XXI ғасырдағы әдебиетті танытатын ғылым тұрғысынан Жамбыл шығармашылығына кәсібиленген баға берудің кезі жетті ме?
Рафат: Әрине жетті. Ол бұрынырақ та болу керек еді. М.Әуезовтың 100 жылдығы тойланған кезде бір жылдың ішінде М.Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына қатысты 100ден астап кітап жазылды. 50 томдық академиялық шығармалар жинағын дайындау басталды, тура мерейтойдың кезінде «М.Әуезовтың өмірі мен шығармашылығының шежіресі» шықты, М.Әуезов энцеклопедиясының жұмыстары басталып кетті. Ал, осы деңгейдегі жұмыстар қазақтың басқа ақын-жазушыларына арнала қойған жоқ. Бір кездері Әдебиет және өнер институтында «Жамбылтану және халық ақындары» дейтін бөлім болды. Сол бөлім Жамбылдың 150 жылдығына қарсы жабылып қалған. Сол бөлімнің шығарып кеткен бір кітабы бар, «Жамбыл Жабаев творчествосы» дейтін, сонан кейін Сұлтанғали Қадырбаев, Нысанбай Төреқұлов, Мырзатай Жолдасбеков сияқты біраз адамдардың зерттеулері бар. Бірақ теориялық зерттеулер бар деп айта алмаймын. Әдебиеттанудың үш кезеңі бар «Әдебиеттің сыны», «Әдебиеттің тарихы» және «Әдебиеттің теориясы» дейді. Жамбылтануды әдебиет тарихының қара дүрсін деңгейінде-ақ келе жатыр деп айтуымызға болады. Қазақстан егемендік алғалы бері қазақ әдебиеттануының күші негізінде ақтаңдақтарды ашуға, алаш әдебиетін зерттеуге арналды, ал халық ауыз әдебиеті өкінішке орай қалып қойды.
Айгүл: Шолоховтың әр сөзі Шолоховтың аузынан шыққанын дәлелдеу үшін әлемдік деңгейдегі зерттеулер жүргізілген. Ал, Жамбылдың шығармашығына қатысты С.Негимов бастаған іс кәсіби деңгейде іске асуы әбден мүмкін. Қазіргі әдебиеттану ғылымында іске асырылуы керек іргелі жобалар жетерлік.
«Мың қарғаның тұяғы, бір түйғынға өтпейді,
Тамам қарға жиылып бір сұңқарға жетпейді» деген Жамбыл ең ауыр кезеңде жыраулық дәстүрді ұстанған бірегей тұлға екендігін естен шығармауымыз керек. М.Әуезов «Қазақтың ақындығының шыңы» деп айтқан. шығармашылығы мойындалған енді, теориялық талдаулар арқылы дәлелдеуді қажет ететіндігі де айқын.
«Шешен кісі сөз бастар, Адал кісі ел бастар.
Адал туған ер болсаң, Халық сүйіп қолға алар» деген Жамбылдың қазіргі оқырмандыры Жамбылды тану үшін зерттеулерді емес, Жамбылдың өз мәтіндерін оқу керек. Көзі қырағы оқырман оң мен солды өзі де айырып алатыны анық. «Мен бір биік бәйтерек» деп өзін сезінген Жамбыл жыраудың батасымен түйіндейік.
«Аумин» деп қолыңды жай,
Қабат тусын күн менен ай.
Алғаның болсын сайма-сай,
Қапалық болмай кезінде,
Ылғи болсын мамыражай.
Қос-қостан тауып ұл менен қыз,
Мінгені болсын жорға тай.
Ертең ерте біреуі -
Қойға кетсін қудалап,
Түйеге кетсін біреуі -
Екі көзін уқалап,
Егін ексін біреуі -
Суға сағасын томалап,
оттың басын шаңдатып,
Біреуі жатсын домалап.
Жылқы бақсын біреуі -
Асауларды күделеп.
Сөз сөйлесін біреуі -
Көп ішінде сүбелеп.
Жақсы лепес – жарты ырыс,
Ескіден қалған мақалды,
Соза беріп қайтейін,
Бата аяғы тақалды.
Жамбыл Жабаев, Екі томдық шығармалар жинағы, Жазушы – 1982,
1 том, 5 – бет
Достарыңызбен бөлісу: |