Цифрларының соңы 6 мен 4-ке аяқталатын , ондықтары бірдей екі орынды сандарды көбейту.
Мысалы: 46·44=2024 ; 26·24=624 ; 56·54=3024
Формула: а6·в4=а(а+1)24
Жұп сандарды 25-ке көбейту
Мысалы: 18·25=450 ; 22·25=550
Формула: ав·25=(ав/4)·100
1мен 9 –бен аяқталған екі орынды сандар
39·31=(39+1)·3=40·3=1209
99·91=(99+1)·9=100·9=9009 формула: а9·в1=(а9+1)в·9
40
ЖОБА ТАҚЫРЫБЫ: «ТҮЙМЕДАҚ ӨСІМДІГІНІҢ ЕМДІК ҚАСИЕТІ»
Апетова Дилназ. 7 «а» класс оқушысы№3 Хромтау орта мектебі
Жетекшісі: Коптенова Н.М. Биология пәні мұғалімі
Мақсаты: Түймедақ өсімдігін зерттей отырып, емдік ерекшеліктерін тиімді пайдалану және насихаттау. Түймедақ
өсімдігінің адам денсаулығына пайдасын көрсету.
Міндеті: Түймедақ өсімдігінің адам өмірінде алатын орнын көрсету;
Жұмыс барысында қолдан жасалған емдік қоспаны көпшіліктің тұрмыстық жағдайда жасап, пайдалану мүмкіндігі,
яғни қолжетімдігі жұмыстың тәжірибелік мәні үлкен болып табылады.
Кейінгі жылдары медицинада шөптердің емдік қасиеттері, оларды кеңінен пайдалануға ерекше назар аударылуда.
Қазіргі кезде шөппен емдеу – фитотерапияны үй жағдайында кеңінен қолдануға мүмкіндік жеткілікті. Ол үшін дәрісіз
ем-дом жасауды дәрілік өсімдіктерден іздеуіміз керек.
Түймедақ өсімдігінің денсаулыққа пайдалы екендігінен жаңа ақпарат бере алады. Осы ақпараттар оқу үрдісіне
оқушылардың қызығушылығы, деректерді жинақтау мүмкіндіктері артады.
Жұмыстың өзектілігі: Түймедақ өсімдігі тұрмыста қолданылғанмен, оның көптеген пайдасын, өзіне тән
ерекшеліктерін біле бермейміз. Сондықтан бұл өсімдіктің адамдарға берер нәрі мол екеніне көз жеткізу. Денсаулық
адамның ең қасиетті де құнды, қайталанбас, орны толмас асыл қазынасы. Қазіргі таңда толғандырып отырған мәселе
көптеген оқушыларының өсімдіктердің емдік қасиеті туралы біле бермейтіндігі.
Болжамы: Егер түймедақ өсімдігінің емдік ерекшелігін пайдаланатын болсақ, онда көптеген аурулардың алдын алуға
болады.
Жұмыстың жаңалығы: Қазақстандағы өсімдіктердің пайдасы, маңызы туралы біле отырып, олардың көптеген
емдік қасиеттерінің барын ұғыну. Табиғаттың алуан түрлі өсімдікке бай екендігіне көз жеткізу.
Күтілетін нәтиже: Түймедақ өсімдігінің кептірілген шөп, шәй, ұнтақ және тұнба т.б. түрінде қолдануға
болатынын білу. Түймедақ өсімдігінің емдік қасиеттері бар. екенін және оны пайдалану жолдары туралы зерттеу.
Адамзатқа табиғаттың жаратқан шипалы дәрілік өсімдіктің саны азаймау үшін, дәрілік өсімдіктерді қорғай білуге
оқушыларды тәрбиелеу.
Жер бетінде шипалық қасиетке ие алуан түрлі өсімдіктер өседі. Қазақстанда өсетін 6000-ға жуық өсімдік түрінің
500-і дәрілік өсімдіктерге жатады. Жалпы дәрілердің көпшілігін өсімдіктен алады. Сол өсімдіктердің бірі – түймедақ.
Түймедақ – жанға шипа, дертке дауа, күрделі гүлділер тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдігі. Бір
жылдық түймедақ бәрімізге таныс және оны көпшілік үйлердің ауласының алдынан көруге болады. Бірақ осы
өсімдіктің көптеген емдік қасиеттерін біле бермейміз. Бір жылдық түймедақты жедел жәрдемші деп атауға болады.
Дәрілік өсімдіктерден жаңа дайындалған тұнбалар мен ертінділердің химиялық жолмен жасалған дәрі-дәрмектерден
анағұрлым тиімді болады. Сол себептен жұмысымыздың құндылығы да осында деп есептейміз. Жобада біз түймедақ
өсімдігінің қасиеті, адам ағзасына пайдасы, түймедақтың гүлі мен тамырларын дұрыс пайдаланып, денсаулықты
нығайту жолына жарату жолдары қарастырылған. Жинақталған материалдар арқылы түймедақ өсімдігін жан – жақты
зерттей зерттей отырып, баланың шығармашылық қабілетін, ой – өрісін кеңейтіп, ізденушілігін дамыту. Бұл ғылыми
жоба тақырыбы жан – жақты ізденуін, оқушының өзіне деген сенімін арттырады. Білмеген, естімеген, көрмеген
сұрақтарға жауап табуға көмектеседі. Түймедақ өсімдігінің емдік қасиеттерін білуіне үлкен мүмкіндік алады.
Дәрі үшін өсімдіктің гүлдерін сабағынан үзіп, жинап алады. Түймедақтың гүлінен жасалған дәрілердің жел
шығаратын, қабынуға қарсы әсер ететін, тер шығаратын, ауырған жерлерді тыныштандыратын, денедегі
бұлшықеттердің тырысуына қарсы әсер ететін қасиеттері бар.
Сонымен қатар, микробты жоятын, өт айдайтын, асқазанның, тоқ ішектің қабынуын, бауыр мен бүйректің, қуықтың
ауруларын емдеу үшін пайдаланады. Дене сыртындағы іріңді жараларды, ванна жасау арқылы подаграны, ревматизм
ауруына байланысты буындардың сырқырағанын емдейді. Тамақ бездері мен тіс түбіріндегі еттер қабынғанда
ауызды және тамақты шаяды. Түймедақты шаштың қайызғағын кетіру үшін де пайдаланады.
Шөптерден дәрі жасау жолдары
Афуна әже Ұлты - татар
Түймедақ өсімдігінің емдік қасиетін бала кезімнен білемін. Мен шөпетрден дәрі жасауды өз анамнан үйрендім.
Осы кезге дейін көмек сұрап келген науқас адамдарға қолымнан келгенше жәрдем беремін. Бала кезімде анам шөп
теруге қасына ерітіп жүретін. Ол кезде ол шөптердің қандай мақсатта жинайтынын және неге жинайтынын және
неге қолданатынын білмеуші едім. Анам бала кезімде түймедақ шөбінің тұнбасын ішкізіп, тамақ ауырғанда
шайғызатын еді. Бірде шашым қайызғақтанып кетті. Сонда анам үнемі түймедақтың шөбін қайнатып, шашымды өзі
жуып беретін еді. Өсе келе осы шөптің емдік қасиеті бар екендігін байқадым. Шөптерді қалай қайнатып тұнба
жасайтынын көріп білгім келіп қызыға бастадым. Анамның қасында жүріп шөптердің дәрілік қасиеттерін біле бастадым.
41
Бері келе өзімде анамның дайындаған құрамы бойынша дәрі жасаудың жолдарын үйрене бастадым. Қандай ауруларға ем
екенін сұрап қызыға бастадым. Қазіргі таңда Хромтау ауданының тұрғынымын. Бұл түймедақ шөбін мен ауылдың
жанынынан жинап алып, сосын кептіремін. Оның тұқымы, гүлі, сабағы жапырағы және тамырының да өзіндік емдік
қасиеттері бар. Мен өз тәжірибемнен айтар болсам түймедақтың сбағы, тамыры, жапырағы және гүлі де көптеген
ауруларды емдеп жазады. Түмедақты қайнатып тұнбасын іштің кебу қасиетіне ие. Мен өз тәжірибемнен басқа кісілергеде
осы қоспаны ұсынып, дәрі ішпей –ақ шөптердің емдік қасиеті арқылы да денсаулығының жақсаратындығын айтар едім.
Қолдану бөлігі: гүлі, жапырағы, сабағы және тамыры. Дәрілік түймедақтың гүлдері гүлдей бастағанда тамырымен
қоса жинап, ашық ауада, көлеңкелі жерде кептіреді, алғашқы күндері аударыстырып отырады.
Қасиеті: кермек дәмді, хош иісті, усыз келеді. Тілшіксіз түймедақты гүлдей бастағанда жинайды. Ол кезде
себеттері ұзармайды және мыжығанда таралмауы керек. Гүлдерін қолмен жинайды. Жақсы желдетілген бөлмелерде
немесе кептіргіштерде 450С температурада кептіреді.
Біздер түймедақ өсімдігін мектеп айналасына өсіріп, бақылау жүргіздік.
Түймедақ өсімдігі 10 күннен кейін шыға бастады. Әр апта сайын өсімдіктің биіктігін өлшеп тұрдық. Тамыры
білеуленгенін байқадық. Гүлдері ақ. Гүлдері себет гүлшоғырына жинақталған. Топырақ талғамайды. Өскіндері - 6 -
100С температураға төзеді. Егу тереңдігі - 5- 8 см. Өсу мерзімі - 63 – 84 күн.
Айта берсек, өте көптеген ауруларға ем.Түймедақ тұнбасының адам ағзасына пайдасы мен әсерін келесі тәжірибелер
арқылы көрсетуге болады. Зерттеу жұмысын өзімнің отбасым мен сынып оқушыларына жүргіздім.
Түймедақ өсімдігінің адам ағзасына әсерін зерттеу нәтижесі
Тәжірибе №1. Түймедақ тұнбасының ауыз қуысына әсері.
Зерттеу әдісі: ауыз қуысының қабынуын шаю.
Мақсаты: ауырғанды басады. Уақыты: 8 -10 желтоқсан, 2014 жыл.
Зерттелуші: Сагинбаев Азиз
Зерттеу барысы: 50% түймедақ тұнбасымен шаю.
Қорытындысы: түймедақ тұнбасы ауруды басады.
Ұсынылады: күнделікті қолдануда ауыз қуысының ауруларын жазады.
Тәжірибе №2. Түймедақтың іш кебуінде әсері.
Зерттеу әдісі: түймедақ тұнбасын ішу.
Мақсаты: іштің кебуін басады.
Уақыты: 13 – 20 қазан, 2014 жыл.
Зерттелуші: Қуанышева Дильназ
Зерттеу барысы: 1/3 стаканнан күніне 2-3 рет ас қабылдағаннан соң ішеді.
Қорытындысы: жазылу жылдамдығы жақсы.
Ұсынылады: іштің кебуін басады.
Тәжірибе №3. Түймедақтың асқазанға әсері.
Зерттеу әдісі: түймедақ тұнбасын ішу.
Мақсаты: асқазанның ауырғаның басады.
Уақыты: 17 – 24 қараша, 2014 жыл.
Зерттелуші: Сағымбай Дархан
Зерттеу барысы: 1 стаканды күніне 2 рет қабылдайды. Тұнбаны жылы күйінде
ашқарынға, содан соң жатар алдында пайдаланған жөн.
Зерттеу жұмысын орындау барысында Қазақстан өңірінде кездесетін дәрілік өсімдік түймедақты жинап анықтап,
олардың өсу ортасымен танысып, сипаттама берілді; Сыр өңірінде жиі кездесетін дәрілік өсімдіктердің тізімін жасауға
талпыныс жасалды; Түймедақ өсімдігін пайдалану жолына қарай жіктеп және түрлі өсу ортасынан жиналған өсімдіктерге
сипаттама берілді. Сонымен бірге: Дәрілік өсімдік түймедақтың емдік қасиеті туралы анықталды. Оның ішінде кең
таралған күрделі тұқымдас өсімдіктердің бірі - түймедақ жатады;Өзінің әсемдігімен көздің нұрын алады, бірақ та
жұмыс жазу барысында ұққаным – өсімдік көптеген пайда әкеледі. Денсаулылғымыз мықты болуы үшін батпандап
кіріп, мысқылдап шығатын ауруды дәрісіз-ақ үй жағдайында айналада өсетін дәрілік өсімдіктермен-ақ емдеп жазуға
болады. Дәрілік өсімдіктермен айналысу денсаулығымызды сақтауға көмектеседі, отбасының қаражатын үнемдейміз,
табиғат байлығын қорғауға да атсалысамыз. Міне, осындай емдік қасиеті бар өсімдіктерге оқушылар кішкентайынан мән
беріп, өз игілігіне қолдана білсе, шипаны алыстан іздемейді. Дәрілік өсімдіктерді пайдалану денсаулықты сақтаумен бірге
қазіргі нарықтық заманда отбасылық қаражатты үнемдеуге көмектеседі. Дәрілік өсімдіктер жанға шипа, дертке дауа болады.
Түймедақ емдік өсімдіктер ішінде ең көп тарағаны. Өзінің әсемдігімен көздің нұрын алады, гүлдеуі өте сирек, бірақ та
жұмыс жазу барысында ұққаным өсімдік көптеген пайда әкеледі. Мен өз сыныптастарымның арасында осы өзімнің
жұмысыма байланысты зерттеу жұмыстарын жүргіздім. Сынып оқушыларының арасында сауалнама алдым.
Түймедақты сыныптастарымның арасында кеңінен насихаттадым. Зерттеу жұмысын қорыта келгенде біз қойылған
гипотеза дәлелденді деп айтуға болады, себебі көптеген өсімдіктердің дәрілік қасиеті болғанмен адамдар үнемі оларды
пайдалана бермейді. Адамзатқа табиғаттың жаратқан шипалы дәрілік өсімдіктің саны азаймау үшін оларды күтіп- баптап,
химикаты көп дәрілерді қолданғанша емдік қасиетке толы шөптер тұнбасын қолданса екен дегім келеді. Зерттеу
42
жұмысымда далалық түймедақ дәріханалық түймедақпен салыстырғанда емдік қасиеті бірдей екендігіне көз
жеткіздім.
Оқушылардан алынған сауалнамалардың қорытындысы: Түймедақ өсімдігінің қандай емдік қасиеттерін
білдіңдер? Қатысқаны: 27 оқушы
Ұсыныстар:
1. Түймедақ өсімдігінің емдік қасиеті болғандықтан күтіп-баптау қолға алынса;
2.Түймедақ өсімдігінің емдік қасиетін кейінгі жас ұрпақ білу мақсатында мектеп бағдарламасына кеңірек енгізілсе;
3.Түймедақ өсімдігінің антисептикалық қасиеті болғандықтан медицинада арнайы пастилкалар дайындалса;
* * * * *
ТАҚЫРЫБЫ: «ҚАЗАҚ ЕРТЕГІЛЕРІНІҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ»
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Сазды орта мектебі
Орындаған: 5 класс оқушысы Амангелді Асылханым
Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Кабулова Айсұлу Айтжановна
Бағыты: Қазақ әдебиеті
Аннотация
Зертеу тақырыбы: Қазақ ертегілерінің тәрбиелік мәні.
Зерттеу мақсаты: 1. Ертегілердің бала тәрбиесіндегі ролін ашып көрсету.
2.Қазақ ертегілерінің өміршеңдігін дәлелдеу.
3.Ертегі жанрын тәрбие үрдісінде қолданужандандыру.
4. Ертегілерді насихаттау жолдарын көрсету;
Зерттеу болжамы: Ертегілердің маңызын зерттеу, ертегілерді күнделікті
өмірде қолдануға үйрету.
Зерттеу кезеңдері: 1. Тақырып талдау
2.Материалдар жинау
3.Ізденіс жұмыстарын жүргізу.
4.Ғылыми жетекшімен байланыстыру
5.Тиісті материалдарды жинақтап, жүйелеп, қорытындылау
Зерттеу жаңалығы: 1.Ертегіні күнделікті қолданудың жаңа түрлері.
2. Аудиодискілер шығару, күнделікті қолданылатын қағаз,полиэтилен пакеттер сыртына ертегі кейіпкерлері суреттерін
шығарса.
3.Ойынға киетін бас киіміне, футболкаларға қазақ ертегілерінің атын жазып. кейіпкерлерінің суретін салса.
4.Дәптер, күнделік, қойын дәптер сыртында насихатталса.
5.Шокалад қораптары сыртына суреттерін салу.
6.Компьютер, ұялы телефон беттеріне қазақ ертегілерінің суреттері шықса.
7.Қазақ ертегілерін дәріптеп, насихаттау туралы арнайы заң немесе ереже қабылдау керек.
Зерттеу нәтижесі: 1.Зерттеу жаңалығын дәптер, күнделік шығаратын баспаханаларда қолдануға болады.
2.Пакеттер шығаратын шағын кәсіпорындар жүзеге асыруына болады.
3.Аудиодискілер шығарып балабақшаларда,үйде ұйықтар алдында тыңдауға болады.
4.Қазақ ертегілерін дәріптеу және насихаттау туралы заң немесе
ереже керек деген ұсыныс заңдастырылса, онда бұл мәселе мемлекеттік дәрежеде шешіледі.
Жоспар:1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
1)Ертегілердің ерекшелігі. 2)Ертегілердің тәрбиелік мәні.
3.Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер.
Кіріспе
Менің зерттеу жұмысымның тақырыбы «Қазақ ертегілерінің тәрбиелік мәні» деп аталады. Ертегілерге деген
қызығушылықтан оны зерттеу туралы ниет туындады.Ертегісі жоқ ел жоқ әлемде.Бірақ әр елдің әр халықтың ертегілері сол
халықтың сарқылмас рухани қазынасы.
Әр ертегі арқылы біз өткен ата-бабаларымыздың ой-қиялдарын, тұрмыс-салтын, тіл байлығын білеміз. Әр ертегі тұнып
тұрған тәрбие құралы. Мысалы, балаларға арналған арналған ертегілер баланы адалдыққа, тапқырлыққа, адамгершілікке
тәрбиелейді. Өкінішке орай қазіргі кезде радио, телевидение арқылы шетелдік ертегілер желісімен түсірілген көркем
фильмдер, мультфильмдер жиі көрсетіледі. Ондағы кейіпкерлер есімі, жер-су аттары таныс емес және біздің
менталитетімізге жат оқиғалар баяндалады. Ал, қазақ ертегілерін көру немесе тыңдау олардан көрі әлдеқайда тиімді. Мен
өзімнің зерттеу жұмысымды қазақ ертегілерін зертте, оқып, оларды қазіргі ғылым мен техника дамыған заманда қалай
дамыту керектігін және насихаттау жолдары туралы өз жаңалығым мен ұсыныстарымды көрсеттім. Бұл жаңалықтарым әрі
пайдалы, әрі тиімді. Ертегілер өте заманда, тіпті жазу-сызу болмаған кездің өзінде-ақ туған. Бұларды халқымыз үні бүгінге
дейін ұрпақтан ұрпаққа ауызша жеткізіп келді. Ауыз әдебиетінің басқа түрлері секілді ертегілерде адам баласының еңбекке,
тұрмыс тіршілік жағдайларына байланысты туған. Жаратылыс құбылыстарын, табиғат сырын жетік білмеген, олардың
неден болатынын толық түсінбеген ертегідегі адамдар әр нәрсені қиял еткен, өздерінің ауыр еңбектерін жеңілдету жайын
қарастырған. Бұл жөнінде өз жай күйлерін әңгімелеп айтатын болған. Бертін келе адам баласының ой-өрісінің ұлғайып өсуі
ертегілердің туындауына көп әсер еткен. Ертегілердің алғашқы үлгілері әр түрлі өзгерістерге түскен, мұнымен қатар жаңа
ертегілер туа бастайды және онда халықтың тұрмыс-салты, іс-әрекеті басты орын алады. Бұлардың бәрін халық ертегілері
43
арқылы көркемдеп, әр түрлі образдар арқылы бейнелейді. Ертегі балалардың ой-өрісін, дүние танымын кекңейтеді.
Оларды адамгершілікке, еңбекке, тапқырлыққа, сүйіспеншілікке, сезімге баулу ісінде шешуші орын алады.
Нелер жауыздық, зұлымдық жасаушылар, тоғышарлар, ел арасындағы алаяқ қулар т.б. халық ертегілерінде жиіркенішті
роль атқарады. Оларға халық арасынан шыққан қарапайым адамның ақылы мен қайратын, көпшілік үшін жасаған адал
еңбегін қарама-қарсы қояды да, үлгі етеді.
Ертегілердің өзіндік құрлысы, көркемдік ерекшеліктері бар.Қандай ертегіні алсақ та, ол белгілі бір сюжетке құрылады,
оқиға желісінің басталуы, аяқталуы, өзіндік шешімі болады.Ертегі баяу басталып,оқиға желісі күрделене түседі.Кейіпкерлер
арасындағы қайшылықтар өрістей келе әділдік, үстемдік құрып, зұлымдық жеңіліс табумен аяқталады.Әсіресе адам өміріне
байланысты іс-әрекеттер өткір сықақ- мысалмен бірігіп, бала сезімін селт еткізіп, күлкіге мәз етеді.Мысалы: Тазша бала
туралыертегілердегі әке-шешесі жоқ басы таз Тазша атанған баланың баланың тапқырлықтары ханның ақылынан да асып
кетеді «Қырық өтірік» ертегісіндегі шындыққа келмейтін қиял ғажайып оқиғаларды қызықты етіп баяндау арқылы тазша
бала ханның байлығына ие болып, қызын алады.Ертегіні тыңдаған балалар жағымсыз кейіпкердің жексұрын әркетінен бой
тартып, жақсылыққа құмартады. Ертегіні қызықты етіп жеткізу айтушының шеберлігіне байланысты.
Ертегілер мазмұны ерекшеліктеріне қарай бірнеше түрге бөлінеді. Солардың ішіндегі бастылары:
1.Қиял ғажайып ертегілері.
2. Хайуанаттар жайлы ертегілер.
3.Тұрмыс салт ертегілері.
4.Аңыз ертегілері.
Балалардың ой-өрісін кеңітіп, дүниені молырақ танытатын ертегілер бала ұғымын, түсінігін, дүние танымын
кеңейтеді. Тілін ұстартып, ұштай түседі, ойлау мен қиялын дамытады. Мысалы: «Қаңбақ шал» ертегісіндегі қауқарсыз
шалдың аылмен жеңуі, даулердің күші көп, ақылы аздығы тыңдаушыны қызықтырып, тіпті ертегіні баяндаушыға қосылып
айтып кеткісі келетіндей әсерге бөлейді.
Халқымызда қай тақырыпта да табылатын, тілге жеңіл, жүрекке жылы телік ертегілері қаншама?! Ол ертегілер арқылы
бала өз халқының тілін, мәдениетін, дәстүрін біледі және ой өрісі қиялы дамиды және адамгершілікке тәрбиеленеді.
Мысалы: «Жақсымен жолдас болсаң – жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң – қаларсың ұятқа» деген мақалды,
«Жаман дос жолдасын жолда қалдырар» деген мақалдарды «Екі дос», «Кедей мен бай» атты ертегі желісінен оқуға болады.
«Бай баласы мен жарлы баласы» атты қызықты ертегі арқылы еңбек адамның кез келген қиыншылықты жеңуге
үйрететінін және өмірлік тәжірибесі арқылы жеңіске жететінін көреміз және «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей»
деген мақалды дәлелдей түседі.
«Мақта қыз бен мысық» ертегісі өте тартымды, қызықты. Бұл ертегіде мақта қыздың досы мысық мақта қыздың
тілін алмай қатығын төгеді де, оны қайтарып беру үшін көптеген адамдарға жолығып, көп қиыншылық көріп барып,
қатықты төлей алады. Бұл жерде адамды әрбір іс қимылына жауап беруге, үйренуге қателік тәрбиелейді.
«Бес ешкі» ертегісі хайуанаттар жайлы ертегіге жатады. Өте қызық, тартымды. Мұнда кедейдің бес ешкісі қарлы
боранда далада қалады да, қасқырға жолығады. Сол кезде бәрі бірігіп, береке – бірлік танытып, қасқырдан аман қалады. Бұл
ертегі балаларды бір – біріне көмектесуге, береке бірлікке, бауырмалдыққа үйретеді.
«Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісі аңғалдықтың кесірін, шапшандықтың пайдасын айтады.Онда аңқау түйе
жыл басынан құр қалады, шапшан тышқан жыл басы атанады.
«Шық бермес Шығайбай» ертегісі сараң, қайырымсыз байларды қарапайым кедей Алдардың ақылмен алдап кетуін
баяндайды.
«Жақсымен жолдас болсаң-жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң-қаларсың ұятқа», «Жаман дос, жолдасын
қалдырар жауға» деген мақалды осы ертегі желісінен оқуға болады.
«Зеректік» ертегісіндегі үш жолаушының жол бойында кездескен нәрселерге зер салғандарын
баяндайды.Яғни,балаларды қағілездікке, зеректікке тәрбиелейді.
Қазіргі кезде теледидардан көптеген шетел мультфильмдері жиі көрсетіледі.Мысалы, Қазақстан телеарнасында сенбі,
жексенбі күндері «Дара» ағылшын ертегісі, «Кайлан» қытай ертегісі, «Спорт Кус», «Диего» ағылшын ертегісі , ал сенбі
күні «Барби күнделігі» деген шетел мультфильмдер болады.Ал,Еуразия телеарнасында жексенбі күні «Робот» деген шетел
мультфильмі болады.Осы шетел мультфильмдерінің орнына қазақ ертегілерінің желісі бойынша мультфильмдер
көрсетілсе.Тек қана «Қазақстан» телеарнасында ғана Алдар Көсе ертегісі желісі бойынша мультфильм көрсетіледі.
Адамгершілік тәрбиенің нәтижесі адамдық тәрбие болып табылады. Адамгершілік тақырыбы мәңгілік.Ол ешқашан
ескірмек емес.Жас ұрпақтың бойына адамгершілікті сіңіру ертегі арқылы беріледі.Адамгершіліктің қайнар бұлағы-қазақ
ертегілерінде десем артық айтпаған едім.
Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттердің ең бастысы-өзінің ісін, өмірін
жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу.
Ұрпақ тәрбиесі-келешек қоғам тәрбиесі. Ендеше, ақпараттық технологилар дамыған кезеңдегі балалардың ой-
қиялдарын өз ертегілері арқылы жеткізу мүмкіндігі бар.
Руханилық жеке тұлғаның негізгі сапалық көрсеткіші. Руханилықтың негізінде адамның мінез-құлқы қалыптасады, ар-
ұят, өзін-өзі бағалау және адамгершілік сапалары дамиды. Мұның өзі өзін мейірімділікке, ізгілікке шақырады.
Қазақ халқының салт-санасы мен ата-бабасымен келе жатқан дәстүрін өз бойындағы ерекше қасиеттерін талантымен
дарындылығымен, өзгелерден ерекше табиғи қабілеті арқылы биіктерден көрсеткен.Қасиетті ертегілер арқылы тәрбие
берген, салт-дәстүрін сол қалпында сақтап қалған.Сонымен қатар еліміз егемендік алғалы мемлекеттік тілде сөйлеуіне , бұл
қасиетті ертегілердің халық ауыз әдебиетінде ең маңызды орын алатыны сөзсіз екенін салыстырып көрсету.
Халқымызда «Ізденген жетер мұратқа» деген сөз бар.Яғни, әр нәрсені білуге талпынып, білімнің тереңіне бойлау-дамуды
кемелдікке жеткізеді, рухани байытады.Дүниеде балалар біле бергісі келетін олар «Ол кім?», «Бұл не?», «Неліктен?»,
«Қайда?», «Қашан?» деген сұрақтарға жауап іздеп, бір тыным таппайды. Олардың осылайша ізденімпаздық танытуы табиғи
заңдылық.
3.Қорытынды.
Мен өзімнің ғылыми жобамды қазақ халқының әр ертегісінің өзіне тән ерекшелігін саралай білу. Жобамдағы мақсат
қазақ ертегілері адам өміріне байланысты іс-әрекеттер , күнделікті тұрмыстағы заттар арқылы берілсе, бала сезімін селт
еткізіп, күлкіге мәз етеді. Бала жағымсыз кейіпкердің жексұрын әректінен бой тартып, жақсылыққа құмартады.
44
Ертегінің осындай әр жақты сырын қызықты, тартымды бала санасына лайықтайжеткізуді мен өзімнің жаңалығым ,
шеберлігім деп таптым.
1. Күнделікті пайдаланатын заттар арқылы.Мысалы, ойынға киетін кепка, футболка , сумка және күнделік сыртына, қағаз
пакет, қойын дәптер, шокалад сыртына шетел ертегілерінің суреттерін жапсырғанша, қазақ ертегілерінің кейіпкерлерінің
суреттерінің суреттері салынса;
2. Қазақ ертегілер кейіпкерлерінен ойыншық жасап, драма театрларда ойын көрсетілсе (қуыршақ театры)
3. Көлеңке театры (теновой театр) Қазақ ертегілерінің мазмұнын көлеңке театры арқылы көрсетілсе;
4. Аудиодискілерге жазылып, балабақшаларға таратылса. Үйде ұйықтар алдында балалар тыңдаса.
Ұрпақ тәрбиесі-келешек қоғам тәрбиесі. Ендеше, ақпараттық технологилар дамыған кезеңдегі балалардың ой-
қиялдарын өз ертегілері арқылы жеткізу мүмкіндігі бар.
Менің ұсынысым: Осы айтылған пікірім мен ұсынысым туралы ереже немесе заң қабылданса, бұл мәселе
мемлекеттік дәрежеде шешілер еді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.«Иман және инабат» К. Оразбекова «Ана тілі» - 1993
2. Ауыз әдебиеті үлгілерін балалар бақшасында пайдалану. Р. Жұмағұлова
3. «Ол кім? Бұл не?» балалар энциклопедиясы.
* * * * *
Достарыңызбен бөлісу: |