АПТАЛЫҚТАН АЛАРЫҢ КӨП
Бастауыш сыныптар бойынша оқу ісі меңгерушісі Шортан Ә.Т.
Бастауыш сыныптар әдіс бірлестігінде онкүндік өткізілді. Әрине, онкүндік өткізу үшін міндетті түрде пән
мұғалімдерімен ақылдасып, бірлестік жетекшісі Жуванышбекова Сағадат өтілу жоспарын жасап, бекіткізді.
Сол бекітілген жоспар бойынша іс-шаралар өткізілді. 1-сыныптар бойынша «Бақытты балалық» тақырыбында
сурет салу сайысы өтті. Оны 1-сынып мұғалімдері Сабырбекова Сажида мен Абдрашова Айнұр ұйымдастырды.
Ал 2-сыныптар бойынша «Менің Отаным Қазақстан» тақырыбында мәнерлеп оқу конкурсы өткізілді.
Ұйымдастырушылары 2-сынып мұғалімдері Қалиева Ләззат, Есмағұлова Күлайхан. 3-сыныптар арасында
«Шоқан ата мектебі - мақтанышым» шығармалар конкурсы өткізілді. Ұйымдастырушылар Алыпкелова
Алтынай және Маймақова Гүлжамал. 4-сыныптар бойынша С.Бегалиннің туылғанынына 120-жыл оқырмандар
конференциясын ұйымдастыру. Жауапты Сүлейманова Эльмира.
Сонымен бірге, жоспарлы түрде ашық сабақтар өткізілді. 1-сынып мұғалімдері 1 «а» Тумабаева Гүлзат, 1
«ә» Боранбаева Гаухар, 1 «б» Сабырбекова Сажида, 1 «е» Әмірова Райгүл, 1 «г» Абрашова Айнұр сауат ашу
пәндерінен ашық сабақ өткізсе, 1 «д» сынып мұғалімі Әбеуова Бақытгүл математика пәнінен ашық сабақ
өткізді. 1 сынып мұғалімдеріне тән ерекшелігі сол толық әріптерді танып үлгермеген 1-сынып оқушылары
мәтіннің мазмұнынын баяндап беруі, авторлық әңгімелер орындауы, рөлдерге бөліп жұмыс орындауы т.б.
жетістіктері. Тіпті кейбіп оқушылардың өз бетімен жұмысты орындауға бейімделуі. 1 «б» сыныбында өтілген
сауат ашу пәнінен ашық сабаққа ата-ананда қатысты. Ата-ананың ризашылығында шек жоқ. Себебі өзі бұрын
мұғалім болған екен. Бұрынғы пән мұғалімдері мен бастауыш сынып мұғалімдерінің еңбекгін салыстырып таң
қалды. Бір 35 минутта оқыту дамыту, жазу дәптерімен талапқа сай жұмыс орындау. Қанша дегенмен жоғарғы
сынып мұғалімдері дайын балаларға ие болатынын, ал бастауыш сынып мұғалімдерінің 3 айдың ішінде 1-
сынып оқушыларымен жан-жақты жұмыс орындауы ата-ананы риза жасады. 2- сынып мұғалімдері 2Ә
Есмағұлова Күләйхан әдебиеттік оқу пәнінен ашық сабақ өткізді. Мұғалімнің жетістігі сол еш уақытта
оқушыға дайын дүниені бермейді үнемі оқушыны ізденіске баули отырып, жаңа сабақ тақырыбын, мақсатын
ашуға баулиды. Жалпы айтқанда еңбектің нәтижесін жан- жақты көрсетеді.2б сынып мұғалімі Досжанова
Балжан математика пәнінен, 2В сынып мұғалімі Ниярова Ұлдай қазақ тілі пәнінен ашық сабақтар өткізді
Мұндада әр пән мұғалімінің өз ерекшеліктері басым. Әсіресе. Ниярова Ұлдайдың пәнаралық байланысты шебер
ұйымдастыруы «Бесік басында», М.Мұқатаевтың «Шеше» өлеңдерін оқушылар сергіту сәтінде мәнерлеп
оқуы , тақтамен жұмыс барысында тақтаны дұрыс пайдалануы т.б. 2Е сынып Тайжанова Ләззат математика
пәнінен математикалық ұғымдарды бастауыштан бастып меңгертуге жан- жақты жұмыс көрсетті.
3Ә сынып мұғалімі Абиханова Жанат қазақ тілі пәнінен, 3В сынып Сатамбааева Майгүл дүниетану
пәнінен оқытумен бірге ауаның құрамын таныстыру мақсатында жасаған практикалық жұмыстары үлкен
нәтиже берді.
3Д сынып Қайранбаева Алмагүл өдебиеттік оқу пәнінен Ж.Жабаевтың өмірін әңгімелей келіп,
сахналық көрініс арқылы жеткізуі 3Е сынып Жуванышбекова Сағадат әдебиеттік оқу пәнінен өткізген сабағы
топпен жұмыстың түрін жан- жақты қамтыды.
4- сыныптар бойынша 4 Б сынып Абейбекова Раушан дүниетану пәнінен сынып оқушыларын ғылыми
түрде білім беретінін жан- жақты көрсетсе, 4В сынып мұғалімі Сулейманова Элмира дүниетану пәнінен сынып
оқушыларын жаңаша оқытудың түрін жан- жақты көрсетті. БББ - арқылы оқушы білімін бағалауы. 4Г сынып
Қашқынова Айжан қазақ тілі пәнінен оқулықпен, тақтамен, дәптермен жұмыстың байланысын түрлендіріп
көрсетуі сергіту сәтінде сыныптағы күйші Нұрғисаның күйін тыңдатуы.
Бұлайша бастауыш сыныптар әдіс бірлестігінде өткізілген онкүндіктегі әр іс- шарамен айналысқан пән
мұғалімдерінің бұлақ көрсең көзін аш дегендей, білімге құштар шәкірттерге үлкен ізтемпаздықпен ашық сабақ
өткізген мұғалімдердің еңбектерін паш етпей кете алмадым. Себебі , өрлеу педагогикалық шеберлігі орталығы
бойынша 1 және 3деңгейдегі мұғалімдер бізде көптеп саналады сол мұғалімдеріміз әрқашан әріптестеріне
үйретумен келеді. Ал ұстаздарымыз соны үйреніп, тиісті жерлерін сабақтарына майдалануға тырысып, тіпті
пайдаланып отырғанына қуандым. Себебі, 45 жыл ұстаз болсаңда , 45 минутыңа дайындал деген қатаң ұстамды
мәңгі ұстап қалайық әріптестер!
ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУ МАҚСАТЫНДА ЖАҢАШЫЛ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
ЖӘНЕ АҚПАРАТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ
Оқу ісінің меңгерушісі,
ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері
Маликова Найла Токтамуратовна
Жақсы мұғалім – бұл қай кезде де ең алдымен кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық,
шығармашылық әлеуметі мол тұлға. Ол оқытудың жаңа технологияларын өмірге ендіруге дайын, оқу-тәрбие
ісіне шынайы жанашырлық танытатын қоғамның ең озық бөлігінің бірі. Әрине қазргі жаңашыл мұғалімдерге
қойылатын талап күшейді. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына жолдауларының бірінде «Білім беру
жүйесін жаңғырту барысында педагогтар құрамының сапасын арттырудың маңызы зор. Мектеп
оқытушыларының біліктілігін арттыруға деген талаптарды күшейту қажет» - деген болатын. Бүгінгі күннің
талаптарына сәйкес бізің гимназиямызда 16 мұғалім деңгейлік курс бағдарламасын меңгерген. Оның ішінде
бірінші деңгей бағдарламасын меңгерген мұғалімдер саны –7, екінші деңгей бағдарламасын меңгерген
мұғалімдер саны – 4, үшінші деңгей бағдарламасын меңгерген мұғалімдер саны – 5.Гимназиямыздағы
деңгейлік курстан өткен мұғалімдер деңгейлік бағдарлама мазмұнының басым бағыттарын негізге ала отырып
түрлі жұмыстар жүргізу арқылы гимназия мұғалімдеріне оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдерді үнемі өз
сабақтарында тиімді қолдануға оң ықпал етіп келеді. Соның бірі 2016 жылдың 17 ақпаны күні мектебімізде
«Заманауи білім беру мақсатында жаңашыл педагогикалық және ақпаратық технологияларды қолдану»
тақырыбында өткізілгенүлкен әдістемелік күн. Әдістемелік күннің бағдарламасына сәйкес оқытудың жаңа
технологияларын қолдана отырып, түрлендірілген алты ашық сабақтар және мұғалімдерге оқытудың жаңа әдіс-
тәсілдерін меңгерту мақсатында үш коучинг сабақтар өткізілді. Ашық сабақ өткізген мұғалімдер: Какенова
Бибігүл (ағылшын тілі), Алимбай Салтанат (география), Паримбекова Айгүл (биология), Дүйсембаева Мөлдір
(қазақ тілі), Есмагулова Күлайхан (бастауыш сынып), Абдрашова Айнұр (бастауыш сынып). Маликова Найла,
Байтасова Лиза, Қосбергенова Лиза «Дарынды, талантты оқушыларды оқытуда интербелсенді әдіс-тәсілдерді
тиімді қолдануға ықпал ету» тақырыбында, Буранбаева Гаухар, Тумабаева Гүлзат «Оқыту мен оқудағы жаңа
әдіс-тәсілдер» тақырыбында, Жуванышбекова Сағадат, Қалиева Ләззат «Оқытудағы кері байланыстың
тиімділігі» тақырыбында тамаша кучингтер өткізді.
Осы әдістемелік күнде деңгейлік курстан өтіп келген мұғалімдер оқыту мен оқуда заманауи білім беру
мақсатындағы жаңашыл педагогикалық және ақпараттық технологияларды тиімді қолданудың әдіс-тәсілдерін
жан-жақты көрсете білді.
Гимназия мұғалімдері әдістемелік күннен алған әсерлерін бейресми отырыста (кофе брейк) ортаға
салды. Әдістемелік күн өте жоғары деңгейде өтті. Гимназия мұғалімдері осы әдістемелік күнде өздерінің
педагогикалық шеберліктерін тағы да бір шыңдап, жаңаша оқытуға, жаңалыққа деген ынталары арта түсті.
РЕФЛЕКСИВТІ ЕСЕП
Буранбаева Гаухар Абдикаримовна,
Алматы қаласы. Ш.Уәлиханов атындағы №12мамандандырылған
гимназияның бастауыш сынып мұғалімі
Қ.Р.білім беру ісінің Құрметті қызметкері
Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназияның бастауыш сынып
мұғалімдерінің және мектеп психологы мен директордың оқу ісі жөніндегі
орынбасарының қатысуымен мұғалімдердің тәжірибесіне жаңалық енгізу мақсатында
ұйымдастыру бағытындағы коучинг сессия
Коучинг тақырыбы:«Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау»
КОУЧИНГ МАҚСАТЫ:
1. БАҒАЛАУ ЖӘНЕ БАҒА АЙЫРМАСЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК БЕРУ
2 .ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ ЖӘНЕ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ МАҢЫЗЫН АШУ,
ҚАЖЕТТІЛІГІНЕ КӨЗ ЖЕТКІЗУ ҮШІН КӘСІБИ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ
3.жаңа тәсілдерді қолданудың тиімділігіне көз жеткізу, олармен жүргізілетін жұмыс түрлерімен таныса отырып,
жұмыстың жүргізілуін жүйеге келтіруге ықпал жасау. Тәжірибелі ұстаздардың іс-тәжірибелерімен таныса
отырып, ой қосу, ой бөлісу.
Коучингті өткізу үшін бастауыш сыныптар арасынан еңбек өтілі және іс-тәжірибесі мол ұстаздар таңдалып
алынды. Мұндағы себеп: бастауыш сынып бірлестігі ұстаздарының арасында іс-тәжірибесі аз ,жас
мамандардың болуы.
КОУЧИНГТІҢ ӨЗЕКТІЛІГІ МЕН КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ:
1.МҰҒАЛІМДЕР ДЕСКРИПТОР ҚҰРЫП ҮЙРЕНЕДІ.
2.Мұғалімдер оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді өз тәжірибесіне қалай ықпалдастыру керектігін түсінеді
ТҮЙІНДІ ИДЕЯЛАРЫ:
1.ОҚУШЫЛАРДЫ ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУҒА ҮЙРЕТЕДІ.
Коучингті бастауыш сыныптың 12 мұғалімі мен мектеп директорының оқу –тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Шортан Әсия Тақабайқызы және мектеп психологіҚосбергенова Алтынай қатысты. Коучингті деңгейлік курс
бағдарламасынан дәріс алған коуч мұғалімдер жүргізді.Атқарылатын іс шаралар алдын-ала жоспарланды,
бекітілді. Коучингті жоспарлау барысында іс-тәжірибесі мол , тақырыпқа сәйкес жұмыс түрлерін көрсете
отырып, мұғалімдерге бағыт-бағдар беретін ұстаздардың үлесі мол болды.3 деңгей мұғалімдері : Есмағұлова
К.Ж. және Айнұр сабақ үстінде кун сайын қолданып жүрген бағалау түрлері бойынша тәжірибелерімен
бөлісті.Әр мұғалімге коучингке дайындалуға бірнеше бөлімдер бөлініп берілді және уақыттары белгіленді.
1. Дайындық
бөлімінде
Қатысушылар суреттер арқылы топтарға бөлінді.Сурет мазмұнын ашып топтасты. Одан кейін
психологиялық тренинг арқылы көңіл күйге жаттығу жасалынды. Мұғалімдер шеңберге тұрып, бір біріне
жақсы тілектер айтты.
2. Бірінші бөліміндеЕсмағұлова К.Ж. бағалаудың сабақта қолдану шеберлігін көрсетсе, Айнұр апай
дескрипторлар туралы өз тәжірибесін ортаға салды. Мұғалімдерге Кембридж бағдарламасы негізінде 3–
деңгей нұсқаулығынан заманауи түсініктемелер айтып өтті.
3. Қазіргі таңда оқушыларды сабақ үстіндегі бағалау мәселесіне , бірін бірі бағалау мәселесі әлем деңгейінде
маңыздылығы анықталып отырғанын айтып өтті.Тәлім алушы ұстаздардың жасап, пайдаланып жүрген
бағалау түрлерін назарларына ұсынды.Оқушылардың сабақ үстіндегі белсенділігіне, қызығушылығын
дамытуға ықпалының зор екендігіне тоқталып, тиімді тұстарын атап көрсетті.
Презентация арқылы «Оқуды бағалау», «оқу үшін бағалау», «бірін бірі бағалау» жасаудың үлгілерін
көрсетті.Сабақ үстіндегі мұғалімнің рөлі, атқаратын әрекеті жайлы ойларын ортаға салынды.
3 .Мағынаны ашу кезеңінде
«Галерея» әдісі қолданылды. Мұғалімдерге түйенің суретін салуды ұсынды.
Салып болған соп топтарды аралап ұсыныс жазды. Топтардың постерлеріне баға қойылды. Түйенің суретін
салып, топтарға ұсыныс жазады.
Топпен жұмыс 5минут
Қорғау 2 минут
4 Дескриптор құрастырып, қарсы топтарды бағалау жұмысы біраз қиындықтар туғызды. Ең ұтымды
құрастырылған дескриптор бағалау кезінде анықталды
Топтық жұмыс10 минут
Қорғау 2 минут
5.Келесі кезектебағалауды орындауБағаның әділ қойылғанын дәлелдеу үшін
Мини-лекция тарату. интерактивті тақтадан лекцияға шолу жасау. Лекцияны оқып болып «Білдім, Білгім
келеді» бағанын толтыру. Бұл тапсырма коучинг –сессия тақырыбын және мақсатын анықтап берді.
«Екі жұлдыз, бір тілек» Коучингтен алған әсерін стикерге жазады. «Екі жұлдыз, бір тілек» жасалды.
Мұғалімдер коучингтен түйген ойларын ортаға салды.
6 .Коучинг тақырыбы бойынша «Өрлеу» мұғалімдердің білімін жетілдіру институтында 2-3 негізгі
деңгейлік курста білім жетілдіріп келген мұғалімдердің және тәлім алушы педагогтардың өз ойларын
ортаға салумен қорытындыланды.
Рефлексия кезінде «Қай ағашты таңдайсың?»стратегиясын пайдалануды жөн санадым.
Рефлексия жауаптары бойыншабүгінгі өткізіліп отырған коучинг-сессия сәтті болды деп есептедім.Бірақ бұл
тақырып біраз қиындықтар туғызды.Болашақта коучингтен алған іс-тәжірибелерді, ұсыныстар мен пікірлерді
сабақтарда қолдану тапсырылды.Қорыта келгенде, коучингте көтеріліп отырған тақырып өзекті. Себебі,
алдымызда тәлім-тәрбие беріп отырған шәкірттеріміздің таным белсенділігін арттырып, сабаққа
қызығушылығын арттыру үшін және оқу үдерісін нәтижеге бағыттау үшін бағалаудың жаңа түрлерін қолдану
заман талабы. Мұғалім мен оқушылардың ынтымақты байланысын жетілдіру, оқушының бойындағы
қабілеттерді анықтап, шығармашылыққа тәрбиелеу әрбір ұстаздың міндеті.
Болашақта: Әдістеме бірлестік отырысында бүгінгі өз іс-тәжірибелерімен бөліскен ұстаздардың жұмыстарын
жинақтап, топтастырып, талдап, мұғалімдерге сабақтарында бағалаудың түрлерін қолдануға көмек көрсету
қажет деп табылды.
РЕФЛЕКСИВТІ ЕСЕП
Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназияның бастауыш сынып мұғалімдерінің және мектеп
психологы мен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарының қатысуымен мұғалімдердің тәжірибесіне
жаңалық енгізу мақсатында ұйымдастыру бағытындағы коучинг сессия өткізілді.
Коучинг тақырыбы: «ҚЫСҚА ЖӘНЕ ОРТА МЕРЗІМДІ ЖОСПАРЛАУДЫ ЕНГІЗУДІҢ ТИІМДІЛІГІ»
КОУЧИНГ МАҚСАТЫ: 7 модульді байланыстыра отырып, оқыту үдерісін жоспарлауды, орта мерзімді сабақ
топтамасын жасаудың тиімді жолдарын көрсету. Бастауыш сынып мұғалімдерінің оқыту мен оқу үдерісін
жоспарлауда жаңа тәсілдерді қолданудың тиімділігіне көз жеткізу, олармен жүргізілетін жұмыс түрлерімен
таныса отырып, жұмыстың жүргізілуін жүйеге келтіруге ықпал жасау. Тәжірибелі ұстаздардың іс-
тәжірибелерімен таныса отырып, ой қосу, ой бөлісу.
МІНДЕТТЕРІ:
Мұғалімдердің жеке тұлғалық және кәсіби ерекшеліктерін дамыту, озық тәжірибелермен таныстыру,
өздерінің тәжірибесіне сыни көзқараспен қарай білуге , өз тәжірибесіне кері байланыс жасап, рефлексивті
есеп беруге психологиялық тұрғыдан дайындау.
Мұғалімдердің кәсіби және жеке даралық қабілетін анықтай алуына және оқыту үдерісіне зерттеушілік
көзқараспен қарауына психологиялық –педагогикалық көмек көрсету.
Коучингті өткізу үшін бастауыш сыныптар арасынан еңбек өтілі және іс-тәжірибесі мол ұстаздар таңдалып
алынды. Мұндағы себеп: бастауыш сынып бірлестігі ұстаздарының арасында іс-тәжірибесі аз ,жас
мамандардың болуы.
КОУЧИНГТІҢ ӨЗЕКТІЛІГІ МЕН КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ:
Мұғалімдер оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді өз тәжірибесіне қалай ықпалдастыру керектігін түсінеді
ТҮЙІНДІ ИДЕЯЛАРЫ:
Коучингтер арқылы орта мерзімді сабақ жоспарын жасаудың тиімділігін.алдыңғы қатарлы тәжірибелерді
үйренеді.
Коучингті бастауыш сыныптың 12 мұғалімі мен мектеп директорының оқу –тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Шортан Әсия Тақабайқызы және мектеп психологы Қосбергенова Алтынай қатысты. Жұмысты бастауыш
сынып мұғалімі Буранбаева Гаухар, жүргізіп отырды. Коучинг алдын-ала жоспарланды, бекітілді. Коучингті
жоспарлау барысында іс-тәжірибесі мол , тақырыпқа сәйкес жұмыс түрлерін көрсете отырып, мұғалімдерге
бағыт-бағдар беретін ұстаздардың үлесі мол болды.Әр мұғалімге семинарға дайындалуға бірнеше бөлімдер
бөлініп берілді және уақыттары белгіленді.
4. Қатысушыларды Коучинг «ҚЫСҚА ЖӘНЕ ОРТА МЕРЗІМДІ ЖОСПАРЛАУ»тақырыбында дайындаған
Буранбаева Г.А.таныстырылымынан басталды. Коуч деңгейлік курстың 1 – деңгейі бойынша тәлім
алған.Мұғалімдерге Кембридж бағдарламасы негізінде 1– деңгей нұсқаулығынан заманауи түсініктемелер
айтып өтті. Тізбектелген сабақтар топтамасын жасаудың маңыздылығына тоқталды.Тәлім алушы
ұстаздардың жасап, пайдаланып жүрген жоспарларын назарларына ұсынды.Модульдік технологиямен
ұқсас жерлерін атай келе, тиімді тұстарын атап көрсетті.
Презентация арқылы «Оқу бағдарламасы», «орта мерзімді жоспар», «қысқа мерзімді сабақ жоспары»
жасаудыңүлгі жоспарларын көрсетті.
2.Сиқырлы шаршы арқылы топтарға бөлінген мұғалімдерге топтық тапсырмалар берілді.
1.Дәстүрлі жоспарлар мен жаңа типтегі жоспарлардың айырмашылығын анықтау
2.Сіз таңдайтын жоспар үлгісі . Не себепті оны таңдадыңыз? Жаңа жоспардың тиімділігі неде деп
ойлайсыз?
Топпен жұмыс 5минут
Қорғау2минут
5. «Орта мерзімді жоспарлау» тақырыбында постер қорғау
Топтық жұмыс10 минут
Қорғау2минут
6. Бағалау
«Екі жұлдыз, бір тілек» Коучингтен алған әсерін стикерге жазады. Стикер тарату «Екі жұлдыз, бір тілек»
жасалды. Мұғалімдер коучингтен түйген ойларын ортаға салды.
7. Келесі кезекте
8. Коучинг тақырыбы бойынша «Өрлеу» мұғалімдердің білімін жетілдіру институтында 2-3 негізгі
деңгейлік курста білім жетілдіріп келген мұғалімдердің және тәлім алушы педагогтардың өз ойларын
ортаға салумен қорытындыланды.
Мұғалімдер жоғары белсенділікпен қатыса отырып, Қожаның алты қырын айқындап аша түсті. Бұл тапсырма
коучинг –сессия тақырыбын және мақсатын анықтап берді.
Рефлексия кезінде «Чемодан, еттартқыш, күл-қоқыс кәрзеңкесін» пайдалануды жөн санадым.
Чемодан– барлығы керек, жинақтаймын;
Еттартқыш- керектісін аламын;
Күл-қоқыс кәрзеңкесі- ешнәрсе керек емес, лақтырамын;
Рефлексия жауаптары бойыншабүгінгі өткізіліп отырған коучинг-сессия сәтті болды деп есептедім. Болашақта
коучингтен алған іс-тәжірибелерді, ұсыныстар мен пікірлерді қолданамыз.Қорыта келгенде, коучингте
көтеріліп отырған тақырып өзекті. Себебі, алдымызда тәлім-тәрбие беріп отырған шәкірттеріміздің дарыны мен
талантын аша отырып, оқыту мен оқу үдерісін нәтижеге бағыттау үшін мұғалімнің жұмыс жоспарларын тиімді
құрастырып, нәтижеге бағыттау қажет деп түсінеміз.Мұғалім мен оқушылардың ынтымақты байланысын
жетілдіру, оқушының бойындағы қабілеттерді анықтап,жарыстарға қатыстыру, ата-анамен үнемі байланыста
болу, бірлесіп жұмыс жасау әрбір ұстаздың міндеті.
Болашақта: Әдістеме бірлестік отырысында бүгінгі өз іс-тәжірибелерімен бөліскен ұстаздардың жұмыстарын
жинақтап, топтастырып, талдап, мұғалімдерге ҰМЖ,ОМЖ,ҚМЖ үлгілері негізінде жаңаша жоспарлауға
сатылап көшіруге көмек көрсету көшбасшы мұғалімдерге тапсырылды.
ГИМНАЗИЯ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ ЖОЛДАРЫ
Буранбаева Гаухар Абдикаримовна
Бүкіл әлемдік білім жүйесінде өзгерістер қазір кеңінен қолданылуда. Әлемнің үздіксіз даму салдары қоғамның
маңызды салаларының, оның ішінде білім беру саласының өзгеруінің міндеттілігіне тірейді. Олай болмаған
жағдайда ел дамуы туралы ой қозғау қиынға түспек. Өйткені даму – білім сапасын арттыру ғана емес, сол
алынған білімді жаңа бастамаларға құя білу. Білім жүйесіне мемлекеттің идеологиялық және экономикалық
саясатында басымдық беру, оны ұйымдық-құрылымдық тұрғыдан жаңарту, қаржылық, ғылыми-әдістемелік,
материалдық, ақпараттық технологиялық базасын нығайту, мамандармен қамтамасыз ету болып табылады.
Әлемдік білім саласындағы ең басты маңызды мәселе болып отырғаны: «ХХІ ғасырда нені оқыту керек?»
және екіншісі: «Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырға қалай дайындайды?»
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Кез келген елдің бәсекелестікке қабілеттілігі оның білім
деңгейімен анықталады», - деп, бізге әлемдегі дамыған елдердің қатарынан ойып өз орнымызды табу үшін не
істеу керек екендігін анықтап берді .
Қазақстан Республикасының “Білім туралы”заңында /5-тарау 41-бап 1-бөлім/ педагог қызметкерлер өз
біліктілігін арттыруға міндетті” деп көрсетілген. Олай болса, әрбір педагог өз білімін үздіксіз көтеріп заманауи
жаңалықтармен жетілдіріп отыруы керек. Бұл- заман талабы. Ғылым мен техниканың үздіксіз жаңару, даму
кезеңінде әлемдік жаҺандану көшінен қалмай, сенімді серіктес ретінде жаңа ғасырға нық қадам басу үшін ең
алдымен оқушыларымызды әлемдік білім деңгейіне жеткізуіміз қажет. Қазіргі мектеп саясаты күрделі
өзгертуді қажет етіп отыр. Репродуктивті білім беруден алшақтап, оқыту мен оқуға деген жаңаша көзқарас
қалыптастыру өзекті мәселелердің қатарында. 21-ғасыр оқушылары білімнің өмірлік қажеттігін түсіне отырып,
алған білімдерін кез-келген жағдайда қолдана алатын терең білім мен біліктілікті меңгеруі қажет
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның
жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп,
тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр
мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін , барлық шәкіртін , мектебін шексіз сүйетін адам.Өзгермелі
қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі
жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті.Жаңа формация мұғалімі
табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар :
бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.
Осы айтылғандарды жинақтай келіп, жаңа формация мұғалімі- рефлексияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға
талпынған әдіснамалық, зерттеушілік, дидактикалық - әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы,коммуникативтілік,
ақпараттық және тағы басқа құзыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани- адамгершілікті,
азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға.
Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
Достарыңызбен бөлісу: |