Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті м. О.ӘУезов атындағЫ Әдебиет және өнер институты


Л.Н.Толстой туралы да «Бұзық шал» дегендей қысыр әңгімелер бар. Бес уақыт намазын қаза қылмаған Жамбыл туралы неге ел әдепсіз әңгімелерді айтуға, таратуға құмар?



бет10/50
Дата01.04.2023
өлшемі1,97 Mb.
#78283
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   50
Байланысты:
treatise41326

Л.Н.Толстой туралы да «Бұзық шал» дегендей қысыр әңгімелер бар. Бес уақыт намазын қаза қылмаған Жамбыл туралы неге ел әдепсіз әңгімелерді айтуға, таратуға құмар?
Рафат:Бес уақыт намаз жайында айтқаның өте дұрыс. Жамбыл музейінде істеп жүргенде осы намаз жайында бірталай адамдардан сұрағанмын. Жамбыл бес уақыт намазын қаза етпеген. Ал, енді Жамбыл арабша хат таныды ма, танымады ма, ол жайында анық мәлімет жоқ. Әдепсіз әңгіме жайында көп нәрсе айтуға болады. Әйелдерден-ақ бастайын. Жамбыл жайында сол кезде күйеулері мықты болған 2-3 әйелдің естеліктерін кездестіріп оқыдым. Қазағы бар, орысы бар, тағысын-тағы. Сол естеліктердің негізі мынадай – Жамбыл бір кезде жүрген жәй шал еді, аяқ астынан жаңа киім киіп, мәшине мініп, жақсы үйге тұрып кетті деп қатты қиналып жазады, жүрегі ауырады. Осы секілді нәрсе өте көп,е әдебиетші еркектердің арасында да жиі кездеседі. Әне бір жылы бір әдебиетші жігіт, ғылыми атағы бар, Жамбылдағы Сталинизм жайында, басқа нәрселер жайында әңгіме айтып тұрды. Әңгімесінде ешқандай мысал, дерек жоқ, сосын сұрадым:
- Сен осы Жамбылдың кітабын оқыдың ба? деп -оқыған жоқпын, - дейді. - Енді қайтіп айтып тұрсың десем, ел де сүйтіп айтады ғой дейді. Осы секілді жағдайлер кездесіп тұрады. Әне бір жылдары «Свободное слово» дейтін газетте бірер жылдай Жамбылға, Қарасайға батырларға қарсы мақалалар жарияланды. Сол мақалаларды оқып отырсаң Қарасай мен Жамбылдың айыбы – елбасының елінен екен. Қарасай батырды жоққа шығарып, оныелбасына жағынушылар көтеріп жатыр дейді. Ал, бір тайпа елдің Қарасайды ұран еткені, Қарасайдың ерліктері жайында әңгіме жоқ. Ағынтай батырды елбасының әйелінің елінен болғандықтан жоққа шығарады. Бұған не дейсің? Садағын тартып, найзасын оқтап келе жатқан қалмақтың батырына қарсы шыға алар ма едік? Тіпті Қарасайдың өзін мойындамағанның өзінде Қарасайдың ұрпақтарына тоқталғанның өзі жетеді. Бұқар жыраудың «Қалданменен ұрысып» дейтін әйгілі өлеңі бар. Жоңғар, қалмақ соғысының ең негізгі ескерткіші. Сонда Қалмақтармен соғысқан батырларды атап: Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шақшақұлы Жәнібек, Қарақалпақ Қылышбек, Шапырашты Наурызбай деп келеді де Қаумен, Дәулет, Жәпек дейді. Бұл үшеуі ағайынды. Қарасайдан Түктіқұрт туады, Түктіқұрттан Қаумен, Дәулет, Жәпек дейтін жоңғар, қалмақ соғысының үлкен батырлары туады. М.Мағауиннің «Қазақ тарихының әліппесі» дейтін кітабының соңында қазақта батырлар өте көп болды,сонда да ең негізгі батырларды атайын дейді, сол батырлардың ішінде Жапек бар. Үшеуі Қарасайдың немересі. Бұқар жыраудың шығармасында тұр, Бұқар жыраудан мықты дәлел жоқ. Ал, енді Сұраншы, Саурықты елдің бәрі біледі. Сұраншы, Саурық Дәулеттің Кәшке дейтін баласының Стамбек, Ақынбек дейтін екі баласынан туады. Бір-бірімен немере ағайын. Сонда Қарасайдың ұрпақтары мұндаға дейін батырлық дәстүрді жалғастырып келген. Бұған да дау айтуға керек пе? Ал Жамбылды алдымен алдымен оқу керек. Дара ақындық шығармашылықтың поэтикасын аздап болса да біліп барып оқу керек.
Айгүл:Жамбылдың жүз жылдығына арналған «Жамбылдың айтыстағы өнері» атты баяндамасында М.Әуезов былай депті: «Бар айтысында Жамбыл ел қорғаны болған азаматты арман етеді. Ел бағына туған ұлы азамат шықса, ел көзіндегі жасты тыйса екен, қиял мекеніне жеткізсе екен, жаңа күн туса екен дегеннің арманы. Ол арманның екінші жағы өз заманындағы байға, ұлыққа, қажы молдаға, төре, тілмашқа, болыс, биге ызалы кекесін болды. Құлманбеттің байларын, Сарбастың жуандарын, Досмағанбеттің дін үгітін, Шашубайдың Байбұландай саудагерін, Бақия, Барлыбектей шенді төрешіктердің Жамбылдың кісі құрлым көрмейтіні сол» деген. Жамбыл жырау өз сөзінде байлық пен мансап емес ұлттық мүддені алға шығарады да, қазақтың ері қорғаны болған батырларды алға тартқан.
Қандай да бір дара тұлғаларға қатысты қысыр әңгімелер баршылық. Өзіміздің қазақы ортада Жамбылды рахаттанып, рахат өмір кешкен ақсақал ретінде ғана насихаттау әдепсіздік. Жамбыл бес уақыт намазын қаза қылмағанын хатшылары да жазып кеткен. Оған дәлел шығармаларында уақытты намаздан-намазға дейінгі уақыттармен айтып отыруы да. Ол намаз оқитын адамның ғана аузынан шығатын хронотоп сөздері. Біз Жамбыл жыраудың асыл сөздерін теріп қазіргі қоғамға несімен қажет деген сауалға жауап беруіміз керек. Жамбылды тану үшін ол туралы айтылған сөздерді емес, оның шығармашылығына, мәтіндеріне үңілу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет