КҮЗ КӨРІНІСІ
ШҚО Үржар ауданы Мақаншы ауылы
«Мақаншы орта мектеп –бақша» КММ
4 «А» сынып оқушысы Досымбеков Әлішер
Жайдары жасыл желек жамылған жаз мезгілін шығарып салып, қабағы қатулы, аспанды сұр бұлтымен торлап алған күзді
қарсы алғанымызға бір талай уақыт болыпты. Қыркүйек айында айналамыз сән салтанатын тауып, ханның алтын
жалатылған сарайы сияқты еді міне, бүгін түнерген кейпімен бірде суық жел ұйытқып , бірде жаңбырын төгіп тұр. Әрине,
табиғаттың ұнамсыз ауа райы жоқ, бірақ адамдардың тіпті тіршілік атаулының малдардың мазасын қашырғандай бұл,күз.
Бау бақша тегіс жиналып,қамба астыққа толды. Бүгінде сол ауа райы аспанды бұлт торлап, қазанның қара суық ызғырығы
өне бойымызды діріл қақтырды. Сабақтан келісімен ойынға кірісетін балаларда далаға шықпайды. Ауа райы жауын
шашынды күндерде адамдардың жазғы еңбегі саябырлағандай. Бақта сайрайтын құс та, жаздың шіліңгір ыстығында
шырылдайтын шегіртке де, дамылдамай бақылдайтын бақаның да үні жоқ.Айнала тек тыныштық тауып, тіршілік иелері
ұйқыға, құстар жылы мекеніне кеткен.Аяқпен таптап өткенде, жерге түскен жапырақтың сусылының дыбысын су басып,
балшықпен араласып сұрықсыз күйге енді. Далаға шығып табиғатқа көз салсаң,түйілген қабағымен қарай күз соңымнан
«қылышын сүйретіп қыс келе жатыр»,- деп ескертіп тұрғандай. Осы сәтте Абай атамның :
Қараша, желтоқсанмен сол бір екі ай,
Қыстың басы бірі ерте, біреуі жай.
Ерте барсам жерімді жеп қоям деп,
Ықтырмамен күзеуде отырар бай,-
деген өлең жолдары есіме түседі. Көшпелі қазақ халқы үшін ауа райының қолайсыз болуын ауа райымен
байланыстырады. Ата-апаларымыз ауа райын табиғаттағы өзгеріс немесе құс, мал атаулының ірекеті тіршілігі арқылы біліп
отырған. «Күзді бір күні қыстың бір айын асырайды», «Күзде аянбай еңбек етсең, қыста қысылмайсың» дейді халық
нақылы. Күздің бір күнінде тыным таппаған аға- апаларымыз, енді қысты қиналмай өткереді. Мен де апа атама риза болып
қараймын.
* * * * *
ТҰҒЫРЫ БИІК - ТӘУЕЛСІЗ ЕЛІМ МЕНІҢ !
ШҚО, Үржар ауданы, Мақаншы ауылы
«Мақаншы орта мектеп- бақша» КММ
8«А» сынып оқушысы Базиканова Мөлдір
«Тура келіп тарихи бір орайға,
Тәуелсіздік түсті деме оңайға
Жолында оның шұбырынды ақтабан,
Болған қазақ еліміз соны да ойла»
Иә, сол күн,сол жыл барша қазақтың есінде тарихи күн болып сақталды.1991 жылы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаевтың жарлығымен 16 жылтоқсан Тәулесіздік күні болып жарияланды. Қыстың қақаған аязды күні тәуелсіздік күні
етіп таңдалды. Мұның себебін елдегі еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейн біледі. Халықтың сондағы тілегі көп
ұзамай қабыл болып, тәуелсіздік туы ел көгінде желбіреді.
Қазақ елінің егемендігін, халқының азат өмі кешуін көру ата-бабамыздың армандап кеткен тілегі. Олар бұл күнге жетпеді,
алайда оның қадірін бүкіл болмысымен білді, болашақ ұрпағына соны тіледі.Осы ұлы мақсат жолында қасық қаны
қалғанша күресіп, тіпті жандарын құрбандыққа қиды.Қазіргі таңда ғаламдағы барлық еңселі мемлекеттермен терезесі тең,
иманға ұйыған егеменді елміз.
Міне! Биыл тәуелсіздігімізді тағыда тойлаудамыз. Тәуелсіздігіміздің 24 жылдық мерейтойын тойлап, жетістіктерін алып
тауға теңеп, бір марқайдық. Мұнымен тоқтап қалмай , барды ұқсатып, биіктерге ұл-қызымызды жетелеп, бірге өрлеп
келеміз. Бүкіл Қазақстандықтар бірлесіп Тәуелсіздігіміздің іргетасын қалап, оның тұғырының мызғымастай берік болуына
ұмтылуда. Осындай жарасымын тапқан татулық пен сыйластықтан, бірлігімізбен тұтастығымыздан Аллатағала айырмайғай
деп тілейміз. Бір шаңырақтың астына бірігу идеямыздан іргеміз бұрынғыдан да кеңейіп, атақ-абыройымыз арта берсін.
Қариялар батасымен көгеріп, ынтымақ-ырысымыз ғасырларға жалғаса берсін.
Осы 24 жылда Қазақстан әлемге танылып, көркейуде. 24 жылда халқымыздың саны 17 млн-нан астам адамға жетті.
Әрқайсымыздың болашағымызға жол ашылды. Ата-бабамыз аңсап күткен тәулсіз елімізді ешқашан жоғалтпаймыз. Біз оның
45
қандай қиын жолмен, маңдай -термен келгенін білеміз. Тәуелсіздік жолында аға-апайларымз ерлік танытты. Сол кісілердің
есімдері мәңгі жадымызда сақталады: Ләззат Асанова, Қайрат Рұсқылов, Сабира Мұхамеджанқызы, т.б. ержүрек
ағаларымызбен-апайларымыз өмірден өтті.Жылда осы мерейтойымызды тойлай берейік. Тәуелсіздігімізді Аллатағала
баянды еткей! Елімнің кешегі арманның ақ төріне жеткен,бүгін салтанаты келбеті халқыммен бірге шаттанып мына өлең
жолдарын Отанымның тәуелсіздігіне арнаймын:
Тәуелсіз елім!
Тәуелсіздік болсын сенің тұмарың,
Тәуелсіз елім менің ұраным.
Өзіңде көктеймін балғын шақта,
Қуаныштан туған әнім шаттана!
Тәуелсіз менің елім - Қазақстан!
24 жыл мерейтойың тойланды,
Самға талай, биіктерге, шыңдарға,
Талмасын тек самғап ұшар қанатың.
Ашық аспан төрінде,
Нұрың төккен күніңде,
Халқыңның қолдауын,
Ала берші бүгінде.
Атың мәлім әлемге,
Тұғырың биік төріңде,
Елбасымыз басқарған,
"Тәуелсіздік күні" бүгін елімде!
* * * * *
«ЕРЛІК – ЕЛГЕ МҰРА, ҰРПАҚҚА ҰРАН»
Ақтөбе қаласы №30 орта мектебінің 4 «Ә» класс оқушысы
Жолымбетова Нұргүл Нұрланқызы.
Мұғалімі: Тастаева Акбаян Мейримханқызы
Ақтөбе қалалық №30 орта мектебі
Жоба авторы: Жолымбетова Н.Н. 4 «ә» кл.оқушысы
Жетекшісі: Тастаева А.М
Ғылыми жетекшісі: Сүлейменова Э.Б.
Тақырыбы: «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран»
Жоба бағыты: тарих
1.1. Ауыр жеңістің тарихы
Ешкім де ұмытылмайды, ешнәрсе де ұмытылмақ емес.
Біз жеңдік, жеңілді жау,
Желбіре жеңіс туы!
Өлмейді, өшпейді ерлік-
Жасасын, Жеңіс күні!
Адамзат тарихындағы ең сұмдық соғыстың болып өткеніне бүгінде міне, 70 жыл толды. Бірақ Ұлы Жеңістің
ұмытылмайтыны сияқты, соғыс та ұмытылмастай ізін қалдырды. Жеңіс күні – бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке.
Бұл мереке – бейбітшілік пен қайырымдылықтың мәңгі жасампаздығын, Отанын қорғаған жауынгер-солдаттар мен
офицерлердің айбыны, тылдағы Жеңісті жақындатқан жұмысшылардың ерлік еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтін
белгі болып қалмақ.
Біздің аталарымыз бен әкелеріміздің, апаларымыздың батырлықтары мен жанқиярлықтары, олардың өз Отанына деген
шексіз сүйіспеншіліктері Қазақстанның бүгінгі жауынгерлері үшін мақтан тұтарлық үлгі ғана емес, бұл – бірнеше ұрпақты
байланыстыратын қоғамның рухани дамуы мен ұлттық қайта өрлеуінің жоғары адамгершілік негізі. Жеңіс күні –
абыройымыз бен даңқымыздың мерекесі. Табандылық пен ерлік, Отанға деген сүйіспеншілік қатал соғыста Жеңіске
жеткізді.
2.1. Кеңес Одағының Батырлары.
Төмендегідей батырларымыздың әрбіріне қысқаша деректер ұсынамын және сол деректердің әрбірінің соңында
ерекшеленіп көрсетілген күннің жады ағаларымызға Кеңес Одағының Батыры атағы қай күні берілгендігін білдіретін КСРО
Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығы шыққан күн.
2.2. Әлия Молдағұлова туралы
Өзіміздің жерлес апамыз Әлия Молдағұлованың әлемі туралы айтып өткім келіп отыр.
Биыл, Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың туғанына 90 жыл. Ер етігімен су
кешкен қанқұйлы соғыс жылдарында өлімнен күн сайын тайсалмай бетпе-бет келген
қаршадай қазақ қызы небәрі 19 жасында ерлікпен қаза тапты. Осы аз ғана ғұмырында
Әлия ерлікке, қаһармандыққа, өрлікке, намыс пен рухшылдыққа өшпейтін, өлмейтін
ескерткіш орнатып кетті.
2.3. Ардагердің ерлігі.
Жеңістің 70 жылдығы мерекесінің қарсаңында мен, өзімнің жерлесім Ақтөбе облысы,
Қарабұтақ ауданының бұрынғы, қазіргі Ақтөбе қаласының тұрғыны барлаушы 93 жастағы
Абенов Смағұл атамен кездестім. Мені көргенде Смағұл атаның көзінде қуаныш пайда
болды. Маған қарап әңгімесін айтқысы келіп ыңғайланғанына қарап риза болдым.
46
Смағұл ата сұрапыл соғыс жылдарында Ленинград фронтында штаб дивизия майоры
Зубенконың қарамағында 51-ші артелирия бригадасында барлаушы болғанын айтты. Ефрейтор
Смағұл ата: «Балтика-ол ұйық, окоп қазып. ұйықтай да, тығыла алмайсың» - деп жазыпты газет
бетіндегі «Не отступать и не сдаваться» мақаласында. Тағы бір «Молитва в окопе»
мақаласында "Өмір жолы қиын да, тар, әлсіз, бірақ ел қорғауға бекінген азаматтардың ерік
күші, жігері соншалықты күшті болғасын ғана, суыққа да, ыстыққа да мойымай жеңіске
қолымыз жетті» - деген.
Ардагер Смағұл атаның әрең сөйлеуге тілі келген қарт адам екенін, соңғы жылдары
денсаулығы күрт төмендеп кеткенін де байқадым. Қартайғанда адам бала сияқты болады
дегенді анамнан еститінмін. Сондай-ақ анамның тағы бір сөздерін атап өтейін: «Жеңістің не
екенін біз білеміз, шет жағасын көрмесек те ардагер ата-апаларымыздың ерлігін тыңдап, ойға
түйіп өстік. Сендердің замандарыңда ардагерлер де азайып кетті ғой, бұл дегенің, ерліктің не екенін, оған ата-
бабаларымыздың қалай қол жеткізгенін келер ұрпақ білмей қалады – ау, деген күдік тудыратыны сөзсіз...».
Дегенмен, мен сияқты ізденіп, әлі де көздері бар, бізге бейбіт өмір сыйлаған, жеңіс үшін жанынын да аямай қан
майданда күрескен ата-бабаларымыздың өмірін біліп, ерлігімен таныссақ артық болмас еді.
Смағұл атаның «Фронтовик 1941-1945», «Ұлы Отан соғысы ІІ сатыдағы ордені», «Жуков медалі», «Салтанатты
(юбилейный) медальдары», «60 РОКІВ ВИЗВОЛЕНИЯ УКРАІНИ ВІД ФАШИСТСЬКИХ ЗАГАРБНИКІВ», «Еңбек
ардагері» медалдері бар екенін көрдім. Ардагер ата ордендері мен медалдерінің куәліктерін де көрсетті.
Смағұл атаның жеті баласы, немерелері мен шөберелері бар. Ұлы Отан соғысының ардагері Абенов Смағұл атаның ерен
еңбегі бағаланып, жан-жағы толған балалары мен немерелері, шөберелерінің ортасында отырғаны да бақыты шығар.
Дегенмен көрген қиыншылықтарының барлығын ұмыту мүмкін бе?
Әрине, ол мүмкін емес...
ІІІ. Қорытынды
Жақында Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Б.Сапарбаевтың төрағалығымен 1941-1945 жылдардағы
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдық мерекесін әзірлеу және оны өткізу жөніндегі ұйымдастыру
комитетінің отырысы өтті. Сонда ҰОС ардагерлерін және оларға теңестірілген тұлғаларды мерейтойлық медальдармен
марапаттау, оларға әлеуметтік, материалдық және медициналық көмек көрсету, сондай-ақ Қазақстандағы ардагерлер
делегацияларының ТМД елдерінде өтетін мерекелік іс-шараларға қатысу мәселелері талқыланды.
Б.Сапарбаев Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдық мерекесін әзірлеу және оны өткізу жөніндегі Іс-шаралар
жоспарының дер кезінде әрі сапалы орындалуына қатысты мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырмалар берген еді. Міне,
осыған байланысты Елбасы да Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында ардагерлер үшін үлкен құрметтің болатынын
жеткізді.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 1941 - 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнінің 70 жылдығы
құрметіне арналған бірыңғай мерекелік медаль туралы Жарлыққа қол қойды.
1418 күнге созылған сұрапыл соғыста қазақстандықтардың, оның ішінде қазақ халқының айрықша отаншылдық қасиеті
танылды. Қан-қақсап қырғынға 122 423 ақтөбелік қатысып, соның 36 192-сі елге оралмаған. 35 Кеңес Одағының Батыры, 9
«Даңқ» орденінің толық иегері шыққан біздің өңірдің батырлар мекені аталуының мәні мен реті бар. «Батырдың өмірі
қысқа, даңқы ұзақ» дегендей, олардың ерлік істері бүгінгі және келешек ұрпаққа патриоттықтың, ерліктің ерен үлгісі болып
қала береді. Сондықтан олардың ерлік ісі мәңгі өлмейді, әрқашан мақтанышпен еске алынады.
Салқыны сан жылдарға созылған сол бір сұрапыл соғыстың жаңғырығы – мәңгі жадымызда. Ел шетіне жау тиген шақта
қолына қаруын алып, қан майданға аяқ басқан жауынгерлер қашан да құрметті. От кешіп, оққа кеудесін тосқан сол
сарбаздардың ерліктері – бүгінгі бейбіт күннің кепіліндей.
Тарихымызда қалған бұл сұрапыл қырғын соғыстың кеселінен өткен батыр да, батыл ата - апаларымыз аман болсын!
Келешек еліміздің дархан даласы кең, аспаны ашық болсын!
Қорытындылай келе «Жұдырықтай жұмылған, білектей біріккен кеңпейіл, дана, бауырмал Қазақ деген еліміз жасасын!» -
дегім келеді.
* * * * *
МЕН АУЫЛЫМДЫ НЕЛІКТЕН ЖАҚСЫ КӨРЕМІН?
Ақтөбе қаласыҮш тілде оқытатын №21 мектеп-гимназиясының
3 «Г» класс оқушысы Сайымов Нұрислам
Мен жазғы демалысты асыға күтемін. Себебі, ол кезде ауылға құстай ұшамын. Ауылда
нағашым сыйға берген құлыншағым бар. Оны көруге қатты асығамын. Менің келуімді асыға
күтетін достарым көп. Олармен бірге доп, асық ойнаймын. Құлыншағым қолға үйретілген.
Алдымнан жүгіріп шығады. Мені көрсе басын изеп амандасқандай болады. Маған
құлыншақтың кісінегені, жалын сипағанда қарағаны қатты ұнайды. Кешкісін қой мен
бұзауларды айдап келуге көмектесемін. Ауыл балаларымен өзенге шомылып, күнге
қыздырынып, балық аулаймыз. Барғанша құлын жарыстырып, қайтарда ән айтып қайтамыз.
Ауыл өмірі қала өмірінен мүлде өзгеше. Тіптен, ойын қызығымен кештің қалай батқанын
байқамай қаламыз.
Шіркін, ауыл өмірі қандай керемет! – десеңізші.
ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ
Менің туған жерім - Ақтөбе қаласы. Ақтөбе қаласы нағыз батырларды дүниеге әкелді. Солардың бірі – халық қаһарманы,
Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлова. Қаламызда Әлия апамызға арналған мұражай бар. Біз сынып жетекшіміз
Алтын Қайратқызымен мұражайға бардық. Мұражай қызметкері Әлия апамыздың өмір жолын, ерлігін өте тартымды, әрі
47
мағыналы етіп баяндады. Кинодан үзінді көрсетілді. Әлия апамыздың пайдаланған заттарын, потифонын, соғыста киген
шинелін, қару - жарақтарын ұстап ерекше әсер алдым. Мұражай қызметкерінің көмекшісі Айман Спанқызы Әлия
апамызбен бірге болған майдандастарының еселіктерін оқып берді. Әлияның сол жылдардағы әрекетін бір құрбысы былай
деп әсерлене жазған: «Ол окоп қазуға да белсене қатысады, ағаштан тұрғызылған үйлерді отынға бұзудың ортасында
жүреді, Невадан су таситын, әлсіздерге көмектеседі, кішкентайларға жартымсыз тамағын бөліп береді...», - деген екен. Тағы
бір майдандастарының бірі, - «ол өзін Ерлікке дайындап еді, дегені болды», - деп жазған. Мұражай қызметкері Әлия
апамыздың жасаған ерліктері туралы ерекше атап өтті. Отан үшін,ел үшін,жер үшін болашақ ұрпақтың бақыты үшін жас
кеудесін оққа төсеп,жаумен арпалысқан Әлия апамыздың ерлігінің өтеуін қалай өтейміз?!.... деп бізге үлкен ой тастады.
Сөйтіп, Әлия апамыз 1944 жылы Казачиха селосының түбінде болған ұрыста, командирі жараланған сәтте кеудесін оққа
тосып «Алға, бауырлар, Отан үщін алға!»,- деп ерлікпен қаза тапқан. Мен осындай батырлардың ұрпағымын. Әлия
апамыздың жаужүректігіне, ерлігіне, қаһармандығына деген құрметіміз, қазақпен бірге жасай беретініне сенімім мол.
Енді қаламыздағы Әлия Молдағұлова ескерткішіне барғанда жәй серуендеп емес, ойланып, тағзым етуді түсіндім.
Ұстазымыз Алтын Қайратқызы ұлықты болмаса, осыны білер ме едік?!
* * * * *
МАЛ ӨСІРСЕҢ ҚОЙ ӨСІР...
Атырау облысы Қызылқоға ауданы Ш.Т. Еркінов орта мектебі
Марат Назымгүл Маратқызы 7 сынып оқушысы
Бағыты: Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары
Секциясы: Зоология және омыртқалы жануарлар экологиясы
Ғылыми жетекші: М.А.Құсайнов «Жасқайрат» ЖШС селекционер- зоотехник а.ш.ғ.к.
Жетекшісі: Едишева Роза Тулегеновна
А н н о т о ц и я
Зерттеу мақсаты: Жасқайрат ауылының мал шаруашылығындағы асыл тұқымды қой шаруашлығыгың келтіретін
пайдасын анықтау.
Болжамы: Қаракөл қойларының елтірілік Атырау етті –майлы қойларының өнімділігін зерттеу және өнімділігін
жоғарылатуда ғылыми негізде бағытталған байланыстарды анықтау.
Зерттеу кезендері, барыстары:
-Өлкеміздегі мал шаруашлығына бақылау жүргізу;
-қаракөл елтірісінің тауарлық сапасы;
-етті-майлы Атырау қойының өнімділік көрсеткіші;
- зерттеудің экономикалық тиімділігіне талдау.
Эксперименттік әдістемесі: Ғылыми әдебиеттерді басшылыққа ала отырып, қой шаруашлығына жалпы сипаттама беру.
Зерттеудің жаңалығы және дербестік дәрежесі.
Қой типтерін зерттеу арқылы халықтың тұрмыс-тіршілігіне қатысты мәліметтер алынды. Сонымен қатар Атырау елтірілі
етті-майлы құйрықты қойларының тиімділігін дамыту, шауашылыққа ендірілу жолдарын анықтау.
Жұмыстың нәтижесі және қорытындысы: Кіріспе, зерттеу бөлімдері өз бетінше орындалды, ғылыми жетекшімен
біріге отырып Жасқайрат өңірінін қой шаруашылығының маңыздылығын анықтау жүзеге асырылды.
Қорытындыларын практикалық қолданудың салалары: Елтірілі етті-майлы құйрықты қойларын, елтірілі типті
қойлардың тірішілігін анықтау, тиімділігі дамыту, Жасқайрат шаруашылығына ендірілуде.
Кіріспе
Қазақстан Республикасының байтақ даласы негізінен табиғи жайлым болып есептеледі. Жайылымдар негізенен шөлейтті
және жартылай шөлейтті аймақ болып табылады. Бұл кең байтақ аймақтын игерілуі екі түрлі өте сирек кездесетін
шаруашлығын өркендету істеріне байланысты: бұлар әр-түрлі түсті реңдегі қаракөл тұқымдас қойлар және құрғақшылыққа
төзімді құйрықты майлы-етті қойлар тұқымы. Бұл қойлар түрлі жартылай шөлейтті ацмақтарда өсіп-өнуге ыңғайлы
сонымен бірге бұл қойлардын түрі бұл аймақта тіршілік етуші адамдардың әлеументтік экономикалық өміріне де тигізер
рөлі зор.
Бұл көрсетілген қойлар тұқымының тарихи маңыздылығымен бірге соңғы кездері олардың арасында бір-бірінен базар
нарығына сәйкес бәсекелестің өсуіне бірге олардың өміршеңдегі үшінде күресу қажет. Бұл процесстің негізгі себебі бірге
олардың өміршеңдегі үшінде күресу қажет. Бұл процесстің негізгі себебі тұтынушылардың өсуі жануарлар шикізатына
деген сұранысна байланысты жолға қою мақсатнда майлы етті, құрықты тұқымдас қоймен қаркөл қройларын будандастыру
негізінде қара түсті тері алу үшін жұмыстар жасалуда, бқл шиізатқа деген сұраныс сыртқы және ішкі базарларда өте үлкен,
мұны қорытындылай келгенде тұқымның соңы күрт азайып кеткен.
Қазақстанжа ежелден қазақтың қылшық ждүні құйрықты қойының әр-түрлі аймақтарда жер жағдайына, сұрыптау
жұмысының бағытына, деңгейіне байланысты өнімділік сапасы әр-түрлі қой топтары өсіріліп келген.
З е р т т е у б ө л і м і
1.1. Қаракөл , Атырау құйрықты қой тұқымдарының шығу тарихы
Кең байтақ қазақ жерін ата-бабамыз мал өсіру мақсатында игерген. Төрт түлік малдың бәрі де біздің атадан-балаға мұра,
ал оның ішінде қой малының алатын орны ерекше.
Қаракөл ғажап елтірі беретін қаракөл қой тұқымы Орта Азияның ыстық , шөл және шөлейт аймағына ғасырлар бойы
бейімделіп шығарылып, шөбі сирек құрғақ, ыстық, су тапшы, ащы суды да қанағат ете алатын ерекше мал түрі.
Қаракөл қой тұқымы негізінен елтірі өндіруде бағытталғандықтан, кезінде Бұхараның хандары осы қой тұқымынан
алынған ғажап елтірі өнімдерін көптеген елдерінің патшаларына сыйға тарту етіп тәнті қалдырып отырған, тіпті елтірі
беретін қойларды өздері өсіріп құпия ретінде басқа елдерге өсіруге бермеген.
Атырау елтірілі-етті-майлы қой: Академик Х.И. Үкібаевтың [1,25 бет] жетекшілігімен 1974-1998 жылдар аралығында
қазақтың қылшық жүнді құйрықты және еділбай қой тұқымдарын қаракөл тұқымының сұрхандария және қарақалпақ типті
48
қошқарларымен күрделі будандастыру нәтижесінде елтірі- етті-майлы өнімді Атырау құйрықты қой тұқымы шығарылып,
осы жұмысқа Қазақстан Республикасының Ғылым, техника және білім салаларында Мемлекеттік сыйлық берілді.Атырау
тұқымды елтірілі-етті-майлы- өнімді жаңа қой тұқымының селекциялық –генетикалық параметрлерін әр-түрлі жаңа
экологиялық ортада жергілікті мал тұқымымен салыстырмалы түрде зерттеу қазіргі заманның талабы.
1.2. «Жасқайрат» асыл тұқымды қой зауытының шаруашылықтағы маңызы.
Ол шаруашылықтарда беркітілген жалпы жер көлемі 105664,71 га соның ішінде 89,9 мың га ауыл шаруашылығына
пайдаланатын жер.Жер жағдайы ойлы-қырлы,тегіс. (Рельеф)-аумақты жердің бедері, көлемі шөлейтті сазды топырақты,
аралас құмды, аласа төбелі, сайсалалы жерлер болып, кейде жыралар кездеседі.Мал ағзасына сыртқы қоршаған ортаның
әсер етуі және жылдар бойы жүргізіліп келе жатқан сұрыптау жұмыстарының нәтижесі сөз жоқ, қаракөл қойынан
алынатын елтірі өнімнің әр-түрлі болуы бұл оның баға жетпейтін байлығы деуге болады. Мұның өзі қазір де, келешекте де
елтірісінің көптүрлілігі нарықтық экономикалық талабына сай тұтынушының сұранысын қанағаттандыруда мүмкіндік
береді. Көптеген зерттеулердің нәтижесі біздің елімізде өсірілетін қаракөл қойының өніп-өсу өңірлеріне, ауа –райының,
географиялық жағдайлардың әсеріне байланысты, оның тұқымы өте күрделі екендігі анықталды. Осыған байланысты
қаракөл қойлары, тұқымдық, елтірілік, экологиялық типтерге бөлінеді, жүн жабының реңіне, түр-түсіне байланысты
көптеген топтарды қамтиды. Қаракөл қой тұқымындағы мұндай күрделі құрылымның қалыптасуы біріншіден, қаракөл
елтірісіне деген тұтынушының талабын қанағаттандыру үшін шаруашылықтағы жүргізілетін күрделі селекциялық
жұмыстардың нәтижесі болған болса, екіншіден, бұл әсерінің ықпалдығынан және қаракөл қойының өніп-өсу аймағына
тез бейімделумен тікелей байланысты. Табиғи жағдайына байланысты аумақтық жердің көлемі негізінен шөлейтті және
жартылай шөлейтті, сазды топырақты, аралас құмды. Ауа-райы бұл асыл тұқымды АО «Жасқайрат» өте құрғақшыл. Бұл
жерде қуаңшылық климат өте құрғақ және жазда өте ыстық, қыста суығы байқалады.
Ауа –райы тез өзгергіш, құрғақтау болып келеді. Өсімдік қоры негізінен көктемде эфемерлер, оларға: ебелек, балық көз,
раң т.б. Бұл өсімдіктер балауса және құрғақ күйінде де негізі мал азығы. Қойларды күтіп бағу және азықтандыру көбіне
жайылымда өтеді. Көктемгі-жазғы –күзгі мезгілінде сәуірден бастап күзгі мезгілге дейін қойларды жайылымға жаяды.
«Жасқайрат» асыл тұқымды қой зауыты республика бойынша жергілікті қазақы қой тұқымы мен қаракөл қойын
будандастыру арқылы шығарылған «Атыраудың етті-майлы елтірілі» қой тұқымын өсірумен шұғылданады. Жаңа қой
тұқымы негізінен 1974 жылы Қазақ қаракөл қой шаруашылығы ғылыми-институының және Атырау облыстық бөлімінің
ғылыми қызметкерлерінің еділбай мен қазақтың құйрықты қылшық жүнді саулықтарын Қаракөл тұқымының сұр түсті
сухандария, қарақалпақ қошқарлары мен күрделі өндіре оздандастыру тәсілін қолданып алынған екінші ұрпақтың кереметі
түріндегі бұдандарын «өз ішінде» өсіру арықылы шығарылады. Елтірілі етті – майлы бағыттағы құйрықты қойлардың дене
бітімі мықты, тұлғасы дұрыс формалы, сүйектері және тыныс органдары жақсы жетілген, аяқтары мен тұяқтары берік
болып келеді. Ол біздің облыстағы шөл – шөлейт аймақтарға бағуға, қыс айларында тебіндеп жайылуға көнбісті, бағып
күтуге қолайлы.[1,8 бет] Жаңа шығарылған қой тұқымы 1998 ж Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
министрлігінің сараптау комиссиясы бекітті. Сөйтіп өмірге жаңа қой «Атыраулық етті – майлы, құйрықты» тұқымы келді.
Қой малына берілген атаулар:
-Бағлан – ерте туған семіз қозы.
-Марқа – есейген қозы.
-Тоқты – алты айдан бір жасқа дейінгі.
-Саулық – төлдейтін үш жастан жоғары қой.
Осы тұқымның «Жасқайрат» асыл тұқымды қой зауытынан алынған өнімдерге келсек.
Қой терісінің түрлері
Қозы терісі ересек қой терісі
Елтірілік тондық
тұлыптық
былғарылық
Өнім түрлері
2012
2013
2014
Алынған өнім
(дана)
Түскен пайда
(теңге)
Алынған өнім
(дана)
Түскен пайда
(теңге)
Алынған
өнім(дана)
Елтірі
1469
10283000
1931
16413000
1906
Кестеде көрсетілген халыққа қызмет көрсетуде елітірі 2012 ж 1469 дана теңге есебімен түскен пайда 1028300, 2013 ж
өнім 1931 дана теңге есебімен түскен
пайда, 1641300, 2014 ж өнім 1906 дана теңге есебімен
түскен пайда 1715400.
Достарыңызбен бөлісу: |