Бағалау
Смайликтер арқылы кері байланыс орнату
Алматы қаласы Ш.Уәлиханоав атындағы
№12 мамандандырылған гимназия
Ағылшын пәнінің мұғалімі
Какенова Бибигул Кайипбековна
Сабақ жоспары:
Уақыты:
Пәні: Ағылшын
Тақырыбы: Will
Сынып:5 Оқушы саны:
Талантты және дарынды балалар:
Негізгі түсініктер:
жасөспірімдерге
арналған жұмыс
түрлерін талқылау.
Осы түсінікке сүйене
отырып,
жаңа сөзбен жұмыс
жасау
Өткен
сабақпен
байланысы:әр
түрлі
мамандықтар
тардың
ерекшелігімен
танысу
Бағалау:
Бақылау
Жұмысты
бағалау
Сапалы
білімді бағалау
(оқуылар
комментариясымен)
Керекті құрал
жабдықтар: тақта,
интерактивті тақта,
парақтар, аудио
таспалар.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың оқу, сөйлеу, ойлау қабілеттерін, оқушылардың ойын сыни тұрғыдан дамыту
Дамытушылық: Оқушылардың сабақта алған білімдерін қолдана отырып ой өрісін кеңейту, тіл байлығын
дамыту
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу және ағылшын тіліне қызығушылығын
дамыту
Көрнекілік:Интерактивті тақтадан жұмыс барысын көрсету, бағалау критериилерін қою,
Уақыты
Жұмыстың түрі
Мұғалімнің ролі
Оқушының ролі
1-әрекет
5 мин
9:20 – 9:25
1-кезең
Амандасу. Орындарынан тұрып бір-біріне
жақсы тілектерін айтып орындарына
отырады.
2-кезең
Тәтті конфеттермен топқа бөліп
отырғызу.
Күн ретін сұрау, түгендеу.
Топ басшыларын сайлап, бағалау парағын
таратып, түсіндіру.
Мұғалім сабақты
бастайды.Оқушыла
рды тұрғызып, бір-
біріне жақсы
тілектерін айтып
отырғызады.
Оқушылар мұғаліммен
амандасып,бір-біріне
жақсы тілектерін айтып
отырады.
2-әрекет
9:25-9:30
3-кезең
Өтілген сабақ бойынша үй
тапсырмасын сұрау.Өтілген сабақ
бойынша жаңа сөздерді жаттап
келу.Жұмыс дәптерлерінен жазба
жұмысын тексеру.
Мұғалім үй
тапсырмасын
сұрайды.
Оқушылар жауап
береді
3-әрекет
2 мин
9:30 – 9:32
4-әрекет
9:35 – 9:55
5-әрекет
Бүкіл сыныптың жұмысы
1.
Тапсырманы түсіндіру.Сабақтың
мақсаты мен бағалау критериилерін және
топ жұмыстарын түсіндіру
Тапсырманы түсіндіру:
1.
Жаңа сабақтың тақырыбы келер
шақтың көмекші етістігі
болғандықтан,жаңа сабақты бастамас
бұрын сен мектеп бітірген соң не істейін
деп жатырсың? Деген жетектеме сұрақ
берілді.
4- кезең
Топтық жұмыс.
-Не маңызды сенің болашағыңда?
-Жұмыс,отбасы, ақша,балалар?
Сенің болашағың тақырыбына коллаж
жасау.Әр түрлі сурет қиындыларын беріп,
тапсырманы түсіндіру.
5- кезең
Жаңа сабақтың тақырыбы келер
Мұғалім сабақты
жалғастырады:
Мұғалім берілген
тапсырма бойынша
жауаптарын
тыңдап,қолдау
көрсетеді.
Мұғалім
тыңдап,қатесі
болса түзетіп,
тыңдайды.
Мұғалім
жауаптарын
тыңдап,қолдау
көрсетеді.
Мұғалім
тапсырманы
береді,түсіндіреді.
Мұғалім
тапсырманы
түсіндіріп,
жауаптарын
тыңдайды.
Оқушылар тыңдайды
Оқушылар
Оқушылар берілген
тапсырманы орындап,
жауап береді.
шақтың көмекші етістігі. Тақтада ереже,
мысалымен көрсетіледі.Дарынды оқушы
Бибарс ережені түсіндіреді. Грамматика
сызба арқылы көрсетіп, мысал келтіріп,
оқушылардың түсінгендерін білу үшін
келер шақтың көмекші етістігін
пайдаланып, мысал келтірулерін сұрады.
6 – кезең
Шығармашылық жұмыс.
Әңгіме құрастыру. Миллион доллар
идеясы туралы.Кітаптағы Алекстің
идеясын түсіндіріп, сол сияқты өздерінің
идеясын ойланып жазады.
7-кезең
Өзіндік жұмыс.
Өтілген грамматиканы пысықтау
мақсатында карточкамен жұмыс.
8-кезең
Сұхбаттасу әдісі.
Өздерінің болашағын болжау.
-Бір күні сен көп ақша табасың ба?
-Сенің қанша балаң болады?
-Таудың басында үйің бола ма?
-Барлық континентке қыдырасың ба?
-Сен атақты н/се бай боласың ба?
6-әрекет
5 мин
9:55 – 10:10
7 әрекет:
Кері байланыс
Бүгінгі сабақтан оқушылар не үйренгенін
және не білетінін айта отырып, жүргізілді.
Бағалау әрекеті
Мұғалім
оқушылардың
ойын
тыңдап,қолдау
көрсетеді.
Мұғалім сабақты
қорытындылап,
оқушыларды
фишкалар
бойынша
бағалайды
Оқушылар мұғаліммен
бірге талдайды
Оқушылар алған
білімдерін
қорытындылап,
критерийбойынша
бағаларын тексереді
Рефлективті ойлар
Мен ағылшын тілі пәні бойынша жеті модульді кіріктіре отырып, ағылшын тілі пәні бойынша 5 ші
сыныбына сабақ өттім. Сабақ ұйымдастыру кезеңінен бір-біріне жақсы тілек айтудан басталды. Бірден тәтті
конфеттермен бөліп, отырғыздым. Бұл жердегі мақсат сабақ басында психологиялық ахуал қалыптасса ,сабақ
барысы да өз дәрежесінде өтеді.
Келесі бөлімде жаңа сабақтың тақырыбы келер шақтың көмекші етістігі болғандықтан жаңа сабақты
бастамас бұрын орындарынан тұрғызып, сен мектеп бітірген соң не істейін деп жатырсың? Деген жетектеме
сұрақ берілді. Диалогтік оқытудың «мұғалім оқушы» әдісі көрінді.Сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып
табылады, себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналады және де
оқушылардың білім алуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады.Оқушының білім алуын қолдау
үшін сұрақ қоюдың түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау сияқты әр түрлі техникаларын
пайдалануға болады.
Келесі бөлімде сенің болашағың тақырына топпен коллаж жасау берілді. Әр түрлі сурет қиындылары
берілді, тапсырма түсіндірілді. Бұл тапсырмада оқушылардың белсенділігі артып, бір-бірімен ақылдасып,
ойларын ортаға салып қорғады, топтағы барлық оқушылар сөйлеуге тырысты.
Келесі бөлімде келер шақтың көмекші етістігін интерактивті тақтада дарынды оқушы Бибарс ережені
граммматикалық сызба арқылы түсіндірді. АКТ оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың
қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал
болып тұр.
Келесі бөлімде шығармашылық жұмыс. Әңгіме құрастыру «миллион доллар» идеясы туралы. Кітаптағы
Алекстің идеясын түсіндіріп, сол сияқты өздерінің идеясын ойланып жазады. Бұл тапсырманы орындауда
оқушылардың ойы, тілі, қиялы дамиды.
Келесі бөлімде алынған жұмысты пысықтау мақсатында өзіндік жұмыс берілді. Әр оқушы жеке
орындады.
Келесі бөлімде диалогтік әдісті пайдалана отырып, оқушыларға өздерінің болашағы жайлы болжау
жасауларын тапсырылды. Оқушылар сабақ соңында фишкалар жинау арқылы бағаланды. Фишка санына
байланысты бағалау критерий жүргізілді.
Нәтиже: Оқушылар сабақта белсенділік танытып, барлық тапсырмаларды қызығушылықпен жасады.
Топта отырған оқушылардың барлығы сөйлеп, өз ойларын, пікірлерін айтуға тырысты. Келесі бөлімде бағалау
менің берген критерийлерім бойынша бағаланды.
Нәтижесінде: Оқушылардың бір-біріне деген қарым-қатынастары жақсарып,өз ойын ашық, еркін айтып,
пікір алмасуға, өзін-өзі бағалауға, белсенді шығармашылықты ойлауға негіз қаланды.Келесі сабақта қай топта
жұмыс жасайды екенбіз дегендері де болды. Сабақ барысында оқушылар өте белсенділік танытты.
Бағалағанда барлық оқушылар жақсы бағаланды.
ДИАЛОГТІК ОҚЫТУ ТУРАЛЫ РЕФЛЕКТИВТІК ОЙЛАР
Алматы қаласы Ш. Уәлиханов атындағы
№12 мамандандырылған гимназия
Педагог- психолог, өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі
Қосбергенова А.Т
ХХІ ғасырда болып жатқан өзгерістер білім саласының қызметіне жаңаша
қарауды, бұл бағыттағы қол жеткен табыстарымызды сын көзбен саралай отырып,
бағалауды, ғылым мен техниканың жетістіктерін кеңінен енгізуді және дүниежүзілік
өркениетті елдердің тәжірибесін кеңінен пайдалануды қажет етеді. Гордон Драйден
мен Джанет Востың «Білім беру революциясы» кітабында: «Әлем сондайлық
жедел өзгеруде, ал білім жүйесі сондайлық оралымсыз да жігерсіз, ол бейне бір
уақыттың торына түсіп қалғандай, әлдеқашан аяқталған өткен дәуірге қызмет көрсетуін жалғастырып
келеді» делінген [1].
ХХІ ғасырда білім мазмұнының жаһандануы, ақпараттық технологиялардың тез дамуы тенденциясы
оқытудың жаңа бағыттарын зерттеу мәселелеріне басқаша көз қарасты талап етеді. Бүгінгі күннің талаптарына
сай оқушының бойында төмендегі біліктіліктерді дамыту қажет:
Сыни тұрғыдан ойлау және мәселені шешу;
Топта жұмыс істеу және көшбасшылық;
Ақпараттық технологияларды тиімді пайдалана алу;
Ана тілі, орыс тілі мен ағылшын тілдерін терең білу;
Мектепте алған білімін өмірде қолдана алу т.б.
Мұғалімнің міндеті - білім алып, сынып өміріне қатысу мен мақсатқа жетуде барлық оқушылардың оқу
қабілетін арттыру үшін тұлғалық дамытуға ерекше назарды шоғырландыру болып табылады. Л.С.Выготский
айтқандай, диалог барысында оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын, анализ жасауын, қиын проблемаларды
шешуін, жаңа ақпаратпен жұмыс жүргізуін, шешім қабылдауын, дискуссияға қатысуын, сабақтастарымен
әңгімелесуін қалыптастыру [2].
Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8 –бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің
бірі –оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық
коммуникациялық желілерге шығу», - деп атап көрсеткен. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өз жолдауында
айтқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет.
Қазақстанды дамыған елу елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін -білім» [3]. Сондықтан, қазіргі даму
кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр.
Оқытудың әр түрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс-тәжірибесі зерттеліп, мектеп
өміріне енуде. Бүгінгі күнде білім беру жүйесін жаңа сапалық деңгейге көтеретін, қоғам дамуының талаптарына
сәйкес білім мазмұнын жетілдіруде дәстүрлі білім беру жүйесінен ерекше тың әдіс-тәсілдер жасалауда.
Оқушы тек білім алушы ғана емес, ізденуші, зерттеуші және құзіретті тұлға ретінде қалыптасуында осындай
сабақтардың берері көп.
Мұғалім қандай әдісті пайдаланса да, мақсаты біреу –оқушының жас ерекшеліктеріне, білім деңгейлеріне
сәйкес білімді игерту жаңа тәсілдердің біреуіне мысал келтіре кетсем:
Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтің маңызды рөлін айшықтап көрсетіп берді. Мерсер мен Литлтон
(2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар олардың білім
деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсетті [4].
Диалог сабақта оқушының білім деңгейінің дамуын сонымен қатар когнитивті үрдістерінің дамуына елеулі
үлес қосады.
Л.С.Выготский білім беру үрдісінде диалог құру нәтижесінде білім беру жеңілірек болмақ деген . Осыған
орай, диалог құру үшін сыныпта ынтымақтастық ахуал қалыптастыру керек. [5].
Барнс (1971) сыныпта тіл қаншалықты қолданылса, оқушылардың білім алуына соншалықты әсер ететінін
айтады. Барнс білім берудің мұғалімді селқос тыңдағанда ғана емес, вербальды құралдарды қолдану
нәтижесінде, яғни сөйлесу, талдау және дәлелдеу барысында жүзеге асатынын көрсетті. [6].
Сабақ барсындағы диалогтік маңыздылығы сол: оқушылар еркін сөйлейді, өзіндік пікірін айтады, тұлға
ретінде қалыптасуына жағдай жасалады, ұшқыр ойлауы қалыптасады, оқушыны ізденімпаздыққа, дәлелді
сөйлеуге дағдыландырады. Сонымен қатар оқушыларды бірін-бірі тыңдауға, сыйластыққа үйретеді.
Мысалы, зерттеу барысындағы өткізілген сабақтарымның барысында диалогтік оқытуды көптеп
пайдаландым. Л.С.Выготский айтқандай, диалог арқылы білім алуда баланың когнитивті дамуы сонымен
қатар тұлға ретінде өзін-өзі көрсетуі байқалады.
Бүгінгі күнде оқытудың жаңа тәсілдері өте көп. Сондай әдіс-тәсілдердің бірі – сыныптағы диалогтың
маңыздылығы. Ең алғаш диалогты оқытудың маңыздылығы мәселесіне философтар мен педгогтар
қызығушылық білдірді.
Диалог идеясы [Сократ, М.Бубер, Х.Гадамер, А.Камю, Ж.П.Сартр, М.Хайдеггер];
Диалогты ізгілендіру бағыты [Платон, Я.А.Коменский, И.Г.Песталоци, Ж.Ж. Руссо, В.А.Дистервег,
К.Д.Ушинский];
Диалогтің мәдениеті [С.С.Аверинцева, Г.С.Батишева, М.М.Бахтин, В.Ф.Берков, В.С.Библер, П.С.Гуревич,
Д.С.Лихачев].
Әр сабақ барысымда мысалы, өзін-өзі тану пәнінен «Жалын атқан жүрекпен» атты тақырыпта «уақыт»
ұғымын ашу үшін Мерсер зерттеуіне сәйкес, әңгімелесу оқушылардың білім алуының ажырамас бөлшегі
болып табылады және әңгімелесудің 3 түрі бар: әңгіме-дебат, топтық әңгіме, зерттеушілік әңгіме. [7].
Осыған орай, «уақыт» ұғымын ашу үшін –зерттеушілік әнгімені қолдандым.
«Уақытыңды бағалай білесің бе?»
Тақырыбында зерттеу талдау жүргізу.
«Уақыт» ұғымының мәнін анықтау
Ұқсас ұғымдарды іріктеу
«Уақыт» ұғымына синоним ұғымдарды іріктеу
Қарсы ұғымдарды іріктеу
«Уақыт» ұғымына антоним ұғымдарды іріктеу,
Ұғымның адам өміріндегі мәнін анықтау
Бос уақытыңды қалай өткізесің?
Уақыттың адам өміріндегі мәні қандай?
«Уақытты өзіңе бағындыр» деген пікірмен келіссің бе?
Ұғымды өз ойыңмен тұжырымдау
Уақыт –бұл...
Қорытынды: Өз көңіл-күйіңіз туралы айтып беріңіз?
Оқушылардың «уақыт» ұғымының мәнін ашып, зерттеу
үшін зейіндерін шоғырландырылады. Оқушылар «уақыт»
ұғымының құндылықтарын зерттеу арқылы түсінеді.
Мұғалім бұл үрдісте ұйымдастырушы болады. Оқушы
болса, өзінің достары және құрдастары мен сұхбат
орнататын тұлға ретінде қалыптасады. Диалог барысында
әр бір оқушы сыни тұрғыдан ойлауға, өз ой пікірін ашық
айтуға, қарсыласының пікірін тыңдауға, өз-өзінен шешім қабылдауға, топпен жұмыс істеуге үйренеді.
Сонымен бірге, бұл әдісті пайдалану нәтижесінде оқушылардың интонациясы, мимикасы, жест ерекшеліктері –
психологиялық факторлары жоғары деңгейде дамиды. Жалпы алғанда, диалогтық оқыту заманауи әдістердің
бірі болып саналады. Сондықтан, бұл әдісті сабақта пайдалану арқылы мұғалім көптеген жетістіктерге жетуі
мүмкін. Диалогтік оқыту сабақ барысында мұғалім мен оқушының қарым-қатынасы нәтижесінде дамып,
оқушы мен оқушы арасындағы қарым-қатынас ынтымақтастыққа ұласуына әсер етеді.
Сонымен қатар «Сенімділікке қадам» атты тренинг-сабағымда Мерсердің әңгімелесудің 3 түріннің ішіндегі
топтық әңгімені де қолдандым.
Өзін-өзі тану және психологиялық тұрғыдан тренинг –сабақ көлемінде диалогтік оқыту ауадай қажет, себебі,
оқушылар іс-тәжірибеде өзара сұқбаттасып, пікірлесіп, өз ойларын ашық түрде жеткізуіне мүмкіндік алды.
Оқушылар өзара сұқбаттасып, олардың айтқан ойлар менің көкейімнен шығып жатты. Өзім мұғалім ретінде де
оқушылардың пікірін тыңдай отыра, оларға қолдау көрсетіп, өзім үшін де біршама мәліметтер алдым.
Қорыта айтқанда: оқушы жауабы арқылы диалогтік оқыту әдісі нәтижесінде оқушы да, мұғалім де өз
тарапынан көптеп мәлімет алады. Бірақ, дәстүрлі оқытудағы кезеңдегідей тек мұғалім басқару жасамай,
оқушымен бірлесіп, серіктестік әңгіме орнату білім беру үрдісінде көптеген жетістікке әкеледі.
Оқушы өзіне деген сенімді түсіне отырып, өзін бағалауы жүзеге асады.
Мұғалімнің оқушымен қарым- қатынасы жағымды әсерде қалыптасады.
Оқушы мен оқушы қарым-қатынасы да жарасып, бір-бірінің білімін толықтырып, бірін-бірі оқытады.
Осыдан келе баланың оқу мотивациясы жоғарылап, «Оқушы үні» жобасындағы оқушының қалауы
қанағаттандырылып, мұғалім тарапынан да өзара түсінушілік туындайды деп ойлаймын.
Пайдаланылған әдебиеттер:
ГордонДрайден мен Джанет Вост. Мектептерде өмірге баулу. М.: Вита-Пресс, 1996. 66 бет.
Л.С. Выготский [Тілдік қарым-қатынас (коммуникация), бұның негізін тілдік іс-әрекет құрастырады].
Н.К.Қадіржанқызы [ «Білім берудің жаңа жүйесінде мектепішілік әдістемелік жұмыста мұғалімнің кәсіби
біліктілігін жетілдіру» ] Алматы.2011ж
Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. 38 бет
Мерсер және Литлон[Диалог және ойлауды дамыту. Әлеуметтік мәдени тәсіл] 2007ж.
Барнс.Д. [Сыныптағы тіл және білім беру] 27-38
Мерсер [Сөздер мен сана: бірлесіп ойлану үшін тілді қалай қолданамыз?]2000ж.
КОУЧИНГ СAБAҒЫ ТУPAЛЫ ЖAЗБAЛAP
Алматы қаласы. Ш. Уәлиханов атындағы
№12 мамандандырылған гимназия
Математика пәнінің мұғалімі Байтасова Л.С.
Коучинг тaқыpыбы: «Дарынды, талантты оқушыларды оқытуда
интербелсенді әдіс –тәсілдерді тиімді қолдануға ықпал ету»
1-бөлiм: Тaқыpыпты негiздеу
Коучингтің мақсаты әріптестерге сабақ үрдісінде интербелсенді әдіс-тәсілдерді
тиімді қолдана білуге үйрету. «Талант», «қабілет», «дарындылық» ұғымдарын түйінді тақырып ретінде ала
отырып, жоспарланған коучинг кезеңдерінде бірнеше әдіс-тәсілдерді әріптестерге ұсынып, бұл тәсілдердің
нақты анықтамасын, атауын бере отырып, практикада қолданылуын бақыладық.
Коучингке бақылаушы ретінде ұстаздар ұжымы толық қатысты, олардың арасынан кездейсоқ теру әдісімен 32
әріптес коучингтің жоспарланған кезеңдеріне тікелей қатысуға қамтылды.
2-бөлiм: Коучинг сaбaғының сипaттaмaсы және оқытуды бaғaлaу
Коучингтің ұйымдастыру сәтінде қатысушы 12 әріптеске суреттер жасырылған парақтар таратылды,
қатысушылар арасынан актерлық қабілеті бар 3 адам өз қолындағы суретті ыммен, мимикамен, дыбыссыз
жеткізіп, өз тобын құрды. Суреттерде көбелек, кенгуру, жылан бейнеленген. Топқа бөлудің бұл түрінің
мақсаты: қатысушылар арасынан актерлік қабілеттері бар қатысушыны анықтау.
Сабақтың «Қызығушылықты ояту» сатысына 3 топқа логикалық бағыттағы тапсырма берілді және
белгіленген уақытта әр топтың ұшқыр ойлы қатысушылары анықталды.
«Мағынаны тани білу» сатысына 3 топқа тапсырмалар беріліп, ол тапсырмаларды орындаудың әдіс-тәсілдерді
ұсынылды:
Тапсырма тақырыбы
Қолданылат
ын әдіс-тәсіл
Анықтама
І топ
Талантты және дарынды
оқушы
Кластер
Кластер- идеялар мен ақпараттардың арасындағы
байланысты анықтауға арналған жазба кестелер.
ІІ
топ
Талантты және дарынды
оқушымен жұмысты
ұйымдастырудың жобасы.
Топтық
зерттеу
Топтық зерттеу (бірлескен жұмыс/жоба) –
оқушылардың бірлесе отырып белгілі проблеманы
графикалық түрде шешу әдісі.
ІІІ
топ
«Дарындылық картасы»
дарынды балалрды
Тест
Бала қабілетінің дарындылық түрін анықтау және
қазіргі уақыттағы дарындылық дәрежесін білуге
анаықтау
көмектеседі
Коучингтің бұл кезеңінде қатысушылар тапсырмаларды белсенділікпен және шығармашылықпен орындады.
Суретте: кластер, топтық зерттеу жобасы және тест
Келесі кезеңге өтпес бұрын сергіту сәті ұсынылды. (жалпыға белгілі бір шумақ өлеңді әр түрлі жанрда (рэп,
опера, халық әні мақамында) орындау)
Қатысушыларға 2 бейнекөрініс ұсынылды, соңынан бүл көріністердегі балалардың таланты мен дарындылығы
туралы ой-пікір алмасу жүргізілді. Бұл ретте диалогтық оқытудың әңгіме-дебат түрі көрініс тапты.
«Ой толғаныс» кезеңіне қатысушыларға «Бес тармақ» құрастыру ұсынылды.
«Бес тармақ» (Синквейн) - ойды тиянақтап, өзіндік түсінікті нақты сөздермен келтіруге мүмкіндік беретін тәсіл.
Ой қорытындылау үшін барлығы 11 сөз қолдану керек.
1-тармақ 1зат есім
2-тармақ 2 сын есім
3-тармақ 3 етістік
4-тармақ негізгі сөзді бағалайтын кез-келген сөз табынан тұратын 4 сөз.
5-тармақ негізгі сөздің синонимі болатын тағы да бір сөзден тұрады
Әр топ өздерінің құрастырған синквейндерін аудиторияға оқып берді.
Суретте: коучингтегі топтық жұмыс сәттері
Коучингті қорытындылай келе қатысушыларға «Интербелсенді оқытудың негізгі қағидалары мен мақсаттары»
(А. Әлімов) ресурсы таратылды. Кері байланыс ретінде БББ (Білемін. Білдім. Білгім келеді) тәсілі ұсынылып,
топтардың кері байланыстағы пікірлері талқыға салынды.
3-бөлiм: Бaғдapлaмaның идеялapынa қaтысты мұғaлiмдеpдi оқытуды бaғaлaу
Коучингті жоспарлау, әзірлемесін құрылымдау барысында түрлі идеялар қарастырылды.
«Дарындылық», «қабілет» және «талант» ұғымдарын түйінді тақырып ретінде алып, әріптестерге оқушыларды
сыни ойлауға үйрететін интербелсенді әдіс-тәсілдер ұсынылды және әрбір әрекеттен соң кері байланыс
жасалынуы басты назарда ұсталынды. Ұсынылған әдіс-тәсілдердің аталуы мен мағынасы ресурс ретінде
таратылды.
Коучингте қолданылған әр әдіс-тәсілден кейін қатысушылар тарапынан және коучтың формативті бағалауы
жүргізілді.
Коучингте қолданылған бейнекөріністер, топқа бөлу, сергіту сәті, сабақ кезеңдерінің барлығы коучинг
мақсатымен тікелей байланысты болуы қарастырылды. Әрбір сабақты құрылымдап, өткізу мұғалімнен
шығармашылық шеберлікті талап етеді, ал әріптестер пікірі өткізілген коучингтен құнды, қажетті мәліметтер
алынғандығын айқындады.
Достарыңызбен бөлісу: |