Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы



Pdf көрінісі
бет6/20
Дата22.01.2017
өлшемі10,09 Mb.
#2475
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

Қолданылған әдебиеттер:
Қазақтар. Көпшілікке арналған тоғыз томдық анықтамалық. V том. Ата салт. – 2-ші басылым. – Алматы: «Білік» баспа 
үйі, 2003. – 174б.
Балаларға арналған энциклопедия.
* * * * *
«БАЛМҰЗДАҚ ЖӘНЕ ОНЫҢ СЫРЫ»
  Қарағанды облысы  Осакаровка кентінің №1ОМ 
 2 «Б» сынып оқушысы Сулеймен Ілияс
 Жоба жетекшісі: Бастауыш сынып мұғалімі Байхазан Алмагул
Жұмыстың тақырыбы:  «Балмұздақ және оның сыры»
 Негізгі бөлім
2.1. Балмұздақтың шығу тарихы
     Адам баласы аптап ыстықтан қорғанудың жолдарын ықылым заманнан бері іздеумен келеді. Балмұздақтың тарихы
біздің заманымызға дейінгі 3000 жыл бұрынғы көне Қытай патшалығынан басталады. Сол заманда Қытай патшасының ас
мәзірінде мұзбен немесе қармен араластырылған жеміс шырыны болған. Кейін келе бұл шырынды қоюлату арқылы дәмді
балмұздақ пайда болды. Оны Қытай патшасы басқа елдерден келген мәртебелі қонақтарға ұсынып, мақтанатын болған. Бұл
керемет дәмді тағамды енді олар құпия сақтауды ұйғарғанмен, балмұздақ дайындау технологиясы бәрібір араб, парсы,
үндістерге   белгілі   болып   қалады.  Ең   алғаш   рет   балмұздақты   Еуропаға   Марко   Поло   әкелген   көрінеді.   Өзінің   кезекті
саяхаттарының бірінде ол Қытайда балмұздақтың қалай жасалатынын көреді де, содан кейін оны Италияға алып келіп, ең
алғаш рет әзірлеген екен. Біздің заманымызға дейінгі ІV ғасырда әйгілі қолбасшы Ескендір Зұлқарнайын үнді және парсы
жеріне жасаған әскери жорығында балмұздақ дайындату үшін қарды айшылық жерлердегі таулардан алдырып отырған.
Сондай-ақ, балмұздаққа сүт пен бал қосуды осы Ескендір патшаның аспаздары ойлап тауыпты. Ал Еуропаға балмұздақты
венециялық жиһангер Марко Поло ХІV ғасырда моңғол жерінен алып келген. Моңғолдар балмұздақты «салқын шәрбат»
деп   атаған   екен.   Қазіргі   таңда   әлемде   ең   көп   сұранысқа   ие   «эскимо»   балмұздағын   1919   жылы   америкалық   Христиан
Нельсон дейтін  аспаз-кәсіпкер  ойлап  тауыпты.  Ол  эскимостар  туралы кино көрсете  жүріп,  «эскимо пай»  («эскимостар
бәліші») деп аталатын шыбыққа шаншылған балмұздақтың түрін сатқан. Ал одан бергі уақытта заман да, техника да дамып,
балмұздақтың небір түрі сатыла бастады. Кейбір деректерде әлемде бір сағатта 1 миллион тонна балмұздақ сатылатыны
туралы дерек бар. Яғни балмұздақ әлі күнге дейін сүйікті де тәтті тағам қатарында.
2.2. Балмұздақтың пайдасы мен зияны
Балмұздақ адамды психологиялық күйзеліс пен ұйқысыздықтан арылта алады. Ол адамның көңіл күйін көтеріп, ұйқысын 
реттейді. Шоколад қосылған балмұздақ адамның қан қысымын қалыпқа түсіреді, ағзаға табиғи стимулятор ретінде ықпал 
етеді. Балмұздақ сонымен қатар қант диабетімен ауыратын адамдар үшін пайдалы. Ондай адамдар үшін соя сүті мен қант 
алмастырғыштар негізіндегі арнайы диеталық балмұздақтар бар. Жақында пайда болған йогурт негізіндегі балмұздақтың да 
пайдасы зор, ол ішектің жұмысын жүйелеп, иммунитетті арттырады. 
Дегенмен балмұздақтың зиянды жақтары бар екені де мәлім. Бұлай дегенде көпшілік бірден тамақ пен жоғарғы тыныс 
аурулары туралы ойлайтыны белгілі. Алайда санэпидемиолог мамандар балмұздақтан бруцеллез бен селиллез аурулары 
жұғатынын да анықтаған. Бұл аурулар негізінде құйылмалы балмұздақтарда көп кездеседі екен. Бруцеллез ауруына 
шалдыққан адамдардың 20 пайыздайы аурудың не себепті, қалай жұққанын білмей жатады. Дәрігер сұрағына олар мал 
ұстамайтынын және шикі сүт ішпегенін айтып жатады. Ал дәмі тіл үйіретін балмұздақтан ешкім де қауіптенбейді. 
Сондықтан қолдан жасалған, кісі көп жүретін жерлердегі құйылмалы балмұздақтардан абай болған жөн. Дұрысы, арнайы 
қорапшалардағы балмұздақтар. Олар арнайы технологиямен дайындалғандықтан қаупі аз.
ІІІ Зерттеу бөлімі
3.1. Балмұздақ туралы пікірлер
Ересек адамдар балмұздақ жегенде бірнеше минутқа балаға айналады. Сондықтан балмұздақты барлығы жақсы 
көреді. Алайда балмұздақтың пайдасынан зияны көп деп, балаларын осы сүйікті заттан алшақ ұстауға тырысатындар да бар.
Бұл дұрыс па? Анықтап көрелік.
Бұл үшін мен мұғалімдер мен балалар арасында сауалнама жүргіздім. Сауалнамаға ересек 30 адам және 30 баланы 
қатыстырып, мынадай сұрақтар қойдым:
Сіз балмұздақты ұнатасыз ба?
Балмұздақты пайдалы деп ойлайсыз ба? 
Өзіңіз балмұздақты жиі жейсіз бе?
Өз балаларыңызға немесе жақындарыңызға балмұздақ әпересіз бе?
Қандай балмұздақты ұнатасыз?
Үйде балмұздақ жасап көрдіңіз бе?
Жауап бергендердің ішінен балмұздақты ұнатпайтындар табылды. «Неге?» деген сұраққа суық, тамақ ауырады, 
құрамында көптеген қосылғыштар бар, тісті құртады деген жауаптар айтты. 
Ал балмұздақты жақтаушылар ондағы дәрумендердің көптігін, шөлді басатындығын, көңіл күйді көтеретіндігін айтты. 
Ал сауалнамаға қатысқан 30 баланың арасынан балмұздақты ұнатпайтыны кездеспеді. Тіпті қай түрі екенін маңызды 
санамайды екен. 
Балмұздақты даттаушылардың пікірінің оң-терісін анықтау үшін мектебіміздің  дәрігері Бабагалиева Ағайдын апаймен 
сұхбаттастым.  Сұхбатымыз былай өрбіді: 
1 – пікір: Балмұздақтан тамақ ауырады.
Керісінше, егер балмұздақты асықпай жалап жесе, тамақ сілекейі артып, ауру шақыратын микробтарды жояды.  Бастысы 
балмұздақты асап жеуден аулақ болу керек.
26

2 – пікір: Балмұздақта дәрумендер жоқ.
Барлығымызға белгілі, балмұздақ табиғи сүттен жасалады, сондықтан шикізаттағыдай онда да барлық пайдалы заттар 
сақталады. Бұлар А, В, Д дәрумендері және  кальций, темір, фосфор және т.б. элементтер.
3 – пікір: Балмұздақ тым тәтті.
Міндетті емес. Қазіргі кезде тәттісін де, онша тәтті емес балмұздақты табуға болады. Кейбір мәліметтерге сүйенсек, 
шетелдерде қуырылған картоп дәмі бар балмұздақтар да бар екен. 
4 – пікір: Балмұздақтан адам толады.
Бастысы, әр затты өз мөлшерінде пайдаланған дұрыс болады.
5 – пікір: Балмұздақтан пайда жоқ.
Балмұздақ жеген адам бір сәт бақытқа кенелетіні жасырын емес, сондықтан өзіне бақытты сәтті сыйлағысы келмейтін 
жандар жоқ шығар?! 
3.2. «Айза» балмұздақ фабрикасына саяхатым
Мен әкеммен бірге балмұздақтың жасалу жолымен танысу үшін Қарағанды қаласындағы «Айза» фабрикасына 
бардым. Онда балмұздақ жасауға қажетті құралдар мен жабдықтарды көрдім, әр түрлі балмұздақтың жасалу жолдарымен 
таныстым.
Цехта 60-тан астам балмұздақ түрі шығады екен. Алғашқы балмұздағын 1997 жылы шығарыпты.
3.3. Үйде балмұздақ жасау
Дәмді және денсаулыққа қауіпсіз балмұздақты үйде жасау өте дұрыс. Мен әпкеммен бірге үй жағдайында 
балмұздақ әзірлеуді жөн санадым. Дәмі тіл үйірер балмұздақты отбасы мүшелері түгелдей тауысып қойды. Енді балмұздақ 
жегіміз келгенде әпкеміз екеуіміз дүкенге жүгірмей-ақ, үй жағдайында әзірлеу жағдайын біліп алдық. Балмұздақ әзірлеу 
әдісімен сіздермен бөлісейін.
Сонымен, керек заттар:
1. Қаймақ – 500 грамм (қолдың қаймағы болса тіпті жақсы, 40 грамм)
2. Кілегей-  сливки. Президент фирмасының 35 пайыздық кілегейі.
3. Қант пудрасы  -100 грамм.
4. Ванилин немесе ваниль таяқшасы  (1 грамм жетеді).
Әзірлеу әдісі: 50 грамм қант пудрасын қаймақпен араластырып, миксерлеп аламыз. Сосын кілегейді жақсылап 
былғаймыз, ол үлкейіп, пена тәріздес масса болады, соған қалған 50 грамм қант пудрасын қосамыз да, қаймақты + ванилин 
қосып араластырып, тоңазытқышқа саламыз. Мұздап, қатып қалғанша дейін, менде 3 сағат тұрды. Болды, бір жағынан өте 
дәмді, екінші жағынан пайдалы, үшіншіден каллориясын өзіңіз қадағалауыңызға болады. Майлылығы төмен болса, 
каллориясы да аз болады. Бұған жеміс жидек, шоколад, жаңғақ қосуға болады. Бәрі өз еркіңізде. Ас болсын.
27

Қорытынды
Балмұздақты  дұрыс таңдай білу басты назарда болар жайт. Балмұздақты алмас бұрын, ең әуелі шығарылған мерзімін, 
сақтау мерзімін қарап, құрамымен танысу қажет. Жақсы балмұздақтың құрамында өсімдік майы болмауы керек, табиғи 
сүттен әзірленгені абзал. 
Сүтті балмұздақтың 3% - 8% май, кілегейліде 10% май,  пломбирде 15%-дан кем болмауы керек. Қорапшаның сырты да 
бүтін болуы керек. Егер стақанның түбінен мұз кристаллдары көрініп тұрса, ерітіп, қайта қатырғанның белгісі болады. Егер 
балмұздақтың түсі ақ парақтың түсінен айырғысыз болса, оның табиғи сүттен жасалмағандығы. Жақсы балмұздақ баяу 
ериді. Ал эскимоның сыртқы шоколады еріген кезде түсіп қалмай, балмұздақпен бірге еруі қажет. 
Осы жоба жұмысын жазу барысында жүргізілген әрекеттерден кейін мен өзіме үй жағдайында әзірленген балмұздақтан 
артығы жоқ деген ойға тоқталдым. Сыныптастарыма, жалпы құрбы-құрдастарыма осындай жағдайды ұсынғым келеді.
Дәмі тіл үйіретін балмұздақты  балалықтың бал дәміне айналатындай дұрыс пайдалана білейік! 
Пайдаланған әдебиеттер
Қазақ энциклопедиясы.  Алматы, 1968 ж.
«Алаш айнасы» газеті.  29 шілде, 2011 ж.
«Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы. 5-том, Алматы, 2004.
* * * * *
 ҒЫЛЫМИ ЖОБА ТАҚЫРЫБЫ: БЕСІК – КИЕЛІ МҮЛІК
Қарағанды облысы  «Осакаровка кенті №1орта мектебі»КММ
Орындаған: 10 сынып оқушысы  Қысатай Ажар
Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиетінің  мұғалімі Ашимова Нұргүл Төлегеновна
КІРІСПЕ.    "Бесік   жырын   айтатын   келіндердің,   немересіне   ертегі   айты   беретін   әжелердің   азайып   бара   жатқанынан
қорқамын. Анасының әлдиін, әжесінің  ертегісін тындап өспеген баланың рухани жан дүниесі жұтаң, мінезі жасық болып
өсетінін   қорқамын."–деп қынжылыс білдірген батыр бабамыз Бауыржан Момышұлының осы сөзінің   астарында   үлкен
мән-мағына жатқандай. Жүрегі оқ пен оттан шайлықпаған батырдың сөздері мені ойға қалдырды. Расында да, қазіргі таңда
жас нәрестесін  өмір есігін іңгәлап ашысымен өн бойына қасиет тұнған бесікке бөлеп, бесік тербетіп, бесік жырын айтатын
аналардың азайып бара жатқаны анық. «Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді" – деп бекер
айтпаған. Сан ғасырлық тарихы бар халықтың бұл күнде бай салт – дәстүрі, әдет – ғұрпы жоғалып барады. Өзіндік ерекше,
көпқырлы салт – дәстүр жоғалмауы керек.
Зерттеу жұмысымның өзектілігі – қазақ халқының  ұлттық салт – дәстүрлері мен әдет – ғұрыптарының бастауы саналатын
«бесікке салу» дәстүрі ұмытылып барады. Бесіктің халық өміріндегі алған және қазіргі уақытта алатын орны қандай екенін 
анықтай отырып, жастарға  ұлттық нақышты тазалықтың белгісі бесіктің пайдасын жеткізу.
ІI Негізгі бөлім
1. Практикалық шешім 
      "Заманына қарай адамы" демекші, қазіргі жас аналар баланы  арнайы төсекке (манеж), бесік-арбаға жатқызуға үйір. 
Әрине, баланы бесікке бөлемеген шаңырақта ешқашан бесік жыры айтылмайды.  Ең бастысы бесіктің сәби денсаулығына, 
жаны мен тәнінің таза болып өсуіне тигізер пайдасы зор. Қазіргі кезде жас аналар сәбиін еркін өссін деген ниетпен, арнайы 
төсекке бос жатқызып, жүруге талпынған шағына дейін арнайы жөргектер кигізеді. Әрине, тазалық үшін пайдасы бар 
шығар. Бірақ ол бала "еркіндікке" мүлде басқа қырынан үйренеді. Қолы бос жатқан сәби өз қолынан шошып ояна береді. 
Ұйқысы қанбаған бала мазасыз болады. Ал бесікке бөлеп өсірген баланың аяқ - қолы түзу, сымбатты болуымен қатар, мінезі
ұстамды, салмақты, әрі шыдамды болып өседі. 
        Бесік – киелі мүлік. Оған бөлейтін жас сәбиімізді періштеге балаймыз. Өйткені ол – періштедей пәк, таза. Сәби мен 
періштенің аты қатар аталса, бесік те сол тазалығымыздың символы емес пе? Тазалығымызды жоғалтпайық.
         Осы мақсатта жас аналар арасында сауалнама өткізу арқылы  сәбилерін 
    бесікке салуға деген   көзқарастарын  айқындадым.  
        Сауалнама сұрақтары:
Бала тәрбиесіне байланысты салт – дәстүрді білесіз бе?
Қазақтың салт – дәстүрлері ұнай ма?
Сәбиіңізді бесікке бөлейсіз бе?
Арнайы жөргектерді  қолданасыз ба?
«Бесік жырын» айтасыз ба?
"Бесік жырының" жаңа заман талабына сай  үлгісін ұсынып жатса, тыңдатар ма едіңіз?
Жауаптары: 
А) иә; Ә)жоқ; Б) білмеймін
Сауалнама жауаптарының талдауы
Сауалнамаға 10 ана қатысты, соның ішінде
1. Бала тәрбиесіне байланысты дәстүрді біледі – 10 
2.  Қазақтың салт – дәстүрі ұнайды –  7 
3. Сәбиін бесікке бөлейді –  4 ана
4. Арнайы жөргектерді қолданады –  10 
5. Бесік жырын айтады – 5 ана
6. Жаңа үлгіні тыңдатар еді – 10 ана
         Бұл нәтижелер арқылы көңілге түйгенім,  бала тәрбиесіне байланысты салт – дәстүрлер туралы білетін аналардың 
саны - 10 болса, қазақтың салт – дәстүрі ұнайды деп –  7 ана  жауап берді. Сәбиін бесікке бөлейді – 4 ана. Арнайы 
жөргектерді қолданады –  барлығы да (қажеттілігіне қарай – 4 ана),  бесік жырын айтады – 5 ана, ал 10 ана да жаңа үлгідегі 
«Бесік жырын» тыңдатар еді.  
28

          Бұл сауалнама халық арасында бесікті, «бесік жырын» насихаттаудың қажеттігін дәлелдейді. Халықтың тарихын, 
тұрмысын, әдет – ғұрпын, шыққан тегін білмесең, оны сақтаудың да жолын білмейсің. Еліміздің болашағы болар жас 
сәбилер ұлттық рухта тәрбие алып өсуі керек. 
2. Зерттеу бөлімі
Бесіктің биологиялық тазалығы
        Бесік – баланың өзінше жеке жататын төсегі. Оның да қажетті мүліктері толық болуға тиіс. Бесікті жасатарда 
ағаштың солқылдақтығына мән беріліп, талдан иіліп жасалады. Себебі, тал басқа ағаштардай емес, солқылдақ, иілмелі, 
шорт сынбайды, құрт түспейді, жат иісі болмайды. Бесік баланы кездейсоқ құлаған заттан, суық пен ыстықтан қорғайды. 
Бәле – жаладан  сақтасын деп ырымдап оған тұмар, бүркіт тұяғы, жыланның бас сүйегі, кірпінің терісі тәрізді заттар тағып 
қояды. Бесіктің мамық жастық, жөргек, түбек, шүмек, қолбау, тартпабау секілді құрал - жабдықтарының әрқайсысының 
өзіндік атқарар қызметі бар. Жайлы мамық жастық сәбидің алаңсыз тәтті ұйқыға берілуіне жағдай туғызса, жөргек суықтан, 
жел тиюден қорғайды, түбек пен шүмек мұнтаздай тазалықты сақтаса, қолбау мен тартпабау буын және омыртқа, жамбас 
сүйектерінің дұрыс қалыптасып, аяқ - қолдың түзу болып өсуіне толық мүмкіндік туғызады.
  Сәбиді бесікке бөлеуге тиісті әже бесіктің асты – үстін түгел қарап, тексеріп шығады. Көрпе – жастығын, жөргектерін, 
түбек пен шүмекті толықтайды. Шүмек босанған әйелге арнап сойылған қалжа малдың асықты жілігінен жасалады. Оны сол
үйдің үлкен кісісі баланың қырқына дейін әзірлеп қояды. Әже баланы бөлеуге бесікті әзірлейді. Көрпелерді төсеп, 
жаялықтарды жайып болған соң, ырым үшін ғана емес, тазалық үшін де бесікті аршаның бүрін жағып тұрып аластап алады. 
Өзінің ақ ниетін білдіріп, әулие - әмбиелерге сыйына отырып, жақсылық тілейді. Сонан соң нәрестені бесікке жатқызып, аяқ
– қолын жұмсақ жөргектермен орайды. Денеге бататын бүктеу – қыртыстарды қалдырмай тексереді.     
 Бесік – қазақ қауымы үшін аса қасиетті мүлік. Мұның көшпенді тұрмысқа бейімділігі сонша, бесікті ана атқа мінгенде 
алдына өңгеріп алып жүре береді. Бала қиналмайды, бесігінде бейқам жатып, тау – тастан асып кете барады. Ұзақ көш 
үстінде де былғанбайды. Сол тазалыққа баланың денесі үйреніп алады.
 Сонымен бесіктің пайдасын санамалап айтсам, оның ұрпақ үшін оның пайдасы ұшан теңіз.  Айталық:
Біріншіден  –  қол-аяғын  ербеңдетіп  бос  жатқан  сәбидің ұйқысы тыныш болмайды. Ұйқысы қанбаған  баланың зердесі 
толық жетілмейді.
Екіншіден –  баланың  мазасыздығы  ананың  психологиясына  әсер  етеді.  Бұндай  жайсыздық  сүт  арқылы сәбиге 
беріледі. Сондықтан бесікке жатпаған  бала болашақта сабырсыздау болады.
Үшіншіден  –  баланы  бесiктен  шешкен  кезде  сәби керiлiп-созылып, рахаттанады. Денесінің әртүрлі  күйде болуы оған 
демалыс сыйлайды.
Төртіншіден  –  сәбидің  тұлабойы  таза  болып,  тазалыққа бойы үйренеді.
Бесіншіден – бесіктегі баланың денесіне дымқыл,  сыз дарымайды.  Құрғақ болады. Ол мықты денсаулық  кепілі. Әрі 
қол-аяғы сыптай болып өседі.
Алтыншыдан  –  бесік  белгілі  бір  ритммен  ғана  тербетіледі.    Баланың  жүйкесі  бір  жүйе,  тәртіпке  түседі.
Жетіншіден  –  бесіктегі  балаға  ана  әлдиі  әбден  сіңеді. Қайырымды мінез қалыптасады. Бесік жырын  тыңдаған 
баланың қанына ұлттық қасиет дариды.
Сегізіншіден – бесік  сәбиді сырттан келетін кері  энергия немесе тiл-көзден сақтайды.
Бұлар  бесіктің  толып  жатқан  пайдасының  азы  ғана.  Бесікті  пайдаланбау  арқылы  қаншама  ұлттық дәстүрімізден 
айырылып жатырмыз.
   Бесіктің рухани – ұлттық тазалығы
 Баланы бөлеу кезінде нәрестенің анасын қасына отырғызып қойып,  қалай орауы керектігін көрсетеді. Осы әрекет үстінде
әже сәбиге арнаған ақ тілегін ақтарып отырады. Сөйтіп, сәбиді бесікке бөлеп болғаннан кейін алғаш рет өзі әуендете 
тербейді, бесік жырының сарынын бастайды:
                                         Әлди, әлди, ақ бөпем,
                                         Ақ бесікке жат, бөпем!
                                         Айналайын, шырағым, 
                                         Көлге біткен құрағым!
                                         Маңдайдағы құндызым,
                                         Аспандағы жұлдызым!
                                         Әлди, әлди, әлди – ай,
                                         Әлди бөпем, ұйықта жәй!.....
   Сәбидің жүрегіне ән мен жырдың сарынын осылайша құяды. Осы тәтті әуенмен сәби балбыраған ұйқыға батады. Сонан 
кейін аналар тойдың асынан дәм татады. Сәбиге жақсы тілек тілеп, бата жасайды. Осылайша сәбидің жаңа өмірі басталады, 
бір төсектің иесі саналады.
   Бесікке бөлеудің салтанаты өткеннен кейін де бесік жыры үзілмейді. Кім тербетсе де әндетіп, жыр айтады. Баланы 
жырмен жұбату отбасының ғана салты емес, халықтық дәстүрге айналған.
         Бесік жыры – халық жырының бұлағының көзі. Бөлеген баласын бесікке сүйене отырып емізген ана арман – тілегін 
әндетіп айтады. Ана арманы жебеген бала жерде қалмайды. Сонда ана не тілейді? Баласының шебер болғанын, шешен 
болғанын, палуан болғанын, батыр болғанын тілейді. Аналар арманы халық қалауымен тұтасып жатады. Қазақ отбасының 
иесі саналатын аналар мейірімінің шапағаты қазақ ұрпағының жүрегін сәулеге бөлей берері сөзсіз. 
             Өмір есігін енді ғана ашқан сәбиді әсемдікке, әдемілікке бесікте жатқан кезден бастап үйретуде бесік жырының 
атқарар рөлі өлшеусіз. Бесік жырының сазды әуені сәби жанына қанат бітіріп, рухани жан - дүниесін рахат сезімге бөлеп, 
көтеріңкі көңіл - күй сыйлайды. Бесік жырының жанға жайлы сазды әуенін тыңдаған бала бірден тәтті ұйқыға беріліп, 
оянғанда жақсы тыныққаны балбыраған жүзінен айқын аңғарылады.
ҚОРЫТЫНДЫ
          Осы зерттеу жұмысы арқылы «бесікке салу» дәстүрі – қазақ халқының ажырамас алтын қазынасы екенін, оның бала
тәрбиесінде алатын орны ерекше екеніне  көз   жеткіздім.
           Бала тәрбиесінде бесіктің биологиялық тұрғыдан да, рухани тұрғыдан да алатын орны зор. Қаржы мәселесінде де 
(жөргекке жұмсалатын ақша) отбасы үшін өте маңызды. Қазіргі кезде жас аналардың ұлттық рухты сәбиінің бойына бесік 
29

жырының әуені арқылы сіңіретіндері аз кездесетінін аңғардым. Егер ақындарымыз "Бесік жырының" жаңа заман талабына 
сай түрлі үлгілерін ұсынып жатса, жақсы болар еді деп ойлаймын. 
     Дегенменде, ұлттық құндылықтың сақталуы үшін көптеген жұмыстар атқарылуы тиіс екенін айтқым келеді. Себебі, 
өкінішке орай, кейбір салт – дәстүрлердің орындалысы  мені ойландырады.  Осы тақырып төңірегінде көптеген мағлұматтар
ала отырып, зерттеуімді жүргіздім. Бұл жұмыс маған қатты ұнады. Алдағы уақытта осы жұмысымды ары қарай жалғастыру 
жоспарымда бар. Өйткені қазақ халқының салт – дәстүрі, мәдениеті жас ұрпақтың рухани серігі болуы керек.    
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қазақ халқының салт – дәстүрлері. Сейіт Кенжеахметұлы. Алматы 2004 
Қазақтың салт – дәстүрлері. Сен білесің бе? атты тарихи – этнографиялық кітаптар топтамасы. «Аруна» баспасы 2002 
Мәтінмен жетсін ұлағат. Р.Г.Баяманова 2001
Қазақстан әйелдері журналы
* * * * *
ҒЫЛЫМИ ЖОБА ТАҚЫРЫБЫ:  ТӘТТІ СУСЫННЫҢ  АЩЫ  ШЫНДЫҒЫ
 
Қарағанды облысы Осакаровка кентінің №1ОМ
6 «Б» сынып оқушысы Раздан Елнара
Жоба жетекшісі:қазақ тілі мен әдебиеті  пәнінің  мұғалімі 
Габдуалиева Жанна Болатовна
 Кіріспе
   Жыл мезгілін  таңдамайтын әсіресе жаз айларында  саудасы қыза түсетін  әр түрлі каптамадағы сусын түрлері  кімді де
қызықтырмай   қоймайды.   Керек   болса   орын   да   таңдамайтын     кез   –   келген   дүкендерде,   базарда,   дүңгіршектерде   тіпті
қоғамдық   көліктерде     де   сатыла   беретін     сусын   түрлерін   кезіктіреміз.   Күннің   шыжыған   ыстығында       үлкенді-кішіміз
қолымызда сусынсыз жүре алмаймыз. Тіпті мерзімі өткені, өтпегеніне қарамастан , қаншалықты зиян екенін біле тұра ,
шөлімізді басу үшін бірнеше ыдысын таусып тастайтын кездеріміз де болады. Бәрібір шөліміз қанша ішсек те басылмайды.
  Менің бүгінгі тақырыбыма арқау болған жер шарының  90%  білетін , танымалы   «Кока - кола»  сусыны болмақ.
Бұл сусынды секундына 8000 адам  тұтынады екен.  1886  жылдың  8 мамырында  Атлантылық  қарапайым дәріханашы
Джон Стит   Пембертон   ойлап тапқан. Ең алғаш  кока  жапырақтарынан және   кола  ағашының жаңғағынан     тәтті сироп
жасай бастаған.Оны дәріханаларға қойып сатқан кезде соншалықты табыс болмайды. Ол ойын өзгертіп, адамдардың ауруын
жазатын  «сиқырлы» дәрі  - дәрмек жасап сата бастаған.Ол дәрінің негізгі құрамы  кока  жапырақтарынан болатын кокаин
болғандықтан   ауыруды   адамның   есінен   шығарып,   адамдарды   есінен   айыратын   еді.   Ол   кезде   кока   жапырағына   тиым
салынбаған   еді. Ослайша 1903 жылы   кокаин мастығынан көптеген адамдар арасынан қақтығыс  болады. Көп адамдар
қазаға ұшырайды.  Себебі оның құрамында есірткіден басқа спирт те болған. Міне осы оқиғадан кейін  ол өз бағытын  «Кока
– кола» сусындары деп өзгерткен екен. Себебі сол кезегі кокаин дәрісінің сатылу орнын суық  допинг нүктелері  деп атай
бастаған екен. 
   Ал оның рецептісіне келсек әлі күнге дейін Пембертонның өз қолымен жазған жазбасы   арнайы  сейфте құпия түрде
сақталған дейді. Мұның өзі көкейге күдік тудырмайма. Оның құпиясы да осында, ішкен сайын одан әрі ішкің келіп тұрады.
Ол сусын қандай сусын дейсіз бе?
                                                                      Негізгі бөлім
1.1 Тәтті сусынның ащы  шындығы
Кез – келген  газдалған сусынның сыртқы қаптамасында рет-
ретімен бояулы және хошиістендірілген деп  жазылған сөздерді
оқимыз. Бар пәле сол бояу мен хошиісте  тұрған жоқ па?
Мұның ішіне жемістерді салып қоймайтыны хақ. 
Басқалардан гөрі натрий  бензонаты  (Е 211) алергияны  
қоздыратыны  анық екен. Қалай айтсақ та бұлардың 
ешқайсысының денсаулыққа пайдасын тигізбейді, тигізіп 
көрген де емес. Алайда оны ешкіміміз мойындағымыз келмей 
ме, қалай?
«Кока -кола» сусынының зиянына келсек: Ол кез-келген 
адамдарды  гастрит ауруына әкеледі,қылтамақ, орынсыз 
толуына, қант диабетінің тақсыретін тарту мүмкіндігі бар екен. 
Себебі 1 стакан коланың құрамында 6-7 қасық шекер бар. 
Иммунитетті  төмендетеді, зат алмасу процесі бұзылады  деген 
пікірлер де келтірілген.
Австралия ғалымы  жүрек қан  тамырлар ауруына әкелетінін 
айтқан.
Ресей ғалымдарының айтуна қарасақ бұл сусын демікпе 
аруына  әкелетінін айтады.
Туркияда оның жасалу жолын білгеннен –ақ коланы әкелуіне мүлдем тиым салынған екен.
Елімізде дәлелденгені   балалардың бас сүйегіне, ойлау қабілетіне орасан зор зиян келтіретінін анықтаған.
Бұл   сусын   АҚШ   та   жол   полициялары   авариядан   кейінгі   асфальттағы   қанды   жуып   кетіру   үшін   қолданған.Оның
құрамындағы   фосфор     қышқылының   жоғарлығынан     ол   тырнақты   түгелімен   ерітіп   жібере   алады   екен.   Астан   кейін
асқазанның асты қорытуы 5 сағатқа созылса, кока-кола  асты небәрі 20 минутта жойып жібереді . Егер  бұл сусынға  бір
тілім етті салып жіберсе  2 күннен  кейін ол тіпті жоқ болып кетеді екен. (сурет -1)
30

    
                
Ол адам ағзасына кіргеннен кейін бізбен не қылмақ?!
Коланы көп тұтынған жасөспірім қыздар арасында  сараптама жүргізген Американдық маман қорыта келе  қыздардың 
сүйек сыну қаупі 5 есе жоғарлағанын , адамның бойындағы кальций жойатынын анықтапты.Сонымен қатар  тістің тез 
түсуіне  әкеп соғады екен. Алайда  бұл сусынның таң қаларлық бір жәйі  әйел адамдардың өмірге сәби әкелуіне кері әсері 
аса зор екенін қарапайым  адамдар анықтапты.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет