Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi еуразия гуманитарлық институты



Pdf көрінісі
бет10/68
Дата11.01.2017
өлшемі5,18 Mb.
#1675
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   68

Ж. Т. Сүлейменова 

Астана қ. 

 

БОЛАШАҚ ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГТАРДЫҢ ПРАКТИКАЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІНЕ 



ҚАЖЕТТІ КӘСІПТІК МАҢЫЗДЫ САПАЛАР 

 

Құзыретті, сауатты, өз бетімен іздене алатын маман даярлап шығу мақсатында еліміз 



жоғары  білім  беру  жүйесіне  2003  жылдан  бастап  кредиттік  оқыту  жүйесін  енгізді.  Жаңа 

оқыту  жүйесінің  жоғары  оқу  орындарында  енгізілуі  қоғам  сұранысына  сәйкес  бәсекеге 

қабілетті  мамандарды  дайындау  және  осы  арқылы  жоғары  білімнің  сапасын  жақсарту 

қажеттілігінен  туындады.  Крeдиттік  оқыту  –  студeнттeрдің  жәнe  оқытушылaрдың 

aкaдемиялық  aлмaсуынa  қaжeтті  шaрттaрды  жүзeгe  aсырaтын  бірыңғaй  өзaрa  сынaқтың 

хaлықaрaлық  жүйeсін  құру  мaқсaтындa  ұлттық  білім  бeру  жүйeсін  рeформaлаудaн 

тұрaтын әлемдік бeтaлыстaн туындaғaн тeхнология. Білімденудің тәсілі ретінде кредиттік-

модульдік  оқыту  жүйесі  болашақ  маманның  жеке  ізденімпаздық,  шығармашылық 

қабілеттерін шыңдауға қозғау салады.  

Елбасы  Н.Ә.Назарбаев  2012  жылдың  14  желтоқсанында  жариялаған  «Қазақстан  - 

2050 Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына 

Жолдауында:  «Бәсекеге  қабілетті  дамыған  мемлекет  болу  үшін  біз  сауаттылығы  жоғары 

елге  айналуымыз  керек.  Қазіргі  әлемде  жай  ғана  жаппай  сауаттылық  жеткіліксіз  болып 

қалғалы  қашан.  Біздің  азаматтарымыз  үнемі  ең  озық  жабдықтармен  және  ең  заманауи 

өндірістерде  жұмыс  жасау  машығын  меңгеруге  дайын  болуға  тиіс»,-  деп  болашақ 

мамандарды  сапалы  дайындау  мәселесін  атап  көрсетті  [1,  6].  Осы  міндеттерді  шешудің 

басты  тетігі    –  жан-жақты  дамыған,  мамандығына  сай  кәсіби  маңызды  сапасы 

қалыптасқан  тұлғаны  дайындап  шығу  болып  табылады.  Тәжірибе  көрсеткендей,  жоғары 

оқу  орнында  кәсіби  маңызды  сапалары  дамымаған,    кәсіптік  іскерлігі  қалыптаспаған 

педагог-психолог тәжірибеге барғанда көптеген қиындықтарға соқтығады. 

Педагог-психолог  маман  кәсіптік  іс-әрекеті  барысында  келесі  бағыттағы 

жұмыстарды атқарады: диагностикалық, прогностикалық, консультативтік, түзету-оңалту, 

оқу-ағарту  және  ғылыми-зерттеу.  Тұлғаның  нәтижелі  кәсіптік  іс-әрекеті  оның  кәсіби 

маңызды  сапасының  қалыптасуына  тәуелді  болады.  Болашақ  маманның  кәсіби  маңызды 

сапалары  кәсіпті  игеру  барысында  қалыптасады.  Бұл  –  тұлғаның  психологиялық  қасиеті 

негізінде жүзеге асатын білім берудің күрделі, динамикалық процесі. 

Жоғары  оқу  орнында  кәсіптік  маңызды  сапасы  қалыптасқан  педагог-психолог 

дайындау  мәселесімен:  Г.В.Акопов  (жоғары  білім  берудің  әлеуметтік  психологиясы), 

А.А.Вербицкий  (ЖОО  белсенді  оқытудың  формалары  мен  әдістері),  Б.А.Вяткин, 

Е.А.Климов,  В.С.Мерлин,  М.Р.Щукин,  К.К.Платонов  (белсенділік,  қарым-қатынас  және 

іс-әрекеттегі  индивидуальды  стиль),  А.Н.Леонтьев  (оқытудағы  мотивация  рөлі), 

В.Д.Шадриков,  Н.В.Самоукина,  А.К.Маркова,  Н.А.Аминов,  (кәсіптік  іс-әрекет  жүйесі 

және  кәсіптік  қабілеттер),  С.В.Тарасов  (кәсіби  маңызды  сапаларды  дамыту)  және  т.б 

бірқатар ғалымдар айналысты[6].  

Кәсіби  маңызды  сапа  дегеніміз  –  іс-әрекеттің  өнімділігін  (сапалық,  нәтижелік) 

анықтайтын  тұлғаның  психологиялық  көрсеткіші.  Тұлғаның  кәсіптік  маңызды  сапалары 

ретінде  еңбек  субъектісінің  анатомдық-физиологиялық,  психологиялық  және  әлеуметтік 

сапаларын  айтуға  болады.  Болашақ  педагог-психолог  үшін  ең  бірінші  кәсіптік  сапалар  – 

психикалық  таным  процестерінің  ерекшеліктері,  психикалық  күйлер  және  тұлғаның 

даралық ерекшеліктері, сондай-ақ, іскерлік, дағды, әдеттер.  

Е.А.Климов  мамандардың  қалыптасуының  келесідей  кезеңдерін  бөліп  көрсетеді: 

оптация сатысы (мамандық таңдау және оны ауыстыру кезеңі), адепта сатысы (мамандық 

туралы ақпаратқа ие болу кезеңі), бейімделу сатысы (мамандықты меңгеріп шығу кезеңі), 


 

76 


интернал  сатысы  (кәсіби  деңгейге  жету  кезеңі),  шеберлік  сатысы  (кәсіптік  тәжірибенің 

арту кезеңі), мәртебелі саты (жастар мен әріптестер үлгі алуға тырысатын әйгілі   маман 

атану  кезеңі),  шәкірт  тәрбиелеу  сатысы  (оның  идеяларын  жалғастырушылар,  шәкірттер, 

ізінен ерушілер пайда болған кезең) [3]. 

А.К.Маркованың  еңбектерінде  кәсіби  маңызды  сапалар  тұлғаның  кәсіптік  іс-

әрекетінің  нәтижелі  орындалуына,  қарым-қатынасына  және  кәсіптік  көтерілу  мен 

кездейсоқ  жағдайларды  жеңіп  шығуына  септігін  тигізетін  психологиялық  сапа  ретінде 

қарастырылады. Ғалым кәсіби маңызды сапаларға маманның мотивациялық, еріктік және 

эмоциональдық  ерекшеліктерін,  яғни  мотив,  қажеттілік,  қарым-қатынас,  адамның 

құндылық  бағдары,  кәсіптік  талаптану,  кәсіптік  өзін-өзі  бағалау,  маман  ретіндегі  өзіндік 

санасы;  психологиялық  әрекет,  іскерлік,  техника,  кәсіптік  білім  алу,  кәсіптік  көтерілуге 

дайын болу; кәсіптік ойлау, мамандық бойынша тәжірибені молайту мүмкіндігі; кәсіптік 

даму,  кәсіптік  көтерілу  жоспарын  жүзеге  асыру  және  жобалау  іскерлігі  және  т.б 

жатқызады [5].   

О.А.Фроликова 

студент 


педагог-психологтердің 

оқу-кәсіптік 

іс-әрекет 

құрылымындағы    кәсіптік  маңызды  сапаларының  дамуын  төмендегі  бағыттарға  бөледі: 

рефлексивті-психологиялық  бақылампаздық,  өзін  және  басқа  адамдарды  адекватты 

қабылдау,  бірінші  көріскендегі  адекваттылық,  клиентке  концентрация;  эмоциональды- 

эмпатия,  басқа  адамдарға  көмек  көрсетуге  ұмтылу,  когнитивті-кәсіптік  білім,  сыни 

пікірлей білу, адамның мінез-құлқын болжамдай білу қабілеті; мінез-құлықтық-иілгіштік 

және  адекватты  мінез-құлық,  өзін-өзі  бақылау,  басқаларға  шыдамды  болу, 

коммуникативті қарым-қатынасқа дайын болу, тыңдай және ести білу, құндылық-мәндік-

гуманистік 

бағыттылық, 

мотивациялық-мәндік 

ұстанымдар, 

тұлғаның 

адами 


құндылықтарын тани білу және т.б.  

Педагог-психологтың кәсіптік іс-әрекеті коммуникативті мамандықтың субъектісі ретінде 

әртүрлі  деңгейдегі  және  көпжоспарлы  іскерлік  қатынаста  ақпарат  алмасудан  тұрады.  Ақпарат 

алмасу – маманның нақты іс-әрекетінің негізгі мазмұны.  

Тұлғааралық  қарым-қатынас  нәтижелі  орнауы  үшін,  өзара  әрекет  жүйесіндегі 

субъектілердің ақпарат алмасуын үнемі талдап отыру қажет. Бұл жағдай ақпарат алмасу үшін 

өзара  қарым-қатынасқа  түскен  сәтпен,  одан  кейінгі  жағдайды  болжауға  мүмкіндік  береді. 

Сондықтан  да,    коммуникативті  болжағыштық  сапасын  тұлғааралық  қарым-қатынас 

жағдайын талдау және бақылау қабілеті ретінде, болашақ педагог-психологтің маңызды кәсіптік 

сапаларының бірі ретінде қарастыру қажет. 

Талдай  білу  қабілеті  дегеніміз  -  теориялық  психологиялық  тұжырымдамаларды  талдау 

ғана емес, сондай-ақ орын алған жағдаяттан шығып кету жолын таба білу. Тұлғааралық қарым-

қатынас  жағдайы  әртүрлі  болғандықтан  психолог  маманның  орын  алған  өзара  әрекет 

жағдаятынан  шығып  кету  үшін  адекватты  шешім  қабылдау  іскерлігі  болуы  қажет.  Біздің 

пікірімізше,  өзара  әрекет  жағдаятын  адекватты  шешу  тұлғаның  коммуникативті  иілгіштік 

сапасына  байланысты  болады.  Коммуникативті  иілгіштік  дегеніміз,  ашық  қарым-қатынасқа 

қабілетті болу, өзара түсінісуге бағдарлану, тұлғааралық қарым-қатынасты орнатуға және өзара 

дамуға мүдделі болу, тұлғалармен қарым-қатынасқа сай болу.  

Сондай-ақ,  болашақ  педагог-психолог  маманға  қажетті  кәсіптік  маңызды  сапа  –  ол 

эмпатия.  Эмпатия – жанашырлық білдіруге, аяушылық танытуға, өзге адамның ішкі жан күйін 

түсінуге  қабілетінің  болуы,  эмоциональды  жылылық,  достық  қарым-қатынас,  қолдау  көрсете 

білу іскерлігі. Ізгілік құндылығы болмаса, эмпатияның жүзеге асуы мүмкін емес. Гуманизмнің 

негізгі  идеясы  адамды  ең  жоғарғы  құндылық  ретінде  түсіндіруі.    Тұлға  өзін  жақсы  таныған 

сайын,  өзінің  даралығын  түсінген  сайын  өзге  адамның  қайталанбастығына  сезімталдықпен 

қарайтын  болады.  Сондықтан  да,  эмпатияның  қалыптасуы  мен  дамуы  ары  қарайғы  тұлғалық 

өсуге негіз болады.  

Демек, болашақ педагог-психологтың практикалық іс-әрекетіне қажетті кәсіптік-маңызды 

сапалары, ол коммуникативті болжағыштық, коммуникативті иілгіштік және эмпатия.   


 

77 


Жоғары  оқу  орны  жағдайында  болашақ  мамандардың  кәсіптік  сапаларын  қалыптастыру 

үшін  әлеуметтік-психологиялық  тренингтерді  қолдану  оң  нәтижелер  береді.  Тренинг 

әлеуметтік-психологиялық  оқытудың  белсенді  әдісі  ретінде  топтағы  шиеленісті 

жағдаяттарды  өзара  түсінісу  позициясы  негізінде  шешуге  мүмкіндік  беретін 

көрегенділікті,  өзіндік  сананы,  өзара  әрекеттесу  деңгейінің  жоғарылауына  септігін 

тигізеді. Топта тренинг барысында шынайы өмірдегі  сияқты өзара байланыс пен қарым-

қатынас  жүйесі  моделденеді.  Бұл  өзінің  және  өзге  адамдардың  мінез-құлықтық  және 

қарым-қатынастық  психологиялық  заңдылықтарының  психологиялық  қауіпсіз  жағдайын 

көруге  және  талдай  білуге  мүмкіндік  береді.  Қатысушылар  топта  өзін  өзгеге  ұқсатуға, 

мінез-құлықтың  жаңа  нәтижелі  тәсілдерімен  танысуға  мүмкіндік  алады.  Тренинг 

барысында туындаған эмоциональды байланыс, жанашырлық, эмпатия тұлғаның өсуі мен 

өзіндік  сананың  дамуына  әсерін  тигізеді.Топтағы  өзара  әрекеттесу,  топтық  динамика  әр 

қатысушының  психологиялық  мәселелерін  түсінуге  көмектесетін  қысымды  тудырады. 

Психологиялық  қысым  қосымша  кедергілерді  тудырғанымен,  қатысушылардың  одан  әрі 

ашылуын, рефлексия, өзін-өзі тану процесін күшейтеді. 

 

Әдебиеттер 



1.  Қазақстан-2050  Стратегиясы  қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты:  ҚР 

Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың    Қазақстан  халқына  Жолдауы  //  ҚР  Президентінің  акті 

жиналысы. – 14.12.2012. 

2. Акопов Г.В. Социальная психология высшего образования. М.,2000 

3. Климов Е.А. Образ мира в разнотипных профессиях. – М., 1995. 

4.  Шадриков  В.Д.  Проблемы  системогенеза  профессиональной  деятельности.  –  М., 

1997.   

5. Маркова А.К. Психология профессионализма. – М., 1996.  

6.  Тарасов  С.В.  Развитие  профессионально  важных  качеств  педагогов-психологов в 

процессе обучения в вузе: дис.к.п.н. – Самара, 2004.  

7.  Нұржанова  С.А.  Жоғары  кәсіптік  білім  беру  жүйесінде  болашақ  мамандардың 

креативті  ойлауын  қалыптастырудың  педагогикалық-психологиялық  негіздері:  п.ғ.к.  дис. 

авторефераты. – Астана, 2010 ж. 

 

 



 

 

Р. С. Омарова 



М. Д. Есекешова 

Э. А. Сұлтанова 

Астана қ. 

 

БІЛІМ БЕРУ ПАРАДИГМАСЫНЫҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ МЕН БОЛАШАҒЫ 

 

Қазіргі  кезеңде  еліміздегі  білім  беру  мазмұнының  жаңарту  мәселесіне  көңіл 



бөлініп,  әлемдік  білім  кеңестігіне  ықпалдастыруға  бастау  алатын,  жаңа  мазмұндағы 

тұжырымдамалар  мен  заңдар,  халықтың  рухани,  әлеуметтік  дамуына,  тілі  мен  тарихы, 

мәдениетінің өркендеуіне қолайлы мүмкіндіктер туындап отырғаны белгілі. 

И.А.Колесникова  білім  беру  парадигмаларының  көптүрлілігін  педагогикалық 

өркениетке  байланыстырады,  оның  пікірінше,  адамзат  қоғамы  көптеген  сатылардан: 

табиғи  және  репродуктивті-педагогикалық  өркениеттен  өтіп,  креативті-педагогикалық 

өркениетке енуде. Бұл педагогикалық өркениет мұғалім іс-әрекетінің жаңа қырларын аша 

отырып,  кәсіби  педагогикалық  сапалары  мен  қызметтерін  түбегейлі  түрде  жаңартуды 

талап етеді.  


 

78 


Бұл  ізденістердің  жарқын  көрінісі  ретінде  педагогикалық  парадигма,  яғни  адамзат 

қоғамының  әлемдік  әсер  тәсілдерін  меңгеруі  мен  педагогикалық    ой-өріс  пен  қарым-

қатынастың антологиялық және жеке аспектілерін қамтитын жүйесі ретінде алға шығады.  

Антропологиялық,  археологиялық  мәліметтер  бойынша,  алғашқы  кезеңде 

«педагогикалық  іс-әрекет»  ересектер  мен  бала  өмірінің  тұрмыстық  қарым-қатынасына 

негізделген. Қоғамның әрбір мүшесі тіршілігін сақтау үшін білім, білік, дағды, өмір сүруге 

қажетті қатынастарды білуі және оны кейінгілерге үйретуін қажет етті. Табиғат пен адам 

ақпараттық  байланыс  ретінде  қарым-қатынаста  болып,  еңбек  іс-әрекеті  нәтижесінде 

адамның  өмір  сүру  дағдылары  қалыптаса  бастады,  іс-әрекет  инстинкт  арқылы  реттеліп 

отырды.  

Кейінірек  табиғи  ерекшеліктер,  еңбекке  үйрену,  дене  дамуы  мен  отбасындағы 

қызмет  ету  әрекеттерін    меңгеруге  байланысты  адамзат  өзінің  даму  жолында 



репродуктивті-педагогикалық өркениетке аяқ басты.  

Оның ерекше белгісі – арнайы ұйымдастырылған педагогикалық процесс құралдары 

арқылы  іс-тәжірибені  «әкеден-балаға»  мақсатты  түрде  үйрету  болды.  Адамзат  қоғамы 

ақпаратты  ұрпақтарына  жалғастыру  тәсілдерін,  біліктері  мен  білімдерін  жетілдірудің 

жаңаша жолдарын іздестіруге, ойлап табуға бет бұра бастады.  

Алғашқы  қоғамдағы  адамдардың  тасқа  қоршаған  әлем  жөніндегі  өз  түсініктерін 

бейнелеуі,  өмірлік тәжірибелерін сипаттайтын, оны үйретуде таңбалар мен символдарды 

пайдалануы адам дамуының ілгерушілік сипатын көрсетті. 

Қазіргі  уақытта  адамның  әлемдік  тануы  мен  өзін-өзі  тануындағы  қасиеттері 

«жансыз»  табиғатпен  алмасып  отыр.  В.С.Кукушиннің  пікірінше,  адам  мен  табиғаттың 

арасында «дидактикалық қабырға» пайда болды, оның өткізгіштігі «ақпараттық тазалық» 

дәрежесінің әртүрлілігіне байланысты. 

Жылдан-жылға ақпарат ағымдары мен қорларының қарыштап өсуі адамзат баласын 

табиғаттан  алшақтатып,  “өлі  табиғатпен”  қатынасын  нығайта  түсті  десе  де  болады. 

Репродуктивті-педагогикалық  өркениет  шеңберінде  білім  беру  өлшемдері  мен  оның 

мазмұнына қойылатын талаптарды, шарттарды өзгерту туралы сөз қозғалды.  

Ғалымдар  адамның  космо-био-әлеуметтік  феномен  ретіндегі  қасиеттерінің 

сақталуына, оқыту мен тәрбиелеу міндеттеріне көңіл аудару қажеттігіне тоқталады.  

Дегенмен,  табиғи,  әсіресе,  ғарыштық  бастаулардың  кейінгі  жоспарға  қалдырылуы, 

білім  беру  мазмұнының  тереңдігінен  адамда  қорғаныш  механизмдерінің  пайда  болуы 

көрініс  берді.  Бұл  репродуктивті-педагогикалық  өркениеттің  ішкі  ресурстары  таусылып, 

И.А.Колесникованың  пікірінше,  алға  қарай  креативті-педагогикалық  өркениетке  қадам 

жасау қажеттілігін көрсетеді.  

Демек, 


«Адам-Ғарыш» 

жүйесіндегі 

біртұтас 

ақпараттық-энергетикалық 

механизмдерді  игеру  қажеттілігіне  орай,  рефлексивті  мәдениеттің  дамитындығын 

болжауға  болады.  Мұның  нәтижесінде  «Адам-Адам»  жүйесіндегі  түрлі  деңгейдегі 

қайшылықтар  шешіліп,  «Адам-Табиғат»  жүйесінің  экологиялық  жайлы  формалары 

түзіледі. 

«Креативті-педагогикалық  өркениет  кезінде  субъект-объект  бірлігіндегі  адамзат 

тәрбиесінің  біртұтастығы,  инновациялық  тәжірибені  бағалау  мен  талдау  арқылы  әр 

индивидті табиғи педагогикалық іс-әрекетке әкеледі. Іс-шаралар педагогикасы тұрмыстық 

педагогикасына орын береді. Философиялық түсініктегі “шығармашылық мектеп” кезеңі 

басталады», - дейді В.С.Кукушин [2]. 

Бірақ  білім  беру  парадигмаларының  бірінен-бірі  артық,  не  қалыс  қалған  түрлері 

болмайды. Олар өз кезеңіндегі әлемді түсіну мен педагогикалық нысандардың мәні, оқу-

тәрбие процесінің құрылымына байланысты болады. 

Егер  білім  беру  саясаттан  тыс  болуы  қажет  деп  және  оның  негізін  мәдениет 

контекстінде  қарастырсақ,  онда  білім  берудің  3  тұжырымдамалық  моделін  көрсетуге 

болады:  1)  құндылық  (аксиологиялық);  2)  іс-әрекеттік  (мәдениет-материалдың  және 


 

79 


рухани құндылықтарды жасауды сынақтан өткізуші іс-әрекет тәсілі ретінде сипатталады); 

3) жеке тұлғалық (мәдениеттің жеке тұлға қасиеттеріне кірігуі). 

Осы модельге сәйкес, білім беру парадигмаларын былайша көрсетуге болады:  

 



дәстүрлі-консервативтік  (білім  беру  арқылы  мәдениетті  қалпына  келтіру,  сақтау 

т.б. ретінде); 

 

рационалистік  (мәдениетке  адамның  бейімделуі  үшін  қолданылады,  мұнда  басты 



назарда білім емес, іс-әрекет тәсілдері орын алады). 

 



гуманистік  (феноменологиялық)  (адамға  мәдениеттің негізгі  феномені  және  білім 

беру субъектісі ретінде қатынас жасау). 

Сонымен,  парадигмалар,  біріншіден,  білім  берудің  мақсаттарына  байланысты; 

екіншіден,  мектеп  қызметтерін  түсінуге,  мақсатқа  жету  тәсілдеріне,  әсіресе,  оқытудағы 

оқушы тұрғысынан педагогикалық әсердің сипатына байланысты ерекшеленеді.  

Парадигмалардың әрқайсысы білім беруде мынадай мәселелерді ұсынады: 

 

әлеуметтік институт ретіндегі мектептің қызметтері туралы; 



 

білім беру жүйесінің тиімділігі туралы; 



 

білім беру мақсаттарының қоғамдық мәнділігі; 



 

білім берудің құндылық бағдары. 



“Парадигма”  ұғымының  енуі  Бергманның  және  оны  терең  талдау,  физик,  философ 

Т.Кун  есімдерімен  байланысты.  Т.Кун  парадигма  идеясын  ғылым  дамуының  кезеңдерін 

анықтауда пайдаланды.  

Парадигма  –  ғылым  дамуының  негізгі  өлшем  бірлігі  ретінде  түсіндіріледі.  Т.  Кун 

бойынша,  ғылыми  білімнің  дамуы  мынадай  сызба  бойынша  жүреді:  қалыпты  ғылым  – 

ғылымдағы  ауытқушылық  –  ғылымдағы  тоқырау  –  жаңа  парадигма  (альтернативті 

теориялар  бәсекелестігі  және  бұрынғы  парадигманың  ауысуы)      –  ғылыми  төңкеріс  –

қайтадан қалыпты және одан әрі дамудың жаңа тармағы. 



Парадигма  –  ғылым  дамуының  белгілі  бір  кезеңдерінде  ғылыми  қоғамның 

қабылдаған әдіснамалық және теориялық қағидаларының жиынтығы, ғылыми зерттеудің 

үлгісі,  стандарты,  зерттеу  мәліметтерін,  болжамдар  мен  ғылыми  міндеттердің  жиынтық 

үлгісі ретіндегі көрінісі деп түсіндіреміз. 

Қазіргі  кезеңдегі  «білімді  адам»  (білім,  білік,  дағдыны  меңгерген)  парадигмасының 

«өмірлік  іс-әрекеттерге  дайындалған  адам»  парадигмасына  жүзеге  асуда,  яғни  белсенді, 

шығармашылық  ой-санасы  қалыптасқан,  өзін-өзі  дамытатын,  дене  және  адамгершілік 

қасиеттерін, интеллектуалдық тұрғыда өзін жетілдіретін адамның қалыптасуы.  

Парадигма мәтінінде зерттеушілік қана емес, практикалық міндеттердің де шешімін 

табу  мақсатында  қолданылатын  модель  және  де,  әсіресе,  практикалық  мәселеге  мән 

берілетіндігін атап өтпеуге болмайды. Осыған байланысты білім беру стратегиясы немесе 

базалық  модель  ретінде  білім  беру  жүйесін  жобалауға  көзқарас,  негіз,  идея  мәнінде 

түсіндірілетін  оқыту  (тәрбиелеу)  парадигмасы  ұғымы  қолданылады.  Н.А.Лызь  атап 

өткендей,  «парадигма»  ұғымының  ғылыми-педагогикалық  еңбектерде  берілген  басым 

бөлігі  дәл  осы  топқа  жатады.  Педагогикалық  шындықты  полипарадигмалылық  немесе 

парадигманың  өзгеруі    жөніндегі  де  пікірлердің  астарында  әдетте,  ғылыми  парадигма 

жайында емес, білім беру парадигмасы түсініктері жатыр. 

Педагогикалық  еңбектерде «парадигма» ұғымының ғылым және ғылыми іс-әрекетке 

ғана  емес,  біліммен  де  ара-қатынасы  белгіленген.  Парадигма  жөніндегі  қалыптасқан 

түсініктерге жаңа мәннің қосылғандығы айқын байқалады.  

Аталмыш  процестің  себептерінің  бірі  –  жалпы,  тарихи-ғылыми  және    әдіснамалық 

және аксиологиялық тәсілдердің қиылысуы болып табылады. Қазіргі ғылыми бірлестікте 

кең танылған Т.Кунның парадигма ұғымына орай көзқарастарының өзі өзгеріске түскен.  

Көбіне бүгінгі авторлар мынадай анықтаманы әдіснамалық тұғыр етеді: «Парадигма 

мәнінде  және  олардың  шешімін  табу  моделін  сипаттайтын,  жаппай  танылған  ғылыми 

жетістіктер».  Осы  дәлелдемеге  сәйкес,  «парадигма»  ұғымының  мәні  төмендегідей 

ажыратылады:  


 

80 


1)

 

ғылыми  пікірлер  жиынтығы,  ғылыми  түсініктер,  онда  ерекше  «көру,  шешу 



тәсілін» біріктіретін философиялық, құндылықтық, әдіснамалық және т.б.; 

2)

 



ғылыми мәселеде қолданатын проблемалар, міндеттер, «басқатырғылардың» 

шешімін табу үлгісі.  

Шетелдік  психологиялық-педагогикалық  ғылым  шеңберіндегі  білім  беру 

парадигмасы  мәселесіне  байланысты  еңбектерді  талдасақ,  шетел  педагогикасында  білім 

беру парадигмасы түрлі тұжырымдамалар арқылы беріледі: дәстүрлі білім парадигмасы; 

технократтық  (прагматикалық)    парадигма;  бихевиоральдық  (іс-әрекеттік)  парадигма; 

гуманистік парадигма; теологиялық парадигма; биопсихологиялық  парадигма; т.б

Әр  елде  білім  беру  және  тәрбие  жүйесі  түрліше  парадигманы  тірек  етеді.  Бұл 

жағдайда  ғылымды  дамытудың  жаңа  үрдісін  ғана  емес  (жалпы  дифференциясынан 

ықпалдастыққа; ғылымдардың байланысын негіздеуде субъективтіліктен объективтілікке; 

дараланудан пәнаралық байланысқа; тұйықтан ашыққа; көпсипаттылықтан біртұтастыққа 

т.б.),  сонымен  қатар,  білім  беру  стратегиясы  мен  жаңа  әдіснамасы  туралы  сұрақтар 

туындап отыр.  

Білім берудің жаңа әдіснамасы білім беру жүйесінің репродуктивті-ақпараттық және 

пәндік-дифференциялдықтан интеграциялық білім мен метапәнге; эмперикалықтан 

концептуалдыққа; тақырыптан проблемалылыққа, гносеологиялықтан жеке тұлғалық 

мәдени білім беруге, ал жалпы – мәдениконтекстік, шығармашылық білім беру 

парадигмасына өтуді қамтамасыз етеді.  

Бүгінгі күні “ақпараттық қоғамда” білім өзінің шынайы көрінісін тапты. Демек, білім 

– материалдық және рухани құбылыстар туралы шынайы, әрі нақты мәліметтер 

жиынтығы, олардың адам санасында дұрыс, объективті бейнеленуі. Білім беру – жас 

ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзат мәдени мұрасының сабақтастығын сақтай білуге 

тәрбиелеу және әрбір шәкіртті жеке тұлға деп қарап, табиғат пен қоғам туралы ең қажетті 

жалпы ғылыми біліммен қаруландыру, қоғамдық құбылыстар мен табиғи ортаны танып-

білуге үйрету, ғылыми-әдіснамалық негізде дүниеге танымдық көзқарас қалыптастыру 

болып табылады. Сондықтан білім дамуының әлемдік үрдісімен пара-пар, өз өткен 

тарихымыздағы жетістіктерге сүйене отырып, жалпы білім беру саласын жаңа сапалық 

деңгейге көтеру маңызды. 

 

Әдебиеттер 



1.  Колесникова  И.А.  Гуманистическая  парадигма  и  личностно-ориентированные 

технологии профессионально педагогического образования / Под. ред. В.Л. Матросова, –

М., Прометей, 1999.   

2. Кукушин В.С. Общие основы педагогики. Серия «Педагогическое образование». – 

Ростов н/Д.: Изд. «Март», 2002. – 244 с.  

3.  Омарова  Р.С.Білім  берудің  жаңа  парадигмасы  жағдайында  оқушыларының 

шығармашылық  қызығушылығын  қалыптастырудың  дидактикалық  негіздері.Дисс.  –

Түркістан, 2008. 

 4.  Қожахметова  К.Ж.,  Таубаева  Ш.,  Жанұзақова  Ш.  Методология  общей  и 

этнической педагогики в логико-структурных схемах. – Алматы, 2005.   

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

81 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет