Басқа ұлт өкілдерімен қай тілде сөйлесесіз сұрағының талдауы:
21 (56,8%) – тек қана қазақ тілінде;
4 (10,8%) – қазақ және орыс тілінде;;
2 (5,4%) – тек қана орыс тілінде;
1 (2,7%) – қарақалпақ және қазақ тілінде;
1 (2,7%) – қарақалпақ, қазақ және орыс тілінде;
1 (2,7%) – қазақ, орыс және өзбек тілінде;
7 (18,9%) – мәліметі көрсетілмеген.
Тілдік жағдайды талдау нәтижелері Қазақстандағы қарақалпақтар үшін «тілдік фактордан» туындайтын мәселелердің жоқтығын көрсетті. Қарақалпақтардың көбі (70%) қазақ тілін еркін меңгерген немесе олардың басым бөлігі (83,3%) қазақ тілінде түсінісе алады. Респонденттердің ешбірі тілдік негіздер бойынша олардың құқықтарын бұзу фактілерін белгілеген жоқ. Тіл саясатының неғұрлым қолайлы модельдері ретінде қазақстандық қарақалпақтар мемлекеттік тіл – қазақ тілін және ресми тіл – орыс тілін қатар қолданатын «қостілді» болып келеді (95%).