Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы



Pdf көрінісі
бет7/20
Дата22.01.2017
өлшемі10,09 Mb.
#2475
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20

1.2  «Кока- кола» сусынының құпиясы.
Құмарта ішетін , сүйікті сусыныңыздың түсін өзгертіп тұрған не деген сұраққа жауап алғыңыз келе ме? 
  «Коланы» ойлап тапқан Пембертон: «Мұның құпиясын еш жерде және ешкімге де ашпаймын», – деген болатын. Ол 
құпия 120 жыл бойы сақталды. Дегенмен 2006 жылы «коланың» жасалу құпиясы әшкере болды. Оған қолданатын ең басты 
шикізат – «солодовый корень» өсімдігі. Ол өсімдіктер арасында тышқан өріп жүреді. «Кока-кола» компаниясы өсімдікті 
жаппай қалақпен жинайды. Сонда тышқанымен қоса алып кетеді. Содан дайындалатын сусынға тышқанның қаны, өті, 
нәжісі бірге қосылып кете барады. Тек сүйегі, терісі сүзіліп алынады». Сондай – ақ оның түсін бұзатын зат үй жағдайында 
жасалған қантты ерітуден алынатын  тәтті емес болып шықты. «Кока-кола»  компаниясының өкілінің айтуы бойынша 
сусынның негізгі құпиясы кошениль құртынан алынатын түс бұзушы қоспа екен.Әдетте оның құрамына қант, кока 
ағашының жаңғағы, фосфор қышқылы, кофеин, карамель, көмір қышқылы қосылады деп көрсетілген.
Енді өндіруші сусынның түсін өзгертуге қолданылған кошениль құртының еш зияны жоқ деп сендіруге тырысуда. 
Алайда ол олай бола қоймас.
 Зерттеу бөлімі                                           
1.3 Кока-кола туралы пікіріңіз?
Кез-келген адамдар шөлдерін басу үшін сусын ішіп шөлін басуды жөн көреді. Алайда оның адам денсаулығына тигізер 
кері әсерін  ойлап жатпайды. 
Бұл ісіміс қаншалықты дұрыс, бұрысын анықтау үшін сынып оқушылары арасынан сауалнама жүргіздім.
 Мынадай сұрақтар қойдым?
 1.Сен кока-коланы ұнатасың ба?
2.Оның пайдасы бар ма?
3.Сен кез-келген газдалған сусынды жиі ішесің бе?
4.Ата-аналарың үйге жиі сатып әкеледі ме?
5.Қандай сусындарды ұнатасыңдар?
6.Газдалған сусынды сатып алған кезде неге назар аударасың? (бағасы,қаптамасы,ыдысы). 
Осы сұрақтарға жауап алғаннан кейін оқушылардың көпшілігі  газды сусындарды  ұнататындықтарын айтты.
«Оның пайдасы мен зияны туралы білмейміз , шөлімізді басса болды» -деп жауап бергендер де кездесті.
Қонақ келгенде, күннің ыстығында жиі сатып алатындары жайлы айтып берді.
 Оның құрамында не болатыны бізді алаңдатпайды әйтеуір дәмі жақсы-деп жауап бергендер болды.
Оны сатып алған кезде көбінесе бағасына қараймыз  себебі қолымыздағы ақша жете ме, жоқ па соны біліуіміз керек-деп 
жауап берді.
 Ары қарай мен өз жұмысымды сыныптастарыма таныстырдым.Оларға қатты ұнады, маған алғыстарын білдірді. Ата-
аналарына кока-коланың зияны жайлы айтып беретін болып та келісті.
Осыдан кейін кока-кола ішесіңдер ме?-деген сұрақ қойдым.
Жауап түсінікті.
Әрине, жоқ,жоқ,жоқ!!!
  Ата-ана тарапынан маған осы жұмысымды көрсетуге сұраныс білдірді.Алдағы уақытта көрсетемін деген ойдамын.
Қорытынды
    Қорыта айтқанда ешбір шырынның ішіне апельсин, алма,лимон т.б салып қоймайтыны хақ.Сонда табиғи хош иістің өзі 
химиялық қоспалар болмағанда немене!
Ресей мен Украйнаның Білім министрлігі  бұл сусынды мектепте сатылуына тиым салған.Мәселен 2011 жылы Щвецияда  
газды сусынды көп мөлшерде пайдаланған  3 адамның  өлімі тіркелген.Оның екеуі күнделікті тренажерлық
Залда жаттығу кезінде болған.Оны пайдаланған адамдар ағзадағы кальций, темір секілді ең маңызды элементтерді жойып,
есесіне құрамындағы есірткі зат  өміріңізді екі есеге қысқартады  екен.
31

  Қазақ тағамтану академиясының  академик Төрегелді Шарманов басқарып отырған ғылыми шаңырақ оларға түбегейлі 
қарсылы екенін айтады. Өйткені аталмыш институт «колаға» ғылыми сараптама жасай келе оның денсаулыққа зияндығы 
жоғары екенін дәлелдеген.  Төрегелді Шармановтың айтуынша, осы сусынға әсіресе жастардың үйірсек болуы үрей 
тудырады. Онымен қоғам болып күресу қажет – дейді ғалым.   Әсіресе біздің қазақ даласында қазақ балаларына ішуге 
болмайды. Қауіпті. Оған жол  берсек, біз өзіміздің ұлт мүддесіне қауіп төнетін заттарға жол беру деген жай ғана ұят емес ол 
қылмыс болып саналады.
 Сондықтан тағамтану академиясы мектеп және басқа да оқу орындарының маңында «кока-кола», «пэпси» сынды 
сусындарды сатқызбау қажет деген ұсыныс білдіріп отыр. 
  Бес жасар бала жазбай танитын кока-коланың тауар белгісін  (логатип) керісінше аударып оқығанда «Мұхаммед жоқ- 
Мекке жоқ» деген дене түршіктірерлік сөз болып шықты.
Ал оны ішу,ішпеу әрбір адамның өз таңдауы. Ең бастысы екі рет берілмес өміріңіз үшін пайда-зиянына  көз жеткізіп 
барып ақша санауды ұмытпаңыз дегім келеді.
Ойланыңыздар!!!                                                              
Пайдаланған әдебиеттер:
Бала тәрбиесі  2009ж  [ 8]
Денсаулық  журналы 2007ж  [6]
Таптым,таптым! Эврика! 20101Ж   [ 7-8]
* * * * *
«АРА БАЛЫНЫҢ ҚАСИЕТІ»  
Ақмола облысы, Аршалы ауданы,  Анар ауылы, Анар орта мектебінің
                                                            1 «А» сынып оқушысы Жұман Ерасыл 
 Жоба жетекшісі: Бастауыш сынып мұғалімі  Хабас Алтангул
Тақырыбы: «Ара балының қасиеті»  
Кіріспе
    Жұмысшы бал арасының гүлді өсімдіктердің шырынынан өңдеп шығаратын өнімі – қоймалжың, тәтті сұйықты бал деп 
атайды. Және де бал арасынан фармацевтика, электротехника, авиация өнеркәсіптерінде пайдаланылатын органикалық зат –
балауыз алынады. Аралардан прополис (ара желімі), ара уы, гүл тозаңы, биологиялық белсенді заттары бар және емдік әсері
өте күшті сүт дайындалады. Бал арасының тіршілігін бақылау адамды табиғатты жақсырақ білуге, байқағыштыққа, 
еңбексүйгіштікке баулиды.
Ара – ара патшасы, еркек ара, жұмысшы ара деп үшке бөлінеді. Жұмысшы араның дене тұрқы кішілеу, өңі қара, басы, 
кеудесі және жонында сұрғылт сары нүктелері болады. Басы үш бұрыштылау келеді. Басында үш жай, екі күрделі көзі 
болады. Аузы үлкен, бал жинауға қолайлы, кеуде жағы үш  буынды, орта буыны үлкен келеді. Екі жұп жарғақ қанаты бар. 
Үш жұп аяғының тозаң жинайтын себеті болады. Қарын жағы дөңгеленген конус тәрізді, сауыр жағында қара сары түсті 1-4
ке дейін келген қара белдеулер бар. Құйрығында үшкілдеу безі және шанышқы инесі болады.
Бауыр жағында төрт түп балауыз пластинкасының ішіндегі балауыз безі балауыз бөліп шығарады.
Ара топтасып тіршілік етеді. Ара үйірі бір ғана ара патшасы мен бірнеше жүздеген еркек арадан және он мыңдаған 
жұмысшы аралардан құралады. Ара патшасының бірден бір міндеті – жұмысшы араларға гүл тозаңын және бал жинату, 
балауыз шығарту, ұя салдыру, балапан құрттарды, ара патшасын, еркек араны бағу, ұяны тазалау сондай – ақ, қорғау 
міндетін атқарады.
 Араның бөліп шығаратын балауызы, улы сұйықтығы, балы дәрілікке жасалады.
Негізгі бөлім
 1.1 Ара балы дертке дәрі
Ара балының басты ем болатын аурулары мен оны емге қолдану тәсілдеріне келсек,  емдік қасиеті ерте кезден белгілі 
болып, түрлі ауруларға қарсы әркім өзінше пайдаланып келген суық тигенде, бауыр, өкпе, бүйрек, асқазан, ішек, жүйке 
ауруы, сондай-ақ қан қысымынң көтерілуі сияқты дерттерге шипа. Оны көпке созылып, асқынып кеткен жарақатқа да 
жағуға болады. Соған орай балды кейбір ауруларға қалай пайдалануға болатыны туралы қысқаша мәлімет ұсынамын. Бұл 
тәсілдерді ата-бабаларымыз байырғы заманнан пайдаланған. 
 1. Балаларға суық тигенде, тұмауратқан кезде балды ыстық сүтке немесе лимонның шырынына қосып, науқастан әбден 
айыққанша ішкен дұрыс. Ол үшін бір стакан ыстық сүтке бір шай қасық бал және сары май қосып ішеді. 
2. Асқазан, ішек ауырғанда. Асқазан, ішек науқасына шалдыққан, не қышқылы аса көбейіп немесе керісінше азайып 
кеткен адамдардың да балды ем ретінде пайдаланғаны жөн.
3. Бал жараға да ем. Жараға жағатын дәріні 60 гр балға бір шай қасық балық майын қосып, жақсылап араластырып 
жасайды.
4. Бал күйген жерге де пайдалы. Күйікке балды күніне екі рет жағып отыруы керек. Жараға жағатын дәріні 60 гр балға бір
шай қасық балық майын қосып, жақсылап араластырып жасайды.
5. Жүрек ауырғанда. Бал жүрек ауруы бар адамдарға да таптырмайтын ем. Оны белгілі бір мөлшерде анардың шырынына 
қосып та ішеді. 
6. Бауыр ауырғанда. Балды бауыр және өт жолы ауыратын адамдар көбірек пайдаланады, оны белгілі бір мөлшерде ақ 
ірімшікке, сәбізге, лимон шырынына қосып, жеген дұрыс.
7. Үйреншікті іш қатуға балды  жылытып, араластырып, қайнаған сумен екіге бөліп күніне 2 рет ішеді.
8. Асқазанның он екі елі ішек жарасына балдан 60 гр. шикі қызыл мия тамырынан 9 гр.мандарин қабығынан 6 гр-ды суға 
лайықты мөлшерде жоғарыдағы дәрілерді қосып, қайнатып самасын сүзіп, бір күнде үш рет ішеді.
9. Улы жәндіктер шаққанда, шиқан, сыздауық шыққан-да, балдан, ұзын сарымсақтан тиісті мөлшерде алып, жаншып, 
балға араластырып жараға таңса, жараның аузын шығарады. Сыздап ауырғанды басады, қабынуын қайтарады.
32

10. Ауызға ауыздық, қотыр шыққанда, қас бояу жапырағы, бал екеуін қосып жаншып, әзірлеген дәріні ауызға салып 
сорады. Сонымен бірге қотырға жағады.
11. Тістің түбін бекемдеп, тісті ағартуға бал мен уксусты қосып тісті 3-4 рет жуса, тістің түбі бекемделеді, тіс аппақ 
болады.
12. Құлақ ауруларына: сиыр сүтіне, омырау сүтіне, ешкі сүтіне, бұлар болмағанда жұмыртқаның ағына балды 
араластырып жылытып, құлаққа тамызса, әртүрлі құлақ ауруларын жазады.
13. Құтырған ит қапқанда, улы жәндіктер шаққанда, апиыннан уланғанда, зірәні қайнатып, қайнатпасына бал қосып 
ішкізсе, уытты қайтарады, ауырғанды басады.
14. Қан қысымы өрлегенде зығырдан 50 гр. балдан 60 гр-ды 220 гр. қайнаған суға қосып күніне екі рет ішсе қан қысымын 
төмендетеді.
15. Мәйітті бір мезгіл сақтауға тура келсе бүтін денесін балменен тегіс сылап қойса мәйіт тиісті уақытқа дейін 
бұзылмайды.
16. Ұйқысыздықтан құтылу үшін жасалатын әртүрлі ем бар. Солардың ішіндегі ең тиімдісі – бал жеу. Жатар алдында 1 
шай қасық балды 1 стақан жылы суға араластырып ішсе, жүйкеге жайлы әсер етіп, тез ұйықтауға көмектеседі. 
17. Жөтелді басу үшін пияздың сөліне бал, сары май, не қойдың майын қосып ішкен дұрыс.
18. Балды, әсіресе, бауыры және өт жолы ауыратын адамдар көбірек пайдаланады. Оны белгілі бір мөлшерде ақ ірімшікке
(творог), сәбізге, лимон шырынына қосып жеген дұрыс. 
19. Балықтың майына қосылған бал асқынған жарақатты оңай жазады. 
20. Аузы уылған адам бал жесе тез айығатыны белгілі. 
21.Өкпе ауруына шалдыққан кісі күніне 100-150 грамм бал жеп отыруы керек. Оны қой-дың іш майына ерітіп, ішуге 
болады. 
22. Бал жүрек ауруы бар адамға да таптырмайтын ем. Оны белгілі бір мөлшерде анардың (гранат) шырынына қосып та 
ішеді. Қатарынан бір-екі ай үзбей ішкен ауру адамның жағдайы әжептәуір жақсарады.
23.Кеудесі жиі қысылып, жүрек соғуы нашарлаған адамға да бал жақсы көмектеседі.Қатарынан бір-екі ай үзбей күніне 50-
140 грамға дейін бал жеген адамның жағдайы ежептәуір жақсарады.
24. Бал мен шоколадтың салмақ тастауға да өзіндік пайдасы бар. Қоңыр шоколадтың какаосының құрамында майды 
ыдырататын элементтер болса, бал жағып жасалған массаждың қан айналымын жақсартатын қасиеті бар. 
25. Бал ағзаның қалыпты қызмет атқаруына үлкен септігін тигізеді
1.2 Ара балының бөлінуі
Негізінен, ара балы бір шырынды және көп шырынды болып бөлінеді.
Бір шырынды бал – тек өсімдіктердің бір түрінен ғана жиналған шырын. Оны өсімдіктердің түріне қарай – қарақұмық 
балы, жөке ағашының балы деп, неше түрлі атайды.
Көп шырынды бал – өсімдіктердің бірнеше түрінен жиналған шырын. Оны табиғи бал беретін өңірлерге байланысты дала 
балы, тау балы, бақ балы деп ерекшелейді.
Табиғи балдың түрлері
Өмірде табиғи балды ажырату оңай емес. Қантты бал араны қант шырынымен қоректендіру арқылы алынады.
Сатушылар оны табиғи балға араластырып сатады. Бұл орайда табиғи, жасанды балды ажыратуға ешқандай анализ 
көмектеспейді. Жасанды балдың құрамында қант, қант крахмалы, ұн, желім, гипс болады. Оның кейбірін үй жағдайында 
анықтауға мүмкіндік бар. Ол үшін бір стақан қайнаған су аласыз да оған балды араластырасыз (Бір стақан суға жарты 
стақан бал). Сол кезде тұнбаның төменгі жағында немесе бетінде механикалық қалдықтар шыға келеді. Ол –балдың 
құрамында крахмалдың бар екендігінің айғағы.
Гүлдейтін қанша ма өсімдіктер бар болса, сонша ма балдың түрлері бар. Біз енді солардың бастыларын атап айтсақ.
Түйебұршақ (донник) балы бірінші сортты балға жатады. Ақ немесе ашық – янтарь түсті болып келетін хош иісі бар 
балдың бұл түрі глюкозаға бай. 
Шайқурай (кипрей) балы мөлдір жасыл сары түсті сұйық бал. 
Жөке (липа) балы жақсы сортқа жатады. Сары жасыл түсті балдың бактерияға қарсы қасиеті бар. 
Шабындық (луговой) балы бірінші сортты балға жатады. Сары қоңыр немесе алтын түсті балды шабындықтағы түрлі 
гүлдерден алады. 
Таңқурай (малина) балы ақ түсті болады. Жоғары сортқа жататын балдың бұл түрі өте пайдалы.
Қарақұмық (гречишный) балы қою қызыл немесе қоңыр түсті болады. Жоғары сортқа жататын бұл балдың ерекше иісі 
бар. 
1.3 Ара балы халал .                                       
Бал үнемі адамзат баласының құрмет тұтатын тағам түрлерінің бірі болып табылады. Аспандық кітаптарда, атап 
айтқанда, Құран Кәрім, Інжіл, Таурат, үнді діни кітаптары, сондай-ақ Греция мен Римнің ежелгі жазбаларында бал арасы 
өте пайдалы да еңбекқор жәндіктердің бірі ретінде суреттелген. Ара балы күш-қайрат беретін және шипагерлік қасиетке ие 
зат деп атаған.
Інжіл ара балын молшылық пен нығметтің символы деп есептейді. Құранда да ара балы Алланың шапағаты ретінде 
аталып өтілген. Құранның бір сүресі – «Нахл» деп аталады.  Ол бал ара деген мағынаны береді. Алла тағала Құранда балды 
адамдарға шипа   сыйлаушы зат ретінде таныстырады.
Зерттеу орталықтарындағы зерттеушілер бал құрамында кездесетін басқа бір элементті табуға тырысуда. Олар бал 
құрамындағы құдай берген сансыз қасиеттерді іздестіруде.
Ислам Пайғамбары (с.) бал жайлы былай дейді: "Алла тағала балдың бойына береке жинады. Ол әр түрлі ауруларды 
емдей алады. 70 пайғамбар Алла тағаладан оның пайдасының қаншалықты ұзаққа созылатынын сұраған".
Алла тағала «Нахл» сүресінің 68-69 аяттарында осы құнды зат туралы былай дейді: "(Мұхаммад ғ.с.) Раббың араға: 
"Таулардан, ағаштардан және лапастардан ұялар жинап ал!"деп нұсқады. Жаратылыс қабілет берді. "Сонан соң әр түрлі 
өсімдіктер же де Раббыңның қолайластырған жолына түс!" Араның ішінен түрлі түсті бал шығады. Онда адам баласы үшін 
шипа бар. Шынында мұнда да ойлайтын қауым үшін әлбетте ғибрат бар."
Құран бойынша, араның тіршілігі және оның адамға сыйлық ретінде берілгені көкірек көзі ашық адамға Алла тағаланың 
құдіретінің белгісі болып табылады.
33

Бұл аяттарда Алла тағала адамдардың көңілін балдың әр түрлі түсіне аударады да, оны "әр түрлі түске ие сусын" деп 
суреттейді. Балдың түсі араның қай гүл, қай өсімдікке қонғанына байланысты әр алуан болып келеді.   
     Қорытынды
Аралар - аса пайдалы жәндіктер. Емдік қасиеті мол тағам түрлерінің ішінде табиғи балдың алар орны ерекше. Халық 
медицинасы бал арқылы ем қабылдауды осыдан 4000 жыл бұрын білгенді. Грек елінің ұлы ғалымы Пифагор «Ұзақ өмір 
сүрудің себебі - балды жиі қабылдағаннан» десе, әлемге әйгілі медицина ғалымы,  жазушы  Абу ‘Али Ибн Сина
 «Егер жастық шағыңды сақтап қалғың келсе, балды жиі же!» - деген екен.
Ара балының химиялық құрамы шырын жинаған өсімдіктердің түріне, ол өскен топыраққа, сол жердің ауа-райының 
жағдайына және балдың түрлеріне тығыз байланысты болады екен.
Гүл балының құрамында 12-13 пайыз су, 0,4 пайыз белок, 0,3 пайыз күл, көмір сутегі, глюкоза, жүзім қанты, сахороза, 
мальтоза, т.б. бар. Және де В3, В5, А, С, Н, Е, К дәрумендері, минералды тұздар, ферменттер, сондай-ақ, химиялық 
элементтер (калий, кальций, фосфор, хлор, күкірт, натрий, темір, марганец, мыс, т.б.) кездеседі. Бұлардан басқа алма, жүзім,
қымыздық тә-різді қышқылдар да болады . Ара балының сапасын, негізінен, хош иісі, дәмі, түсі, тығыздығы, ылғалдығы, 
қоректік, жабысқақтық қасиеттері арқылы анықтайды.  Ара балының қуаты жоғары.  Оның 1 келісі 3150 кал қуат береді. 
Ара балы адам ағзасын дәрумендермен, белокпен, ферменттермен тағы да басқа тіршілікке қажетті заттармен байытып, 
қамтамасыз  етеді.  Балды құрғақ, жақсы желдетілген бөлмеде 5 градустан 10 градусқа дейінгі температурада сақтайды. 
Балды тоңазытқышта сақтауға болмайды екен.
Американдық ғалымдардың айтуына қарағанда, араның балымен көптеген ауруларды емдеуге болатыны белгілі болды. 
Румыния дәрігерлері «катарка» деген көз ауруымен ауратын адамдарды балмен емдеген. Соның нәтижесінде бірнеше 
жылда, бал қабылдап емделген 2094 науқастардың 2002-сі дерттерінен толық жазылған екен. Польшалық дәрігерлер бал 
арқылы көптеген тері ауруларын жаздыртуға болатынын мәлім етті. 
Қолда бар заттың қадірін біліп , дұрыстап тұтына білейік!
Пайдаланған әдебиеттер:
1.Бала тәрбиесі журналы  2010ж  [8]
2. Ерке журналы  2009ж
[7]
3. Жәрдем газеті 2010ж [ 4]
* * * * *
Ақтөбе қаласы,  №5 орта мектебінің
2
а 
класс оқушысы Абдреймова Дилфуза
Мұғалімі: Токраулова Гульсим Межешевна
Ақыл
Ақыл – асыл қасиет,
Ақылсызға ол қонбайды.
Ақылды бала саналы,
Ол әдепсіз болмайды.
Ақылды бол, достарым,
Ақыл берер жемісін.
Жақсылармен дос болың,
Жақсылықты қостадым.
* * * * *
ҚАЗАҚТЫҢ ҚАСИЕТТІ САНДАРЫ
Хромтау қаласы «Бастау»  мектепішілік ғылыми қоғамы
Тақырыбы:  Қазақтың қасиетті сандары Бағыты:   математика 
      Орындаушы:   №5мектеп-гимназиясының  8-класс оқушысы Алпысбай Әлия
 Жетекшісі:  Дуйсембаева Н.У. 
“Қанша ғылым болмасын онда қанша  математика болса, соншама шындық болады.”  И.Кант
Кіріспе бөлімі :
«Қазақтың қасиетті сандары» атты ғылыми жобада жас зерттеуші өз ұлтының салт-санасы мен ата-
бабасынан келе жатқан дәстүрін зерттей отырып, бойына ана сүтімен, әке қанымен сіңірген әрбір ұрпақ
осы заман талабына сай біліммен қаруланса, ел келешегі еңселі, мәртебесі биік, арманы асқақ, елдің мерейі үстем болмақ 
екендігін дәлелдейді. 3, 4, 5, 6, 7...т.б.сандарының қадір-қасиетін біле отырып, әрбір сан жайлы ой толғанысын тудыру, 
білімге деген құштарлықты оятады.     Қазақ халқының киелі сандарын оқи отырып, олардың сырларын терең ұғындыру 
арқылы ұрпағымыздың бойына ұлттық дәстүрді сіңіру тәрбиесін әрі қарай дамытамыз. Зерттеу барысында өзіндік 
көзқарасымді білдіріп,ұтымды ұсыныстар жасадым.  
Зерттеу   өзектілігі  :     Әрбір   мемлекет,   әрбір   ұлт   өз   өкілінің   білімі   мен   бойындағы   ерекше   қасиеттері,   таланты   мен
дарындылығы,   өзгелерден   ерекше   табиғи   қабілеті   арқылы   биіктерден   көрініп,   басқаларға   қарағанда   оқ   бойы   озық
тұратынымен бағаланады.         Атақты ғұлама Пифогор : «Әр сан өзіндік ерекшелікке ие» деген екен. Ғалымдардың  бұл
тұжырымдарына  сену-сенбеу әркімнің өз еркінде. Басқа ғылымдар мен дін қағидаларыныңда болжамдарға сай келе бермеуі
мүмкін. Дейтұрғанмен, әр санның  адам өмірінде белгілі бір маңызға  иеленетінін  жоққа шығара алмаспыз.
Қазақ халқы бір санынан бастап әр санның қадірі мен қасиетін салмақтап, өзіне тән ерекшелігін саралай білген, әр санның
өзіндік қасиеті шариғатқа қатысты, тәрбиелік 
34

мәні, саналы орнына, маңызына сай қолданған, әр санда өзіндік кие болатынын, мақсаты мен мағынасы болатынын сезе,
түйсіне білген.
Оқушыларды халқымыздың салт-дәстүріне бесіктен бастап, қолына ойыншық ұстап ойнаудан, кітап бетін ашып алғашқы 
әріп үйренуден-ақ 3, 4, 5, 6, 7, сандарының қадір-қасиетін біле отырып, әрбір сан жайлы ой толғанысын тудыру, білімге 
құштарлықты ояту ұлттық мақтаныш рухында тәрбиелеуде үлкен маңызы бар. Өз ұлтының салт-санасы мен ата-бабасынан 
келе жатқан дәстүрін бойына ана сүтімен, әке қанымен сіңірген әрбір ұрпақ өз ұлтының  тәрбиесіне сай біліммен қаруланса, 
ел келешегі еңселі, мәртебесі биік, арманы асқақ, елдің мерейі үстем болмақ.   
Мақсаты:  Халық  қазынасы  болып  саналатын  киелі  сандардың  қадірі  мен қасиетін салмақтап,  өзіне  тән  ерекшелігін
саралай   отырып,балалардың   әрбір   сан   арқылы   салт-дәстүрді   үйренуін,ой-толғанысын   тудыру,   қасиетті   сандар   арқылы
ұлттың салт-дәстүрін сол қалпында сақтап қалу, ата-бабасынан келе жатқан дәстүрін қасиетті 
сандармен байланыстыра отырып өз орнына сай қолдануы жайында мағұлматтарды   ұрпақ  қажеттілігіне жарату. 

Міндеттері: Қасиетті сандармен танысу.

Қасиетті сандардың өмірде алатын орнын түсіндіру.

Әрбір киелі сандардың сандар қатарында орнын көрсету.

Әр түрлі қасиетке ие  болатын сандарды зерттеу.

Қасиетті сандар сырына үңілу.
Мәселе: Білім беруде және тәрбие саласында қасиетті сандардың алатын орнын зерттеу. 
Зерттелетін зат:
 Қазақ халқының киелі сандарын оқи отырып,  сандар мен олардың сырларын терең ұғындыру арқылы өз бойымызға 
сіңіріп, әрі қарай зерттеу.
  Зерттеу жұмысының әдістемесі: -    әдебиеттерге шолу жасау;    
-
тәжірибелер жүргізу;
-
үлкен кісілерден қасиетті сандар туралы сұхбат алу.  
-
оқушылар арасында сауалнамалар жүргізу;
Зерттеудің    әдіс-тәсілдері: Қасиетті сандар туралы  үлкен кісілерден,математика пәнінің мұғалімдерінен  мәлімет 
жинау, сауалнамалар өткізу, талдау,іздену,сұхбат алу,жаңалықтар ашу.
Зерттеудің   жаңалығы:  Ұлттық   қазына   болып   табылатын   халқымыздың   қасиетті   сандарына   байланысты   ұлағатты
сөздерін ( мысалы: жеті қазына,жеті ата, тоғыз құмалақ,сәбиді қырқынаң шығару,...т.б.) қолдануды бесіктен бастап, қолына
ұстайтын   түрлі   ойыншығына   негіздеп   жасаса,   балаларға   арналған   түрлі   кітапшалар   шығарса,   алғашқы   мектеп
табалдырығын аттағанда әліппе мен математика оқулықтарына суретімен енгізсе,кішкентай бөбектеріміз  ойыншық ұстап
ойнаудан, кітап бетін ашып алғашқы әріп үйренуден-ақ  киелі сандарының сырларын терең ұғынар еді, қасиетті сандарға
байланысты ұлағатты сөздердің қадір-қасиетін ерте жастан бастап толық түсініп, ұлағатты сөздерді орнымен қолданып
үйренеді, халық қазынасының ерекшелігі жайлы ой толғап, білуге құштарлығы артар еді,   яғни,бала ұлттық мақтаныш
рухында тәрбиеленеді. Мысалы: Неге кукла Барби ойыншығы секілді  Айдар бала ойыншығын жасамасқа,қазіргі кішкентай
балалар ойнап жүрген түрлі түсті мазайкаларды құрастыруға үш санына  арналған   үш бастау – Аспан, Жер, Адам. Адам
өміріне   қуат  беріп  алдыға  жетелеген  Ақыл,  Жүрек,  Тіл    алынса,   қазақ  күнтізбесі  бойынша  12  айдың     жәндіктері  мен
хайуаннаттарын ( тышқан, сиыр, балық, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз.) және жарықтың үш көзі –
Жұлдыз,   Күн,   Ай   туралы,жеті   түсті     кемпір   қосақ   түстерін   құратын   кубиктер   шығарса,   бесік   ойыншығын   барлық
жабдықтарымен бала ойнайтындай етіп шығару керек /слайд ұсынған, өз қолымен жасаған ойыншықтар/.                               
Айдар бала          кубик-рубик                          мазайка
кітапшалар
          

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет