Қазақстан республикасы білім және ғылым министрілігі ұсынады


Оқушылардың бос уақытындағы іс-әрекет формалары



Pdf көрінісі
бет214/299
Дата29.09.2023
өлшемі8,96 Mb.
#111668
түріОқулық
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   299
Байланысты:
аза стан республикасы білім ж не ылым министрілігі сынады

Оқушылардың бос уақытындағы іс-әрекет формалары 
Оқушылардың бос уақытындағы іс-әрекет формаларының әртүрлілігі 
мектеп өмірінің өзгермелі қоғамдық жағдайларымен, жаңа әдістерімен 
толықтырылады.
92-суретте оқушылармен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының әртүрлі 
формалары берілді.
 
 
 
Сурет-92. Тәрбие жұмыстарының формалары 
 
Бүгінде жас ұрпақты білімнің мазмұны емес, өзінің оқу еңбегінің қандай 
нәтиже беретіндігі қызықтыратыны дәлелденіп отыр. Білімге ұмтылатын әр 
оқушының нені білетіндігі емес, не істей алатындығы толғандырады. 
Оқушылардың бос уақыты мен клубтық бірлестіктер жұмысын 
ұйымдастыру әдістемесі 
Жасөспірімді тәрбиелеу үздіксіз процесс, ол оның бос уақытында да 
жүзеге асырылады. Адам өмірінде бос уақыттың рөлі өте ерекше. Ол демалу, 
тынығу үшін емес, рухани қажетін өтеуге, ойлау қабілетінің жетілуіне, жалпы
жан-жақты болуына арналады.
Қазіргі кезеңде бос уақытты әлеуметтік құбылыс ретінде қарастыру 
мәселесі әлемдегі барлық ғылымдардың назарын аударып отыр, өйткені 
қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени өзгерістер тұлға 
санасына да жаңаша көзқарас қалыптасуын қамтамасыз етуде. 
Адам факторының белсенділігін жандандырудың көп шарттарының бірі – 
тәрбиеленушілердің бос уақытты тиімді пайдалануы. 
Бос уақыт
– бұл 
жұмыстан немесе оқудан тыс мезгілде өз бетінше білім деңгейін көтеру, 
Мектеп өмірімен 
басқару және өзін-өзі 
басқару формалары
Тану формалары
Бос уақытты көңілді 
өткізу формалары
• Ж
иналыстар 
• Сынып 
жетекшісінің 
сабақтары
• Экскурсиялар
• Журналдар

Газеттер
• Кештер
• КВН


279
қоғамдық жұмыстарды атқару, дене тәрбиесі, спорт және көркемөнермен 
айналысуға арналған уақыттың бір бөлігі. 
Адамның жұмыстан бос уақытты тиімді пайдалануы К.Маркс айтқандай, 
рухани өмірді және жеке қабілетті дамытудың, негізгі қоғам мүшелерінің
жан-жақты дамуының басты шарты болмақ. Бос уақытты тиімді пайдаланудың 
қызықты түрлерінің бірі көркем әдебиет оқу мен теледидар көру болып келеді. 
Адамдар рухани өмірдің жәй тұтынушысы ғана болмай, оның белсенді 
жасаушысы да болуы үшін, оларды міндетті түрде бос уақытты ұтымды 
пайдалануға дағдыландыру орынды.
Сондай-ақ, олардың бос уақыты мен клубтық бірлестіктер жұмысын 
ұйымдастыруда 
клубтың ерекшелігі
өз еркімен ұйымдасқан тәрбие ұйымы 
ретінде оған қолы бос қатысушыларды жинайды. Сондықтан да ол клуб 
мүшелерінің қызығушылығы мен қабілеттерін дамыту және қалыптастыруды 
көздейді. Ол үшін тәрбиеленушілердің қолы бос кездерін білу қажет. Осындай 
жұмыстарды атқарған кезде ғана клуб жұмысын нәтижелі ұйымдастыруға 
мүмкін болып, оның қоғамдық маңызды бағыты қалыптасады, тіпті ол 
адамгершілік тәрбиесінде де үлкен рөл атқарады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   299




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет