Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті


Балаларды тамақтандырудың жай-күйі



Pdf көрінісі
бет29/60
Дата28.01.2023
өлшемі2,33 Mb.
#63492
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   60
Балаларды тамақтандырудың жай-күйі 
 
 
 
Балалық шақта және жасөспірім кезінде құнарлы тамақтануы мектеп 
оқушысының денесі мен ақыл-ойының үйлесімді дамуына, жұмыс қабілеті мен 
үлгерімінің жоғары болуына ықпал етеді, қоршаған орта факторларына 
бейімделуіне жағдай жасайды, өмір сүру сапасына айтарлықтай ықпалын тигізеді, 
балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын қалыптастырудың және сақтаудың 
қажетті шарты болып табылады. Мектеп оқушыларының денсаулық деңгейі және 
олардың толыққанды ыстық тамақпен қамтылуы атқарушы билік органдарының 
қызмет рейтингінің көрсеткіштері ретінде қосылған. 
Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын қорғау саласындағы 
мемлекеттік әлеуметтік саясатты іске асыру отырып, өңірлердің көпшілігі мектеп 
оқушыларын физиологиялық тұрғыдан толыққанды тамақпен қамтамасыз ететін 
мектепте тамақтандырудың пәрменді жүйесін ұйымдастыру мәселелеріне зор 
көңіл бөледі. 
Республикада ыстық тамақпен республиканың жалпы білім беретін 6183 
(84%) мектебіндегі балалардың 79%-ы (1 929 785 адам) ыстық тамақпен 
қамтылған, 21 %-ы буфетте тамақтанады. 
Жергілікті жердің үлгісі бойынша облыстар бөлінісінде балаларды 
ыстық тамақпен қамту туралы мәліметтер (қала, ауыл) 
 
 
Халықтың әлеуметтік қорғалмаған тобынан шыққан балалардың 99%-ы 
тегін берілетін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.
Табысы аз отбасылардан шыққан оқушыларды ыстық тамақпен толық 
(100%) қамту Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау
Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарында және Астана 
қаласында қамтамасыз етілген.
Қалған өңірлерде табысы аз отбасылардан шыққан оқушыларды ыстық 
тамақпен қамту деңгейі жоғары екенін байқауға болады (Ақмола облысында – 
98,1%, Ақтөбе облысында – 98,8%, Алматы облысында – 99,2%, Шығыс 


44 
Қазақстан облысында – 98,8%, Батыс Қазақстан облысында – 99,4% және 
Алматы қаласында – 99,2%). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет