А. А. Курманова
Т. Р. Мусабаева
Семей қ.
ОҚУШЫЛАРДА ҰЛТТЫҚ ПАТРИОТИЗМДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ
Қазіргі таңдағы қоғамдық, саяси-экономикалық ахуалдың адам факторынан, рухани
дамуымыздан аса қажетсініп отырған өзекті мәселелерінің бірі – патриотизм болып отыр.
Белгілі бір аймақта әлеуметтік мәселелерді шешумен қатар, адамдардың рухани сұранысын
қанағаттандыру – кезек күттірмес маңызды шаралардың бірі болып табылады. Елдің рухын
көтеру, ұлттық мақтаныш сезімін оята білу, отансүйгіштік, ұлтжандылық, елжандылық
қасиет қалыптастыру – тәуелсіз мемлекетіміздің айрықша маңызды мәселесі.
Қазіргі кезде жаһандану үрдісі жүріп жатқан жағдайда ұлттық мүдде, ұлттық тәрбие,
ұлттық рухта тәрбиеленіп, ұлт мәдениетінен нәр алған, елін, жерін жанындай сүйетін
саналы, білімді, іскер азамат тәрбиелеу – бүгінгі күннің басты міндеті.
Бүгінгідей демократиялық бағыт ұстанып отырған қоғамда, балалар мен жастардың
тағдыры өздеріне, отбасының материалдық ахуалына байланысты болып отырған
жағдайда патриотизмнің маңызын айқындау басты мәселелердің бірі. Қазақстан
Республикасының орта білімді дамыту тұжырымдамасында «тәрбиелік жұмыстарды,
қазақстандық патриотизмді азаматтық, ізгілікті интернационализм негізінде кұру» керек
екендігі көрсетілген.
Егемен еліміздің туын биікке көтерер жан-жақты білімді жаңа буынды қалыптастыруда
олардың бойына адами қасиеттерді дарытып, патриоттық сезімді сіңіру ұлан-ғайыр туған
жерін ғасырлар бойы жауға бермеген ержүрек, дана ата-бабаларымыз бен келешек ұрпақ
алдында бізге жүктелген зор міндет.
Білім мен тәрбие егіз. Біз білім беріп қана қоймаймыз, сонымен бірге тәрбиелейміз де.
Білім саласында қызмет ететін әрбір педагог жаңару үрдісін жатырқамай, оған патриоттық
тәрбие өзегін байланыстыра отырып, өзінің іс-тәжірибесіне енгізуі тиіс. Білім
парадигмасы
өзгерді.
Оның
мақсаты
–
қоғамды
гуманизациялау,
оқытуды
дифференциациялау арқылы білім алушылардың өз таңдауына жол ашу.
Білім беру жүйесі демократиялық, әлеуметтік мемлекет азаматтарын тәрбиелеуде
олардың жеке тұлға құқықтары мен бостандықтарын құрметтейтін, адамгершілік қасиеті
жоғары, ұлттық және діни төзімді бола отырып, өз тіліне, өз ұлтына, өз ісіне берілген
Қазақстан Республикасының патриоттарын қалыптастыруға міндетті. Өз Отанының, өз
өлкесінің тарихын, дәстүрлерін білмей тұрып бұл жүйені іске асыру мүмкін емес. Өзіне
109
дейін жиналған әрі сақталған мәдениетті тарихты сүйетін, бағалайтын, кұрметтейтін адам
ғана өз Отанын сүйіп, нағыз патриот бола алады.
Отбасында идеялық бірлік болмай, тірлік болмайтыны сияқты, мемлекетте де ұлттық
тірлік болмай, бірлік болмайтын секілді. Ұлттық тірлік – ол өзіңнің осы мемлекеттің бір
бөлшегі ретінде, адами құндылықтарыңның бағалануы, бірлесе қуанатын, бірлесе атқаратын
жетістіктеріңнің болуы емес пе?
Тарихымызда қандай қиындықтар болғанын түсіну арқылы ғана болашақтың қалай
болатынын ұғына аламыз. Ұлтсыздықпен күрес бір сәтке де тоқтамайтын, үздіксіз күрес
екенін, ол ақырында мемлекеттің берік орнығуына әкелетінін түсінгенде, әрқайсысымыздың
оны баянды ету үшін әлемдегі озық елу елдің қатарына кіру үшін саналы бел шеше
еңбектенетіміз айдан анық.
Патриоттық тәрбие мәселесі – адамзат тарихының өн бойында ұрпақтан-ұрпаққа
жалғасып келе жатқан ұлы мақсат болғандықтан, мектеп оқушыларының бойында Отанға
сүйіспеншілік қасиетін дарыту көкейкесті мәселе.
Жас ұрпаққа ұлттық мұралар негізінде патриоттық тәрбие беру ісі ғылыми тұрғыдан
талданып, түрлі тарихи кезеңдегі философиялық, қоғамдық, әдеби, педагогикалық ой-
пікірлерден бастау алып, бүгінгі ғылыми педагогика салаларының зерттеу нысанына
айналып отыр.
Патриотизмді қазіргі көзқараспен ұлтжандылыққа, елжандылыққа сыйғызамыз. Олай
болса, патриотизм – қоғамдық сананың бір формасы, ол тарихи және топтық категория бола
отырып, қоғам дамуымен бірге дамып, жаңа мағынаға, мазмұнға толықтырылып отырады.
Патриотизм – әлеуметтік тарихи қалыптасқан сезім. Ол Отанға деген сүйіспеншілік сезім, ол
Отанға қызмет көрсетуден басталады.
Патриоттық тәрбие, ұлттық намыс, ұлттық сана-сезім рухани байлықтан көрініс табады.
Олай болса, рухани байлыққа, ең алдымен, тілімізді, салт-дәстүрімізді жатқызсақ, тіл – қазақ
болуымыз үшін, дін – адам болуымыз үшін, салт-дәстүр – ұлт болуымыз үшін қажет.
Патриоттық тәрбие – өлшемдер ретінде таңдап, алынған, бірнеше бөліктерден тұратын
сабақтас сала. Оның құрамына келесі өлшемдер кіреді: өзін мемлекетінің азаматы ретінде
сезіну. Бұл өлшемнің көрсеткіштері: мемлекет өмірінде өз рөлін түйсіну; Отанына
сүйіспеншілік сезімі. Мемлекеттік рәміздер мен халықтық дәстүрлерді қастерлеу:
мемлекеттік рәміздер мен халықтық дәстүрлерді білу; қазақ халқының дәстүрлерін білуге
ықылас. Қазақ халқының тарихын бағалайтын көзқарас: қазақ халқының тарихын білу
қажеттігі; қазақ халқының тарихынан жүйелі терең білім. Қазақ халқының мәдениеті мен
дәстүрлерін түсіну: қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрлерін зерделеу қажеттілігі; қазақ
халқының әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерін сақтай білу.
Ата-бабаларымыздың ерлік істерінен, аңыз-әңгімелерінен, батырлар жырынан мысал
келтіре отырып, солардан үлгі алу, өздерін солардың ұрпағы екендігіне мақтаныш сезімін
ұялата отырып, еліктету, болашақ ұрпақ алдындағы өз парызын өтеу міңдетін жүктеу
арқылы іске асыруға болады. Сондықтан, әр адамның бойында Отанға, халқына шын
берілгендіктен, ата салтына, ел тарихына деген құрмет, ерлік рухы қалыптасуы шарт.
Әдебиеттер
1.
Кенжалин Ж. Патриотизм и духовное обновление // Мысль. – № 11, 2003.
2.
Мүхатаев С. Ұлттық идеология: мәні мен мазмұны // Ақиқат. – № 11, 2000.
3.
Шарахымбай Б. Ұлттық патриотизм және екі жүзділік // Қазақ әдебиеті газеті. – №
9.2003.
110
М. Е. Минайдарова
М. С. Хамитова
г. Тараз
ИНТЕРАКТИВНЫЕ МЕТОДЫ ОБУЧЕНИЯ НА УРОКАХ
РУССКОГО ЯЗЫКА В КАЗАХСКОЙ ШКОЛЕ
Закон Республики Казахстан «Об образовании» в качестве основной задачи системы
образования выдвигает «развитие системы обучения в течение жизни, обеспечивающей
взаимосвязь между общим обучением, обучением по месту работы и потребностями
рынка труда и помогающей каждому максимально использовать свой личный потенциал в
обществе, основанный на знаниях».
Концепция развития образования РК до 2015 года и другие нормативные
документы образовательного пространства на первый план выдвигают идеи
индивидуализации, личностной направленности обучения.
Перемены в жизни нашего общества требуют и перемены в современном
образовании. Улучшить его качество не значит в корне изменить процесс обучения.
Инновационные процессы в сфере образования требуют переосмысления форм учебного
процесса как управления познавательной деятельностью ученика. Это, в свою очередь,
определяет необходимость использования новых технологий, позволяющих учитывать
индивидуальные особенности учащихся. И сегодня объявляются нетрадиционными
любые методы, способные разбудить мысль ученика.
Что же можно сделать для того, чтобы ученики не только усваивали программный
материал, но и умели мыслить нестандартно, обладали способностью выдвигать гипотезы,
развивали творческие способности?
Одна из серьезнейших проблем сегодняшней школы – падение интереса учащихся
к учебной деятельности. Не все учащиеся умеют извлекать и перерабатывать учебную
информацию, затрудняются выделять главную мысль. Для поддержания и развития
интереса к предмету необходимо создание новизны на уроке. Современный урок часто
называют педагогическим произведением. И это верно. Он оказывает воздействие на
учеников лишь в том случае, если тщательно продуман весь ход занятий и заранее
запрограммирован их результат. И чтобы урок был интересным, познавательным, можно
осуществлять фрагментарный выбор технологии обучения, который должен
способствовать активному творческому процессу.
Прежде чем переступить порог школы, учителю необходимо проанализировать
предыдущие свои занятия, чтобы новую тему связать с пройденной. Он должен хорошо
знать, что будут делать учащиеся, какую проблему разрешать и каким путем. К
сожалению, не все формы работы дают должные результаты в этом направлении, поэтому
необходимо использовать различные методы и приемы для активизации познавательного
интереса к учебному предмету. Учитель всегда и всюду должен поддерживать стремление
ученика что-либо познать.
Ученые предлагают изучать детские интересы, учитывать, а не игнорировать их в
работе, а также так отбирать материал, чтобы он заинтересовал учеников, и находить
такую форму сообщения фактов, чтобы они легко усваивались.
Интересная работа облегчает её выполнение, учит сознательному отношению к
труду. Результаты психологических и педагогических исследований позволяют научно
обосновать известные в практике и предложить новые методические приемы
пробуждения и развития интереса школьников к конкретному предмету.
Можно выделить два источника, вызывающих интерес учащихся к предмету и
тесно связанных между собой: содержание предмета и деятельность школьников,
организуемая для познания этого предмета.
111
Перед учителями русского языка казахских школ каждодневной задачей является
привитие интереса и любви к русскому языку. Обучать активно, творчески – значит
использовать на уроках средства наглядности, элементы занимательности, которые
глубоко воздействуют на сознание и чувства учащихся. Необходимо отметить, что к
начинающему изучать русский язык надо подходить чутко и стремиться к тому, чтобы
учащиеся не испугались тех трудностей и препятствий, которые встретятся им на первых
уроках.
Над подготовкой к урокам приходится работать очень долго и обдуманно, нужно
проявлять креативный подход, чтобы устный курс русского языка сделать живым, ярким
и интересным.
Трудно представить себе современного учителя-словесника, не пользующегося в
преподавании своего предмета элементами занимательности как средством оптимизации
процесса обучения русскому языку. Развитие интереса к учению – это не только
методическая, но и воспитательная работа. «В школьной скуке, - писал К.Д. Ушинский, -
скрывается источник множества детских проступков и даже пороков».
Заинтересовать и активизировать учащихся помогает не только содержание, но и
занимательная форма заданий. Активными формами работы следует считать те формы,
которые требуют от выполняющих её учащихся напряжения, внимания, запоминания,
применение анализа и синтеза, нахождения сходств и различий.
Использование интерактивных методов обучения дает свои определенные
результаты, так как речевая направленность урока должна осуществляться через общение.
Это означает практическую ориентацию урока, ведь научить языку можно только через
постоянное говорение.
Чтобы стимулировать познавательную и творческую активность школьников и
организовать индивидуальную работу с ними, учителю важно знать возможности
каждого ученика и быть твердо убежденными в том, что все они способны справиться с
теми задачами, которые педагог выдвигает перед ними.
Для активизации творческой и проблемно-поисковой деятельности учащихся
можно использовать кроссворды, различные виды словарной работы, составление словаря
«Говори и пиши правильно», лингвистические задачи, деловые игры, тестовые задания,
сочинения, рефераты. По форме такие уроки могут быть путешествием, соревнованием,
этюдом, исследованием. Интерактивное обучение представляет собой такую организацию
учебного процесса, при которой практически все учащиеся оказываются вовлечёнными в
процесс познания.
Хотим предложить вашему вниманию разработанный урок русского языка с
применением интерактивных методов обучения по учебнику Л.К. Жаналиной «Русский
язык» для 11 класса естественно-математического направления общеобразовательных
школ с казахским языком обучения, изд. «Мектеп» 2007 г. Учебник состоит из 8
лексических тем: 1. Язык и картина мира. 2. Казахстан – моя Родина. Состав слова.
Синтаксис простого предложения. 3. Природа страны и планеты. и др.
Тема: «Республика Казахстан». Грамматическая тема: «Состав слова».
Проведение данного урока можно начать с мозгового штурма: Что вы можете
рассказать о Республике Казахстан? Предоставление новой информации. Поскольку все
понятия, которые мы изучаем, в той или иной мере уже знакомы учащимся,
рекомендуется начинать этот этап с мозгового штурма: "Какие ассоциации вызывает у вас
слово Республика Казахстан?", "Какие понятия связаны со словом Родина?"
Представленные стержневые мысли записываем на доске в столбик и нумеруем. Этот вид
работы помогает отобрать то, что уже известно учащимся. Эту же работу можно провести
иначе: на обратной стороне доски заранее записать ключевое слово, например, Казахстан.
Этот вариант работы эффективен тогда, когда у учащихся недостаточно представлений об
изучаемом понятии. Следующий вариант организации этой работы: предлагаем учащимся
112
настроиться на тему размышления, взять ручки и записать те мысли, которые приходят в
голову, при этом напоминаем, что не нужно стремиться к логике, последовательности.
После ответов учащихся нужно обобщить полученные сведения и приступить к
работе над текстом. Предтекстовая работа включает словарную работу. Выяснить
значения следующих слов и словосочетаний: представительный орган, сенат, мажилис,
независимость, полезные ископаемые, официальный, признать. Придумать с ними
словосочетания и предложения.
Затем образцовое чтение текста учителем, чтение текста учащимися с пометами (! –
новая информация; ? – непонятная информация; + - знакомая информация; - незнакомая
информация).
Республика Казахстан
Республика Казахстан – государство в центральной части Евразии. Столица – город
Астана. Глава государства – президент. Высший представительный орган,
осуществляющий законодательные функции, - парламент, который состоит из сената и
Мажилиса. Исполнительная власть – правительство. Денежная единица – тенге.
Территория республики простирается от нижнего течения Волги на западе, до
Алтая на востоке, от Западно-Сибирской равнины на севере, до Тянь-Шаньских горных
хребтов на юге. Общая длина границ – 15 тысяч километров. На западе и севере Казахстан
граничит с Российской Федерацией, на юге – с Туркменией, Узбекистаном и
Кыргызстаном, на востоке – с Китаем. По площади Казахстан занимает девятое место в
мире.
16 декабря 1991 года казахский народ обрел свою государственную независимость.
Республика располагает богатыми запасами полезных ископаемых. К числу
ведущих отраслей промышленности относятся цветная и черная металлургия.
Казахстан – крупный производитель зерновых, кормовых и технических культур.
Из зерновых преобладает пшеница, а из технических – подсолнечник, хлопчатник, лен-
кудряш. Одной из основных отраслей сельского хозяйства является животноводство.
Республика Казахстан официально признана более чем 120 странами, является
членом Организации Объединенных Наций и многих других международных
организаций.
За годы независимости республика добилась значительных успехов в
строительстве правового государства и гражданского общества. (По энциклопедическому
справочнику «Республика Казахстан»)
Послетекстовая работа включает составление вопросов к тексту; выполнение
упражнений; составление кластера с ключевым словом Казахстан.
независимость Послание Президент
сенат
ископаемые Казахстан парламент
богатство мажилис
народ граница Астана
космодром
113
Завершает урок работа в малых группах на тему «Республика Казахстан», от
каждой группы выступает модератор.
После проведения уроков в интерактивном режиме предлагаются задания,
требующие творческого переосмысления изученного материала: написать сочинение -
миниатюру по теме, высказать свою точку зрения по проблеме, провести стилистический
эксперимент. Считаем, что такое задание в большей степени соответствует природе
интерактивного обучения.
Занятия, построенные в интерактивном режиме, вызывают заметный интерес у
учащихся, прежде всего, потому, что нарушили привычный и несколько надоевший
порядок работы на уроке, позволили каждому побыть не в роли пассивного слушателя, а в
роли активного участника, организатора учебного процесса.
В традиционной системе учитель обычно опирается на сильного ученика, ведь он
быстрее "схватывает" материал, быстрее его запоминает, а слабый "отсиживается" на
уроке. Уроки, проведённые в интерактивном режиме, позволяют включить всех учащихся
в активную работу, обеспечить каждому учащемуся посильное участие в решении
проблем, в результате слабые обретают некоторую уверенность в собственных силах,
сильные ощущают пользу, помогая товарищам понять материал.
Если при традиционной системе обучения учитель и учебник были основными и
наиболее компетентными источниками знаний, то при новой парадигме учитель
выступает в роли организатора самостоятельной познавательной деятельности учащихся,
компетентным консультантом и помощником, знания же учащиеся получают в результате
своей активной познавательной деятельности. В процессе работы в интерактивном
режиме у учащихся формируются коммуникативные навыки, способность к
сотрудничеству и взаимодействию, развивается критическое мышление, что является
необходимым для их будущей профессиональной деятельности.
Д. Э. Усенова
Семей қ.
ОҚУШЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ
Қоғамдағы өзгерістерге сәйкес оқушыларға бүгінгі таңда тиянақты білім беріп,
танымдық белсенділігін арттыру үшін олардың әр пәнге деген қызығушылығын
қалыптастыру – мектептің басты міндеті. Сол себепті білім мазмұнын жетілдіреп, оқу
әдістерін, түрлері мен құралдарын жаңа сапалық негізде қайта құру қажет.
Оқушылардың танымдық қызығушылықтарын анықтауда мына топтарды көрсетуге
болады:
-
білімге деген жағымды қатынас және оларды меңгеру процесі (танымдық
қызығушылықтар);
-
өзіне деген қатынас, яғни өзінің мүмкіндіктерін және жетістіктерін бағалау
(өзін-өзі бағалау);
-
білім берудің құндылығын сезіну, оның қоғамдық және жекелік мәнін түсіну.
Танымдық қызығушылық – тұлғалық тұрақты ұмтылысына, жаңа білімді игеру
тәсілін меңгеруге және құбылыстардың мәнін түсінуге мүмкіндік береді. Басқа
қызығушылықтардан танымдық қызығушылықтың ерекшелігі ол ақпаратты пайдаланумен
қатар оны игеруге және өңдеуге мән береді.
Оқушылардың танымдық қызығушылықтарын өздерінің объектілері бойынша
ажыратады: олар фактілік және теориялық білімге, әрбір әрекетті ереже бойынша
орындауға, шығармашылық сипаттағы әрекеттеріне бағытталған.
114
Танымдық қызығушылықты тұрақтылыққа байланысты да ажыратады: олардың
критерийін бағалаумен және сол жетістікке жету үшін қиыншылықтарды жеңе білумен
байланысты. Оқыту процесінде осы аспектінің мағынасын мамандар дәлелдеген.
А.И.Липкинаның айтуы бойынша, «баланың оқу процесінде интеллектуалдық санасы мен
білім жүйесін игеру ерешеліктерін ғана емес, өзін-өзі бағалау формасындағы күрделі
ақыл-ой жұмыстарын ескеру керек».
Оқыту және тәрбиелеу процесінде жетістікке жету үшін, оқушыларды өз
жетістіктерін адекватты бағалауға, өз күштеріне сенімін арттыруға көмектесу керек. Тек
осындай өзін-өзі бағалау арқылы ғана оқушы өз бетімен жұмыс істеуге ұмтылысын
тудыру мүмкін. Осының барлығы үлгерімнің көрсеткіш жүйесін көрсетеді. Осы
талаптарды орындау үлгерім туралы көп мәлімет береді: жаңа білім игеруде ептілік пен
дағдыны, алынған білімді өңдеу, қорытынды шығару; жаңа жағдайда алынған білімді,
ептілік пен дағдыны пайдалану, олардың керектісін таңдап алу және өңдеу; теориялық
сипаттағы білімді өз бетімен игеруге ұмтылу; шығармашылық әрекет процесінде
қиыншылықтарды белсенді түрде жеңе білу; танымдық әрекетте өз жетістіктерін
бағалауға ұмтылу. Оқушыға белгілі бір көлемдегі білім, білік-дағдыларды меңгертумен
бірге табиғат, қоршаған дүние туралы түсініктерін кеңейте отырып, оларды
шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту бүгінгі күннің талабы. Шығармашылық
қабілеттердің белгілері ретінде: мәселені қарастырудағы қырағылық көрегендікті,
ақылдың икемдігі, ойдың орамдылығын, әрекетті бағалай білуді қарастырады.
Шығармашылықтың негізгі сипаты жаңалық ашуға, жаңа тәсілдер табуға ұмтылу деп
айтуға толық негіз бар. Шығармашылыққа, жаңа, тың нәрсе жасау тән десек, ертеден
белгілі нәрсені қайталауды немесе көшіруді шығармашылық деп айтуға болмайды, бірақ
бұрыннан белгілі, таныс нәрселердің өзінен қандай да бір ерекшелік табу, оны жаңаша
түрде жасау, ерекше қасиеттерін табу шығармашылыққа тән құбылыс деуге болады.
Шығармашылық әрекетке оқушының проблеманы көре білуі, өз іс-әрекетінің
бағдарламасын жасай білуі және ойды іске асыру үшін жаңа идеялар алуы жатады.
Оқыту сабақтарының шығармашылық сипаты оқушының танымдық белсенділігін
оятып, шығармашылық қабілеттерінің дамуына, тәртіптілік пен жолдастыққа,
адамгершілік қасиеттеріне әсер етеді. Ұжымдық сабақтарда өзінің сыныптасының
кемшілігін көруге, оған достық қолын созуға, өзгелердің ісінен сабақ алуға, саналылыққа,
танымдық, әлеуметтік ұстанымының қалыптасуына өз ортасының пікірінің әсері зор.
Мұндай сабақтарда оқушылардың ұжымдық ой-пікірлері қалыптасып, сыныптағылардың
пікірі бойынша ортақ тұжырым жасауға үйренеді: ортақ іске өз үлесін қосады,
жолдасының жауабына пікір айтып, бағалауға үйренеді; оқушының өзіндік жұмысы
талқыланады.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту проблемасын ұқыпты қадағалау,
оқу процесінің тиімді болуында қандай көрініс табады? Жалпы үлгерім, яғни олардың
шығармашылық қабілетін дамытуға және логикасын дамытуға бағытталған тапсырмалар
тек білім мен ұқыптылығына ғана әсер етіп қана қоймай, оқушылардың ойлау қабілетін
дамытады. Мұғалім – бұл жағдайда білімді түсіндіріп қоюшы, бақылаушы емес,
бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетін ұйымдастыратын ұжымдық шығармашылық
істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана оқушы интеллектісінің көзін ашып,
шығармашылығын дамытады.
Мектепте білім мен тәрбие алу барысында бастауыш сынып оқушыларының ақыл-
ойы дамиды, адамгершілік қасиеттері қалыптасады. Осы міндеттерді жүзеге асыруда әр
пәннің өз орны бар. Соның бірі – ана тілі. Ана тілін оқытудағы негізгі мақсаты –
оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту арқылы сөздік қорын, ауызша және
жазбаша сөйлеу тілін, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Оқушылардың танымдық
қызығушылығын арттыру үшін сабақ барысында мәтін мазмұнына сәйкес проблемалық
сұрақ қойып отыру тиімді. Мысалы: «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» әңгімесін өту
кезеңінде мұғалім адам еңбегі және басқа жәндіктердің, құстың тіршілігі туралы сұрақ
115
қойып, оған оқушылар өз пікірін білдіреді. Сонымен қатар «Ойлап тап», «Мәтін
мазмұнына қарап сурет сал», «Суретке қарап әңгіме кұра» т.б. ойындар сөйлеуге
төселдіріп, сөздік қорын молайтып, тілін дамытуға арналған. Күзге байланысты тарауда
«Кім тапқыр?» ойынын өткен тақырып пен жаңа тақырыпты байланыстыру мақсатында
қолдануға болады. Оқушылар топ бойынша: 1-топ күз ерекшеліктерін, 2-топ күзгі еңбекті,
ІІІ-топ табиғаттағы өзгерістерді әңгімелеп беру тиіс. Әңгіме, ертегі, аңыз әңгімелер
оқытуда жаңа сабақ тақырыбына байланысты мақал-мәтел, жұмбақ-жаңылтпаш
пайдаланудың маңызы зор. Баланың танымдық қызығушылығын арттырып, тілін
дамытады.
Ана тілі сабағында мақал-мәтелдерге мынадай жұмыс түрлерін жүргізуге болады:
тақырып мазмұнына сай мақал-мәтелдер айтқызу, мәнін ашып өз ойын жетілдіру. Суретке
қарап тақырыпқа сай жұмбақ-жаңылтпаш айту. Мақал-мәтелдердің жалғасын айтқызу.
Топқа бөліп мақал-мәтелдер сайысын өткізу.
Қазақ тілі, Ана тілі сабағында уақыт тауып шығармашылық жұмыс жүргізу де
баланың қызығушылығын арттырады. Ол үшін мұғалім мәтіннің, жаттығудың өн бойынан
шығармашылық тақырыптарға лайықты жағдайларды іздеп табады. Оқушыны
шығармашылық жұмысқа баулып, қызығушылығын арттыру үшін әртүрлі әдіс-тәсілдерді
қолдануға болады.
1.Мәтін, ертегіні, әңгімені өз ойларымен аяқтау. Мысалы: Қайсар атасымен қыдырап
жүр еді. Кенет қора жақтан түтін исі келді. Қараса қой қора өртеніп жатыр екен. Қайсар не
істеді?
2.Ақын жазушылардың дайын мәтіндерін басқаша аяқтау. Мысалы: «Тәкаппар»
Ш.Смаханұлы.
3.Белгілі мақал негізінде әңгіме жазғызу.
4.Мәтін бойынша мақал құрастыру.
5.Шығарма бойынша сурет салғызу, ауызша суреттеу, қиялдау арқылы суреттеу.
6.Логикалық ойлауды дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды шешкізу
(анаграмма, сөзжұмбақ, ребус, құрастырмалы ойындар).
7.Белгілі ақын, жазушы шығармаларына еліктеп әңгіме, ертегілер жазғызу.
8.Қайталау сабақтарында оқыған мәтіндері бойынша өз бетінше тест тапсырмаларын
құрастыру.
Қорыта айтсақ, бастауыш сыныптағы қай пәнде болсын оқушының танымдық,
шығармашылық қабілетін дамыта оқыту олардың сабаққа деген қызығушылығын оятып,
өз ойын ашық, қысылмай жеткізе білуін, ынтасын дамыта түседі.
Әдебиеттер
1.Сабыров Т.С. Оқушылардың оқу белсенділігін арттыру жолдары. – Алматы: 2006.
2.Талызина Н.Ф. Формирование познавательной деятельности младших школьников:
книга для учителя, М., «Просвещение», 1998.
3. «Бастауыш сыныпта оқыту әдістемесі», 2008.
116
Достарыңызбен бөлісу: |