Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті


Сонымен қатар, балалар құқықтарын сақтау саласында өзекті



Pdf көрінісі
бет55/60
Дата28.01.2023
өлшемі2,33 Mb.
#63492
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   60
Сонымен қатар, балалар құқықтарын сақтау саласында өзекті 
мәселелер бар, оларды шешуге күш-жігер бағытталатын болады.
Бірінші. Оқушылардың денсаулық жағдайы және білім беру 
ұйымдарында балаларға медициналық қызмет көрсету
Оқушылар арасында көру органдарының және дене сымбаты бұзылыстары, 
сколиоздар, жүйке жүйесінің, асқазан-ішек жолының және тыныс алу 
мүшелерінің аурулары сияқты аурулардың жоғары таралғандығы байқалады. Тері 
және жүйке жүйесінің аурулары бар балалар саны ұлғайды.
Мектептердің тек 86,8 %-да ғана медициналық бөлмелер бар. Медициналық 
бөлмелерді ұйымдастыруға жағдайларының жоқтығына байланысты мыңға жуық 
бастауыш мектептерінде олар жоқ.
Бұл бағытта күш-жігер мыналарға бағытталатын болады:  
- балалардың денсаулығын және физикалық даярлығын тұрақты 
мониторингтеу жүйесін жетілдіруге; 
- салауатты өмір салтын насихаттауға; 
- ауруы бойынша диспансерлік топтың есебінде тұратын балаларға 
медициналық жұмыскердің рұқсат беруімен және бақылауымен сауықтыру 
тобына баруын қамтамасыз етуге
- барлық білім беру ұйымдарында медициналық бөлмелерді ашуға және 
жабдықтауға. 
Екінші.
 
Мектепте 
сапалы 
тамақтандыруды 
ұйымдастыруды 
қамтамасыз ету 


81 
 
Оқушыларды 
тамақпен қамтамасыз ету саласындағы жағдай 
оны жақсарту бойынша түбегейлі шаралар қабылдау қажеттілігін негіздейді.
Мемлекеттік сатып алуды өткізу нәтижесінде, оқушыларға барлық уақытта 
емес сапалы тағамдар ұсынылады (алдын ала демпинг бағаларымен конкурстарда 
жеңіске жеткен кәсіпорындардың қатысуы). 
Ас мәзірі балалардың биологиялық құнды заттарға физиологиялық 
мұқтаждығы есебінен емес баға есебінен құрылады.
Оқушыларға арналған азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі қамтамасыз 
етілмейді. 
Бүгін 74,9% мектеп асханаларының тамақ блоктарының жеткіліксіз 
технологиялық жабдықталуы, 47,8% мектептерде орталық сумен жабдықтаудың 
және 51,5% мектептерде кәріз желісінің жоқтығы байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет