Амалкан Нұржан 7”Г” сынып оқушысы
Жетекшісі: Дусимбаева Молдір Усенқызы
“Ұстаздық еткен жалықпас ,үйретуден балаға”-, деп халғымыз айтпақшы,ұстаздар жайлы ойтолғау әркімге
парыз. Парыз дейтін себебіміз –ұстаз алдынан өтпейтін жан бар ма сірә, мына өмірде...
Мен осы кішкетай мақаламда ұстазыс,сынып жетекшіміз –Мөлдір Дүйсенбаева апай бізге 6-сыныптан бастап
жетекшілік етеді.Апайымыз қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі.Бізді алғашқы күннен-ақ өзіне баурап
алды.Әрдайым ақыл-кеңесін айтып,бізге қамқор болып жүреді.Алғашында апай бізге көп сөйлейтіндей болып
көрінді.Өте талапшыл кісі екен,бірақ қатал болған жоқ.Сөйтсек,біздің әрқайсымызды өз баласындай жақсы
көреді екен ғой.”Мектеп-сендердің екінщі үйлерің.Ендеше,сыныптағы бар бола бір-біріне
бауыр,туыссыңдар.Сондықтан біз бір атаның баласындай әрдайым тату болуымыз керек”-дейді Мөлдір апай.
Біз оқитын №12 Шоқан Уәлиханов атындағы мамандандырылған гимназия- Алматы қаласындағы ең іргелі
білім ошақтарының бірі.Тоқсан жылдық тарихы бар мектептен елімізге танымал небір атақты,белгілі тұлғалар
білім алған.Мектебімізді бітірген түлектер қазіргі күні Қазақстанның түкпір-түкпірінде,тіпті, шетелдер де еңбек
етіп жүр.”Біздің мектеп-жай ғана оқу орны емес. Бұл щаңырақтан көптеген белгілі қайраткерлер түлеп
ұшқан.Сендердің де араларыңнан осындай азаматтардың ертең жарқырап шығары анық.Әрбір бала-жеке
тұлға,өзінше дарын.Оның кемел тұлға болып қалыптасуы осы ұядан басаталады. Мөлдір Үсенқызы:Менің
мақсатым-сендердің бейімдеріңді осы бастан анықтап,дарынды балалармен жан-жақты жұмыс жасау, қабілетін
шыңдау”-деп үйретеді. Сыныбымызда дарынды ұл-қыздар өте көп.Түрлі байқауларға қатысып, жүлделі
орындарды иеленіп жүрген оқушылар да бар.Арамызда болашақ мамандығын таңдап қойған балалар да
кездеседі.Мен өзім болашақта кәсіпкер болсам деймін.Еліміздің өркендеуіне үлес қосқым келеді.Және бір
арманым,тұрмыс жағдайлары төмен адамдарға көмектесуді ойлаймын.Біздің елімізде осындай адамдар болмаса
екен деймін “Бір-біріңе әрқашан көмек қолын созыңдар,қайырымды болыңдар,достық,жолдастық дегенді
ұмытпаңдар”-дейді апайымыз да.Екінші анамыздай болып кеткен мейірбан,ақкөңіл ұстазымыз Мөлдір апайды
біз де өзімізге үлгі тұтамыз.Ұстаздар мерекесі қарсаңында Мөлдір Үсенқызына,барша ұстаздарымызға ұзақ
өмір,зор денсаулық, жұмыстарында табыстар тілейміз!Ұстаз деген қасиетті мамандық иелернің әрқашан
аспандары ашық, жүздері нұрлы, мерейлі мерекелері көп болсын !
ЖАҚСЫ ҰСТАЗ ТУРАЛЫ ЕСТЕЛІК. АЛҒАШҚЫ МЕНІҢ ҰСТАЗЫМ
7”Г” сынып оқушысы Сержанқыз Құндыз
Жетекшісі: Дусимбаева Молдір Усенқызы
Табиғатынан өзінің ақжарын көңілі,жайдары жүзінен маңайындағыларға жылы шуағын таратып,бар
білгенін үйретіп жүретін адамдар болады.Мұндай туа бітті қасиеті бар жандар тек қана ұстаздар шығар деп
ойлаймын.Осындай көңілі-көктем,жаны –жаз жандардың бірі-менің алғашқы ұстазым,Қалиева Ләззат
Советқызы апайым еді.
Бастауыш сынып мұғалімі болып біздің мектепке келген жылы мен де бірінші сыныпқа келдім.Ол кісі басқа
ұстаздарға ұқсамайтын дара қасиетімен бізді өзіне тез баурап алды.Алғаш әріп танытып,біздің жанымызға білім
дәнін септі.Әр шәкіртін аялап өсіріп,қатайтып ұшырды.
Ұстаз туралы ойласам,Ләззат апайдың бейнесі көз алдыма келеді.Ерінбей үйретіп,бізді түсінсін деп қайта-
қайта қайталап тұратын жылы бейнесі көрінеді.Ұстаз бейнесі-шәкірт үшін ең биік жарқын бейне.Ол кісі
уақытының басым бөлігін оқушының оқу-тәрбиесіне арнап,щәкірттің бойна бар білгенін дарытуды мақсат
етеді.Әр баланың еркелігін көтеріп,біз есейгенше шыдап,”апайлап” щұрқыраған балаларға қарап күліп тұратын
асыл апайма айтар алғысым шексіз.
Ата-анамыздан кейінгі бізге ақыл-ой ,әдептілік,ар-ұят,ұлттық сана-сезімді сіңінруші адам-Мұғалім.Абай
атамыз-“Ұстаздық еткен жалықпас,үйретуден балаға” деген екен.Сол сияқты Ләззат ұстазым ерінбейтін еді.Көп
нәрсе үйрендік.Ол кісінің жүріс-тұрысының өзі үлгі еді.Айта берсем жыр сияқты таусылмас,қазына
дерсіз.Бәрімізді айналып-толғанып,өз баласындай еркелетіп те алатын.Сол үшін де қадір тұтатын тағы бір адам
болса,ол-алғашгқы ұстазым Ләззат Советқызы.Қазір ойласам біз үшін қаншама күш жұмсаған.Балаларға білім
сіңіру деген де күш.Сондықтан алғашқы ұстаздың еңбегі-ұлы еңбек.
Ыбырай атамыз:”Жақсы ұстаз-мектептің жүрегі” -.деген екен.Мектеп жүрегі болған ұстазыма, аяулы
ұстазыма еңбегіңіз жансын дегім келеді.Ұстаз қарапайым болғанымен-тарихтағы ең ұлы істің бірі деген дана
сөз бар,мен үшін мектебім мен ондағы ұстаздарым тарихымдағы ұлыларым.
Жетекшісі: Дусимбаева Молдір Усенқызы
Ануарбек Ілиас 7”Г” сынып оқушысы
Ұстазым менің ұстазым,
Өзіңмен өтер қыс-жазым
Жағымды,жұмсақ үніңмен,
Үйреттің маған ұстаным.
Жүзің толған мейірім,
Үйретесің жалықпай.
Өнегеге,өнерге,
Баулыдың бізді қамықпай.
Ұстазы жақсы баланың,
Ұстанымы мықты болады.
Осыны әркез еске алып,
Шәкіртің болып қаламын.
Ұядан ұшқан түлектер,
Дәрігер,ғылым,мұғалім
Ұстаздан алған тәліммен
Өмірге түйер тағылым.
Өскенде де біз сізге,
Шәкірт болып қаламыз.
Көктемде,қыста,жазда да,
Сағынышпен еске алмамыз!
Ш. Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған
гимназияның бастауыш сынып мұғалімі:
Сабырбекова Сажида Мухамедқазықызы
Қ.Р Білім беру ісінің құрметті қызметкері
Ұстаздық жолымның бастау алғанына он алты жылдай уақыт болса да мектеп
өмірі мен үшін оттай ыстық, көңіліме жақын. Бала күнімнен санама сіңген қоңырау
үні 45 минуттық білім сағатына шақырып тұратын. Қазір де солай. Бірақ
айырмашылығы қиын да абыройлы ұстаз жолында жүруім. Иә,ұстаз болу оңай емес
.Бірақ бұл менің өз жүрегіммен қалаған мамандығым. Ұстаз болу – жүрек
жылылығын, мейірім шуағын, адамгершілік ұлылығын баланың бойына дарыту.
Ұстаз білімді, еңбекқор, бала жанын түсіне алатын болса ғана ұстаздық кәсіптің шыңына жете алады деп
ойлаймын.Әсіресе бастауыш сынып мұғаліміне жүктелер ауыртпашылық көп дегім келеді. Балаларым заман
талабынан қалыс қалмасын деп соңғы болып жатқан өзгерістердің барлығымен таныстырамын,сол бағыт
бойынша жұмысымды түрлендіріп отырамын. 2004 жылдан бері осы Шоқан Уәлиханов атындағы гимназияда
ұстаздық қызметімді атқарып келемін. Гимназияға келгелі менің педагогикалық тұрғыдан өсуіме,шыңдалуыма
көп көмек болды десем артық айтпаймын. Өйткені тәжірибелі ,озат мұғалімдермен бірге жұмыс жасап, сол
апайлардан көп нәрсені үйреніп келемін. Әрқашанда өз қол ұшын беругедаяр тұратын Кенжехан,Әсия,Раушан,
,Жанат,Бағдагүл,Гүлжамал,Балжан апайларымызды ерекше атап өткім келеді. 90 жылдық тарихы бар
гимназияда білім алу әр қазақ баласының арманы деп білемін. Өйткені жүрегі қазағым деп соққан әр қазақтың
қалауы 12 гимназия. Жыл сайын осы гимназияға балаларымызды оқытсақ деп келіп жатқан ата-аналардың
қарасының көптігінен ақ байқауға болады. Қазақ халқының бетке ұстар бір туар азаматтарына білім мен
тәрбиені қатар берген қара шаңырақтың абыройы жылдан жылға артып келеді. Кеше ғана алдымызға оңы мен
солын ажырата білмейтін парақтың ақ қағазындай таза да кіршіксіз балаларды гимназия табалдырығын аттаған
еді . Міне енді өз беттерімен жұмыс жасай білетін, өз ойларнын еркін жіткізе алатын оқушыларға айналды.
Сыныбымдағы әр оқушы мен үшін дара тұлға. Оларға тоқталатын болсам сынып мақтанышы Ниязбек Қорлан
телевизиялық "Зерде "олимпиадасының жүлдегері ,сонымен қатар 2013 жылы өткен "Мен әлемді танимын"атты
бастауыш сынып оқушыларының зерттеу жобасының қалалық байқауына қатысып ғылыми жобадан ІІІ орын
алды.
2014жылы оқушым Байназаров Рамадан Щучье қаласында өткен 1-7 сынып оқушыларының зерттеу
жұмыстары мен шығармашылық жобалары "Зерде " республикалық конкурсының жүлдегері атанып, 2-ші
дәрежелі дипломмен марапатталды.
Спорттық сала бойынша да жетістікке жеткен оқушыларым да бар .Олар: Қожеав Темірлан,Алдашбаев Рамазан,
Ермек Ансар, Берікбай Елмар.Сонымен қатар қыздарым мың бұралып би билесе,Нұрбек ән айтудан
жалықпайды. Алихан ман Заңғар,Бейбарыс, Балжандар суретті әдемі салады. Есеп шығаруды жақсы көретін
Нұртөре мен Әлиім де бір төбе. Екеуі мектепішілік олимпиададан Нұртөре 1-ші ал Әли болса 3-ші орындар
алды. Әсел,Меруерт,Нұрбек,Ақнұр,Елдана,Ақмарал, сияқты әдебиетке жақын оқушыларым бар. Меруерт пен
Ансар биылға "Мен әлемді танимын"атты бастауыш сынып оқушыларының аудандық зерттеу жобасына
қатыстып жүлдегер атанды.
Ұлағатты ұрпақтың өсуі ұстаз шеберлігіне байланысты деп айтар едім. Олай болса, ең алдымен өзімді өзім
танып, үздіксіз ізденіп, аяусыз еңбектенуім керек. Бойымдағы бар білімді, асыл қасиеттерімді шәкірттеріме
арнай білсем, олардың жүрегіне жол тауып ,қазақ халқының әдет-ғұрпын, тарихын танып білуге талпындырсам,
тілін құрметтеуге әрі Отанды, адамзатты сүюге тәрбиелесем менің мақсатымның орындалғаны, еңбегімнің
ақталғаны деп білемін.
Сабақтың атауы
Сөз мәйегі. Болат Үсенбаев
Сілтеме
Әдебиет оқулығының әдістемесі
Сабақтың жабдығы
автор суреттері, тақырып мазмұнын ашатын мақал-мәтел мен нақыл сөз
жазылған плакаттар.
Жалпымақсаттар
Оқыту нәтижесі
1. Арналы бұлақ бөлімінен мағлұмат беру. Өлеңмен таныстыра отырып,
мағынасын ашуға мүмкіндік жасау.
2. Мәнерлеп оқуларын, көркем сөйлеу тілдерін, өлеңнің мазмұнын өмірмен
байланыстыра білу және жақсы сөздің адам өміріне тигізер пайдасын ұғына
білу қабілеттерін дамыта түсу.
3. Өлеңді әсерлі, мәнерлеп оқу қабілеттерін дамыту.
Топқа бөлу
Күзгі ағаш жапырақтарының түстеріне қарай топқа бөлу.
(қызыл, сары, сарғыш, қоңырқай, жасыл )
Ынтымақтастық
атмосферасы
Оқушылар шеңбер жасап тұрады.
Мұғалім келесі оқушыға үлкен
Оқушылар мұғаліммен қосылып
тақпақты айтады
жүректі ұсынып тұрып,бүгінгі
күніне сәттілік тілейді. Оқушылар
бір-біріне жақсы тілек тілеп,
сыныпта жақсы ахуал
қалыптастырады.
Қызығушылықты ояту
Сөз тапқанға қолқа жоқ.
Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле.
Сөз сүйектен өтеді,
Таяқ еттен өтеді.
Көз жеткізер,
Көз жеткізбе генді
Сөз жеткізер.
Шешеннің сөзі - мерген,
Шебердің көзі - мерген.
- Сөзде қандай құдіретті күш бар?
- Сөзді не арқылы жеткіземіз?
- Сөз мәйегі дегенді қалай
түсінесіңдер? («Мәйек» сөзінің негізгі
түбірін табу.) «Топтастыру»
стратегиясы бойынша.
Мағынаны тану
Мәтінді тізбектеп оқу
1. Өлеңді мәнерлеп оқып беру.
2. Оқушылар іштей бір рет оқиды.
Жаңа сабақпен таныстыру.
Өлеңнің әр шумағын мәнерлеп оқи отырып, әр шумақтағы сөздің негізгі
тұғырын тауып, дәптерге жазып отыру. Мысалы:
Сөз ______- жаманнан жиренткен;
______- өмір жайлы сыр шерткен;
______- мақал-мәтелдердің даналығына ой жүгірткен;
______-т.е.с
Оқушылардың тізбектей оқуы, түсінін оқуы.
Өзің қандай сөз түрлерін білесін?
Әрқайсысының мағынасына жеке-жеке тоқталайық.
Енді әрбір тіркеске мысал жазып көрелік. Қандай
тіркес кімге байланысты айтылады және ол сөз иесі кім?
Сергіту сәті
«Көңілді қалпақ» ойыны
Басына қалпақ түскен оқушы жеті
байлықты табады табады.
Бірінші байлық - денсаулық.
Екінші байлық - еркіндік
Үшінші байлық - тіл байлық
Төртінші байлық - қайрат-күш
Бесінші байлық - ақ жаулық
Алтыншы байлық - балаңыз
Жетінші байлық - жүз саулық
Оқушылар денелерін жатықтырады
Ой толғаныс
«Ұтымды жауап» ойыны:
С-
М-
Ө-
Ә-
З-
Й-
Е-
Г-
I-
Әр әріптің қатарына сол әріптен басталатын сөз жазу арқылы өткен
тақырыпқа байланыстыра, мағынасын ашатындай сөйлем құрастыру.
Оқушылардың шығармашылық жұмыстарын байқап көру.
- Ақынның айтпақ болғаны өлеңнің қай жолдарында жасырынып
тұрғанын тап.
Әр топ өз өлеңдерін оқып, оны талдайды.
Үй тапсырмасы
«Менің атам айтады» немесе «Менің
апам айтады» деген тақырыптың
Күнделіктеріне жазады
біріне эссе жазу. 46-бет, оқу.
Бағалау
Мадақтау.
Өте жақсы - Жақсы-
Қанағаттанарлық -
Екі жұлдыз, бір тілек.
!
Смайликтер беріледі.
Смайликтерге екі ұсыныс , бір
тілек жазып іледі.
Кері байланыс
МЕН ӨЗ ОТАНЫМНЫҢ ПАТРИОТЫМЫН
Алматы қаласы Ш.Уәлиханоав атындағы
№12 мамандандырылған гимназияның жоғары санатты
бастауыш сынып мұғалімі , 3(негізгі) деңгей :
Тайжанова Лаззат Аугановна
Тақырыбы: «Мен өз Отанымның патриотымын»
Мақсаты:
Оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге,өз елін, тегін тарихын білуге
тәрбиелеу.
Оқушылардың таным белсенділіктерін,қызығушылықтарын дамыту.
Оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой-пікірін білдіре
алатын оқушыларды тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интербелсенді тақта, слайд, суреттер , Тәуелсіздік монументі, Үш би, ҚР-ның рәміздері, спорт .т.б.
Барысы:
Ұйымдастыру. психологиялық дайындық:
Аспаны ашық еліміздің,
Көркі сұлу жеріміздің,
Біз-бақыттыбаламыз!
Ақпыз,қара, сарымыз,
Ағайынбызбәріміз!
Мұғалімніңкіріспесөзі:
-Отан – әрадамныңжүрегіне жылытиерасиеттісөз.Отан –сенің туған елің, туғанжерің, дос –жарандарың,
туғантуысқаның. Отан-бұлөзіңніңтұратын, өмірсүретін, қызметететінжерің. Отанадамүшінбіреу ғана.
Отандыанағатеңейді. Себебі, Отансендердіанаңдайқорғайды, көмектеседі, күшбереді.БізОтанымызды,
еліміздісүйеміз. Біз, Қазақстанныңпатриотымыз!
Отан деген не, кім қалай түсінеді? ------------ Ой толғау
Мен- қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым, өмірге қайта келдім.
Мен мыңда бір тірілдім мәңгі өлмеске
Айта бергім келеді, айта бергім! Жұбан Молдағалиев
Көп аузынантүспейтін,
Отандегеннемене?
Оныңтұлғатүскейпін,
Достымбілгіңкелеме?
Байжуманова:
Отандейміз от жаққанжерімізді,
Отандеймізөсіргенелімізді.
Отандеймізтуғанжер, атамекен –
Биік тау, орман, тоғайкөлімізді.
Айым:
Отандеймізкең-байтақастананы,
Жасылжайлау, жаңажол, жасқаланы.
Отанныңшеті де жоқ, шегі де жоқ,
Олбірақөзүйіңненбасталады
Аяулым:
Отан- тарих, Отан – тіл,
Жасағанелің, өз- халқың.
Отан – өлең, Отан-жыр,
Көтергенкөкке ел даңқын
Мирас:
Отан – сеніңата-анаң,
Отан – досың, бауырың,
Отан – өлкең, астанаң,
Отан – аудан, ауылың.
Жанеля:
Отан – осы достарым,
Көңілгемұнытүйебіл!
«Отан» депөсжасқауым,
Оны ардақтапсүйебіл!
Хор: Атамекен
-Біздің Отанымыз қалай аталады? -------------- Қазақстан
-Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?- ------------ Тәуелсіз
-Қазақстан Республикасының президенті кім? ------------ Н.Ә. Назарбаев
Ел болдық ері калдық астаналы
Ендікімнен қазағым жасқанады?
Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі,
Нұрсұлтанның атымен басталады.
Біздің Отанымыз – ҚазақстанРеспубликасы. Сан ғасырларбойыата-бабаларымызжерінжауданқорғап,
бүгінгіұрпақ, бізгежеткізді. Қазақстанжеркөлемібойынша 9 орындатұр.Қазақстандаүлкенқалаларкөп. Олар:
Алматы, Астана, Қарағанды, Шымкент, Көкшетау, Қостанай, Ақтау, Павлодар, Ақтөбе, Тараз, Қызылорда,
Өскемен, Семей, Талдықорған. Бұлар – әдеміқалалар.
Астана- Отанымыздың бас қаласы, астанасы.ОлЕсілөзенініңжағасындаорналасқан. Астана қаласынқазірбүкіл ел
біледі.
Темірлан:
Туғанөлкем
Қазақстан-тәуелсіз, егеменді, көпұлттымемлекет. Ондақазақтар, ұрыстар, ұйғырлар, өзбектер, корейлер,
украйндержәнетағыбасқаұлттардыңөкілдерітұрады. Олар тату-тәтті, бірліктеөмірсүріпжатыр.
Аумалы- төкпелізамандыбастанкешкенқазақхалқыныңөзіндікбасқаружүйесіболған. Ел қамынжегенерлері,
сөзінсөйлеп, халықжағдайынжасағаншешендері, білімпазбилері, әрелде,
әрауылдасөзтыңдарақсақалдарыболған. ҚазақтаатыаңызғаайналғанҚазыбек би, Әйтеке би, Төле би сияқты би-
шешендерөтекөп.
Көрініс: «Үшарыстыңүлгілері»
Мемлекеттіктіл-қазақтілі. Қазақтілінбілу-әрбірқазақстандықазаматтыңборышы.
Ақарыс: «Туғантілім»
Сондай-ақмемлекетіміздіңөзАтазаңы бар. 1993 жылы 28 қаңтарда ҚР тұңғышКонституциясықабылданды. 1995
жылы 30 тамыздаеліміздіңжаңаконститутциясықабылданды.Адамныңөмірін, денсаулығын,
тыныштығынмемлекетіміздіңАтазаңықорғайды.
1992 жылы ҚР мемлекеттікрәміздеріқабылданды. Олар: ту, елтаңба, әнұран.
Қазақстан Республикасының мемлекттік Туы.
Ортасындашұғылалыкүн, оныңастындақалықтапұшқанқыранбейнеленгентікбұрыштыкөгілдіртүсті мата.
Алтынкүн, қыранжәнеою-өрнекбіздің халқымыздыңашықкелешегі мен берекесі,тыныштық пен
байлықтыңбелгісі.
Хасен:
Көкаспандайкөкпеңбек,
Қазақстанжалауы.
Көкемесолтектен-тек,
Елдіңашыққабағы.
ҚазақстанРеспубликасыныңмемлекеттікЕлтаңбасындакөгілдіртүсаясындашаңырақбейнеленген.Шаңырақтыайн
алакүнсәулесіндейтарап, уықтаршаншылған. Бес
жұлдыз,қанаттытұлпарбейнеленген.Бидайсабақтарытоқшылық, молшылықтыбілдіреді.
Аружан: Елтаңбасыелімнің,
Неткенәйбәт, әдемі
Тұнығындайкөңілдің
Ортадааспанәлемі.
Кез-келгенмемлекеттікрәміздердіңеңмаңыздысы- Гимн. Гимн мемлекеттікән. Олхалықтыәйгіліетеді.
Оныңсөздеріндехалықтыңмыңдағанжылғытарихы, бүгінгіөмірі мен келешекарманыайтылған.
Али А.: Оттай жаныпжанарың
Оданқуаталамын
Әнұранол — тынысы
Кеңжазирадаламның
Отантуралыөлең-жырлар.
Аяулым: «Үшбақытым»
Ерасыл: «Отан»
Мархабат: «Отантуралы»
Мұғалім: — Ия, балалар, елін, жерінсүйетіназаматболыпшығуүшінқандай бала болуымызкерек?
Білімді, өнерлі, ақылды, еңбексүйгіш бала болуымызкерек.
Дұрыс-ақ, ендешеОтан, туғанжертуралықандаймақал- мәтелдербілеміз?
«Жалғасын тап»ойынынойнайық.
Сабағымыздыжақсыоқып, еліміздіңадал, еңбекқоразаматыболайық. Ер жетіпеліміздіңоданәрікөркеюіне,
гүлденуінеөзүлесіміздіқосайық.
Оқушылартақтаға қарап әріптердегі сөздерді кезек- кезек оқиды.
Б- білімімдіарнайтын
О- отанымдықорғайтын
Л- лаңкестіктідаттайтын
А- адалдықтыжақтайтын
Ш- шуағымдышашатын
А- асуларданасатын
Ғ- ғарышсырынмеңгергн
Ы- ынтымақтытеңкөрген
М- менмендіктіжеккөрген
Қ- қазаққақызметететін
А- арманынажететін
З- заңдыжақсыбілетін
А- алғақарайжүретін
Қ- қайырымдыелімнің
С- салтанаттыжерімнің
Т- толықтырамсенімін
А- абыройын,жігерін
Н- намысынқолданбермейтін
Бәрі: Мен боламын еңбекқор, Болашағы елімнің!
Ән «Көк тудың желбірегені».
Қорытынды:
— Міне, балалар, бүгін өздеріңді Тәуелсіз еліміздің болашағы екендеріңді, яғни, нағыз азамат екендіктеріңді
көрсете білдіңдер. Сондықтан, халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері өздеріңе аманат.
Сондай-ақ, еліміздің егемендігін танытатын ресми ерекшелік белгілері: Ана тіліміз, Елтаңбамыз, Туымыз,
Атазаңымыз, Әнұранымызды бойындағы бойтұмарындай сақтап қана қоймай, қашанда еліміздің, жеріміздің
еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарыңа сенімім мол. Жолдарың ашық, жарқын болсын,
Тәуелсіз елдің азаматтары!
Сабақ жоспары:
Уақыты:
Пәні: Әдебиеттік оқу
Тақырыбы: Т. Жароков «Күз»
Сынып: 3
Оқушы саны: 34
Талантты және дарынды балалар:
Негізгі түсініктер:
Оқушыларға «Күз»
тақырыбына арналған
жұмыс түрлерін
талқылау.
Осы түсінікке сүйене
отырып, мәтін мен жаңа
сөзбен жұмыс жасау
Өткен
сабақпен
байланысы:
Күз айынынң
ерекшелігі
мен танысу
Бағалау:
Бақылау
Жұмысты
бағалау
Сапалы
білімді бағалау
Керекті құрал жабдықтар:
тақта, интерактивті тақта,
парақтар, аудио ,видео
таспалар,
Сабақтың мақсаты:
1) Білімділік: Оқушыларға күз мезгілінің ерекшелігі, істелінетін жұмыстар жайында, молшылық туралы
түсініктерін кеңейту .
2) Дамытушылық: Өз ойын ашық білдіріп, пікірлерін қорғай білуге, шығармашылық ізденістерін арттыруға,
ізденуге дағдыландыру. Дүние танымын кеңейту.
3) Тәрбиелік: Еңбекшіл болуға , кәсіптік бағдар беру . Патриоттық тәрбие беру .
Достарыңызбен бөлісу: |