді.
 Бұлттан да тым әрі
 Кеткен жанды кім дейді
 Шешуін табыңыздар.
 -Айға ұшып,айға сапар шеккен  адамдарды ғарышкерлер дейміз
 -Балалар,кәне сендер ғарышкерлерді білесіңдер ме?
 Ең алғаш ғарышқа көтерілген Ресей азаматы Ю.А.Гагарин болды
 Ең бірінші айға адамдар ұшпас бұрын тірі дененің баруы үшін итті ғарышқа ұшырған.Жерге қонғаннан кейін оның 
денесіне ,қанына тексеру жүргізіп,ғарышқа адамның да баруға болатынын білген. Ал Қазақстаннан алғаш ғарышқа 
ұшқан ғарышкер 1991ж Тоқтар Әубәкіров ұшты.
Екінші болып ғарышқа қазақ ғарышкері Талғат Мұсабаев.
Біздің Қазақстанда ғарыш айлағы Байқоңыр деген жерде орналасқан.
Ғарышқа ұшар алдында олар әр түрлі дайындықтан өтіп, арнайы білім алды. Ғарышта адам дем алатын ауа жоқ, көлеңке 
жақта қатты суық, күн түсіп тұрған жағы өте ыстық болады.
 Жаңылтпаш:
 Ғарышкер ұшты ғарышқа,
 Ғарышқа ұшты ғарышкер
 Айтшы,ғарыш,алыс па?
 Ойын: «Ұшты-ұшты»
 «Ұшты-ұшты» зымыран ұшты.
 «Ұшты-ұшты» қалам ұшты.
 «Ұшты-ұшты» торғай ұшты.
 «Ұшты-ұшты» кітап ұшты.
 Сұрақ-жауап
 -Ең бірінші Қазақстаннан ғарышқа ұшқан кім?
 -Ғарышкердің киімі қалай деп аталады?
 -Қазақстанда ғарыш айлағы қай жерде орналасқан?
 Жарайсыңдар бүгін сендер жақсы жауап бердіңдер!
 Сабаққа өте белсенділік танытқан балаларды жұлдызшамен,жақсы қатысқан балаларды төртбұрыш таңбаларымен 
мадақталды.
 -Көктем
 -Күн жылынады,айнала тегіс көгеріп.Талдар бүршік жарады
 -Наурыз,сәуір,мамыр.
 -12сәуір ғарышкерлер күні.
Балалар зейін қойып тыңдап,жұмбақтың шешуін дұрыс табуға тырысты
 Балалардың жауабы
 Ғарышкерлер
 Балалар тыңдайды,
Қолдарын жанға көтереді.
Қолдарын жанға көтеріп қалқиды.Қайта орындарына отырады.
Балалдардың жауабы
 -Ғарышкер
 -Теледидардан, суреттен көрдік.
 Балалар қайталайды.
Балалар қолдарын көтереді.Балалар ойын шартын түсініп,ойынға қызығушылық танытып,белсенді қатысады.
 -Тоқтар Әубәкіров
 -Скафандр
 -Байқонырда
Күтілетін нәтиже:
   Білуі керек:Ғарыш әлемі,Қазақтың ғарышкерлерімен танысып,атай білуі.
   Игеру керек: Ғарыш әлеміне байланысты жаңа сөздерді меңгерді
32

ОҚО,Мақтарал ауданы, 
«Қаламқас әже» бөбекжай 
балабақшасының І кіші топ тәрбиешісі
 Бердешева Елмира
Тақырыбы: « Күннің шуағы»
Білім саласы: «Әлеумет»
Білім бөлімі: «Экология»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің мақсаты:Табиғат жайлы білімдерін арттыру.
Балалардың күн туралы ұғымдарын байыту.күннің адамға  тигізер пайдасы туралы тусіндіру.Эстетикалық сезімдерін 
арттыру,мейірімділігін ояту.
«Күн сөнбесін» сөзінің мағынасын түсіндіру.Астана қаласының көргілікті  жерлері туралы суреттермен таныстыру.
Көрнекілігі: Астана қаласы туралы слайдтар.Күннің ,күнбағыстың, бақ-бақ гүлдің суреті,күннің қиылған 
қиындысы,жапырақтар,мата,суқұйғыштар , бояулар.
Әдіс тәсілі: Слайд көрсету,ән айту,жұмбақ шешу,құрастыру,сұрақ-жауап,сергітусәті ,ойын.
      Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің барысы:
   Балалар топқа кіреді ,жарты шеңбер болып тұрады.
Қонақтармен амандасады.
    Шаттық шеңбері:
Күннің көзі ашылып 
Көкке шуақ шашылып
Құтты қонақ келіпті
Төрімізге еніпті.
Амандасу үлкенмен
Тәрбиенің басығой.
Ал,кәнекей бәріміз
«Сәлем» дейік үлкенге:
Сәлеметсіздер ме , апайлар!
Балалармен «Әрқашан күн сөнбесін» әнін орындау.
- Жарайсыңдар, балалар!Балалар біздің әніміздің ішінде «Әрқашан күн сөнбесін» деген сөзді қалай түсінесіңдер?
 -Күн дегеніміз не?
 -Ол қандай болады?
-Жарық жылу береді.
-Қазір біз сендермен еліміздің әдемі,көрікті жерлерімен тпнысамыз.Сол суреттен күннің пішініне ұқсаған суретті байқап 
отырыңдар.(Бәйтерек , Ақорданың күмбезі)
-Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын:
1.  Таңмен көзін ашады,
      Әлемге нұрын шашады.(Күн)
2.  Үлкен алтын табақтан
     Әлемге нұр таратқан. (Күн)
     -Шешуі «күн» екен.
Көрдіңдер ме күн дөңгелекке ұқсайды.  (Күннің суретін көрсетеді)
   -  Күн жарқырап шыққан кезде адамдарға шуағын, нұрын  шашады.  Барлық құстар,адамдар,жан-жануарлар барлығы 
тұрып қуанады,қазір мен сендерге  күн туралы тақпақ айтып беремін.
          Алтын күннің шуағы,
          Бақыт үшін туады.
          Қайырлы таң балалар!
          Жарық күннің шуағы.
1-бала:       Күлімде күн,  күлімде,
                  Жер жасарып көгерсін
                   Кешегідей бүгін  де 
                   Қанат қақсын көгершін.
2-бала:      Жарқырайды  күннің көзі
                  Нұрын шашып далаға.
                  Күн сәулесін төгеді,
                  Бақыт сыйлап балаға!
Сегіту сәті:   
2.
Балалар ,енді біз барлығымыз орнымызға отырып , күннің суретін түрлі-түсті  қағаздардан, табиғи заттардан 
құрастырамыз,матамен,саусақ арқылы бояумен саламыз
Қимылды ойын.    «Күн, су, ауа»
Шарты:   «Күн» дегенде балалар ойнайды, өсімдік,гүл болып өседі, өйткені гүл күнмен өседі.«Су» дегенде  балалар 
балық сияқты суда жүзеді .                 «Ауа» дегенде  құстар сияқты ұшады.
Қорытындылау.  Балалардың саусақпен трафарет  арқылы салған суретін көріп,дұрыс –бұрыстығын талқылап  мақтап 
мадақтау керек. Бірінші үстел жапырақпен, екінші үстел  түрлі-түсті қағазбен, үшінші үстел матамен  күннің суретін 
құрастырады.Төртінші үстел трафарет  арқылы күннің суретін салады.
33

Бисенова Кумисай Турганбаевна
ДО 26 Уміт тәрбиешісі
Ақтөбе қаласы 
«Развитие игровых умений у детей младшей и средней группы»
                                                  Дорога. Светофор .Пешеход.
В самом раннем возрасте происходит знакомства ребенка  с автомобилем. В числе его любимых игрушек появляются 
автомобильчики всевозможных систем, от гоночного  до «пожарного»,
маленькие светофоры и др. Надувных  мячах , конфетных коробках, носовых платках ,  раскрасках, в тетрадей, в 
альбомах для рисования, в футболках, пижаме и т д  повсюду можно увидит красочные напоминания маленькому 
пешеходу о том, что он живет в автомобильном веке.
Все это кажется очень милым и трогательным , но только до определенной. Настанет время идти малышу в первый 
класс. Провожая ребенка в школу , какая мать не напоминает ему: «Смотри,
будь осторожен на дороге!»
 Количество транспорта  на городских улицах и загородных магистралях с каждым годом  растет. Порой взрослому 
нелегко ориентироваться в сложной обстановке движения. А ребенку тем более. 
Дети – самые беспечные участника движения. Они могут броситься под колеса автомобиля за выкатившимся мячом, 
едва научившись держаться на велосипеде, выехать  на нем самую гущу  транспортного потока. Они пренебрегают 
правилами движения прежде всего потому , что не знают их как следует, и потому, что не знают их как следует, и 
потому , что представляют грозящей      опасности. Как заставить малыша быть внимательным и осторожным на улице? 
Как научить его всегда и во всякое время соблюдать правила дорожного движения, как воспитать навыки безопасного 
поведения на проезжей части?
Маленькому пешеходу надо знать многое. Ему должны  быть   известны «повадки» автомобилей, он должен уметь 
читать дорожную книгу знаков и указателей,   правильно понимать сигналы светофоров, жесты регулировщиков, 
определять примерно  скорость машины. Дети легко   запоминают  правила дорожного движения. Каждый может без 
запинки ответить вам, на какой сигнал светофора  надо переходить улицу, куда надо посмотреть при переходе: сначала 
налево, потом направо. Но мы взрослые не должны успакойвать  себя тем что , ребенок «уже все знает». От понимания 
ребенком, как и что надо сделать , до правильного выполнения этого действия еще далеко. Пока ребенок будет 
вспоминать значение дорожного знака , линии разметки или сигнала
светофора ,  он не может в то же время сосредоточить , свое внимание на анализе дорожной обстановки , не сможет 
сообразить , как именно он  должен  действовать.
 Повседневная жизнь обычного гражданина  таит множество опасностей. Обеспечение безопасности себя и своих детей 
становится все актуальнее. Решение этих вопросов только одно – с раннего дошкольного возраста научить детей 
поступать в соответствии с нормами безопасности.
Ведь научившись бережно относится к своей жизни , они будут воспринимать чужую как  безусловную ценность. С 
развитием техники в нашей стране, как и во все  мире, увеличивается количество  дорожно  – транспортных 
проишествий : по страничке , каждой десятой  жертвой   в них становится ребенок. Чаще это связано  с невыполнением 
Правил дорожного движения : ведь ребенку  трудно понять , что такое тормозной путь , время реакции водителя или 
транспортный поток. Дети часто страдают от не понимания той опасности, которую представляет собой автомобиль. 
Именно в дошкольном возрасте закладывается фундамент жизненных  ориентировок в окружающем, и все  , что ребенок 
усвоит в детском саду , прочно останется у него навсегда. Поэтому учить детей дорожной грамоте , культуре поведения 
в общественном транспорте следует с самого раннего возраста. Привить навыки безопасного поведения  на дороге, 
только рассуждая о безопасности ,  нельзя.
У дошкольников есть детские игрушки ,   театр , книжки , детские косметики , телефоны , планшеты и компьютер 
наконец , но у них нет и быть не может  детского дорожного движения.
В Государственный Общеобязательный  Стандарт Образования   Республики Казахстан (ГОСО) дошкольное воспитание 
и обучение по проведению соответствует современным требованиям по правилам дорожного движения. В нашем в 
дошкольном организаций  г. Актобе №26 «Умит» ежегодно проводиться акции по правилам дорожного движения. 
Приглашаем инспекторов  ГИБДД.
Дети не раз слушали от инспекторов что , надо делать на дороге, как  себя вести ,где и каких местах нужно переходит 
через дорогу, улицу. Также было проведено «день открытых дверей » для родителей и для сотрудников дошкольной 
организаций. 
Разговаривать с детьми о безопасности следует серьезно, как со взрослым , без уменьшительных слов. Безопасность – не 
просто сумма усвоенных знаний , но и умение правильно себя вести  в различных ситуациях, поэтому основной задачей 
взрослых является  также стимулирование развития у них самостоятельности и ответственности.
Главная цель – каждого педагога воспитателя или учителя – обучить детей необходимому минимуму Правил дорожного 
движения и дорожных знаков – три цвета светофора  пешеходный переход – надземный , наземный, подземный, - 
пешеходная дорожка , езда на велосипеде. В процессе обучения следует подходит к детям дифференцировано , учитывая 
их индивидуальные возможности , можно использовать различные  формы обучения , также как беседы , практические 
занятия , развлечения , всевозможный наглядный материал , экскурсии , слайды .видео записи  и другие интересные  для 
детей формы и методы работы. Естественно , при обучении  дошкольников Правилам дорожного движения  должна 
существовать  определенная система. Например , следующая : - младшая группа : дети учатся различать грузовые и 
легковые автомобили , называть число машин. С помощью игр  с несложными правилами и сюжетом формируется 
умение определять красный , желтый ,зеленый  цвета, ориентироваться в пространстве , используя понятия « далеко» , « 
близко » , «вверху » ;
- средний  возраст : дети знакомятся с улицей , дорогой , тротуаром. В игровых ситуациях  учатся правильно входит в 
транспорт и выходит из него. Особое  в этом возрасте  уделяется  индивидуальной  работе с детьми : рассматривают 
картинок , обыгрывают различных ситуаций ;  
- старший возраст : дети знакомятся  со светофором , его значением , с такими понятиями , как  «пешеход » , « проезжая 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет