Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі дәрістік кешен әлеуметтік педагогика



бет22/39
Дата14.10.2023
өлшемі239,7 Kb.
#115097
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   39
Байланысты:
Курс лекций по дисциплине Социальная педагогика

ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАР МАЗМҰНЫ
2.Практикалық сабақ
2.1 Тақырыбы: "Балалық кіші мәдениетін" және баланың "әлеуметтік-мәдени әлемінің" мәні, оның әлеуметтік-мәдени әлеміне ықпал жасайтын факторлар
Жоспар:
1.«Кіші мәдениет» атауы
2.«Балалық кіші мәдениет» түсінігі
3.Бала дамуының түрлі жас кезеңдеріндегі бала кіші мәдениетінің ерекшеліктері. 4.«Әлеуметтік мәдениет» атауы, баланың «әлеуметтік мәдени әлемі» түсінігі
5.Балаға тән және дара әлеуметтік мәдени әлемі
Әдістемелік нұсқау: Берілген тапсырмаларды орындау үшін дәріс материалын және төменде көрсетілген әдебиеттерді пайдаланып дайындалыңыз. «Кіші мәдениет», «Балалық кіші мәдениет» түсінігіне анықтама беріңіз.


2.2 Тақырыбы: Балалар мен жас өспірімдердің ауытқушылық жүріс-тұрыстары әлеуметтік-педагогикалық мәселе ретінде
Жоспар:
1.«Әлеуметтік норма түсінігі». Әлеуметтік нормалардың түрлері.
2.Әлеуметтік ауытқулар, оның түрлері.
3.Ауытқуланушы, делинквенттік, девианттық жүріс-тұрыс.
4.Балалар мен жасөспірімдердің девианттық жүріс-тұрысының алдын алудағы және түзетудегі әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекеттің негізгі бағыттары.
Әдістемелік нұсқау: Берілген тапсырмаларды орындау үшін дәріс материалын және төменде көрсетілген әдебиеттерді пайдаланып дайындалыңыз. Әлеуметтік ауытқулар мен оның түрлерін кестеге түсіріңіз.
4 - МОДУЛЬ ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТТІҢ ӘДІСТЕМЕСІ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
1.1 Дәріс
Тақырыбы: Әлеуметтік педагогикалық іс-әрекет технологиясы
Технология дегеніміз өнім алу үшін оған керекті материалдарды өңдеу әдістері және өнім шығаруға керекті жүйелі процесс. Кез-келген технологияның (өндірістік, әлеуметтік) негізгі бөлігі-түпкі нәтижені мұқият анықтау және оған қалай да жету. Процестің жобасы жақсы болса, шығарылатын өнімнің қандай болатындығы анықталса, оны жасау құралдары белгіленсе, жағдай жасалса, онда өндірістік және әлеуметтік саладағы процестер «технология» деген атауға ие болады.
Технологияның артықшылықтары. Әдістемеге қарағанда технологияның артықшылықтары көп.Біріншіден технологияда түпкі нәтиже дәл анықталады. Дәстүрлі педагогикада мақсатқа жету жолдары анық болмайды. Технологияда мақсат негізгі болғандықтан оны дәл анықтауға мүмкіндік бар. Екіншіден мақсат сүйеніп қойылғандықтан, оған жету үшін істелетін жұмыстардың нәтижесі объективтік әдістер арқылы тексеріледі.Үшіншіден мұғалім дайындықсыз оқыту процесін жүзеге асыра алмайды.Төртіншіден әдістемеде сабақ жоспарлары – мұғалімнің жоспары, оқыту процесінде жұмыс істейтін мұғалім. Ал технологияда оқушылардың оқу іс – әрекетінің түрлері және мазмұны көрсетілген жоба жасалады. Әдістеме бойынша әр мұғалім сабақ жоспарын өзінше тәсілдерін ғылыми тұрғыдан суреттеу. Технолгияны педагогикада қолдану шекарасы бар, себебі технологияның нақты мақсаты болады. Білім беруде мақсат қою мүмкін бе? Білім оқыту мен тәрбие деген анықтамаға сүйенсек, онда болмайды. Оқыту мақсаты –оқушыны болашақтағы мамандығына керекті іс- әрекет тәсілдеріне үйрету. Оқушының оқу материалын қалай меңгергенін оңай тексеруге болады. Олай болса оқытуда технологияны қолдану әбден мүмкін. Демек сабақта оқушылардың іс-әрекеті де түрліше ұйымдастырылады.
Өндірістік және әлеуметтік технологиялардың айырмашылықтары. Технологиялар өндірістік және әлеуметтік деп екіге бөлінеді. Өндірістікке табиғи шикі заттарды (мұнай, ағаш т.б.) өңдеу технологиясы немесе одан алынған өнімдер жатады. Әлеуметтік технологияда адаммен жұмыс істеліп, оның басты бір немесе бірнеше қасиеттері өзгертіледі. Әлеуметтік технологияға оқушыларды оқыту технологиясын жатқызуға болады. Әлеуметтік технологияның өндірістік технологиядан көп айырмашылығы бар. Басты айырмашылығы өндірістік технологияның нақты жүйелі операциялардан тұруында. Бір жерде өзгеріс болса, іс – қимылдардың орындары алмастырылып, нәтижені төмендейді. Әлеуметтік технологияда түрлі шараларды іріктеу жақсы нәтиженің кепілі емес, себебі адамға одан басқа да жағдайлар әсер етеді. Сондықтан әлеуметтік технологияға нақты іріктеліп процестердің жүйесі деп анықтама беруге болмайды. Әлеуметтік технологияда кері байланыс орасан зор роль атқарады. Мұғалім оқушылардың дайындық деңгейлерін қайта-қайта тексеріп, оқу материалын меңгермейтіндермен қосымша жұмыс істеп, стандартты меңгертеді. Сонымен біз жаңа материалды түсіндіру мен бекітудің қайталанатындығын байқаймыз. Бірақ оқушылардың бәрі емес, тек оқу материалын шала түсінгендер ғана қайталайды. Оқушылар дұрыс түсінбеген тақырыптар да қайталайды. Сонымен әлеуметтік технология әдістеменің кемшіліктерін түзете алады. Әлеуметтік технологияны ұйымдастыру және жүзеге асыру өндірістік технологияға қарағанда қиындау. Бірақ екі технология негізінен бір-біріне жақын. Екеуі де технологияны ұйымдастырушыға белгілі өнім береді. Сондықтан «Әлеуметтік технология» ұғымын «Өндірістік технология» ұғымымен қатар қолдануға болады. Әлеуметтік технологияның өндірістік технологиядан айырмашылығы оның жүйесінің онша қатаң еместігі, кері байланыстың (нашар жерді анықтау және сол жерде қосымша жұмыстар істеу) болуында.
Педагогикалық технологияның мақсаттары. Қазіргі мектептің ірі кемшілігі мақсаттың жалпылама қойылуы. Түпкі мақсат адамды жан-жақты және үйлесімді дамыту. Жақсы ұсыныс, бірақ әлде де мағынасы дұрыс ашылмаған.Мақсаттың оқыту мазмұнын іріктеуге, педагогикалық процесті құруға ықпалы әлі де жеткіліксіз.Мақсат бізге керекті түпкі нәтиже, нәтижені көріп «Мақсатқа жеттік пе?»- деген сұрақтарға жауап беру. Мұндай мақсатты педагогикада «диагностика арқылы анықталған мақсат» дейді. Диагностика арқылы оқушылардың білім, іскерлік, дағды деңгейлері және қабілеті анықталады, нәтижесінде оқушыға тағы да қандай білім, іскерлік, дағдылар беру керектігі жоспарланады.
Технологияның кезеңдері:

  • Оқытудың мақсатын диагностика арқылы қайта тұжырымдау;

  • Жаңа мақсатқа жету кезеңдерін белгілеу;

  • Диагностика негізінде оқытудың жаңа мақсатын қою.

Технологияда оқушыда қалыптасатын сапа, қасиет, іскерлік, анық суреттеледі.
Тексеру құралдары арқылы сапасы, қажеттіліктері, іскерліктері, даму, қалыптасу деңгейлері анықталады. Оқушының деңгейі бұрынғы деңгейімен салыстырады, жаңа мақсат қойылады. Сонымен мақсат анық болмаса оқу процесінің жетілдіруіне кедергі жасалады. Педагогикада «технология» ұғымының қолданылатын салалар.
Бүгінгі педагогикада технология ұғымы үш жерде қолданылуда.
• Қазір кейбір әдебиеттерде әдістемені немесе оқытуды ұйымдастыру түрлерін технология дейді.
• Нақты педагогикалық жүйені технология дейді. (В.В.Давыдов технологиясы, дамыта оқыту технологиясы т.б.)
• Қасиеттері белгілі өнім алу үшін қолданылатын әдіс-тәсілдердің жиынтығы және жүйесі технология деп аталады.
Технологияның бірінші анықтамасы педагогикаға ешқандай жаңалық енгізбейді. Екінші анықтамада бір сөздің орнына екінші сөзді қойған. Бұрын В.В.Давыдов, Д.Б.Эльконин, Л,В.Занков т.б. әдістемесі десе, қазір технологиясы дейді.
Екінші анықтамада «технология» ұғымы өндіріс саласынан педагогикаға алғаш енген кездегі мағынасын жоғалтады. Сондықтан үшінші анықтама дұрыс, себебі ол өндірістік технология ұғымына жақын. Технология дегеніміз өндірістік процесті және оның тәсілдерін ғылыми тұрғыдан суреттеу. Технологияны педагогикада қолдану шекарасы бар, себебі технологияның нақты мақсаты болады. Білім беруде мақсат қою мүмкін бе? Білім - оқыту мен тәрбие деген анықтамаға сүйенсек, онда болмайды. Оқыту мақсаты –оқушыны болашақтағы мамандығына керекті іс- әрекет тәсілдеріне үйрету. Оқушының оқу материалын қалай меңгергенін оңай тексеруге болады. Олай болса оқытуда технологияны қолдану әбден мүмкін. Тәрбиеде жағдай басқаша. Бұл салада технологиялық жоба арқылы керекті қасиеттерді алу мүмкін емес деген пікірлер бар. Себебі адамға неше түрлі жағдайлар әсер етеді. Сонымен тәрбие процесінде бір сапаны қалыптастыруды мақсат етіп , оның технологиясын жасау мүмкін емес. Ол технологияны тексеретін нақты құралдар жоқ.
Әлеуметтік-педагогикалық жұмыста қолданатын әдіс-тәсілдер, құрал, мақсат, міндет, форма, ұстаз іс-әрекетінің барлығы толығымен әлеуметтік педагогикалық технологияны білдіреді. Бірақ, әлеуметтік-педагогикалық технологияның мазмұны жалпы педагогикалық технологиядан әлдеқайда кең. Себебі, ол әлеуметтік объектінің ерекшелігін және онымен жұмыс істегенде қолданылатын психологиялық, медициналық, педагогикалық, әлеуметтік жұмыс әдіс-тәсілдері, формасы, іс-әрекет бағыты сияқты басқа да көптеген тұстарын қамтиды. Бұдан басқа «әлеуметтік технология» деген ұғымға келетін болсақ, ол әлеуметтану ілімінің негізінде пайда болып, әлеуметтік үрдістердің барысын талдау, басқару, бақылау жұмыстарына байланысты және оны жүзеге асыратын қызметкер мен әлеуметтік педагогтың іс-әрекетін қамтиды.
Олай болса, әлеуметтік технология дегеніміз - әлеуметтік қызмет ұйымдастыру технологиясы және әлеуметтік педагогтың іс-әрекет технологиясын сабақтастыра қарастыруды талап етеді. Өйткені, әлеуметтік қызметкер мен әлеуметтік педагогтың жұмыс нысаны бір, әрі көп тұстарын бірлесіп шешуге болады. Сол себепті мұны «әлеуметтік-педагогика технологиясы» десе де болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет