Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi еуразия гуманитарлық институты



Pdf көрінісі
бет20/68
Дата11.01.2017
өлшемі5,18 Mb.
#1675
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   68

Р. К. Какимова 

А. Б. Шалова 

Шығыс Қазақстан облысы 

                                              

МЕКТЕПКЕ БАЛАНЫ ДАЯРЛАУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ 

 

Баланы  мектепке  оқуға  даярлаудың  мәселесі  кейінгі  10  жылда  ғалымдардың 



назарынан  тыс  қалмай  жүрген  мәселенің  бірі.  Осы  мәселенің  маңыздылығы  күн  өткен 

сайын  біреуден  екіншісіне,  яғни  тәрбиелеу  мен  оқытудан  өткен  сайын  білінуде.  Сабақ 

уақытының  ұзақтығы,  қозғалыстың  аз  болуы,  статистикалық  жүктемелер  мен  жаңа 

міндеттер,  пәндерге  қойылатын  талаптар  –  осының  бәрі  бірінші  сынып  оқушысына 

қиындықтар әкеледі. 

Мектепке  бару  –  бала  өміріндегі  үлкен  жаңалық,  шешуші  кезең,  өмір  мен  іс-

әрекеттің  жаңа  күйіне,  қоғамдағы  жаңа  орнына  көшуі  және  өсіп-жетілуінің  бір  сатысы. 

Мектеп  жасына  дейінгілердің  көбінесе  шұғылданатыны  –  ойын  әрекеті.  Ойын  арқылы 

балалармен қарым-қатынас жасайды, алғашқы білім дағдыларына үйренеді. Ал, мектепке 

барысымен ол ұқыптылық пен зейінділікті талап ететін жүйелі оқу, еңбектену іс-әрекетін 

меңгеретін болады. Осындай елеулі өзгерістерде қиналмай еркін іс-әрекет жасай білу үшін 

6-7 жасар баланың тиісті дайындығы болуы керек. 

Мектепке келген бала физиологиялық және әлеуметтік жағынан да даярлығы болуы 

керек.  Бала  ойлау  операцияларын  орындай  алуы  тиіс,  тіл  табыса  білуі,  сабақтарға 

бейімделе және  әр пәнді  ажырата білуі,  сыртқы ортаны ажырата білуі,  өзінің іс-әрекетін 

бақылап,  өз  ісіне  жауапкершілікпен  қарай  білуі  керек.  Сондықтан  «баланың  мектепке 

даярлығы»  кешенді  ұғым.  Бұл  мәселе  әр  қырынан  және  баланың  жеке  дара  қасиеттерін 

негізге алу арқылы қарастырылуы тиіс [1]. 

Осы  кезеңде  баланың  психикалық  дамуы  оның  барлық  психикалық  қасиеттерінің 

жаңа  өмірге,  мектепке  оқуға  даярлыққа  бағытталуымен  айқындалады.  Бұл  уақыттағы 

баланың  дамуы,  оның    «мектеп  оқушысы  атты  әлеуметтік»  рөлді  иемденуінде.  Баланың 

физиологиялық  дамуы  оның  мектептегі  үлгеріміне  тікелей  және  психологиялық, 

әлеуметтік даярлығының қалыптасуына тікелей әсер етеді. 

Атап көрсетілгендей, баланың психикалық дамуының әрбір кезеңі оның іс-әрекетінің 

негізгі  жетекші  түрімен  сипатталады.  Мектеп  жасына  дейінгі  балалық  шақта  ойын  іс-

әрекеті жетекші болады. 

7  жасар  бала  мектеп  табалдырығынан  аттасымен-ақ  оқушы  болады.  Оның  өмірінде 

ойын әлі маңызды орын алғанымен, осыдан бастап басымдылық рөлін жоғалта бастайды. 

Баланың мектеп өмірінің жаңа жағдайларына алғаш енуі айқын аңғарылады. Балалардың 

көпшілігі  бұған  психологиялық    жағынан  даярланады.  Олар  бұл  жерден  үймен  немесе 

балабақшамен  салыстырғанда,  әдеттен  тыс  басқа  кездестіруді  күте  отырып,  мектепке 

қуана барады. 

Баланың  жеке  басының  дамуы,  оқудың  тиімділігінің  жоғарлығы,  мамандықтың 

қолайлы  қалыптасуын  сәтті  шешу  көбінесе  балалардың  мектептегі  оқуға  даярлық 

деңгейімен анықталады. 

Қазіргі психологияда мектепке даярлық құрылымын бөлу  әртүрлі  шарт  пен әртүрлі 

негізде  жасалынады.  Л.А.Венгер,  А.Л.Венгер,  Я.Л.Коломинский,  Е.А.Панько  сынды 

зерттеушілер мұны эмоционалды және интеллектуалды дайындық деп бөліп көрсетеді [2]. 

Басқа  авторлар  да  баланың  қоршаған  ортамен  өзара  қатынас  жүйесін  зерттей  келе, 

баланың  қоршаған  ортамен  әртүрлі  қатынас  түрлерінің  дамуымен  байланысты  мектепке 

психологиялық  даярлық  көрсеткіштерін  бөліп  қарастырады.  Мұндай  жағдайда  мектепке 

балалардың  психологиялық  даярлығының  негізгі  түрі  болып:  үлкендермен  еркін  қарым-

қатынас  жасау;  құрдастармен  еркін  қарым-қатынаста  болу;  өз-өзіне  адекватты 

қалыптасқан қатынас табылады.  



 

147 


Мектеп  жасына  дейінгі  жастың  аяғында  балалардың  ақыл-ойының  дамуының 

көрсеткіші  –  олардың  бейнелі  және  сөздік-логикалық  ойлауының  қалыптасуынан 

айқындалады. 

Мектеп  жасына  дейінгі  балаларда  көрнекі-бейнелі  ойлауға  негізделген  сөздік-

логикалық ойлаудың негізі дамиды және оның шынайы жалғасуы болып табылады. Алты 

жастағы  бала  қоршаған  ортаны  қарапайым  талдауға  қабілетті:  жандыны  жансыздан 

ажырата білу, күрделі емес пікірді талқылау, дұрыс қорытынды жасау.  

5-6  жастағы  балалар  көпшілік  өңдірген  сенсорлы  үлгі  жүйесін  қолдану  арқылы 

заттардың  сыртқы  қасиетін  тиімді  тексеру  қабілетін  меңгереді.  Оларды  қолдану  балаға 

бөлек қабылдауды, қиын объектіні талқылауға мүмкіндік береді.  

Бірақ,  бұл  қабілеттер  балалар  білімінің  жан-жақтылығын  шектейді.  Бала  себептік-

салдар  байланысын  жақсы  құрайды,  ол  оның сөзінде  көрініс  табады.  Ол  «егер»,  «онда», 

«сондықтан», «осыдан» және т.б. сөз тіркестерін қолданады, оның тұрмыстық пайымдауы 

толық  логикалық  негізделеді.  Логикалық  ойлаудың  қалыптасуы  заттарды  топтастыру 

қабілетінде көрінеді  және жалпы қабылдаған ұғымдарға сәйкес туындайды. 5-6 жасында 

бала ұғымды топтастыра алады, мәселен: «жиһаз», «ыдыс-аяқ», «киім» және т.б. [3]. 

Баланың  танымдық  саласының  дамуының  ерекшелігін  ескере  отырып,  мектептегі 

оқуға 


интеллектуалды 

даярлықтың 

дамуы 

мектепте 



келесілерді 

ұсынады: 

дифференциалды  қабылдау;  аналитикалық  ойлау  (белгілерді  және  олардың  байланысын 

ажырата білу); шынайылыққа тиімді әдіс (фантазиялық рөлдің төмендеуі); логикалық есте 

сақтау;  білімге  қызығушылық;  дауыстап  сөйлеуді  меңгеру  және  белгілерді  түсіну  мен 

қолдану қабілеттілігі; қолдың нәзік қимылының дамуы.  

Мектепке  психологиялық  даярлықты  құрайтын  жеке  басты  анықтауда  мектеп 

жасына дейінгі балалардың мотивациясы маңызды болып табылады. Оқу мотиві екі топқа 

бөлінеді: 

1.  Оқудың  кең  әлеуметтік  мотиві  немесе  «басқа  адамдармен  қарым-қатынастағы 

баланың  қажеттілігімен,  оқушының  қоғамдық  қатынас  жүйесінде  орын  табу  тілегімен» 

байланысты мотивтер. 

2.  Оқу  іс-әрекетіне  тікелей  байланысты  мотивтер  немесе  «балалардың  танымдық 

қызығушылығы,  интеллектуалды  белсенділік  пен  жаңа  дағды  мен  білімді  игеру 

қажеттілігі.  Сонымен  қоса  жеке  бастық  даярлық  баланың  эмоциялық  сезімінің  даму 

деңгейін жетілдіреді. Баланың іс-әрекетінде эмоцияның рөлі өзгереді, эмоциялық таңдану 

қалыптасады,  сезім  жоғары,  парасатты  болады.  Әдепті,  интеллектуалды,  эстетикалық 

жоғары  сезім  қалыптасады.  Сондықтан  мектептегі  оқудың  басында  балада  жақсы 

эмоциялық тұрақтылық болу керек [4].  

Көптеген  авторлар  мектепке  жеке  бастық  даярлықта  баланың  еркінділігінің  даму 

мәселесіне  назарын  аударды.  Осы  орайда,  келесідей  пайымдау  бар,  бала  дербестігінің 

әлсіз болуы – бірінші сыныпта үлгермеудің негізгі себебі болып табылады.  

Мектептегі оқуға әлеуметтік немесе жеке бастық даярлық бала үшін мектептегі оқу 

жағдайына  сәйкес  жаңа  қарым-қатынастың  түрін  игеруге,  яғни  өз-өзіне  және  қоршаған 

ортаға жаңа қатынас жасауға тәрбиелейді. 

 «Біліктілік»  сөзі  қандайда  бір  нәрседен  хабардар  болу  деген  мағынаны  білдіреді. 

Әлеуметтік  біліктілік  –  бұл  белгілі  әлеуметтік-мәдени  ортада  қабылданған  мінез-

құлықтың ережесі мен қалпының білімі және оған қатынасы; оны практикада қолдануды 

білдіреді.  Тілдік  біліктілікте  сөйлеудің  даму  деңгейі  айқындалады.  Бұл  біліктіліктің  екі 

түрін  коммуникативті  біліктіліктің  элементі  ретінде  қарастыруға  болады  немесе  кең 

мағынада  –  қарым-қатынастағы  біліктілік  өзімен  бірге  вербальды  емес  қарым-қатынас 

түсінігі мен білімділігін көрсетеді.  

Мектепке  дейінгі  баланың  жан-жақты  қалыптасып,  дамуы  баланың  мектеп 

жағдайына  бейімделуінің,  жүйелі  оқуға  кірісуінің  алғышарттары  болып  табылады. 

Мұндай  алғышарттарға  оқушы  болу,  маңызды  әрекетті  орындау,  оқуға  деген  тілегі 

жатады. Мұндай тілек 5-6 жаста балалардың басым көпшілігінде пайда болады. 



 

148 


Мектепке  психологиялық  дайындықтың  маңызды  жағы  –  баланың  ерік-жігері 

дамуының жеткілікті дәрежеде болуы. Әртүрлі балаларда бұл даму түрліше көрініс береді. 

Бес-алты  жастағыларға  тән,  оларды  басқалардан  ерекшелендіріп  тұратын  ортақ  белгі  – 

олардың  бойында  өз  мінез-құлқын  басқаруға  әрі  бірінші  сыныпқа  келген  бойда  жалпы 

әрекетке  қосылып,  мектеп  пен  мұғалім  қоятын  талаптар  жүйесін  қабылдауға  мүмкіндік 

беретін қатар бағыну мотивтерінің дамуы болып табылады. 

 

Әдебиеттер 



1.Ұғланова  Н.  Баланың  мектепке  бейімделуі  мен  негізгі  қиындықтарының 

сипаттамасы // Ұлағат. – №5, 2004.  

2.Жұмантаева А.Д. Баланы мектепке дайындау мәселелері // Отбасы және балабақша. 

– №2, 2002.  

3.Исмаилова  Ж.  5-7  жастағы  балалардың  оқу-танымдық  әрекетін  дамытудың 

психологиялық-педагогикалық аспектілері // Ізденіс.- №2, 2001.  

4.Рахимжанова М. С., Игманова Р. Т.  Баланы мектепке даярлаймыз. – Семей, 2008. –

120 б. 


 

 

 



 

Г. С. Қаленова 

Р. К. Жүндібаева 

Семей қ. 

 

ҚАЗІРГІ ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮРДІСІНДЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ  ӘДІСТЕР 

                

  Еліміздің  болашағы  көркейіп  өркениетті  елдің  қатарына  қосылуы  бүгінгі  ұрпақ 

бейнесінен  көрінеді.  Қазіргі  білім  беру  саласындағы  мәселе  –  әлеуметтік-педагогикалық 

және ұйымдастыру тұрғысынан білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін 

іздестіру,  оны  өмірде  пайдалану.  Қазіргі  мектеп  жағдайындағы  білім  берудің  ұлттық 

үлгісіне  көшу,  оқыту  мен  тәрбие  берудің  соңғы  әдіс-тәсілдерін,  инновациялық 

технологияны  игерген,  психологиялық,  педагогикалық  жұмыста  қалыптасқан  ескі 

сүрлеуден  тез  арада  арылуға  қабілетті  және  нақты  тәжірибелік  іс-әрекет  үстінде,  өзіндік 

даңғыл  жол  салуға  икемді,  шығармашылық  педагогикалық  зерттеуші  болу,  ал  зерттеуші 

педагог өз кезінде ізденуші шәкіртті тәрбиелеуді талап етеді [1]. 

Мемлекеттік  білім  стандарты  деңгейінде  оқыту  үдерісін  ұйымдастыру  жаңа 

педагогикалық  технологияны  қолдануды  қажет  етеді.  Қазіргі  кезеңдегі  педагогикалық 

инновация  білім  беру  жүйесіндегі  жаңалықтарды  топтастырады.  Кез  келген  елдің 

экономикалық  қуаты,  халқының  өмір  сүру  деңгейінің  жоғарылығы,  дүние  жүзілік 

қауымдастықтағы  орны  мен  салмағы  сол  елдің  технологиялық  даму  деңгейімен 

анықталмақ. Жалпы қоғам дамуы мен жаңа технологияны енгізу сапалылығы осы елдегі 

білім  беру  ісінің  жолға  қойылғандығы  мен  осы  саланы  ақпараттандыру  деңгейіне 

байлаулы.  Экономикасы  күшті  дамыған  елдердің  тәжірибесі  білім  беру  жүйесін 

ақпараттандыру  экономика,  ғылым  және  мәдениеттің  қарқынды  дамуының  негізгі  кілті 

екендігін 

дәлелдеп 

отыр. 


Ендеше 

қазіргі 


заманның 

ақпараттық 

және 

телекоммуникациялық  технологиясын  игеруге  міндеттіміз.  Сондықтан  әртүрлі  оқыту 



технологияларын  оқу  мазмұны  мен  оқушылардың  жас  және  психологиялық 

ерекшеліктеріне  орай  таңдап,  тәжірибеде  кеңінен  қолданудың  маңызы  зор.  Қазіргі  білім 

беру  саласындағы  оқытудың  озық  технологияларын  меңгермейінше  сауатты,  жан-жақты 

маман  болу  мүмкін  емес.  Жаңа  технологияны  меңгеру  мұғалімнің  интеллектуалдық, 

кәсіптік,  адамгершілік,  рухани,  азаматтық  және  басқа  көптеген  адами  келбетінің 


 

149 


қалыптасуына  игі  әсерін  тигізеді,  өзін-өзі  дамытып,  оқу-тәрбие  үдерісін  тиімді 

ұйымдастыруына көмектеседі. 

Жаңа  технологияның  мақсаты  –  оқытуды  ізгілендіру,  яғни  оқу  құралдары 

оқушылардың  өздігінен  танымдық  іс-әрекетін  жүргізе  алатындай  болуы  керек.  Жаңа 

педагогикалық  технологиялар  оқушының  шығармашылық  қабілеттерін  арттыруға  өз 

үлесін қосады.  

Біз өзіміздің тәжірибемізде жаңа технологиялардың ішінде модульдік технологияны 

қолданамыз.  Бұл  технологиямен  жұмыс  барысында  мұғалім  структуралық  бөлімдерді 

мазмұнмен  байытады,  тәжірибе  жинақтайды.  Жаңа  технологияны  қолданудың  нұсқауы 

мен  ережесін  біліп,  алгоритмін  қалыптастырады.  Бұл  технологиямен  жұмыс 

жаңашылдықты  ендіру  деңгейін  көтеріп,  мұғалімнің  шығармашылық  әлеуетін 

толықтырып, кәсіби шеберлігін шыңдайды. Жаңа технологиямен жұмыс, пәнді жоспарлау 

ісіне  де  өзгеріс  енгізеді.  Біріншіден,  пәнді  оқытуға  бөлінген  сағаттың  жалпы  санына 

ішінара өзгертулер мен топтастырулар болады. Екіншіден, жалпы педагогикалық кызметті 

ұйымдастырудың тиімділігін арттыруға бағытталған шаралар жүргізеді. Үшіншіден, білім 

беру  нысандарын  оқушы  шығармашылығына  негізделген  түрлері  таңдап  алынады.  Жеке 

тақырыпты 

модульдік 

оқыту 

жағдайында 



сабақтың 

ақпараттық-құрылымдық 

компоненттерінің мазмұны төмендегіше анықталады [2]. 

1.  Сабақ  мазмұнын  оқу  элементтеріне  (блоктарына)  бөліп  оған  мақсат  қоя  білу. 

Мақсат  қоя  білу  бұл  жаңа  технология,  бұл  жаңаша  басқару,  оқу  курсын  жаңа 

структуралық  құрылымға  көшіру,  мұғалім  жаңаша  оқыту  әдістемесін  игереді  деген  сөз. 

Білім  стандарты  талабын  орындау  оқу  элементтеріндегі    дидактикалық  мақсаттардың 

анық айқын болуы, оны орындау механизмінің қарапайымдылығына байланысты. 

2.  Оқу  мазмұнын  оқу  элементтері  бойынша  денгейлеп  беру.  Оқу  элементтеріне 

сәйкес  жасалған  үш  деңгейдегі  тапсырмалар  жүйесінің  дидактикалық  мақсаттарға 

сәйкестігін қамтамасыз ету. Оқу элементтеріндегі  жеке дидактикалық мақсатты орындау 

сынып оқушыларына міндетті. 

Бақылаудың  түрлі  нысандарын  мұғалім  пайдалана  алады.  Олар:  диктант,  тест  алу, 

өзіндік  жұмыс,  лабораториялық  және  практикалық  жұмыс,  ауызша  сұрау,  бақылау 

жұмысы т.б. 

Деңгейлік тапсырмаларды орындау оқушының білік деңгейінің, оқу белсенділігі мен 

білімді сапалы игеруінің көрінісі. Деңгейлік тапсырмаға койылатын дидактикалық талап: 

Бірінші  деңгей  (міндетті)  –  оқушы  белгілі  бір  объектіге  ұқсас  объектіні  таниды, 

біледі, анықтайды, оны суреттей алады. 

Екінші  деңгей  –  оқушы  меңгерген  ақпаратына  сүйене  отырып,  белгілі  бір 

жаттығуларды орындайды. 

Үшінші  деңгей  –  оқушы  өздігінше  білім  алуға  кабілетті,  алған  білімін  кез  келген 

практикалық жұмыста қолдана алады. 

Бірінші  деңгей  –  оқушылық  деңгей,  оны  орындаған  оқушыға  «3»  қойылады.  1-2 

деңгейді  игерсе  ол  алгоритмдік  деңгей  деп  аталып,  «4»  -ке  бағаланады.  1-2-3  деңгейді 

игерсе,  ол  шығармашылық  деңгейді  игерген  болып  «5»-ке  бағаланады.  Оқу  ісін 

ұйымдастыру  оқушының  оқу  қызметіне  қызығушылығын  қалыптастырып,  білімге  деген 

сұранысы  мен  оған  деген  өзіндік  қанағаттанушылығын  оятады.  Мұндай  оқыту 

технологиясында  бағалаудың  объектілігі,  анықтық  бір  мәнділік  іске  асады.  Мұғалім  мен 

оқушының  бір-біріне  түсіністігі  орнығады.  Оқушының  сыныптан  тыс  қызметінің  көлемі 

мен мазмұны ретке келтіріледі. 

3.Оқушының  сыныптан  тыс  қызметін  ұйымдастыру.  Оқушының  сыныптан  тыс 

кызметі  –  оқушының  оқу  мазмұнын  оқу  элементтері  (блоктар)  бойынша  деңгейлеп 

оқытуға  дайындығын  тиімді  ұйымдастыруға  бағытталады  [3].  Қазіргі  жаңа  буын 

оқулықтардың  өзінде  деңгейлік  тапсырмалар  мен  сыныптан  тыс  жаттығу  тапсырмалар 

жүйесі  жеткілікті  деңгейде  берілмеген.  Сондықтан  деңгейлік  тапсырмалар  жүйесін 

мұғалімдердің  өзіне  жасауға  тура  келеді,  ал  оның  оқу  мазмұнына  әдістемелік  тұрғыдан 


 

150 


сай келе бермеуі де мүмкін. Оқу элементтерінің жеке дидактикалық мақсаттарына сай үй 

тапсырмаларының мазмұны мен көлемі әлі толық зерттелді деп айтуға болмайды. 

4.  Сабақтың  логикалық  структурасын  белгілеу.  Оның  үш  деңгейі  болады.  Атап 

айтқанда: а) оқу қызметінің жобасы; ә) дамудың әдістемелік бағдарламасының жобасы; б) 

оқу мазмұнын тусіндіру тетігінің жобасы.  

5.  Түзету  –  ескертпе  жасау.  Үй  тапсырмасы  үнемі  түзету  –  ескертпелер  арқылы 

жүзеге  асырылады.  Түзету  ескертпелер  негізінен  алдын-ала  қателікке  ұрынбау  үшін 

қажет.  Қатемен жұмыс, оқу элементтеріне сәйкес деңгейлік тапсырманы түгел орындату 

арқылы бұл бөлімнің жұмысы ашыла түспек. Тесттік не рейтингтік жүйе арқылы оқушы 

шала  орындаған  деңгейлік  тапсырманы  қайта  орындау,  тіпті  орындалмаған  деңгейлік 

тапсырманы  қайта  тапсыруды  іске  асыратын  болады.  Оқу  үдерісін  тиімді  ұйымдастыру 

оқу  элементтеріндегі  дидактикалық  мақсаттардың  қайталанып  келмеуі,  ұғымдарды 

түсіндіруде логикалық бірізділіктің сақталуы, уақыттың жеткілікті болуы, оқушының оқу 

мазмұнын  толық,  бүтіндей  игеруін  жете  көңіл  бөлініп  үнемі  мұғалім  жадында  болуына 

байланысты. Деңгейлік тапсырманың орындалу көрсеткіші оның дидактикалық тұрғыдан 

дұрыс  жасалуына  да  байланысты  болатыны  түсінікті  жағдай.  Сондықтан  да  деңгейлік 

тапсырмалар үнемі түзету, толықтыру, қайта жасауға бейім болғаны жөн. 

Жалпы  оқу  үдерісін  бүтіндей  модульдік  оқытуға  бейімдеу  ісі  оқу  пәнінің  бүтіндей 

курсын  тақырыптың  немесе  тарау,  бөлім  бойынша  модульдеуге,  сабақтың  ақпараттық-

структуралық компоненттерін жасауға тікелей байланысты [4]. 

Модульдік оқыту технологиясының артықшылықтары: оқу мазмұнының мақсатының 

алдын-ала  қойылуы,  нақтылануы  оқу  нәтижесін  бағалаудың  объективтілігін  арттырады; 

оқушының  пәндер  бойынша  барлық  сыныптағы  оқу-танымдық  қызметінің  мазмұны  мен 

структурасын  анықтайтын  оқу  үдерісінің  жобасы  жасалады;  дидактикалық  процестің 

бүтіндей  берілуі  іске  асырылады;  педагогикалық  қызметтегі  мұғалім  мен  оқушының 

қарым-қатынасының, өзара түсіністігінің жаңа жүйесі қалыптасып, интерактивтік әдістеме 

жүзеге асырылады; инновациялық қызметтің ұйымдастыруының жаңа нысаны мен  оның 

негізгі қағидалары жасалады; бұл жүйе оқушылардың білім алуға деген қызығушылығын 

арттырып,  білім  сапасын  тұрақтандыруы,  тіпті  оны көтеруі  де  мүмкін;  оқу  пәнін  танып-

білу,  оқушының  танымдық-шығармашылық  қызметінің  белсенділігін  арттыратын 

дидактикалық  модуль  жасалады;  мұғалім  шығармашылық  жұмысқа  –  ақпараттық 

дамытушы модуль жасауға төселеді.  

Қазіргі таңда елімізде оқулықтардың жаңа буынын жасау қажеттілігі күн тәртібінде 

катаң  қойылып  отырған  кезеңде  ол  оқулықтарды  тұрақты  етіп  қайта  жасамай-ақ  өзгеріс 

пен жетілдіруді жеңіл енгізе алатындай (оқулықтың мобильді болуы) болуына қол жеткізу 

көзделуде. Ол оқулықтар блоктік түрде жасалуда. Демек, алда дүниеге келетін жаңа буын 

оқулықтар  модульдік  оқытуға  бейім  болып  шығады  деген  сөз.  Сондықтан  да  модульдік 

оқытуды мектеп практикасында қолдану тәжірибемізді байыта түсу қазіргі күнгі сұраныс 

деп қарастыруға да болады. 

 

Әдебиеттер  



1.Кенжебеков  Б.  Маманның  кәсіби  құзыреттілігінің  теориялық  негізі  //  Бастауыш 

мектеп. –  № 7. – 2004. – Б.7. 

2.

 

Инновациялық  білім  беру  үрдістерінің  мәні,  түрлері  және  құрылымы  // 



Ізденіс. – Алматы, 2005.- № 3 (2).

 –

 Б.17.  



3.Жұмабаев М. Педагогика Алматы: Рауан, 1993.- 154 б.; Білім берудегі менеджмент. 

Профессиональная  компетентность  учителя  как  условие  развития  системы  образования.- 

№ 1. - 2001.-Б. 8. 

4.Инновациялық  білім  беру  үрдістерін  жүйелі  басқару  үлгісінің  қызметтері, 

құрылымы және технологиялары // Ұлт тағылымы. – Алматы, 2005.-№ 4. – Б.35-38. 

 

 



 

151 


Р. Т. Оразаева  

Ж. С. Камза 

Семей қ. 

 

ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ  



САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ 

 

Бүгінгі  күні  Казақстан  білім  беру  саласында  жасалып  жатқан  реформалар 



республикалық орта білім беру саласына жаңа мақсаттар қоюда. Ол алдымен, мектептегі 

білім  беру  сапасын  арттыру,  одан,  әлемдік  оқыту  тәжірибесімен  ұштастыра  отырып, 

ұлттық  білім  беру  жүйесін  қалыптастыру.  Сондай-ақ,  еліміздің  білім  беру  саласында 

жүргізіліп  жатқан  білім  беру  реформалары  мемлекеттіміздің  бұл  салада  да  әлемдік 

деңгейге жетуге барынша мүмкіндіктер ашып отырғанын көрсетеді.   Міне, осы мәселедегі 

мектептерге жүктелетін ең маңызды міндет, бұл – жаңа оқыту технологияларына көшу.  

Сондықтан,  ұлттық  және  жалпыадамзаттық  құндылықтар,  ғылым  мен  практика 

жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастырудағы және кәсіби шыңдауға бағытталған 

білім  алу  үшін  қажетті  жағдайлар  жасау,  оқытудың  жаңа  технологияларын  енгізу,  білім 

беруді  ақпараттандыру,  халықаралық    ғаламдық  коммуникациялық  желілерге  шығу  – 

білім беру жүйесінің басты міндеті.   

Қазіргі  уақытта  елімізде    білім  берудің  өзіндік  ұлттық  үлгісі  қалыптасып  келеді.  

Заман  талабына    сай  технологияларды  қолдану  ауқымы,  түрлері  өзгеріп  отырады.   

Бүгінде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне 

енуге  бағыт  алуда.  Оқу-тәрбие  үрдісінде    білім   беру  жүйесі    өзгерді,  білім  берудің 

мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды.    

Болашақ    ұрпаққа  қоғам  талабына  сай  тәрбие  мен  білім  беруде  мұғалімдердің 

инновациялық  іс-әрекетінің  ғылыми-педагогикалық  негіздерін  меңгеруі  маңызды 

мәселелердің бірі болып отыр. 

Қазақстан  Республикасының  2015  жылға  дейінгі  білім  беруді  дамыту 

тұжырымдамасында:  «Жоғарғы  білімді  дамытудың  негізгі  үрдісі  мамандар  даярлау 

сапасын 


арттыру, 

қарқынды 

ғылыми-зерттеу 

қызметімен 

ықпалдастырылған 

инновациялық  білімді  дамыту,  білім  беру  мен  ақпараттық  технологияларды  жетілдіру 

болып  табылады»,-  деп  атап  көрсетілген.    Осыған  орай,      білім  беру  саласы 

қызметкерлерінің  алдына  –  оқытудың  әдіс-тәсілдерін  үнемі  жетілдіру  және  қазіргі 

заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру   міндеті қойылып отыр. 

Оқу  үрдісін  технологияландыру  –  оқушы  мен  оның  оқу  қызметін  басты  назарда 

ұстап  отырып,  бірізділікпен  айқын  белгіленген  мақсаттарға  бағытталуы.  Оқыту 

технологиясы  –  бұл  оқушылардың  өнімді  қызметін  ұйымдастыруға  мүмкіндік  беретін 

оқыту  жағдайларына,  нысандарына,  әдістеріне,  тәсілдеріне,  құралдарына  басымдық 

береді. 


Педагогикалық  технология  –  білім  беру  жүйесіне  қатысты  субъект,  объектілер 

арасындағы  байланыс,  оқу  үрдісін  технологияландыру  ұғымы  негізінде  субъектілердің 

дамуын  сипаттайтын  мақсаттар  айқындалады,  ал  оқыту  технологиясы  барысында  білім 

беру жүйесінде айқындалған субъектілер арасындағы қарым-қатынас. Сонымен үш ұғым 

арасындағы  байланыстың  әдіснамалық  үлгісін  жобалау,  олардың  әрқайсысының 

дидактикалық үрдістегі алатын орны ерекше. 

Оқыту технологиясы мұғалімдердің эмпирикалық – инновацияларын ескере отырып, 

оқыту үрдісін, дұрыс ұтымды басқаруды қарастырады. Оған өзара бір-бірімен байланысты 

екі  үрдіс  енеді:  білім  алушының  іс-әрекетін  ұйымдастыру  және  оқушы  тұлғасын 

дамытудағы  жоғары  нәтижелерге  қол  жеткізуге  бағытталған  іс-әрекеттерді  бақылау.  Бұл 

үрдістер өзара үздіксіз әрекетте болады. Осындай нәтижеге бағытталған білім белгілі бір 

жемісін  беретіндігі  анық.  Оқытушы  нәтижесі  –  білім  берген  шәкіртінің  өмірден  бүгінгі 

күн талабына сай орын табуы мен алған білімін өмірде пайдалана білу [1]. 


 

152 


Қазіргі  заманғы білім берудің даму бағыты  мен технологияларын  қамтитын  елуден 

астам  педагогикалық  технология  қолданып  жүргендігі  белгілі.  Бүгінгі    білім  беру 

жүйесінде әртүрлі жаңашыл әдістерді пайдалану тәжірибеге еніп, нәтижелер беруде. 

Қазіргі кезде инновация деп көбінесе жаңа технологияларды, әдістер мен құралдарды 

жасау  және  қолдануды  айтса,  сонымен  бірге  жаңа  идеяларды  үрдістерді  біркелкі  

жетілдірудің  жүйесі деп те есептейді. Сондықтан оқыту мен тәрбиедегі жаңа технология 

инновациялық идеяларды енгізу, жаңарту нысаны болып табылады. 

 «Инновация»  ұғымына    Э.Раджерс    «Инновация  –  нақтылы  бір  адамға  жаңа  болып 

табылатын  идея»,  -  деп,  ал    Майлс  «Инновация  –  арнайы  жаңа  өзгеріс.  Біз  одан  жүйелі 

міндеттеріміздің жүзеге асуын, шешімдерін күтеміз», - деп әртүрлі  анықтама береді [2]. 

  Білім  берудің  инновациялық  технологиясы  –  бірыңғай  мақсатпен  біріккен  және 

оқыту  мен  тәрбиелеудегі  инновациялық  технологияларды  қамтыған,  оқыту,  тәрбиелеу 

және  басқару  түрлерінің,  әдістері  мен  оқу  құралдарының  жиынтығы,  оқытудың 

инновациялық  технологиялары  –  нәтижесінде  оқу  үрдісіне  деген  ішкі  себептің  оң 

қатынасы  анағұрлым  жақсаратын,  тұлғалық  бағытталған,  кіріктірілген,  ұжымдық  іс-

әрекеттік,  ақпараттық,  қашықтықтық,  дамытушылық,  модульді  дамытушылық  және  т.б. 

технологиялар жетекші орын алады.  

  Инновациялық  технологияны  білім  беру  үрдісінде  қолдану  баланың  жан-жақты 

дамуына, өз пікірін ашық жеткізе білуіне, табиғатынан берілген шығармашылық қабілетін 

толық  іске  асыруына  ықпал  ететін,  өз  келешегін  айқындауға    саналы  дайын  болуына, 

елінің  саяси,  экономикалық,  мәдени    өміріне  белсенді  араласуына    мүмкіндік  береді.  

Білім сапасы білім беру мазмұны, оқыту нысандары мен әдістері негізінде айқындалады. 

   Жаңа    инновациялык    технологияларды    енгізу    жүйелі   әрі    мақсатты   түрде 

жүргізілгенде ғана жетістікке жетуге болады. 

   Инновациялық  технологиялардың  бастауыш  сыныптарда  қолдану,  оқушылардың  

білім  сапасын        арттыруда,  әр  сабақта  интерактивті  әдістерін  қолдануда,  әр  оқушының 

психологиялық  ерекшеліктерін  ескеруде,  міндетті  деңгейдегі  білімді  қалыптастыра 

отырып,  мүмкіндік  деңгейлерін  ашуда,  инновациялық  технологияларды  сынау  арқылы 

тиімділігін арттыруда, мектеп жағдайына бейімдеуде  атқаратын рөлі орасан зор. 

Қорыта келгенде, сабақта   инновациялық технологияны  қолдану:  

1.Түрлі әдістерді пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі. 

2.  Оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады. 

3.  Оқушылардың   білім деңгейін анықтай алады. 

4.  Оқушылардың  барлығын  бағалауға мүмкіндік туады. 

5.  Оқушыларды ізденіске баулып, өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді. 

6. Оқушылардың қабілеттері,  ұйымшылдығы, шығармашылық белсенділігі артады.  

7.    Жеке  тұлғалық  сипатын  дамытуға,  шығармашылығын  шыңдауда,  өзіне  деген  

кәсіби сенімін қалыптастырады [3]. 

    Инновациялық  технологиялардың  барлығы  дерлік  оқушының  білімді  меңгеруін 

ғана  емес,  оқу  ақпаратын    және    білімді  өңдеу  амалын  игеруін,  олардың    танымдық 

күштерін жетілдіреді. Инновациялық   технологияны  білім  беру  жүйесінде  қолдану,  жаңа 

мазмұнды    ұйымдастыру,  жаңалық  енгізу,  жаңа  үлгілердің  бағытындағы  нақты  әрекет, 

нақтыланған  мөлшердің  шегінен  шығатын  кәсіптік    іс-әрекеттің,  жаңа  сапалы  деңгейге 

көтерілуі, технологиялық және педагогикалық  іс-әрекеттің біртұтас бағдарламасы болып 

табылады. Сондықтан да инновациялық технологияларды пайдалану –  бұл  өмір талабы. 

Өйткені,  кез  келген  ұлттың  дамып,  өркендеуі  үшін  алдымен  білім  беру  мәселесін  шешу 

қажет. Тек қана білім беру жүйесін күшейту арқылы ғана мемлекет өрге басып, өркениетке 

жете  алады.  Ал  қазіргі  жаһандану  жағдайында  білім  беру  саласының,  соның  ішінде, 

әсіресе  орта  білім  берудің  маңызы  тіптен  бірнеше  есе  арта  түсті.  Себебі,  бүгінде 

халықаралық білім беру тәжірбиесін ескермей, қазіргі заманға сай білім алуға қол жеткізу 

мүмкін  емес.  Сондықтан  бүгінгі  күні  біздің  мемлекетіміздің  тарапынан  жалпы  отандық 

білім  беру  жүйесінің  жаңаша  даму  жолына  қойылып,  жылдан-жылға  жетіліп  отыруына 



 

153 


ерекше ден қойылып отыр. Осы мақсатта қазіргі кезде Қазақстан Республикасында білім 

беру  саласында  бірнеше  кезеңді  күрделі  қайта  құру  бағдарламалары  жүзеге  асырылып 

келеді.   

 

Әдебиеттер 



1.Нұрлыбаева  Ж.Н.  Білім  сапасын  арттырудағы  инновациялық  технологиялардың 

ерекшелігі // Білім шапағаты. 19 тамыз, 2011 ж. 

2.Валиева М. Жаңа педагогикалық технологиялар.Әдістемелік нұсқау. 2002. – 140 б. 

3.Инновациялық  білім  беру  үрдістерін  жүйелі  басқару  үлгісінің  қызметтері, 

құрылымы және технологиялары //Ұлт тағылымы. 2005. – № 4. – Б.35-38. 

 

 



 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет