Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті м. О.ӘУезов атындағЫ Әдебиет және өнер институты


Айгүл: Кенесары хан мен Наурызбайдың өмірі үзілген жердің аты осы жырда айтылып кеткен «



бет8/50
Дата01.04.2023
өлшемі1,97 Mb.
#78283
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   50
Айгүл: Кенесары хан мен Наурызбайдың өмірі үзілген жердің аты осы жырда айтылып кеткен «Он бір жыра» деген мекенді біздің тарихшыларымыз осы жыр арқылы да біледі. Тарихи мағлұматтар осылалай қазақ поэзиясындағы деректермен де нақтыланы түсуде. Жамбыл бастаған қазақ ақындарының өлеңдерінде тарихи шындық пен соғысқа қатысты басты топонимикалық мағлұматтар сақталған. Он жылға созылған Кенесарының соғысы қалай өтті? Жергілікті халықтың қолдау деңгейі, ұлы жүздің батырлары да қолдау көрсеткендігі жайында Жамбылдың өлеңінен мәлімет аламыз. Сыпатайдың сатқындығы болғаны туралы тарихшылар: «Ол сатқандық емес, қырғыз елі мен қазақ елінің болашағын ойлаған дипломатиялық шешім болды» дегенімен Жамбылдың өлеңінде бұл сатқындық екені айтылады. Келмей бұғып қалу ер Сыпатайға тән емес еді деп шындықты шынайылықпен айтатын Жамбыл ғана.Ұлт азаттық көтерілістің қаһарманы Кенесары ханға қатысты соғыстың әділ болғанын және оны іздеп келген сіздей ұрпақ ер екен деп те Сыздыққа деген ерекше ілтипат қана емес. Жамбылдың жыраулық жүрегінен шыққан бұл сөздер тебіреніп әр қазақтың жүрегіне күні бүгін әсер ететіні анық. Екіншіден Сыздық Сұлтанның қасында сол кезде жүру үшін айтарлықтайазаматтық пен ерлік ұстаным керек еді. Ұлт-азаттық көтерілісті Кенесары елді біріктіру үшін іске асырғанынЖамбыл осы ретте анық аңғартқан. Сондықтан Жамбыл өзінің басты тақырыбы ел мен билік арасында жүріп, ел қорғаны бола алған ер, батырлар болған деген тақырыпты осы өлеңде де ұстанған. Қазақтың атынан Кенесарыны ұрпағымен бірге жоқтап барып, «оның іздеушісі бүкіл қазақ» деп айтуы келесі ұрпақтарға ой қалдырған Жамбыл жыраудың аманаты іспетті.Сондықтан ақынның тек Ленин, Сталин мен партия ғана демегеніосы өлең арқылы айқын.
Ақын поэмалары мен өлеңдеріндегі метафора, қанатты сөздер, бейнелі сөздер мен символдар, ұлттық құндылықтарды меңзейтін басты концептердің тоталитарлық шеңбердегі поэзияда орын алуы ақын даралығының дәлелі емес пе?
Рафат: Бұл сұрақ теориялық мәселе екен. Осы сұраққа теоретик ғалым Айгүлдың жауап бергені дұрыс деп ойлаймын.
Айгүл: Бұл сұраққа жауап беру үшін қазіргі әдебиет теориясы жетістіктері тұрғысынан Жамбыл жырау шығармаларын қайта қарап шықтық.Кезінде Мәскеуде қазақтар поэзиясынан диссертация қорғаған теоретик, ғалым Мүсілім Базарбаев Жамбылдың өлеңдерінің теориялық негіздерін былай деп айтыпты:«Жамбыл ауызекі поэзияда кәдімгі жазба әдебиетке жақын келген ақын. Өлеңді жаңа түр, жаңа сапамен байытты. Ақындықтың шеберлігінің ұшталып, жетіле түсуіне жалпы совет мәдениетінің жоғары идеялық көркемдік мақсаты әсер етті. Жамбыл көп жазған өлеңдік формасы – жыр. Ақынның жырлары көлемі жағынан мол халық мақалы мен мәтелдеріне бай, тарихи оқиғалардың кең қамтитын белгілі бір тақырыпта арналған ұзақ өлең түріне келеді. Жыр қазақтың батырлық эпосына тән өлеңдік форма»деп келіп М.Базарбаев осы жырды совет кезінде Жамбыл былай дамытты деп бұл жанрдың дамытқан түрлерін анықтап береді. Бұл енді поэзия зерттеген кәсіби маманның сөзі: «Жамбыл жырының бір қасиеті оның бас-аяғы жинақы, төгіліп айтуға ыңғайлы болып келуі. Жырдың халық арасында көп таралуы сонан да болады. Жалпы алғанда жыр ақынның қалауынша сан алуан ұйқаста шығарылған. Бұл әрине ақынның шеберлігіне байланысты. Ақын кейде ондаған жолдар бойы шұбартпалы ұйқас қолданса, кейде кезек ұйқаспен кетеді. Шұбыртпалы ұйқас өлеңге ырғақтық өткірлік, әуезділік береді. Ақын айтайын деген әсерлі өз ойын сөз тасқынымен демалмастан бір ақ айтып шыққысы келетін сияқты. Жамбыл жырларының осындай ерекшелік қасиеттері жырды құнды ете түскен. Алайда ақын өлеңін орысшаға аударушылар оны түпнұсқадағыдай әдемі әуезді ұйқасын өз дәрежесінде бере алмай келеді» деп М.Базарбаев өз сөзін айтқан. Жамбыл ақынның поэтикалық дискурсы мен аудармалары кемшіліктер осылай айқындалған.Орысша аудармасында ұйқасы сақталмайды тек сөзбе-сөз тармақтар орын алған. Теоретик М.Базарбаевтың келесі пікірі де құнды тұжырым: «Жамбылдың өлеңдерінде төрт жолдық қара өлең жиі кездеседі. Бірақ сол төрт жолды өлеңдері қазақтың ауызекі қара өлеңдерінен басқаша» Несімен басқаша? Бұл формадағы өлеңдері белгілі бір аяқталған ойды білдіретін көлемі мен ұйқасы жағынан шебер түзілген он бір буынды туындылар болып келеді. Аталған пікір нақты талдаулар арқылы айқындалған. М.Базарбаев анықтаған Жамбыл дискурсындағы көркем эпитет, өткір теңеу, ұнамды метафора, кейіптеу, орынды әсірелеу мұның бәрі Жамбыл жыраудың ақындық әлемінің сәулелері«Бұл элементтер Жамбыл өлеңдерін тек әдемілік жағынан дамытып қана қоймайды сонымен бірге, олар шығарманың идеялық мазмұнын айқындайды». Мысалы Жамбыл творчествосы деп метафораларды бөліп жарып алады.
Астананы аралап, Қызықтың көрдім талайын,
Гүлденген бақша, тас көше, Зәулім биік сарайын.
Сән-салтанат тамаша, Көз тоймайтын қараса,
Қайсыбірін санайын, Халықы алды қарсы алып
Еңбекте келіп бас қосқан, Өзіммен туған ағайын,
Еңбектің кені – Астана, Ақылдың кені – Астана,
Бақыттың кені – Астана, Қызығыңа теңеу жоқ,
Жоқты қайдан табайын.
Мен өткенде бір дәрісімде осы өлеңді оқып беріп, кімнің өлеңі десемШ.Сариевтікі ма деп біреулер қиналып қалды. Бүгінгі Астанамыз туралы жазылғандай. Бұл Мәскеу туралы Жамбылдың жыры.
Жамбылдың сөзі М.Базарбаев айтқандай шұбартпалы ұйқаспен келеді де ақын сөзді теріп алып сол сөздерді оқырмандардың жүрегіне жететіндей етіп мақал етіп жібереді.Көбі қанатты сөздер болып кете барады. «Жамбыл менің жай атым, Халық менің шын атым» деген сөздер Жамбылдың басты сөздері. Сондай-ақ, ердің ерлігі, халықтың мұңы, халықтың мүддесі, әділдік керек халыққа, ел намысын қорғаушы деген сияқты сөздер Жамбыл жырында басты концепті. Оны теріп аламын деп өзі айтып отырады. Жамбыл қазақтың жоғын жоқтаушы о бастан жалғыз мен деп айтпайды.
«Өшпейді халық жыры қартаймайды,
Өшеді деп оны ешкім де айта алмайды.
Халықтың жүрегінен түкпірінен
Төгілген күй – шын жорға тайпалмайды»
Жыр бұл халық сөзі, менен кейін де жалғасады, - деп санайды.
«Алтындай ел ішінде сақталынған,
Сұлу жыр судан тұнық шайқалмайды.
Еске алам ертегідей ер де өткен,
Талай жан жүрегінің жырын төккен.
Еңіреп ен даладан бақыт іздеп,
Таба алмай Асан қайғы аңсап өткен.
Құландай тақтан безген Қорқыт қаңғып,
Кездеспей көркем ол дакеткен»
Жамбыл жырау елдің жоғын жоқтаған тұлғалар болғандығын осылай еске салады.Өзіне дейінгі дәстүрді мойындау арқылы ақын «мен солардың насихаттаушысымын» деп өзін қарапайым бір жерге қояды. Жамбыл домбырасын қолына алған қазақтың ақыны ретінде өзін қалай сезінеді, өзіне қалай баға береді? Ол туралы былай дейді: (Отанды сүй)
Халық үшін төрге төсек етер,
Ағарған сақалымен шашын Жамбыл.
Көтерген төбе көкке тірелгенше,
Иеді көпшілікке басын Жамбыл.
Басын көпшілікке иіуі бұл біріншіден жыраулық шарт, екіншіден мұсылмандықтың белгісі. Бес уақыт намазын оқыған жырау үшін халық алдында иілу оның міндеті.
Кәрі Жамбыл жасарып
Отан үшін майданға
Барады Жамбыл майданға,
Өлеңнің көлін тастырған.
М.Базарбаев айтқандай ақын үшін отан ең басты ұғым Алғадайға жазған хаттары, басқатолғаулары болсын «отан үшін» деген сөздер басым.
Домбыраны қолға алсам
Ағылған күй мен жыр көрем.
Өміріме көз салсам,
Жайнаған жарқын нұр көрем.
«нұр», «алтын», «ақ», «отан» «намыс» «ер» деген сөздер көп кездеседі.
Жер байлығы болмаса, жерден алтын шығар ма?
Ел қамын ойлар ер болмаса, елден ақыл шығар ма?
Ер мен ез дейтін түсінікті жырау осылай нақтылап берген.
Дос-жараным өренім,
Сүйіншен келіпті.
Бәрін бөліп денемнің,
Бір қуаныш ерітті.
Қарт жыраудың жырына
Ұлы сыйлық беріпті.
Жамбылға совет заманында жыраулықты қимай, ауыз әдебиеті өкілі дегенмен шектеліп келді.
Жырау асыл сөз туралы:
«Кең далаға симаған,
Осы егінді жинаған.
Осы құтты жырлаған,
Жанға әдемі жыр азық» дейді
Адам жанына қажетті сөз айта білу – ақын мақсаты. Сондықтан жыр адам жанына қажетті азық. Қазақтың жыраулық-ақындық дәстүрінде тыңдарман қауымға қажетті сөз айта білу керек. Осы дәстүрді әбден меңгерген Жамбыл адамның санасына қажетті сөздерді өзі айтқанда оқ ретінде адам жүрегіне тигізуді жақсы білген. «Жанға әдемі жыр азық» деген сөйлемде Жамбылдың дискурстық ерекшелігі тұр.
Соғыс тақырыбында да ақын өзіне ғана тән белгілі метафоралық сөздерді ұтымды қолдана білген.
Жаңбырдай оғын боратып,
Ерлерім жауды қиратып.
Қан майданда қаруын,
Дұшпанға сілтеп қамдаған.
Қазақстан ұлдары,
Желбіреп қолда тулары.
........................................


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет