Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті м. О.ӘУезов атындағЫ Әдебиет және өнер институты



бет13/50
Дата01.04.2023
өлшемі1,97 Mb.
#78283
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   50
Байланысты:
treatise41326

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТТАНУЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ

Тәуелсіз кезінде қазақ әдебиеттануының қалыптасу тарихы тұңғыш рет арнайы зерттелді. Жандос Смағұлдың «Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу тарихы» атты монографиясында қазақ әдебиеттану ғылымының бастау көздері сонау Әл-Фарабиден басталатыны, жыраулар эстетикасындағы әдеби құндылықтардан айқындалғаны Шоқан, Ыбырай, Абай мұраларындағы әдеби-эстетикалық тұжырымдардың алғаш түсініктері болғанын зерттеуші тұңғыш рет негізгі зерттеу нысанына алған.


1999 жылы жарық көрген Ж.Смағұловтың аталған зерттеуінде ұлттық әдебиеттану ғылымының тууы мен қалыптасу кезеңдері, кеңестік идеология мен маркстік-лениндік әдіснаманың тозғаны, әдеби мұраны игеру мен осы бағыттағы нақты ұсыныстарды бүгінгі уақыттың жаңа талаптары тұрғысынан қарастырды. Автор тұңғыш рет ұлттық әдебиеттану ғылымы қашан туды, қалай қалыптасты деген сауалдарға жауап берді. Зерттеу нәтижесінде ұлттық сөз өнерінің әуелгі негіз – арналары анықталған. Әдебиеттану ғылымының алғашқы бастаулары болып табылатын мәтіндер қарастырылған. «Қазақ әдебиеттану ғылымының тарихы. Қазақ әдебиеттану ғылымының тууы мен қалыптасуы хақында» (1999) атты монографияда келесі мәселелер қойылған: Қазақ әдебиеттану ғылымының бастаулары (1. Көне дәуірден жеткен көрікті ой. 2. Ғасырлар сыры. Әдеби мұраны игерудегі алғашқы ізденістер. ХІХ ғасырдың ғылыми-зерттеулік ой-пікірдің дамуы). Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі. 1. ХХ ғ. Басындағы ғылыми-зерттеушілік ой-пікір ізденістері. 2. Әдеби мұраны игерудің өзекті мәселелері (1920-30) фольклор және 20-30 жылдардағы ғылыми-зерттеушілік ой-пікір. 20-30 жылдардағы әдебиет тарихын зерттеудегі ізденістер мен іркілістер. Оқулықтар және қазақ әдебиетінің ғылыми тарихын жасау проблемасы. 20-30 жылдардағы әдеби-теориялық ой-пікір. Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу жолдары. Даму және дағдарыс. Жаңғыру кезеңі және жаңа бетбұрыс.
Бұл зерттеу бұрын ғылыми тұрғыда зерттеу нысанасына алынбаған тақырыпты көтерді. Қазақ әдебиеттану ғылымының тарихы, даму жолдары түрлі кезеңдерге жіктеліп әр дәуірдің өзіндік басты кескін-келбеті, жетістіктері мен кемшіліктері, ізденістері мен табыстары біртұтас сараланған. Монографияның басты мақсаты – ұлттық ғылыми-зерттеушілік ой-пікірдің ояну, жетілу, өркендеу ерекшеліктерін айқындау және әдебиет туралы ұлттық ғылымның туу, қалыптасу кезеңін анықтап дәуірге бөлу болып табылады. Зерттеушінің пікірінше: «Кезінде европоцентристік көзқарасқа сүйенген маркстік-лениндік әдіснама мүмкіндік бермеген, оны арқау еткен ұлттық нигилистер жоққа шығарумен келген қазақ әдебиеттану ғылымының арғы бастауларынан (истоки) бері жүйелеуді негізге алдық. Қазақ халқына да ортақ түркі жазба ескерткіштерінен бастап ХХ ғасырға дейінгі уақыт аралығы қазақ әдебиеттану ғылымының тарихы алғы-шарттардан тұратын тарих алдындағы дәуір ретінде алынды. Ал ұлттық ғылым ретінде туу кезеңі – 1900-1940 жылдар, қалыптасу дәуірі – 1941-1970 жылдар аралығында өтті деген жүйені дәлелдеуге ұмтылдық»1. Ұлттық ғылымның тууына негіз болған деген мәтіндер ғылыми сараланған, олар: көне дәуірден бері жалғасқан әдеби мұраны игерудегі ізденістер, ХІХ ғасырдағы қазақ ағартушы-ойшылдардың және басқа да ұлт зиялыларының фольклортану, әдебиет тарихы мен теориясы салаларындағы зерттеу еңбектері. Зерттеушінің пайымдауынша: «Бұл кезеңде ұлттық ғылыми-зерттеушілік ой-пікірде орыс әдебиеттану ғылымындағы мифологиялық, филологиялық, тарихи-мәдени мектептеріне тән теориялар мен әдістердің айқын көрініс таба бастауы салыстырмалық тұрғыда қарастырылып, әдеби-теориялық ой-пікірдің алғашқы қадамдары сараланды». Келесі кезең туралы былай делінген: «ХХ ғасыр басындағы ғұмырнамалық зерттеулердің көбеюі, ұлттық әдебиеттің тарихы мен теориясының нақты сөз бола бастауы, библиографиялық бағытта алғашқы қадамдардың жасалуы қазақ әдебиеттану ғылымының сол кезде туғандығын дәлелдеді. Бұдан соң ғылыми-зерттеушілік ой-пікірдің төңкерістен соғысқа дейінгі аралықтағы ізденістері мен іркілістері жаңаша көзқараста зерттелді». Зерттеуші «пролеткультшылдық», «тұрпайы социологизм», «бірыңғай ағым» теориясының зиянды әсері, маркстік-лениндік әдіснаманы игеруге мәжбүр болған қазақ әдебиеттануының қиын-қыстау жолдарын саралап шыққан. Бұл еңбектер ғылыми сарапталып тарихи-салыстырмалы түрде талданған. ХХ ғасыр басында ұлттық мүддеге сай дамуға ұмтылған ғылыми-зерттеушілік ой-пікірдің бұлармен күреске түскені, соның нәтижесінде ұлттық әдебиеттану ғылымының туғаны тұжырымдалған. Ең бастысы «Қазақ әдебиеттануының дамуы мен дағдарысқа толы қалыптасу дәуіріндегі қол жеткізген жетістіктері мен кемшіліктері маркстік-лениндік әдіснама құрсауында және идеологиялық қыспақта болғандықтан түрлі бұрмалаушылықтарға жол бере отырғанымен, «бір адым алға, екі адым кейін» жүруге душар болса да жеке ғылым саласы ретінде толық қалыптасқандығы ғылыми тұрғыда қарастырылған».
«Көне дәуірден жеткен көрікті ой» атты 1 тарауда әдеби мұраны игеруге деген тұңғыш үлгі Орхон Енисей жазба ескерткіштерінен басталған. Арнайы әл-Фараби мұрасы зерттелген – тұңғыш филолог, тіл білімі мен әдебиет теориясының зерттеушісі ретінде. «Қорқыт ата кітабы» мен «Оғызнаме», «Диуани лұғат ат-түрк» (М.Қашқари) әдеби танулық тұрғысынан сөз етілген. ХІ-ХІІ ғасырдағы Ж.Баласағұни («Құдатғу білік»), Р.Игүнеки «Ақиқат сыйы», Қ.А.Иассауй («Диуани Хикмет»), С.Бақырғани («Ақыр заман кітабы» кітабы) осы тұрғыдан сараланған.
ХІІІ ғасыр – Алтын Орда ІХ-ХІІ ғғ. – қарахандықтар заманы толығымен осы тұрғыда қарастырылған. «Әдеби мұраны игерудегі алғашқы ізденістер» атты тараушада Қазақ хандығы кезіндегі (XV ғасыр) сөз өнері үлгілері аталған тақырыпқа қатысты сараланған. Толғау жанрының тек қазақ әдебиетіне тән екендігі, Асан Қайғы, Қазтуған (XV ғасыр), Доспамбет, Шалкиіз (XV), Жиембет, Марғасқа, Ақтамберді (XVІІ), және т.б. бұл жанрдың ірі өкілдерінің әдеби мұрасы зерттелген. Көбірек сақталғандары Кет Бұға, Сыпыра жырау, Қодантайшы, (XVІІ ғасыр). Ақтамберді, Тәтіқара, Үмбетей, Бұқар, Көтеш, Шал, Абыл мұрасы әдебиеттің міндетін атқарғаны, халықтық сипат әкелгені, әдебиеттің деңгейін көтергені айтылған. Ш.Уәлиханов, Абай мен Ыбырайдың, Ә.Бөкейхан мұрасы әдеби танымдық пікірлері тұрғысынан да арнайы қарастырылған.
ХІХ ғасырдағы ғылыми зерттеушілік ой-пікірдің дамуы үш бағытта зерттелген: 1) Ғылыми бағалаушылық мәні басым ой-пікірлер. 2) Шығармашылық мұраны жинап жариялау, кітап етіп бастырып шығару жолындағы ізденістер. 3) Ғұмырнамалық сипаттағы зерттеулер.
«Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі» (1990-1940 жж.) тарауында бұрын нақты қарастырылмаған ХХ ғасыр басындағы әдеби сын, әдебиеттанулық, теориялық еңбектер жан-жақты зерттелген. Осы процестен «Әдеби мұраны игерудегі өзекті мәселелер (1920-30 жж.)» атты тарауша бөлініп алынып талданған. Әдеби процесс сол кездегі Ресейдегі «Леф», «Кузница», «ОПОЯЗ», «Перевал», «Серапионовы братья», т.б. мәдени бағдарламалар контексінде зерттелген. Тұңғыш рет А.Байтұрсынұлы, Х.Досмұхамедұлы, С.Сейфуллин, М.Әуезов, І.Жансүгіров, Н.Төреқұлов, С.Мұқанов еңбектері біріктіріліп жүйеленген.
«20-30 жж. әдебиет тарихын зерттеудегі ізденістер мен іркілістер» тарауында кеңес әдебиеттануының шектеулі зерттеулері сұрыпталған. Бұл процестен «Оқулықтар және қазақ әдебиетінің ғылыми тарихын жасау проблемасы» атты тарау бөлініп сараланған. М.Әуезов, Қ.Жұмалиев, Е.Ысмайылов, Т.Кәкішев, Д.Бердібаев, М.Қаратаевтың оқулықтары талданған.
«20-30 жылдардағы әдеби-теориялық ой-пікір» тараушасында А.Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқышына» теориялық талдау жасалған. Осы теориялық кітаптағы «Сөз өнерінің жіктері мен топтары» тұңғыш рет кестесі келтірілген (297-303).
«Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу жолдары» атты тарауда 1940 жылы басталған Қ.Жұмалиев, Б.Кенжебаев, Е.Ысмайылов оқулықтары, М.Қаратаев, М.Базарбаев, А.Нұрқатов, С.Қирабаев, М.Ғабдуллин, С.Талжанов, Ш.Сәтбаева, Ә.Қоңыратбаев, Т.Кәкішев, М.Дүйсенов, З.Ахметов, З.Қабдолов, Т.Қожакеев, М.Мырзахметовтардың еңбектері жаңаша тәуелсіз әдебиеттану тұрғысынан сараланған.
Кеңес кезінде «младописьменный» деп кемітілген қазақ әдебиеті өзінің ежелгі даму кезеңі бар ғылым ретінде дәлелденген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет