Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi еуразия гуманитарлық институты



Pdf көрінісі
бет14/68
Дата11.01.2017
өлшемі5,18 Mb.
#1675
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   68

А. С. Муликова 

Астана қ. 

 

СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗ БЕТІНШЕ ІЗДЕНІСТЕРІН АРТТЫРУ АРҚЫЛЫ ЭМОЦИЯ,  



СЕЗІМ ҰҒЫМДАРЫН ЗЕРДЕЛЕУ СУИЦИДТІҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАСЫ 

РЕТІНДЕ 

 

Қазақстан  Республикасының  Ата  заңында   «Мемлекетіміздің  ең  қымбат  қазынасы 



адам  және  оның  өмірі»  деп  басталады.  Ендеше,  сол  қымбат  қазынаны  көзіміздің 

қарашығындай  етіп  қорғау  —  әрбір  азаматтың  алдындағы,  сондай-ақ  жалпы  қоғамның 

алдында тұрған жауапты да, өзекті мәселе. Осы орайда, қазіргі таңда қоғамдық  деңгейде 

белең алған жастар арасындағы өз-өзіне қол салу мәселесі төңірегінде сөз етпекшіміз. ХХ 

ғасырда дүние жүзінің ғалымдарын толғандыратын  түйткіл жасөспірімдер арасында жиі 

кездесетін  –  суицид  болып  отыр.  БӘДСҰ-дың  (Бүкіл  әлемдік  денсаулықты  сақтау 



ұйымы)  соңғы  мәліметтері  бойынша  15-24  жас  аралығындағы  жасөспірімдер  арасында 

өзін-өзі өлтіру екі есе артып кетті.  

Статистикалық  деректерде,  әлемде  жыл  сайын  шамамен  бір  миллиондай  адам  өз-

өзіне  қол  жұмсап,  20  миллиондай  адам  өзін-өзі  өлтіруге  әрекет  жасайтын  көрінеді. 

Алдыңғы  қатарлы  суицид  жасаушылардың  отаны  ретінде,  басқасын  айтпағанда,  көрші 

алпауыт мемлекеттер — Ресей мен Қытай, одан кейін Қазақстанды атауға болады. Қазіргі 

кезде  Дүниежүзілік  Денсаулық  Сақтау  Ұйымының  дерегі  бойынша  Қазақстан  елдегі 

азаматтарының өз өмірлерін қиюы бойынша әлемде үшінші орынды алады. Ол кезде орта 

есеппен  100  000   адамға  шаққандағы  суицид  жасаушылардың  саны  30  адамды  құраған. 

ДДСҰ-ның  соңғы  мәліметіне  сүйенсек,  әлемде  жыл  сайын  бір  миллиондай  адам  өзін-өзі 

өлтірген  болса,  сол  бір  миллион  адамның  8  мыңы  қазақстандықтардан  тұрады.  Бұл 

дегеніміз  әрбір  сағат  сайын  бір  қазақстандық  суицид  жасайды  дегенді  білдіреді.дам 

қандай  да  бір  жағдаяттарға  бола  қатты  күйзелгенде  және  ол  ұзаққа  созылса,  стресстік 

сезімдерге  душар  болады.  Стресс,  яғни  күйзеліс    адамға  өте  ауыр  психологиялық 

жағдайда қауіп-қатер төнгенде, іс-әрекеттің ауыр да жауапты кезеңінде әл-қуатқа, онымен 

қоса  ақыл-ойға  салмақ  түскенде  пайда  болады.  Суицид  терминін  итальян  психологі 

Г.Дэзен  1947  жылы  енгізіп,  оны  “өзін-өзі  өлтіруге  әрекет  ету”  -  деп  түсіндіреді.  XX 

ғасырдың  басында  З.Фрейд  суицидтің  алғашқы  психологиялық  теориясының  негізін 

салды.  Онда  ғалым  адамның  өзін-өзі  өлтіруіне  бағытталған  агрессияның  рөлін  атап 

көрсетті.  Американдық  психиатр  К.Меннингер  З.  Фрейд  идеяларын  жалғастырды.  Оның 

ойынша, барлық суицидтер үш өзара байланысты бейсаналы себептерден болады: кек-жек 

көрушілік  (өлтіру  тілегі),  депрессия-үмітсіздік  (өлу  тілегі),  өзін-өзі  кінәлау  сезімі  (өліп 

қалу ниеті). Психологиялық тұжырымдамаларға сай суицидті үрдістердің қалыптасуында 

негізгі фактор ретінде психологиялық фактор саналады. 

   А.Г.Амбрумова,  Е.М.Вроно  жасөспірімдік  шақтағы  суицидті  мінез-құлыққа  тән 

тұлғалық ерекшеліктерді зерттей отырып, олардың көп бөлігіне импульсивтілік тән деген. 

И.П.Павлов  өзіне-өзі  қол  салуды  «мақсат  рефлексін»  жоғалту  арқылы  түсіндіреді. 

Ғалымның  пайымдауынша:  «Мақсат  рефлексі  үлкен  өмірлік  мәнге  ие,  ол  әрбір  адамның 

өмірлік  энергиясының  басты  формасы.  Мақсат  жоғалған  кезде  өмірдің  де  қызықтылық 

деңгейі  төмендейді.  Әрине  адамдардың  өмірлік  мақсаттары  шексіз.  Өзіне-өзі  қол  салу 

кезінде  өмір  рефлекстерінің  тежелуі,  тоқталысы  орын  алады...».  Американдық  психолог 

Карл Менниндер суицидтің себептерін 3-ке бөлген. Оның бірі – өш алу – жек көрушілік 



 

103 


(өлтіру  ниеті),  депрессия  (тығырықтан  шығатын  жол  таппағандықтан  өлгісі  келу)  және 

кінәлі сезімнің күштілігі соншалықты, өзін-өзі өлтіруге бару. Психолог Едвин Шнейдман 

суицидтің  өте  маңызды  себептерін  жазған.  Мұның  ішінде,  адам  төзгісіз  жан  ауруы, 

қоғамға  қажетсіз  болып  қалу  қорқынышы,  дәрменсіздік  пен  үмітсіздік  және  барлық 

күрделі  мәселелерді  шешетін  ажал  деп  қалыптасқан  пікір  екеніне  тоқталып  өткен.  

Суициалдық  мінез-құлық  жасөспірімдік  жаста  көп  жағдайда  демонстративтік  сипат, 

сонымен бірге байбаламдық сипат алады. Психолог-ғалым А.Е.Личконың көрсеткеніндей, 

тек қана жасөспірімдердің 10 пайызы шынайы өлгісі  келетін ниет білдірсе, ал 90 пайызы 

көмекке  шақырған  жанайқайын  білдіргісі келеді  деп  есептелінеді.  Дюркгейімнің  суицид 

теориясына  байланысты  адам  бір  мәселеге  тірелген  кезде,  немесе  ол  бейімделген  орта 

немесе  әлеуметтік  топ  одан  бас  тартқан  кезде  ол  өзін-өзі  өлтіруге  барады  деген. 

Әлеуметтік  байланыстардың  ерекшеліктерін  ескере  отырып,  ол  келесі  суицид  түрлерін 

бөліп  көрсетті:  эгоистік  және  альтруисттік.  А.Г.Абрумова  және  В.А.Тихоненко 

суицидалды  әрекеттің  екі  негізгі  типін  көрсетеді:  шынайы  әрекет  және  демонстративті-

шантажды. 

    Демонстративті-шантажды  әрекетте  –  өміріне  сондай  қауіпті  емес  әрекеттерге 

барады;  денеде  ірі  веналар  жоқ  жерлерді  кескілеу,  онша  қауіпті  емес  дәрілерді  ішеді. 

А.Е.Личко  мен  А.А.Александров  14-18  жастағы  жасөспірімдерді  зерттей  келе,  олардағы 

суицид  мінезі  көбінесе  аффект  жағдайында  және  ол  балалардың  осы  жаста  өте  сезімтал 

болатындығына байланысты жиі кездеседі деген тұжырымдарға келді. 

 Суицид  (ағылшын  тіліндегі  «suicide»  сөзінен  шыққан,  өзіне-өзі  қол  жұмсау) 

дегеніміз  –  бұл  мақсатқа  бағытталған    өз  бетімен  өмірден  кету,  саналы  түрде 

жоспарланып, іске асатын адамның өзіне-өзі қол жұмсау әрекеті. Суицидті мінез-құлық – 

тұлғаның  маңызды  қажеттіліктерін  қанағаттандыру  жолында  кездесетін  кедергілерге 

қарсылық көрсетуге қабілетсіздіктің нәтижесінде туындайтын әрекет. Күшті эмоционалды 

дағдарыс қарқынды сипат алғанда тұлға жағдайдан шығатын жолды дұрыс таба алмайды. 

Ол үшін өмір маңызын жояды. 

Суицидент адамдардың ауруы бұл  – депрессия. Депрессияға ұшыраған адамдардың 

70%-ы суицид жасайды екен. 

Нашақорлық,    нарықтық  экономика  жағдайларына  жасөспірімдердің  бір  бөлігінің 

бейімделмеуі,  сана  фрустрациясы  және  нақты  белгіленген,  қалыптасқан  өмірлік 

позицияларының  болмауы,  тоталитарлық  секталардың  деструктивті  ықпалы  –  осының 

барлығы  жасөспірімдік  ортада  суицидтің  деңгейінің  көтерілуіне  себеп  болды. 

Ғалымдардың айтуынша, суицидтің 3 түрі бар. 

Бірінші  түрі  –  шынайы  суицид,  оған  барған  адам  өмірден  түңіледі,  үнемі  көңілсіз 

болып жүреді, өлгісі келеді, яғни өмірдің мәнін жоғалтады. 

Екінші түрі – жариялық суицид, өзін-өзі өлтіргісі келгендердің көбі өлместен бұрын 

өзгелердің назарын өзіне аударғысы келеді. Мысалы біреумен ренжіссе, қолына суық қару 

алып, болмаса арқан, жіп ала жүгіріп, «өлем» деуі. 

Үшінші түрі - жасырын суицид. Бұл түрінде  адам өз-өзін өлтіру жақсы іс еместігін 

түсінеді. Бірақ қиындықтан шығар шара, жол жоқ болып көрінгендіктен, өлімге апаратын 

істерге  бас  тігеді.  Дүниежүзілік  Денсаулық  сақтау  ұйымының  мамандарының  айтуы 

бойынша,  адамдардың  өз  өміріне  қол  жұмсауына  себеп  болатын  мынадай  факторларды 

көрсетеді:  денсаулығының  нашарлығынан  –  1,2  %;  қаражат  қиындығынан  –  3  %;    өмір 

сүрудің  ауырлығынан  –  1,4%;    құмарлықтан  —  6%;  отбасы  келіспеушілігінен  -18%;  

рухани  дерттен  —  18%;  жазасын  өтеуден  жалтарудан  —  19%  ;  ал,  өзін-өзі  өлтіру 

фактілерінің — 4 1 %-і  неден болатыны белігісіз  күйде қалып отыр.  

Қазіргі қоғамдағы суицидтің себептерін атап айтсақ: 

1. Адамдардың иманының болмауы мен өмірдің қиыншылықтарын дұрыс түсінбеуі; 

2. Қаржылық жағдайларының әсері; 

3.  Ренжу  (бұл  жасөспірімдер  арасында  ата-анасына  ренжу,  кектену  салдарынан 

болады); 



 

104 


4.  Қателік.  Өмір  болған  соң  қиындығы  мен  қызығы  қатар  жүреді.  Қателік  жасаған 

бала ата-анасынан қорқып, өлімге барады. 

Негізі  психологтер  былай  дейдi:  «Дерттiң  терең  механизiмiн зерттегенде  ағзамызда 

катехломин  деп  аталатын  зат  бар,  бас  миында  болатын  белгiлi  бiр  биохимиялық  үрдiс 

кезiнде  көңiл-күйдi  көтеретiн,  теңестiретiн  зат.  Осы  заттың  қосылысы  кемидi.  Кейбiр 

жағдайларда  жүйке  жасушаларының  бұл  заттарды  ұстап  тұруы  бұзылады.  Бұл  көңiл 

күйдiң төмендеуiне әкеп соқтырады. Егер адам күйзелiс жағдайында болса, катехломиндi 

көптеп шығарады да, бiраз уақыт өткен соң оның деңгейi қайта қалпына келедi»,  - дейдi. 

Бұдан  басқа,  суицидолог  өмірдегі  қиындықтарды  уақытша  деп  қабылдауға,  кез  келген 

проблемадан  оң  ресурс,  даму  мүмкіндігін,  өзіңді  жетілдіру  мүмкіндігін  іздеуге  кеңес 

береді. 

Егер  жан  жарасы  мазалап,  оған  шыдау  мүмкін  емес  болса,  маманның  көмегіне 

жүгіну керек.  

Кең  мағынасында девиантты  мінез-құлық  ( лат. deviatio -  ауытқу) кез  келген 

әлеуметтік 

ережелерден 

(мысалы, 

оның 


ішінде 

жағымды: 

батырлық, 

аса 


еңбекқорлық, альтруизм,  өзін  құрбан  ету,  аса  үлкен  рөл  ойнау,  жетістіктермен  қатар, 

жағымсыз:  қылмыс,  қоғамдық  тәртіпті  бұзу,  адамгершілік  ережелерін,  дәстүрді,  әдет-

ғұрыптарды  аттап  өту,  өзіне-өзі  қол  жұмсау  және  т.б.)  ауыт  қушылықты  білдіреді.  Осы 

тұрғыда әдетте, «Өз-өзін өлтірушілер»  кез-келген жағдайда аман қалу, мүгедекке айналу, 

туған-туыстары  үшін  масылға,  жаулары  үшін  күлкіге  айналу  мүмкіндігі  барын 

ойламайды.Девиантты  мінез-құлықты балалармен  тәрбиелік  жұмыстарын  жүргізуде 

римдік  философ Сенеканың:  «әрбір  адам  өмірінің  тек  кейбір  жақтарын  ойлап  талдайды, 

бірақ  ешкім  жалпы  өмір  туралы  ойланбайды»  деген  ой-пікіріне  сүйене  отырып, 

девиацияға  коррекция  жасаушы  әрбір  маман  ұстаз,  баланың  тек  кейбір  мінездік 

кемшіліктерін  түзетіп  қана  қоймай,  оларды  қоғамдық  өмірдің  талаптарымен  ұштасқан 

дұрыс  қарым-қатынас  жолына  қайтып  әкеліп,  ары  қарай  қалыптаса  дамуына, 

әлеуметтенуіне  көмектесуі  қажет.  Бұл  педагогикалық  іс-әрекеттер  мазмұны,  қоғам 

өмірінде  бекіген  адамгершілік  қадір-қасиеттер  мәнімен,  талаптарымен  тікелей 

байланыстыра, 

адамдар 

арасындағы 

қарым-қатынастар 

(достық, жолдастық, туыстық, сүйіспеншілік, махаббат т.б.)  нормаларымен  ұштастырыла 

жүзеге  асырылғанда,  балалар  бойында девиантты  мінез-құлықтың өріс  алмауына  және 

оларды  мектеп  қабырғасынан  бастап  әлеуметтендіруге  мүмкіндік  жасалады.  Бұл  үрдіс 

мектеп  қабырғасында  ғана  шектелмей,  жоғары  оқу  орындарында  да    жиі  қолға  алынса 

құба-құп  болар  еді.  Жастарды  өз-өзіне  қол  жұмсау  мәселесі  төңірегінде  ашық  әңгімеге 

тартып,  оны  тіпті  ғылыми,  діни,  статистикалық  тұрғыда  талқылап,  көздерін  ашып 

біліммен қаруландыру  қажет деп есептеймін. Сонда жасөспірім  күйзеліске төтеп беруге 

психологиялық  тұрғыда  дайын  болып,  суицидтің  салдары    жақсылыққа  апармайтынын 

түсініп,    ең  бастысы,  алған  білімі  аз  да  болса,  бұл  жағдайдың  алдын  алар  еді  деген 

пікірдемін. Өйткені, суицидтік актке бару себептерінің бірі білімнің жетіспеуі, білместік, 

надандық па деген ой да бар.  

    Осы  жайттарды  орайластыра  отырып,  белгіленген  мерзімге  сәйкес  2013  жылдың  

қараша  айында    «Психология  және  адам  дамуы»  пәнінен    «Қазақ  тілі  мен  әдебиеті» 

мамандығының  1-курс  студенттерімен  ашық  сабақ  өткізілді.  «Сезім  және  эмоция»  атты 

машықтандыру 

сабағында 

студенттердің 

ғылыми 

ізденістері 



шығармашылық  

жұмыстарымен өзара ұштастықта жүргізілді. 

Сабақтың  мақсаты:  студенттердің  дәріс  бойынша    меңгерген  эмоция  және  сезім 

түсініктерінің  психо-физиологиялық  сипаты  негізінде  суицид  мәселесін  талқылау,  алған  

білімдерін  жалпылау,  бекітуді  қарастырды.  Бүгінгі  күндері  әлеуметтік-қоғамдық  өзекті 

деп  саналатын    жастардың  өз-өзіне  қол  жұмсау  мәселесін  сезім,  эмоция  ұғымдары 

негізінде    қарастыру  тақырыптың  теориялық  қана  емес,  практикалық  мәнділігін  де 

жандандыра түскендей болды. Ашық сабақ барысында студенттермен тақырып бойынша  

мынандай  негізгі  түсініктердің  мәні  зерделенді,  олар:  сезім  сапалары,  эмоциялық 


 

105 


жағдайлар,  жоғары  сезімдер,  күрделі  эмоциялар,  агрессия,  аффект,  фрустрация,  стресс, 

депрессия, суицид.  

Ашық сабақ жоспары былайша түзілді: 

1. Сезім түсінігі: сезім теориялары, сезімнің физиологиялық негізі, ерекшеліктері мен 

қызметтері, сезім түрлері. 

2.  Эмоция  түсінігі:  эмоция  теориялары,  эмоцияның  биологиялық  мәні,  эмоцияның 

сезімнен ерекшелігі мен қызметтері, эмоция түрлері. 

3. Суицид  әлеуметтік-қоғамдық мәселе ретінде: статистикалық сараптама, ғылыми-

теориялық  сипаттау, суицидтің өту кезеңдері, алдын алу және болдырмау шаралары.   

4.  Столяренко  ұсынған  студенттің  өз-өзінің  психологиялық  қасиеттерін  бағалау 

әдістемесімен жұмыс. 

   Жалпы  ашық  сабақ  барысы    студенттердің  өз  бетінше  ғылыми  ізденістерге 

талпыныстарын байқатып,    4 бағытта  талқылауды қарастырды: 

Тақырыптың 



негізгі 

түсініктері 

бойынша 

ғылыми-теориялық 

шолу 

(презентациялар, көрнекіліктермен сүйемелдеу); 



-  Статистикалық  деректерді  сараптау,  талдау  (БАҚ-ақпараттары  бойынша  бейне 

түсірілім, слайд-шоулар);  

- Адамның өз-өзіне қол жұмсау мәселесіне діни көзқарас(ислам, христиан, иудаизм-

көрнекіліктер бойынша) тұрғысынан тоқталу; 

-  Адамның  өз-өзіне  қол  салуы  жөнінде  қоғамдық   пікір  (сұхбат-бейнефильм,  рөлдік 

қойылым ), студенттер ойы сараланып, қорытынды жасалды.  

  Ашық сабақ студент жастарға  сезім, эмоция негізінде суицид жөнінде мол ақпарат 

беріп,  ғылыми-тәрбиелік  мәнді  болып  қана  қоймай,  жастар  арасындағы  өз-өзіне  қол 

жұмсамауға терең ой тастайтын, алдын алу шарасы болар деген сенімдемін.  

 

Әдебиеттер 



1.Жарықбаев Қ. Б. Жантану оқулығы. – Алматы, 2008 

2.Жақыпов С. М. Жалпы психология негіздері. – Алматы, 2012 

3.Намазбаева Ж. И. Психология. – Алматы,  2005 

4.Сатиева Ш.С, Даму психологиясы. – Алматы, 2012 

5.Калуев А.ВПроблемы изучения стрессорного поведения. – Киев,1999-134с. 

6.Степанов  А.  Суицид.  О  мерах  профилактики  суицида  среди  детей  и  подростков. 

М.,2004 

7.Алеев Р. Суицид среди подростков. СПб., 1996. 

8. Елшібаева К.Ғ. Суицидтің алдын алу. – Алматы Нұр-Принт- 2008 

9.Кочубей Б.И., Новикова Е.В. Эмоциональная устойчивость школьника. – М., 1998. 

 

 

 



 

 

А. С. Булатова 



г. Петропавловск 

 

ЗАДАЧНЫЙ ПОДХОД К ПОСТРОЕНИЮ СОДЕРЖАНИЯ 



САМОСТОЯТЕЛЬНОЙ РАБОТЫ СТУДЕНТОВ 

 

Анализ  состояния  организации  самостоятельной  работы  студентов  в  вузе  позволил 



сделать  вывод  о  том,  что  на  сегодняшний  день  остается  неразрешенным  противоречие 

между  современными  требованиями  к  профессиональной  подготовке  будущих 

специалистов,  основанными  на  компетентностном  подходе,  и  сложившейся  практикой 

организации самостоятельной работы студентов в вузе, не учитывающей эти требования. 



 

106 


Согласно  теоретическим  исследованиям  ученых  РГПУ  им.  А.И.  Герцена  (А.П. 

Тряпицыной,  Н.Ф.  Радионовой  и  др.),  компетентностный  подход  -  это  подход, 

акцентирующий  внимание  на  результате  образования,  причём  в  качестве  результата 

рассматривается не сумма усвоенной информации, а способность человека действовать в 

различных проблемных ситуациях.  

Этими  же  учеными  под  профессиональной  компетентностью  педагога  понимается 

«интегральная  характеристика,  определяющая  способность  решать  профессиональные 

проблемы  и  типичные  профессиональные  задачи,  возникающие  в  реальных  ситуациях 

профессиональной 

педагогической 

деятельности, 

с 

использованием 



знаний, 

профессионального и жизненного опыта, ценностей и наклонностей» [1: 8]. 

В  исследованиях  некоторых  ученых  наряду  с  понятием  «компетентность» 

встречается  и  понятие  «компетенция».  По  определению  теоретика  компетентностного 

подхода А.В. Хуторского, компетенция - это готовность человека к мобилизации знаний, 

умений  и  внешних  ресурсов  для  эффективной  деятельности  в  конкретной  жизненной 

ситуации.  Компетентность  же  –  это  совокупность  личностных  качеств  ученика 

(ценностных  ориентаций,  знаний,  умений,  навыков,  способностей),  это  способность  к 

деятельности в определенной личностно-значимой сфере [2: 43].   

Итак,  под  профессиональной  компетенцией  будем  понимать  готовность  и 

способность  решать  профессиональные  проблемы  и  задачи,  возникающие  в  реальных 

ситуациях профессиональной деятельности.  

При  проектировании  содержания  профессиональной  подготовки  в  логике 

компетентностного подхода, как утверждают ученые РГПУ [1: 10], единицей построения 

содержания  становится  профессиональная  задача,  а  процесс  профессиональной 

педагогической подготовки ориентирован на получение конкретных результатов решения 

профессиональных педагогических задач.  

Таким  образом,  организация  самостоятельной  работы  студентов  на  основе 

компетентностного подхода должна быть ориентирована  на решение профессиональных 

задач,  а  результат  их  решения  позволит  судить  о  сформированности  компетенций 

выпускника. 

Проектировать  содержание  самостоятельной  работы  студентов  в  педагогическом 

вузе следует на основе определения профессиональных задач, которые предстоzт решать 

педагогу и выявления умений, которые требуются для их решения. 

Для  разработки  содержания  самостоятельной  работы  студентов-географов  по 

дисциплине  «Картография  с  основами  топографии»  нами  использовались  группы 

типичных  задач  учителя,  которые  установлены  учеными  РГПУ  им.  А.И.  Герцена: 

понимание ученика в образовательном процессе; подготовка, планирование, организация 

образовательного процесса (среда, партнеры); поведенческие; самообразование (на основе 

рефлексии и самооценки); коммуникация;  управление; работа с информацией [3: 71].  На 

основе  данных  групп  задач  были  определены  умения,  формирование  которых  в 

самостоятельной  работе  студентов  по  картографии  с  основами  топографии  обеспечит 

успешность развития профессиональных компетенций. 

Согласно  рекомендациям  исследователей  компетентностного  подхода  при 

составлении профессиональной задачи опирались на следующую структуру [4: 38]: 

1.

 



 Обобщенная  формулировка  задачи  -  описание  имеющегося  в  практике 

противоречия, трудностей, постановка вопроса. 

2.

 

 Ключевое  задание,  в  котором  обозначен  «продукт»  решения  задачи  (Что 



требуется представить как результат решения). 

3.

 



 Контекст решения задачи - имеющиеся условия (характеристика людей, ресурсов, 

конкретной ситуации и т. д.). 

4.

 

 Задания, которые приведут к решению (к «продукту»).  



5.

 

 Критерии оценки. 



 

107 


 «Продукт»  решения  задачи  может  быть  представлен  в  виде  текста,  методических 

рекомендаций, карты, таблицы, схемы, сценария и т.д.  

Студенты  могут  решать  предложенные  преподавателем  задачи  и  с  обязательным 

изменением контекста задачи, а желающие сами попытаться конструировать их. 

Ниже  приведены  примеры  заданий  для  самостоятельной  работы  по  дисциплине 

«Картография с основами топографии». 

Задание 1: 

1.

 

Обобщенная формулировка задачи. В планы внеклассной работы учителя входит 

раздел  о  воспитании  патриотической  личности  школьника  через  познание  родного  края. 

Это  может  осуществляться  через  проведение  туристских  походов  на  местности  с  целью 

изучения природных условий и ресурсов, социально-экономических объектов и экологии. 

Проведение  похода  по  заданному  маршруту  позволит  практически  изучить  школьникам 

ориентирование  на  местности.  Любое  мероприятие  требует  его  планирования,  в  данном 

случае разработки туристского маршрута. 

2.

 



Ключевое задание. Разработать по топографической карте маршрут пешеходного 

похода школьников по родному краю и описать его.  



3.

 

Контекст  решения  задачи.    Вы  работаете  в  9  классе.  Для  этого  возраста 

возможны 3-5 дневные походы. Маршрут должен проходить по интересной и удобной для 

движения местности. Считая ежедневные переходы по 10-15 км для указанного возраста 

детей, необходимо подобрать места для ночлега, наметить экскурсии. В наличии имеется 

топографическая  карта  масштаба  1:100  000.  Место  жительства  детей  выбрать 

самостоятельно. 

Задание 2: 

1.

 



Обобщенная  формулировка  задачи.  Основной  задачей,  которая  ставится  при 

изучении  вопросов  картографии  в  6  классе,  является  обучение  чтению  карты,  которое 

затем  совершенствуется  во  всех  последующих  курсах.  Умением  читать  карту  учащиеся 

овладевают  постепенно,  на  всем  протяжении  курса  географии,  в  связи    с  изучением 

определенного  географического  материала.  Обучение  чтению  карты  в  школьном  курсе 

географии имеет несколько стадий. Вначале учитель обучает учащихся чтению условных 

обозначений  по  общей  физической  карте.  В  дальнейшем  чтение  карты  усложняется. 

Учащиеся  могут  дать  простое  описание  географических  объектов  на  основе  условных 

обозначений.  Затем  учатся  получать  с  помощью  ассоциаций    не  обозначенные  на  карте 

данные. 

Усложнение  чтения  карты  идет  и  по  линии  все  более  широкого  применения 

тематических  карт.  Эти  карты  начинают  использовать  с  7  класса.  В  старших  классах  их 

роль возрастает и они становятся основным пособием при изложении нового материала на 

уроках. 


Владение  определенным  уровнем  сложности  чтения  карт  является  показателем  при 

диагностировании достижений учащихся работы с картой. 

2.

 

Ключевое задание. Провести чтение карт по трем уровням сложности, используя 



карты из школьных атласов. 

Подготовка  студентов  в  педагогическом  вузе  к  решению  профессиональных  задач 

будет  содействовать  пониманию  студентами  сущности  педагогической  деятельности,  ее 

особенностей в современных условиях, ее контекстов, а также содействовать развитию у 

студентов положительного отношения к этой деятельности. 

На  наш  взгляд,    такие  условия  организации  самостоятельной  работы  студентов 

позволят  осуществить  планомерный  переход  от  учебной  деятельности  студентов  к  их 

профессиональной  деятельности,  так  как  данные  условия  определены  в  соответствии  с 

современными  требованиями  к  качеству  профессиональной  подготовки  будущих 

педагогов, основаны на принципах компетентностного подхода. 

 

 


 

108 


Литература 

1.Перспективы  развития  педагогического  образования:  компетентностный  подход.  / 

Н.Ф. Радионова, А.П. Тряпицына. // Человек и образование. – 2006. - №№4,5  

2.Хуторской А.В. Ключевые компетенции и образовательные стандарты // Интернет-

журнал  «Эйдос».  2002.  23  апреля  [Электронный  ресурс].  Режим  доступа: 

http://www.eidos.ru/journal/2002/0423.htm. 

3.Исследование  процесса  становления  профессиональной  компетентности  будущих 

педагогов:  Коллективная  монография  /  Под  ред.  Г.А.  Бордовского,  Н.Ф.  Радионовой, 

А.В.Тряпицына. – СПб.: Изд-во «Лема», 2011 – 197 с. 

4.Оценка  профессиональной  компетентности  бакалавров  и  магистров  образования: 

методические рекомендации / Под ред. А. П. Тряпицыной. - СПб.: Изд-во РГПУ им. А. И. 

Герцена, 2008. - 183 с. 

 

 

 



 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет