Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігі Ахмет Байтұрсынов атындағы


АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ



Pdf көрінісі
бет5/38
Дата06.03.2017
өлшемі3,59 Mb.
#7721
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38

АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ 
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ 
 
22
мыңдаған  жылдар  бұрын  тарихи  оқиғалардың, 
табиғи көріністердің негізінде өмірге келіп, ұлттық 
санамызда  сақталған,  ақындарымыз  жырлаған, 
жүректерімізде жатталған. 
Сорақысы  сол,  облысымызда  шығатын 
«Учительский плюс» [2013 ж. №34 20 қыркүйек, 8 
бет.]  газетінде  былай  деп  жазылған:  «Долгое 
время  озеро  называлось  Безымянным  и  сейчас 
речь  идет  о  возрождении  названия  Инспекторс-
кое,  закрепившегося  в  народе,  когда  здесь  жил  
Ы.  Алтынсарин  –  инспектор  казахских  школ  в 
Тургайской  области».  Осындай    ұят  нәрселерге 
неге  өзіміз  жол  береміз?  Әлде,  бұл  заманда  са-
тылмаған  нәрсе  қалмағаны  ма?  Осы  жағдайды 
дұрыстау керек. Қажет болса «Жер», «Табиғатты 
қорғау»,  «Ономастика»,  «Тіл  туралы»  заңдарға 
шұғыл өзгерістер енгізу керек шығар. 
Жердің  атауымен  сол  жерде  тұрған  елдің 
атауы сәйкес келе бере ме? Келмесе сәйкестен-
діру қажет пе? Бүгінде нарық заманында ауылда-
ғы  қожалықтың  аты  жер  атымен,  ел  атымен  ата-
лып  жатса  қателігі  жоқ,  ал  сол  қожалықтың  аты-
мен тарихи жер аты, ел аты өзгеріп жатса бұл дұ-
рыс емес. 
Ғылыми  әдебиеттерде  халықтық,  отар-
шылдық, әміршілдік негізінде пайда болған атау-
ларға  жіктеліп,    нақты  ұғымдар  ретінде  қалып-
тасу үстінде. 
Халықтық  атаулар  деп  негізінен  қай  жер, 
қай  халықты  алып  қарасақ  та  онда  қолданыла-
тын географиялық жер атауларын сол жерді мәң-
гілік  жайлап келген халықтың атап қалыптастыр-
ған елді мекен, жер-су атауларын ұғынамыз. Мы-
салы, 
облысымыздағы 
Қарабалық 
ауданын 
алайық. Онда бүгінгі ресми атаулардың орнында 
тарихи  атаулар  халық  жадында  сақталған.  Атап  
айтсақ,  Гурьяновка  –  Арық,  Веселый  Кут  –  Ал-
дияр,  Ельшанка  – Шолан,  Котлованный  –  Еңбек, 
Белоглинка  –  Мыңбай,  Научный  –  Қыпшақ  жері, 
Святославка  –  Еркіншілік,  Дальний  –  Сүлікті, 
Подгородка  –  Сомжүрек,  Новотроицк  –  Шаған, 
Борисовка  –  Ақтасты,  Огнеупорный  –  Иманбай, 
Победа  –  Бірлік,  Лесной  –  Қызыл  шырпы, 
Славянский – Қарағайлы, Рыбкино – Жадыра. Ал 
енді  бұл  атауларды  не  істейміз?  Бірден  бәрін 
өзгертеміз  бе  немесе  біртіндеп  пе?  Әлде  солай 
қала ма? Бұл сұрақтарды қойып отырған себебім 
–  заңымызда  елді  мекендердің  атауларын 
өзгерткенде  дауысқа  салу  керектігі  айтылған. 
Жаңа  ауылға  атау  беріліп  жатса  дұрыс,  ал 
ықылым  заманнан  келе  жатқан  жердің  де,  елдің 
де  тарихи  атауларын  қайтаруда  дауысқа  салу 
дауға салу дер едім. 
Біздер  бірінші  кезекте  кезінде  саясаттан-
дырылған,  идеологияландырылған  атаулардан 
арылып,  тарихи  атауларды  қайтарып  және  ол 
атаулардың  дұрыс  жазылуын  бірізділендіру 
(Жаркөл – Джаркуль, Жамбыл – Джамбул, Дәмді 
–  Дамдинский,  Қаратал  –  Каратальский  т.с.с. 
демей). 
Материалдық  теңдіктен  рухани  бостандық 
жоғары, сондықтан қоғамда ұлттық құндылықтар-
дың 
үстем 
болуы, 
тарихымызды 
«кеңес 
кеңістігінен»,  «отаршылдық»  сатысынан  өткізу, 
осы  біздер  көңіл  бөліп  отырған  тақырыбымыз  – 
елді  мекен,  жер-су  атауларын  өзгерту  жоғарыда 
айтылған  мәселелерді  шешуге  үлкен  ықпал 
ететіні сөзсіз. 
Егеменді  ел  болғаннан  бері  бұл  саладағы 
біздің міндет жер-су атауларын өзгерту емес, ке-
зінде еш негізсіз, заңсыз өзгертілген тарихи атау-
ларды қайтару, мүмкіндігінше қалпына келтіру. 
Ал  енді  кейбіреулерде  «Осы  неге  қажет?» 
деген  сұрақ  туындауы  мүмкін.  Біріншіден,  елді 
мекен,  жер-су  атаулары  тегіннен  тегін  аталмай-
ды,  олар  ұлтымыздың,  еліміздің  тарихымен  ты-
ғыз  байланысты.  Екіншіден,  әр  атауда  міндетті 
түрде  мағына  бар,  сол мағыналы сөздер  атауды 
анық  айқындауымыз  керек.  Үшіншіден,  Отаны-
мыздағы  елді  мекендер,  жер-сулардың  атау-
ларының дұрыс жазылуы, дұрыс айтылуы еліміз-
дің, ұлтымыздың сауаттылығы мен мәдениеттілігі 
деңгейінің  көрсеткіші  емес  пе?  Төртіншіден, 
отансүйгіштік сана мен сезімді тәрбиелеуде орны 
толмас  өзіндік  үлесі  бар  екендігі  анық.  Егер 
бүгінгідей көптеген жер-су атаулары осылай қала 
берсе,  яғни  басым  көпшілігі  өзге  тілде  аталып 
жүрсе    ертеңгі  ұрпаққа  қалай  біз  бұл  ата-
бабаларыңыздың жері деп айта аламыз? 
Тың  игеру  кезінде  көптеген  елді  мекен-
дердің  атаулары  өзгертілді,  жаңадан  қоныс  теп-
кендердің  атаулары,  келгендердің  елді  мекенде-
рінің  атымен  аталды.  Мысалы,  Московский,  Ле-
нинградский,  Севастопольский,  Тагильский  және 
т.с.с. Егер елді мекен жаңа жерге салынып, жаңа 
атауға ие болып жатса бір сәрі, ал тарихи атауы 
бар  елдің  үстіне  келіп,  не  жақын  қоныстанып, 
олардың  атауларын  өзгертіп  қойғандар  болса 
мәселе  басқаша.  Онда  тарихи  атауды  қайтару 
дұрыс болар. 
Осы  елді  мекен,  жер-су  атауларына  кел-
генде  өзіміз  де  қате  жіберіп  жатамыз.  Ұлылары-
мыздың  кезекті  мерейтойларының  қарсаңында 
бір  атауды  екінші  атауға,  бір  тарихи  тұлғамызды 
екіншісіне  қарсы  қойып  жатамыз.  Оған  да  абай 
болып асықпай шешу керек. 
Бүгінде уақыт талабына сай бір елді мекен-
дер  өсіп-өркендеп  дамып  келеді,  кейбіреулері 
өшіп барады,  болашағы  жоқтары да  бар. Ал,  бо-
лашағы  бар  елді  мекендердің  атауларына  көңіл 
бөлген орынды болар. Әсіресе, аймақ атаулары-
на,  себебі  қазақ  елінің  картасында  бірінші  кезек-
те  осы  аймақ  атаулары  көрсетілетіні  белгілі. 
Жер-су атаулары біздің елімізде ертеден геогра-
фиялық  ерекшеліктерге  сай  тарихи  оқиғаларға 
байланысты 
аталатынын 
ескерсек, 
алдағы 
уақытта  ондай  объектілерге  адам  есімдерін  қою-
дан бас тартуымыз керек. 
Жер-судың  тарихи  атауларын  таза  қазақ-
тандыру деп  немесе  басқа  тілдердегі  атауларды 
қазақшалау деп қате де қысқа түсінбеуіміз керек. 

АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ 
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ 
 
23
Мәселе  тарихи  атаулардың  кезінде  әртүрлі 
себептермен  басқа  атауға  жөнсіз  ауыстырылға-
ны жайында екенін ұмытпайық. 
1998  жылдың  18  наурызында  еліміздегі 
өнер,  мәдениет  және  ғылым  саласындағы  шы-
ғармашылық  зиялы  қауымның  танымал  өкілдері-
мен  кездескенде  Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың  ба-
сып  айтқаны:  «Біздер  елдегі  өзен-көл  неліктен 
бұлай аталады, соның тарихын білу, жалпы тари-
хымызға  ден  қою  керек»  деген  еді.  Олай  болса, 
шын  мәнінде  бүгінде  қазақ  деген  ұлы  халықтың 
ұлы  тарихын  білуде  жер-су  атауларының  тарихи 
тұрғыдан  дұрыс  аталуы,  жазылуы  «Мәңгі  Қазақ 
Елі»  болуына  қосқан  орны  толмас  үлес  болары 
анық.  Қазақстан  Республикасының  Президенті 
Нұрсұлтан  Назарбаев  Астана  қаласындағы  №64 
мектеп-лицейінде  өткізген  патриотизм    сабағын-
да:  «Туған  жерінің,  өз  халқының  тарихын  біл-
мейінше  шынайы  патриот  болу  мүмкін  емес...» 
[Егемен  Қазақстан,  2013  жылғы  4  қыркүйек],  - 
деді.  Елбасы  көтерген  осынау  өзекті  мәселенің 
бір 
кілті 
бүгінгі 
жастарымыздың 
бойына 
отаншылдық сезімін сіңіру. 
Бүгінде  жоғалтқанымыздың  бәрін  тауып, 
айтуға  болмай  қалғанның  бәрін  жинап  алуымыз 
керек.  Өзінің  өткенін  ұмытқан  халықты  болашақ 
та ұмытатынын естен шығармағанымыз жөн. 
Елімізде  экономика  деңгейі  бұрынғыдан 
көп  жақсарды,  өзекті  ұлттың  пайызы  да  жоғары-
лап  келеді.  Демек,  Елдік,  Отандық  сана  сапасы 
көтеріліп  жатқан  шақта  ономастика  мәселелерін 
ой  елегінен  өткізіп,  өлшеп-пішіп,  батылырақ  ше-
шуге кірісетін уақыт жетті. 
 
Әдебиеттер: 
1 Егемен 
Қазақстан 
2013 
жылғы 

қыркүйек. 
2 «Учительский  плюс»  2013ж.  -  №34  -  20 
қыркүйек. - 8 бет. 
 
 
УДК 821.512.122:28 
АТА-БАБА ДӘСТҮРІНЕ АДАЛДЫҚ 
 
Шаяхмет  А.  Қ.  –  ф.ғ.к.,  профессор,  Медиа-орталығының  директоры,  Ахмет 
Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті 
 
Абай мен Ыбырай шығармашылығындағы дін және имандылық тақырыбы,қазақ дәстүрі, 
қазақ даласындағы араб сөздері және кісі есімдері туралы. 
Негізгі ұғымдар: Алла, дін, дәстүр, ұлт, есімдер. 
 
Абай да, Ыбырай да, олардың ізбасарлары 
да Аллаға мінажат қылғанын ғалымдар болмаса, 
көпшілік  әлі  толық  біле  қоймайды.  Абайдың 
«Махаббатсыз  –  дүние  дос,  хайуанға  оны 
қосыңдар»  деген  сөзі  барлық  басылымдарда 
«Махаббатсыз  –  дүние  бос,  хайуанға  оны 
қосыңдар» деп басылып жүр. Абайдың бұл арада 
айтып  отырғаны  әйелге  деген  махаббат  емес, 
Аллаға махаббат екені белгілі. Өйткені, Абайдың 
өзі  осы  өлеңнің  соңында:  «жүрегі  жұмсақ  білген 
құл  шын  дос  таппай  тыншымас»  –  дейді.  Құл 
дегені  –  Алланың  құлы  дегені  де  түсінікті  емес 
пе?! Олай болса, адамға дүние дос болса, дүния 
бос  болмай  ма?  Дүние  мен  дүнияның  да 
мағынасы  әртүрлі  ғой.  Ал  біз  оларды  көбінесе 
синоним  секілді  қабылдаймыз.  «Асыл  сөзді 
іздесең, 
Абайды 
оқы, 
ерінбе» 
– 
деген 
Сұлтанмахмұт  ақынның  талғамы  зор  екеніне 
ешкім  таласа  қоймас.  Сол  Сұлтанмахмұт  бір 
өлеңінде:  «Дүние  дос,  махаббатсыз  мал  секілді 
деген сөзін Абайдың есіңізге ал», – дейді.  
Олай  болса  Абайдың  жыры  жарияланып 
жүрген  көптеген  кітаптарда  дос  деген  сөз  бос 
болып  жазылып,  өрескел  қате  кеткен.Осы 
қателерден  тәуелсіздік  жылдарында  да  арыла 
алмай  отырмыз.  Абайдың  «Алланың  өзі  де  рас, 
сөзі  де  рас»  деген  сөзінен-ақ  оның  Исламға 
көзқарасы айқындалып тұр. 
Ұлы  ағартушы  Ыбырайдың  «Атамұра» 
баспасынан  2006  жылы  жарық  көрген  «Кел, 
балалар,  оқылық»  атты  кітабында  әйгілі  «Бір 
Құдайға  сиынып,  кел,  балалар,  оқылық»  деп 
басталатын 
өлеңінде 
әуелгі  шумақ 
дұрыс 
жазылғанымен,  одан  кейінгі  қайталанып  келіп 
отыратын  шумақтарда  «Бір  Құдайға  сиынып» 
деген  жол  түсіп  қалған.  Бір  кездері  атеист 
редакторлар  Құдай,  Алла деген  сөзден  ат-тонын 
ала  қашып,  ондай  сөздерді  қырқып  тастап 
отырса, 
бұл 
жолғы 
«көзі 
ашық» 
редакторларымыз қазақ өлеңінің ешқашан да үш 
жолдан  құралмағанын  есінен  шығарып  алса 
керек.  Осы  өлеңдегі  «Істің  болар  қайыры 
бастасаңыз  алдалап»  деген  сөзді  үш  оқып,  дым 
түсіне 
алмадым. 
Түпнұсқадағы 
«Оқысаңыз 
Аллалап»  деген  сөзді  сауатты  жазу  кітап 
құрастырушыларға  соншалықты  қиын  болды  ма 
екен?!  
Совет 
дәуірі 
идеологтары 
ұлы 
ағартушының  «Мұсылманшылдық  тұтқасын» 
жазып, 
шәкірттерге 
Ислам 
қағидаларын 
ұғындырғысы келгені туралы жұмған  ауыздарын 
ашпаған.  Сондай-ақ  Спандияяр  Көбеевті  те 
кешегі 
совет 
идеологиясы 
тұсында 
өмір 
сүргеннен  кейін  тек  қана  сол  идеяны  жақтаушы, 
насихаттаушы  деудің  де  жөні  жоқ.  Мысалы, 
«Арыстан мен сары масалар» деген мысалында: 

АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ 
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ 
 
24
«Бір  Алла  пендесіне  береді  бақ,  құлына  зияны 
жоқ болады жақ» – деп жазады. Осы жолдардан-
ақ  оның  Ислам  дініне  көзқарасын,  Жаратушыны 
мойындағанын айқын аңғарамыз. 
Алланы жырға қосқан, оған мінажат қылған 
ақындар  Қостанай  өңірінде  де  көп  болған. 
Мәселен, діндар ақын Нұржан Наушабайұлы:  
«Хаққа құлсың тисе де төбең көкке, 
Қалаусыз іс болад деп жүрме текке. 
Ажал уақыты жетпесе сақтар Алла, 
Төсіңді ашып шапсаң да зеңбірекке», – деп 
пәтуаға келеді. 
«Рабымсың, ырыздықты өзің беруші, 
Не халімде екенімді білуші, 
Бір өзіңе зар илеген мен ғаріп, 
Әрбір  іске  разы  болып,  көнуші!»,  –  деп 
Аллаға мінәжат қылады. 
Ақын  «Алаш  еді  ұранымыз,  дін-ислам 
құранымыз, дүния-ақирет жайынан қолда жоқ еш 
құралымыз, ата қоныс кетті қолдан, бұған бар ма 
қыларымыз?!»,  –  деп  өмірді  мағыналы  өткізуге 
шақырады.  «Ескіден  қалған  есті  сөз»  кітабында 
басылған  Серғали  Досовтың  жазуымен  қағазға 
түскен Нұржанның жаңадан табылған термесі: 
«Бісімілла, рахман-рахим! 
Болмады төмен назарым, 
Жер жүзіне жайылды 
Насихат 
болып 
ғазалым», 
– 
деген 
жолдармен  басталады.Нұржан  белгілі  кісілерге 
жиі  жыр  арнап  отырған.  Мәселен,  Сатыпалды 
ишан  қайтыс  болғанда    оған  арнап  мынандай 
жыр шығарған: 
«Сатыпалды ишан әулие 
Фәниден өтті бақиға, 
Дін мұсылман жұрты үшін 
Қайғылы, ауыр оқиға. 
Тізеңді бүгіп, қолың жай, 
Арнап құран оқырға, 
Жақсылығы көп елі 
Жетім менен пақырға. 
Дарақ егіп, жеміс сап 
Өсіріп еді тақырға. 
Тәлім берген сол еді 
Біз секілді соқырға». 
Сейітжан Бекшентайұлы да Нұржан секілді 
діндар  ақындар  қатарына  жатады.  Ұлттық 
қауіпсіздік 
комитеті 
Қостанай 
облыстық 
басқармасында 
№ 
02754 
мұрағат 
(архив) 
материалдарында  сақталған  ісінде  Сейітжан 
ақынның  араб  таңбасымен  өзі  қол  қойған 
өмірбаяндық  деректері  және  берген  жауабы 
тігулі. Онда ақын 1874 жылы (туған-туыстарының 
айтуына  қарағанда,  1875  жылы  туған)  Оңтүстік 
Қазақстан 
(қазіргі 
Қызылорда) 
облысының 
Қармақшы  ауданында  үшінші  ауылда  туғаны, 
партияда  болмағаны,  орта  шаруадан  шыққаны 
атап 
көрсетілген. 
1937 
жылдың 
20 
желтоқсанында  толтырылған  анкетада  оның 
әйелінің  есімі  Айжан,  тігінші  болып  жұмыс 
істейтіні,  ал  қызы  Зибаның  тоғыз  жаста  екені 
айтылған.Ақынның  тұтқынға  алынар  алдындағы 
тұрған  жері  Жітіқара  қаласы  (құжатта  Жітіқара 
приискісі  деп  көрсетілген),  №  5  учаске,  8  март 
көшесі, 353-ші үй деп атап жазылған. 1938 жылғы 
13  ақпандағы  шешім  бойынша  ақынды  ату 
жазасына 
кеседі. 
Үкім 
1938 
жылдың 
16 
ақпанында орындалған. Ақынның жерленген жері 
туралы мәлімет жоқ. 
Сейітжан  ақын  Алла  бір,  пайғамбар  хақ 
екендігін  айтып,  көпшілікті  Құдайдан  ұялуға, 
харам  іске  бармауға,  кісі  ақысын  жемеуге, 
жаманшылық қылмауға үндейді. 
«Біреуден біреу өнеді, 
Уыстап тұқым шашқандай, 
Рақымын көрсең Алланың, 
Кілтсіз жұмақ ашқандай. 
Қаһарын көрсең Алланың, 
Тауларды тауға қосқандай, 
Не жандар өтті дүниядан, 
Жолбарыс 
жүрек 
арыстандай», 
–деп 
тебіреніп, ала қарға - сауысқанға ұқсап шоқақтап 
ғұмыр сүрмей, баянсыз өмірді мағыналы өткізуге 
шақырады. 
Ақынның  көп  өлеңі  «бісімілла-рахман-
рахимнан»  басталуының  да  өзіндік  мәні  бар. 
Бісімілласыз  іс  қылмайтын  ақын  кәлиманың 
мағынасын  да,  шариғаттың  шарттарын  да, 
имандылық  иірімдерін де  жыр  арқылы  түсіндіріп, 
насихаттайды.  «Білмегенің  болса,  не  молда,  не 
ақыннан сұрап біл!», – деп өсиет айта отырып: 
 «Күнім түнмен алысып, 
Қараша тумай қауышып, 
Заманым азып барады, 
Жазым қысқа ауысып, 
Кент болып, халқым, кетерсің, 
Мал тұқымын тауысып. 
Көрісу жоқ, құшақ жоқ, 
Бір қолды ғана алысып, 
Знаком, здрасти! 
Сәлемге тілің шалысып, 
Шариғаттан закония, 
Озбаса еді жарысып?! 
Әркім өзін жөн көріп, 
Бетімен жүрсе қарысып», – дейді. 
Абай  айтқандай:  «көк  тұман  –  алдындағы 
келер  заманды»  көріп,  көңіліне  секем  кірген, 
жақсылық  пен  жамандықтың  ара  жігін  білген 
көріпкел ақын: 
«Мұхамбеттің үмбетін, 
Қинай ма деп қорқамын. 
Біз қой болсақ, ол қасқыр, 
Шайнай 
ма 
деп 
қорқамын», 
– 
деп 
термелетіп, болашаққа болжау жасайды. 
Сейітжан  Бекшентайұлына  байланысты 
тағы  бір  айта  кететін  жай,  ел  арасында,  әсіресе 
Қызылорда  өңірінде  насихат  өлеңдер  шығарып, 
пiр  атанған,  дiн  басшысы,  ғұлама  ғалым  ретiнде 
танылған  кісілерді  ахун  деп  атаған.  Ахун  деген 
сөз  парсы  тiлiнде  дiни  ұстаз  дегенді  білдіреді 
екен.  Қытай  және  ұйғыр  мұсылмандары  өздерін 
басқарушы  имамдарды  осы  күні  де  ахун  деп 
атайды. Ел  аузында:  «Ахун-ишан  белгiсi   Кәләм-

АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ 
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ 
 
25
Шәрiп  қолында,  өзi  Хақтың  жолында,  дүниеге 
мойнын бұрмайды, - деген өлең бар.  
Ғалым  Ғ.  Меңілбаев  «Байұлы  –  Жаппас 
тайпасынан  шыққан  билер  тарихы»  деп  аталған 
(ҚазҰУ  хабаршысы.  Тарих  сериясы,  №4  (63), 
2011) 
мақаласында 
«Қаналы 
Қалыбайұлы 
Қызылорда  мен  Қостанай  өңірлерінде  би,болыс 
болып  тұрған  кезде  бұл  жерлерде  -  мешіттер 
салуға  көп  жәрдем  берген.  1907  жылы  Қостанай 
қаласындағы 
ашылған 
орыс-қазақ 
әйелдер 
гимназиясына ақшалай көмек берген. Қаналы би 
өмірі 
мен 
қызметі 
туралы 
белгілі 
ақын-
жыраулардың 
шығармаларына, 
жырларына 
арқау  болған.  Қаналы  Қалыбайұлы  қайтыс 
болғанда,оның  қазасына  арнап  ақын  Сейітжан 
Бекшентайұлы  жоқтау  өлең  шығарған.Сонымен 
бірге  ел  аузында  «Ақша  керек  болса  Қаналыға 
бар, ақыл сұрасаң Жаналыға бар» деген қанатты 
сөздер  сақталған.  «Қаналы  мешіті»  Қызылорда-
Жезқазған 
(Құмкөл) 
тас 
жолының 
40 
шақырымында  жолдың  сол  жақ  бетінде  -  200  м. 
жерде  орналасқан.  Қаналы  Қалыбайұлы  бидің 
сүйегі  Қостанай    облысындағы  Орқаш  деген 
жерде»  деген  дерек  келтіреді.  Амал  не,  бұл 
жоқтау бізге жетпей отыр. 
Мөлдір  Өксікбаеваның  «Сыр  сүлейлері 
шығармашылығындағы  діни-ағартушылық  бағыт 
(тақырыптық, 
көркемдік 
ерекшеліктер)» 
деп 
аталған  педагогика  ғылымдарының  магистрі 
академиялық  дәрежесін  алу  үшін  дайындалған 
диссертациясында  «Сыр  сүлейлері  шоғырының 
дарынды 
тұлғаларының 
бірі 
Сейтжан 
Бекшентайұлының 
шығармаларының 
алтын 
арқауы  да  –  имандай  адалдық,  періштедей 
пәктік,  ар  мен  жанның  мөлдір  тазалығы»  дей 
келіп,  оның  «Түсейік  жолға  адамдық»  атты 
өлеңіне  талдау  жасайды.  Ғалымдар  пікіріне  ден 
қойсақ,  Сейітжан  ақын,  жыршы  ғана  емес,  ахун 
деген атаққа ие болған діндар әрі ғалым болған. 
Мырзаби Қауменұлының есімі де осы күнге 
дейін белгісіз болып келді. Оның толғаулары мен 
ғазалдары 
діни 
тақырыпқа 
құрылған. 
«Айналайын, Құдайым!» деп басталатын ғазалда 
Аллаға  құлшылық  қылады,  өткен  өмірге  опынып, 
Жаратқаннан  кешу  сұрайды.  «Қабыл  қыл  деп 
тәубамды,  ақырын  Хақтан  сұрайын»,  –  деп 
тәубаға  келеді.  «Тыңдаған  жұртым,  дұға  қыл, 
Қауменұлы Мырзаби, қолымды жайып тұрайын», 
–  деп  өзінің  атын да  жырға  қосады.. Мырзабидің 
өмірбаяндық деректері де өз өлеңдерінде. 
«Көргенді түгел айтып жазуыма, 
Көңіл олақ, болмады тілде машық, 
Жер таянбай тұра алмас уақыт болды, 
Жетпістен  де  ілгері  кеттік  асып»,  –  дейді 
ол.  
Жас  жетіп,  қарттыққа  мойын  ұсынғанда 
жазған шығармаларында:  
«Алланың бұйрығынан аса алмайсың, 
Баяғы жас күніндей таса алмайсың. 
Көңілің тастан жаман қатқаннан соң, 
Көзіңе қауіп етіп жас алмайсың. 
Неше жыл сайран еткен қадамыңды  
Бір минут тура жүріп, баса алмайсың. 
Сайраған сандуғаштай қызыл тілің 
Аузыңды бір кәлима аша алмайсың. 
Отырған қасыңдағы қатын-балаң 
«Қайтейін, 
аман 
бол», 
– 
деп 
көз 
салмайсың. 
Кетесің соның бәрін көңілге алмай, 
Жатарсың көзіңді ашып қарай алмай. 
Ойың толқып, тіліңнен қуат керер, 
Бір ауыз сөз сөйлеуге жарай алмай», – деп 
ақ жүрегін жаяды.  
Мырзабидің 
Аллаға 
құлшылық 
қылып 
жазған  мінажаттары  мен  бәйіттері  бір  төбе. 
Мәселен,  «Бастап  бәйіт  жазылған,  жолың  жатыр 
қазылған,  бұл  күндегі  пенделер  жолына  шәйтан 
азылған. 
Лә-иллаһа-илла 
Алла», 
– 
деп 
басталатын  бәйітте  кейінгі  жол  шумақ  сайын 
қайталанып 
отырады. 
«Ағузу 
бил-ляһ-деп 
бастап, дәргейіне Алланың, қадыр Алла пенденің 
кәміл етсін иманын. Лә-иллаһа-илла Алла. Иман, 
намаз,  ораза,  қажы,  зекет  ұмыт  боп,  қиын  болар 
мақшарда    қара  болып  жүрсе  бет.  Лә-иллаһа-
илла  Алла.  Ерте  сайла  азықты,  болмағын  хаққа 
жазықты,  лаухул  мен  мақфұзда  имам  ислам 
жазыпты.  Лә-иллаһа-илла  Алла.  Алла,  кәміл 
иманың, бұл бәйітті қылғаның, махшарда жүзің ақ 
болар,  дін  исламға  сиғаның.  Лә-иллаһа-илла 
Алла.  Шын  жыласаң  Аллам  деп,  Аллаң  айтар 
пендем  деп,    Лә-уқсиму  деген  аят  бар, 
ойламаңыз  жалған  деп.  Лә-иллаһа-илла  Алла. 
Тілді  тоқтат  ғайбаттан,  харам  істен  әм  сақтан, 
ғарасат  майдан  күнінде  құр  қалмаңыз  сауаптан. 
Лә-иллаһа-илла  Алла.  Ажал  қабыры  қиын  жол, 
десін  Алла  бізді  құл,  ағайын  тастап  кеткенде 
иманың  болсын  сонда  мол.  Лә-иллаһа-илла 
Алла.  Бас  көтерер  адам  жоқ,  туысқаннан  хабар 
жоқ.  Қараңғы  көрдің  ішінде  бұдан  қиын  жаман 
жоқ.  Лә-иллаһа-илла  Алла»,  –  деген  шын 
жүректен 
төгілген 
жырлар 
оқырманды 
тебірентпей 
қоймайды.Мырзаби 
Қауменұлы 
туралы  деректер  әлі  толық  емес,  ал  қолда  бар 
бірлі-жарым  өлеңдерінен    тамаша  ақын  болғаны 
айқын көрінеді.  
Мырзахмет  Қажыгелдіұлы  деген  атпен 
елге  танылған  тағы  бір  ақынның  өмір  жолы 
таңғажайып. «Заманың түлкі болса, тазы боп 
шал»  дегендей,  «халық  жауы»  атанса  да  қызыл 
көздердің қолына түспей, өмір бойы қашып жүріп 
ғұмырын  өткізген  ақын  Қостанай  облысының 
Сарыкөл 
өңірінде 
«Ленинград» 
ұжымдық 
кәсіпорнының  Қарашілік  ауылында  туған.  Сол 
тұстағы  отарлау  саясатының  Совет  үкіметі 
тұсында  да  жалғасып  отырғанын  көре  білген 
ақын:  «Ұрыса  қалса  бозбала,  Орысқа  таман 
шабады,  Алла  деген  ойда  жоқ,  Мойнына  крест 
тағады»,  –  деп  жырлады.  Ақын  жырларынан 
күні  кешегі  «асыра  сілтеу  болмасын,  аша 
тұяқ  қалмасын»  деген  көрсоқыр  замандағы 
«шолақ 
белсенділер» 
қылығын 
табамыз, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет